Кіріспе І. Қазақтың қол өнер туындылары



бет2/3
Дата03.03.2020
өлшемі0,52 Mb.
#59489
1   2   3
Байланысты:
т мар
Реферат 3, фразеологизм курсовая
Маңдайша – сәукеле т.б. киім маңдайына тағатын көз орнатылған күміс тағым

Кемер белбеу -  негізі былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен шектелген аса қымбат белбеу.

Қын – кемер белбеумен бірге тұратын пышақ салынатын әшекейлі, былғары бұйым.

Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде  әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде  қаптырма, ілгек деп те атайды.



Оқшантай – ішіне шағын зат салынатын, кемер белбеуге өткізілген әшекейлі былғары қалта.



Өңірше - салпыншақтар тағып, үзбелеп жалғаған омырауға сән беретін, түрлі-түсті тастардан көз орнатылған әсемдік тағым тізбесі. Ерлердің жейдесі мен  әйел көйлегінің омырауы  әдемілікпен қатар, тіл-көзден сақтану мақсатында өрнекпен безендірілген.




Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Қыздардың әсем келбетінің қалыптасуына әсер етеді. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрлері болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б.

Сәукеленің сырғасы – күмістен жасалған, көп қатарлы сырға пішіндес арнайы салпыншақ.

Тамақша – қазақ қызының мойынға тағатын әшекейінің бірі.  Барқыт сияқты матадан сырып тігіледі, бетіне  моншақ, меруерт, күміс тиындар тізіліп, төмен жағы маржан моншақтармен көмкеріледі.

Талмоншақ – бірнеше қатар тізілетін моншақтар.

Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар.

Үкіаяқ – бас киімге тағылатын үкі тұяғына ұқсатып соғылатын күміс тұғырға орнатылған бұйым. Бұйымға шынжыр арқылы тиындар, моншақтар, қоңырау сияқты бөлшектер ілінеді. Кейде кішкентай баланың бесігіне іліп қоятын болған.

Шекелік – сәукеле, тақия, басқа да баскиімге тағылатын тағым. Бірнеше бөліктен тұрады әрі оларға тағылатын әшекейлер үзбелі болып келеді. Қозалы шекелік, шошақ шекелік, ширатпа шекелік деген түрлері бар.

Шаштеңге – қыздардың өрілген шаш ұшына тағылатын жібек бау өткізілген күміс сөлкебай.

Шолпы – шашқа тағатын, қымбат бағалы, сылдырмақты бұрым сәнін келтіретін алтын, күміс тағым. Түрлі сәндік салпыншақтармен әсемделген құрылымы күрделі бөлшектер күрделі пішіндегі жалпақ тастарға қондырылады.

Шашбау – қыздар шашымен қоса өрілетін моншақты, зерлі, күміс шынжырлы әсемдік тағым. Ұзындығымен ерекшеленеді. Кейде қара баудан жасалып, шашты ұзын және қалың етіп көрсету үшін қолданылады.

Шашқап – шашты күннен, шаң-тозаңнан  қорғайтын қымбат матадан жасалып, сырты түрлі моншақ, жапсырмалармен безеңдерілген, екі өрімді шаштарға арналған бұйым.


1.2 Зергерлік бұйымдар сыры
Қазақтың қол өнері – «алтын кемер белге сән, асыл жиһаз елге сән» деген халық сөзін әрдайым адам баласына паш етіп келе жатқан бай қазына. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Кез-келген бұйым ою-өрнексіз сәнді болмайды. Ендеше ою-өрнек дегеніміз не? Оның құдіреттілігі, кереметтілігі қандай? Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Тарихи – ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою – өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алады. Бұған дәлел – қазақтың алғашқы ою – өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.  Қазақтар өздері жасаған ою-өрнектің атауын таба білген. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратын белгілі. Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Бұйымдарда жан – жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген. Осы атауларды олар өз тіршілігіне лайықты қолдана білген.

Еліміздің әрбір аймағында өзіндік стиль ерекшеліктері, үлгілері болған. Сондай-ақ, ою – өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған.  І – топқа ою – өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар болса, ІІ – топқа жалпы ою – өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Үлгіні ойып, кесіп, қиып қиюластыру «Ою» деп аталады.



Ал киім – кешекке, түскитізге және т.б. қолөнер бұйымдарына  кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, бақұрға және қоржынға түсірілетін түрі. Геометриялық бедерлерді «Өрнек» дейді.  өрнекті тасқа, ағашқы күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақтың ұлттық ою – өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше 200 – дей түрін ғана анықтады. Бүгінде, өнертанушы Садық Қасиимов пен архитектор – ғалым Тілеутай Бәсенов ою туралы біраз деректер қалдырды. Ою – өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынадай топтарға бөлген: Өсімдік типтес ою – өрнек («жапырақ», «үш жапырақ», «шиыршық», «ағаш»); Зооморфтық -  ою – өрнек (жан – жануарлардың табиға және мифтік бейнелері)  «қошқармүйіз», және оның түрлі нұсқалары «қосмүйыз», «сынық мүйіз», «қырықмүйіз», сондай – ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты»; Космогониялық өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз»). Сонымен бірге ою-өрнектердің өзіндік мән-мағынасы бар. Мәселен, «Аққу қанаты», «жауқазын», «гүл», « жұлдызгүл» – бұл өрнектер «күнің ашық болсын» деген ізгі ниетпен салынған.

«Аққу қанаты» – өрнегі бақыттың, сұлулықтың, тазалықтың, ұлулық пен адалдықтың мағыналық белгісінде өрнектелген. «Су ою» да байырғы, киелі. Су ертедегі ұғымда жаратушы адамдардың бірі ауырған адамдарды сумен ұшықтайды. Көне түрік жазбаларында»от ана», «су ана» деген тіркестер  кездеседі.

«Тау оюы» – мәңгіліктің, күш – құдыреттің символы. Әрбір ою – өрнектегі атау жай ғана атау емес, сол атаулар арқылы ою – өрнектің тал бойында жасырын жатқан сырды, маңызды да мағыналы ойды алуға болады. «Орамал балдақ» – оюының атауында да мағыналы мән жатыр, «орамал» – әйелдер басына тартатын жаулық, «балдақ» – шымылдықтың бау өткізетін шығыршығы, ілгегі, яғни, орамал мен балдақ жаңа түскен келінге шымылдық тұту басына жаулық салу сияқты қазақ салтының шартты бейнесі ретінде бейнеленген.  

«Орамал балдақ» – өрнегінің жан – жағына «тұмар», «гүл оюы», «су оюлары» салынып, аққурға қызыл, жасыл, көк түспен тоқылады. Мұнысы – «туған жердің гүліндей жайнап, сарқырап тоқтамай, ақпай судай мәңгілік халқына қызмет ет» – деп халықтың жаңа түскен келінге айтатын арман тілегі.

«Түйетабан» – түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Қазақтың көркем өнерінің  құндылықтарын , көркем-эстетикалық дүниелерін еуропалық өнерлерден таба алмаймыз. Сондай-ақ, ою-өрнекті тек көзіңе оттай болып басылатын көркемдігімен ғана керемет деуге болмайды, басқа да қырларымен құдіретті. Бұл сөзіме дәлел ретінде қазақ ою-өрнектерін 10 жылдай зерттеген космоэнипсихолог Елена Гомердің зерттеуіндегі мына сөйлемін айтуға болады;  “Әрбір өрнек – ол зор төзімділік пен тұ­рақтылықты игерген тұрақтан­дырылған жүйе. Ою-өрнек әлем сырына үңілуге, сондай-ақ адам­ның денесі мен психикасына қо­­л­ай­лы әсер етуге мүмкіндік бе­ре­ді. Елена Гомердің айтуынша, қа­зақы оюлар табиғат-ананың туын­дыларына иек артқан, қазақ халқының сан ғасырлық тәжірбиесімен тексерілген энергоақпараттық белгілер. Ғасырлар қойнауынан жеткен және қазақ халқының сан ғасырлық тәжірбиесімен тексерілген бұл энергоақпараттық белгілер ішкі-сыртқы кеңістіктің үндесуіне, бейбітшілік пен ма­хаббатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ, ою-орнектерді зерттей келе жеті түрлі оюдың түрі мен қасиетін ұсынды. Тоқталып өтсек; денсаулық оюы – денсау­лы­ғыңызды жақсартады. Отбасы оюы – отбасы қаты­насын жақсартып, шаңыра­ғыңыз­ды шаттыққа бөлейді, бе­реке-бірлікті күшейтеді. Сәттілік белгісіндегі ою – ал­ғ­а қойған мақсатыңызға жетуге кө­мектеседі. Ақша белгісіндегі ою – сізді табысқа жетелейді, лауа­зы­мыңыз­дың өсуіне де ықпал ететін кө­рінеді. Махаббат белгісіндегі ою – бұл туралы айтып жатудың өзі ар­тық. Шығармашылық оюы – шы­ғармашылық тоқырауда жүрген­дердің шабытын оятады екен. Қорғаныш белгісіндегі ою – сізді теріс энергиядан, залалды оқи­ғалардан қорғайтын болады.

Бүгінде қазақы ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен тігілген қазақща көйлектермен шеберлердің жасаған зергерлік бұйымдарын тағып, киіп жүрген жастарымыз баршылық. Аталмыш екі зат бір-бірін толықтырып тұрса, көздің жауын алары хақ. Сондай-ақ, ұлттық болмысымызды аша түседі. Қазақтың ұлттық қолөнер туындыларына ешқандай ұлттың дүниелері жетпейтініне сенімдімін. Mыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық қоңыр ою-өрнектерімізді, қазіргі жаһандық заманда аман сақтап, жастарымыздың бойына ұялата білу біздің парызымыз. Өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді.


«

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет