Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет4/5
Дата25.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#7938
1   2   3   4   5
3.1. Ресми стильдегі мәтін бойынша. Ресми тіл өзіне тән тілдік құралдардың қолданысымен ерекшеленеді:

  • жоғары тәртіппен (регламентпен) сөйлеуге белгілеген тілдік қолданыстар;

  • мазмұнды баяндаудағы ресмилік;

  • сөздер тек өзінің тура мағынасында баяндалуы;

  • ресми тілде сөйлеушінің жеке көзқарасы мен пікірінсіз тек дәлдік пен нақтылық сақталады.

Ресми тіл екі үлкен бөлімнен тұрады: ресми-құжатты және күнделікті істер. Ресми-құжатты – дипломатия тілі (дипломатиялық актілер) және заңдар тілі деп бөлінеді. Ал күнделікті істер тіліне – қызметтік хаттар және іс қағаздары жатады. Сызба түрінде былай көрсетуге болады:

№6. Ресми стиль жанрлары.




Ресми стиль




Ресми құжаттар




Күнделікті істер




Дипломатия тілі




Заңдар тілі




Қызметтік тіл




Іс қағаздар

Әдеби тіл стилінің бұл түрі қарым-қатынастың бір формасы ретінде қолданылады. Ресми стильдің халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде, қарым-қатынасында маңызды роль атқарады. Яғни, бұл стильдің қалыптасуы белгілі бір қажеттіліктен келіп туған. Сондықтан ресми стиль адамзаттың қоғамдық өмірінің жоғарғы сатысында мәдени дәреженің жетілген кезінде пайда болды.



Ресми іс қағаздарының тілдік құралдарды қолданылуы да өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, құжаттар белгілі бір үлгіде орындалады, немесе құжаттардың өзіндік алдын ала дайындалған үлгісі болады. Бұл үлгі қағаздарда өзіндік ойын жазбаша жеткізу тәсілдері мен сөйлем құру реңктерін анықтайды. Мысалы, анықтама құжаттарында: «Осы анықтама талап еткен орынға беріледі», ал акт жасауда: «бір жағынан», «екінші жағынан», «акт тапсырушы», «акт қабылдаушы», «біз қол қоюшылар», «қабылдап алдым» деген штамп сөздер кездеседі.

Ресми стильдік екінші бір ерекшелігі көркемдегіш құралдар өте сирек қолданылады. Ресми стильде көбінесе лексикалық жағынан ауыспалы мағынада қолданылмайды, қолданылса да өте сирек қолданылады. Тұрақты тіркестер, фразеологизмдер де аз пайдаланылады. Қолданылатын жағдай ол ресми хабардың сипаттаушы емес, хабардың әсерін арттыру үшін ғана қолданылады.

Ресми стильдің грамматикалық жағынан ерекшелік әбден қалыптасқан, тілдік ерекшеліктері айқын көрінетін стильдің түрі болып табылады.

Құжаттар немесе іс қағаздар, баяндау немесе хабарлауға байланысты сай пайдаланылады. Көбінесе мұндай сөйлемдердің баяндауыштары бұйыру, шақыру, үндеу т.б. мәнінде болады. Мысалы: орындалу міндеттелінсін, баса назар аударылсын, мекемеге тапсырылсын. Әсіресе сөйлемнің баяндауышы немесе етістіктің өткен шақ формасында жиі кездеседі. Көбінесе іс қағаздардың көпшілігі келер шақтың формасы ырықсыз етіс түрлерінде кездеседі.

Іс қағаздар стилінің немесе ресми стилін мәтін құрауында өзіндік өзгешеліктер бар. Ресми мәтін тұжырымды, қысқа белгілі бір баяндау мазмұнынан гөрі, тілдің қатысымдық мазмұнымен жиі кездеседі. Мысалы: сенімхат, анықтама, өтініш, қолхат т.б.

Мәселен, мемлекеттік директивалық шешімдерді басқару іс қағаздарының көптеген түрлерінде, әсіресе, тарихи құжаттардың тілдік ерекшелігі айрықша. Мұндай іс қағаздарда қоғамның даму тарихы жайы жазылады да, мемлекеттік құрылыстың әр кезеңіндегі тарихын көрсетуде іс қағаздарының да алатын орны бар.

Ресми қарым-қатынаста лексикалық сөз байланысының мүмкінділігі шектеулі. Мысалы, қызмет хатта құралмайды (жазылмайды) және бағытталады (жіберілмейді), үкім хабарланады, бетке басып шығарылады, еңбек ақы тіркеледі. Немесе, мына сөздер белгілі бір құжатты ғана таңдап қолданылады: тілекке жету (пенсияны сұрап алу), қол қою, тыңдау (баяндама тыңдау), тиісті, қабылдамау т.б. Кейбір құжаттар мазмұнға құрылмайды, олар анкеталық сұраққа жауап беру, сан (цифр) арқылы кесте мәлімет т.б.

1. Анкета. Бұл әдістің трафаретпен ұқсастығымен қатар айырмашылығы да бар. Біріншіден, синтаксистік ұйымдастырылуы бірдей емес. Анкетада сұрақтар ерте дайындалады. Осы сұрақтар мен жауаптар мағынасы жағынан байланысып өздігінен сөйлем құрады. Олар бірдей формада болады. Анкета вертикальді орналасады.

2. Кесте. Бұл берілген сандық немесе сөздік форманың бірлігі, бір құжатта әр түрлі мәтіннің байланысы беріледі. Ұлттық жазба сөйлеумен байланысып кестелік материалмен түсіндірілуі мүмкін. Ал ол анкетаны болжамайды. Құжаттың мәтінмен көрсететін форма, ондағы хабардың мазмұнын анықтайды. Мәтінмен формаланған түрлі трафареттер, анкеталар, кестелер қызмет құжатының үндесу формасының басты амалы болып табылады.

Қызмет сөзінің өзі құжат немесе құжаттың бір түрі екенін көрсетіп тұр.

3. “Қызмет құжаты” түсінігі мыналарды қамтиды:


        1. Деректі және басқаратын құжаттар (нұсқаулар, заңдар, шешімдер, бұйрықтар).

        2. Әкімшілікті ұйымдастыру құжаттары (жоспар, ереже, акт, хаттама, есеп беру).

        3. Еңбектердің жеке құрамы туралы құжат (арыз, өмірбаян т.б.).

        4. Финанстық құжаттар

        5. Есепке алу құжаттар (мемлекетаралық іс қағаздар).

4. Құжат мазмұны. Құжат мазмұны – оның жауапты бөлігі болып табылады. Құжат мазмұны заңдық қатынаста мінсіз, ақиқатты болу керек. Ол құжат ретінде құбылыс, оқиға, деректерді анықтауға қызмет етеді. Дәлсіздік, өңін айналдыру, түсініспеудің құжат сапасын төмендетіп, оның заң жүзінде күшін әлсіретеді.

Құжат қысқа әрі нақты жазылып, кейбір “шындығында жұмыс істейді” т.б. білдіретін және т.б. артық сөздер экспрессивті-эмоциональді сөздер мен эпитет, метафора, гипербола қолданылмайды.

Құжатта айтылғанда сұрақтарға ешқандай күдік, түсінісу пікірлері болмай, бәрі айқын баяндалуға тиіс. Мәселен, бір азаматқа жұмыс орнына анықтама берілетін болса, онда қайда және қандай мақсатпен берілетіні туралы көрсетілуі керек. Егер қандай да бір бөлімнің қызметкеріне алғыс жариялау туралы бұйрық шықса, онда соған байланысты қандай жағдайда мадақтауға ие болған еңбегі көрсетілуі тиіс.

Мазмұнның түсініктілігі – құжаттағы барлық ойдың әдеби тілмен тұжырымды баяндалғанын дәлелдейді, әрбір адамның оңай түсінетіндігін білдіреді. Ұзақ көп цифрын, есімше, көсемше тіркестерінен аулақ болған жөн. Сөйлемдегі сөздерді грамматика ережелеріне сәйкес орын-орнына қоя білу керек.

Іс қағаздарын жүргізу әкімшілік және жалпы болып бөлінеді. Әкімшілік іс қағаздарын жүргізуге мекеме қызметінде бұйрық беру және оны жүзеге асыру үрдісінде туындайтын құжаттар жатады.

5. Мемлекет басқару ұйымдары және ведомоствоға қарасты мекемелерде қолданылатын құжаттар ұйымдастырушылық – бұйрық беру құжаттар деп аталады.

Бұларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады.


              1. Ұйымдастырушылық (ереже, жарлықтар, нұсқаулар).

              2. Бұйрықтар (қаулы, бұйрық, нұсқау, шешім).

              3. Анықтамалық – хабарлама (хаттар, баяндамалар, шолулар, түсіндірме хаттар, тізімдер т.б.)

Міндет, белгіленуі , қойылуы жағынан құжаттар фактілерді, оқиғалар мен құбылыстарды тіркеу (акт, есеп, хаттама) хабарды белгілі бір жерге жеткізіп (хат, ашық хат, жеделхат) отыратын құрал ретінде де қолданылады. Қызметтік құжаттар – мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамдар атынан, ал дербестері жәке азаматтардың атынан (өтініш, шағым) жазылады.

Іс қағаздар мен құжаттардың өзіндік құрылымы болады. Мысалы:



  1. Жеке іс қағаздарының авторы сол құжатты (хаттар, арыз, өтініш, шағым) құрастырған адамдар, қол қоюшылар да осы жекелеген адамдар болып келеді.

  2. Құжаттардың ерекше белгілері болуы мүмкін. Олардың белгілі бөліктері “шрифтер” деп аталады. Бұл белгілеулер құжаттар құпиялығын, орындалуының тездігін, почта жіберудің ретін анықтайды.

Құжаттар құпиялығын анықтайтын шрифтер (белгілер) “өте құпия”, “құпия”, “жариялауға болмайды” деген түрлерге бөлінеді. “Шұғыл” белгілі құжаттар арқылы жіберулі ретін білдіреді.

  1. Құжаттар мазмұнына қарай дербес және типтік болуы мүмкін. Көптеген құжаттар қайталанбас мазмұнымен дербес болады. Мазмұны жағынан дербес құжаттарға: қаулы, шешім, бұйрық, хаттамалар жатады.

  2. Әрбір құжаттың мазмұны түсінікті болу үшін бас тақырыбы оның оқуын жеңілдетеді; оны тіркеуде, орындаушыларға бөліп, орындау және талдау кезінде жеңіл тиеді. Басқа тақырыбы бар құжаттар іс қағаздарын тіркеуге қолайлы.

Демек, оқушыларды күнделікті өмірге бейімдеу үшін жазбаша сөйлеу мәтін құрастыра білуге жаттықтырылады. Ең алдымен, оның тілдік құралдары туралы мәлімет оқытылып отырылған тілдік материалмен байланыстырылады. Мысалы, 7-сыныпта етістік туралы білім беруде, етістіктің модальдық құрылымының қолданылу ерекшеліктері ресми стильдегі мәтіннің тілдік құрылымымен байланысты мәлімет беріледі. Мәселен,іс қағаздар тілінде барыс септіктегі етістік құрамды сөздің модаль сөздермен тіркесіп жұмсалуында кейбір ерекшеліктер бар. Біріншіден, іс құжаттар тілінің қызметтік аясына құқықтық қатынастар саласы, басқару салалары жатады. Осыған байланысты іс құжаттарының стильдік бағыты отбасы қарым-қатынасындағы, қызметтегі қоғамдық орындарындағы және мемлекет алдындағы жауапкершілік пен міндеттілік мәнде болып келетінін білеміз.

Екіншіден, адамдарды басқару заңдар, ережелер, жарғылар негізінде, сондай моральдық-этикалық ұйғарымдар мен тыйымдар негізінде жүргізілетіндіктен іс жүргізу мәтінінің тілдік құралдарына жеке адам тіліндегі ерекшеліктер тән емес. Ресми іс жүргізу стилінің мағыналық ерекшелігі әлеуметтік сананың ерекше формасы – құқықтық санамен сәйкеседі. Соған орай, басқару тілінің стильдік белгісі, бағыты, бұйрық, жарлық, нұсқау түрлері міндеттілік, жауапкершілік негізінде сөйлем құрылымы да осы ерекшеліктерге сәйкес түрде жүзеге асады. Соған орай қажеттілік, міндеттілік мағынасындағы модаль сөзді күрделі етістік баяндауыштар тұрақты қолданылады.



Жазбаша тілде, көркем шығармаларда аса көп кездесе бермейтін, соның ішінде іс қағаздар тілінде сандық жағынан молынан қолданылатын, іс қағаздар тіліне тән стильдік сипат алған модальды күрделі баяндауыштар қолданысы іс қағаздар тілінде берік орын алған. Мысалы, іс қағаздар стиліне тән модаль сөзді күрделі баяндауыштар тұлғаларының мәнін ашып көрсету үшін –уға тиіс, -уға міндетті, -уы керек, -уі мүмкін тұлғалардың қолданыс ерекшелігін алайық.

М.Балақаев “Қазіргі қазақ тілі”(синтаксис) оқулығында құрама баян-дауыштардың құрамындағы сияқты, секілді, тәрізді, керек, тиіс модаль сөздері есім баяндауыштарға көмекшілік қызметте жұмсалғанда, сөйлемдегі ойға айтушының әр түрлі көзқарасын білдіру үшін жұмсалатындығын көрсетеді [33].

Х.Неталиева қазіргі қазақ тіліндегі –у тұлғалы қимыл есімдері мен модаль сөз тіркесінің мағыналық қызметі жөнінде былай дейді: “ тұлғалы етістіктер, көптеген көмекші шылаулар, модаль сөздерімен жиі қолданылады. Олар: керек, керек емес, үшін, тиіс, мүмкін, қажет т.б. –у тұлғалы етістіктермен айтылатын осындай сөз тіркестерінің бірсыпырасы (міндеттілікті) керек, қажет, тиіс т.б. білдіретіндігін айтады” [34,31].

К.Ищанов етістіктің модальдық құрылымын раймен байланыстыра қарады, тұлғасы кейбір модаль сөздермен тіркескенде, міндеттілік райы және қажет райы деп аталатын ерекше модальдық категория жасайтынын айта отырып, оның екі тәсіл арқылы жүзеге асатынын атап көрсетті:

  1. у тұлғалы сөзбен керек, шарт, мүмкін модаль сөзінің тіркесі арқылы. Аталған құрылым, негізінен, қажеттілік пен мүмкінділікті білдіреді;

  2. барыс септігі –у тұлғасы мен тиіс, міндетті модаль сөздерінің тіркесі. Мұндай құрылым қажеттілік пен қимылдың міндетті түрде іске асуын білдіреді [35].

Ал мұндай мағынадағы қажеттілік, міндеттілік іс қағаздар стиліне жүйелі қолданылатын грамматикалық бірлік деп тануға келтірілген мысалдар себепші бола алады. Мәселен, баптар мәтіндерінен үзінді келтірейік: “Нотариустың құжаттары заңдарда белгіленген тәртіппен міндетті түрде мемлекеттік архивке тапсырылуы тиіс”. “Егер азаматтар және олардың ақыл-есі кемістігі салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алатын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті”.

Етістіктің модальдық құрылымдары субьектінің қимыл-әрекетінің ақиқат-шындыққа қатынасы жөніндегі көзқарасын білдіреді. Ал қимылға деген субьектінің көзқарасының түрлі болуы заңды. Ал іс қағаздар тілінің синтаксистік құрылымдардың қолданылу қызметінің бағыты, негізінен, бұйыру, әмір ету, үкім шығару т.б. реңдік мағыналарда болғандықтан, қажеттілк, міндеттілік мағынадағы синтаксистік құрылымдар іс қағаздар тілінің ерекшеліктеріне тән қасиетке ие болады. Мәселен, іс қағаздар стилінде бұл тұлғалардың көп қолданатыны оның функционалдық қызметімен байланысып жатқан ерекшелік деп айта отырып, -уға керек, -уға тиіс, -уға міндетті тұлғаның синонимдес мәнде жұмсалып міндеттілік мағынаны білдіруі арқылы ресми құжаттар бетінен жиі көрініс беруі іс қағаздар тіліндегі жазылу әдісінің бір түрі болып келеді.

Мысалы, “Еңбек келісімі” құжатынан: “Келісім мезгілінен бұрын тоқталатын болса, ол жайлы екі жақ бір-біріне 15 жұмыс күн бұрын жазбаша хабарлау керек”.

Телефонхаттан үзінді: “Ғимаратқа кіру үшін жеке басын растайтын құжат алу керек”.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен үзіндіде: “Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін, жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкілікті қосымша жаза осы кодекстің жалпы бөлімінің сол жазалау түрі белгіленген ең жоғары мерзімнен немесе мөлшерінен аспауы керек”.

Тұжырымдағанда, іс қағаздар тіліне тән жиі кездесетін бұл қайталаулардың қызметтік сипаты үнемі постпозицияда (соңында) келіп, бір жағынан, мәтін мазмұнын бірнеше компоненттерге бөліп, түйдекті түрде үстемелене қолданылып, айтылар ойды хабарлау, түсіндіру, нақтылау, түйіндеу секілді сан түрлі қызмет атқарып отырса, екінші жағынан, мәтінді тудыру, дамыту, тиянақты түрде аяқтау қызметімен қоса, айтылар ойдың, іс-әрекеттің міндетті түрде болуына қозғау салу, тіпті бұйыру бояуының реңін байқауға болады. Соған орай, бұл қайталама құрылымдар бүкіл мәтін бойынан кездесіп, мәтін мазмұнын жүйелі баяндайтын іс қағаздар тіліне тән сөйлем құрылысының тиімді баяндауышына айналады.

Ал оқушыларға ресми мәтін құрастыра білу икемділігін арттыру үшін:

- ресми мәтіннің тілдік ерекшеліктері туралы білім, сол сыныпта оқытылатын грамматикалық форма мен категорияға байланысты берілуі нәтижелі болады;

- ресми мәтіннің түрлерімен таныстыруда оның мағыналық, мазмұндық мәніне орай жүрізіледі. Мәселен, ол құжат қайда қолданылады, мақсаты не? деген мәселелер анықталады;


  • құжаттардың, іс қағаздардың мәтінінің тілдік ерекшеліктерін тани білуге жаттықтыру мәтін талдау жүйесімен жүргізу қажет.

3.2. Ғылыми стильдегі мәтінмен жұмыстың әдіс-тәсілдері. Ғылыми стильдің қолданылу аясы өте ауқымды. Бұл әдеби тілге жан-жақты және әсер ететін стиль түрлерінің бірінен саналады. Қоғамда күн санап қаулап өсіп жатқан ғылыми-техникалық өрлеу тілдің сөздік құрамына жаңа сөздер мен жаңа тіркестерді енгізеді. Ипотека, инвестор, тендер, фермер, аукцион, электрондық пошта, факс, мемлекеттік пакет, акция т.б. толып жатқан жаңа терминдер бұқаралық ақпарат құралдарының күнделікті тілдік қолданыстарға дейін жетті.

Ғылыми-техникалық стильдің түрлі салада және оның жылдам дамуы осы стильдің өзінде көптеген жанр түрін әкелді. Мысалы, монография, оқулық, оқу құралы, мақала, реферат, каталог, диссертация, анықтамалық,т.б. Аталған жанрларға өзіндік стильдік ерекшеліктер тән, алайда оларды біртұтас ғылыми-техникалық стиль белгілері бойынша топтастырады.

Ғылым тілі лексикасын: 1) жалпы қолданыстағы сөздер; 2)жалпы ғылыми сөздер; 3) терминдік қабаттар құрайды.

Ғылыми мәтінді құрайтын жалпы қолданыстағы сөздер ауқымы мәтіннің қандай оқушыға, яғни қандай ғылыми ортаға арналғанына қарай өзгеріп,түрленіп отырады. Мысалы: 1. Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады; 2. Коммерциялық ұйым – өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейді; 3. Аң аулау үстем тап өкілдеріне көңіл көтеретін, ойын-сауық, тамаша болса, кедейлер үшін өмір сүрудің бір көзі болған. 4. Медицинаның атасы Гиппократ: табиғат – организмге дәрі, ал дәрі-дәрмек оны жолға қояды деп үйреткен. Келтірілген мысалдардан философия, экономика, тарих, медицина ғылым салаларының мәселелері екені оқушы мәтіндегі сөздердің мазмұндық қолданысына қарап түсінеді.

Қандай ғылыми еңбек болмасын, ол жалпы халықтық әдеби тілде жазылуға тиісті, бірақ ғылым саласына қарай тілдік тәсілдердің пайдаланылуы бірдей болмайды. Әр сөз ғылыми стильде өзінің лексикалық мағынасын сақтайды, өйткені бейнелілік, көп мағыналылық ғылыми стильге тән ерекшелік емес. Лингвистикалық ғылыми еңбектерде де термин көп қолданылады. Мысалы:

Мәтін

Акрехин – азоттан синтетикалық жолмен алынған дәрі, безгекке қарсы қолданылады. Суда еритін, сарғыш кристалды, ащы дәмді, ұнтақ таблетке түрінде шығарылады. Безгек плездомиясының (қан паразиті) бірі – шизонттар адам организмінде өсіп-өне келіп, ол безгек ауруын қоздырады. Ал акрехин болса, сол паразиттің өсіп-өнуіне жол бермей тоқтатады...

Бұл мәтіндегі сөйлемдердің баяндауыш формалары үшінші жақ жіктік жалғауымен келген, ғылыми стильге тән медициналық терминдер де көп алынған және біріңғай сөйлем мүшелері арқылы бір затты әр жақты сипаттау, бір затқа түсінік бере кету тәрізді стильдік, дәлдік ерекшеліктер сақталған, ғылыми стильге тән терминдер де жеткілікті.

Ғылыми стильдегі негізі зерттеу нысаны болатын зат пен құбылыс ғылыми негізінде дәлелдеп, түсіндіруді қажет етеді. Ол үшін дұрыс ойлау, логика заңына сүйенеді. Оқушы мен тыңдаушыға түсінікті, дәлелді, тұжырымды болу мақсат етіледі, тілдік тәсілдер ғылым мәселелеріне бағындырыла отырып пайданылады.

Г.В.Матвеева өз еңбегінде сөйлеу әрекеті теориясында сөйлеу актісінің үш құрамдас бөлігінің: 1) локутивті (фразаның айтылу факті); 2) иллокутивті (фразаның әсері); 3) перлокутивті (сөйлеу әрекетінің салдары) шегін айқындау қажеттігін айтады да, мәтін прагматикасын былай анықтайды: “Под прагматикой текста следует понимать аспект функционирования языковых единиц, выбор которых определяется интенциональными воздействующими задачами отправителя текста, учитывающего ситуативные условия акта общения и принятые в данном функциональном стиле нормативные способы употребления языка” [36, 24].

Бұлардың ішінде біздің басты назар аударатынымыз – “иллокутивті мақсат - өз ойын басқаның түсінгенін қалайтын мақсат”.

Автор өзінің мақсатына жету үшін әр түрлі қатысымдық тактикалар қолданылады. Мәселен, автор өз ойының дұрыстығын дәлелдеу үшін шындық фактілерінің бағалануының әлеуметтік нормаларына сүйенеді, ал өз кезегінде әлеуметтік норма мәртебесі (статусы) бұл құбылыстың дағдылы, үйреншікті екендігіне оқушының көзін жеткізеді. Демек, әлеуметтік норма мәртебесі мәтінді қабылдаушыға сенімділік, қостау мәнді әсер етеді. Мәселен, ол 1-жақтың көптік тұлға мәтінде есімдік, тәуелдік және жіктік жалғаулар арқылы беріледі.

Олай болса, біз неге өте таза жартылай өткізгіштік шикізат алуға тырысамыз? Ол үшін тіпті ғарышта тәжірибе жасауға ғарышкерлерімізге тапсырма береміз. Оның себебі мынада. Белгілі бір сапалы электрондық аспап жасау үшін тек белгілі бір қасиетті қоспалы жартылай өткізгіш қажет. Оны алу үшін тек белгілі бір мөлшерде ғана қоспа қосуымыз керек”. Ал қанша қоспа қосқанымызды анық білу үшін бастапқы негізгі шикізатымыз өте таза болуы тиіс.

Бұл үзіндідегі “біз” жіктеу есімдігі мен соған сәйкес жіктелген “тырысамыз”, “тапсырма береміз” етістіктері көпше түрде келіп, әрекетке әлеумет өкілдерінің кез келгенінің қатыса алатынын аңғартса, тәуелдік жалғаулы “ғарышкерлеріміз”, “шикізатымыз” сөздері қабылдаушыны да бұл нысандарды өзіне меншіктей алатындай етіп, яғни ортақтаса алатындай етіп көрсетеді.

Жазба ғылыми мәтіндерде хабарлаушының оқиға ықтималдығын бағалауы бойынша әсер ету межелерін өзектендіру үшін модальды семантикалы лексикалық құралдар қолданылады. Оқиғаның болу мүмкіндігі межесін өзектендіру үшін мәтінде семантикалық және синтаксистік құралдар пайдаланылады да, ылғи да басқа межелермен қабаттаса қолданылады.

Егерде есеп беру информациясы тек қана алғашқы информациядан тұратын болса, онда басқару жүйесінің осы буыны ешқандай міндет атқармайды, бұндай буынды алып тастауға болады”.



Тристордың негізгі вольтамперлік шығыс сипаттамасы жоғарыда келтірілді. Оларға қосымша оның кірістік басқару сипаттамасын да атап өтуге болады”.

Енді ғылыми мәтіндерде жиі қолданылатын ырықсыз етіс категориясы туралы айтсақ, ырықсыз етіс тұлғасында айтылған етістіктің субьектісі арнайы айтылмайды да, іс-әрекет нысанына бағытталып, сабақты етістікті салт етістікке айналдырады . Мысалы:

Екінші кодалаушы құрылғы – каналдық кодалаушы қосымша элементтерді пайдаланудың көмегімен берілетін информацияның дәлдігін жоғарылату үшін қолданылады. Қосымша элементтер каналдағы бөгеуліктердің пайда болу заңдылығына байланысты қосылып сол бөгеуліктердің әсерінен пайда болатын қателіктерді жою үшін пайдаланылады. Мұндай кодалар бөгеуліктерге төзімді немесе түзетуші кодалар деп аталынады”.

Бұл айтылымда “қолданылады”, “пайдаланылады”, “аталынады” деген баяндауыштар нысанның өзінен-өзі қолданысқа түсетіндігін, пайдаға асатынын, аталатынын емес, осы әрекеттерді міндетті түрде адамның атқаратынын көрсетеді. Сондай-ақ “тағылады”, “айналдырылады”, “салыстырылады”, “сақталады”, “қайта түсіріледі” деген ырықсыз етіс формасымен берілген іс-әрекеттер ашық берілмесе де, оның адам әрекеті екендігі, ал ол әрекетке сол қоғамның мүшесі ретінде әркімнің де, ең алдымен мәтінді қабылдаушының да қатыса алатынын көрсетеді.

Тұжырымдай келгенде, ғылыми стильдегі мәтіннің өзіндік құрылымдық ерекшелігі болады. Біріншіден, мәтіннің мазмұны нақты, белгілі бір тақырып, мәселені хабарлайды. Екіншіден, хабарлау тек баяндау сипатында емес, дәлелдеу, дәйектеу, пікір білдіру сипатында болады. Үшіншіден, әрбір құрылымдағы пікір белгілі оймен тұжырымдалып, дәлелденіп отырылады. Яғни сөйлемдер екі топқа бөлінеді: бірі – теориялық пікір, яғни белгілі бір пікір хабарланады, екіншісі – сол пікірді дәлелдеп тұжырымдайды немесе түсіндіреді. Ал бұл ерекшеліктің бәрі мәтіннің мазмұнына, мәселенің тақырыбына сәйкес топтастырылады.

Сондықтан оқушыларды ғылыми мәтін құрастыруда пәнаралық байланысты, яғни сол сыныпта оқытылатын пәндер: физика, биология, химия, география, тарих т.б. бойынша мәтін құрастыруға жаттықтырылады.

3.3. Публицистикалық мәтін бойынша. Қоғамдағы әлеуметтік және саяси жағдай, тұрмыстық мәселелер сияқты толып жатқан заман құбылыстары әр дәуірдің өз тарихы ретінде хатқа түсіп қатталып қала береді. Қай кезде болмасын олар публицистикадан көрініс табады. Қоғамдық мәселелерді сөз етуіне қарай, публицистика көркем әдебиетке де ұқсас келеді. Оның да жанрлық ауқымы кең, көркемдік қуаты мол.

Қазақ публицистика стилінің пайда болып, қалыптасып, дамуында газет тілінің, олар атқарған, атқарып отырған әлеуметтік-қоғамдық қызметтері түрлерінің (ағартушылық, ақпараттық, әдеби тілді жетілдіру) әсер-ықпалы мол екенін білеміз. Ал публицистикалық стильдің негізін құраушы газет тілінің арнаулы ғылыми зерттеу нысаны болуының себептері мынадай:



  • газет - әдеби тілді дамытып, сөздік құрамды толықтырып, молайтып, байытып отыратын қайнар көздердің бірі.

  • газет ауызекі сөйлеу тіліне де, жазба әдеби тілге де ықпал етуші ақпарат құралы (бұл құбылыс керісінше де жүріп жатады).

  • газеттің әдеби тілдің функциональдық стильдерінің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі зор.

  • газет – тіл мәдениетінің көрсеткіші.

  • газет – тілдегі сөзжасам саласының пәрменді құралы.

  • газет – термин қалыптастыру мен бейтерминденуі үдерісі жүруіне, сол арқылы тілдегі синонимдер қатарының пайда болуына мүмкіндік береді.

Публицистика ашық түрде үгіт насихат жүргізеді. Мұнда сендіру, иландыру ықпал ету басқы негізінен мынадай ерекшеліктері бар. Олар:

        1. Айтылатын, жазылатын материал дерекке негізделеді. Тіпті ресми деректерге сай болуы тиіс.

        2. Оқырман үшін ұсынылатын материал барлығына түсінікті болуы керек.

        3. Қай жанрдағы түрі болсын, оқушыға әсерлі, яғни ықпалы болуы тиіс.

        4. Ұсынылатын дерек көзі оқырман үшін жаңа болуы.

Публицистикалық мәтін ерекшеліктері мен қызметін былайша нақтылауға болады.

1.Түрлі оқиға, факті мен жағдаят туралы оқырманға тыңдаушы мен көрерменге хабар жеткізу арқылы танылатын информациялық-ақпараттық қызметі;

2. Белгілі бір факті, дерек туралы хабардар етіп, түсінік-коментарийлер, баға беруге, талдау жасауға ұштасып жататын коментарийлық-бағалауыштық қызметі;

3.Қандай да бір мәдени, тарихи, ғылыми сипатты информациямен таныстыру барысында сол информацияны қабылдаушының таным-түсінігін, білім-біліктілігін арттыруға септесетін – ағартушылық-танымдық қызметі;

4.Қоғамдық пікір тудыру, оны қалыптастыру, адамдардың көзқарасын кеңейту және қоғамда болып жатқан инверсиялық өзгерістер мен науқандық, әлеуметтік-саяси акцияларды ұйымдастыру, өткізу кезінде, қайта құрулар мен ірі саяси оқиғалар, төңкерістер тұсында қоғам мүшелерінің дүниетанымына әсер ету функциясы:

Осы сынды мәліметтерді негізге ала отырып, газет мәтіндеріне де жиілікпен қолданылатын сөздерді іштей екі топқа бөлуге болады:



              1. Жалпыгазеттік сөздер. Бұл сөздер газеттегі белгілі бір тақырып немесе жанрмен, белгілі бір газетпен байланыстырыла қарастырылады. Айталық, ел, халық, мемлекет, демократия, саясат, ынтымақтастық, ұлт, топ, қоғам, халықаралық жағдай, пікір, жетістік, үлес, дағдарыс т.б. атаулар барлық газет атаулыда барлық жанрларда ұшырасады.

              2. Белгілі бір тақырып, белгілі бір жанр түрімен байланысты қарастырылатын сөздер тобы. Бұл сөздер мәтіндегі айтылар ойды жеткізу мақсатында қолданылатын оңтайлы атаулар түзеді. Мысалы, ғылыми тақырыпқа жазылған мақалалар болса, термин сөздер қатары мол болады. Газет лексикасының осы тобына ауызекі сөйлеу тілі элементтері, диалектизмдер, әлеуметтік диалект элементтері де кіреді. Бұл сөздер тобы ерекшеліктері бір ғана мәтін бойынша статистикалық санау жолымен бүкіл газет атаулыға тән жиі қолданылатын сөздер қатарын анықтаудың мүмкін еместігін, ондай әрекеттің біржақтылығын көрсетеді.

Газетте жиі қолданылатын тілдік бірліктерге тән мағыналық компоненттерінің ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  • газетке тән типтік қоғамдық-саяси лексика негізін идеалды сөздер құрайды;

  • коннотативтік және эмотивтік компоненттер мақсатты түрде қолданылады;

  • газеттегі экспрессивті-эмоционалдық мағына эвфемизм, дисфемизм, жаргон, табулар арқылы жағымсыз мәндер беруге қызмет етеді;

  • сөз мағынасына тән басқа функционалды-стилистикалық ерекшеліктер мағыналық компоненттер қатарына жатпағанмен, газеттегі сөз және оның қолданыс сферасына қосымша мәліметтер береді.

Публицистика мәтіндерінің түрлерін тақырыптық, жанрлық, мазмұндық жағынан саралай келе, ондағы лексикалық қабаттардың әркелкілігі, грамматикалық ерекшеліктері, бағалауыштық лексиканың молдығы сияқты тілдік деректер байқалады. Атап айтқанда:

              1. Лексикалық қабаттардың өзгерісі жаңа сөздермен толығуы, керісінше көне сөздердің жаңа мағына алуы; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа терминдер мен терминдік тіркестердің балама немесе калькаланған түрлерінің көбеюі;

              2. Грамматикалық тұлғалардың публицистика мәтіндерінде кейбір қолданыс ерекшеліктерін атауға болады. Мәселен, сөз таптарының ішінде аса өнімді жұмсалатын зат есім содан кейін етістік. Себебі зат есімдер арқылы номинативтер (атаулар) көбірек қолданылады және бағалауыштық лексика түрінде де жиі кездеседі. Қосымшалар арасынан –уда, -уде құранды қосымшасы жиілігімен байқалды. Сондай-ақ етіс категориялары ішінде ырықсыз етіс тұлғалы сөздер жиі қолданылады. Ал өткен оқиға туралы хабарларды тез жеткізу қызметін иеленетін өткен шақ етістік тұлғалар да пайдаланылады. Мысалы:

Бұл тұлғалар, тілдік бірліктер публицистикалық жанрдың мынадай түрлерінде ерекшелікпен қолданылады:

1. Репортаж тура автордың көз алдында болған оқиғаны айту, жеткізу десек, ондағы оқиғаға өз жеке көзқарасы мен авторлық бағалау қоса беріледі.Мысалы:



Әкім облыс аумағындағы бір қатар өзгерістер мен жетістіктер, жалпы халықтың әлеуметтік ахуалы жөніндегі пікірлермен ой бөлісті. Бұдан кейін сапар Атырау облыстық тарихи-өлкетану және өнер мұражайларына жалғасты. Әрбір тасынан тарихтың иісі аңқып тұрған киелі Атырау өлкесіндегі ендігі сапарлар ірі өндіріс орындары мен аудандарында жалғасын таппақ. (газет).

2. Очеркте оқиға мен дерек тек жай баяндалып қана қоймайды, мұнда жазылған мәселеге орай, автор оқиғаны дамытып жалпылама ой түйеді. Мысалы:



Сонан соң өзі қой жайып, жылқы қайырып кетпесе де бар шаруаның басы-қасында жүрді. Сөйте жүріп кешегі кей мал мамандарының өмір бойы мал соңында келе жатқан қойшы, бақташылардың керенау қылықтарына, яғни оятпасаң түске дейін ұйықтауға бейілді жалқаулығна таң қалатын. Бұл не сонда: қазақы марғаулық па, жоқ әлде кешегі қоғам мүддесі, қоғам дүниесі деген немкеттіліктен қалған ескі ғадет пе? Ал жасынан талап пен тәртіп рухында тәрбиеленген бұл үшін оның бәрі жат еді. (газет).

Очерктің кейіпкері мен оқиғасы құжаттық дәлелі бар нақты дерекке негізделеді. Мұнда әңгіме жанрындағыдай әлдебір ойдан шығарылған дүниелер емес, очеркті өмірде бар адам және оның іс әрекеті суреттеледі.



              1. Публицистика жанрында фельетон шындық болмысты әжуалап көрсету жағынан ерекшеленеді. Сатирадағы тілдік қолданыстар стильдік контрастар мен әсірелеу сияқты көркемдік құралдардан тұрады.

4.Оқушылардың өзіндік ойын дамытып, білім дәрежесін, тіл мәдениетін айқын көрсететін жазу жұмысының бірі – мақала жаздыру. Өйткені, мақала жазғанда оқушы алған тақырыбына қатысты құрғақ фактілердің басын құрап қоймай, белгілі сюжет құрап жазуға, оған тілдік құралдарды таңдауға тырысады.

Мақала жазу үшін оқушылар айналасында болып жатқан сан түрлі оқиғаны, құбылысты,өзгерісті тақырып етіп алуларына болады. Мысалы, музейге, табиғат аясына жасалған экскурсияларды, еңбек сабағы, үлкендерге көмегі, достық, жолдастық, адамгершілік қарым-қатынастарын, мектеп өмірі, жастар ұйымдарының жұмыстарын т.б. алуға, жаздыруға болады.

Мұндай тақырыпта мақалалар жаздыру, оқушылардың сөз қолдану, сөйлем құрау шеберлігін шыңдай түсіп, тіл стильдерін түсінуге баулиды. Сондықтан да тіл стильдеріне байланысты жиі мақала жаздыру қажет.

Мақала жазып үйрету, жаттықтыру арқылы оқушылардың білімін күнделікті жұмыстарымен байланыстырып отыруға болады. Әсіресе, газеттеріне мақала жаздыру, радиоторабы арқылы хабар беруде мақала жаздыру т.б. ал оларды жаздыруда олардың қалай жазылуына, тілдік құралдарына, стильдік ерекшеліктеріне көңіл аударылып отырылады. Нәтижеде оқушылар өз ойын тұжырымды, нақты беруге төселе бастайды.

Мақала жаздыру арнаулы сабақ ретінде де үйретіліп отырылған грамматикалық тақырыптарға байланыстырыла ұйымдастырылады. Мысалы, лексиканы өту кезінде оқушыларға тірек сөздер беріп, ол бойынша шағын мақала жазуға тапсырма беруге болады. Мақала жазу грамматикалық материалдармен байланыстыру мақсатымен синтаксисті өту кезінде жиі ұйымдастырылады. Онда жай сөйлемнің түрлеріне, құрмалас сөйлемнің түрлеріне сай етіп құру талап етіледі. Мақаланы берілген бір мәселе бойынша жазуға төселдіруде төмендегіше жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Мысалы, тірек сөздер беру арқылы, картиналар арқылы, мектепте өткізілген, өздері қатысқан оқиғалар бойынша, арнаулы тақырып бойынша т.б.

Қорыта келгенде, публицистикалық мәтін құрастыру олардың тілдік құралдарының ерекшеліктері бойынша жаттықтырылады.



3.4. Көркем мәтін құрастыру арқылы оқушының жазбаша тілін дамыту. Көркем тіл стилі қазақ тілінің басқа да функционалдық стиль түлерінен ерекше эстетикалық қызметімен ажыратылады. Егер сөйлеу тілі коммуникативтік функция – қарым-қатынас қызметін, ғылыми және ресми тіл баяндау, хабарлауды жүзеге асырса, көркем тіл стилі оқушы мен тындаушыға эмоционалды, бейнелі, яғни эстетикалық әсер ету функциясын атқарады.

Көркем бейнелі тіл айналадағы әдемілікті, қайталанбас ғажап құбылыстарды суреттеу арқылы сезімге әсер етеді, ал ғылым қара сөзбен жазылса да ол адамның ақыл-ойына белгілі бір дәрежеде ғана ықпалы бар. Оқушыны білсем, көрсем деген ізденуге жетелейді. Ғалымдар ұғыммен ойланады оны сараптайды, суреткер (жазушы, ақын) образдармен қиялданады. Біріншісі - ақылға салып талдайды, дәлелдейді, ғылым нәтижесін ұсынады, ал екіншісі - бейнелейді, көрсетеді, сөзбен сурет салады.

Көркем мәтінде жазушының жеке тұлғасы оның эстетикалық қызмет түріне байланысты. Психолог-ғалым А.А.Леонтьевтің пікірі бойынша, эмоция ерекшеліктері объект қызметінің психикалық жағын көрсетпейді, субъектінің болған немесе болатын оқиғаға жеке баға беретін белгі ретінде қызмет етеді [37].

Психикалық қызмет, соның ішінде эстетикалық қызметтің құрылымы, Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша, саналы эмоция құрылымына сәйкес. Сондықтан шығарма өнерін "қоздырушы, эстетикалық ықпалды жасау үшін саналы және әдейі ұйымдастырылған жүйе ретінде қарастырыу керек". Яғни эмоциялық тіл бірліктері автор ойын көрсететін көркем мәтіннің қоздырушысы болып табылады деп санап, ғалым өз тұжырымын әрі қарай былай таратып айтады: "Көркем шығарманың ерекшелеу болып субьективті қабылдау емес эстетикалық эмоция болып табылады; біздің ойымыздан туындайтын субьективті ұғыну- поэзияның арнайы көрсеткіші болып табылмайды, ол тех жалпы ұғыну белгісі. Біздің әрқайсымыз басқа адам сөзін тыңдай, ұғына отырып, сөздер мен мағынасын өзімізше қабылдаймыз, сөз мағынасы әр кез көркем шығарма мағынасына қарағаңда белгілі мөлшерде субъективті болады" [38,59]

Көркем шығарма тек талданып қана қоймайды, сонымен қатар өз ішкі дүниеміз арқылы басымыздан еткен оқиға ретінде әр түрлі қабылданады. Сондықтан Л.С.Выготский: "ең объективті, нағыз бейнелеу өнері... шын мәнінде көркем форманың ерекше эмоциясы, ал өнер форма басталған жерден басталады, өйткені форма кез келген көркем шығармаға тән, форманың ерекше эмоциональдығы көркем айтылымның қажетті шарты", деп қорытады [39].

Сонымен, тіл бірліктері арқылы берілген эстетикалық эмоция (сезім) көркем мәтіннің мағыналық компонент және осы мағыналы құрудағы маңызды компонент. Бірақ көркем мәтін қабылдағанда қабылдаушы үшін ол тіл формаларының элементтері арқылы анықталады. Мысалы: Енді ол арт жағынан оқ тиген қасқырдай ышқынып зытып кетіп барады. Бірақ көлденең соғып жіберген Ревякин бөлімінің гранатасынан бір ғана лоқсып қап, танк тұрып қалды. Қазір қалың қара түтінге оранып лап береді. (Ғ.Мүсірепов)

Көркем мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы оқушыға мәлімет беруде оның мынадай тілдік ерекшеліктерін үйретеміз



Көркем мәтінде доминанттардың мынадай іске асу тәсілдері бар:

1) жасырын тірек сөздің түзу бойымен күшейтілуі;

2) тірек сөздердің күрделі өзара әр түрлі іс-әрекет опозцияларымен оппозитивті ұйымдасуы;

3) семантикалық аяның өзара іс-әрекеті; а) қарама-қарсы қоюшылық, ә) қондырғы ретінде, б) қиып, кесіп өту;

4) тірек фраза - мәтін аясының әрекетінің жеке жағдайы.

Жазбаша мәтінді жаттықтыруда мұғалімнің алдында төмендегідей міндеттер тұрады: тірек сөздің тұтас шығарманың құрылымдық-мағыналық элементтері мен ішкі байланысын ашу және мәтіннің бейнелі-тілдік жүйесін ұйымдастыруда сүйенетін сөздер ретінде қалай қатынасатынын көрсету, тірек сөздің семантикалық құрылымын және сол жазушы шығармаларындағы идеялы-тақырыптық ұйымдастырушылық эстетикалық "қосымша өсушілік" байланысын сипаттау. Тірек сөз бүкіл контекстегі тұтас шоғырланған өзекті сөздер ретінде, тіпті кең мағынада автордың идеялық-эстетикалық тұжырымы (көзқарас жүйесі, пікірі). Жазушы шығармасында тірек сөз мәтіннің көркемдік-тілдік кұрылымын қалыптастыратын тәсілдердің бірі ретінде қызмет ететіндігін игертеді.

Мысалы, Т.Ахтановтың "Шырағың сөнбесін" романынан үзінді келтірсек:



"... Менің де тілімді байлап қалған сол "ұят" деген құрғыр еді. Ұят" деген сөз есімді білер-білместен-ақ құлағымды сарсытқан қыз балаға үлкендердің үстіне кірген де ұят, секектеп жүргірген де ұят, жігітпен құшақтасып сүйісу тұрсын, оның бетіне қарап күлген де ұят. Каршадайымнан сұм едім, осының бәрін біреу көріп біліп қойса, қаңқу сөз боп кетсе ұят, ал ешкім көрмесе, ішінде ит өліп жатса да біразының-ақ ұяла қоймайтынын сезуші едім. Сол ұятты көп айтатындар өз арының алдында, сірә онша ұяла қоймайтын болар: өйткені сөздерінің сықпыты да: "ойбай-ау, біреу көріп қалса ұят қой,, жұрт естісе масқара ғой" деп келетін "жұрт не дейдісі" және бар... ұяламын деп Абанды ұялтып жібердім…

Осы мәтін ұят ұғымына құрылған, ол мәтінге тіректік сөз ретінде сипат береді. «¥ят» сөзі өзек болып, жас қыздың қимыл-әрекеті, кейбір адамдардың соны біле тұрып жат қылықтар жасауын білдіретін жалғандық осы сөз төңірегіне тізбектеліп, сөйлемдердің стильді қызметін білдіретін мәтінге тірек ұғым берген.

Р.А.Будаговтың жіктеуіне сай тірек сөздің үш типін ажыратуға болады: 1) тірек сөз мәтінде бірден көзге тез түспейді, тек аздап көрінеді; 2) тірек сөз тұтас нысанның эстетикалық, бір бөлігінде ғана басым болуы мүмкін; 3) тірек сөздің іс-әрекеті бүкіл мәтін бойына жайылады [40].

Тұжырымды-мағыналы тірек сөзді табуда олардың мәтін түзудегі қызметін түсінуге көмектесетін мынадай әдістемелік амалдарды көрсетуге болады:

1) тірек сөзді мәтіннен табу, ең алдымен әдеби шығарманың мазмұнын талдау барысында ең басты бейнелі идеяны ашуда және сөздік-көркемдік кұрылысын қалыптастыруда іске асады;

2) ең басты сөз көркем мәтінде өзінің айналасына бағыныңқы сөздерді шоғырландырады да, әр тармақтан тұратын синоним және антоним қатарлы жүйесін қалыптастырады. Сондықтан тірек сөзді таппас бұрын, эстетикалық нысанның барлық сөздігін мәтіндік талдаудан өткізіп, оның бейнелі-эмоциялық жүгін анықтау керек;

3) тірек сөз функциональды лексика-семантикалық ұғымдарды береді, олардан тұтас құрылымдық мағыналы элементтен әр бағытта семантикалық байланыс тарайды;

4) сөздер контексте өздеріне қосымша мағына жамайтындықтан, өздерінің жалпы тілдік мағынасын тұтас эстетикалық мазмұнға қарай "бұрады", сөйтіп зерттеуші оларда пайда болатын "өсімшені" зерттеуі керек;

5) жазушы көптеген лексика-семантикалық жаңа пайда болған элементтерді кең пайдалана отырып, өзінің жеке дара бейнелі тәсілдерден тұратын сөздік көркемдік жүйесін қалыптастырады. Осы жүйесінде тірек сөздер маңызды орын алады, олар контекстің идеялы-көркемдік бірлігін қалыптастыруға қатысады. Тірек сөз фактор кұрайтын жүйе ретінде белгілі бір жазушы шығармаларында тұрақты кұрылымдық-семантикалық белгілер түзеді.

6) тірек сөзді бөліп-жарып көрсетуде белгілі бір ұғымдарға ерекше көңіл аудару тұрғысынан туындау керек. Сондықтан тірек сөз дара көркем бейнені шынайы түрде бейнелеуге көмектеседі, ықпал етеді, сонымен қатар автордың идеялы бағытын, жолын көрсетеді.

Тұжырымдай келгенде, 5-10-сынып оқушыларына көркем мәтіннің тілдік құралдары туралы мынадай көлемде білім беріледі де, нәтижеде көркем мәтін құрауға жаттықтырылады.

Көркем әдебиет стилі ой мен сезімді образдар арқылы бейнелейді. Соған лайықты сөздер, сөз тіркесі және синтаксистік оралымдар пайдаланылады. Жалпы алғанда, көркем әдебиет стилінің мынадай ерекшеліктері кездеседі. Сөз арқылы автор көркем образ жасайды. Баяндамайды, суреттейді. Сондықтан тілдік құралдардың көркемдік, бейнелік және суреттеме қасиеттерін жан-жақты аша түседі.

Көркем әдебиеттің тілі экспрессивті және эмоциональды болады. Жазушы оқушыға көркем образ арқылы әсер етеді. Көркем әдебиет стилі тіл стильдерінің басқа түрлерінде көбірек кездесетін сөздер мен формаларды өзінше құбылтып, өз мақсаттарына лайықты пайдаланады. Көркем шығармада сөздерді түрлі ауыспалы мағынада қолдану жиі ұшырасады.Үлгі:



Бақтығұлға алғашқы күндерден бастап-ақ суық хабарлар жетіп жатты. Сьезд басында болыстың өзі де бар еді дейді. Сьезд басында билер кілісіміне өлгенше қатал. Кесік үлкен. Шалқардың атқа мінген билері мен жуандары болып, болысты ортасына ала отырып, ұрыны аямасқа “аруақ-құдай” десіп аттаныпты. Кеңесіп отырып, жиырма кісіні “ұры” деп қаттап алыпты деген сыбыс бар. (М.Әуезов).

Көркем әдеби стильде бейнелеуіш, суреттеме құралдар: теңеу, метафора, метонимия, эпитет, синекдоха т.б. жиі кездеседі.Үлгі:



Биылғы сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз жұмсақ басталып еді. Мал әлі жайылымда, жаз қызуы бойда, бүрсеңдер кездің белгілері әлі білінген жоқ-ты. Әр үйдің алдында аңға шығып қайтқан жарау аттар қаңтарулы тұр. Әр үйдің төбесінде кергіштеп тізген қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян терілері ата-бабадан қалған ескі таудай бұлғаңдайды. (Ғ.Мүсірепов).

Көркем әдеби стиль тілдің көркемдегіш құралдарын – градация, перифраз, қайталау, инверсия, антитеза және т.б. еркін пайдаланады.



Дала толы ән де үн… Бусанған жердің көзіне көрінбейтін мың түрлі жан иелері түгел оянып, үн қосып өмірге талпынатын сияқты. Жер бетінде тұтаса шыққан бір шың бар. Тал жібектей балбыраған әрбір көк шөп ән салып тұрғандай. Кішкене өзеннің өн бойын өрлей біткен күрке-күрке көрінген құба талдар да тып-тыныш, тобылғы мен баялыш жамылған күйінде, бүгін ғана пайда болғандай қызықтырады. Дүние бір ұйқысы қанып оянған жас баладай, балғын да ерке: құшақтағаныңды, иіскелегеніңді күтеді. (Б.Майлин).

Тұжырымдағанда, әр жазушының өзінің талғамына қарай, өзіндік сөз тіркестеру, сөз қолану тәсілі бар. Жазушының стиль ерекшелігі оның өзінің өмір танымына, шығармасының идеялық мазмұнына сай жалпы халықтық тіл қазынасын қалай меңгеріп, оны қалай қолдана білгендігінен байқалады. Мұндай ұғымдар мен түсініктер Ү-ІХ сыныптарда жеке ақын-жазушының бағдарламалық шығарма мәтінін талдауда: оның композициясын, стильдік ерекшеліктерін тілдік құралдарын игертуде беріледі.



Оқушыларға көркем мәтін құрастыруда, көбіне қанатты, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді қолдануды үлгі еттік. Көрнекті психолог М.М.Мұқановтың айтуынша, “Мақал-мәтелдер психикалықтың өзі емес, сол үдерістердің іріктеліп, сараланып қалыптасқан жемісі” болып табылады [41,17]. Біз М.М.Мұқановтың ізімен жүре отырып, мақал – конкретті (нақты) жағдайдың өзін емес, мазмұнның мәнін топтап білдіреді деп санаймыз. Сондықтан мәтін құрастыруға жаттықтыру үшін мәтін мазмұнын мақал-мәтелдердің негізінде, ой-пікіріне орай жүргізу тиімді болып табылады. Мәселен, оқушыларға көптеген мақал-мәтелдер талдауға ұсынылып, мәтіннің құралуы мен жинақталуы, компрессияланған мәтіннің кері жайылыңқылануы үдерісіне бақылау жасатылды.

Тек тілдік талдау ғана емес, қазақтың мақал-мәтелдері арқылы ұлттық ойлау және ұлттық дүниетаным, ұлттық сөйлеу тілі ерекшеліктері туралы білім берілуі де мақсатымызға енді. М.М.Мұқанов былай деген: “Мысалы, қазақтың бұрыннан келе жатқан “Көз жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жеткізер” деген мақалын талдап көрейік. Бұл мақал дүниені көзбен, яғни тікелей сезіммен танып-білу және соны сөзбен (абстракты оймен) танып-білу деген мағынаны білдіреді. Бұл мақал Үнді-Еуропа тілдерінде сөйлейтін елдің бірінде кездеспейді. Әрине, олар да дүниені көзбен танып-білуді ажыратады. Дегенмен, бұл қағиданың өзі сол тілдерге философтардың зерттеуі арқылы енген” [41,17].

Орыстың белгілі әдіскер-ғалымы Н.М.Шанский мәтінді тілді оқытуда қолдануға үлкен мән береді: “Придание тексту статуса основной единицы содержания обучения усиливает образовательные и воспитательные возможности языка как предмет обучения. Ведь в тексте как речевом произведении отражаются факты и особенности национальной культуры. В этом смысле можно сказать, что текст – зеркало национальной культуры. Особенно ярко проявляется в художественных текстах: поскольку художественный текст выступает не столько как носитель и источник обьективной информации (как зеркало культуры в широком смысле слова), но и как носитель и источник собственно языковой, интерлингвистической информации; текст – языковая форма отражения и фиксации национальной культуры” [42,71].

Әдеби тіл стильдері бойынша жазбаша мәтін құрастыру барысында оқушылардың икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жұмыс түрі ұйымдастырылады.



4. Мәтінді жетілдіріп қайта жазуға төселдіру. Берілген мәтінді жетілдіріп қайта жазу арқылы оқушылар өз тіліндегі кейбір стильдік қателерді болдырмауға дағдыланады. Сонымен бірге мәтінді жетілдіріп қайта жазуға жаттықтыру – стилистикадан білім мен дағды берудің үшінші кезеңі, атап айтқанда, алған білімін өз тәжірибесінде қолдана білуді мақсат етеді.

Мәтінді жетілдіріп қайта жазу екі бағытта жүргізіледі: 1) стильдік қатені түзету, 2) редакциялау және жазғанды қайта жетілдіру.

Шығарма мазмұны мен формасы жағынан бір-біріне тығыз байланысқа түскен бірнеше құрамды бөліктерден тұрады. Тұтас бірліктің әр бөлшегі сөйлем болып табылады. Әрбір сөйлем мағынасы жағынан бір-бірімен байланысқа түскенде ғана шығарма мәтінін құрамақ.

Шығарма талапқа сай болып шығу үшін, оны жазуда мынадай ережелер басшылыққа алынуы тиіс. Бұлардың ішінде ең маңыздысы – шығарма мәтінінің дұрыс құрылу нормасын сақтау. Оқушыларға шығарма жазу дағдысын қалыптастыруда мәтіннің тұтастығы мен бірлігін сақтай отырып құруды үйреткенде ғана нәтиже шықпақ.

Бала шығармасының композициялық құрылысын зерттеуді ең алғаш, шығарма жоспарын талдаудан басталмақ.



Бұл жерде оқушылардың хабарлау, суреттеу және пікірлеудің нысанасы болып табылатын заттар мен құбылыстардың қасиеттерін талдау, мәтіндегі оқиға желісін жүйелі байланыстыра білу және шығарма жоспарын түзу дағдыларының қалыптасуын зерттеу де маңызды роль атқарады. Сондықтан оқушыларды мәтінді жетілдіріп, қайта жазуға төселдіру үшін мәтінді талдап, қателерін анықтап алу керек. Сондықтан талданған шығармалар ішінде жазбаша сөйлеуге қойылатын талапқа сай және сай емес мәтіндер де алынады. Мәселен №77 орта мектебінің 5сынып оқушысы Н.Сәуленің “Мен неге көктемді сүйемін?” деген тақырыпта жазған шығармасы.

Көктем шықты. Күн ұзарып, түн біртіндеп қысқара түсті. Күн жылынды. Табиғат тіріле бастады. / көктем белгілері/. Аралар ұшып –қонып жүр. Құстар ұшып келді. Оларға қиын болды, ұя салып шырылдап жүр/ көктемгі құстар мен насекомдар/. Өзенде балалар балық аулап жүр. Көбісі шомылғысы келеді, бірақ су әлі мұздай/ балалардың көктемгі іс-әрекеттері/. Жақында Наурыз мерекесі болады. Көктем қандай жақсы!

Бұл шығармада негізінде төрт түрлі көктем көрінісі баяндалған:



1.Көктемнің белгілері. 2.Көктемгі құстар мен насекомдар. 3.Көктем мезгіліндегі балалардың іс-әрекеттері. 4.Көктем мерекесі Наурыз және оқушының пікірі.

Сәуленің шығармасындағы болар мазмұны жағынан да, формасы жағынан да бір-біріне өз дәрежесінде байланыспай тұр. Мәтін бірнеше құрамды бөліктерден тұрса да оқушы оларды жеке-жеке қайырымдарға ажыратпай, әрбір ойды азат жолдан бастап жазбай тұтас мәтін еткен.

Шығармада ара жігі ажыраталмаған бөлімдер болмағандықтан, мазмұн көмескі әрі жүйесіз. Міне сондықтан мәтін мазмұнын құрайтын сөйлемдер мен қайырымдар арасында байланыс орнамай тұтастық қасиет таныта алмайды. Олардың әрқайсысы жеке-дара күйде тұрып алды-артындағы сөйлемдермен сабақтаспаған.

Соның нәтижесінде шығарма мәтінінің мазмұнын құрайтын пікірлердің орын тәртібі бұзылған. Мысалы: “Аралар ұшып –қонып жүр. Құстар ұшып келді” деген екі сөйлемді қалай орналастыру керек? Әрине табиғат заңына жүгінетін болсақ құстар ұшып келген соң ғана аралар қысқы ұйқыларынан оянып, тіршілік қамына кіріседі. Яғни құстар жөнінде жазылған сөйлем алғаш орналасуы тез екені даусыз мәселе. Оқушы шығармасының қорытынды бөлімін: “Көктем қандай жақсы!” деп аяқтаған. Ал оқушы бұл жұмысты жыл мезгілдерінің ішіндегі көктем неліктен тамаша екені жайында еш нәрсе айтылмаған. Сондықтан оқушының жасаған ой қоытындысы сенімсіз шыққан.

Сәуле көктемді не үшін ұнатады? Бұл мезгілде болатын жыл басы мерекесі болатын Наурыз үшін бе? Немесе күн жылынып, жуық арада суда шомылатындықтарынан ба?

Шығарма мазмұнынан бұл сұраққа да мардымды жауап таба алмаймыз. Оқушының шығарма мазмұнында келтірілген көктем белгілері мен Наурыз мейрамы ол үшін жағымды эмоция тудыратынын пайымдаймыз. Алайда бұл біздің тек сырттан шамалауымыз ғана. Өзі келтірген ой қорытындысын тоық қанды дәлелдеп шыға алмауына байланысты, мынаны айтуға болады:

1.Шығарма белгілі жүйеге негізделмеген; 2) жұмыс тақырыбы талап еткен жоспар бойынша өрбімей, көктемнің кейбір белгілерін ғана саралаумен шектелген; 3) шығарманың ойдағыдай шықпауынан басты себептерінің бірі – жұмыс жоспарының болмауы.

Шығарманың солғын шығуының төртінші бір белгісі: бір сөздің не тіркестерінің бірнеше рет қайталануы. Мысалы: аралар ұшып-қонып жүр; құстар…шырылдап жүр; балалар балық аулап жүр. Мұндағы көсемше тұлғалы сөзбен жүр көмекші етіктістіктің тіркесі мәтінде бірнеше қайталанып, шығарма тіліне нұқсан келтірген.

Шығарманы жоспарсыз жазудың нәтижесінде оқушының мәтін түзуде көптеген қателіктерге ұшырайтынын, атап айтқанда, сөйлемдер мен қайырымдар байланыссыз, соның нәтижесінде ондағы іс-әрекеттер мен оқиғалар жүйесіз баяндалатынын көруге болады. Мысалыға, Ордабасы ауданындағы № 65 мектебінің 6 сынып оқушысы А.Ләззаттың “Көктем келді ”деген тақырыбына жазған шығармасын келтірейік:



Көктем келді. Арықтардан сулар аға бастады. Жылы жақтан құстар ұшып келді. Ағаштар бүршік шығарып, алғашқы жапырақтар көрінді. Шатырдағы қар еріді. Дала жылынды. Қылтиып алғашқы көк шөп шыға бастады.

Қыста өзенде мұз қатқан болатын. Көктем келген соң, мұз еріді, Балалар құстарға арнап ұя жасады. Балалар шалшық суға қағаз қайықтар жасап жүздіреді. Бір бала келіп:“балалар , өзен тасып жатыр”,– деп хабарлады. Олар су тасқынын көруге өзенге барды. Кенет олар мұз үстінде ағып бара жатқан итті көрді. Ол бір мұздан екінші мұзға ырғып, жағаға шықты. Балалар үйлеріне келіп көргендерін ата-аналарына айтты. Көктем кандай тамаша!

Көріп отырғандай, оқушы мәтінді екі қайырымға бөлген. Яғни, шығарма екі құрамды бөліктен тұрады деп есептейді. Алдыңғы талданған шығармаға қарағанда, бұл бір шама ілгерілегендік болып табылады. Алайда бұл жұмыстан екі бөлінгендегі іс-әрекеттері мен оқиғаларды баяндауда жүйелілік пен бірізділік жоқ. Сондықтан оның әрқайсысына тақырыпшалар қою мүмкін емес.

Оқушы бірінші бөлімінде көктем жайынді өзіне таныс белгілерді, ерекшеліктерді санамалап келтірген де қойған, мәтін құрамындағы сөйлемдер ретсіз, қалай болса солай орналасқан. Олар бір бірімен көбінеше параллельді байланысқандықтан, орындарын қалай орналастырсақ та болады. Мысалы, үшінші сөйлем мен (жылы жақтан құстар ұшып келді) төртінші сөйлемдердің (Ағаштар бүршік шығарып, алғашқы жапырақтар көрінді) орын тәртібін ауыстырғанмен мәтін мазмұнына нұқсан келтірмейді.

Ал шығарманың екінші бөлімінде бірінші бөліміндей көктемнің шығу үдерістерін баяндау емес, мұнда балалардың көктемге тән іс-әрекеттері, өзеннің тасуы, сонымен бірге шығарма тақырыбына қажетсіз мұз үстіндегі ит жөнінде сөз етілген. Басы артық баяндаулар шығарманың сапасына нұқсан келтіреді. Сондықтан шығарманың екі бөлігіндегі материалдар бір-бірін толықтырып, сатылай дамып отыруы тиіс. Көп сөзділік, дәлелсіз жалпылама, үстірт пайымдаулар шығарманың әрін кетіретін жайлар.

Шығарма бөліктеріндегі сөйлемдердің өзара келетін болсақ, мұнда, яғни бірінші қайырымда алты жайт, бір құрмалас сөйлем кездеседі. Бұл сөйлемдерді оқушы жүйелі тәртіппен орналастырмаған. Ал шын мәнінде табиғаттың дамуы өзгру, шындыққа сиымды заңдылығы тұрғысынан қарағанымызда алғашқы қайырымдағы сөйлемдер мынадай тәртіппен орналасуы тиіс.

Көктем шықты.(Оқушының “Көктем келді” деген сөйлемі дұрыс емес.) Күн жылынды. Үй шатырындағы қар еріді. Арықтардан су(сулар – дұрыс емес, оған көптік жалғау жалғанбайды)аға бастады. Бұл жерде енді себеп салдарлық байланыс жүзеге асты.“Күн жылынды”– себебі болса, “Үй шатырларындағы қар еріді” оның салдары болып есептеледі. Яғни күн жылынғаннан соң қар еритіні заңдылық. Жылы жақтан (дұрысы -жақтардан) құстар ұшып келді. Ағаштар бүршік шығарып (дұрысы – атып),. алғашқы жапырақтар көрінді. Қылтиып алғашқы көк шөп шыға бастады.

Логикалық тұрғыдан алып қарағанда шығарманың бірінші қайырымындағы сөйлемде осылай орналасуы тиіс.



Бұл қайырымда оқушы екі түрлі ойды баяндайды. 1. Ерте көктемнің белгілері; 2.Құстардың келуі.

Мәтінге қойылатын негізгі талаптың бірі әрбір жаңа ой азат жолдан басталып жазылуы тиіс. Оқушы бұл талапты орындамаған.

Шығарманың бұл бөлігі мына төмендегі екі қайырымға ажыратылуы тиіс еді.

Көптен күткен көктем де біртіндеп шыға бастады. Күн жылынып, үй шатырларының қары еріді. Көлеңкелі жерлердің қары жатқаны мен қыр беткейлерінде нәзік бәйшешектер құлпырады. Ағаштар бүршік атып, біраз уақыттан соң жасыл желегіне жамылмақ. Жер бері жасыл кілем төсегендей көкпеңбек.

Жылы жақтардан құстар да ұшып келді. Бірі бұрынғы ұяларын тұзетсе, екіншілері жаңа ұя салуға кіріскен. Біраз уақыттан соң олар жұмыртқа салады. Балапан басып шығады. Олар насекомдармен қоректенеді. Құрт- құмырсқалар бау-бақшаға зиянын тигізеді. Сондықтан біз оларды“Қанатты достарымыз” дейміз.

Енді мәтіннің бұл үзіндісі айтылған ойдың мазмұнына орай екіге бөліп, әрқайсысына тақырыпшалар қоюға мүмкіншілік туды. Ол тақырыпшалар: 1.Көктемнің шығуы; 2.Құстар – біздің досымыз.

Шығарманың екінші бөлімі алғашқысына қарағанда сәл ілгерілеу бар. Олай дейтініміз, мұндағы сөйлемдер бір-бірімен мағыналық байланысқа түскен. Бірақ бұл байланыс негізінде бір сөзді (өзен, мұз, балалар, олар т.б.) бірнеше сөйлемде қайталау арқылы жүзеге асқан.



Шығарманың екінші бөліміндегі негізгі кемшіліктер: 1) тақырыпқа қатыссыз (“Көктем шықты”) өзеннің тасуы, мұз үстіндегі иттің іс-әрекеті жөнінде төрт сөйлем енгізілген; 2. Екінші қайырымдағы бірінші (Қыста өзенде мұз қатқан болатын) және екінші (Көктем келген соң мұз еріді) сөйлемдердің синтаксистік ақауы бары байқалады. Логикалық тұрғыдан алып қарасақ дұрыс түзілмегені анық. Олай дейтініміз біл сөйлемде себеп-салдарлы байланыс сақталмаған. Не себепті қыста өзендер мұз құрсауында қалатыны, көктем келсе жібіп, еритіні айтылмаған. Оқушы қыста күннің суығанын мұз қататындығы, көктемде күн жылынғаннан мұздың еритіні баяндалса сөйлемдер арасындағы себеп-салдарлы байланыс орнаған болар еді. Өкінішке орай олай етілмеген.

Екі сөйлемдерде де мұз сөзі қайталанып шығарма тілііне нұқсан келтіріп тұр. Үшінші сөйлем (Балалар құстарға арнап ұя жасады) мен төртінші (Балалар шалшық суға қағаз кемелер жасап жүзді) сөйлем бір-бірімен параллелді байланысқан, логикалық бірлікке енбейтін сөйлемдер. Өйткені олардың орнын ауыстырғанмен; (бірін мүлде алып тастағанымен мәтін мазмұнына нұқсан келмейді). Демек мағыналық бірлікке түспегені даусыз. Бұл төрт сөйлемде ой бірлігін, мазмұн тұтастығын құра алмай тұр. Соңғы екі сөйлемде бала сөзі екі рет қайталанып шығарма тілінің әрін кетірген.

Мәтінін соңындағы автордың жасаған ой қорытындысын (Көктем қандай тамаша) жоғарыдағы пікірлерден туындаған қорытынды деуге болмайды.

Оқушының субъективтік сезімі мен ішкі көкейдегі пікірлерден туындаған десек қателеспейміз. Олай дейтініміз, өзеннің тасуына ( дұрысы – сең жүру), мұз үстіндегі итті баяндай отырып, көктемді тамаша дегенге илана қою қиын.

Оқушы шығармасында сөз, сөз тіркестері және сөйлемдерді таңдауда бірқатар кемшіліктерге жол берген. Атап айтқанда, қазақ тілінің ежелден қалыптасқан тілдік қағидасы бойынша ешуақытта “Көктем келді” демеген, “Көктем шықты(жаз келді, күз болды, қыс түсті) деп қалыптасқан. Сол сияқты бүршік шығарып (бүршік атып), дала жылынды (күн жылынды), өзен тасыды (бұл жерде - өзеңде сең жүрді), қыста өзенде мұз қатқан.

Тұжырымдай келгенде, мәтінді редакциялау, жетілдіріп қайта жазуға төселдіру мәтін талдаумен байланысты жүргізіледі.



Қорытынды

Сөйлеуге үйретуде тұтас мәтін синтаксисін меңгертуді оның негізгі белгілерін танытудан бастаған жөн. Оқушыларға жүйелі басталған, белгілі бір жайды хабарлаған, сипаттаған, пікір білдірген, тиянақты аяқталған, тақырыптық бірлікте болатын, логикалық жүйеде құрылған, құрамына енетін қайырымдары мен сөйлемдері бір-бірімен тығыз байланысқан мәтіндерді түрлі жаттығулар арқылы жоғарыда аталған белгілерімен жүйелі түрде игертіледі.

Мәтіннің құрылысын меңгертуде талдау, жинақтау, бақылау және салыстыру әдістерін пайдалана отырып жүргізу тиімді. Сондай-ақ ойлаудың индуктивтік, дедуктивтік және аналогиялық түрлері бойынша жұмыс жүргізу мәтін арқылы оқушының тілін дамытуда нәтижелі болады.

Мұндай іскерлік пен дағдылар жаттығу, мәтін құру, ауызша мазмұндау және жазбаша мазмұндама, әдеби тіл стильдеріне байланысты мәтін ққұрау шығарма жаздыруға машықтандыру арқылы қалыптасады.

Жазбаша сөйлеуді дамыту мынадай дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асады: ұсынылған тақырыпты түсіну арқылы оған қатыссыз материалдарды бөліп, тиісті мағлұматтар арқылы нақтылай жауап беру; мазмұндама, шығарма жазу үшін қажетті материалдарды (кітап оқу, құжаттар жинау, табиғатты бақылау т.б.) жинақтау дағдыларына үйрету; белгілі бір тақырып бойынша жазбаша сөйлеу жұмыстарына жоспар құрып, сол бойынша жүйелі баяндау, ой-пікірін жүйелі әрі түсінікті жеткізе білу, тілдік материалдарды әдеби тіл нормаларына сәйкес пайдалану.

Мұндай іскерлік пен дағдылар жаттығу, мәтін құрау, жазбаша мазмұндама, әдеби тіл стильдеріне орай шығарма жаздыруға машықтандыру арқылы қалыптасады.

а) жаттығулар тіл білімінің салаларына байланысты аналитикалық, синтетикалық және аналитико-синтетикалық деп топтастыру арқылы жүргізіледі.

ә) оқушылардың жазбаша мазмұндату дағдысын қалыптастыру үш кезеңде жүргізіледі: 1) теориялық дайындық жүргізу; 2) сөйлеуге дайындау; 3) сөйлеу, мазмұндау. Жазбаша мазмұндауға үйретуде сұрақ-жауап үлгісін көрсету, мәтін талдау, бақылау, салыстыру, индукциялық, дедукциялық әдіс-тәсілдер нәтижелі екендігі анықталды.

б) жазбаша тілін дамыту негізінде өз ойынан белгілі тақырып, стилі бойынша мәтінді жазбаша құрастыра білуге дағдыландыру болып табылады. Ол үшін сол тақырыпқа материал жинастыра білуге үйретіп, оны жүйе, стилін сақтай отырып, жаза білуге үйретіп, оны жүйе, стилін сақтай отырып, жаза білуге жаттықтырылады. Сондықтан мәтіннің кіріспесін, негізгі бөлімін, қорытындысын қалай жазуға қажетті дағдысы беріліп, соңынан тұтас мәтін құрастырып жазу дағдысы қалыптастырылады.

Мәтінді әдеби тіл стильдеріне байланысты құрастыра білу дағдысы бақылау, салыстыру, стилистикалық эксперимент т.б. әдістер мен сөйлемдегі сөздерді тиісті синоним, варианттарымен алмастыру, қатесін түзеп, қайта жазу, мәтінді қайта жетілдіріп жазу т.б. жазба жұмыстар арқылы қалыптасады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет