Кіріспе. Зерттеудің көкейтестілігі


Ғалым-педагогтардың тәжірибелерін және көзқарастарын басшылыққа ала отырып, отбасында баланы түрлі еңбек түрлерімен айналысуға тәрбиелеу. Данышпандардың тәрбие жайлы айтқан ойларын жанұяда пайдалану



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,72 Mb.
#6718
1   2   3

Ғалым-педагогтардың тәжірибелерін және көзқарастарын басшылыққа ала отырып, отбасында баланы түрлі еңбек түрлерімен айналысуға тәрбиелеу. Данышпандардың тәрбие жайлы айтқан ойларын жанұяда пайдалану.


Ата-аналар тәрбиесінің педагогикалық талаптарға сай болу қажеттілігін түсіндіру. Отбасы мен ата-аналардың міндеттерін және ерекшеліктерін сақтауы қажеттілігін қарастыру.

4 дәріс тақырыбы: Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыруда қазақтың ырымдары мен тыйым сөздерін пайдалану.

Соңғы жылдардағы бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану қажеттілігі. Қазіргі халықтық педагогиканың бүгінгі кезеңіндегі, отбасында, мектептердегі тәрбие жұмыстарына тыйым сөздер мен ырымдардың мәнін балаларға түсіндіру арқылы оларды инабаттылыққа, жарасымды іс-қимылға тәрбиелеу.

Баланың тұлғалық қасиетін дамытуда тыйым салынған әрекеттер мен ырымдардың педагогикалық мәнін ашып түсіндіру.

Қазақтың тыйым сөздерін және ырымдарын отбасында кеңінен пайдалану үшін көптеген насихаттау жұмыстарын жүргізу.

Қазақтың ұлы ғұламалары, ағартушы-педагогтары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарына талдаулар жасау.

5 дәріс тақырыбы: Отбасы тәрбиесінде ұлы ғұламалар мен данышпандар өсиеттерін пайдалану.

Отбасында ұлы ғұламалар өсиетін пайдалана отырып, балаларға тәрбиелік ықпал жасаудың тиімділігін қарастыру.

Ұлы шығыс ойшылдары мен қазақтың зиялы қауым өкілдерінің пікірлеріне үлгі өсиет өнегелеріне педагогикалық талдаулар жасау.

Лекция бағдарламаның ерекшелігі – бағдарламаның мақсат – міндеттері, формасы мен әдістері, оқу тапсырмалары мынадай біртұтас төрт қағиданы басшылыққа алады.

1. Оқушылардың бойында тұлғалық қасиеттерді дамытуда қоғам, мектеп, отбасы және басқа да арнаулы институттардың тәрбиелік мүмкіндіктерін интеграциялау.

- Тәрбиені ізгілендіру. Оқушылар бойында жоғары интеллектуалдық, рухани азаматтық қасиеттерді дамытуда әрбір баланы қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп санап, онымен тығыз қарым-қатынас жасау.

- Мектептің педагогикалық ұжымының отбасымен тығыз байланыс жасай отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік жасауды даралау және жалпылау.

- Мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналардың белсенділігін, шығармашылығын арттыруды демократияландыру.

2. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту. “мұғалімата-анаоқушы” шарты бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаны дайындауда біз соңғы жылдарда шыққан білім министрлігінің бекіткен тұжырымдамалары мен бағдарламаларына зерттеу проблемасы бағытында зерттеу жүргізілген педагог-ғалымдардың (Т.Ахметов, А.О.Пинт, О.Р.Кунц, К.М.Мухамеджанова, Қ.Т.Атемова және т.б.) ұсыныстарына сүйендік.

Жоғарыда көрсетілген әдістеме бойынша ата-аналарды біртіндеп мектептегі тәрбие жұмысына қатыстырып отыру өте тиімді.


Қорытынды

Бүгінгі таңда отбасы тәрбиесінің қоғамдағы ролін анықтау, яғни мектеп пен отбасы ынтымақтастығын арттыру мәселесі мемлекеттік тұрғыда маңызды орынға көтеріліп отыр. Бұл мәселе ҚР Конституциясында: «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы, әрі парызы» - деп көрсетілген. Ал, әлемдік деңгейде «Баланың құқығы туралы конвенция» қабылданып, бала дүниеге келмей жатып, қамқорлық жасаудың жолдары қарастырылуда. Мұның өзі, бүгінгі таңда мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда отбасы тәрбиесінің мәні өте күрделі екендігін байқатады.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту мен тәрбиелеуде қоғамдағы әлеуметтік институттардың бірі – отбасы ролі ерекше. Осыған орай, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту үшін мектеп пен отбасының ынтымақтастығының болуы қажетті шарт екендігін аңғартады.

«Мектеп педагогикалық ұжымы мен оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық - педагогикалық негіздері» атты тарауда: орта мектептерде оқушыларға білім беру және тәрбие беру мәселелері, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері, отбасы тәрбиесі - бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту негізгі факторы туралы мәселелер қамтылған. Онда орта мектептерде бастауыш сынып оқушыларына тәрбие және білім беру мәселелерінің даму кезеңдері, ерекшеліктері қарастырылған. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәнін ашуда Ш. Амонашвили, В. Давыдов, Л. Заноков, В. Репкин, Д. Эльконин, Қ. Жарықбаев, М. Мұқанов және т.б. тұжырымдамаларын басшылыққа ала отырып, жас кезеңде көрініс беретін тұлғалық қасиеттердің педагогикалық және психологиялық жақтары (аспектілері) деп топтастырған.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін отбасы тәрбиесінің орны ерекше. Отбасы тәрбиесінің мәнін жан-жақты ашу үшін бірқатар ғалым-педагогтардың еңбектеріне сүйене отырып, «отбасы » және тәрбие ұғымдарына келтірілген анықтамаларға талдаулар жасалынды. Сондай-ақ, отбасы – қоғамдағы әлеуметтік институт ретінде, оқушылардың жеке басының дамуына екі жақты әсер етеді және негізгі факторы екендігін анықтаған.

Орта мектеп өзінің типтік ерекшелігіне байланысты отбасымен ынтымақтаста болуды қажет етеді. Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін орта мектептің отбасымен бірлескен жұмысы жағдайында ғана жемісті нәтижеге жетері анық. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының бүгінгі ерекшеліктері, тәжірибелік жұмыстар, мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны, мақсаты мен міндеттері, әдіс-тәсілдері мен формалары қарастырылған.

Сонымен, зерттеу жұмысының нәтижелері бізге мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндіктер берді:


  1. Бүгінгі күнгі отбасы тәрбиесінің ролін арттырудың негізгі көзі – мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болуға тиіс;

  2. Ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру үшін ата-аналар үшін әңгімелер, дәрістер, конференция өткізу, лекторийлер ұйымдастырылуы керек;

  3. Ата-аналар үшін ұйымдастырылатын дәрістерде «оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне» сәйкес алынуы өте орынды;

  4. Мектептегі мұғалімдерге оқушылардың ата-аналарының моральдық көмегі мен қолдауы аса қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. 27-шілде, 2007

2.Қазақстан Республикасының этникалық – мәдени білім беру тұжырымдамасы. “Егемен Қазақстан”, 1996. 7-тамыз.

3.Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің

тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі. 1993. 9-сәуір.

4.Қазақстан Республикасының азаматтарының мінез-құлықын дамыту

тұжырымдамасы. “Егемен Қазақстан”, 1995.

5.Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.

“Егемен Қазақстан”, 1994. 20-тамыз.

6.Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.-2007

7. Мұқанов М.М Жас және педагогикалық психология А.:Білім, 2002

8.Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы А.: Мектеп, 1998

9.Джакупов С.М., Бердібаева С.Қ. Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. Алматы, 1998.

10.Атемова Қ.Т. Оқушылар бойында гумандық қасиетттерді қалып-тастырудағы отбасының ролі. Алматы: Ғылым, 2002.

11.Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. Ғылыми – әдістемелік құрал. Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002.

12. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы, 1991

13. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс- әрекетін ұйымдастыру жолдары. Алматы: 2002.

14.Болдырев Н.И. Тәрбие методикасы. Алматы. Мектеп, 1980

15.Сманов І, Оңғарбай Ә, Оразымбетова Б. Отбасы мен мектептің ынтымақтастағы. Шымкент, 2005.

16. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. Алматы, 1986.

17. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. ( Құрастырған Ж.Нұржанова. Алматы, 1991)

18. Харламов Н. Педагогика. М., 1990.

19. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. Алматы: Дарын., 2004.

20. Педагогика және психология. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы, 2002.

21. Назарбаев Н.Ә. «Отбасы- Отанның ошағы» Егемен Қазақстан, 2001.

22. Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі- ақылдың көзі. Алматы., 1986.

23. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы, 2001.

24. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы, 1991.

25. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.

26. Аймағанбетова. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі. Алматы, Балауса, 2003.

27. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы. Алматы, 1997.

28. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 1985.

29. Бержанов Қ., С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы. Мектеп, 1984.

30. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана, 1998.

31. Подласый И. Педагогика. Книга 1. Москва., 2000.

32. Мұсаева С.А., Бегалиев Т. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана, 2006.

33.Иванова Н., Қозғанбаева М. Оқыту процесінің мәні. Алматы, 1991.

34.Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 1985.



35. Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 1997.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет