Кіріспе. Зерттеудің көкейтестілігі


Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда отбасы тәрбиесінің педагогикалық мәні



бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,72 Mb.
#6718
1   2   3

1.3 Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда отбасы тәрбиесінің педагогикалық мәні.

Бүгінгі салауатты отбасы – өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда ізгіліктің тұлғалық қасиеттерінің негізі қаланады.

Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан отбасы тәрбиесіне психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөліп, «отбасы» ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Ж.Б. Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде «Отбасы- ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала) тобы» деп анықтама берілген. Ғылым – педагог өзінің зерттеуінде отбасы – баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде білім, әдет мінез- құлық пен өмірге көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді.

Педагогика және психологиялық сөздікте «отбасы- үйленгендердің жанұялық бірлігі » деп анықтама келтірілген. Бұл сөздікте отбасы тәрбиесі балаға ұлттық тәрбие берудің негізі болып табылатындығын айқындай түседі.

Сонымен, жоғарыда айтылған анықтамаларға сүйене отырып, отбасының мынадай негізгі белгілерін айқындап көрсетуге болады.

1) отбасы өзара туысқандық қатынасы бар әртүрлі жастағы әр түрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым.

2) оларды ерлі зайыптылық, ата- аналық, балалардың ата- аналарына еерсектердің кішілерге және бір біріне деген қарым - қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады.

3) ата- аналар мен балалар бірінен -бірі отбасыны басқарумен, ерекшеліктері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді.

4) Отбасы өмірі әртүрлі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Ал отбасының әлеуметтік ролі адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға тікелей қатынасымен анықталады.

Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан ұл қыздарының дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, білімге құштар болып өсуі туған халқы мен Отанына адал, өнегелі азамат болып өсуі - ең жоғары тілек, ең негізгі мақсат болып келген. Оның қуат алатын қайнар бастауы – отбасы. Сондықтан, адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Сол сияқты балаға ата – ана тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды.

«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен тәрбие категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен ролі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.

Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді:

Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажеттілігі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы;

Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы;

Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбиелік мақсатына, идеалық адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.

Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі. «Отбасы тәрбиесі»- туысқандық қарым -қатынастар мен тұрмыс жағдайлары болып үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. Отбасы тәрбиесінің педагогикалық мәнін ашу үшін «тәрбиелеу» және «әлеуметтедіру» ұғымдарын байланыстырып қарастыру қажет. Бүгінге дейін педагогикалық әдебиетермен мемлекет тарапынан жарық көрген құжат – тұжырымдамаларда «тәрбие» ұғымына әртүрлі анықтамалар беріліп келеді. 1993 жылы қабылданған тәлім – тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым- қатынасын дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез- құлқын қалыптастыру» -деп анықтама берілсе, қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде «Тәрбие- қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі» процесі делінген. Ұлы ғұлама Әл Фараби «Бақытқа жету жолында » деген еңбегінде «Тәрбие деп – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз»- деп анықтама берді.

Демек, тәрбие- бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады. Тәрбие жан -жақты дамыған адамды қалыптастыруды көздейді. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда ықпал ететін негізгі факторларды ескере отырып, тәрбиені отбасы тәрбиесіне және қоғамдық тәрбие деп екі түрге бөлуге болады. Олай болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылады, тәрбиенің мақсат- мазмұны, ұйымдатыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың таихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.

Кейде «тәрбиелеу» ұғымы «әлеуметтендіру» ұғымымен сәйкестендіріліп түсіндіріледі. Әлеуметтендіру латынның «Социалус» дген сөзінен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни қоғамдандыру немесе қоғамда өмір сүруге бейімделу деген сөз.

Әлеуметтендіру тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны белгілі бір мақсатта әрекетке түсіру кезінде жүзеге асырылады. Оған бірнеше әсер етуші факторлар ықпал жасайды. олар отбасы, отбасынан тыс тәрбиелік мекемелер және оқу орындары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұжымдар, құрбы құрдастары және т.б. Соның ішіндегі кейбір фактор отбасы болып табылады. Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына және ондағы тәрбие үрдісіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Өмір тәжірибелері мен көптеген ғалымдар зерттеулері (А.А. Вербицкий, Э.Д.Днепров т.б) отбасы тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. (Тенденция даму бағыты деген мағынаны білдіреді) :



1- Тенденция. Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы нарықтық қатынас жағдайларында жеке тұлғаның қалыптасуында отбасының жаңа тұрғысындағы ролі айқындалып келеді. Ол отбасының әлеуметтік ролі.

2- Тенденция. Тәрбиенің индуцстриялдығы тенденцисы, яғни бүгінгі қоғам өміріндегі өндірістік қатынастардың жан – жақты дамып мектеп пен отбасы өміріне ықпал жасауы.

Қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен отбасы тәрбиесі өзгеріске түсті. Әрбір отбасы қоғамда пайда болған өндіріс құралдарын пайдалануға мүмкіндік алды. Оған әрбір отбасында компьютердің пайда болуы, жоғары сапалы фотоапараттар мен бейнекамералар т.б. құралдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы дәлел бола алады. Бұл үрдіс

қоғам мектеп отбасы бағытымен жүзеге асады.

3- Тенденция. Отбасы тәрбиесіндегі баланың субъектілік ролі. Ұлттық болмысымызға тән ұяңдық, үлкен алдын кеспей, тіл алғыштық т.б қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы қарым- қатынаста қажетті көпшілік, белсенділік, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуге талпынушылық, алға ұмтылушылық және т.б. ұнамды қасиеттерді балалар бойында қалыптастыру қоғам талаптарына айналып отыр. Әрбір отбасы баланың жан- жақты дамып, жетілуі үшін тәрбие институттарының бар мүмкіндіктерін қолдануда.

4 -Тенденция. Мектеп пен отбасының ынтымақтығы тенденциясы .

Бүгінде отбасы мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отыр. Ата- аналар балалары жоғары сапалы білім алып, жан жақты дамуы үшін ең таңдаулы мектептер, тіпті жоғары ақылы мектептерге оқытуға берілді.

Бұл отбасының даму тенденциялары бүгінгі нарықтық қатынас ықпалынан туындап отырғаны белгілі. Осы тенденциялар оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда міні зор деп айтуға болады.

Отбасы тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А.С. Макаренко, А.В. Сухомлинский, Н.К. Крупскаяның педагогикалық еңбектерінен де кең орын алған.

А.С.Макаренко отбасындағы тәрбиенің негізі еңбекте екенін айта келіп балаларды отбасы өміріне қатыстыру ерте кезден ойын әрекетінде, соңынан еңбекке ұласу ретінде басталуы керек дейді.

Оның «Ата- аналар кітабы», «Тәрбиенің жаңа жолдары», «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» және т.б. еңбектері ата -аналарға отбасы тәрбиесіне арналған.

Соңғы жылдары отбасы тәрбиесінің мәселелері көптеген ғалым- педагогтарды ойландырып келді. Одақ көлемінде Ю.П.Азаров, Л.В. Белов, И.В. Гребеников, Т. Делла, Б.А. Ммиренский, А.О. Пинт, А.Лиханов, Респупбликамызда Б.Р.Айтмамбетова, Т.М. Афанасева, Ә. Әбуов., Г.К. Байгельдинова М.Ғабдуллин, Қ.Жақыпов, Ә. Нұрмаханов, Л.К.Керимов, Ж.Б. Қоянбаев, Б.Ы. Мұқанов, Г.А. Уманов т.б. еңбектерінде отбасының педагогикалық мүмкіндіктері, қиын балалардың пайда болуындағы отбасының ықпалы, ал С.Қалиев, Қ. Абдіразақов , И. Рустемов және тағы басқалардың еңбектерінде халықтық педагогика негізінде отбасы тәрбиесін жақсарту, Қ. Атемова өзінің кандидатттық диссертация жұмысында оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру және т.б. мәселелер қарастырылады.

Бала тәрбиесі – отбасының жүйелі түрде жүргізілген жұмысының нәтижесі. Өйткені баланың уақытын дұрыс ұйымдастыра білу, оның мектепте алынған тәлім -тәрбиенің қалыптасып, отбасыда жалғасын табуы бәрі де ата- анасының басшылығы арқылы жүзеге асады.

Ата- ананың әсерлі болуына қажетті жағдайдың бірі - олардың баламен әділ сөйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осылай өзара қарым -қатынас баланы еріксіз ата- анаға жақындатып, олардың айтқандарын шын ықыласпен қабылдауға мәжбүр етеді. Балаларды ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және т.б. қасиеттерге тәрбиелеуде отбасының мүмкіндіктері ерекше.

Отбасының ықпалы мен педагогикалық мүмкіндіктері көптеген педагог ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Т.М. Афанасова өзінің «Семъя» деген еңбегінде: «Кез- келген жұмыс саласы және бос уақытты өткізуге біздің өзіндік ерекшеліктеріміз, қабілеттеріміз өзіндік сапалық қасиетіміздің қандай да бір бөлігі қажет болып жатады. Біріншісіне – біздің ақылымыз, екіншісіне- шеберлігіміз, үшіншісіне- ептілігіміз, төртіншісіне – сезімталдығымыз және т.б. қажетке асады». Ал балаға ата- ананың жеке басындағы қасиеттер толығымен керек болады: бет - әлпеті, дауыс ырғағы да, тіпті балаға әке - шешесінің иісі де қымбат, әрі маңызды делінген.

Көптеген әдебиеттерге талдау отбасы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда негізгі фактор болатын дәлелдейді. Дегенмен, жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін фактор отбасы, мектеп, орта (қоғамдық орта, ауылдағы жолдастары және т.б) көпшілік хабар құралдары (газет- журнал, теледидар радио және т.б.) ішінен біз отбасыны ең негізгі фактор деп бөліп алғанымызбен, ол ол қоғаммен, әлеуметтік ортадан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан отбасының тәрбиелік мүмкіндігінде бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторларды мына сызба арқылы көрсетуге болады.

Биологиялық факторлар




Қоғамдық фактор Отбасы тәрбиесі Әлеуметтік

фактор
Психологиялық фактор Педагогикалық

фактор


1.Биологиялық фактор. Бұл ата- анадан берілген баланың жеке басының ерекшелігін білдіретін қасиеттер: балажандық, ақкөңілділік, сабырлылық, ұяңдық және т.б. қасиеттер бола алады.

2. Қоғамдық фактор. Бұл қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сұраныстардың отбасына тигізетін әсері. Отбасындағы өмір сүру салты мен қабылдаған дәстүрлердің қоғам талабы мен белгілі бір мөлшерде сәйкес келуі болып табылады.

3. Әлеуметтік фактор. Бұл қоғам талабына сай өмір сүруде материалдық жағдайдың мүмкіндіктері адам денсаулығының күйімен жеке басты даму құралдарының жеткіліктігі және т.б. жағдайлар болып табылады.

4. Психологиялық фактор. Отбасында бала тәрбиесі үшін қолайлы психологиялық ахуалдың болуы, ондағы әрбір отбасы мүшлерінің өзіне және өзгелерге деген екпінді көзқарасы мен ынтымақты қарым -қатынастың болуы.

5. Педагогикалық фактор. Балалардың жас және дара, психологиялық, қалыптасу ерекшеліктері туралы ата- аналардың жалпы педагогикалық білімдерінің болуы. Отбасыдағы жағдайлар мен ықпалдардың бала тәрбиесіне оң әсер етерліктей мүмкіндігі.

Дегенмен аталған бұл факторлардың отбасы тәрбиесіне ықпал етуінде кері әсер беретін кедергілер де жоқ емес. Бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы әлеуметтік жағдайдың төмендігі, психологиялық ахуалдың қолайсыздығы, ата -аналардың бала тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруға мүмкіндіктерінің төмендегі отбасы тәрбиесінде біршама қиындықтар туғызады. Бұл тұста ата- аналарға отбасы тәрбиесі бойынша бағыт беріп, ынтымақта әрекет ету сынып жетекшілерінің үлесіне түсіп отыр.

Ата-аналарды педагогикалық тұрғыда тәрбие процесін ұйымдастырушы деп айта алмаймыз. Алайда ата-ана отбасындағы бала тәрбиесін жүргізуші, ықпал етуші болып табылады. Тәрбие (оқыту, үйрету, тәрбиелеу) процесіне тікелей араласатын, мектеп басшыларына, жалпы ұстаздарға, сынып жетекшілеріне, көмек көрсететін – ата-аналар. Жалпы, баланың тәрбие процесіне қатысатындар: мектеп басшылары, сынып жетекшісі, сынып ұстаздары, ата-аналар. Ата-аналардың міндеті – ұстаздармен тығыз қатынаста болып, солардың ақыл-кеңестерін тыңдап, балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу.

Ата-ана немесе отбасы – қоғамның негізі. Қоғам отбасынан басталады. Әрбір отбасы болашақ қоғам мүшелерін дұрыс тәрбиелесе, ол қоғам мықты болады. Бұл қағида ғасырлар бойы қалыптасып келеді. Себебі бала өмірі отбасынан басталады., ол бала үшін ең жақын орта. Бала отбасында ата-тегін біліп, әулеттің жағымды өнегелерінен, мұраларынан сусындап өседі.

Отбасындағы басты мәселелрдің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн тәртібі , міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу іс-әрекеті, бос әрекетін ұйымдастыру жатады. Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайдың бірі- ұтымды тәртіп құру.

Тәртіп - өмір шарты, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру. Тәртіп баланы жинақтылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй-жағдайын, денсаулығын, ұстаздар мен сынып жетекшісінің кеңесін, отбасы мен мектеп тәртібінің бірлігін еске алуы тиіс. Отбасы тәртібінің негізгі құрамды элементтері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Сонымен дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі белгілі дағдыға, дағды әдетке айналады, ал әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады.

Отбасы баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге, кітап оқуға, теледидар көруге қатысады. Көптеген отбасыларда ата-аналардың балаларымен бірігіп серуенднуі ізгі дәстүрге айналды. Егер ата-аналар қоршаған табиғат және өз өлкесінің көз татарлық көрнекті орындары жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің танымдық маңызы зор болады.

Отбасында тәрбиенің басты жағдайларының бірі-бұл ерлі- зайыптының өзара махабббатыны, көзқарастарының, мүдделерінің, іс-әрекеттерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай отбасында қиыншылықты жеңе білетін қабілет, байсалды, ақжарқын азаматтар өседі.

Отбасында бала тәрбиесіне ықпал ететін тағы да көптегне факторлар бар:

а) Отбасының этникалық құрамы: толық, толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.

б) Тіршілік әрекетіне байланысты: білім дәрежесі, еңбектену, кәсібі, бюжеті, тұрған жері, әл-ауқаты.

в) Мәдени мүмкіндігі: кітапханасы, күн тәртібі, теледидар, музикамен шұғылдану, спорт, т.б.

г) Ішкі отбасылық қатынастар: әке, шеше, ата, әже, аға, іні, т.б. туыстардың татулығы.

д) Қоғамға көзқарасы

е) Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасында тәрбиеде қолданылатын әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелерден педагогикалық мәдени дәрежесі.

Осы айтылған алты ықпалды да ескерсек, отбасы тәрбие процесін ұтымды жүргізк алады.

Отбасының өзіне тән функциялары ( қызметі) бар:

а) Ұрпақ әкелуі, адамзат ұрпағын, әрі қарай жалғастыру;

б) Қажетті шаруашылықпен айналысу;

в) Бала тәрбиесі;

г) Ағайын- туыстар, қоршаған ортамен қарым-қатынас;

Осы қызметтерді атқару барысында отбасы, әсіресе ата-ананың абырой, беделінің орны ерекше. Бұл мәселе туралы ғылыми еңбектер қалдырған ғалымдар көп. Бізге көптен белгілері: Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А. Сухомлинский.Отбасында тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Көп жағдайда отбасылық тәрбиенің сәтсізддікке ұшырауының басты себебі – ата-аналардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады. Ата-ананың баламен қатынасы, ата-ананың беделі туралы орыстың беелгілі педагогы А.С.Макаренко «Ата-аналар үшін» деген еңбегңнде былай деген екен:

А) Отбасында болатын өктемдік баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, бала ынжық болады.

Б) баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік, ата-ананың кешірімділігі, ата-ананы баланың құлына айналдырады.

В) Ата-ананың жалпы отбасы мүшелерінің бала тәрбиесіндегі алауыздығы, баланы екіжүзділікке тәрбиелейді.

Г) Ата-ананың баланы жалпы жора-жолдастан, қоршаған ортадан аулақ ұстауы, баланы өмірге бейімсіз етіп тәрбиелейді.

Д) Ата-ананың бала тәрбиесімен айналыспай, немқұрайлы қарауынан бала күмәнді ортаға түсіп кетіп, жаман жолға баруы мүмкін».

Осымен бірге тәрбие прцесінде ата-аналардың жалған беделдері кездеседі. А.С.Макаренко өзінің жоғарыда көрсетілген еңбегңнде беделді басу, мейірміділік беделі, сатып алу беделі, менмендік беделі, тақуалық беделі, т.б. деп бөлген. Мұндай беделдер бала тәрбиесіне кері әсерін тигізеді.

Бұдан шығатын қорытынды:

Тәрбие процесіне тікелей араласатын, мектеп басшыларына, жалпы ұстаздарға, сынып жеткшілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек көрсететін – ата-аналар.

Отбасында басты мәселелерінің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың баланың күн тәртібі, міндеттеріне қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу, іс-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады. Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайдың бірі-ұтымды күн тәртібін жасау. Қорытындылай келе: дұрыс ұйымдастырылған отбасы тәрбиесі тұлғалық қалыптасдың бастауы.

Отбасындағы адамгершілік, өзара түсіністік пен сүйіспеншілік Шығыстың ұлы ғұламалары Әл – Фараби, Қ.А. Ясауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұни еңбектерінен кең көрініс тапқан. Ол идеялар гуманист педагогтар мен ағартушылар тарапынан бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.

Әл – Фараби, Ж. Баласағұн және т.б. ұсынған отбасы тәрбиесі идеяларын ғылымға алып келіп ұштастырған чехтың ұлы педагогы Я.А. Коменский болды.

Отбасы тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А.С. Макаренко, А.В. Сухомлинский, Н.К. Крупская және т.б. педагогтар еңбектерінен кеңінен орын алған.

А.С. Макаренко отбасындағы тәрбиенің негізі еңбекте екенін айта келіп, балаларды отбасы өміріне қатыстыру ерте кезден ойын әрекетінде, соңынан еңбекке ұласу ретінде басталуы керек дейді.

Оның «Ата – аналар кітабы», «Тәрбиенің жаңа жолдары», «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» және т.б. еңбектері ата – аналарға, отбасы тәрбиесіне арналған. Отбасындағы ата – аналардың бүгінгі міндеттері бала тәрбиесі екенін кеңес педагогтарының бірі – В.А. Сухомлинский былай түсіндіреді: «Егер сіз жер бетінде өзіңізден кейін із қалдыруды армандасаңыз – көрнекті жазушы немесе ғалым т.с.с. болу міндетті емес. Жақсы бала тәрбиелеп – оң, өзіңізге қоғамнан берік орын қалдыра аласыз» - деп, ата – ананың қоғамдағы ең бірінші міндеті – бала тәрбиелеу екенін ескертеді. Олай болуын қоғамның өзі талап етіп отырғанын айта келіп, «Адам – дүниедегі барлық бағалының ішіндегі жоғары бағалысы. Біздің әрқайсысымыз, құрметті әке мен ана мынаны түсінуіміз керек. Тәрбие көрмеген шала сауатты, надан адам бүлінген двигательдермен, аспанға көтерілген самолетпен бірдей өзі күйрейді, жұртқа да өлім әкеледі».

Қазақ ағартушылары да отбасы тәрбиесін назардан тыс қалдырған емес. Оның ішінде А. Құнанбаев ерекше орынға ие.

Абай отбасында баланы тәрбиелегенде оның жас және психологиялық ерекшелігін ескеріп отыру керектігін түсіндіріп талап етеді. Оның көзқарасынша, баланың ең бірінші, әрі ең негізгі тәрбиешісі – бұл ата – ана болуға тиіс. «Әне, оны әперем, міне, мұны берем» деп, басында балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңында балаң алдамшы болса, кімнен көресің? – деп дәріс тәрбие беретін ата – аналарды қатты сынға алады. (10 – шы қара сөзі).

Отбасы тәрбиесін жақсарту мәселелерін қарастырған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – С. Көбеевтің жазушылық және педагогикалық қызметі тығыз байланыста дамыды.

С. Көбеев отбасы тәрбиесіндегі баланың бойында жағымды адамгершілік қасиеттерін дамытуға көбірек көңіл бөлген. Оның «баланы семьяда тәрбиелеу» кітабы осының айғағы. Онда ата – аналарға баланы жастайынан отбасында тәрбиелеудің нақтылы жолдарын көрсетіп береді.

Ол ата – анасы баласын әдепті де өнегелі етіп тәрбиелеуі үшін оның әрбір әрекетінің дұрыс болуын қадағалап, бақылап отыруы керектігін ұсынады.

М. Жұмабаев «Педагогика» деп аталатын еңбегінде баланың жан – жақты жетілуінің психологиялық мәселелеріне кеңінен тоқтала отырып, ата – аналар мен тәрбиешілерге балалардың ересектерден ерекшелігін біліп, ескере отырып, тәрбиелеуін ұсынады.

Отбасы тәрбиесінің мәселелері соңғы жылдары көптеген ғалым – педпгогтарды ойландырып келді. Одақ көлемінде Ю.П. Азаров, Л.В. Белова, И.В. Гребенников, Т. Делме, Б.А. Миренский, А.О. Пинт, А. Лихонов және т.б., Республикамызда Б.Р. Айтмамбетова, Т.М. Афанасьева, Ә. Әбуов, Г.К. Байгельдинова, М. Ғабдуллин, Қ. Жақыпов, Ә. Журмаханов, Л.К. Керимов, Г.А. Уманов және т.б. еңбектерінде отбасының педагогикалық мүмкіндіктері, қиын балалардың пайда болуындағы отбасының ықпалы, С. Қалиев, Қ. Абдіразақов, И. Рустемов және т.б. еңбектерінде халықтық педагогика негізінде отбасы тәрбиесін жақсарту, бастауыш сынып оқушыларында адамгершілік қасиеттерді дамыту және т.б. мәселелер қарастырылды.

Отбасындағы тәрбие ата – ананың жеке басының ықпалымен жүзеге асады. Тіпті, баланың мінез – құлқы да отбасында ата – ана ықпалымен, отбасындағы психологиялық ахуал жағдайында байланысты қалыптасады. Мұның себебін психолог Н. Айғабылов былай түсіндіреді: «Бала мінезі көпшілік жағдайда әке – шешесінің мінезіне өте ұқсас келеді. Осы жағдайға қарап, кейбір ата – аналар мінезі тума қасиетке ие емес пе екен» деген ойға келеді. Бала мінезінің әке – шешесінің мінез ерекшеліктеріне ұқсас келуі, біріншіден, отбасында барлығына ортақ жалпы жағдайдың әсер ететіндігі болса, екіншіден, баланың ересек кісілерге еліктеуінен болады.

Осы бағыттағы мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының жағдайы келесі таруда сөз болады. Ата – ананың әсерлі болуына қажетті жағдайдың бірі – олардың баламен әділ сөйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осындай өзара қарым – қатынас баланы еріксіз ата – анаға жақындатып, олардың айтқандарын шын ықыласпен қабылдауға мәжбүр етеді. Мектеп оқушыларын ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және т.б. жағымды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде Ата – ананың әсерлі болуына қажетті жағдайдың бірі – олардың баламен әділ сөйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осындай өзара қарым – қатынас баланы еріксіз ата – анаға жақындатып, олардың айтқандарын шын ықыласпен қабылдауға мәжбүр етеді. Бастауыш сынып оқушыларын ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және т.б. жағымды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде жанұяның мүмкіндіктері ерекше.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Қоғамды гуманитарландыру – XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы» - деп айтылған, гуманитарландыру мақсатына жету зиялылықты дамыту , өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыру арқылы жүзеге асырылатынын атап өтеді. Ал оның басты міндеті – бүкіл тәрбие, білім беру, оқу – ағарту және мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге жұмылдыру деп көрсетеді.

Ата – ананың әсерлі болуына қажетті жағдайдың бірі – олардың баламен әділ сөйлесіп, ашық пікірлес болуы. Осындай өзара қарым – қатынас баланы еріксіз ата – анаға жақындатып, олардың айтқандарын шын ықыласпен қабылдауға мәжбүр етеді. Бастауыш сынып оқушыларын ізеттілікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және т.б. жағымды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде жанұяның мүмкіндіктері ерекше.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Қоғамды гуманитарландыру – XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы» - деп айтылған, гуманитарландыру мақсатына жету зиялылықты дамыту , өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыру арқылы жүзеге асырылатынын атап өтеді. Ал оның басты міндеті – бүкіл тәрбие, білім беру, оқу – ағарту және мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге жұмылдыру деп көрсетеді.

отбасының мүмкіндіктері ерекше.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Қоғамды гуманитарландыру – XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы» - деп айтылған, гуманитарландыру мақсатына жету зиялылықты дамыту , өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыру арқылы жүзеге асырылатынын атап өтеді. Ал оның басты міндеті – бүкіл тәрбие, білім беру, оқу – ағарту және мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиелеуге жұмылдыру деп көрсетеді.

Отбасының ықпалы мен педагогикалық мүмкіндіктері көптеген педагог ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Т.М. Афанасьева өзінің “Семья” деген еңбегінде: “Кез-келген жұмыс саласы және бос уақытты өткізуге біздің өзіндік ерекшелігіміз, қабілетіміз, сапалық қасиеттеріміздің қандай да бір бөлігі қажет болып жатады. Бір жерде - біздің ақылымыз, екіншісіне – шеберлігіміз, үшіншісіне – ептілігіміз, төртіншісіне – сезімталдығымыз және т.б. қажетке асады. Ал балаға ата-ананың жеке басындағы қасиеттер толығымен керек болады: ақылы да, шеберлігі де, күші мен мейірімі де, көз әлпеті мен дауыс ырғағы да, тіпті балаға әке-шешесінің иісі де қымбат әрі маңызды; - делінген. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиетіндегі – рухани және эмоциялық негізін қолдау – жанұя тәрбиесінің мақсаты мен мәні бола алады. Жанұяда баланың жан – жақты өсіп дамуы үшін қажетті жағдай – еңбек.. Баланың жақсы оқып, табиғат пен қоғам өміріндегі заңды құбылыстарды жан-жақты түсінуді – оның болашағына да жол ашады.

ІІ – тарау. Мектеп педагогикалық ұжымы мен оқушы отбасының

бірлескен жұмысының әдіс -тәсілдері.

2.1. Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының негізгі бағыттары.

Көптеген жылдар бойына жас ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін айқындауда «қоғамға пайда келтіретін азамат тәрбиелеу» ұғымы пайдаланылып келді. Ал, қазіргі құқықтық, демократиялық және гуманистік қоғам орнатуға бет бұрған жағдайда мемлекетке экономикалық реформаны жедел дамытатын мамандардың ең алдымен, тәрбиелігі жоғары деңгейде болуы қажет. Демек бүгінде әрбір адамның жеке басын материалдық және рухани адамзаттық құндылықтармен молайту көзделіп отыр. Бұл мақсат міндеттер отбасы тәрбиесін жақсартудан бастау алып ондағы тәрбиешілер мен ата- аналардың педагогикалық білімдерінің заман ағымына сай жетілдірілумен шешілмек. Бүгінгі таңда ата- аналардың отбасы тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі ұйтқы болатын мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болып отыр.

Осы тұста мектептерде кездесетін қиыншылықтарды атауға болады:


  1. - Мектепке арналған ғылыми әдістемелік әдебиеттердің жетіспеушілігі;

  2. - әртүрлі жастағы оқушылармен жұмыс істеудің қиыншылығы;

  3. - Оқушы мен мұғалімге түсетін психо - эмоционалдық жүктеменің ауырлығы, мұғалімнің кәсіптік дайындығының жеткіліксіздігі;

  4. - Мектептердің тірек мектептерден алшақ орналасуына байланысты мұғалімдердің тәжірибе алмасуының жеткіліксіздігі.

Жоғарыда аталған ерекшеліктерді ескере отырып, сынып жетекшілерінің балалардың тұлғалық қасиеттерін дамыту ісінде оң нәтижелерге қол жеткізу үшін ата - аналармен, яғни отбасымен тығыз қарым- қатынаста болу қажет екендігін көрсетеді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қызығы- туған ұясы, өз отбасындағы ата- ана тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы- ата- анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәрбиесі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу қажет» деген ой туады. Әрине ата- аналар балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отырып отыруы қажет.

Ұлы ғалым, философ Әбу- Насыр әл- Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамның қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»- десе, Жан - Жак Руссо «Бала туылғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсақ» қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуда ең әуелі оның өз ата- анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл- ойы ұстамдылығы, ақыл -ойы, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен.

Бала ата- ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер таққа аманат. Жас ұрпақты жан- жақты жетілген, ақыл- парасатты, ой- өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі болып табылады.

Сондықтан ата- ана, ұстаздар болып, баланың бойында тұлғалық қасиеттерді дамытуды назарда ұстағанымыз жөн.

Ата -аналармен жұмысты ұйымдастырудағы негізгі міндеттер мыналар болып табылады.



  • Оқу жылының басында және оқу тоқсанының қорытындысында сыныпта ата- аналар жиналысын тұрақты өткізіп отыру. Жалпы ата- аналар жиналысында мектептің оқу -тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы педагогикалық ұжымның ата- аналар алдында есеп беруін ұйымдастыру.

  • Сынып жетекшісі оқушының ата- анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушы үйлеріне барып тұру, балаға отбасының ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтау.

  • Ата- аналарға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптастыру жолдары мен даму заңдылықтары туралы білім беру. Ата- аналар көмегімен тығыз байланыста болу, жалпы мектепте өтетін іс -шараларға белсене қатыстыру, үлгілі ата- аналарды өнеге ету.

Жоғарыдағы міндеттерге сүйене отырып, мұғалімнің ата- анамен жұмысының мазмұнын 3 блоктан тұратындығын көрсетуге болады.

Мұғалінің ата- анамен жұмысының мазмұны

Психологиялық -Педагогикалық білім беру университеті;

педагогикалық білімдерін - Дәріс беру, семинар, практикумдар

көтеру - Конференция ашық сабақтар, сыныптық іс- шаралар

- Ата -аналар жиналысы, үйірме

Ата- аналарды оқу-тәрбие - Отау, секция, біріккен шығармашылық істер

үрдісіне тарту - Қамқорлыққа алу

- Материалдық- техникалық жағдайлар
- Мектеп кеңесі;

Ата- аналарды мектеп - Қоғамдық бақылау комитеті

басқару ісіне қатыстыру - Сынып кеңесі, сыныптағы ата- аналар
Отбасының қазіргі кезеңдегі негізгі функциялары:


  • тәрбиелілік;

  • рухани -адамгершілік;

  • таным – білімділік;

  • тұрмыстық

  • еңбекқорлық;

  • мәдени- білімгерлік;

  • шығармашылық- демалыс;

Мектептің отбасымен және жұртшылықпен байланысты, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады. Бастауыш сыныптарда мұғалімдер ата- аналармен, қоғамдық ұстанымдармен үнемі байланысты болады. Ата - аналармен кездескенде, оларды мектептің талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері жөнінде келісіп алады. Олар көпшіліккке педагогикалық білім таратып, ата - аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін жақсы орындауына көмектеседі. Барлық ата - аналардың өз балаларының қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады.

Ата- аналардың көпшілігі мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырады, өз балалалырын дұрыс тәрбилеп, бұл күрделі де сан қырлы жұмыста мектепке зор көмек көрсетеді.

Кейде отбасы мен мектеп ұжымы арасында тәрбие жұмыстарында келіспеушілік болып қалады. Бұл балалардың сана - сезімі мен мінез- құлқын қалыптастыру үрдісін қиындатады. Мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастық қарым- қатынасы талап пен тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз етеді. Бірақ отбасы бұрынғысынша баланың бойында жағымды қасиеттерді дамытатын маңызды ортасы болып қала береді.

Қазіргі жағдайда жұртшылықтың балаларды тәрбиелуге қатысты кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнділікті ісіне айналуда. Біз зерттеу жұмысымыздың барысында сынып жетекшісі міндетін, атқара отырып, ата- аналармен және бірігіп жұмыс істеудің әртүрлі формаларын қолдану ата- аналармен үлкен жеке және ұжымдық жұмыстар жүргіздік.

Педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу барысында біз оқушыларды еңбекке және ұжымда тәрбиелеу, тәрбиешілерге талапкершілік пен құрметтеушілікті ұштастыру, тәрбие берудегі жүйелілік пен дәйектілік, балалардың жас ерекшелігін және дара ерекшіліктерін ескеру сияқты тәрбиенің қағидаларын түсіндіріп отыруға тырыстық.

Отбасы тәрбиесіндегі көптеген сәтсіздіктер ата - аналардың педагогикалық сауатсыздығынан оларда тәрбие жұмыстарын жүргізуге қажетті тәрбиенің жоқтығынан болады.

Балалардың бойында жағымды қасиетті дамытудың дұрыс жолын табу үшін ата- аналарға көмектесу – сынып жетекшілерінің міндеті. Ұлы Абай өзінің «Қара сөздерінде» ата- аналардың жеке басының үлгісі олардың идеалық тұрғысы, моральдық бейнесі балаларға жақсы қасиеттер дарытуда мейлінше мәнді роль атқаратын дұрыс атап көрсеткен болатын. Бір кезде Жан -Жак Руссо адамды қалыптастыруға кіріспес бұрын, адаммен өзі адам болып алу керек деген екен.

Мектеп жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдерінің бірі – мектептің ата- аналармен және қамқорлыққа алған ұйымдармен, істеуі, педагогикалық білімдерді насихаттауды ұйымдастыруы болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Мектеп жұмысын бағалау туралы әдістемелік нұсқауларында» мектептің ата- аналармен, қамқорлыққа алушы ұйымдармен істеуі, педагогикалық білімдерді насихаттауды ұйымдастыруы болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Мектеп жұмысын бағалау туралы әдістемелік нұсқауларында » мектептің ата- аналармен, қамқорлыққа алушы ұйымдармен және жұртшылықпен жүргізілетін жұмысын талдағанда педагогикалық білімдерді насихаттауды ұйымдастыру мен оның мазмұнын педагогикалық ұжым мен ата- аналар активінің, мектептің ата- аналар комитеті немесе сынып ата- аналар комитетімен бірлескен жұмысын, еңбек ұжымы жанындағы отбасы мен мектепке көмектесу кеңестерімен байланысын мектептің өзінің іс- әрекеті алдындағы балаларды тәрбиелеуді ұйымдастырудың орталығы ретінде ролін еске алып отыру қажет деп атап көрсетілген. Ата- аналармен жұмыс жүргізгенде осы міндеттемелерді ескеріп, басшылыққа алып отыруы керек.

Тәрбие жұмысының мазмұнына және оны ұйымдастыруға өмірдің өзі ғана әсер етіп қоймайды, онымен қатар мемлекеттік оқу тәрбие мекемесі ретінде мектеп те аз таралымнан қоршаған өмірге әсерін тигізіп отырады. Тәрбиенің өмірімен байланыстылығы осыдан байқалады.

Мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады.



Сызба № 3

Сынып жетекшісінің зерттеу жұмыстары

Балалардың жеке Әр оқушының Сынып ұжымының Сыныптағы

дара ерекше отбасындағы тәрбиелік деңгейін қиын балалардың

ліктерін тәрбие жағдайларын зерттеу білімділігін

зерттеу зерттеу зерттеу





1. Мінездегі 1. Отбасындағы әл - 1. Сыныптың 1. Қиын балалармен

ерекшелік ауқаты топтасқандығы сыныпта әңгіме

2. Көзқарастағы 2. Отбасы құрамы 2.Сыныптағы 2. Қиын балалардың

ерекшелік 3.Отбасындағы балалардың пайда болу себеп-і

3. Денсаулығы психологиялық тәртібі 3. Оларға көмек беру

4. Қызығушылығы ахуал 3. Қарым- қатынасы жолдары

Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, сынып жетекшісі балалар тәрбиесін тиімді ұйымдастыруда ата- аналармен байланысады. Ол әртүрлі формада ұйымдастырылады.

Сынып жетекшісінің ата - аналармен ынтымақтасқан бірлестігі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу тиімді болады. Сондай- ақ тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурциялар, сайыстар, олимпиадалар т.б. мақсаттарымызға жеткізуге негіздеме болады.

Ұлы халқымыз - «Тәрбиеде ұсақ- түйек болмауы тиіс»-деп отбасы толық ата - аналармен бөлісе жұмысты ұйымдастырады. Оларға баланы отбасында тәрбиеелуде кеңестер беріп, ой бөліседі. Олардың өз бетінше әрекет етіп дамуына бағыт- бағдар беріп отырады.

Біз зерттеу жұмысымызды Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылы № 17 атындағы мектепте жүргіздік. Зерттеу жұмысына 30 оқушы, 30 ата- ана қатысты.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін отбасында ата- аналардың педагогикалық дайындығын анықтау мақсатында оларға мынадай анкеталық сұрақтар берілді:

1. Мектепке деген көзқарасыңыз қандай?

2. Мектеп білім ордасы деп ойлайсыз ба?

3. Мектепке балаңызды қандай ниет, үмітпен жбересіз?

4. Балаңыздың ұстазының білімін жоғары және тәрбиесі үлгілі деп бағалайсыз ба

5 Балаңыздың бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттері- ұстаз тәрбиесінің жемісі деп ойлайсыз ба?

6 Балаңыздың бойында жағымды қасиеттердің қалыптасуы үшін отбасында қандай тәрбиелік әдістер және жұмыстар жүргізесіз?

7. Балаңыздың ұстазымен, сыныптастарымен қарым- қатынасы қандай?

8. Балаңыздың адамгершілік, ақыл - эстетикалық сезімдерін қалай бағалайсыз?

Осы сұрақтарға ата- аналардың ата- аналардың көпшілігі дұрыс жауап бере алмады. Себебі олардың уақтыларының жоқтығынан, жиналысқа келмейтіндігінен, мектептің, мұғалімнің жағдайын білмейтіндігінен және отбасында бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлінбейтіндігінен болар. Бұл анкеталық сұрақтарға Қоянбаев пен Ахметованың берген жауаптары:

1. «Мектеп – кеме, білім- теңіз» демекші мектеп- білім нәрімен сусындайтын орын деп санамаймын.

2. Мектепте бала өмірге қалай қадам басу керек екендігімен тәрбиеленеді. Мектеп материалдық – техникалық базасы төмен, оқушылар, мұғалімдер саны аз болғандықтан отбасымен тығыз байланысты қарым- қатынаста болатын білім ордасы деп ойлаймын.

3. Болашақта жақсы азамат болсын деген ниетпен, мектепте тек білім нәрімен ғана емес, тәрбиелі, өнегелі адам болса екен деген үмітпен жіберіп отырмын.

4. Баламның ұстазы балаларға берер тәлім -тәрбиесі мол, білімді ұстаз деп санаймын.

5. Баламның бойында жағымды қасиеттердің қалыптасуы ұстаздың, құрбыларының және отбасы тәрбиесінің жемісі болып табылады.

6. Баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін әңгіме, әңгімелесу, үлгі өнге әдістерін жүргіземін.

7. Баланың ұстаздарымен қарым- қатынасы жақсы, жолдастарымен қарым- қатынасы тығыз деп санаймын.

8. Баланың сезімдерін адамгершілік және эстетикалық өз іс- әрекетінде жақсы деңгейде көрініс беретін болса, онда мадақтау әдісін қолданамын.

Осындай сұрақтарға талдау жасау бірқатар мүмкіндіктерге жол берді .

Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда сынып жетекшілерінің ата - аналармен жұмыс жүргізуде методологиялық, психологиялық, физиологиялық, гуманитарлық, технологиялық жаңа көпшілік хабар, пәнаралық байланыс гигиеналық білімдермен қаруланып, байқағыштық қабілет қарым- қатынастық, ұйымдастырушылық, практикалық педагогикалық такт және техника, гностикалық, шығармашылық, конструкциялық, өз білімін жетілдіріп, отыру қабілеттеріне ие болуы тиіс. Сонымен бірге жеке басының дамуында білімділік, қарапайымдылық, мейірімділік жоғары талап қоюшылық пен кешірімділік адалдық, әділдік, еңбекқорлық, кішіпейілділік, сабырлылық секілді қасиеттердің болуы қажет.

Бүгінгі күннің талабына сай отбасы өмірін ұйымдастырып, балалардың бойында жағымды қасиеттерді дамытуда ата- аналар білімдерін жетілдіру қажеттілік болып отыр.

Бұл білімдер отбасының ата- аналарға арналған іс- шараларының мазмұнына ендірумен жүзеге асырылмақ.

Мектеп пен отбасының аймақтастығы негізінде ата - аналардың педагогикалық білмін көтеру мәселелері Г.К. Байдельдинова, И.Б. Гребенников, Б. Мұханов, М С. Сангинова., Р.М.Капралова., Ж.Б.Қоянбаев, Атемова Қ т.б. тарапынан зерттеліп, қарастырылып жүр. Отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата- аналардың білім қарым-қабілеттері әртүрлі болып кездеседі. Жоғарыдағы ғылым педагогтар олардың сауатын көтеруде мектеп басшылығын негізге алса ал А.Е. Мосин: «Бүгінде ата- аналар өте сауатты. Сондықтан олардың отбасы тәрбиесіндегі білім мен тәжірибесін сабақтан, сыныптан тыс тәрбиелік іс- шараларды басқаруға тарту арқылы пайдалану керек»- деген идеяны ұсынады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тұрақтылығын ұйымдастырып, бағыт беруші сынып жетекшісі болғандықтан, ең алдымен оның өзі отбасы тәрбиесі мәселелері саласынан жан -жақты білімді болуы тиіс.


2.2. Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны.
Бүгінгі таңда ата-аналардың отбасы тәрбиесі жағдайында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда дайындығын арттырудың бір жолы оларға жүйелі түрде білім беру болып отыр. Ол ата-аналар жиналысы, ата-аналар университеті, сұхбаттар мен әңгімелер және басқа да іс-шаралар мазмұнына ендірілуі арқылы жүзеге асырылмақ.

В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: “Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін”, - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен өте тығыз жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін отбасыны және отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты, әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.

Олай болса, сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеудің қажеттілігі неде?

- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында;

- баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

- баланың әлеуметтік – педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отырып, тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

- баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін тағы с.с.

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде “ата-аналарды тәрбиелеу” деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді.

Ғалым – педагогтардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастырылуындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға; екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиелік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналармен кездесуін, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

Ата-аналармен жеке кездесу – мұғалімдердің мектеп өміріндегі жүргізілетін дәстүрі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез – құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым – қатынасы жайлы түсінік алады.

Мектеп өмірінде тақырыптық ата – аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Ата – аналар жиналысының мақсаты – ата-аналарды психологиялық педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

Ауылдық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын ескеріп, жиналысты сол жерге барып өткізуге де болады. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу – тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға халықаралық жағдай туралы дәрістер оқиды, әңгімелер өткізіледі.



Ата –аналар комитеті – ата –аналар жұртшылығының тұрақты органы болып саналады. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу – тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады.

Ата – аналар үшін әңгімелер мен дәрістер.

Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай, ата-аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістерде үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата – аналар арасында дұрыс насихатталуы керек. Тәрбие жұмыстарының басты мәселелерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата –аналарымен бірге әңгімелер өткізеді, дәрістер оқиды.



Конференция өткізу.

Отбасы тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде паралельді сыныптарды қатыстыру барысында ата-аналармен конференциялар өткізіледі. Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы, “Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы”, “Отбасындағы тәрбиеде жұртшылықтың ролі”. Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы, тәжірибелер еске алынып, конференцияларда ата-аналардың “Үйге берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесем”, “Біздің отбасындағы еңбек тәрбиесі”, “Отбасында бала бос уақытын қалай пайдалану керек” сияқты баяндамалары тыңдалады.

Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады. Олар ата – аналардың үлгі істері, отбасы тәрбиесі жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн режимі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың мәтіні және т.б.

Ата – аналар лекторийлері.

Бұлар мектептердің, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнаулы бағдарлама бойынша ата-аналар үшін дәрістер оқылады.



Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы, мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:

1. Қоғамдық және отбасылық тәрбие, олардың бірлігі;

2. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда отбасының ролі;

3. Оқушының оқу үлгеріміндегі ата-ананың ролі;



4. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.

Дегенмен, де отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыс таңдалған қарым-қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты. Олардың негізіне міндетті түрде 5 жағдайды ескеру қажет.

1. Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатынастың болуы. Мұндай жағдай, тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт;

2. Мұғалімдердің ата-аналар тарапынан болатын кеңестерге өте мұқият назар аударуы;

3. Оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстың себебін бірлесіп анықтау және талдау;

4. Оқушы тұлғасына немесе сынып ұжымына нәтижелі әсер етудің формалары мен тәрбиелік ортасын табуда бірлесе іс-қимыл көрсету;

5. Мұғалімдердің ата-аналарымен қарым-қатынасында педагогикалық әдептің, этиканың қатаң сақталуы.

Олай болса, мұғалімдермен, сынып жетекшісі және ата-аналардың өзара жағымды қарым-қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған бес жағдайдың межеге айналуы, бала тәрбиесіндегі олардың өзара тәрбиелік - ұйымдастырушылық әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізеді.

Кеңес педагогтарынан В.А.Сухомлинскийдің іс-тәжірибелері мен идеясын да бүгінгі мектеп жұмысында қолдану тиімді. Ол 1-сыныпқа дейінгі балаларды жинап, оларды мектепке дайындау мақсатында сыныпта отырып, сабақ өтпейтін, табиғат аясында білім алатын “ Қуаныш мектебін” ашады. 1-жылды оқушылардың зерттеу жылы деп сеніп, әр баланың ерекшелігіне көңіл бөліп, мінез-құлқы мен қызығушылығын анықтайды. Сонымен қатар ол оқушылардың ата-аналары кімдер, олар қандай жандар, баланың үйде жағдайы бар ма, соны да білу тәрбиеде өте маңызды” – деп санады. Осылайша Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастады. Ол баланың сабақ үлгерімінің болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді. Жыл соңында қандай оң өзгерістер болды деп ой түйіндейді. Балалардың жан-жақты тәрбие алып, дамуына ерекше назар аударды. Оқушылардың сөйлеу шешендігін дамытуға, табиғат сұлулығын байқап әсерленуге, айналадағы құбылыстар сырын түсініп, өзгелермен сыпайы қарым-қатынас жасай білуге т.б. қабілетін оятуға мүмкіндіктер жасайды. В.А.Сухомлинский балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін біртіндеп өзгере бастайтынын түсіндірді. Кіші жас оқушылары кезеңі баланың тұлғалық қасиеттерін дамытудың негізгі кезеңі екендігін айта келіп, ата-аналарды олармен сырластыққа, өзара түсіністік қарым-қатынасты нығайта отырып, оларға балалар дамуына қатысты психологиялық, педагогикалық өзгерістер сырын түсіндіріп, хабарлап отыруды түсінді.

Жоғарыда қарастырылған мәселелерді талдай келе, оқушылардың бойында тұлғалық қасиеттерді дамыту мектеп пен отбасы ынтымақтастығында ғана толық мүмкіндіктер алады. Өйткені мектеп пен отбасы ынтымақтастығы баланы жан-жақты тәрбиелеуші, бойында жағымды қасиеттерді дамытудағы мүмкіндік туғызатын әлеуметтік бірлескен орта болып табылады. Біз бастауыш сыныптағы ата-аналар білімін жетілдіру мақсатында төмендегідей лекциялар бағдарламасын жасадық. Бастауыш сыныптағы ата-аналары үшін отбасы тәрбиесінің ролі бойынша лекциялар бағдарламасының мазмұны:



№1 дәріс тақырыбы: Отбасы тәрбиенің мәні.

Отбасы ұғымы туралы түсінік. Отбасының негізгі қызметтері. Отбасы тәрбиесі жайында айтқан ғалым – педагогтардың көзқарастарының ғылыми – теориялық негіздері. Отбасы тәрбиесінің педагогикалық мәні. Отбасындағы ата-ана тәрбиесінің мәні.

2 дәріс тақырыбы: Бүгінгі отбасы тәрбиесінің ерекшелігі мен мүмкіндіктері.

Мұнда қарастырылатын мәселелер: бүгінгі жеке бастың қалыптасуындағы қоғамның талабын қанағаттандыруда отбасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері. Ғылыми және халықтық, сондай-ақ педагогика жетістіктерін тәрбиелеуде қолдану жоспарын қарастыру. Осы мәселені зерттеген ғалым-педагогтар еңбектерімен таныстыру. Ата-аналар тәжірибесінен пікірлерін тыңдап, ой бөлісу.

3 дәріс тақырыбы: Отбасындағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру.


        1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
          2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
          2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
          2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
          2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
          2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
          2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
          2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
          2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


          Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет