Кент бюджетін жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау)



бет1/2
Дата08.06.2018
өлшемі465,5 Kb.
#41639
  1   2




2018-2020 жылдарға арналған

Жосалы кентінің

азаматтық бюджет





Кент бюджетін жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау)

Жосалы кенті, 2018 жыл

Сіздердің назарларыңызға Жосалы кенті бойынша 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады, онда кент бюджетінің негізгі көрсеткіштері туралы, оның қалыптасу параметрлері және бюджеттік қаражаттардың шығындалу бағыттары туралы ақпарат берілген.



2018-2020 жылдарға арналған Жосалы кентінің

азаматтық бюджеті
Кент бюджетін жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау)
I. 2018-2020 жылдарға арналған Жосалы кентінің

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Жосалы кентінде 4246 отбасында 20877 адам тұрады. Жосалы кенті бойынша тіркелген кәсіпкерлерлік субъекті саны 1681 болса, оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъекті саны 1375. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Жосалы кенті бойынша 7471 бас мүйізді ірі қара, 7495 бас уақ мал, 1447 бас жылқы, 845 бас түйе болды. Жосалы кентінде тіркеуде тұрған 73 шаруа қожалығының бүгінгі күнге 33-і жұмыс істеуде. Олар мал шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде, 8 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасымен асыл тұқымды бұқа алып, мал басын асылдандыру, тұқымды түрлендіру, мал басын көбейту бағытында жұмыс жасауда.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамту: Жосалы кенті бойынша тіркелген кәсіпкерлерлік субъекті саны 1681 болса, оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъекті саны 1375. Тіркелген кәсіпкерлік субъектінің 70 пайызы мал шаруашылығы, 20 пайызы сауда, ал 10 пайызы құрылыс, жарнама, көлік және құқықтық қызмет, тағы басқа кәсіпкерлік субъектілер болып табылады.

Жосалы кентіндегі түрлі мақсатта ашылған 266 кәсіпкерлік нысан бар.

Сонымен бірге, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 49 азамат төрт кезең бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында білімдерін жетілдірді. І және ІІ кезеңдер бойынша 32 адам түрлі көлемдегі несиемен қаржыландырылып, бүгінде олар кәсіптерін атқаруда.

«Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» арқылы 16 азамат несие алды.



Агроөнеркәсіп кешенін дамыту: Жосалы кентінде сүт өндіру бағытында құрылған «Сұлтан и К» ауылшаруашылық кооперативі «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры арқылы «50 ауыл» бағдарламасы шеңберінде мал басын көбейтуге 70,5 млн. теңге несие алу мақсатында құжат өткізді.

Сонымен қатар, модульді сүт қабылдау пункті мен Газель автокөлігін сатып алу үшін несие алуға құжат дайындауда.

2016 жылы Жосалы кентіндегі индустриялық аймақтан 2,5 гектар жер телімін алған «Мир-2001» ЖШС-і құмқыш жасау жұмыстарымен айналысуда. Келешекте мекеме өңірімізде атқарылатын құрылыстарға қажетті бетон, брюсчатка, блок шығаруды және қосымша 18 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, аталмыш индустриялық аймақтан жеке кәсіпкер Қайрат Бердібаев өз қаражаты есебінен темірді қайта өңдеу цехына арналған ғимараттың құрылысын жүргізуде. Өндіріс орны толыққанды іске қосылған уақытта кәсіпкер темірді қайта өңдеу арқылы құрылысқа қажетті бұйым шығару және 10 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлауда.

Сонымен бірге, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» шеңберінде «Бизнес Кеңесші» жобалық курсында Жосалы кенті бойынша 8 азамат білімдерін жетілдіріп, олардың барлығы да өздері жасаған жобалары бойынша қажеттелігіне қарай несиемен қаржыландырылды. Жоба бойынша несие алған жеке кәсіпкер Дина Серікбаева наубайханасын қайта жаңғыртса, Дастан Даңлыбаев құм тиегіш тракторын сатып алып, 1 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Даму аймақтар» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Ербол Ешмұратов Жосалы кентінен қызанақ, қияр және басқа да ауылшаруашылығы дақылдарын өндіруге байланысты жылыжай салып, 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Алдағы уақытта кәсіпкер жылыжай көлемін арттырып, цитрусты лимон дақылдарын егуді жоспарлап отыр.

Ауылшаруашылығы: Жосалы кентінде тіркеуде тұрған 73 шаруа қожалығының бүгінгі күнге 33-і жұмыс істеуде. Олар мал шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде, 8 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасымен асыл тұқымды бұқа алып, мал басын асылдандыру, тұқымды түрлендіру, мал басын көбейту бағытында жұмыс жасауда.

Сонымен бірге, мемлекеттік «Құлан» бағдарламасы аясында «Қорқыт елі» несие серіктестігі арқылы 1 кәсіпкер 19 бас бие, 1 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу арқылы жылқы малын асылдандыру жұмыстарымен айналысуда. Ал, «Алмат» шаруа қожалығы 24 бас бие, 2 бас асыл тұқымды айғыр сатып алып, жұмыс істеуде.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Жосалы кенті бойынша 7471 бас мүйізді ірі қара, 7495 бас уақ мал, 1447 бас жылқы, 845 бас түйе болды.

Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында өткен жылы кент орталығында абаттандыруға байланысты бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтар болсақ, темір жол өткелінің алдына үш бетті жарнамалық тақта орнатылды. Жосалы кентінің кіреберісінен Көшербаев көшесіне дейінгі аралыққа жарықтандыру жұмыстары істелді, сонымен бірге Абай көшесінің екі бетіне светодиодты шамы бар бағаналар орнатылып, көше толық жарықтандырылды. Қобыз ескерткішіне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Жосалы кентінің екінші қақпасы саналатын теміржол вокзалы алдындағы аумақ жарықтандырылып, оның айналасы тас төсенішпен көмкерілді. Бағаналы сағат және тұрғындар дем алатын көлеңкелі орындықтар орнатылды.

Ауыз су: Ауыз суға байланысты нысандар, желілер «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің теңгеріміне берілген. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасымен ауыз су желісін жүргізудің ІV-кезеңінде мердігер «Сәт-сервис» ЖШС-і бұрынғы жобаларға енбей қалған көшелер мен әрбір тұрғын үйге ауыз су желісін кіргізді. Жосалы кенті бойынша 73 шақырым ауыз су желісі жүргізілді, 1364 үйге ауыз су баспасы мен су есептегіш құралы орнатылды.

Жол құрылысы: Жосалы кентіндегі 114 көшенің ұзындығы 77,2 шақырымды құрайды. Оның 44-і асфальтталған, 30 көшесі қиыршық тасты, 40 көшесі жай топырақты болып бөлінген.

Жыл сайын жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға жай топырақты көшелер грейдер арқылы тегістеліп, көшелерге кезең-кезеңмен қиыршық тас төселуде.



Жарықтандыру: Жосалы кенті әкімінің аппараты теңгеріміне берілген 28 көшеде түнгі жарық бар. Онда орнатылған 802 лампаның 550-і жанып тұр. Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Абай көшесінің екі жағы толығымен светодиодты шамы бар электр бағаналарымен алмастырылды.

Ал, Абай көшесінен босаған электр бағаналары Теміржол, Сегізов, Мұстафа Шоқай және Рысқұлов,Томанов көшелеріне орнатылды.



Балабақша: Аудан орталығындағы 7 мемлекеттік балабақша Жосалы кенті әкімінің аппаратының құрамына кіреді. Қазіргі таңда аталмыш балабақшаларда тәрбиеленетін 529 балаға 260 маман мектепке дейінгі білім беру ісін жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізуде.

2017 жылдың 1 маусымында Жосалы кентінен тоқсан орындық «Ертөстік» және «Айгөлек» балабақшалары заман талабына сай салынған жаңа ғимаратқа көшірілді.



«Балапан» бағдарламасы бойынша 2017 жылы республикалық бюджеттен 114 млн. 246 мың теңге қаржы бөлінген. Аталмыш бағдарламамен 6 балабақшада 17 топ жұмыс жасайды. Олардың қаржылары уақытылы есеп шоттарына аударылды.

Кәсіби әкімдік: Жосалы кенті әкімінің аппаратының шататтық құрылымында 67 адам жұмыс істейді, оның 15-і мемлекеттік қызметкер.

Жосалы кенті әкімінің аппаратыына 2017 жылы 884 жеке және 14 заңды тұлғадан өтініш түсіп, олар заң шеңберінде бақылауға алынып, қанағаттандырылды. Жоғары және жергілікті мекемелермен 4937 құжат айналымы болып, кент әкімінің 417 өкімі мен 414 шешімі қабылданды.

Жосалы кентінің тұрғындары жайлы мәлімет 211 үй шаруашылығын тіркеу дәптеріне жазылып, ондағы мәліметтер «Egov» электронды порталына енгізілді.

2017 жылы Жосалы кенті әкімінің аппараты кент тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 3087 дана анықтама беріп, тұрғындардың өтініштері қанағаттандырылды.

Ал, жер учаскiсiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге берілетін шешім бекітілген стандартқа сәйкес 1 ай мерзім ішінде қанағаттандырылды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында аудандық пробация қызметімен бірігіп, 2017 жылы 15 адам ақысыз қоғамдық жұмысқа қабылданды.

Жосалы кенті әкімінің аппаратына қарасты жеке басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында 16 әлеуметтік қызметкер, 1 сектор меңгерушісі, 1 кеңесші жан-жақты қызмет көрсетеді.

Бөлімде 81 жеке басты қарт есепке алынған. Оның 66-ы зейнеткер жасындағы қарт және 15-і мүгедектігімен есепте тұрады. Әрбір әлеуметтік қызметкер бекітілген кесте бойынша аптасына 2 рет, ал хал жағдайы ауыр, төсектен тұра алмайтындарға күнбе күн арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.



Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2016 жылға қарағанда 96 пайызды құрайды деп жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. Жосалы кентінде тіркеуде тұрған 73 шаруа қожалығының бүгінгі күнге 33-і жұмыс істеуде. Олар мал шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде, 8 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасымен асыл тұқымды бұқа алып, мал басын асылдандыру, тұқымды түрлендіру, мал басын көбейту бағытында жұмыс жасауда.

Сонымен бірге, мемлекеттік «Құлан» бағдарламасы аясында «Қорқыт елі» несие серіктестігі арқылы 1 кәсіпкер 19 бас бие, 1 бас асыл тұқымды айғыр сатып алу арқылы жылқы малын асылдандыру жұмыстарымен айналысуда. Ал, «Алмат» шаруа қожалығы 24 бас бие, 2 бас асыл тұқымды айғыр сатып алып, жұмыс істеуде.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Жосалы кенті бойынша 7471 бас мүйізді ірі қара, 7495 бас уақ мал, 1447 бас жылқы, 845 бас түйе болды.

.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2016 жылға қарағанда 102,2 пайыздық көлемінде жоспарланып отыр.



Сауда. Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2016 жылға қарағанда 102 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Инвестиция. Облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлеміндегі қала инвестициясының үлесін 2016 жылғы 84,7 пайыздан 2017 жылы 102,0 пайызға ұлғайту жоспарлануда.

Кәсіпкерлік. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы көлемінен жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 75,6 пайызды құрайды.

Жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы 4,9 пайыздан 2017 жылы 4,8 пайызға дейін төмендету болжамдануда.

«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VI Заңында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 28 284 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 15 274 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 33 745 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу їшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 405 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 28 284 теңге болып белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.



Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақша қоры, салық және салық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен құралатын, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленіп және ауданның деңгейінде бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің жергілікті атқарушы органдардың міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз ету.

Аудандық бюджеттің түсімдері және шығындары
2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне, «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму және ауданның бюджет параметрлерінің және Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленді.

Аудандық бюджеттің бірінші кезекте экономика қолдауын жүргізу бойынша, әлеуметтік мәселе шешу бойынша шаралар қолдану, облыс халқының өмір сұру деңгейін көтеру негізігі бағыттары болып табылады.



«2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет» Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №144 шешімімен аудандық бюджет бектілді.
2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері

млн. теңге

Атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

есеп

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

бекітілген жоспар

Түсімдер

10297,2

11299,5

9684,2

9697,5

1. Кірістер, оның ішінде:

10028,2

11051,9

9618,7

9632,0

Салықтық түсімдер

903,3

865,6

896,0

905,5

Салықтық емес түсiмдер

53,2

56,6

62,2

64,0

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

32,0

46,0

48,0

50,0

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде:

9039,7

10083,7

8612,5

8612,5

Субвенция

8159,4

8582,5

8612,5

8612,5

Ағымдағы нысаналы трансферттер

444,7

1441,2

0

0

Нысаналы даму трансферттері

435,6

60,0

0

0

Бюджеттік кредиттерді өтеу

66,8

65,5

65,5

65,5

Мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0

0

0

0

Қарыздар түсімі

187,2

182,1

0

0

Бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары

15,0

0

0

0

Шығыстар

10297,2

11299,5

9684,2

9697,5

Шығындар, оның ішінде:

10045,1

11051,9

9618,7

9632,0

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

708,0

789,4

421,6

435,5

Қорғаныс

5,3

5,7

6,0

6,3

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

3,5

2,3

2,4

2,5

Бiлiм беру

6879,1

6447,9

6540,5

6718,7

Денсаулық сақтау

0

0,2

0,2

0,2

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

711,0

811,1

483,4

502,5

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

473,3

86,7

171,9

220,1

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

575,1

427,8

413,3

428,7

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0

0

0

0

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

239,2

237,2

175,2

182,1

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

38,2

129,4

28,1

29,2

Көлiк және коммуникация

166,8

889,6

34,1

35,8

Өзгелер

90,9

64,0

118,8

119,3

Борышқа қызмет көрсету

0,07

0,07

0,07

0,07

Трансферттер

154,4

1160,5

1223,1

951,0

Бюджеттік кредиттер

186,6

182,1

0

0

Қаржы активтерін сатып алу

12,5

0

0

0

Қарыздарды өтеу

53,0

65,5

65,5

65,5

Каталог: article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Презентация к классному часу для учащихся фортепианного отделения дши «Мне дорог Бах»
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> История открытия радиоактивности н. М. Вострикова моу сош №62, Центральный район, г. Воронеж в науке все важно. Гейне
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Урока: «Тело облачает душу, оно же ее и разоблачает»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет