КӘсіпкерлік қҰҚЫҒы пәнінен барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын нормативті актілер мен негізгі әдебиеттер



бет1/4
Дата12.03.2018
өлшемі0,61 Mb.
#38453
  1   2   3   4
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІНЕН

БАРЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ БОЙЫНША ОҚЫП ҮЙРЕНУГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН НОРМАТИВТІ АКТІЛЕР МЕН НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативтік актілер:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995ж

  2. Азаматтық кодекс 1994

  3. Шаруашылық іс-әрекетті және кәсіпкерлікті дамыту туралы заңы 11.12.1990

  4. Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері

  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысымен бекітілген

  6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы “Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы”, 9 шілде 1999 жыл.

  7. Тыйым салынған мүлікті сақтаудың тәртібі мен шарттары туралы нұсқаулық – ҚР әділет министрінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген

  8. Жекеше кәсіпкерлік туралы заң. 1997ж

  9. Шаруа-фермерлер туралы заңы 31.07.1998

  10. Акционерлік қоғам туралы заң 10.07.1998

  11. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы ҚР-ның 2001ж 12 маусымдағы заңы.

  12. «Валюталық реттеу туралы» ҚР-ның Заңы. 24 желтоқсан 1996ж

  13. «Бюджет жүйесі туралы» ҚР-ның Заңы. 1 сәуір 1999 ж. «Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы» ҚР-ның Заңы. 5 наурыз 1997 ж.

  14. «Ақша толемдері мен ақша аударымдары туралы» ҚР-ның заңы. 29 маусым 1998 ж
Негізгі әдебиеттер:

  1. Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова

  2. Коммерциялық құқық В.Яковлев М-1993

  3. Кәсіпкерлік және құқық Кулагин М-1997

  4. Шаруашылық құқығы Лаптев В.1993

  5. Шаруашылық құқығы Круглова Н.М-1998

  6. Кәсіпкерлік құқықтың режимі Попондопуло В.Ф М-1995

  7. “Экономикалық теория негіздері” 2002 ж.

Тақырыбы: ҚР кәсіпкерлік құқығының дамуы


Жоспар:

1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік құқықтың пайда болуы

2. Кәсіпкерлік құқығының құқықтық реттеу әдістері.
Кәсіпкерлік құқық бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған заң, жоба жағынан қолдап, қуатталған алдын-ала жүзеге асырылатын экономикалық құбылыстарды білетін тәуекелге бел буған іс-әрекет қимылдардың жиынтығын айтады.

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқық пәні – Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің құқық нормаларын реттейді, негізгі кәсіпкерлікке қолданылатын норматив тік актілермен заңнамалардың қолдану тәсілдерін зерттейтін пән.

Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға әйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзыретті органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орныдалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салу мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.
ҚР кәсіпкерлік құқығының даму тақырып бойынша бақылау және реферат сұрақтары.


  1. Кәсіпкерлік құқығы пәні нені зерттейді

  2. Кәсіпкерлік құқығы пәні мәні неде.

  3. Кәсіпкерлік құқығының құқықтық реттеу методы.


Глоссарий.

кәсіпкерлік істің еркіндігі – кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпенг айналысуға құқығы бар;

кәсіпкерлік құқық - белгілі бір мақсатқа бағытталған заң, жоба жағынан қолдап, қуатталған алдын-ала жүзеге асырылатын экономикалық құбылыстарды білетін тәуекелге бел буған іс-әрекет қимылдардың жиынтығы.
Тест.

1. Кәсіпкерлік құқықтың негiзгi қағидасы кайсы:

А) меншiктi коргауды камтамасыз ету

Б) пайда табу

В) кiнәсiздк презумпциясы

Г) жоспарлау

Д) мiндеттi төлеу



2. Кәсіпкерлік құқық обьектiсi кайсысы:

А) өндіріс орындары

Б) енбек ету

В) салык


Г) занды факт

Д) жәрдемақы



3. Кәсіпкерлік құқық субьектiсi кайсысы

А) мемлекет, ел, жұрт, өңір

Б) аурухана

В) сот сараптама

Г) жергiлiктi аткарушы органдар

Д) әкiмшiлiк



Тақырып: Кәсіпорын, өндірістік кооператив кәсіпкерлік құқықтың объектісі ретінде
Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша “кәсіпорын” термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады (АК-тің 102-104 баптары). Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асару үшін пайдаланатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (АК-тің 119 бап 1 тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал.

Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы, тауар белгілері), егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, және тағы басқа айрықша құқықтар болады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мүндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алыпған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес үйым) үйым занды түлға бола алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатым занды түлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылык серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында қүрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес үйым болып табылатын заңды түлға мекеме, қоғамдық бірлестік, түтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң қүжаттарында көзделген өзге де нысанда қүрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес үйым кәсілкерлік қызметпен өзінің жаргылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.Заңды түлғалар бірлестік қүра алады.

Занды тұлға Азаматтық кодекстің, занды түлғалар түрлеріне әрқайсысы туралы Заңиның, өзге де заң қүжаттары мен қүрылтай қүжаттарының негізінде жүмыс істейді.
Бақылау және реферат сұрақтары.

1. Кәсіпкерлік құқығының жүйесі қандай

2. Кәсіпкерлік ара қатынасы қандай

3. Кәсіпкерлік құқығы обьектілері

4. Кәсіпкерлік құқығындағы заттарды саралау

Глоссарий.



Авторлық құкық - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары.

Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін, ҚР Конституциясында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, ҚР-ның Парламенті, ал ҚР Конституциясы 53 – бабының 4) – тармақшасында көзделген жағдайларда ҚР – ның Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт.

Кодекс – біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң.
Тест

1. “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау” туралы заңы қашан шығарылды:

А) азаматтық айналым

Б) мүлiктiң болуы

В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк

Г) ұйымдасқан бiрлiк

Д) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі



2. Кәсіпкерлік құқық құқық саласы ретінде қандай жүйелерге бөлінеді?

а) жалпы, ерекше, арнайы

б) жалпы, ерекше

в) жеке, арнайы

г) жеке, жалпы


  1. Муліктік игіліктерге жатадын обьектілер.

    1. Заттар, ақша.

    2. Жеке адамның өмірі.

    3. Денсаулығы.

    4. Есім алу құқығы.

    5. Автор болу құқығы.

  1. Мүліктік емес игіліктерге жатадын обьектілер.

    1. Есім алу құқығы, автор болу құқығы.

    2. Құнды қағаздар.

    3. Тауарлық белгілер.

    4. Фирмалық атаулар.

    5. Заттар, құнды қағаздар.


Тақырып: Атаулы бағалы қағаз.

Кәсіпкерлік құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129 бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

а) бағалы қағаз – түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талап тар және басқа да қажетті талап тар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;

б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде, не бергенде ғана құқық іске асырылады.

Бағалы қағазды құжат демен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез-келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге, кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттың белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы норматив тік құқықтық құжаттарында көрсетілген оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша орындалу орны және талап тар болып табылады. Мұндай талап тар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі, оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әр иеленушісінің талап - мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

Мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі.

Атаулы бағалы қағаз – бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген.

Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәнінде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді.

Бақылау және реферат сұрақтары.

1. Атаулы бағалы қағаз.

2. Бағалы қағаздың түсінігі.

3. Бағалы қағаздың түрлері.



  1. Кәсіпкерлік ара қатынасы қандай

  2. Кәсіпкерлік құқығы обьектілері

  3. Кәсіпкерлік құқығындағы заттарды саралау


Глоссарий.

Бағалы қағаз - белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат.

Бағалы қағаздар айналысы - бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасу.

Бағалы қағаздар депозитарийі - бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді есепке алу және оларды орындау, сондай-ақ бағалы қағаздарды материалсыздандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған үйым.

Бағалы қағаздар портфелі - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі не басқаруындағы алуан түрлі бағалы қағаздардың жиынтығы.

Бөлінетін мүлік - бөлу нәтижесінде бөліктері өз мақсатын (міндетін) жоғалтпайтын мүлік.

Бөлінбейтін мүлік - өзінің шаруашылық мақсатын (міндетін) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжаттарында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік.

Заң актісі - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Заң, Қазақстан Республикасы Парла-ментінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары.
Тест.

1. Мүліктік жарна дегеніміз

а) ауылдық тұтыну кооперативінің пай қорындағы тек қана ақша қаражаты

б) ауылдық тұтыну кооперативінің пай қорына пайшының қосатын жарнасы

в) төрағаның жарнасы

г) табыс болып есептелетін жарна

2. Пайшы дегеніміз:

а) тек қана мүліктік жарна енгізген азамат

б) мүліктік жарна енгізген және жарғыда көзделген тәртіппен ауылдық тұтыну кооперативіне мүшелікке қабылданған азамат

в) тек қана мүліктік жарна енгізген заңды тұлға

г) кооператив төрағасы

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қатысушылардың саны

а) 50 ден аспауы тиіс

б) 20 дан аспауы тиіс

в) 100 ден аспауы тиіс

г) 80 нен аспауы тиіс

Тақырып: Акция, оның маңызы
Бақылау түрі: Тест тапсырмалары
1. Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары

а) құрылтай шарты мен жарғысы

б) тек құрылтай шарттары;

с) тек құрылтай жарғысы;

д) бұйрықтар;

е) қаулылар;

2. Қай занды тұлғалар мүлкіне оз қатысушылары міндеттемелік құқықтарын сақтап қалады.


  1. Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам мен кооперативтер.

  2. Қоғамдық бірлістіктер.

  3. Қоғамдық қорлар.

  4. Діни бірлестіктер.

  5. Мекеме.

3. Қай занды тұлғалар мүлкіне оз құрылтайшыларын (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайды.

    1. Қоғамдыққорлар, қоғамдық бірлестіктер және діні бірлестіктер.

    2. Шаруашылық серіктестіктер.

    3. Мекеме.

    4. Акционерлық қоғам.

    5. өндірістік кооператив.

4. Заңды тұлғаның негізгі құжаты.

    1. Құрылтай құжаттары.

    2. Конституция.

    3. Азаматтық кодекс.

    4. Жалпы акционерлердің жиналысы.

    5. Тек В.С жауабы.

5.Занды тұлғаның тұрақты жері қай жері есептеледі.

    1. Тұрақты жумыс істейтін органы орналасқан жері.

    2. Филиалдың орналасқан жері.

    3. Өкілдіктердің орналасқан жері.

    4. Бастықтын тұрақты жері.

    5. А,В,С жауабы.

6.Занды тұлға қай органга тіркеліге тиіс.

    1. Әділет органында.

    2. Жергілікті атқарушы органында.

    3. БТИ.

    4. Облыстық әкімшілікте.

    5. Жауабы жоқ.

7. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт бойынша тараптар жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға

а) бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді;

б) еркін іс-әрекет жасауға міндеттенеді;

с) жеке-дара іс-әрекет жасауға міндеттенеді;

д) ешқандай міндет алмайды;

е) ешқандай құқық алмайды;



8. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, онда:

а) оның осындай қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуы міндетті;

б) лицензияның қажеті жоқ;

с) лицензия керек емес өйткені ол тіркелу кезінде ақы төлейді;

д) лицензия бір жылдан кейін алуы тиіс;

е) құқығы шектеледі;



9. Серіктестік қатысушыларының ортақ мүлік үлесіне билік етуге құқығы бар ма?

а) құқығы жоқ;

б) құқығы бар;

с) төраға рұқсаты негізінде;

д) атқару органы рұқсаты негізінде құқылы

е) толық құқығы бар;



10. Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы заңы күшіне қашан енді?

а) 1999ж. 21шілде

б) 1999ж. 21 тамыз

с) 1999ж. 21 маусым

д) 1999ж. 21 мамыр

е) 1998ж. 16 қараша



11. Жай серіктестік қалай құрылады?

а) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады;

б) Үкімет қалысымен құрылады;

с) атқарушы органның шешімімен құрылады;

д) әкімнің өкімімен құрылады;

е) сот шешімімен құрылады;



12. Алғашқы өндірістік кооператив қай елде, қашан құрылды?

а) Англияда 1844ж.

б) Германияда 1845ж.

с) Францияда 1899ж.

д) Ресейде 1856ж.

13. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым бұл:

а) шаруашылық серіктестік

б) ауылшаруашылық өндірістік кооперативі

с) ауылшаруашылық тұтыну кооперативі

д) акционерлік қоғам

14. Шаруашылық серіктестікті бір адам құруы мүмкін бе?

а) ия


б) жоқ

с) кейбір жағдайларда

д) келісім бойынша


Тақырып: Кәсіпкерлік іс-әрекет түсінігі

Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлерне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс - мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік қызмет үздіксіз және қосарлана, ілеспелі түрде жүргізілетін келісім-шартты әр текті және жан-жақты кешенді жұмыстардың, іс-қимылдың жиынтығы. Осылардың әрқайсысы салыстырмалы түрде әрі қысқа, әрі мәмілелі келісілген мерзім уақытымен және нақтылы кезеңдер шеңберінде шектеулі жағдайда болады. Демен, әр жұмыстың шегі, тиімді және оңтайлы әдістері бар. Мақсат – дұрыс іс-қимыл жасау, жаңалықты іздеп табу, оны кәсіпкерлік жұмысында пайдалану.



Сұраныс дегеніміз сатып алушылардың өздеріне қажетті бұйымдармен қызмет түрлеріне ақша төлеу дайындығы.

Ұсыныс дегеніміз өндірушілердің белгілі бір бағалар бойынша сатура дайындаған тауарларының жиынтығы.

Тауардың бәсекелік нарығында сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету механизмі қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған деңгейде нарықтық баға қалай орнайтынын байқайық.

Сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар деңгейі, нарық мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы өз әсерін тигізеді.

Ұсынысқа әсер ететін басты фактор - өндіріс шығындары. Сондықтан, егер техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе ауыл шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа рай жағдайында өндіріс шығындарын азайту ұсыныс қисығы оңға төмен ауысады.

Ұсыныс пен өндіріс шығындарының өзара байланысының негізгі қағидаларын кеңінен қарайық. Алдымен фирма шығындарының негізгі түрлерін анықтайық. Шығындар екі үлкен категорияға бөлінеді: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты шығындар дегеніміз өндірілген өнімдердің саны қандай болса да өзгермейтін шығындар. Оған үй-жайды жалдаудың төлемі, саймандарға жұмсалған шығындар басқару және әкімшілік қызметкерлерінің ақысы кіреді.

Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Олар жұмыс күші мен шикізаттар сатып алуға жұмсалған шығындарға байланысты. Өзгермелі шығындардың өсуі біркелкі емес, нөлден бастап өндіріс өскен сайын олар алдымен тез өседі, сосын өндіріс көлемі ұлғайған сайын жаппай өндірісте үнемдеу факторы білінеді де, өзгермелі шығындардың өсуі өнімнің ұлғаюына қарағанда баяулай түседі. Ары қарай өнімділіктің азаю заңының әрекеті басталғанда, өзгермелі шығындар қайтадан өндірістің өсуін басып озады.



Пайда дегеніміз жалпы табыс пен жалпы шығындардың айырмашылығы. Айталық монополист бағаны біртіндеп төмендетіп 35 доллар қояды. Онда ол 1 тауардан артық 4 тауар өткізе алады, бірақ бұл да аз ғана сату көлемі. Бұл жағдайда оның жалпы табысы 140 доллар (35х4), ал таза пайдасы (140 – 72) – 68 доллар.
Бақылау және реферат сұрақтары.

1. Кәсіпкерлік іс-әрекеті түсінігі

2. Кәсіпкерлік іс-әрекеті түсінігі белгілері

3. Кәсіпкерлік іс-әрекеті тәуекелі

4. Сұраныс және ұсыныс түсініктері
Глоссарий.

кәсіпкерлік істің еркіндігі – кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпенг айналысуға құқығы бар;

кәсіпкерлік құқық - белгілі бір мақсатқа бағытталған заң, жоба жағынан қолдап, қуатталған алдын-ала жүзеге асырылатын экономикалық құбылыстарды білетін тәуекелге бел буған іс-әрекет қимылдардың жиынтығы.

Қорлау – басқа адамның ар – намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту.

Келісім-шарт жасасу - келісім-шарт, шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы - тұлғаға беруге міндеттенеді.
Тест.

1. Кәсіпкерлік құқық обьектiсi кайсысы:

А) өндіріс орындары

Б) енбек ету

В) салык


Г) занды факт

Д) жәрдемақы



2. Кәсіпкерлік құқық субьектiсi кайсысы

А) мемлекет, ел, жұрт, өңір

Б) аурухана

В) сот сараптама

Г) жергiлiктi аткарушы органдар

Д) әкiмшiлiк



3. Кәсіпкерлік бұл:

А) азаматтық айналым

Б) мүлiктiң болуы

В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк

Г) ұйымдасқан бiрлiк

Д) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі




Тақырып: Кәсіпкерлік тәуекелдің мақсаты



Коммерциялық тәуекел – кәсіпорын өндірген немесе сатып алған тауарлар немесе көрсетілген қызметтерді іске асыру процес інде пайда болады. Осы жағдайлар өндірістік немесе коммерциялық кәсіпкерлікке тән. Коммерциялық тәуекелдің негізгі түрлері мыналар:

  • сатылатын немесе сатып алынатын тауарлар бағасының өзгеруіне (төмендеуі немесе жоғарылауына) байланысты тәуекел;

  • айналыс процесі кезіндегі тауарлардың жоғалу тәуекелі;

  • айналыс шығындары деңгейінің жоғарылау тәуекелі;

  • нарықтағы тауарлардың өткізілуімен және сапасымен байланысты тәуекел;

  • тауарларды алумен тәуекел;

  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің баяулауы немесе тоқтауымен байланысты тәуекел;

  • құнсыздану салдарынан болатын тәуекел;

  • сатып алушының төлем қабілеттілігімен байланысты тәуекел;

  • келісім-міндеттерінің орындамауы аясындағы тәуекел;

  • валюталық бағаның өзгеру тәуекелі;

  • қызметкерлердің мүмкін болатын жетілмеген шынайылығынан туындайтын тәуекел;

  • бәсекелестер қызметінде болатын тәуекел;

  • кәсіпорын жұмысшыларының жауапсыздығынан тауарларды жоғалту тәуекелі.

Кәсіпорын қызметінің қаржылық тәуекелі көбінесе меншік құралдарына қатынасымен өлшенеді.

Тәуекел факторлары – субъективті, яғни, кәсіпорынға тікелей байланысты. Субъективті факторларға жататындар – техникалық жабдықтау мен техниканың қауіпсіздік жағдайы және кәсіпорындарының өзіне байланыссыз құнсыздану, бәсекелестік, саяси жағдайлар.


Бақылау және реферат сұрақтары.

1. Коммерциялық тәуекел.

2. Кәсіпкерлік құқығының құқықтық реттеу методы.

3. Кәсіпкерлік құқығы пәнінің принциптері қандай.

4. Кәсіпкерлік құқығының жүйесі қандай.

5. Кәсіпкерлік ара қатынасы қандай.

6. Кәсіпкерлік құқығы обьектілері.
Глоссарий.

Кондоминиум — жылжымайтын мүлікке меншік нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері, соның ішіңде жер учаскелері азаматтар мен занды тұлғалардың және (немесе) мемлекеттің дербес меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпаитын бөліктері (үй маңыңдағы бөлінбейтін жер учаскесі, ортақ пайдаланыстағы жер) ортақ меншік құқығы негізінде жылжымайтын мүлік бөліктерінің меншік иелеріне тиесілі болады;

Меншік құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.Меншік құқығынын, мерзімі шексіз.
Тест.

1. Кәсіпкерлік құқықтың негiзгi қағидасы кайсы:

А) меншiктi коргауды камтамасыз ету

Б) пайда табу

В) кiнәсiздк презумпциясы

Г) жоспарлау

Д) мiндеттi төлеу



2. Кәсіпкерлік құқық обьектiсi кайсысы:

А) өндіріс орындары

Б) енбек ету

В) салык


Г) занды факт

Д) жәрдемақы



3. Кәсіпкерлік құқық субьектiсi кайсысы

А) мемлекет, ел, жұрт, өңір

Б) аурухана

В) сот сараптама

Г) жергiлiктi аткарушы органдар

Д) әкiмшiлiк



4. Кәсіпкерлік бұл:

А) азаматтық айналым

Б) мүлiктiң болуы

В) дербес мүлiктiк жауапкершiлiк

Г) ұйымдасқан бiрлiк

Д) елдің, мемлекеттің халықтың қажеттілігін жүзеге асырудағы қызметі





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет