Кіріспе бөлім. ҚАрым-қатынастың ҚҰрылымы мен психологиялық функциялары



бет5/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,69 Mb.
#34252
1   2   3   4   5   6   7

Социометриялық талдау нәтижесінде оқушылардың ұжымшылдығы да өте төмен болып шықты. Себебін талдағанда сынып оқушыларының басым көпшілігі бесіншіге дейін басқа балалармен, басқа сыныптарда, басқа мектептерде оқыған, ал осы топта оқып жүрген кезде өздерімен достасқысы келген балаларды таба алмағаны анықталды. Сондықтан балаларға психологиялық көмек ретінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру тренингін өткізу керек болды.




    1. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған қоррекция жүргізу жолдары

Зерттелінген ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін трениг жүргізілді. Балалардың жас және жеке даралық ерекшеліктерін ескере отырыпойын тренингтерін жүргізу тиімді болатынын анықтадық

Психокоррекциялық ойындар жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму проблемаларымен байланысты жүргізілетін коррекцияның негізгі әдісі болып табылады. Жеке тұлғалық қасиеттерді өңдеу және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған психокоррекциялық ойындар барысында әр адамның өз тәжірибесінде қалыптасқан, дағды болып қалған әлеуметтік ролдерін орындау стереотиптері қайта құрылады.

Қарым-қатынас мәдениетін үйрету коррекциялық тобының жұмысын ұйымдастыру өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Коррекциялық топты ұйымдастыру мақсаты баларға қай ортада болсын өзін емін-еркін ұстауға, басқаларға жылы шырайлы болуға үйрету.

Бұл тренинг 5 кезеңнен тұрады.


  1. Ритуалдық іс-әрекеттерді меңгерту.

а) Танысу ритуалы

б) Топтық ән ұранды орындау (Ән ұранды таңдап алу). Оны тренинг тобының әр кездесуі басталғанда және аяқталғанда орындау барлық қатысушылардың эмоционалдық тонусын көтеріп, қарым-қатынас жасауға жол ашады және топты нығайтады.

в) Ритуальдық сәлемдесу мен қоштасу. Сәлемдесу барысында топ мүшелері бір-біріне жылы сөздер айтып, дене терапиясы элементтері пайдаланады (қол алысу, құшақтасу, сипалау т.с.с.), сонан соң кешегі күні болған оқиғалар, ондағы қарым-қатынас барысының ерекшеліктері мен әсерлілігін еске түсіріп, оң-теріс жағы қысқаша талданады, топтық қарым-қатынас ережелері еске түсіріледі. Бұл тәсіл қатысушылардың барлығын өз ойларын басқаларға жеткізіп айтуға, болған оқиғаларды бағалауға үйрету үшін жүргізіледі.

2. Топтық шешім қабылдауға үйрету.

Бүгін жүргізілетін жұмыс жоспары талданып, ойындар іріктелініп, оларды жүргізу реті анықталады, іс-әрекетің әрқайсысына берілетін уақыт нықтыланады. Ойындардың басым көпшілігі рольдік-сюжеттік, сондықтан кім қандай роль атқаратынын топтың өзі шешеді. Ойын аяқталғаннан соң әр қатысушының топтық тасырманы орындауға қосқан үлесі талданып, олардың өз міндетін орындағанын топ және өзі бағалайды.

3. Топтың дербестігін қалыптастыру.

Бұл тәсіл психологтың топтан «шығып» оларды өз бетімен барлық іс-әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қолданылады. Топ жұмысын ұйымдастыру реті, пайдаланылатын тәсілдер тізімі бойынша ешкімнен кеңес сұрауына болмайды. (балалар тобында олар өзідері барлық мәселені үлкендерден көмек сұрамай шешуі керек, үлкендер тобына да осы талап қойылады). Дербес топ өз өмірлерін ұйымдастыру туралы шешімдердің барлығын өздері қабылдауы керек. Бұл тәсіл топтағылардың ашық жарқындығын қалыптастырып, белсенділік көрсетуге тәрбиеледі, қабілеттілікті ашуға әсерін тигізеді және жетілдіреді.

Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу тобының жұмысы 4-7 күн.

4 - басқаларды түсіну, аяу, жан ашу сезімін тереңдету кезеңі. Ол үшін бір-бірін тыңдауды керек ететін әрекеттер кеңінен пайдаланылады:

а) Кешіккенге, келмегенге болған оқиғаны толық айтқызу (ассистент келмей қалады, сондықтан оның орнында болуды өтініш жасау арқылы, біртіндеп өз еркімен мейрімділік көрсетуге баулиды). Келмеген адамға жанашырлық білдірудің түрі ретінде пайдаланады.

б) Өз ойын, сезімін басқаларға айтып түсіндіру.

в) Басқалардың сөзін тыңдату және өз пікірін айтқызу.

г) Басқалардың сезімін сыйлауға үйрету.

д) Әр адамның басынан өткен оқиғаларды талдау.

5 - эмоционалдық жағдайды шылықтырып әсер тигізу кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты эмоцианың теріс көріністерін шақырып, клиенттің ашуына тиетін және керісінше жауап беруге алып келетін жағдай жасау арқылы оның өзіне мінезінің күшті жақтарын көрсету, оған эмоционалдық қолдау көрсету. Қандай жағдай болсада оның өзін-өзі тұрақты ұстауға шамасы келетініне сенім білдіру. Осы жаттығу барысында ұстамдылық тағы басқа оң қасиеттер көрсетуге шақырып, осы ұстамлылығын жоғары бағалау арқылы басқалармен есептесу тәжірибесін қалыптастыру.

Психокоррекция жүргізу мақсатымен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:

1. Нормативтерді құру коррекциясы.

2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы. Бұл мәселе «Тәжірибелік психология» оқулығының келесі бөлімінде қарастырылады. Өйткені бұл екі бағыт бір-біріне тәуелсіз жүзеге асырылады.

Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.

Сонымен қатар әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рольдер репертуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Мектепке дейінгі жас кезеңдегілердің негізгі проблемасы мектепте оқытуға даярлығымен байланысты екендігі жоғарыда айтылған. Сондықтан бұл жас кезеңіндегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процестерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалыптастыру, қысқаша айтқанда оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.

Жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін психокоррекция, басқа жас кезеңдегілерден жиірек орын алады. Оның себебі осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктерімен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңінде басынан кештін қиындықтары психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудің негізгі себетері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктогенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигііп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйкеліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайының бұзылуына алып келуі мүмкін. Невроз - тұлғалық дамудың ауруы. Мектеп неврозының көріну шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану, әуреге түсу және баланың жанының жарақаттануы. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса, адаптациялық қасиеттерін тұрақты етуге дер кезінде көмек көрсетілсе, ол кісіде психогендік ауытқулардың дамуын тоқтатуға болады.

Баланың жан дүниесінің жарақаттануына отбасындағы жағдайы да өз үлесін қосуы сирек емес. А.С.Спиваковская отбасындағы және мектептегі қарым-қатынастардың ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде олардың балаға позитивті және негативті әсерлерін зерттеу нәтижесінде отбасылық психологиялық климатты сыныптастырып, оларды «театр», «санатория», «қамал», «вулкан», «маскарад» деп атаған /53/. Осы жағдайлар балалардың мінез-құлқында көптеген ауытқулар тудыруы мүмкін. Олар келесі кең тараған себептерге байланысты болуы мүмкін:

- отбасындағы психологиялық жағдайдың теріс мағнадалығы;

- балалардың созылмалы соматикалық ауруларға ұшырағандығы және оларға айналасындағылар, отбасындағылар уақытылы қолдау көрсетіп дұрыс тәрбие бере алмасағанымен байланысты оларда өз-өзін төмен бағалау, «жарыместік», «сапалы еместік» сезімнің орын алуы;

- мектепке қабылданған кезде мектеп режиміне адаптациядан өте алмағандығына байланысты мектептік мазасызданудың орын алуы;

- жеткіншектің қатарларымен достық, жолдастық қатынасты дұрыс құра алмауы, нәтижесінде оларда дараланып аномалды дамуы т.с.с. себептер.

Осы проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсету, психопрофилактика, психокоррекция жасау және басқа мұқтаждарға көмектесетін шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Оның ішінде баланың дамуын диагностикалау, оның барлық мүмкіндіктерін ашу және балалармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде коррекциялық көмек көрсету қажет.

Психокоррекция жүргізудегі ойынның орны ерекше.

Топтық психокоррекцияны адам өмірінде үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Балалық шақтан бастап барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болатын ойын әрекетінің ролі өте үлкен. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әллеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалаық „Менін“ шақырып, басқа адамдардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен пайдаланылады.

Ойын теориясын көптеген атақты психологтар (Л.С.Выготский /54/, А.Н.Леонтьев /55/, Б.Д.Эльконин /56/) зерттеген. Олардың ілімі бойынша эволюциялық даму барысында ойын әрекеті тұқымқуалаушылық құрылымдарда орын алғаны дәлелденген және оның ерекшеліктері жеке тұлға дамуындағы жас кезеңдеріне байланысты көрініс береді деген. Сонымен қатар ойын биологиялық даму заңдалақтары бағдарламасына тәуелді болғанымен, жоғары әлеуметтенген іс-әрекет түрі болып табылады. Оның үйретушілік, дамытушылық және коррекциялық мәні өте терең. Ойын арқылы қимыл әрекеттер меңгеріліп, оны жетілдіру жаттығулары жүргізіледі, қоршаған ортамен танысу және әрекеттесуге негіз болатын әрекеттер комплексі қалыптасады. Сонымен қатар, ойын барысында әлеуметтік қатынас элементтері меңгеріліп, жеке тұлға мінезінің ең маңызды көріністері жаттығады.

Ойынның дамытушылық мәні оның екі жақтылығымен түсіндіріледі. Біріншіден, ойын шынайы іс-әрекеттің түрі болғандықтан оны орындау нақты мәселерді шешуді талап етеді, екінші жағынан – ойынның көптеген сәттері шартты болады да, шынайы жағдайлар мен жауапкершіліктерден ойнаушылар құтылып, олардың қөңілддері басқа жаққа, ойынның шарттарына аударылады.

Құралымдық жағынан ойынға үш ерекшелік тән:



  1. ойын барысындағы қатынастардың реттілігі;

  2. ойынның ішкі сыры барлығы (қатынас екі деңгейде жүргізіледі де, олардың біреуі жасырын сыр болады);

  3. ұтыс бар.

К.Гросстың «Сақтандыру теориясында» ойынның дамытушылық функциясын жас ағзалардың өз-өзін жетілдіру формасы деп түсіндірген /57/. В.Штерн /58/, З.Фрейд /59/ және оның шәкірттері ойынды адамның терең жатқан инстинктерінің көрінісі деп тауып, оны бейсаналылыққа жатқызған. Бұл тұжырымдамаға негіз болатын бір нәрсе бар. Барлық ойындар негізгі үш тақырыпта дамиды: «жыртқыш-құрбан» (ойынаушылардың біреуі қашып жасырынады, екіншісі оны қуалап немесе іздеп жүріп ұстайды); «некелік- серіктестік» (танысу ритуалдары, үй салу, егін егу, мал бағу); «ата-ана мен бала» (қамқорлық көрсету, қоректендіру). Ойын барысында өмірлік тәжірибені меңгеру - оның әлеуметтік мәні барлығын дәлелдейді. Ойынның өте тиімді психодиагностикалық және психокоррекциялық әдіс болуына оның осы екі жақтылығы негіз болады.

Күнделікті өмірде адам көптеген теріс эмоциялық сезімдерге бөленіп жүретін кездері болады. Олар ішкі үйлесімсіздіктерден немесе тұлғааралық қатынастан туған мазасызданудың нәтижесі болады. Осы проблемаларды адамдардың басым көпшілігі өзбетімен шеше алмайтын болғандықтан олардың жағдайына сай келетін психологиялық көмек психокоррекция ретінде көрсетіледі. Коррекция жүргізу жолдары өте көп. Коррекцияның адамға тигізетін әсері мен пайдаланылатын әдістемелерді зерттеушілер ойын коррекциясына ерекше көңіл аударады.

Ойын коррекциясының жеке тұлғалық қасиеттер мен эмоционалдық жағдайды түзетудегі мүмкіндіктері өте мол. Ойын терапиясының адамды негативтік эмоционалдық күйден шығару үшін пайдалану жолдарын анықтауға К.Левин /60/ тобының жүргізген зерттеуі маңызды үлес қосты. Шынайы өмірде орын алған қиын жағдайлардан ойын арқылы арылу үшін адам жалған, жорамалданған рольде болып, сол жалған жағдайды талдау және жорамалданған жағдайдың ерекшеліктеріне түсіну арқылы өз өміріндегі мәселеге түсіну жеңілірек екенін Л.С.Выготский дәлелдеген /61/.

Психотерапевттер жасаған коррекциялық ойындар әдістері көмегімен адамда орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің тапшылығы байқалатындар және дені мен жаны сау адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жұмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Ойын барысындағы мінез-құлық оның құрылымына сай болуға тиіс. Үлкендер ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құруды алты типте көрініс береді.



  1. Ойындағы әрекеттер ретін ауыстыру.

  2. Реттегі кейбір көріністерін ұлғайтып, арттырып жіберу.

  3. Реттегі кейбір көріністерін бірнеше рет қайталау.

  4. Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу.

  5. Кейбір қимылдарға ерекше көрініс беріп оны бірнеше рет қайталау.

  6. Реттегі кейбір қимылдардың аяқталмай қалуы.

Сонымен қатар ойын барысында нешетүрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ойынның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер ойнға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады: әрекеттерінің бағыттылығы, қозғалу шабытын, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтығын, қоқақтығы мен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері ойынға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ойынның түзету-дамытулық функциясы күшті деп айтуға болады.

Әр ойын көп функция атқарады: бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге – сергіту, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге – көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның праблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ойынның барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.

Коррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі.

- Ойын барысында қатысушылар өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.

- Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға, мейрімділік көрсетуге үйренеді.

- Өзіне деген сенімі нығайады.

- Құрбы-құрдастарымен және әртүрлі жастағы балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптастырады.

- Ойын қатысушыларды іскерлікке, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады.

- Балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді.

Коррекциялық ойындардың көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Сондықтан оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Ол ерекшеліктерді бернеше талаптар ретінде көрсетуге болады.

Осы кезеңде қатысушылардың мінез-құлқының нормативтік көрсеткіштеріне ерекше көңіл аудару керек.

Бұл жерде бір сыныпты зерттеу нәтижесіне сүйене отырып пайдаланған бірнеше жаттығуларды көрсетеміз.



Танысу кезеңі

Мақсаты: балаларды өздеріне ыңғайлы сезінетін жағдайға келтіру және тренинг тобында барлығын толық бостандық беріліп, емін-еркін қарым-қатынас жасайтын жағдай жасау.

Бірінші машықта қатынасушылар өздеріне есім таңдап алады да сол атымен тренингтің соңына дейін аталатындығы түсіндіріледі. Бұл тәсілді қолдану арқылы бала өзінің атымен байланысты өз өміріндегі өзіне ұнамайтын жағдайлардан шығып кетуіне психологиялық негіз болады. Өз есімі ретінде өзіне ұнайтын адамның атын, өсімдіктер мен жануарлардың атауларын таңдап алуына болады.

Психологта өз атын немесе басқа бір атты таңдап алуына болады. Осы жерда айтатын бір мәселе, тренинг барсында барлығы бір-біріне Сен немесе Сіз деп айтуын келісіп алуы қажет. Егер балалардың жасы кіші, ал психолог олардан көп үлкен болса, балалардың оны Сен деп атауы өте қиын, қажеті де жоқ. Сондықтан бүл мәселенің басын ашып алу керек.

Барлық қатынасушылар бір-бірінің жаңа атын есте сақтап қалу үшін сол аттарымен атауға арналған жүгіртпе ойындар ұйымдастырылады (допты бір-біріне бергенде өз патрнерының атын атап, оған бір ұнамды сөз айту, жаңа танысқан досын презентация жасау т.б.) Бірнеше жаттығуларға тоқтап өтейік.

Қарым-қатынасқа икемділікті тәрбиелеуге арналған келесі коммуникативті ойындар кеңінен пайдаланылды.



1-ші жаттығу. «Амандасу».

Бұл жаттығуды екі вариантта өткізуге болады.

Бірінші варианты. Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), вербалды әрекеттерді қолданбай, амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдердегі кездесетін амандасу төсілдерін еске түсіру керек.

Екінші варианты. Қатысушылар бір-бірімен қол беріп, құшақтасып, әр амандасқан адамына жылы сөздер айтып шыгады. Қанша адамға жылы шырай білдіріп, көңілін көтеруге үлес қоссаң, сонша өзіңнің де көңіл-күйің көтеріңкі болады деген ұранмен жүреді.



2-ші жаттығу. «Тұсаукесер» (презентация).

Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: "Ыммен, қол қимылы, дене қимылы арқылы, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында өзіңізді қандай адам тұрғысында сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдайтынын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз"- деп түсіндіреді. Психолог өз сөзінен кейін топқа өзі туралы мағлұмат береді. Содан кейін әр қатысушы сағат тілі бойынша шеңбер бойымен өзін басқаларға таныстырады.

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.

Психолог келесі сұрақтарды қояды:

- Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?

- Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?

- Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді?

- Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе таң қалатындай болды?

- Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар?

Бұл сұрақтардың көмегімен балалардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады. Барлық сұрақтарды талдап алғаннан соң келесі жаттығуды немесе ойынды балалардың ұсынысы бойынша ұйымдастырған дұрыс.



«Айналы бөлме» жаттығуы.

Жұптар бір-бірінің алдына қарама-қарсы тұрады. Жұптардың бірінші сандағылары айна алдындағы адам, ал екіншілері оның айнадағы бейнесі болып, айна алдындағы не істесе, оның айнадағы бейнесі оригиналдың барлық қимылдарын бұлжытпай қайталауы керек. Ортада тұрған жүргізуші белгісі бойынша жұптар орындарын ауыстырып, бірінші реттегілер екіншілердің айнадағы бейнесі ролін атқарады. да, оның барлық қозғалысын қайталайды.



3 жаттығу «Мен күштімін».

Жеткіншек жасындағылардың бір жағынан күші тасып жүреді де, екінші жағынан тез шаршайтын кездері болады. Күш көрсету - адамның қорғаныс функцияларының бірі, адам қиналғанда бұлшық еттер ширығып, бұлшық еттер сауыты пайда болады. Ол тыныс алудың қиындауы арқылы көрініс беретінін дәлелдеген. Жеткіншектердің агрессивті мінезі осы қорғаныс функциямен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан олармен жүргізілген тренингтерде міндетті түрде дене терапиясының элементтері пайдаланылып, бұлшық еттер сауыты тиянақтың мықты екенін сезіндірудің мағнасы кең. Денедегі энергияның өз бетімен жүретін ағымына күнделікті тосқауыл қою адамның дене қалпына, жүріс-тұрысына, физикалық құрылымына әсер етеді. Осы физикалық құбылыстар мен жеке тұлғаның мінез-құлық құрылымы, тұлғалық типі тығыз байланыстылығы дәлелденген

Дене терапиясы топтарында ағзадағы энегия ағымын үйлесімді жүргізуге ықпалы өте күшті тыныс алу жаттығулары кеңінен пайдаланылады. Ерекше зорлануды талап ететін дене қалыптары мен өзінше сипаттағы қимыл әрекеттер жасайтын жаттығулар да кеңінен пайдаланылады. Бұлшық еттер сауытынан босатуға және қарапайым сезімдерді реттеуге тыныс алу жаттығулары, физикалық түйісі (күресу, уқалау) элементтері қолданылады.

Бұл жаттығуды бірнеше вариантта өткізуге болады.

Дене күшін нығайтуға арналған жаттығулар жасату. Жаттығуларды орындау үшін қатысушылар жұптасып алады.

А) «Қайырылып қарау». Әр жұптағылар бір–біріне арқасын қаратып тұрады, бір-біріне бұрылап қарап, екі қолының саусақтарын бір-біріне тигізеді. Сонан соң екінші жағына бұрылып жаттығуды қайталайды.

Б) «Уқалау». Жұптағылардың біріншісі екіншісінің арқасын, қолдарын, мойнын, басын уқалайды. Сонан соң екіншісі біріншісін тап солай уқалап шығады.

В) «Еркін күрес». Жұптағылар аяқтарын орнықты етіп алады да оларды орнынан қозғалтпай, қолдарымен бір–бірінқатты тіреп итереді, бар күшімен күресді, қарсыласын орнынан жылжыту керек.

Г) «Арқа күресі». Жұптар бір-біріне арқаларынмен тіреліп, итерісіп күреседі, аяқты орынынан қазғалтуға болмайды. Екінші варианты. Ыңғайлы күйде тұрып, арқамен серігіңді қағып, орнынан жылжытуға тырысу керек.

Д) «Тачка айдау». Жұптың біреуі екі қолдың алақанымен жерді тіреп упорға тұрады, ал екіншісі оның аяқтарын сирағынан ұстап бөксесіне дейін екі жанына көтереді де, упордағыны «тачка» секілді алдына салып қолымен жүргізеді. Бір айналғаннан кейін жұптағылар орындарын ауыстырады.

Е) «Қызумен табу». Барлығы көздерін жұмып жүріп өз жұбын «дене қызуын өлшеу» арқылы алақанының жылуын сезі арқылы тауып алады.

Ж) «Түсінісу». Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), алысып, сүзісіп вербалды әрекеттерді қолданбай, амандасуы қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, жануарларда кездесетін тәсілдерін еске түсіру керек. Қатысушылар бір-бірімен қол беріп, құшақтасып, әр амандасқан адамына жылы сөздер айтып шығады. Қанша адамға жылы шырай білдіріп, көңілін көтеруге үлес қоссаң, сонша өзіңнің де көңіл-күйің көтеріңкі болады деген ұранмен жүреді.

З) «Кішкене паравоз». Барлығы бірінің белінен бірі ұстап ұзын тізбек құрады. Алда тұрған біреуінің көздері ашық, ол паравоз болады. Ал қалғандары көздерін жауып алған, олар тізбектегі вагондар болып, барлығы ұзын поезді құрады. Барлығы жетекшінің жүргізген жолын қайталап сандалу үстінде болады. Бұрылыстарда вагондар арасындағы қосылыстар үзіліп кетуі мүмкін. Үзілгеннің үстіне артынан келе жатқандар үймелеп құлап қалады. Оларды «құтқарушылар» ретке келтіріп, тағы да бір кішкене паравоз тауып беруіне болады. Бірнеше поездар ерсең-қарсаң жүргенде олардың қозғалыстарына байланысты неше түрлі «оқиғалар» орын алады. Үзілгендерді кез келген паравоздың құрамын ұлғайтуға пайдалануға болады. Соңында қай «паровоз» «құрамына» көп «вагондарды» тіркеп алса сол келесі ойынды жүргізеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет