Кент бюджетін жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау)



бет2/2
Дата08.06.2018
өлшемі465,5 Kb.
#41639
1   2

Ескерту: 2020 жылға субвенция көлемі болжам болып табылады.
Түсімдері

2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау Әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет кодекстеріне және басқа және да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.

2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеттің өз кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді.

2018 жылға – 968,2 млн. теңге;

2019 жылға – 1006,2 млн. теңге;

2020 жылға – 1019,5 млн. теңге.

Аудандық бюджеттің салықтық түсімдерінің ең үлкен мөлшерін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық құрайды.

Алдағы үш жылдық кезеңге аудандық бюджеттің облыстық бюджетпен қатынасы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша нормативтік аударымдар аудару арқылы реттелуде, оның ішінде:

облыстық бюджетпен:

101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;

101.202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша толығымен аудандық бюджетке 100 пайыз;

103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз.

Осыған сәйкес, 2018 жылға арналған аудандық бюджеттің төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтың жоспарлары тиесілі 240342 мың теңге және 181866 мың теңге көлемінде белгіленді.

2018 жылғы аудандық бюджеттің салықтық емес түсімдер бойынша жоспары 56596 мың теңге көлемінде белгіленіп, бұл 2017 жылғы бюджеттің бекітілген жоспарымен салыстырғанда 112,42 пайызды құрайды.

Сонымен бірге республикалық бюджет қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердегі мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы төлеуге 73 мың теңге қаралды.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерінің жоспары:



2018 жылға – 46000 мың теңге;

2019 жылға – 48000 мың теңге;

2020 жылға – 50000 мың теңге болып белгіленді.

Бюджеттік кредиттерді өтеу санаты бойынша 2018 жылға заңды тұлғаларға жергілікті бюджеттен республикалық бюджеттің қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттердің өтеуі 65508 мың теңге көлемінде белгіленді.


Жалпы сипаттағы трансферттер (бюджет субвенциялар)

Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін Бюджеттік кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну їшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

«2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешімімен 2017-2019 жоспарлы кезеңгі жылдарға облыстық бюджеттен берілген аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттеріне субвенция көлемі белгіленді.

2017-2019 жылдарға Қармақшы ауданының бюджетіне республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенцияның бөлінісі

2014 жылы – 8159,4 млн теңге;

2015 жылы – 8582,5 млн теңге;

2016 жылы – 8612,5 млн теңге.

«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы 17-сессиясының №157 шешіміне сәйкес аудандық бюджетке облыстық бюджеттен 1214305 мың теңге, республикалық бюджеттен 226889 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер, республикалық бюджеттен 60000 мың теңге нысаналы даму трансферттер бөлінді.
Аудандық бюджеттің шығындары
Жоспарланған 2018-2020 жылдарға арналған бюджет шығындарының негізгі басымдылығы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді және азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтау, аудан экономикалық дамытудың тиімділігін арттыруды қолдау және қажетті шарттарын жасаудың бірінші кезектегі шараларын көру, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын шараларды жүзеге асыру болып табылады.

2018 жылға арналған аудандық бюджет жобасы Елбасының Қазақстан халқына жолдауының іс-шараларын жүзеге асыру, халықтың әлеуетін жақсартуға, жұмыссыздықты болдырмауға жасалған бюджет.


Сала бойынша 2018 жылғы аудандық бюджеттің шығындары



Сала бойынша 2018 жылғы аудандық бюджеттің шығындары
млн.теңге

ф/г

Атауы

2018 жылға арналған жоспар

Барлық шығындар көлемінің үлесі,%




II. Шығындар

11051,9

100

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

789,4

7,14

02

Қорғаныс

5,7

0,05

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

2,3

0,02

04

Бiлiм беру

6447,9

58,34

05

Денсаулық сақтау

0,2

0,0

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету

811,1

7,34

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

86,7

0,78

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

427,8

3,87

09

Отын-энергетикалық кешенi және жер қойнауын пайдалану

0

0,0

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

237,2

2,15

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

129,4

1,17

12

Көлiк және коммуникация

889,6

8,05

13

Өзгелер

64,0

0,58

14

Борышқа қызмет көрсету

0,07

0,0

15

Трансферттер

1160,5

10,51

Жыл сайын аудандық бюджеттің шығындары 15 функционалдық топ бойынша жоспарланады.

Жергілікті атқарушы органдар мақсатты трансферттерді және кредиттерді тек мақсаты сай жұмасалып өзінің тиісті бюджеттік бағдарламасына отырғызылып пайдаланады.

Мақсатты трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және даму нысаналы трансферттерге бөлінеді.



Ағымдағы нысаналы трансферттер Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарыныѕң ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған. Мысалы, тұқым шаруашылығын қолдау, білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге және тағы басқа.

Нысаналы даму трансферттер жоғары тұрєан бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

 Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.


2018 жылы республикалық және облыстық бюджетінен мақсатты трансферттердің және бюджеттік кредиттердің бөлінісі

мың теңге



Атауы

2018 жылы




Трансферттер мен кредит барлығы, оның ішінде:

1683294,0

 І

Республикалық бюджет

286889,0

1

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

6272

 2

тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеуге

9629

 3

оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге

6463

 4

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне

108508

 5

халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге

8262

 6

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға

45278




оның ішінде:




 

«Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға

279

 

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейтуге

20273




ымдау тілі маманының қызмет көрсетуге

5983




техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар Тізбесін кеңейтуге

18439

 

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға

37




мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғыларымен жарақтауға

267

 7

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларын іске асыруға

42477




оның ішінде:







жалақыны ішінара субсидиялауға

13617




жастар тәжірибесіне

28860

8

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысына. Кәріз және ауыз су жүйелерімен қамтамасыз ету

60000

ІІ

Облыстық бюджет

1214305,0

 1

білім беруге

153381

 

оның ішінде:




 

жалпы білім беретін мектептерді қосымша физика пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге

42566

 

жалпы білім беретін мектептерді қосымша химия пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге

39192




жалпы білім беретін мектептерді қосымша биология пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге

17101

 

жаңадан іске қосылған білім беру нысандарын ұстауға, оның ішінде: «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №186 орта мектебі» коммуналдық қазыналық мекемесіне – 24553 мың теңге, «Жосалы кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №3 «Ертөстік» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – 19776 мың теңге, Жосалы кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №5 «Айгөлек» ясли бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – 10193 мың теңге

54522

2

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларын іске асыруға

44551




оның ішінде:







жастар практикасын ұйымдастыру

10823




қысқа мерзімді кәсіптік оқу

33728

3

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға

2964




оның ішінде:







«Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға

2509




мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға

55




мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғыларымен жарақтауға

400

4

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға сауықтыру үшін біржолғы материалдық көмекке

625

5

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарды әлеуметтік қолдауға

38456

6

өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарындағы отбасылар санынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге

9844

7

туберкулез ауруының қолдаушы фазасында емделіп жүрген науқастарға әлеуметтік көмек көрсетуге

17316

8

гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге

1755

9

жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуіне орай жұмыспен қамту орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға

225

10

қалалық, аудандық, ауылдық кітапханаларға кітап сатып алуға

559

11

су шаруашылығы нысандарының құжаттарын дайындауға

58500

12

көлік инфрақұрылымын күрделі және орташа жөндеуге

857189




оның ішінде:







Қармақшы ауданындағы "Самара-Шымкент-Төребай би" автомобиль жолын орташа жөндеуге (23,044 шақырым)

408785




Қармақшы ауданындағы "Самара-Шымкент-Иіркөл" автомобиль жолын орташа жөндеуге (5,136 шақырым)

162907




Қармақшы ауданындағы "Самара-Шымкент-Жаңажол" автомобиль жолын орташа жөндеуге (6,771 шақырым)

213573




Қармақшы ауданындағы "Самара-Шымкент-Төретам" автомобиль жолын орташа жөндеуге (2,235 шақырым)

71924

13

мәслихат хатшысының лауазымдық еңбекақысының ұлғаюына

656

14

атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізуіне байланысты Байқоңыр қаласында жұмыспен қамту орталығын құруға

28284

III

Кредиттер

182100

 

Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттер

182100


Әлеуметтік сала шығындары
Әлеуметтік саланың шығындарына білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саладағы дәстүрлі шығындар жатады.

Әлеуметтік салада негізгі бағыттардың бірі азаматтардың әлі аухатын көтеру үшін алдын ала қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау болып табылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жан жақты көмек көрсетілуде.Жалпы білім беру мектептердің, мектепке дейінгі балалар ұйымдардың, аураханалардың, перинаталдық орталықтың, дәрігерлік амбулаториялардың, мәдениет үйлердің, спорттық алаңдардың және әлеуметтік нысандың құрылыстары жүргізілуде.
Білім беру
Биылғы оқу жылында білім берудің мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында аудан бойынша 32 білім беру ұйымы жұмыс жасайды.

(оның ішінде: 28 жалпы орта мектеп, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс ұйымдар)

Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13972 оқушы білім алуда.

Ауданымызда 32 балабақша жұмыс жасайды 3-6 жас аралығындағы балалар бала бақшамен 100 пайыз қамтылған.

Барлығы ауданның бекітілген бюджеті бойынша білім беру саласына үш жылға 19707,1 млн теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 2018 жылға – 6447,9 млн. теңге, 2019 жылға – 6540,5 млн. теңге, 2020 жылға – 6718,7 млн. теңге.

2018-2020 жылдарға білім беру саласы шығындары

млн.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Барлық шығындар:

6447,9

6540,5

6718,7

Мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту

659,9

660,8

665,4

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

5545,2

5427,4

5596,9

Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер

242,8

452,3

456,4

2018 жылы Қармақшы ауданы Иіркөл елді мекенінде 50 орындық "Самал" балабақшаның құрылысы, Қармақшы ауданы Төребай би елді мекенінде 50 орындық "Ақкөгершін" балабақшаның құрылысы, Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектептің құрылысын аяқтауға, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерь құрылысы, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақжар ауылындағы №28 орта мектебін жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектепке, Қуандария ауылындағы №186 орта мектепке жылу жүйесін сұйытылған газге ауыстыру үшін жоба-сметалық құжаттама әзірленеді. Қармақшы ауданы Иіркөл ауылындағы №106 орта мектеп ғимаратының сыртқы қабатын жөндеу жұмыстарына, әуез мектебінің көне №183 орта мектебі ғимаратына көшуіне байланысты ғимаратқа ағымдағы жөндеуге, №275 орта мектептің шатырына жөндеу жұмыстарына, №275 орта мектептің асханасы мен терезелерін ауыстыруға ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы қаралды.

2018 жылы облыстық бюджеттен «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №186 орта мектебі» коммуналдық қазыналық мекемесіне 24553 мың теңге, «Жосалы кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №3 «Ертөстік» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 19776 мың теңге, Жосалы кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №5 «Айгөлек» ясли бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 10193 мың теңге, аудандық бюджеттен Жосалы кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №5 «Айгөлек» ясли бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 9744 мың теңге трансферттер қаралды.

2018 жылы облыстық бюджеттен жалпы білім беретін мектептерді қосымша физика пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге 42566 мың теңге, жалпы білім беретін мектептерді қосымша химия пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге 39192 мың теңге, жалпы білім беретін мектептерді қосымша биология пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге 17101 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер қаралды.

2018 жылы республикалық бюджеттен тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеуге 9629 мың теңге, оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге 6463 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер қаралды.
Денсаулық сақтау
2017 жылы тұрғындардың аурушаңдық деңгейі төмендеді. Жалпы өлім-жітім 5,2 ден 4,5 пайызға, нәрестелер өлімі 12,9 дан 8,7 пайызға, туберкулезбен ауру деңгейі 51,9 дан 42,6 пайызға төмендеді. Соңғы үш жылда ана өлімі тіркелген жоқ. Нәтижесінде орташа өмір сүру ұзақтығы 70,5 жастан 71,3 жасқа ұлғайды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2017 жылы облыстық бюджеттен «Қармақшы аудандық орталық аурухананың кәріз-сорап стансасын, су айдау мұнарасын монтаждау жобасын қалпына келтіру» жобасына 247,3 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы облыстық бюджеттен 13,1 млн.теңге бөлініп Жосалы ауылдық округінен медициналық пункт үшін ғимарат сатып алынды.

2018 жылы денсаулық сақтау саласына ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға кент ауылдық округ әкімінің аппараттарына 170,0 мың теңге қаралған. Аудандық бюджеттің шығыстары денсаулық сақтау саласына 2019 жылға 170,0 мың теңге, 2020 жылы – 170,0 мың теңге бекітілген.




Әлеуметтік қолдау

2018-2020 жылдарға әлеуметтік комекке және әлеуметтік қамсыздандыруға шығындары

млн.теңге

Атауы

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Барлық шығындар:

811,1

483,4

502,5

Әлеуметтік қамсыздандыру

238,0

137,2

144,0

Әлеуметтiк көмек

521,9

343,0

355,1

Өзге де шығындар

51,3

3,2

3,4

2018 жылы облыстық бюджеттен Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға сауықтыру үшін біржолғы материалдық көмекке 625 мың теңге; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарды әлеуметтік қолдауға 38456 мың теңге; өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарындағы отбасылар санынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге 9844 мың теңге; туберкулез ауруының қолдаушы фазасында емделіп жүрген науқастарға әлеуметтік көмек көрсетуге 17316 мың теңге; гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге 1755 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер қаралды. 2018 жылы облыстық бюджеттен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуіне орай жұмыспен қамту орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 225 мың теңге, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізуіне байланысты Байқоңыр қаласында жұмыспен қамту орталығын құруға 28284 мың теңге, республикалық бюджеттен халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге 8262 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер қаралды. 2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден «Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 2788 мың теңге, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейтуге – 20273 мың теңге, ымдау тілі маманының қызмет көрсетуге – 5983 мың теңге, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар Тізбесін кеңейтуге – 18439 мың теңге қаралды.

Ағымдағы жылы «нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына республикалық және облыстық бюджеттерден нысаналы трансферттер бөлінуде.

2018 жылға қысқа мерзімді оқу курсына 100 адамды оқытуға 33728 мың теңге қаралды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 2018 жылға 40 адамға 13,6 млн. теңге, аудандық бюджеттен 20 адамға 5,8 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға аудан бойынша кәсіпкерлік субьектілеріне жұмысқа жолданатын болады.

Жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен – 80 адамға – 28,9 млн.теңге қаралған. Жастар тәжірибесіне облыстық бюджеттен – 30 адамға – 10,8 млн.теңге, аудандық бюджеттен 15 адамға 5,2 млн теңге қаралған. Аудан бойынша жыл көлемінде 125 жас маман жұмыспен қамтылатын болады.




Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеністігі
Қазіргі таңда аудан бойынша халыққа 15 мәдениет үйлері мен клубтар, 1 Жыраулар үйі, 18 кітапханалар, 1 мұражай қызмет көрсетуде.

2018 жылы облыстық және аудандық бюджеттен қаржылар бөлінді:

* Аудан көлемінде мәдени іс-шаралар өткізуге 15,0 млн теңге;

* Марал Ишан мазарын қоршау жұмыстарына 3,0 млн. теңге;

* Ауданның 11 кітапханасына интернет жүйесін орнатуға 3,5 млн теңге;

* 3 тілдік оқыту курстарына 4,3 млн теңге.

Ауданда 9 спорт алаңы, 5 стадион, 21 спорт залы, 1 дене сауықтыру кешені орналасқан. Ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылар 27 пайызға жетті. (14881).

Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 15-алтын, 22-күміс, 21-қола медальды иеленсе, Азия чемпионатында 1-қола және Әлем Кубогында 1-алтын медальді иеленді.

Жерлесіміз Ғалымжан Абдрахманов қазақша күрестен 2 дүркін Әлем чемпионы атанса, Елбасының жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде жерлесіміз Еламан Ерғалиев чемпион атанып, аймақ абыройын асқақтатты.

2018 жылы облыстық бюджеттен қаржылар бөлінді:

* Қармақшы ауданы Төретам кентінде денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 254,3 млн теңге.

Ауыл шаруашылығы
2017 жылы 23702 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары орналастырылса, 14209 гектар жерге ауылшаруашылығы саласының негізгі өнімі болып табылатын күріш дақылы егілді. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 2017 гектарға (күріш көлемі 184 гектарға, мал азығы дақылдарының көлемі 507 гектарға, жаңа жоңышқа 557 гектарға, бақша 18 гектарға, көкөніс 26 гектарға, және мақсары дақылы 638 гектарға) көбейді.

Соңғы жылдары басым ауыл шаруашылығы дақылдарын қолдау шараларының негізінде күріштің, майлы дақылдардың, жем-шөптік дақылдардың, жеміс-жидектің, бақша дақылдарының, қорғалған топырақтағы көкөністердің егіс көлемі мен өндірілген өнім көлемі артып, елді отандық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесін шешілуде.

2018 жылы ауылшаруашылық дақылдарын әртараптандыру жұмыстарын жалғастырып, жоңышқа дақылының көлемі 8,0 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын 2,0 мың гектарға жеткізу, майлы дақылдар көлемін арттыру, бақша дақылдары өнімдерін сыртқы нарыққа шығару міндеттері тұр. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмыстарын жандандыру, кооперативтердің өз өнімдерін өндіріп, нарыққа тұрақты түрде шығаруына қол жеткізу басты назарда болады.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 60 маманға 9,5 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 56 маманға тұрғын үй сатып алуға 186,0 млн. теңге несие берілді. 2018 жылы бұл жұмыстар жалғасын тауып, 60 маман көтерме жәрдемақы және 50 маман тұрғын үй сатып алатын болады.

Қоршаған ортаны қорғау
Мал шаруашылығын дамытуға, шабындық жерлер мен жайылымдарды ұлғайтуға және балық шаруашылығын дамытуға 2017 жылы облыстық бюджеттен 281 млн. теңге қаржы бөлініп, «Қаракөл», «Таскөл», «Қоңыраулы-Көлдей» көлдерін сумен қамтамасыз ету және экологиялық жағдайын жақсарту жобасы іске асырылды. Нәтижесінде, аталған көлдер мен каналдар тазаланып, сағаларына екі көзді су тоспалары салынды. Сонымен қатар, жоба аясында Қуандария өзегінің Қарақ учаскесінің тұсынан 2 жерден 5 көзді су тоспасы салынып, пайдалануға берілді.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде, Қуаңдария, Көмекбаев ауылдық округтертегі мал шаруашылығын дамытуға жайылымдық жерлер ұлғайып, мал азығын дайындауға шабындық жерлер көбейе түседі. Және де балық шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізетін болады.

Сондай ақ, Қараөзек арнасына «Қожантай» су реттегіш тоспасының құрылыс жұмыстарына 2017 жылы 18,7 млн.теңге бөлініп, (облыстық бюджеттен 11,9 млн.теңге, аудандық бюджеттен 6,8 млн.теңге қаржы қаралып), құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде: Мал басын, мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға оң ықпалын тигізеді. Экологиялық ахуалдың жақсаруына, суландырылатын аймақтың ұлғайюына және балық шаруашылығының дамуына себебі зор. Сонымен қатар, Сырдария өзенінен тасыған суларды көлдер жүйесінде ұстап қалуға мүмкіндік туғызады.

.Көлік


2018 жылы «Батыс-Европа Батыс-Қытай» автодәлізінен Жаңажол, Иіркөл, Төребай би ауылдық округтеріне және Төретам кентіне кірме жолдарына орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 857,2 млн.теңге бөлініп, ағымдағы жылы атқарылатын болады.

2018 жылы аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 32,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Елді мекен жолдарын жөндеуге аудандық бюджеттен 2018 жылға 169,3 млн. теңге бөлінді.



Жолаушылар тасымалы бойынша. Қазіргі таңда аудан орталығы мен ауылдық округтер арасына жолаушылар тасымалдау қызметімен 10 жеке кәсіпкер айналысады.

Жылумен жабдықтау
2018 жылы аудандық бюджеттен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға жылу беру маусымына барлығы 366,3 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Оның ішінде білім беру саласы бойынша 272,4 млн. теңге, мәдениет саласы бойынша 55,1 млн. теңге, спорт саласы бойынша 15,5 млн. теңге.
Сумен жабдықтау
Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына, денінің саулығына тікелей әсер ететін нәрсе, әрине сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Облыс әкімінің қолдауымен аудан орталығы Жосалы кентіндегі соңғы жылдары қалыптасқан, жаз айларындағы ауыз судың су сақтау қоймаларының жеткіліксіздігінен туындаған проблемалық мәселелер 2017 жылы түбегейлі шешімін тапты.

«Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысы» (4 кезек) нысаны бойынша барлығы 1383 үйге ауыз су құбыры кіргізілді.

«Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғырту» жобасы бойынша жаңадан насос станциясына 5000 м3 резервуар орнатылып, құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Жыл көлемінде «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 950,8 млн.теңгеге 7 елді мекенде 8 жоба іске асырылды.



- Көмекбаев елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге – 42,0 млн.теңге;

- Қуаңдария елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 34,0 млн.теңге;



- Алдашбай Ахун елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге – 37,6 млн.теңге;

- Қармақшы елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге – 39,2 млн.теңге;

- Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 434,1 млн.теңге (4 кезек);

- Жосалы кентіндегі су жүйесін және 2-ші көтерме насос станциясын қайта жаңғыртуға – 225,1 млн.теңге;

- Дүр Оңғар елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 102,2 млн.теңге;

- Иіркөл елді мекеніндегі тұтынушы үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылысын жүргізуге - 34,6 млн.теңге.

Нәтижесінде, аудандағы 29 елді мекеннің 18-інде толық орталықтандырылған сапалы жер асты суымен үзіліссіз, тәулік бойы қамтамасыз етуге қол жеткізілді.
Газдандыру
Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайына және кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсер ететін аудан орталығы Жосалы кентін газдандыру жобасының басталуы. Бұл дегеніміз аудан экономикасының одан әрі дамуына болашаққа үлкен сеніммен қарауға жетелейді. 2017 жылы Республикадан бөлінген 555,6 млн, теңгеге «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырының 14,5 шақырымы мен АГТС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) құрылысы басталып, 2018 жылға 892,0 млн.теңге қаралып, мамыр айында құрылыс жұмыстары аяқталатын болады. Жалпы құны 3,7 млрд.теңге болатын Жосалы кентіне жүргізілетін газ құбырының және кварталішілік газ құбырларының құрылысы Республиканың 3 жылдық бюджет жобасында қаралған. Сонымен қатар Төретам кенті мен Ақай ауылын алдағы уақыттарда газдандыру мәселесі шешімін табатын болады.
Басқалар
Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мақсатында Ақтөбе ауылында «Ақтөбе и К» ЖШС-нің құны 210,0 млн теңге болатын Оңтүстік Кореялық қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш өңдеу зауыты іске қосылды (қаржыландыру «ҚазАгроҚаржы АҚ арқылы). Оған қосымша жоба құны 80 млн теңге болатын сиымдылығы 10 мың тонна астық сақтайтын қойма құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Күріш дақылының экспорттық әлеуетін арттыру және әртараптандыру мақсатында «Ақтөбе и К» шаруашылығы былтыр, тәжірибиелік негізде былтыр 70 гектар жерге күріштің Ирандық «Тором Хошеми» сортын егіп, жақсы өнім алды (Бағасы біздің күріштің 9-10 есеге дейін қымбат.). Бұл сорт Иран мемлекетінде үлкен сұранысқа ие екендігі анықталды.



Тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы аясында Жосалы кентінің Мүсірбаев көшесі №5, Амангелді көшесі №55 және Сегізов көшесі №1 тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына 10,3 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Каталог: article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Презентация к классному часу для учащихся фортепианного отделения дши «Мне дорог Бах»
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> История открытия радиоактивности н. М. Вострикова моу сош №62, Центральный район, г. Воронеж в науке все важно. Гейне
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Урока: «Тело облачает душу, оно же ее и разоблачает»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет