Кіріспе Кіріспе Ісіктерге жалпы түсінік Негізгі бөлім



Дата08.02.2020
өлшемі1,67 Mb.
#57407
Байланысты:
қан жүйесі
  • Семей 2019 жыл
  • Ісік өсуіне алып келетін факторлар.

Кіріспе

  • Кіріспе
  • Ісіктерге жалпы түсінік
  • Негізгі бөлім
  • Қатерлі ісіктерге әсер ететін факторлар
  • Қатерлі ісік өсу биохимиясы
  • Қорытынды
  • Жоспар

Ісіктерге жалпы түсінік

  • Ісік (лат.-tumor, blastoma, грек-neoplazma,жаңа түзіліс)-мутация әсерінен соматикалық жасушалардың тоқтаусыз, бақылаусыз көбеюімен сипатталатын патологиялық үрдіс

Ісіктердің эпидемиологиясы

  • Бүкіл әлемде жыл сайын 6,3 млн адам ракпен сырқаттанып, оның 4,3 млн қайтыс болады.
  • Обыр ауырының жиі кездесуі сол елдің географиялық орнына, тұрғындардың әдет ғұрпына, тамақтану дағдыларына, қоршаған ортаның тазалығына байланысты.

Қазақстанда сүт безі, жатыр мойыны,тоқ және тік ішек рактары жиі кездеседі.

  • Қазақстанда сүт безі, жатыр мойыны,тоқ және тік ішек рактары жиі кездеседі.
  • ТМД елдерінде асқазан обыры
  • АҚШ өкпе және қуық асты безінің рагі
  • Африкада бауыр рагі
  • Индияда ауыз қуысының обыры жиі кездеседі.

Экзогендік факторлар

  • Экзогендік факторлар
  • Эндогендік факторлар
  • Ісік өсуіне алып келетін факторлар
  • Әлеуметтік жағдайы
  • Зиянды әдеттері:
  • - темекі шегу;
  • - маскүнемдік;
  • насыбай ату
  • Тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ,ысталған тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған май қышқылдары жетіспеуі т.б.)
  • қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады.
  • Салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбауы
  • Тұқымқуалаушылық
  • Онкогендер ДНК және РНК вирустары
  • Эндогенді канцерогендер:холестерин, витаминД, өт қышқылдары т.б.

Химиялық ықпалдар

  • Өспе дамуына әкелетін химиялық заттар канцерогендер деп аталады.
  • Барлық канцерогендер экзогенді және эндогенді болып бөлінеді.
  • Экзогенді канцорегендер:
  • - көп оралымды хош иісті көмірсутектер: фенантрен, 3,4-бензпирен және т.б;
  • -оралымды аминдер: нафтиламин, бензидин;
  • -аминдік азоқосындылар: диметиламиноазобензол т.б;
  • -бейорганикалық химилық заттар: хорм, қорғасын, мышьяк, кадмий

Химиялық ықпалдар

  • Эндогенді канцорегендер:
  • - стероидтық гормондар: эстероген, эстрадиол
  • -холестерин туындылары: холестадиендер, карцинолипиндер;
  • -амин қышқылдарының ыдырау өнімдері: триптофан, тирозин;
  • -бос радикалдар мен майлардың асқын тотықтары;
  • -нитроксид және оның асқын тотықтары жатады. Осы эндогендік канцерогенді заттар лейкозбен ауыратын сырқаттардың зәрінен табылған. Организмде эндокриндік бездермен гормондар өндіріліуінің бұзылуы өспелердің кейбір түрлерінің дамуына алып келеді.

Физикалық ықпалдар

  • Бұларға әртүрлі иондағыш сәулелердің түрлері және ултракүлгін сәулелер жатады. Иондағыш сәулелердің барлық түрлері:
  • -рентген сәулелері;
  • -a, b, g- сәулелері мен протондар канцерогендік әсер ете алады.
  • Биологиялық ықпалдар
  • Бұл ықпалдарға РНК-дан тұратын вирустар:
  • Адамдарда: Т-жасушалы лейкоз, яғни бұл HTLV-1 (human T-leukemia virus)
  • ДНК-дан тұратын вирустар:
  • -папилома, кандилома, Беркитт лимфомасы
  • -В-гепатитінің вирусы, әсіресе афлотоксинмен бірігіп әсер еткенде бауыр карциномасы т.с.с дамиды
  • - сонымен қатар герпесвирустар, олардың ішінде Эпштейн-Барр вирусы.

Вирустық ықпалдар

  • ДНК-вирусы:
  • HPV (адамның папилломасының вирусы)- жатыр мойнының ісігі;
  • EBV (Эпштейн-Барр вирусы)- назофарингеальды карцинома, Беркитт лимфомасы;
  • NBV, HBC ( гепатит В,С вирусы)- гепатоцеллюлярлы ісік;
  • Ретровирустар:
  • HTLV-1 (адамның лимфотропты вирусы)- Т- клеткалық лейкоз, лимфома;

Тұқымқуалаушы генетикалық бұзылыстардың маңызы:

  • а) отбасындағы қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдардың көп болуы;
  • б) онкогендік синдромдардың болуы (тұқым қуалаушы аурулар);
  • Даун ауруы (21-хромосома бойынша трисомия- жіті лимфобласты лейкоз;
  • 1-ші хромосоманың аномалиясы- көбінесе тері меланомасы дамиды.
  • Сонымен қатар ісік дамуында:
  • -Жүйке жүйесінің- созылмалы невроздық жағдайлар, ұзақ жан күйзелістері т.б бұзылыстары;
  • -Эндокрин жүйесінің – гормондық жағдайының бұзылуы;
  • -Тұқым қуалаушылық факторы;
  • -Иммунды жүйенің жеткіліксіздігі де ықпал етеді.

Ісіктердің жіктелуі

Қатерлі және қатерсіз өспелердің айырмашылықтары

  • Көрсеткіштері:
  • Қатерсіз
  • Қатерлі
  • Өсу жылдамдығы
  • баяу
  • тез
  • Өсу түрі
  • экспансиялық
  • Инфильтрациялық-
  • инвазиялық
  • Митоздық белсенділігі
  • төмен
  • үлкен
  • жақсы
  • көбіне ұқсамайды
  • Ядроның құрылымы
  • Көбіне қалыпты күйінде
  • Әдетте, гипохромды, кедір-бұдыр болып өзгергенядрошықтарында т.б құрылымында көптеген өзгерістер байқалады
  • Инвазия
  • байқалмайды
  • заңды түрде байқалады
  • Метастаза
  • өте сирек
  • жиі
  • Шекарасы
  • анық
  • жай көзбен көрінбейді
  • Қайталануы
  • Сирек болады
  • Жиі кездеседі
  • Қатерлі ісік – бұл ісік өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланады. Сол себептен оны «қатерлі» деп атайды. Қатерлі ісік қатерлі ісік жасушаларынан тұрады. Қатерлі ісік жиі обырмен шатастырылады.
  • Oл жасушалардың ретсіз бөлінуімен сипатталады, және де басқа ағзаларға, жиі тіндерге метастаз берумен сипатталады. Бұл ауру генетикалық бұзылу салдарының пролиферация және дифференцирацияның бұзылуы болып табылады.
  • Қатерлі ісік қалыпты жасуша қатерлі трансформация нәтижесінде пайда болады, ол бақылаусыз көбейеді, апоптозға қабілеттілігін жоғалтады. Қатерлі трансформация бір немесе бірнеше мутация кесірінен пайда болады,жасушалардың шекарасы анықталмаған жағдайда апоптоз механизімі бұзылуына алып келеді. Егер де ағзаның иммундық жүйесі мұндай трансформацияны анықтамаса, ісік ары қарай өсіп сонында метастаз береді. Метастаздар барлық ағзалар мен тіндерде пайда болуы мүмкін. Өте жиі метастаз сүйекте, мида, бауырда және өкпеде пайда болады. Және де жасушалардың бақылаусыз бөлінуі қатерсіз ісікке алып келуі мүмкін. Қатерлі ісік қатерсіз ісіктен ерекшелігі метастаз қалыптастырмауы болады, басқа ағзаларға енбейді және ағзаға қатерсіз. Бірақ та қатерсіз ісік жиі қатерлі ісікке ауысады.

Ісіктерді анықтайтын әдістер:

  • 1.Морфологиялық әдіс-дәрігер арнаулы құралдар (гастроскопия,ларингоскопия т.б)арқылы немесе жай көзбен көру арқылы тіннің патологиялық өсуінің сыртқы көрінісін макроскопиялық тексеру арқылы анықтайды.
  • 2.Микроскопиялық әдіс-биопсия арқылы жіне алынған тін бөлігін зерттеу арқылы жүргізіледі.Осы әдістің арқасында ісіктің өсу не өспеуі және қандай түрі екендігін анықтауға болады.
  • 3.Цитологиялық әдіс-тін пункциясы арқылы анықталады.Арнайы ине арқылы ісік жасушаларын және сұйықтығы адам организмінен алынады.
  •  
  • Зертхана қызметінің негізгі бағыты — қатерсіз және қатерлі өскіндердің дифференциалды диагностикасына арналған биологиялық материалды цитологиялық түрде зерттеу, қатерлі ісік алды патология мен қатерлі ісікті жетілудің ерте кезеңінде анықтау.
  • Цитологиялық зерттеулердің келесі түрлері жасалады:
  • Әртүрлі аймақтағы (сүт безі, сілекей безі, қалқанша без, қуықалды безі, жұмсақ тіндер, лимфалық түйіндер, тері) ісік немесе ісік тәрізді пайда болған өсінділерден алынған пунктаттарды зерттеу
  • Науқасты эндоскопиялық зерттеуден алынған материалды цитологиялық тексеру (бронхоскопия, ларингоскопия, эзофагогастроскопия, колоноскопия, лапароскопия). Жатыр мойны және цервикальды арна қырындыларын, жатыр қуысынан алынған аспираттарды зерттеу; Эрозиялардың, ойықжаралардың, жаралардың, жыланкөздердің үстінен алынған қырындыларды және шығындыларды тексеру; Сұйықтықтарды (өкпеқап, асцитикалық, т.б.) цитологиялық түрде зерттеу. биопсиялық және операциялық материалды цитологиялық түрде зерттеу;
  • Сұйықтық цитологиясы әдісімен гинекологиялық материалды (жатыр мойны және цервикальды арнадан алынған жағынды) цитологиялық тексеру.
    • MINDRAY ВС — 3200 гематологиялық талдағышы (АҚШ, Қытай)
  •                                                                                                       
  • MINDRAY ВС гематологиялық талдағышы
  • ВС-3200 гематологиялық талдағышы клиникалық қан талдауының 19 параметріне, оның ішіне лейкоциттерді саралауға және лейкоциттерді, эритроциттерді және тромбоциттерді тарату бойынша 3 гистограмма құруға арналған.
  • е-411 иммунохемилюминесценттік талдағышы
  •                                                                                                       
  • е-411 иммунохемилюминесцентті талдағышы
  • Roche Cobas e 411 талдағышы автоматты жабық жүйе болып табылады және Германияның «Roche Diagnostics» өндірісінің реагенттерінде ғана жұмыс істейді. Жүйе адамның қатысуынсыз дерлік жұмыс істейді, сондықтан адам факторына қатысты қателіктер болмайды. Талдау нәтижесін алудың қысқа мерзімі, зерттеудің өте дәл болуы және сынақ мәндері ауқымының үлкен болуы диагнозды барынша дұрыс қоюға және қолданылатын емнің мониторингін жасауға мүмкіндік береді.
  • Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз?
  • ▪үнемі бір түрдегі азықтарды пайдаланбау;
  • ▪тамақтану кезінде тамақтың дәмділігі мен қоректілігіне мән беру;
  • ▪аса тоя тамақ жемеу;
  • ▪ас қорыту жүйесінде жарақаты бар адамдарға сыра ішпеу.Өйткені сыраның құрамында көп мөлшердегі көмірқышқыл газы болатындықтан,асқазандағы көмірқышқылының мөлшерін одан әрі арттырып,жарақаттың тесілу қаупін туғызады.
  • ▪темекіні шектен тыс,тіпті мүлдем тартпау;
  • ▪тұзды тағамдарды аз тұтынып,қуырылған тамақтарды жемеу;
  • ▪шектен тыс шаршамау;
  • ▪көңіл күйді көтеріңкі ұстау;
  • ▪балғын жемістер мен көкөністерді көп жеу;
  • ▪еңбек ету мен демалу тәртібін сақтау;
  • ▪дене шынықтырумен айналысып тұру

Қорытынды

  • Қатерлі ісік дамуы
  • Жайылмалы әркелкі гиперплазия дамуы
  • Жасушалардың ошақталып өсуі
  • Қатерлі өспеге айналуы
  • Қатерсіз өспе дамуы

Пайдаланылған әдебиеттер

  • 1. Шалхарова.Ж.Н., Шырынбекова.Б.Ж «Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы» Түркістан 2008, 90 бет
  • 2. Тапбергенов «Клиникалық биохимия»
  • 3.Сейтембетов Т.С,Сейтембетова А.Ж «Биологиялық химия»
  • 4. www.medicinform.net
  • Назарларыңызға
  • Р А Х М Е Т


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет