«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша «Шылау. Қаптама жұмыстары»



бет1/7
Дата04.05.2017
өлшемі6,34 Mb.
#15555
  1   2   3   4   5   6   7
Баймуханова Гульшат Уразаевна,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,

Жезқазған политехникалық колледжі
«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша «Шылау.

Қаптама жұмыстары»

тақырыбында оқу сабағының жоспары


Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылған, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (топ құрамына,  дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылды. Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылыға сәйкес үйренудің логикасын, реттілігін құрайды, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген  түрлерінің сан алуандылығымен байқалады.
Метапәндік тақырып: Білім және ақпарат.

Пәндік тақырып: Шылау. Қаптама жұмыстары.

Метапәндік мақсаты: алған білімдерін пайдалану арқылы қажет ақпаратты іріктеу процесі кезінде қаптама жұмыстары және шылаудың атқаратын қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: студенттердің шылау жайлы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру, студенттерге қаптама жұмыстары, қаптауыш материалдары туралы мәліметтерді алуға жағдай жасау, студенттерді кәсіби терминдермен таныстыра отырып, үйренген сөздерін ауызекі тілде қолдануға машықтандыру;

Тәрбиелік: студенттерді кәсіпке бағыттау, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, студенттердің қазақ тілінен ғана емес, арнайы пәндерден де өз білімдерін көрсете алу мүмкіндігінен қанағатану сезімін тәрбиелеу;Дамытушылық: ақпарат ағынынан өзіне қажеттісін ала білу қабілетін дамыту, жалпы қабілеттілікті дамыту /сөздік пен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану/, танымдық қызығушылықты дамыту, сын тұрғысынан ойлау іс-әрекетінің жолдарын игеру, ауызша және жазбаша тіл дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

Студенттер түсінуі тиіс: жаңа сөздердің мағыналарын, орыс тіліндегі аудармасын, мәтіннің мазмұнын түсінуі тиіс.

Студенттердің құндылық бағдары болуы: нақты мақсатқа жету үшін оқу материалының маңызын бағалауы, мамандығы туралы өз жеке пікірлері болуы тиіс.

Студенттер жасай біледі: тақырып бойынша диалог, жағдаят, әңгіме құрастыру; дайындалған хабар бойынша пікірін, ойын айту, әңгімеге қатысу; мәтін мазмұнын түсіну; мәтінді дауыстап та, іштей де дұрыс оқу; сөздерді бір-бірімен дұрыс тіркестіре білу; берілген сұрақтарға тақырып бойынша толық жауап беру.

САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттермен амандасу, түгелдеу, сабаққа эмоционалды бейімдеу.



ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

- Үйді бағалаудағы негізгі өлшемдерінің бірі- оның сыртқы келбеті. Қазіргі кезде құрылыс материалдары нарығында үйлердің сыртқы қабырғаларын және кейбір ішкі бөліктерін, ғимараттардың қасбетін, іргесін қаптау үшін арналған көптеген қаптауыш материалдары ұсынылады. Өткен сабақта үй жұмысына «Қаптауыш материалдары» жайлы тұсаукесер жасап келу тапсырмасы берілген болатын.

Тұсаукесерлер /слайдтар/

ІІІ Жаңа материалды саналы және белсенді игеруге дайындық кезеңі.

- Жоғарыда айтылған вагонка, сайдинг, брекчия, стемалит, граниттік, мәрмәр тақтайшалары, қаптауыш кірпіштері қаптама жұмысының негізгі материалы болып табылады.

- Бүгінгі сабақтан бастап құрылыс жұмыстарына арналған тақырыптар топтамасын өтетін боламыз, ал сол топтаманың ішіндегі бірінші тақырып қаптама жұмыстарына арналады. Егер де қаптама жұмыстары үйдің ішкі көрінісі мен сыртын байланыстыратын болса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын сөз табы шылау болып табылады.

Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы – Қаптама жұмыстары.

Грамматикалық тақырыбы: Шылау (оның ішінде жалғаулықтар)

ІV Жаңа материалды өз беттерінше меңгеру кезеңі.

1. Мәтінмен жұмыс жүргізу.

Қаптама жұмыстары.

Дайын кірпіш қабырғаларды және қозынды бетон қабырғаларды, темірбетонды қабырғалар мен сыртқы қабырғаларды қаптама жасаңыздар.

Қаптама жұмыстарды қабырғаларды қалаудан кейін қалау жұмысымен бірге бастауға болады. Қаптамадан бұрын қабатты ластан тазартыңыз, кірпіш қалаудағы жіктерді әшекейлеңіз, еңістерді ерітіндімен толтырыңыз, бетонды қабаттарды кертіңіз, тақтайшалар санын белгілеңіз, гипсты маяк қондырыңыз, бетті сулаңыз. Қаптама бетіне лас дақтарды, ерітіндінің ағуын, артық кертпені түсірмеңіз. Тақтаны қондыруды бұрыштан, бір бұрыштан бастап басқасына қарай байлау-баудан немесе ойықтан бастаңыз. Қабырға бетіне маякты қатар бойынша қаптаңыз. Тақтайшаның бірінші қатары білте тақтайшасына тірелуі тиіс. Ерітінді тақтайшаның ылғалды бетіне салынады. Тақтайшаны рәзеңке балғаның соққысымен отырғызыңыз. Сырт жағына шығып кеткен мастиканы дереу қырып тастаңыз. Жіктер бір тәуліктен кейін тақтайшалар салынғаннан соң толтырылады.

СӨЗДІК:

қаптама жұмыстары - облицовочные работы

қозынды бетон - шлакобетонные

қабырғаларды қалаудан кейін - после окончания кладки стен

жіктерді әшекейлеңіз - расшейте швы

еңістерді толтырыңыз - заполните впадины

ерітінді - раствор

бетонды қабатты кертіңіз - насеките бетонную поверхность

тақтайшалар санын белгілеңіз - разметьте число плиток

гипсті маяк қондырыңыз - установите гипсовые маяки

бетті сулаңыз - смочите поверхность

тақтаны қондыру - установка плит

байлау-баудан - по шнуре-причалке

артық кертпе - насечки

ерітіндінің ағуы - затечки раствора

түсірмеңіз - не допускайте

ерітінді салынады - раствор накладывается

тақтайшаны отырғызыңыз - плитку осаживайте

рәзеңке балғаның соққысымен - ударами резинового молотка

шығып кеткен - выступивший

қырып тастаңыз - соскаблите

білте тақтайшасы - рейка



Түсіндірмелі сөздік:

Маяк - арнайы бағыттаушылар, олар сылақ қабаты қалағанға дейінгі оның геометриялық сәйкестігін қамтамасыз ету үшін деңгейді ұсынады. Маяк - ағаш діңгектерінен (брусков), гипс, арнайы пластикалық немесе металл профильден дайындалатын ерекше білте тақтайшасы.

Маяком называют специальные направляющие, целью которых является задание уровня, до которого кладется штукатурный слой, чтобы обеспечить его строгое геометрическое соответствие.

Маяки — особые рейки, которые изготавливаются как из деревянных брусков, так и из других материалов: гипса, специального пластикового или металлического профиля и т. п.

Байлау – бау (шнур причалка) – қатарлар арасында керілетін 3-5 мм. диаметрмен ширатылған бау. Ол қалама қатарының тура бір сызықпен және көлденең болуын, әрі көлденең жіктердің қалыңдығы бірдей болуын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.

Шнур-причалка — это крученый шнур диаметром 3...5 мм, который натягивают между порядовками. Он служит для обеспечения прямолинейности и горизонтальности рядов кладки, а также одинаковой толщины горизонтальных швов.

1. Мәтінді оқу: мұғалім – студенттер.

2. «Қаптама жұмыстары » слайдтарды көрсету, слайд бойынша мәтінді түсіндіру/

3. Таныс емес сөздерді теріп шығады, грамматикалық тұлғаларын айырып, мағынасын анықтату.



СҰРАҚ-ЖАУАП:

  1. Қаптама жұмыстарды қашан бастауға болады? /Қаптама жұмыстарды қабырғаларды қалаудан кейін қалау жұмысымен бірге бастауға болады./

  2. Қаптамадан бұрын не істеу керек? /Қаптамадан бұрын қабатты ластан тазартып, кірпіш қалаудағы жіктерді әшекейлеп, еңістерді ерітіндімен толтырып, бетонды қабаттарды кертіп, тақтайшалар санын белгілеп, гипсты маяк қондырып, бетті сулау керек./

  3. Қаптама бетіне нені түсірмеуіңіз қажет? /Қаптама бетіне лас дақтарды, ерітіндінің ағуын, артық кертпені түсірмеуіміз керек/

  4. Тақтаны қондыруды неден бастауыңыз керек? /Тақтаны қондыруды бұрыштан, бір бұрыштан бастап басқасына қарай байлау-баудан немесе ойықтан бастауымыз керек/

  5. Жіктер қашан толтырылады? /Жіктер бір тәуліктен кейін тақтайшалар салынғаннан соң толтырылады./

  6. Мәтіндегі бірінші сөйлемде сөз тіркестері өзара қалай байланысып тұр? /шылау арқылы/

2. Ережені меңгерту.

/слайд/

- Бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы: шылау сөздер, оның ішінде жалғаулық шылаулар туралы.



Шылау сөздер лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.

Атқару қызметіне байланысты шылаулар 3 топқа бөлінеді:

      1. Жалғаулық шылаулар (союзы)

      2. Септеулік шылаулар (послелоги)

      3. Демеулік шылаулар (частицы)

Жалғаулықтар

Жалғаулық шылаулар – сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылаулар.

Жалғаулықтардың түрі

1

Ыңғайлас жалғаулықтар

(соединительные)



және, мен, бен, пен, тағы, әрі, да, де, та, те

2

Қарсылықты жалғаулықтар

(противительные)



бірақ, бірақ та, алайда, сонда да, әйткенмен, онда да, ал, болмаса, әйтпегенде, сөйтсе де дегенмен, әйтсе де, өйткенмен

3

Талғаулық жалғаулықтар

(разъяснительно-разделительные)

я, не, немесе, әлде, не болмаса, біресе, кейде

4

Себептік жалғаулықтар

(причинные)



өйткені, себебі

5

Салдарлық жалғаулықтар

(следственные)



сондықтан, соның үшін, сол себепті, соның нәтижесінде

6

Шарттық жалғаулықтар

(условные)



егер, егер де

V. Жаңа материалды бекіту кезеңі.

Жазбаша жұмыс жасау минуты.

Жаттығуларды орындау. Мақсаты: студенттердің жалғаулықтар жайлы білімдерін бекіту.

1 – жаттығу. Берілген мәтіннен жалғаулықтарды тауып, теріп жазыңдар. Қаптама материалдар жайлы әңгімелеп беріңдер.

Қаптама материалдар – белгілі бір сыртқы келбетті беру арқылы үймерет пен ғимараттың эстетикалық сәулетті бейнесін қалыптастыру үшін негіз. Қаптама материалдары құрылыс және өңдеу материалдары нарығында жетерлік кең сұрапталымда берілген. Көптеген түрлерінің ішінен табиғи және синтетикалық пайда болған материалдарды атап өту қажет. Бірінші топқа ағаштан, керамикадан, тастан жасалған түрлі материалдар жатады. Екінші топқа түрлі пластикалық материалдар мен органикалық және бейорганикалық заттардың синтезі негізінде жасалған басқа да бұйымдар жатады.

Заманауи қаптама материалдары көп жағдайда қабырғаға ауаның еркін кіруін қамтамасыз ету үшін жасалған. Бұл бірінші кезекте кейбір қосымша қиыншылықтарды туғызады, себебі қабырға дем алу керек, ал жылудың кетіп қалуы және азынақтардың болмауы тиіс, сонымен қоса ылғалдан қорғаныс та болуы керек. Бұл мәселені шешу үшін арнайы жылытатын және гидроқшау қабаттарын қалау жүргізіледі, бұл өз кезегінде құрылыс процедурасын күрделендіруіне және өзіндік құнының арттыруына әкеп соғады.

Үйдің алды үшін қаптама материалдарына қаптау кірпіштері, отқа төзімді, су жібітпейтін кірпіштен жасалған плитка, жасанды және табиғи тас, қасбеттік плитка және желдететін қасбеттің құрылғысы үшін жылу оқшаулағыш цементті плита, табиғи вагонка, сонымен қатар сайдинг, қасбеттік панельдер жатады. Жоғарыда аталған қаптама материалдары арнайы тіреу-нығайтқыш немесе желімнің көмегімен негізге бекітуді қажет етеді.

Сонымен қатар басқа да қаптама материалдары бар, олар қоспалар: мәрмәр ұнтақтары, сылақ және сырлау құрамдары т.б. Мұндай материалдардың негізгі өзгешілігі – олар тіреу-нығайтқышты қажет етпейді, алдын ала тегістелген және дайындалған тегістікті қаптайды. Негізгі кемшілік – бұл қоспалар барлық қабырғаларға жағылмайды және қатты ұсталмайды.

Сөздік:

белгілі бір сыртқы келбетті - определенного внешнего облика

сәулетті бейнесін - архитектурного образа

қалыптастыру үшін негіз - основа для формирования

табиғи және синтетикалық - природного и синтетического

пайда болған - происхождения

жетерлік кең сұрапталымда - в достаточно широком ассортименте

ауаның еркін кіруін - свободный доступ воздуха

қабырға дем алу керек - стены дышать должны

жылудың кетіп қалуы және азынақтардың - сквозняков и утечки тепла

ылғалдан қорғаныс - защита от влаги

жылытатын және гидроқшау - утепляющих и гидроизолирующих 

қабаттарын қалау - уладка слоев

күрделендіруге - усложнение

өзіндік құнын арттыруға - увеличение себестоимости

үйдің алды үшін - для фасадов 

қаптау кірпіштері - облицовочный кирпич

отқа төзімді, су жібітпейтін кірпіштен - клинкерная

қасбеттік плитка - фасадная плитка

жылу оқшаулағыш цементті - фиброцементные

тіреу-нығайтқыш - крепеж

желім - клей

қоспалар - смеси

мәрмәр ұнтақтары - мраморная крошка

сылақ және сырлау құрамдары - штукатурные и окрасочные составы

тегістелген және дайындалған - выровненные и подготовленные



2 – жаттығу. Берілген сөйлемдердің ішінен шылау сөздерді теріп жазып, қай түріне жататынын ажыратыңдар. /резервке/

1. Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Өлеңі бірі - жамау, бірі - құрау. Әттең дүние - ай, сөз таныр кісі болса, Кемшілігі әр жерде - ақ көрініп тұр - ау. (Абай). 2. Бүгінгі күні қазақ халқы қандай тұрмыста тұратынын, қалай еңбек ететінін көрер ме еді солар. (Ғ. Мүсірепов). 3. Мұның да себебі бар - ды. ("Қ - М.") 4. Әкесіне жақынырақ барды. 5. Ажал — ақымақ үшін алтау, ақылды үшін біреу. (Мақал - мәтелдер жинағы). 6. — Билер ше? Бидің де бәрі жемтіктес пе? (М. Әуезов) 7. Әлде бір себеппен діңгекке тығылған Ботагөз болар ма?(С. Мұқанов). 8. Ағашты ұзын кеспе. 9. Біз болсақ міне, Күні мен түні, Жиғанымыз — дән, Айналамыз толған ән... Абырой да, бақ та, атақ та, даңқ та, ерлік те, жеңіс те — барлығы осы егісте. (А. Тоқмағанбетов). 10. Кешегі өткен ер Әбіш Елден бір асқан ерек - ті. Жүрегі жылы, бойы құрыш, Туысы жаннан бөлек - ті. (Абай).

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану.

1. «ИӘ» - «ЖОҚ» стратегиясы.

Мақсаты: студенттердің дұрыс шешім қабылдай алуына, сын тұрғысынан ойлай білуіне мүмкіндік туғызу.



Ойынның шарты: Ортаға 2 орындық қоямын. Оның бірі – «ИӘ» деген орындық, екіншісі «ЖОҚ» деген орындық. Ортаға 2 студентті шақырамын. Екеуіне бірдей сұрақ қоямын. Студенттер сұрақтың дұрыс жауабын табу керек: ИӘ немесе ЖОҚ. Қай жауап дұрыс деп санаса, сол орындыққа отыруы қажет. Ескерту: Бір орындыққа екі адам отырмайды.

Интерактивті тақтаға назар аударыңдар.



Сұрақтар:

  1. Вагонка, планкен, блок-хаус ағаштан жасалатын қаптауыш материалдары ма? Иә.

    Каталог: userfiles
    userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
    userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
    userfiles -> Есжан ержан әуелханұлы м. Е. Массонның Орта Азия мен Қазақстан археологиясына қосқан үлесі
    userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
    userfiles -> Қазақстан тарихы
    userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
    userfiles -> Қазақстан тарихы
    userfiles -> Программа учебной дисциплины опд. Ф "Онтология и теория познания"i специальность (направление) – 030101


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет