Кіріспе қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына



бет1/2
Дата20.02.2020
өлшемі0,7 Mb.
#58519
  1   2
Байланысты:
ЕХРО 2017 ғылыми жоба

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..............................................................................................................

І. Балама энергетикаға инвестиция салу маңызы мен ахуалы........................


1.1. Қазақстан ЕXPO–2017 арқылы әлемге өзін тағы бір мәрте танытады....


1.2. Қазақстан экономикасының жаңа архитектурасын құрауда балама жолдардың маңызы.............................................................................................

    1. Балама энергетиканың даму болашағы .....................................….........

ІІ Балама энергетикаға инвестиция салу есебінің ұйымдастырылуы .......


2.1. Балама энергетикаға инвестиция салу есебінің ерекшеліктері...............

2.2. Есеп беруде балама энергетикаға инвестицияны ашу және түгелдеу.


ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................

КІРІСПЕ



Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында жаһандық он сын-қатерлерінің бірі ретінде жаһандық энергетикалық қауіпсіздік екенін атап өтті [1]. Энергетикалық қауіпсіздікті сақтауда балама энергетиканың маңызы ерекше. Бүгінгі таңда елімізде қолданысқа ие жалпы энергия балансының балама энергетикаға тиесілі үлесі небәрі 0,5%-ды құрайды [2,Б. 62].


Қазақстан әлемде энергия таратылуының ең көп шығындары жөнінен алдыңғы ондықты иеленеді. Дәстүрлі энергия алу көздерінен тиімді, үнемді жолдармен электроэнергия өндіру еліміз үшін үлкен мәселе. Себебі, шикізат қорының жақын арада сарқылуы әлемдік дағдарысты, экологиялық апаттардың орын алуына септігін тигізеді. Осы ахуалды шешілуі және энергетикалық үнемділікті қалыптастыру үшін 2004 жылы арнайы қабылданған «Электроэнергетика» заңы аясында 2011 жылы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін дамыту» атты ұзақ уақытқа перспективалық даму жоспары жасалынды [3].(с по состоянию на 10.07.2012 г.)

Еліміз тұрақты экономикалық даму болашағы мен экологиялық жағынан таза технологияларды жетілдіріп қалыптастыруда электроэнергияны өндірудің жалпы көлемінде энергияның жаңартылатын көздерінің үлесін арттыру қажет. Осы тұрғыда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбына арналуы да кездейсоқ емес. Ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге зор үлес қосады.


Жаһандық сын-қатерлердің бірі болып отырған энергетика саласын қолдап, үнемді экологиялық қауіпсіз балама энергетика көшу мәселесін шешу жолында біз елге инвестиция тартып, экономиканың қарқынды дамуына одан әрі серпін беруіміз қажет. Осы салада тартылған және болашақта салынатын инвестициялар шығыны аз, ұтымды жолдармен жүргізілу үшін өзіне тән ерекшеліктерді ескере отырып арнайы инвестиция есебі жүргізілуі тиіс.

Ғылыми жұмыстың мақсаты болашақ энергиясына инвестиция салу маңызы мен ахуалын талдау және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін ашып көрсету. Осыған орай

ғылыми жұмыстың міндеттері:

  • Жалпы энергетика саласында болып жатқан өзгерістер мен ахуалдылық деңгейіне баға беру;

  • Қазақстанның энергетика көзі ретінде балама энергетиканы таңдау үшін географиялық қолайлығын анықтау;

  • Қазақстанға салынған инвестиция көрсеткіштерін анықтап,оның есебінің жүргізілуіне мән беру;

  • Балама энергетика саласына бүгін және болашақта салынатын инвестиция есебін ұйымдастырылуына тиімді жолдарды көрсетіп ерекшеліктерін ашу.

Зерттеу барысында статистикалық талдау, экономикалық-математикалық үлгілеу, шетелдік ғалымдардың еңбектерін саралау қолданылды.

І. Балама энергетикаға инвестиция салу маңызы мен ахуалы

1.1. Қазақстан ЕXPO–2017 арқылы әлемге өзін тағы бір мәрте танытады



Қазақстанның таңдап алған «Болашақ энергиясы» тақырыбы ұзақмерзімді ұлы мақсатты бағыт. «Болашақ энергиясы» тақырыбы бүкіл адамзат үшін ортақ болып, энергияның тапшылығы мен экологиялық қауіп-қатер сынды мәселелерді шешуге мүмкіндік беретініне сенім мол. Қазақстан тек сауда ғана емес, Еуразиялық континенттің энергетикалық жолдарының тоғысында да орналасқан. Бүгінде біздің технологияларымыз әлемдегі энергетика саласындаға озықтардың қатарында емес, алайда  егер біз уақытқа ілескіміз келетін болса, өз көзқарастарымызды өзгертуіміз керек, альтернативті энергия көздерін пайдаланып, экологиялық тиімділікпен өмір сүруіміз қажет.  Астанада 2017 жылы EXPO көрмесін «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізуге дайындық ғылыми инженерлік ойдың дамуына және қазақстандық энергетиканың келешегін талдауға ықпал ететініне сенімдіміз. Дүниежүзі ірі ғалымдарының баламалы қуат көздері туралы толғамды ойлары Қазақ жерінде тұсау кеспек. 
      «Болашақ энергиясы» тақырыбы Қазақстанның экономика-энергетикалық даму стратегиясына сәйкес келіп отыр. Мұнай мен газдың бай қорына және әлемде уран рудасын игеру бойынша бірінші орынға ие болуына қарамастан, Қазақстан 2017 жылы Астана қаласында өтетін ЕХРО Халықаралық көрмеде осы саладағы түрлі елдердің жетістіктерін көрсету үшін болашақ энергиясы деректерінің халықаралық базасын құруды ұсынып отыр.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық ауқымда жария еткен «Жасыл көпір» атты бастамасының маңызы зор. Осы бастамасы арқылы Елбасы «жа­сыл экономикаға» көшу үшін бүкіл әлемнің күш-жігерін бірік­тіруге шақырады. Бастаманың негізгі түйініне келетін болсақ, әлем­нің алдыңғы қатарлы елдері өздерінің озық «жасыл» технологияларын қайтарымсыз негізде дамушы елдердің игілігіне ұсынуы керек. Өз кезегінде дамушы елдер бұл технологиялар мен инвестициялар үшін барынша қолайлы ахуал қалыптастыруы керек. Осы бір маңызды жаһандық бастаманы іс жүзіне асыру тек жасыл технологияны дамытуға ғана жағдай жасап қоймайды, сонымен бірге, дамыған елдерді созылмалы дағдарыстан шығаруға жағдай жасайды. «Жасыл көпір» бастамасы дүние жүзі бойынша экологиялық таза экономиканы іс жүзінде дамыту және тарату проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Дүниежүзінде энергетикалық қуат көздерінің балама түрлерін пайдалануға деген бетбұрыстың басталғанына біраз болды. Ғалымдардың болжамынша, ХХІ ғасырдың ортасына қарай жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30 пайызға дейін жетпек. Электр энергиясын тұтыну көлемі барған сайын артып барады. Халықаралық энергетикалық агенттік 2015 жылы электр энергиясын тұтыну көлемі қазіргіден 1,55 есе артады деп болжап отыр. Ақиқатын айтсақ, жұмыр жер дәл қазір жаһандық энергетикалық апат алдында тұр. Ал, Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары – 20 пайызға, 2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Қазақстанның да энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отырғаны содан. Қазақ даласы геотермальдық энергия көздеріне бай. Сарқылмайтын энергия көздерін жан басына шаққанда әлем мемлекеттерінің алдыңғы сапында екенбіз. Қазақстанның климаттық жағдайы күн, жел, су ағынының энергиясын пайдалануға өте қолайлы болып табылады. Қалпына келтірілетін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі сол, қор көздері ешуақытта сарқылмайды, экологиялық жағынан да таза. Мәселен, соңғы отыз жыл ішінде жанғыш заттардың атмосфераны ластауы салдарынан Жер шарында 15 мыңға жуық табиғат апаты тіркеліпті. Ал, баламалы энергия көздерін пайдалану табиғат байланыстарын бұзбайды.
Қазіргі таңда Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамытудың индикаторлары белгіленген, оларға сәйкес 2014 жылға 1 миллиард кВт сағаттан астам электр энергиясы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілуге тиіс. Қазақстан үшін бұл сектордағы өсудің бастапқы жоспарлары осындай.
Ол саяси, іскерлік, қаржылық, академиялық және өнеркәсіп орталарының өкілдерін тартумен өткізіледі және инновациялық қызметті кеңейту және тұрақты энергиядағы өсіп келе жатқан қажеттілікке сәйкес бизнес пен инвестицияларды дамытуға арналған мүмкіндіктерді арттыру мақсатын көздейді. 
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, энергия үнемдеу саласына салған әрбір доллар 2 доллар пайда әкеледі. Сондықтан елімізде балама энергия көздерінің мол әлеуетін пайдалана отырып, бүл саланы жан-жақты дамыту қажет. Бұл ретте, біз әсіресе, көгілдір отынға көп үміт артамыз. Бүгінгі деректер бойынша, Қазақстандағы газ қоры 3,5 триллион текше метрді құрайды. Бұл – біздің еліміз әлемдегі газ қоры мол бірінші ондықтағы елдер құрамына кіреді деген сөз. Мамандардың пікірінше, еліміздегі басқа да балама қуат көздерінің әлеуеті орасан мол. 2030 жылдары еліміз өндірілетін барлық электр энергиясының 20 пайызын газдан, 15 пайызын балама энергия көздерінен алатын болады. Бұл көрсеткішті 2050 жылдары тиісінше 40 және 30 пайызға жеткізуге болады деген болжам бар. Ұзақ мерзімге арналған жоспар бойынша «жасыл экономика» Қазақстанның әлеуетін барынша арттырып, тұрақтылығын нығайтатын болады. 2014 жылы елімізде ауаға таралатын зиянды заттардың көлемін 2009 жылмен салыстырғанда, 5,9 пайызға тө­мендету көзделіп отыр. Сонымен бірге, 2014 жылы елімізде тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстың 21,9 пайызы қайта өңделетін болады.
ЕХРО–2017 Бүкіләлемдік көрмесі энергия үнемдеу саласындағы әлемдік озық үлгілерді, күн, су және жел арқылы энергия өндірудің жаңа технологияларын Астана қаласына жинап, жаһандық жетістіктерден жан-жақты тәжірибе алмасуға мүм­кіндік береді. Оның үстіне, көрме өткізілетін қалашықтың өзі отандық өндіріс негізінде балама қуат көздері арқылы алынатын электр энергиясын тұтынатын болады.  ЕХРО–2017  көрмесінің елімізге әкелер тиімділігіне тоқталатын болсақ:
Тұрғындарға қызмет көрсету жүйесі, қонақүй бизнесі және ішкі туризм өркендеп, қала маңындағы шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа серпін беріледі;

  Қазақстанның балама энергия көздері бойынша әлеуеті орасан зор. Экспорттық зерттеулер негізінен алғанда, еліміздің құрамына гидроэнергия, жел және күн энергиясы кіретін ресурстық әлеуеті 1 триллион кВт/сағат мөлшеріне тең деп жобалануда. Қазір елімізде өндірілетін электр қуатының көлемінде «жасыл энергияның» үлесі жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысы Қазақстанды индустрияландыру стратегиясында «жасыл энергияға» сара жол ашып отыр. Бізге белгілі соңғы деректер бойынша, еліміздегі «жасыл энергия» қуатын 2000 МВт–ға жеткізу жөніндегі бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмысы қолға алынды. Күні кеше Елбасы ашқан Астанадағы күн батареяларын шығаратын жаңа зауыт соның алғашқы қарлығашы.


Астанада ЕХРО–2017-ні өт­кі­зу елорданың, жалпы, бүкіл Қазақ­станның экономикалық және инфра­құрылымдық дамуына жаңа серпін беретіндігі сөзсіз. Басқасын былай қойғанда, ЕХРО–2017 көрмесін өткізу нәтижесінде еліміз энергетика саласында озық технологияларды өндіріске енгізу идеяларын қабылдап, бұл саланы дамытуға жаңа тиімді инвестициялар тарту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие болады.
«Менің байқауымша, әлі көп­теген қазақстандықтар бұл жеңіс­тің шын бағасы мен салмағын то­лық дәрежесінде түсіне қоймаған сияқты», – деді Нұрсұлтан Әбіш­ұлы. – Бұл халықаралық тұрғыда тәуелсіздік жылдарында Қазақ­стан­ның қол жеткізген ең жоғары жетістігі болып табылады. Жиын­ға әлемнің барлық түк­пі­рі­нен өкілдер қатысты. Ұйымға 161 мемлекет мүше болып табылады. Олардың барлығы басқосуда Қа­зақстанның жайын талқыға салды. Астананың мүмкіндігін жан-жақ­ты қарастырды. Ақырында басым бөлігі халықаралық көрмені өткізу үшін Астананы саналы түрде таңдады. Біріншіден, олардың осы мойындау фактісінің өзі өте  маңызды. Екіншіден, 100-ден астам ел өздерінің павильондары құрылысын салу үшін елордаға арнайы келеді. Ал, үшіншіден, бұл жаңа технология, іс жүзінде үшін­ші индустриялық революция «жа­сыл экономиканы» дамытудан бас­­талады. «Жасыл экон­о­мика» мен экологиялық қағи­дат­тар орын алған жерде жаңа технологиялар қолданылады. Бұл біздің еліміз үшін экономикалық даму­дың белесіне бастайтын бет­бұрыс бекеті болмақ. Көрме еліміз үшін аса маңызды іс-шара ретінде қа­былданады. Біздің елордамызда ғылым мен техниканың ең үздік әлемдік жетістіктері көрсетіледі. Көптеген қазақстандықтар біз ұм­тылып отырған «болашақтың эко­но­микасын» өз көздерімен көреді. Ал көрме үшін салынған ғи­ма­рат­тардың барлығы да бізде қалады.
Мемлекет басшысы EXPO–ға арнап салынған бұл нысандардың кейін зертхана, ғылыми парк ре­тін­де халыққа қызмет ететінін жеткізді. Ол осы көрмеге бай­ла­нысты алдағы 5 жылда барша әлемнің Қазақстан жайында ұдайы сөз қозғап тұратынына назар ау­дарды. Осының өзі біздің еліміз үшін маңызды шара болмақ. Атал­мыш көрмеге жер бетіндегі өр­кен­деген елдер өздерінің ең озық тех­нологияларын әкеледі. Соның бәрі мыңдаған қазақстандықтың көз­айы­мына айналады. Оны көрген отандастарымыз үлкен өнеге ала­ды, болашақтың экономикасын өз көздерімен көреді. Мұның бәрі, айналып келгенде, біздің еліміздің дами түсуіне, азаматтарымыздың ғылыми әлеуеті артуына әсер етеді. Ең бастысы, жұртымыздың білімге, ғылымға ұмтылысын өсіре түседі. Біздің бәріміз үшін бұл көрме Қазақстанның әрбір өңіріне пайда келтіретін мегажоба болуға тиіс. Ол, сонымен бірге, мем­ле­кет–­тің инновациялық дамуына қар­қынды серпін береді.
Сонымен, ЕХРО–2017 жаңа инновациялар толқынын әкелмек. Бұл Қазақстанда үдемелі индус­трияландыруды табысты жүргізуге, қарқынды технологиялық серпін берудің алғы шарттарына, жаңадан өндірістер ашуға және жаңа жұмыс орындарына мүмкіндік береді. Яғни, ЕХРО–2017 – инновациялық экономика дамуының басты катализаторы болып, Отанымызды жаңа ұлы биіктерге алып баратын жол болмақ.
1.2. Қазақстан экономикасының жаңа архитектурасын құрауда балама жолдардың маңызы
Әлемдік экономикалық-қаржы дағдарысының күшейе түсуі, жаһандық турбуленттіліктің салдары жалпы ел экономикасына және отандық қаржы секторының жай-күйіне әсер етіп отыр. Банктердің кредиттік белсенділігінің елеулі түрде кемуі, мұнай қорының сарқылуы мен бағасының өзгерісі, қазақстандық экспорттың негізгі баптарына бағаның құлдырауы, импорт тауарларына деген бағаның инфляциялануы және олардың экономикалық өсімнің серпінділігіне ықпалы, қаржыландырудың дәстүрлі дереккөздерінің елеулі шектелуі еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржы жүйесіне деген сенімділікті сақтау мақсатында мемлекет тиімді қаржы-экономикалық саясат жүргізуі тиіс. Ол үшін мемлекет экономиканы баламалы жолдармен дамытуды қарастыру керек. Ол балама жолдар:

- үнемді экономикаға көшу;

- жасыл экономиканы қолдау;

- өңдеу саласын дамыту;

- баламалы энергияны қаржыландыру;

- мұнайсыз экономиканы қалыптастыру;

- мұнайға балама қуат көздерін пайдалану;

- шетелдік тауарларға тәуелділікті төмендету, экспорт әлеуетін жақсарту, отандық өнімдерді дамыту;



Осы балама жолдардың ішінде ең негізгісі ретінде балама энергетика қарастырылады. Ол саланы дамыту арқылы Қазақстан үнемді экономикаға көшуіне жол ашылып, таза экологиялық елге айналуына мүмкіндік туады.
60 Мұнай

50

40 Табиғи газ

30

Көмір



20
10 Ядорлық

Альтернативтік


Су(гидро)

1970 1980 1990 2003 2015 2025

1-сурет. Энергия алуға мүмкіндік беретін ресустарын пайдалану,

1970-2025 жж көрсеткіші [5].

1-суретте 1970 жылдан 2025 жылға дейінгі энергия көздерін, оның ішінде мұнай, табиғи газ, көмір, атом, су энергиясын пайдаланудың жылдық қолданылуы көрсетілген. Бұл суреттегі мәліметтер бойынша 2003 жылдан бастап энергияны қолдану көрсеткіші тым артқан. Мұның салдарынан энергия алынатын шикізат қоры санаулы жылдарда таусылатындығын ескерген жөн. Балама энергетика саласы бойынша әлемде электроэнергия өндіру 2025 жылы даму деңгейінің қарқыны жоғары болмақ.

Танымал сарапшы Питер Диксонның айтуынша, әлемдік энергетикалық ресурстарда дәстүрлі энергетика ресурстарының (мұнай, газ, көмір) үлесі бүгінгі күні 74%-ды құрайды. Қоғамдық тұтынудың қазіргі қарқынды деңгейінде мұнай қоры 40 жылға, газ қоры 56 жылға және көмір 197 жылға ғана жетеді. Ал энергияның басқа да көздеріне келетін болсақ, энергияның жаңартпалы көздеріне (гидроэнергия, жел және күн энергиясы) 19,5%-дан, атом энергиясына 6,3%-дан келеді екен. Бүгінде, энергияның жаңартпалы көздері – бұл әлемде өте қарқынды дамып келе жатқан энергияның жаңа нысаны. Жыл сайын оның жаһандық өсу қарқыны 10%-дан асады және осы қарқын болашақта да сақталады деген болжам бар.

2011 жылдың соңында жүр­гізілген есеп бойынша Қа­­зақстандағы мұнай қоры 30 млрд баррельді құрап от­ыр. ВР ком­паниясының жүргізген мони­торингі бойынша Қазақстан тәу­­лігіне 1,68 млн баррель мұнай өн­діруде. Мұндай қарқынмен өн­дірілген мұнайдың 50 жылда сарқылу қаупі бар. Адамзат пай­даланатын ГелиоЭнтық заттар­дың 90 пайызы қара УаиндЭннан өңделген өнімдер. Егер біз балама жолдарды қарастырмасақ, болашақта осы әлемдік экономикалық-экологиялық дағдарыстың жайпауы салдарынан адамзаттың өмір сүруі сұраққа айналуы мүмкін. Осыған орай кестеде Дәстүрлі энергия алу көздерінің экологияға әсерімен қоса бірқатар кемшіліктері көрсетілген.

1-кесте. Дәстүрлі энергия алу көздерінің артықшылығы мен кемшілігі


Дәстүрлі энергия алу көздері:

Артықшылығы

Кемшілігі

Тас көмір

Шикізат ретінде де, энергия көзі ретінде де сұранысқа ие.

Сарқылады, алынуы қиын, жанғанда шы­ғаратын түтіні ауаны ластайтын ши­кізаттар енді ертеңгі күнге жа­рай бермейді

Су электр станциясы

(СЭС)


Экологиялық тұрғыдан «та­­за» саналатын су электр стан­салары мен атом электр­стансалары әлемдік жалпы эн­ергияның 5 пайызын қамтып от­ыр. Дамыған елдерде жалпы эн­ергияның 17 пайызын, да­мушы елдерде – 31 пайызын СЭС-ы қамтамасыз етуде. Да­мушы елдерде соңғы жыл­дары әлемдегі ең ірі СЭС-тар салынуда.

Бұл қуат көзінің де тиімсіз тұста­ры жетерлік. Алдымен су электр станциясын салу үшін ұлан­ғайыр территория керек. Әд­ет­те өзен аңғарларынан ор­ын алатын мұндай алаңдар ауыл­шаруашылығына өте қажетті құ­нарлы жерлерді пайдалану мүм­кіндігін жойып жібереді. Со­нымен қатар, СЭС салуға ке­тетін қаржы АЭС салатын са­­ла­тын қаржыдан 2-3 есе ар-тық болғандықтан, көптеген инвес­торлар оны салуға құлықсыз.

Атом электр станциясы

(АЭС)


Салыстырмалы түрде ең арзан электр станциясы.

АЭС дәу­ірі басталғаннан бері ад­ам­зат тарихында 150-ден ас­там апат тіркелген. АЭС жұ­мыс істеген соң міндетті түр­де одан радиоактивті қал­дықтар бөлінеді.

Қа­зақ­стан Республикасы бой­ынша радиоактивті қалдық кө­метін 9 қоймада (оның 2-уі жо­ғарғы және орташа активті қал­дықтарды көметін) 86242 тон­на қатты, 11 млн текше метр сұй­ық радиоактивті қалдықтар сақ­талуда. Жыл сайын қалдық кө­лемі 5,4 пайызға өсуде.



Қазіргі тұрақты даму экономикалық, әлеуметтік және экологиялық компонент сияқты үш құрауыштың арасындағы кешенді өзара байланыстың орын алуын болжайды. Соңғы онжылдықта пайда болған «жасыл» экономика тұжырымдамасы тұрақты дамудың осы компоненті арасындағы оңтайлы үйлесімділікті қамтамасыз етуге негізделеді және дамыған, дамушы және өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттердің барлығы үшін аса қолайлы жүйе болатындығын дәлелдеуге тырысады.

«Экологиялық өсудің» тағы бір маңызды құралы болып тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру табылады. Бұл болашақ ұрпақтың табиғи ресурстардың жетіспеушілігін сезінбесі үшін сол ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тұрақты инфрақұрылымдарды қалыптастыру тауарлар мен қызметтердің өмірлік циклінде экологиялық аспектілеріне ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді; экологиялық жүйенің біртұтастылығын сақтауға мүмкіндік береді; климаттың өзгеруі мен озон қабатының тесілуі сияқты антропогендік фактордың әсерін тереңдетпеуге мүмкіндік береді; экономикалық жағынан пайдалылығы жоғары тауарлар мен қызметтерді өндіруге мүмкіндік береді; дамудың барлық бағыттарында ұзақ мерзімді экономикалық өсуді максималдауға мүмкіндік береді [6].

Бүгінгі күні Қазақстан негізінен қолда бар дәстүрлі энергоресурстар: газ, көмір және мұнай өндіру энергиясын пайдалануда. Бірақ, олар ерте ме, кеш пе бір күні таусылады. Сондықтан оларды жаңартылған: су, жел, Күн қуат көздерімен ауыстыру қажет. Оның маңызы мен жаңа технологиялық модельдері 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін Халықаралық ЕХРО көрмесінде жан-жақты қарастырылады.

Оның өзектілігінің тағы бір қыры - Қазақстанның елорда орналасқан орталық бөлігінде жылына 300 күн бойы Күн нұрын төгіп тұрады. Сондай-ақ, мұнда жиі далалық жел соғады. Сондықтан, аталаған аумақ өзін жаңартылған энергия көздерімен толық қамтамасыз ете алар еді [7].

«Қазіргі уақытта, инвестициялау үшін Қазақстан экономикасының басымдықты секторларының біріне балама энергетика (альтернативті энергетика) саласы жатады. Балама энергетика Қазақстан экономикасын дамытудың балама мүмкіндіктері болып табылады. Экономикалық дамудың осындай балама мүмкіндігі соңғы 15-20 жылда әлемдік экономикада басым рөлді ойнап отырған «болашақ экономика» секторларының бірі болып табылады.
1.3. Балама энергетиканың даму болашағы

Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешудің және электроэнергетиканы дамытудың басым бағытының бірі ретінде өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды кеңінен пайдалану үдерісі қарастырылып келеді. Қазақстанда өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстардың әлеуеті өте зор болып табылады. Жаңартпалы энергетикалық ресурстарға гидроэнергия, жел энергиясы мен күн энергиясы жатады.



Гидроэнергия. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстан территориясы бойынша гидроэнергетикалық ресурстар тең бөлінбеген, олардың үлкен бөлігі Қазақстанның негізгі үш аймағында шоғырландырылған [8] . Олар:

1) Оңтүстік-Шығыс аймағы, Іле өзені бассейні, Шығыс Балқаш көлі бассейні және Алакөл көлдерінің топтамасы бассейні;

2) Шығыс аймағы, Ертіс өзені бассейні;

3) Оңтүстік аймағы, Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейні.



Жел энергиясы. Қазақстанда жел энергетикасын пайдаланудың басымдықтары жел энергиясы ресурстарының бар болуымен анықталады. Қазақстан территориясының жартысында желдің орташа жылдық жылдамдығы 5-6 м/с., ал кейбір аудандарда желдің жылдамдығы 7-8 м/с. құрайды. Жел электростанцияларын салу ең алдымен, желіге қосылмаған шалғайдағы аудандарды энергиямен қамтамасыз етумен шартталады.

Қазақстан үшін энергияның жаңартпалы басым көздерінің бірі ретінде жел энергетикасы саласы саналады. Осыны ескере отырып, Қазақстанның жел атласы жасалды. Қазіргі уақытта, Қазақстанда жел электростанцияларын салудың 10 алаңы зерттелген (2-сурет). Мұндай алаңдар электроэнергияның коммерциялық өндірісі үшін жалпы қуаттылығы 1000 МВт-ға дейін жететін аса ірі жел электростанцияларын салу үшін толығымен пайдаланыла алады. Бұл жоспарда Жоңғар қақпасының әлеуеттік мүмкіндіктері аса танымал екені белгілі. Қазақстандық танымал энергетик Александр Трофимовтың мәліметтері бойынша, республикамыз жан басына шаққандағы жел энергиясы ресурстарының көлемі бойынша әлемде бірінші орынды иеленеді. (2-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет