«Келісілген» «Бекітемін» ҚР спорт және «Ордабасы» командалық дене шынықтыру ойынының Қазақстандық



бет9/9
Дата08.06.2018
өлшемі3,2 Mb.
#41721
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ТӨРЕШІЛІК ЕРЕЖЕЛЕРІ


«Ордабасы» командалық ойын болғандықтан өзіне төрешілік жағынан ерекше назар аударғанын талап етеді. Ойын алаңында болып жатқан әрекеттер бір мезгілде болып жатады, сондықтан ойын алаңындағы оқиғаларға бір немесе екі төрешілерге бақылап жүруге мүмкін емес.

Ірі чемпионатта және үлкен ойын алаңында (стадион), төрешілердің жалпы саны 8 адамды құрайды:



  • екі төреші ойын алаңында алаң бөлігінің шекарасында, бір-біріне қарсы тұрады (шеткі төрешілер), ойын алаңының сыртында жүріп ойын барысын бақылап, ойыншылардың әрекеттерін белгілеп тұрады;

  • төрт төреші ойыншылармен бірге ойын алаңында қозғалып жүреді (орталық төрешілер) және ойын барысын өте жақын қашықтықта бақылап жүреді;

  • Жарыстың (ойынның) бас төрешісі мен бас төрешінің орынбасары ойын барысының жалпы бақылауын жүргізіп, дау мәселелерін шешеді.

Кіші көлемді және ойын алаңы кіші жарыстарды (спортзал немесе балалар аула алаңы) 6 немесе 4 төрешілер төрешілік етеді – 2 шеткі, 2 орталық, бас төреші және бас төрешінің орынбасары.

Әділ төрешілік пен командалар арасындағы дау кезеңдерін шешу үшін ойын алаңында үш бейнекамерасы орнатылады: біреуі - алаң бөлігінің шекарасында; екіншісі мен үшіншісі – үстінде. Олар қозғалып, ойын алаңының әр түрлі бөліктеріндегі ойыншылардың әрекеттерін түсіреді.

Бейнекамера жоқ болған жағдайда дау кезеңдерін құрамында үш тәуелсіз төрешісі мен Бас төрешісі бар Бас төрешілік алқасы талқылайды.

Арыздар мен наразылықтар

Ережелердің тиісті баптарымен негізделген арыздар мен наразылықтар жазбаша түрінде ойын аяқталған соң 10 минуттан кейін және апелляциялық төлем төленген соң Бас төрешілер алқасына беріледі.

Жазбаша арыз немесе наразылықты беру мақсаты туралы спортшылар тобының өкілі осындай қажеттілікті тудырған жағдайдан кейін төрешілер алқасының басшысы мен жарыстың бас төрешісін ескертуі тиіс.

Бас төреші өкілді негізсіз арыздар мен наразылықтарын ұсынғаны үшін жарыстан шығара алады..

Дау мәселелерін талқылап, қандай да шешім қабылдағанда аппелляциялық төлем қайтарылмайды.

Арыз бен наразылыққа сәйкес қабылданған Бас төрешінің шешімі үзілді-кесілді болып табылады және қайтадан қарастырылмайды.





Төрешілер киімінің түрі

«Ордабасы» командалық ойынының Қазақстандық федерациясының» Ережелеріне сәйкес төрешілер семинарын өтпесе, біліктілік куәлігі мен арнайы киім түрі болмаған жағдайда төрешілік алқасы жарыстар мен төрешілікке жіберілмейді: ұзын жеңді ақ көйлек, қара шалбар, галстук-«көбелек», спорттық аяқ-киім («соги» түрінде), жеңселерқызыл және көк, ысқырық.



Төрешілердің міндеттері

Төрешілік кезінде барлық төрешілер катаң түрде әділ болуы тиіс. Төрешілердің әрқайсысы ойын барысында міндетті:

- жарыстардың қазіргі Ережелерін білуге және қолдарында болуы қажет;

- техникалық әрекеттерді бағалағанда және ойын нәтижелелері бойынша шешімдерді қабылдағанда алаламай, әділ болуы тиіс;

- ойын өткізу кезінде бөгде адамдармен сөйлесуге болмайды;

- жарыс қатысушыларына әдептілік танытып, әрқашан қабылданған шешімнің себептерін түсіндіруге дайын болуы қажет.

Әділетсіздік жағдайында төрешілер жазаланады немесе дисквалифицияланады.

Төрешілік кезінде білектеріне «жеңселер» кигізіледі – қызыл және көк. Екі шеткі төрешілердің әрқайсысында қатысушылар нөмірінің көрсеткіштері болады және ойында немесе соғысу кезінде бір ойыншы «құласа», олар ысқырықпен қысқа дыбыс шығарып ойыншының нөмірін сол немесе оң қолымен көтеріп «Алтыншы – қызыл!» немесе «Үшінші – көк!» деп айқайлайды.

Ойыннан шығарылған спортшы дереу бағынуы тиіс – ойыншы ойын алаңынан шықпағанға дейін ойын тоқтатылады. Ойынды гонгты ұрып немесе шеткі (орталық) төрешілердің ысқырығының ұзақ дыбысымен тоқтатуға болады.

Егре ойыншы уақытыл шеткі төрешілердің шешіміне бағынбаса және ойын тоқталса –ойыншыға немесе бүкіл командаға айыппұлдар салынады («Айыппұл санкциялары»).

Ескертулері мен ескертпелері көп команда ойын немесе таймның соңында «тепе-тең» нәтижесіне ие болса, онда ол жеңілген болып есептеледі.

ТӨРЕШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Шеткі және орталық төрешілердің төмендегі құқықтары бар:

- командаларды тайм (ойын) алдында және соңында сапқа тұрғызуға;

- спортшылардың қорғаныс жабдығы мен киімінің болуын және сәйкестігін тексеруге;

- ойын мен ойын уақытын тоқтатуға (ысқырықтың ұзақ дыбысымен);

- ескерту, ескертпе жасауға немесе ойыншы дисквалификациялауға;

- техникалық әрекеттен кейін «құласа» ойыншы шығаруға (ысқырықтың қысқа дыбысымен);

- қол қимылдарымен тайм есебі мен раундта немесе ойында жеңген команданы жариялауға;

- дау кезеңдерін шешуге және команда өкілдерінен апелляцияны қарастыруға (Бас төрешімен бірге).

Айыппұл санкциялары

Айыппұл санкциялары: (ескерту; ескертпе; дисквалификация) төмендегі әрекеттерін жасаған үшін команданың әрбір ойыншысына, қатысатын командаға, команда өкілдеріне салынады:



  • ойын ережелерін сақтамағаны үшін (тыйым салынған әрекеттер; шеткі және орталық төрешілердің шешіміне бағынбау);

  • ойын алаңы мен одан тыс жерде әдепсіз мінез-құлығы үшін (дөрекі балағаттар, қарсыласына, командалар өкілдері немесе төрешілерге әдепсіз қатынасы) –спортшының дисквалификациясы;

  • жаттықтырушылар, командалар өкілдері мен көрермендер жағынан айқайлар мен төрешілермен айтысу –бүкіл команданың дисквалификациясы;

  • ойын алаңынан уақытыл шықпауы, кідіру - ескерту;

  • нокаут, нокдаун, түйісуді шектен асыру (қарсыласының қаны, жарақаты), ойынды төреші тоқтатқан соң ұрысты жалғастыру – бүкіл команданың дисквалификациясы.

  • команданың ойынды селқос жүргізуі; (үш таймнан 2 «тепе-тең» нәтижесі – екі команданың дисквалификациясы; бір команданың (тайм барысы бойынша) ойынды селқос жүргізгені үшін 3 ескертпе– команданың қарсыластарының пайдасына қарай жеңілуі.

Бас төреші, оның міндеттері мен құқықтары

Жарыстың алдында Бас төреші міндетті:

- жарысты өткізу үшін орынның, жабдықтар мен құралдардың дайындығын және олардың осы Ережелердің талаптарына сәйкестігін тексеруге;

- егер жарыстар екі және одан көп алаңдарында өткізілсе, төрешілерді бригадаларға бөлуге.

Жарыстар барысында және олар аяқталған соң бас төрешінің міндеттері:

- төрешілер жіберген қателерді түзетуге уақытылы шараларды қабылдау;

- қысқа мерзімде қатысушылар топтары өкілдері немесе командалардан түскен арыздар мен наразылықтар бойынша шешім қабылдау;

- жарыстар туралы есеп дайындау және осы іс-шараны өткізіп жатқан ұйымға белгіленген мерзімде өткізу.

Бас төрешінің құқықтары:

- егер жарыс алдында ойын өткізу орны, жабыдқтар мен құралдар осы Ережелер талаптарына сәйкес болмаса, жарыстарды басқа уақытқа қалдыруға;

- жарыстарды сапалы өткізуге кедергі жасайтын қолайсыз жағдайлар туындаса, үзіліс жасауға немесе жарысты тоқтатуға;

- егер аса қажеттілік туындаса, жарыстар бағдарламасы мен кестесіне өзгерістер енгізуге;

- өрескел қате жіберген немесе өз міндеттерін орындай алмаған төрешілерді босатуға, төрешілер алқасына өзгерістер енгізуге;

- дөрекілік көрсеткен, төрешілермен айтысқан және негізсіз арыз берген өкілдеріне ескерту, ескертпе жасауға немесе міндеттерін орындаудан босатуға;

- қажеттілік болған жағдайда ойын өткізу ретін өзгертуге.

Бас төреші жарыстар туралы Қағидаларды өзгертуге, ойын барысында төрешілер алқасының мүшелерін босатуға немесе өзгертуге құқығы жоқ.

Бас төрешінің өкімдерін орындау спортшылар, төрешілер мен командалар өкілдері үшін міндетті.

Бас төрешінің орынбасары

Бас төрешімен бірге жарыстарды басқарады және оларды өткізуге жауапты. Жарыстар бір уақытта екі және одан да көп алаңдарында өтсе, алаңда бас төрешінің қызметін атқарады.

Болатын ойын қатысушыларын шақырып, таныстырады, шеткі және орталық төрешілерін тағайындайды.

Көмекші төрешілер қызметкерлері жұмысын басқарады, ойын нәтижелерін хабарлайды.

Жарыстың әрбір күні соңында Бас төрешіге төрешілер алқасы жұмысының нәтижелері туралы баяндайды.

Бас хатшы

Бас хатшы жарыстың бас төрешісіне бағынады. Ол техникалық хатшылар жұмысын басқарады, жарыстар өткізу үшін барлық құжаттардың дайындығы мен рәсімделуіне жауап береді, өтінімдер қабылдап тексереді, қатысушылардың жеребе салуын өткізуді басқарады, Бас төрешілер алқасының хаттамасын жүргізеді, бас төрешінің барлық өкімдерін рәсімдейді, жарыстар хаттамалары мен басқа төрешілік құжаттарының дұрыс жүргізілуін бақылайды.



Секунда өлшейтін төреші

Бас төреші орынбасарының үстелінде отырады, гонгты ұрып, спортшыларға ойынның басталғаны мен аяқталғаны туралы хабарлайды.

Ойын регламенті мен төрешілер сигналының сақталуын бақылайды. Ойынның нақты уақытын есептеу мақсатында ойынның тоқталу жағдайында секунде өлшеуішті тоқтатып, алаңда әрекеттер жалғасқанда қайтадан қосады.

Әрбір 30 секунд сайын төрешілер алқасының басшысына ұрыстың аяғына дейін қалған уақыт туралы хабарлап тұрады.



Ақпаратшы-төреші

Ақпаратшы-төреші жарыс бағдарламасы мен өткізу тәртібін хабарлайды, осы Ережелері мен жарыстар туралы Қағидалардың жеке бөлімдерін түсіндіреді, көрермендерге ойын барысы мен нәтижелері, кезекті командалар құрамы, қатысушылардың спорттық жетістіктері, төрешілердің біліктілігі туралы хабарлайды.

Жарыстар барысы туралы барлық ақпарат бас төреші немесе бас хатшы рұқсатымен хабарланады.

Жарыстар дәрігері

Жарыстар дәрігері медициналық бөлімі жөнінен бас төрешінің орынбасары ретінде төрешілер алқасы құрамына кіреді.

Жарыстар дәрігер:

- өтінімдер рәсімделуін және онда қатысушының жарысқа жіберілуі туралы дәрігердің рұқсатнамасының болуын тексереді;

- кейбір жағдайларда жарыс қатысушыларының бақылау тексерілуін өткізуі мүмкін;

- жарыстар аяқталған соң бас төрешіге аурулар мен жарақаттарды келтіріп, жарыстардың медициналық-санитарлық қамсыздандыру туралы есебін тапсырады.

Жарыстар дәрігерінде анық көрінетін ерекшелік белгілері болуы тиіс.

Қатысушылар саны көп ірі ауқымды жарыстарға қызмет көрсетуге медициналық қызметкерлер тобы тартылады. Олардың бірі жарыстардың бас дәрігері болып тағайындалады.



Жарыстар туралы қағидалар

Жарыстар туралы қағидалары төрешілер алқасы мен жарысқа қатысушылар басшылыққа алатын екінші (осы Ережелерден кейін) негізгі құжат болып табылады. Қағидалар Ережелерге қайшы келмеуі қажет. Ондай болмаған жағдайда төрешілер алқасы Ережелерді басшылыққа алады.

Жарыстар туралы қағидалары келесі бөлімдерден тұрады:

- мақсаттары мен міндеттері;

- өткізу уақыты мен орны;

- жарыстарды басқару;

- қатысатын ұйымдар, жеке қатысушылар, олардың спорттық біліктілігі, командалар құрамы;

- жарыстар бағдарламасы мен регламенті;

- жеке және командалық біріншілігін өткізу тәртібі мен шарттары (сынақ жүйесі);

- жеңімпаздарды марапаттау;

- басқа қалалардан келген қатысушылар мен төрешілерді қабылдау шарттары;

- өтінімдер беру тәртібі мен мерзімдері.

Қағидаларды мазмұндалуы жеке баптарының әртүрлі түсіндірмесі болмайтын, нақты, дәл болуы қажет.

Қағидаларға өзгерістер мен толықтыруларды оны бекіткен ұйым ғана енгізіле алады және жарысқа қатысушылардың жеребе салу басталуына дейін.



Жарысқа қатысуға өтінімдер беру

Жарысқа қатысу үшін атаулы өтінім хатшылыққа немесе іс-шараға қатысуға спортшыларды жіберу бойынша мандаттық комиссияға тапсырылады.

Егер өтінімге спортшыларды жарысқа жіберген ұйым басшысының қолы болса және тиісті мөр басылса, ол күшінде деп есептеледі. Өтінімде командалар қатысушылары өкілінің тегі көрсетіледі.

Жеребе салу.

Жарыста командалардың шығу кезегін жеребе салу анықтайды. Жеребе салуды жарыстардың бас хатшысы жүргізеді.



Спорт клубынан өтінім ___________________________

«Ордабасы» дивизион – командалық ойын (Male, Female)

6-7 жас



Аты-жөні

Жасы

Клуб

Дәрігер

1













2













3













4













5













6













8-10 жас



Аты-жөні

Жасы

Клуб

Дәрігер

1













2













3













4













5













6














11-13 жас



Аты-жөні

Жасы

Клуб

Дәрігер

1













2













3













4













5













6













Жаттықтырушы__________________________
Спорт клубынан өтінім ___________________________

«Ордабасы» дивизион – командалық ойын (Male, Female)
14-15 жас



Аты-жөні

Жасы

Клуб

Дәрігер

1













2













3













4













5













6














16-17 жас



Аты-жөні

Жасы

Клуб

Дәрігер

1













2













3













4













5













6













18 жас және одан үлкен



Аты-жөні

Жасы

Клуб

Дәрігер

1













2













3













4













5













6














Жаттықтырушы__________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет