«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша «Шылау. Қаптама жұмыстары»



бет7/7
Дата04.05.2017
өлшемі6,34 Mb.
#15555
1   2   3   4   5   6   7

2. «Кубизм» стратегиясы.

Берілген кубтың 6 жағы бар, әрқайсысында құрылыста қолданылатын аспаптар мен құралдардың суреті көрсетілген. Кубты тастаған кезде, қай беті жоғары қараса, сол беттегі суретте не көрсетілгені, не үшін қолданылатыны жайлы айтып беру керек.



Суреттер: Кельмо, полутерок (жартылай үккіш), правило, шпатель, байлау-бау, маяк






Мысалы: Полутерок (жартылай үккіш)  — сылақ жұмыстары кезінде бетті жағу немесе алдын ала тегістеу үшін қолданылатын аспап. Полутерок табаннан және сабынан тұрады. Табанының ең қолайлы ұзындығы 70 см бастап 1 м-ге дейін. Замануи полутеркалар негізінен полиуританнан жасалады.

Ойынды оқытушы мен студенттің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, кәсіби қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. 

Сонымен, ойынның негізгі формуласы  студентті кәсіби тіл үйренуге қызықтыру және сабақтарды ойын ретінде өткізу арқылы меңгерту. Сонымен қатар ойын  жаңа сабақ материалды еш қиындықсыз, кәсіби лексиканың қиын болғанына назар аудартпай-ақ қабылдауға мүмкіндік жасайды.




Правило — кірпішті қалау кезінде қолданылатын аспап.  Правило бұл ағаш немесе металл төрткілдеші (рейка). Қалыпты ұзындығы 1,2 — 2,0 м. Правиломен кірпіш қалаудың алдыңғы жағын тексереді.

Кельмо (мастерок) – кірпішті қалау, жіктерді әшекейлеу, плиткаларды салу кезінде қолданылады. Екі жағынан қырлап өңделген болаттан жасалған күрекше, оның сабы иіліп келген.

Шпатель (қалақша) - өңдеу жұмыстарында қолданылады, шпатлевканы жағу және тегістеу үшін, ескі сылақтарды, түсқағаздарды, бояуларды кетіру үшін қолданылады. Шапатель рәзеңкелі, болатты, ағаш, шыны, пластмассалық болып келеді.

Маяк - арнайы бағыттаушылар, олар сылақ қабаты қалағанға дейінгі оның геометриялық сәйкестігін қамтамасыз ету үшін деңгейді ұсынады. Маяк - ағаш діңгектерінен (брусков), гипс, арнайы пластикалық немесе металл профильден дайындалатын ерекше білте тақтайшасы.

Байлау – бау (шнур причалка) – қатарлар арасында керілетін 3-5 мм. диаметрмен ширатылған бау. Ол қалама қатарының тура бір сызықпен және көлденең болуын, әрі көлденең жіктердің қалыңдығы бірдей болуын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.
Ойын технологиясын қолдану.

3. «Не артық?» викторинасы.

4 сурет беріледі, сол суреттердің 3-уі бір тақырыпқа негізделген де, 4-іншісі басқа тақырыпта болады, демек артық болып келеді. Сол артық суретті табу керек.



1


2


Рәзеңке балғасы

1

Білікше 2



3



4


Болгарка 3


Рулетка


4

Бірінші төрт суреттің ішінде артығы 4 нөмірлі сурет, себебі үшеуі – вантты-мембраналы ғимарат болса, төртіншісі – ірі блокты үймерет.

Екінші төрт суреттің ішінде артығы 2 нөмірлі сурет, себебі рәзеңке балға, болгарка, рулетка қаптама жұмыстарында қажет құрылыс аспаптары, ал білікше басқа жұмыста қолданылатын аспап.





4. «Бермуд үшбұрышы» ойыны.

Еденде бермуд үшбұрышы жатады. Әрбір бұрышына «О», «Қ», «А» әріптері қойылады. О – орысша, Қ-қазақша, А –ағылшынша дегенді білдіреді. Алдымен орыс тілінде сөз айтылады, студент қазақ тілінде, содан соң ағылшын тілінде аудармасын айту керек, және әріптермен жылжып алға жүру керек. О-Қ-А. Егер де қазақ не ағылшын тілінде аудармасын айта алмай қалса, бермуд үшбұрышына жоғалып кетеді. Ал егер үш тілде аудармасын тапса, бермуд үшбұрышынан аман-есен шығады.

Архитектура – сәулет өнері – architecture

Строитель – құрылысшы – builder

Подрядчик – мердігер- contractor

Застройщик – үй салушы – developer

Этаж – қабат – floor

Блок – блок – block

Железобетон – темірбетон – reinforced concrete

Жилое здание – тұрғын үй – residential building

Кирпич – кірпіш – brick

Стекло – шыны – glass

Потолок – төбе – ceiling

Каркас – қаңқа – frame

Дом – үй – house

Крыша – шатыр – roof

Пол – еден- floor

Сооружение – ғимарат – structure

Здание – үймереттер – buildings

Стена –қабырға – wall

Камень – тас- stone

Дерево – ағаш – tree

Штукатурка – сылақ – plaster

Строительство – құрылыс – building

Фундамент – іргетас – foundation

Лестница – саты – stairs

Цоколь – ірге – plinth
5. Ситуациялық диалог жүргізу. «Құрылыс материалдары дүкенінде».

- Ортаға екі студент шықсын, біреуі – құрылыс материалы дүкенінің консультанты, екіншісі сатып алушы. Сатып алушы – қаптама материалын сатып алуға келді, ал консультант – сол материалдарды ұсынады.



6. Тестік жұмыс.

  1. Мен, бен, пен тұлғасымен келген шылауды табыңыз.

  1. Қайрат(пен) ақыл жол табар, қашқанға да қуғанға.

  2. Ағаш тамыры(мен), адам ұрпағы(мен) мықты.

  3. Машина(мен) келдім.

  4. Ықылас(пен) тоқылық .

  5. Жарбаңдасып жас күлер құрбысы(мен).

  1. «Бірақ» жалғаулығының түрін анықтаңыз.

  1. Ыңғайлас

  2. Талғаулы

  3. Қарсылықты

  4. Себеп-салдар

  5. Кезектес.

  1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

  1. От(пен) ойнама!

  2. Машина(мен) келген еді.

  3. Марат (пен) Қанат келді.

  4. Марат(пенен) сөйлесті.

  5. Марат(пен) барып кел.

  1. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз.

  1. Себебі, секілді

  2. Сондықтан, сол себепті

  3. Және, бірақ

  4. Көрікті, көңілді

  5. Қала, шаһар

  1. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз. Я, яки, не, немесе.

  1. Талғаулықты

  2. Қарсылықты

  3. Іліктес

  4. Ынғайластық

  5. Себеп-салдар

  1. Жалғаулық шылауларды көрсетіңіз.

  1. Қана, ғана

  2. Шейін, дейін

  3. Ма, ме, ба, бе

  4. Үшін, бірге

  5. Да, де, та, те.

  1. Шылау түрлерін ажыратыныз. Және, үшін, ғана.

  1. Талғаулық, септеулік, демеулік

  2. Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, жалғау

  3. Жалғаулық, есептеулік, демеулік

  4. Қарсылықты, демеулік, оқшау

  5. Одағай, еліктеу, сөз,үстеу 

  1. Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?
    Ол...биік,... аласа,... қатал ,... жұмсақ мінезді ,... шешен ,... сараң сөзді еді.

  1. Бірақ

  2. Және 

  3. Немесе

  4. Да

  5. Бірде

  1. Сен де бір кірпіш дүниеге. Сөйлемде «де» не болатынын анықтаңыз.

  1. Демеулік шылау

  2. Септеулік шылау

  3. Үстеу

  4. Жалғаулық шылау

  5. Көмекші есім

  1. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз. Егер, егер де

  1. Шартты

  2. Қарсылықты

  3. Іліктес

  4. Ынғайластық

  5. Себеп-салдар


VІ Жаңа материалды қорытындылау кезеңі.

Бүгінгі сабақта не білдік, соны түйіндейік.


Кестені толтырту. Әрі қарай даму траекториясын анықтау.


Бүгінгі сабақта не білдік?

Нені әлі де білгіміз келеді?







  • Соңғы бір сұрақ қойғым келіп тұр. Балалар, Қазақстанда құрылысшылар күні қашан тойланады?

  1. тамыз күні- құрылысшылар күні.

  • Дүние жүзінде 50 мыңнан астам мамандық бар. Бірақ сол мамандықтардың ішіндегі ең ардақтысы – құрылысшы мамандығы. Құрылысшыларға арналған Құрылысшылар гимнін тыңдап, бірге қосылып айтайық.


VІІ Үй тапсырмасын беру.

3 – жаттығу. Берілген мәтінді қазақ тіліне аударып, шылау сөздерді теріп жазыңдар.

Облицовка – это важный элемент любого современного здания, придающий фасадам и интерьерам привлекательный внешний вид, архитектурную завершенность и необходимую цветовую выразительность. Облицовка также придает конструктивным элементам зданий задуманную форму и необходимый рельеф поверхности. Кроме декоративных и дизайнерских целей облицовка служит защите здания от негативных атмосферных влияний, таких как влага, агрессивные жидкости и газы, ультрафиолетовые лучи и т. д. Во внутренних помещениях облицовка улучшает санитарно-гигиенические характеристики среды обитания.

Облицовка может быть наружной и внутренней. В зависимости от характера и назначения зданий, а также требуемого архитектурного облика, для облицовочных работ используют самые различные материалы. Для облицовки уникальных общественных зданий, таких как театры, станции метро, кинотеатры, рестораны, Дворцы молодежи, административные здания, клубы, в основном используют природный камень. В последнее время натуральный камень все чаще используется для облицовки загородных домов и коттеджей. Гранит, мрамор, и другие материалы отлично подходят для отделки фасадов, колонн, порталов, пилонов, карнизов, парапетов, цоколей и других архитектурных элементов.

Словарь:

облицовка - қаптама

фасад - қасбет

интерьер - ішкі көрініс

цветовую выразительность - түсті бейнелілік

рельеф поверхности - бетінің бедері

от негативных атмосферных влияний - келеңсіз атмосфералық әсерінен

архитектурного облика - сәулетті кескін

среды обитания - тұратын ортасы

уникальных - бірегей

природный камень - табиғи тас

загородных домов - қала сыртындағы үйлерді

гранит - гранит

мрамор - мәрмәр

для отделки фасадов - үйдің алдын әрлеу үшін

портал - бетше босаға

карнизы, парапеты, цоколи - ернеулер, жақтаулар, төлелер
Есте сақта!

Цоколь – үй қабырғасының сыртқа шығып тұрған төменгі бөлігі.

Портал – сәулетті безендірілген ғимараттың кіреберісі.

Фасад – ғимараттың не үйдің алдыңғы жағы.



Карниз – үй қабырғасының , дуалдың, терезенің сырт ернеуі.
VІІІ Бағалау.
Каталог: userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Есжан ержан әуелханұлы м. Е. Массонның Орта Азия мен Қазақстан археологиясына қосқан үлесі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> Программа учебной дисциплины опд. Ф "Онтология и теория познания"i специальность (направление) – 030101


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет