Кемелбаева Индира Муратовна Тарих сабағына қойылатын талаптар мен міндеттер ШҚО, Семей қаласы,



Дата26.08.2017
өлшемі493,24 Kb.
#27861
Кемелбаева Индира Муратовна
Тарих сабағына қойылатын талаптар мен міндеттер
ШҚО, Семей қаласы,

«№32 ЖОББМ» КММ, тарих пәні мұғалімі


Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.

Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Тарих пәні мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте өзім сабақ беретін тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын.

Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.



  • Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;

  • Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;

  • Өздерін – өздеріне бағалату;

  • Іс – әрекет барысында білім алу;

Оқушы өз ойын еркін айту үшін мұғалім мына тәсілдерді қолдануы тиімді.



  • Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру;

  • Ешқашан “жауабыңыз дұрыс емес” демеңіз, ондай жағдайда

тек сыныптан келісесіздер ме деп сұрау;

  • Зейінсіз енжар оқушыны анықтау, мүмкін оларда ой не ғажайып пікір болуы.

Осыған орай өзім сабақ беретін 5-11 сыныптарда осыған сәйкес өз тобымда ұйымдастырылған іс-әрекетті Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» т.б. технологияларының элементтерінің жиынтығы оқытудың интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасаймын. Ең алдымен әрбір сабақтың өтуіне мұғалім үшін әдістемелік көмек технологиялық карта жасаймын.

Өзім сабақ беретін 5 сыныбында «Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен кәсібі, қоныстары» тақырыбында эврика – компьютерлік сабақ өткіздім. Сабақта «компьютерлік оқыту» технологиясы, «Ұжымдық оқыту» технологиясы, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының элементтерін қолданып сабақ міндеттерін нақтылау барысында технологиялық карта дайындадым.

(Технологиялық карта )

Сабақтың жүру барысы

Әдістері

Көрнекіліктер

Ұйымдастыру кезеңі







Өткен сабақты пысықтау

Адамзат дәуірін 4 кезеңін ретімен қою

Қола дәуірі

Тас дәуірі

Мыстытас дәуірі

Темір дәуірі



Ойға шабуыл
Компьютерлік оқыту технологиясы
Өз бетімен жұмыс





Өткен білімді жинақтау

Глобуспен жұмыс

Пирамида құрастыру


Өз бетімен жұмыс


Жұмыс дәптері


Мұз басу дәуірінің Қазақстан табиғатына тигізетін әсеріне тоқталу

Пайдасы. Зияны.



Эвокация

Рефлексия



Дидактикалық материалдар
Карта «Қазақстан Республикасы»

Тас дәуіріндегі адамдардың ең басты жетістігі «Отты жағуды үйрену».

Ойлау
Кірістіру

Әлемнің 7 және 37 керметі.


Жаңа тақырыпты түсіндіру

Алғашқы адамдардың кәсібі



Тас дәурінің жетістіктері

Ұжымдық оқыту


Пирамида суреті



Жаңа білімді бекіту

Зерттеу

Венн диаграммасы

Білім мен дағдыны шыңдау

Еліктеушілік

Үлестірмелі карточкалар.

Білім мен дағдыны меңгеру







Оқушы білімін бағалау







Үйге тапсырма.







Сонымен қатар оқушыларды топқа бөлу арқылы интерактивті оқыту технологиясының әдіс тәсілдерін қолданамын. Мысалы 6 сыныбымда «Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басшылық саясаты» тақырыбында өтен сабағымды оқушыларды 4 топқа бөлу арқылы өткіздім. Әр топқа тақырыпқа сай атау бере отырып кестемен жұмыс тапсырылады.


Кестемін жұмыс

Құл


Шаруа

Қолөнерші


Жұмысшы


1. Нені иемденді













2. Қандай жұмыстар атқарды













3. Қандай құқықтары болды













Топтық негізде өткен сабақты үнемі қолдану барысындағы ерекшеліктеріне тоқталсам.


  • Топтар алдын ала мұғалім басшылығымен жасақталады;

  • Көбіне топтар тең шамалас, әртектес болады;

  • Топтық тапсырманың әр мүшесі әр бағытын орындайды;

  • Жеке оқушының емес, топтың жұмысы бағаланады;

  • Топ атынан сөйлейтін оқушыны өзге топ не мұғалім таңдайды;

  • Жеке білімді тексеру бөлек жүргізіледі.

Сонымен қатар сабақ барысымда білім мен білікті жинақтау мақсатында тірек-сызбаларды қолданамын. Мысалы «Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбы бойынша өткен сабағымда оқушыларға тапсырма тірек-сызба түрінде берілді.

Тірек-сызба:




Көтерілістің себебі:




Көтерілісшілердің мақсаты:




Қозғаушы күштер:




Ұлттық құрамы:




Қазақ хандығының қалпына келтірілуі.

1841 жыл Кенесары Қасымұлы хан сайланды.

Бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды.

Оны ханның өзі басқарды.

Кеңесші орган құрамы.

Тірек-сызба негізде өткен сабақтың ерекшеліктері:


  • Логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.

  • Тез әрі жылдам тапсырманы орындай алады

  • Оқу материалын терең меңгереді

  • Көру арқылы есте сақталу қабілеті артады

  • Сынақ емтихандары үшін анықтамалық

Сонымен қатар сабақ барысында жаңа сабақты қорытындылау үшін сұрақ-жауап, әңгімелесу, кесте толтыру сияқты тапсырмалар бере отырып жаңа білімді игеруін бақылаймын. Мысалы, сыныпта өтен «Ұлыбритания (1945-2006 жж)» сабағында жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «дискуссиялық өрнек» толтыру тапсырмасы оқушыларға берілді.






Сұрақтар

Келісемін

Келіспеймін

1

Лондондағы Хитроу әуежайы дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлардың бірі болып табылады.

+




2

Теңіз көлігі ежелден-ақ елдің ауқымды халықаралық байланысына негіз болып, экономика мен сыртқы сауданың дамуында маңызды роль атқарып келеді. Оған жүк тасымалының 90 пайызы тиесiлі.

+




3

М.Тэтчэр, У.Черчилль, Дж Мейджор лейбористік партияның өкілдері.




-


4

Әлемдегі алғашқы ірі танкер «Глюкауф» 1886ж. Ұлыбританияда жасалған.

+




5

Англия Варшав Шартты Ұйымына мүше.




-

6

Ұлыбритания капиталистік елдер арасында тұңғыш рет атом электр станциясын салды.

+




7

Ұлыбритания- теміржолдың көлігінің отаны.

+




8

Англия сыртқы саясатта Ресей мемелекетінің cаясатын қолдады.




-


9

БҰҰ, НАТО, ОБСЕ, ЕО сияқты халықаралық ұйымдардың мүшесі.

+




10

Англияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі.

Экономикасы жоғары денгейде шықты.






-


11

Ұлыбританияның өнеркәсібінің жетекші салалары: машина жасау, мұнай өнеркәсібі, радиоэлектроника, электртехникасы, химия т.б.

+





12

Англияда басты партия консерваторлар патиясы.




-

13

Букенгем сарайы королева резиденциясы болып есептелді.

+





14

Екі партия билікке кезектесе келеді.

+




Тарих сабағында ескеретін жайлардың бірі – өмірдің жаңалықтарына бет бұрып, жаңаша білім беру тәсілдерін ойлап табу – әр пән мұғалімінің негізгі мақсаты.



ІІІ. Қорытынды.

Интерактивті оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған оқыту.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.

Интереактивті оқытудың тиімді жақтары: Оқушылар ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп береді. Оқушылар ойларының тереңдігіне талпынады. Мұғалімнің жетешілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады.

Осыған орай тарих пәнінен көп жылдардан бері қолданып келе жатқан интерактивті оқыту технологиясы бойынша 2010-2012 оқу жылдарының білім сапасына сараптама жасасам 6-11 сыныптардың білім көрсеткіші 43% -65% артқандығын аңғаруға болады.

Сонымен қатар Ұлттық бірыңғай тестілеу мен әкімшілік бақылауда да жақсы көрсеткіштерге ие болудамын. Атап айтар болсақ оқушыларым Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша оқушыларым 20-25 балл аралығында білім көрсеткішін көрсетіп, грант иегерлері атанды. Осыған орай тарих сабағында өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы - білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі білім кепілі. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.

Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау.

2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы.

3. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы-

педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001. -75б.

4. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.

5.“Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004.

6. Қазақстан тарихы – әдістемелік журнал. Алматы 2006-2010.



И.М. Кемельбаева
«№32 ЖОББМ» КММ, тарих пәні мұғалімі, Семей қаласы


Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн.

Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Туған жердің тарихын, соның ішінде Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды бабалары сияқты өз елін қорғауға, Отанын құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Қолданылатын әдістер: Тірек-сызба, кесте, баяндау,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: География, әдебиет, құқықтану.

Көрнекілігі: Батырлардың суреттері, ҚР картасы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  3. Жаңа тақырып.

Көтерілістің алғышарттары
Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді.

XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.

1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды.

Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.



Көтерілістің мақсаты:

1. Россияның отарлау саясатына шек қою.

2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау.

3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату.

4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.

Көтерілістің қозғаушы күштері:

Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған.



Олардың мақсаты:

1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.

2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу.

Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты.



Көтерілістің барысы:

1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды.

1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады.

1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды.

Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады.

Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді.

1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді.

1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды.

1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді.

1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын.

1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір геренар-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары:

1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою.

2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру.

3. Салық жинауды тоқтату.

Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын.

Кенесарының қөйған екінші талаптары:

Әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне дейінгі өңірді Россия билігінен босату.

1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды.

Патша әкімшілігінің қойған талаптары:

1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу.

2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға руқсат ету.

3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру.

Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды).

Кенесарының хандық билігі

1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын Ақсақалдар кеңесіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді.



Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері:

1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізді, нәтижесінде Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды.

2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан.

3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып отырды.

4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды.

5. Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратып және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады.

6. Отырықшылықты дамытты.

7. Барымтаға шек қойды.

8. Дипломатиялық қызмет ұйымдастырды.

9. Әскери істе жасақтарды жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, қатаң әскери тәртіп орнатты. Опасыздарға өлім жазасын кесті. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді.

10. Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған (кінәлі адамның басын қылышпен не пышақпен кесіп белгі салған), ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналды, ешқандай іске қатыса алмады. Сөйтіп, Кенесарының қайта құрушылық қызметі ел билеуді ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды.

Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады.



Кенесарының ақырғы жорығы

Орынбор және Сібір шептері арқылы қысымға алынған Кенесары көтерілістің басты ошағы Төрғай даласынан 1845 жылы Жетісуға ойысуға мәжбүр болды. Жағдайының қиындап кеткенін ескерген, Кенесарының мақсаты Абылай ханның тікелей тұқымдары билеген Ұлы жүзге барып, патша үкіметіне және Қоқан ханына қарсы күресте қолдау табу еді. Екіншіден, хандығының құрамына Жетісуды қосу арқылы Абылай кезіндегі қазақ мемлекетінің иелігін қалпына келтіру де Кенесарының ойында болды.

1845 жылы қарашада Кенесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Кенесарыға қарсы Бухар мен Қоқан одағы құрылды. Оңтүстікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Қунанбай, Өскенбайұлы, Барақ Султанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті.

Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Россия мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары (феодалдары) Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынасын қабылдамады.

1847 жылы сәуір айында Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті.

Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бишкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды.

1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.

Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай Қарабеков патша үкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды. Орманға алтын жіптермен тігілген халат тапсырылды.



Жеңілу себептері:

1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады.

2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды.

3. Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.

4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды.

5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.

6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Россияға қарсы тұра алмады.

Көтерілістің тарихи маңызы:

1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс.

2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі.

3. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.

4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Россия саясатымен байланыстылығын көрсетті.

5. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті.



6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.

4.Қорытынды. Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне арналып, “Кенесары - Наурызбай” дастаны жазылды (авторы Нысанбай). Кенесары қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен ұлттық батыр.

5.Үйге тапсырма беру. «Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» тақырыбында шығармашылық жұмыстар дайындау. (Сөзжұмбақ құрастыру).

6.Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет