Кештің тақырыбы: Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! Мақсаты



Дата08.06.2018
өлшемі22,76 Kb.
#41792
Кештің тақырыбы: Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!
Мақсаты:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Рәміздер,қанатты сөздер, гүлдер,шарлар,проектор,кереге,ноутбук,слайд, видеолар
Әдісі: Әңгімелеу, түсіндірмелі көрнекілік
Формасы: телевизиялық бағдарлама
Тәрбие үрдісі: Ұлттық тәрбие

Жүру барысы:

(Сахна Қазақстан-Атырау телебағдарламасы болып безендіріледі.Керегесі керілген қазақ үйде атай радио тыңдап отыр.)



Ата(Ақжол):Осы күні дұрыс бағдарлама да жоқ.Тек концерт беретіндері.Жақсы бір әңгіме,сұхбат тыңдайын десең,түк жоқ.

Немере(Әбдірахман)(айналасына қарап,таңырқап):Ата,үйдің қалғандары қайда?Жалғыз өзіңіз қалыпсыз ғой.

Ата:Әкең мен шешең көрші Мамайдың баласы келін әкелді дей ме?!Соған көмектесуге кетті.Әй,жүгірмек өзіңнің сабағың қайда?

Немере:Ата,сіз де ұмытшақ бопсыз ғой.Бүгін,Тәуелсіздік мерекесіне байланысты бізге 2 күн демалыс.

Ата:Ойпырмай,тәуелсіздік алғанымызға да 24 жыл болып қалды ма?Уақыт қалай өтіп жатыр?Радиода не бар екен тыңдайық.(Әнұран орындалады)

Немере:Ата!Әнұран орындалып жатыр,тұрайық.Ата!Телевизор қосайық.Бүгін жақсы бағдарламалар береді ғой.(Пультпен қосады)

Немере:Ой,керек емес жарнамалар.1 сағат көрсетеді енді.

Немере:Хабарда не бар екен?Тағы да жарнама.

Немере:Атырауда не бар екен?Ата!Жаңалық беріп жатыр.(Екеуі отырып жаңалық көреді)

Диктор(Әдемі): Қайырлы кеш,құрметті атыраулықтар және Атырау қонақтары!Сіздерді тәуелсіздігіміздің 24 жылдығымен құттықтаймын!Сіздермен бүгінгі жаңалықты жүргізетін мен,Әдемі Наурызқызы. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Қазақстан-Атырау телеарнасының дайындаған мерекелік бейнесюжетін тамашалаңыздар!(1бейнебаян көрсетіледі.)

Диктор: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.Енді осы 24 жыл ішіндегі айтулы оқиғаларға,тарих беттеріне тоқталып өтейік:

1.1991 жылы Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

2.1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы,  әнұраны туралы   Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

3.1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты.

4.1994 жылы ғарышта Талғат Мұсабаев Қазақстан туын желбіретті.

5.1995 жылы 30 тамызда Ата заң қабылданды.

6.1996 жылы Алматы қаласында «Тәуелсіздік»монументі ашылды.

7.1997 жылы «Қазақстан -2030» Даму стратегиясы қабылданды.

8.1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

9.1999 жылдың шілдесінде Астана қаласына ЮНЕСКО-ның шешімімен«Бейбітшілік қаласы» мәртебесі беріліп,медаль табыс етілді. 

10.2000 жылы 26-28 сәуірде Алматыда «Еуразия-2000» экономикалық саммиті болып өтті.

11.2001 жылдың 22 қыркүйегінде Рим Папасы ІІ Иоанн Павел Қазақстанда болып қайтты.

12.2002 жылдан елімізде «Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі туралы» Заңы енгізілді.

13.2003 жылдың 24 қыркүйегінде Астанада І Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезі болып өтті.

14.2004 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді.

15.2005 жылы сәуірде Астана тұрғындары араб елдері көмегімен салынған Астанадағы Орталық мешіттің ашылуының куәсі болды.

16.2006 жылы Қазақстан Республикасы Әнұранының жаңа мәтіні бекітілді.

17.2008 жылыҚазақстанның бас ордасы Астананың 10 жылдығы тойланды.

18.2009 жылы қаңтар айында Астанада Тұңғыш Президенттің бірінші интеллектуалдық мектебі ашылды.

19.2010 жылы Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы ( ЕҚЫҰ-ға) төрағалық етті.

20.2011 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын кең көлемде атап өтті.

21.2012 жылы Қазақстан Республикасы өз елінде халықаралық көрме өткізу құқығын үлкен бәсекелестікте жеңіп алды.

Диктор: Бүгінде Қазақстан экономикасы тұрақтанып,даму жолына түсті.Елімізде орта және шағын бизнес жанданып келеді.Сондай-ақ,әлемдік өркениет жетістіктерін жылдам игеру мақсатында мектептер(ауылдық мектептер де) аз уақыт ішінде компьютерлермен және керекті құрал-жабдықпен қамтамасыз етіліп келеді.Енді сіздердің назарларыңызға біздің тілшілеріміздің киелі Қызылқоға өңіріндегі Қарабау елді мекеніне жасаған репортажына береміз.(Қарабау туралы репортаж беріледі).

Диктор:Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өткізілуде.Қызылқоға ауданы Қарабау ауылындағы тілшілерімізбен байланысқа шығып көрейік.Әлішер!Мерекеге байланысты қандай шаралар өтуде?(Әлішердің сұхбаты)

Диктор:Мәриям!Мереке құтты болсын!Біз сізбен тікелей байланыстамыз.Сөз тізгіні өзіңде.(Мәриямның сұхбаты)

Диктор:Бүгінгі Қазақстан-Атырау телеарнасының жаңалықтар топтамасы осымен тәмам. Теледидар арнасынан алыстамаңыздар.Аздаған жарнамадан соң Қарабау орта мектебінің 10 «А» сынып оқушыларының мерекелік концертін ұсынамыз.Көріскенше күн жақсы болсын!

(жарнама көрсетіліп жатырған кезде)Атай: Ал,балам,жаңалықтарды тыңдап болдым.Енді мен көрші шалға барып,пенсияға барайын.Сен телевизорды сөндіруді ұмытпа.(Атасы кетеді)

Немере:Жақсы,ата!Ура!Әкімшіліктің алдындағы концертке баратын болдым.

Жүргізуші(Нұрлыбек): Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
Жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 
Қарабау орта мектебінің 10 «А» сынып оқушыларының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар. Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған,-деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Нұрқанат Кеңесұлының орындауында «Алға, қазақ, жігіттері!» әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

Көркемсөз: «Тәуелсіздік жолында» оқитын Нұрлыбек Жексенбайұлы.

Жүргізуші: Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.-деп ақын ағаларымыз жырлағандай Талғатқызы Мәриямның орындауында «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:Біздің сынып ұйымшылдығымен де,білімділігімен де көзге түсіп жүрген сыныптардың бірі.Сыныбымыздан әнші де,биші де,тамашаның тарландары да табылады. Сіздердің назарларыңызға осы талантты оқушыларымыздың орындауында «Укол салу» атты көңілді көрінісімізді ұсынамыз.Ду қол шапалақпен қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.


Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра! 
Тарихымызда таланттылар көбейсін!
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!

Ән: «Аманат» орындайтын сыныбымыздың әншісі Ақжол Құбашұлы.Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық 
Нұрлы достық
Күн достық 
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Бишілеріміз де биімен де үн қосты.

Ендігі кезекті бишілерімізге береміз.Қол соғып,қошеметтеп отырайық!

Жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.- дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің
24 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.Кешіміздің соңында Қызыр бабамыздың батасын алайық.

Қызыр баба:Басшыларымыз алысты көрсін!

Жекешелеріміз табысты болсын!

Қыздарымыз саналы,сұлу болсын!

Ұлдарымыз намысты болсын!

Қалада,мейлі қырда болсын,

Келген-кеткеніміз ырза болсын!

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын!

Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!

Халқымыз мешін табалдырығын,

Қазақша сөйлеп,аттайтын болсын!Аумин!!!

 
Жүргізуші: Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын!
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 0c75
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c75 -> Сабақ жоспары күні:
0c75 -> «Ми шабулы» стратегиясы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет