Кіріспе зерттеудің көкейтестілігі



бет1/5
Дата11.11.2016
өлшемі1,29 Mb.
#1507
  1   2   3   4   5
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар, халқымыздың қорғаны болар рухы биік азаматтарды тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл іске уақыт сынынан мүдірмей өтіп келе жатқан халық даналығын еске түсіре отырып кіріскеніміз абзал.

Бұдан былайғы кезде осы мүмкіндікті кеңінен зерделеп, педагогиканың тарихы мен теориясы, тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері мазмұны мен ереже қағидаларын байыту арнайы ғылыми зерттеулердің үлесінде. Осындай мүмкіндігі мол, бай мұраның бірі Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармалары екені белгілі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Абай мерейтойында сөйлеген сөзінде былай деп айтқан болатын: “Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болар еді. Сорлатқанда біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ. Өз халқын “жұрт болсын, өссін, өнсін” дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын. Абайға құлақ ассын.

...Казіргідей заманда Абай мұрасына айына емес, аптасына емес, күніне бір үіңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аласың"[1].

Бұл ретте кейінгі кездерде орындалған теориялық, тарихи-педагогикалық зерттеулерді айтуға болады. Қазіргі кезде оқыту теориясына қатысты, әсіресе, оқыту әдістеріне байланысты “жаңа технология”, “белсенді әдістер” деген жаңа сипаттағы ұғымдар пайда болды. Олардың көпшілігі компьютерлік технология, аудио-видео технологиялары мен кәдімгі ертеден бері қарай қолданып келе жатқан әдістер мен тәсілдердің түрліше топтастырылуы мен талдануы. Бұл ретте ақын шығармаларындағы дидактикалық идеяларды да тың сипатта талдап, жаңаша көзқараспен зерделесек осы “жаңа технология мен белсенді әдістерді” байыта түспек.

Сонымен бірге әдеби мұралардағы тәлімдік ойлар мен оқу, білім, ғылымға қатысты пікірлер отандық педагогиканы дамытып қалыптастырудың қайнар көзі. Осыған орай біршама жұмыстар жүзеге асып та келеді, атап айтсақ, Қ.Жарықбаев [2], К.Қ.Құнантаева [3], А.К.Көбесов [4], С.Қалиев [5], Т.М.Әлсатов [6], С.Ұзақбаева [7], К.Ж.Қожахметова [8], І.Р.Халитова [9], А.Н.Ильясова [10], т.б. еңбектерін атап өтуге болады. Жалпы Абай шығармаларының философиялық тегі, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты А.Байтұрсынов [11], Ж.Аймауытов [12], М.Жұмабаев [13], Т.Тәжібаев [14], М.Әуезов [15], зерттеулерін айтуға болады.

Абайдың педагогикалық пікірлеріне ең алдымен 1934 жылы жазылған Ш.Әлжанұлының [16] мақаласын, одан кейінгі кездерде Қ.Жарықбаев[2], А.Көбесов [4], т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да авторлардың жекелеген мақалаларын айтуға болады.

Осы уақытқа дейін орындалған зерттеу жұмыстары мен басқа да ақын шығармаларындағы дидактикалық идеяларды ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдап, олардың оқу үрдісіндегі қажеті мен мүмкіндіктерін ашып, практикаға ендіру мәселесін қарастырған жөн. Біздіңше бұл отандық педагогиканың теориясын жаңа идея, тың пікірмен байыта түспек. Осы тұрғыда жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде мынадай қайшылықтардың беті ашылды: Абай мұрасының кең мүмкіндіктері мен олардың толық ашылып, практикаға ендірілмеуі арасындағы; ақын мұрасындағы дидактикалық мәндегі шығармалары және ондағы дидактикалық пікірлер мен олардың толық ашылмауы және оқу үрдісіне ендірілмеуі арасындағы. Бұл қайшылықтар зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Абай Құнанбаевтің қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлерді педагогика пәндеріне енгізудің маңызы” деп айқындауға жол ашты.



Зерттеу жұмысының мақсаты: Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлерді айқындап, оны оқу үрдісіне ендірудің жолдарын қарастыру.

Демек, осы қайшылықтарды ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлердің мүмкіндіктерін айқындау зерттеуіміздің басты мәселесін құрайды.



Зерттеу нысаны: Абай Құнанбаевтың әдеби шығармашылық мұрасы.

Зерттеу пәні: Абай қара сөздеріндегі дидактикалық идеялар.

Зерттеу міндеттері:

- Абай Құнанбаев мұрасының зерттелуі мен мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдап сипаттау;

- Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдау;

- Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі дидактикалық ойларын жүйелеп, педагогика пәндеріне енгізудің маңызын көрсету.



Зерттеудің ғылыми болжамы: егер ақын, ұстаз, ғалым Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларына ғылыми-педагогикалық тұрғысынан талдау берілсе, оның дидактикалық пікірлер жүйесі жасалса, онда бұл оқу үрдісіне ұлттық сипат әкеліп, отандық педагогика ілімі жаңа теориялармен байытылып, ол өз кезегінде оқытуды тиімді ұйымдастыруға шарт түзеді.

Зерттеудің жетекші идеясы: Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлердің педагогиканың теориясындағы алатын орнын айқындау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Диалектикалық философиялық таным теориясы, жалпы теория туралы ілім, оның ішінде педагогикалық теорияның оқу үрдісін ұйымдастырудағы мәні, шығармашылықтың мәдени педагогикалық маңызы, этникалық және әлеуметтік идеялардың ара қатынасы, дидактиканың философиялық, психологиялық негіздері, оқу үрдісін ұйымдастырудың педагогикалық, психологиялық, философиялық негіздері.

Зерттеудің көздері: философ, педагог, психологтардың таным үрдісіне қатысты еңбектері; шетелдік және отандық педагог ғалымдардың дидактика туралы ойлары; отандық және шетелдік ғалымдардың Абай мұрасына қатысты философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектері; мемлекетіміздің Ата заңы, білім туралы заңдар мен тұжырымдары; ғылыми зерттеулер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар.

Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, тарихи, әдістемелік әдебиеттер мен зерттеу жұмыстары мен Абай мұрасына арналған басқа да материалдарды талдау, гносеологиялық заңдылықтар мен дидактика туралы ілім арасындағы байланыстарды ашып беретін ақпарлар және басқа да материалдарды зерделеу, жіктеу, топтастыру пайымдау әдістері қолданылды.

Зерттеу кезеңдері мен барысы:

Бірінші кезеңде (2013ж.) зерттеу тақырыбы анықталып, қойылған мәселеге байланысты ғылыми-теориялық, тарихи-педагогикалық, философиялық, психологиялық әдебиеттер мен жекелеген мақалаларды талдау арқылы зерттеу жайы анықталды. Осы негізді зерттеу жұмысының нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталып, қажетті материалдар жинақталды.

Екінші кезеңде (2014ж.) жинақталған материалдар мен ақпарлар, жекелеген мәліметтер педагогиканың теориясы, таным үрдісі тұрғысынан талданды. Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық пікірлер сараланып талданды, жүйеленіп, тексеруден өтті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- Абай Құнанбаев шығармаларының зерттелуіне талдау беріліп, педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды;

- Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ойлар айқындалып жүйеленді;

- Абай Құнанбаев мұрасындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндерін оқыту үрдісіне ендіру жолдары қарастырылып, осыған орай ұсыныстар әзірленді.



Зерттеу нәтижелерінің практикалық мәнділігі:

- жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған “Абай Құнанбаев мұраларындағы дидактикалық ойларды педагогика пәндеріне ендіру” тақырыбындағы арнайы курс бағдарламасы түзілді;

- зерттеу нәтижелерін педагогиканың тарихы, жалпы педагогиканың дидактика бөлімдерінде қолдану мүмкіндігі кең; жалпы білім беретін мектеп, орта кәсіптік оқу орындары, жоғары мектеп оқу үрдісіне, мұғалімдердің білім жетілдіру институттарында ендіруге болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- Абай Құнанбаев мұрасындағы таным теориясына қатысты педагогикалық ойлар;

- Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі дидактикалық ой-тұжырымдар жүйесі;

- Абай Құнанбаев мұрасындағы дидактикалық тұжырымдарды оқу үрдісіне ендіру жолдары мен арнайы курс бағдарламасы.



Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, кестелер мен суреттерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімінде Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы дидактикалық, таным үрдісіне қатысты ойлардың зерттелуі туралы айтылды.

Екінші бөлімінде Абайдың қара сөздеріндегі дидактикалық ой-пікірлер педагогика пәндерінде оқыту мәселелері қарастырылды.

Зерттеу жұмысының қорытындысында Абай (Ибраһим) Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойларға қатысты тұжырымдар жинақталып, ұсыныстар берілді.



1 Абай құнанбаевтың шығармашылық мұрасындағы дидактикалық ойлар
1.1 Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойлардың зерттелуі
Дидактика дегенде педагог ғалымдар қауымы оқыту теориясын және соған қатысты мәселелер туралы ойланады да, ол ғылым болғандықтан ақын шығармаларында қалай орын алмақ деген пікірге келуі мүмкін. Ал, осы ғылымның даму тарихына ой жүгіртсек, Ян Амос Коменскийге [17] дейін-ақ оның алдымен, философтардың ой-толғаулары мен әдеби мұраларынан орын алғанын көреміз. Теориялық ілім ретінде қалыптасу жолында одан кейінгі жетілу кезеңінде де дидактикаға байланысты сан алуан пікірлер пайда болды. Бұл ретте И.Г.Песталоцци [18], И.Ф.Гербарт [19], Д.Дьюи [20], П.Ф.Каптеров [21], т.б айтуға болады. Дидактиканың кейбір мәселелеріне байланысты пікірлерді А.Байтұрсынов [11], Ж.Аймауытов [12], М.Жұмабаев [13], еңбектерінен де табуға болады.

Дидактика қалай оқыту, не нәрсеге оқыту, не үшін оқыту, кімді оқыту, қашан оқыту, нәтижесі қандай болуы керек, қалай бағалау керек деген мәңгілік мәселелерден тұрады.

Оқыту мазмұны, оқыту қағидалары оқыту әдістері, оқыту формалары, оқыту құралдары, оқытудың мақсатына қатысты әр түрлі ойлар айтылған. Дидактикалық ой-пікірлерді іріктеп алуда, оның жалпы және жекелеген тұстарын танып білу керек болса ақын, жазушы, ойшыл не зерттеуші ғалымдардың мұрасынан оларды іздей отырып, өсіп келе жатқан жас буындардың санасында оқу, ғылымға ұмтылыс пен қажеттенулерін қызығуларын туындатып, білім алу, іздену жолына бағыттауға тигізетін септігі ескеріліп келеді. Олар көбінесе дидактиканың жалпы мәселелерін қамтиды, “жалпы дидактиканың пәні оқыту мен оқу және оны туындататын жағдайлар мен ол жүретін шарттарды, сонымен бірге ол алып келетін нәтижелер болып табылады”. Дидактиканың жалпы мәселелеріне қатысты Ч.Купсевичтің [23, 19] осы айтқандарын ескерсек, ақын, ойшыл Абай шығармаларындағы дидактикалық пікірлер жекелеген пәндердің оқыту әдістемесінен гөрі жалпы оқытуға қатысты ойларды көбірек қамтиды. Соған сай оның жалпы дидактикалық кейбір ойлары жеке пәндер дидактикасына да жарамды.

Педагогиканың оқыту теориясы туралы бөлімінде дидактиканың төмендегідей негізгі санаттары берілген: оқыту және оқыту үрдісі, оқытуды ұйымдастыру формалары, оқыту мақсаты, оқыту ұстанымдары, оқыту әдістері мен тәсілдері, оқыту құралдары, т.б. Сонымен бірге оқытудың заңдылықтары мен қозғаушы күштері, оқытудың қызметі, оқыту мазмұны, оқытуды бақылау және бағалау. Демек, ақын мұрасынан біз осыларға байланысты пікірлерді іріктеп алып, оларға талдау беріп, түсіндірмелей отырып, педагогика пәнін оқытуда пайдалану мүмкіндіктерін көрсетілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстың басты ерекшелігі ғұлама ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін жоғарыда келтірілген оқыту теориясына байланысты негізгі санаттар тұрғысынан пайымдай отырып айқындалды

Ақын мұрасын зерттеуде, белгілі ғалым Ә.Нысанбаев айтқандай, “қазір Абай философиясы мен дүниетанымы, ол айтқан дана пікірлер адамның қадір-қасиетін көтеруге, ұғуға бағыттайтын өміршеңдігі мен егеменді еліміздің мемлекеттік идеологиясы болып табылады” [23,8] деген пікірінің жөн бар. Қалай десек те, дидактикалық пікірлердің белгілі бір тарихи даму кезеңдерін басып өту арқылы біртіндеп жинақталғаны анық. Сол секілді Абай сынды ғұлама ақынның шығармаларындағы дидактикалық пікірлер де бір күнде пайда болмағаны, оның шығармаларында айтылған ойлар қазақ халқының даналық тұжырымдарының жалғасы, шетелдік Ресей мен Еуропа және шығыс ғұламаларынан алған тәлімдерінің нәтижесі деуге болады.

Бүкіл мұсылман әлемі ұстанатын қағидалар жинағы, ғылымдардың негізі Құран кәрімдегі “оқы, бір Алланың атымен оқы” деген сөздер біздің ата-бабаларымызға айтылған басты өсиет, жетекші идея болғанын, одан кейінгі түрік дәуірінен бергі бүкіл ауыз әдебиеті, жазба әдебиетінде оқу, білім ал, ғылым ізде деген тұжырымдар даналарымыз бен ғұламаларымыздың шығармаларының арқауы болған.

Осы пікірді негізге ала отырып, оның дидактикасын зерттеуде ақынның 38-қара сөзінде айтқан ой-тұжырымын оның дидактикалық пікірлерінің кілті деуге болады. Оның ықылас-бірлән оқып, ұғып алыңыздар” дегені оқыту-оқу, білім алу мен білім берудегі ұстанатын басты идея, негізгі ұстанатын пікір емес пе? Ақын дидактикалық ғылыми еңбек жазбағанымен соған қажетті және осы оқыту теориясының қыр-сырын ашуға, осы үрдісті ұтымды ұйымдастырып, тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін келелі пікірлер жазып қалдырғаны белгілі.

Сонымен жоғарыда келтірілген дидактиканың мынадай мәселелері осы педагогика пәнінің нысанасының өзегі болып табылады:

- оқу;

- оқыту;


- оқу мен оқытуды туындататын жағдайлар;

- оқу мен оқытуды ұйымдастырып, жүзеге асыратын шарттар;

- оқыту мен оқудан шығатын нәтижелер;

- үйрету, үйрену;

- үйрену мен үйретуге шарт түзетін ахуалдар;

- үйрету нәтижелері;

- іздену;

-ізденуге жетелейтін немесе итермелейтін ішкі мотивтер мен сыртқы факторлар;

- білім және білу; олардың арасындағы байланыс;

- білімге қажеттенуін туындататын ахуалдар;

- білуге құмарлықты туындататын жағдайлар;

- ұғыну;


- ұғым мен ұғыну арасындағы байланыстар;

- ұғыну мен түсінудің мәні;

- ғылым мен білім және олардың ара қатынасы.

Дидактика туралы әдебиеттерді (негізінен қазақ және орыс тіліндегі педагогика оқулықтарын) зерттеу барысында оларда көбінесе оқыту іс-әрекетіне байланысты ғылыми-педагогикалық талдаулар, ұғымдар мен түсініктердің жеткілікті. Сонымен бірге педагогикалық психология мен жалпы оқу іс-әрекетіне байланысты әдебиеттерде жоғарыда келтірілген санаттар жеке дара қарастырылмай, үнемі оқыту іс-әрекетіне байланысты талданып келе жатқаны айқындалды. Оқулықтарда бұл ұғымдарға жеке-жеке түсініктер берілмейді және мағынасы да ашып көрсетілмейді. Әрине, олар өзара тығыз байланыстағы ұғымдар. Оқу үрдісінде бірінсіз екіншісі жүзеге аспайтыны да белгілі, дегенмен, болашақ педагог маманы осы ұғымдардың мән-мағынасын жете түсінбей, олардың арасындағы логикалық байланысты да толық меңгермейді. Осы мақсатта оларды алдымен жеке-дара талдап алып, одан соң ара қатынасын педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып көрсету қажет. Өз ойымызды дәлелдеу мақсатында студенттер арасында алдын-ала зерттеу жұмысын ұйымдастыра отырып, студенттерден мына сұрақтарға жазбаша түрде қысқаша жауап талап етілді: оқу деген не? Білім дегенді қалай түсінесіз? Ғылым деген не? Ұғу мен түсіну деген екі мәндегі сөздер ме, жоқ әлде мағынасы бірдей ме? Ұғыну мен түсіну арасында қандай айырмашылық бар? Іздену деген не? Ол қалай пайда болады? Ізденудің мәні неде? Абай мұрасындағы дидактикалық ойларды айқындау, оны жалпы педагогиканың дидактика бөліміне ендіру үшін осыларды анықтап алу керек деген оймен тексеру жүргізілді. Жұмыс ауызша және жазбаша түрде жүргізілді. Бұған барлығы 66 студент қатысып, олардан алынған жауаптар төмендегідей болды.

Келтірілген 1-кестеден көріп отырғанымыздай, педагогика мен психология пәндерінен сабақ алған студенттердің берілген сұрақтарға жауаптарының толық емес екенін байқауға болады. Ал, кейбір дұрыс жауап бергендер сөздің мәнін тіл тұрғысынан ашып көрсеткен. Келтірілген көрсеткіштер педагогика пәні оқулықтарында оқу үрдісін ұйымдастыру теориясына байланысты кейбір ұғымдар мен түсініктердің жеткіліксіз берілген тұстарын көрсетті. Зерттеуді жүргізудегі мақсат ақын шығармаларындағы дидактикалық ойларды айқындау және осы келтірілген ұғымдарға берілген өлең, қара сөз түріндегі түсініктерді салыстырмалау болатын. Бірақ оқулықтарда олар жеке-жеке қарастырылмағандықтан, оны ақын шығармаларына сүйене отырып толық ашып көрсету үшін, алдымен ақын шығармаларындағы дидактикалық ойларға байланысты зерттеулер мен жекелеген мақалаларға талдаулар жасалды.

Айта кететін бір жәйт, бұл жердегі “оқу” мен “оқыту” деген ұғымдарға осы үрдістің барлық жақтарын қамтитын кең мағына беріліп отырғаны. Ол білім беру, біліктер қалыптастыру, оқыту мазмұны, формалары, әдістері мен тәсілдері, үйрету, жаттықтыру, т.б. қамтиды.


Кесте 1

Дидактиканың кейбір ұғымдарына студенттердің жауабы (%-пен)




Сұрақтар

Дұрыс жауап (%)

Қате жауап (%)

1. Оқу деген не?

2. Білім дегенді қалай түсінесіз?

3. Ғылым деген не?

4. Ұғу мен түсіну деген екі мәндегі сөздер ме жоқ әлде мағынасы бірдей ме?

5. Ұғыну мен түсіну арасында қандай айырмашылық бар?

6. Іздену деген не?

7. Ол қалай пайда болады?

8. Ізденудің мәні неде?



7 (8,1)

-

-



28 (32,5)
29 (33,7)
59 (91,8)

-

17 (19,7)



59 (91,8)

66 (100)


66 (100)

38 (67,5)


37 (66,2)
7 (8,1)

66 (100)


39 (80,23)

Осыдан барып дидактиканың осы мәселелерін жекелеп талдау қажеттігі бар екенін көреміз. Өйткені, біз атап өткендей, Абай шығармаларынан дидактиканың осы тұстарына қатысты пікірлерді көптеп кездестіреміз және оларды педагогика курсын оқытуда пайдаланудың толық мүмкіндігі бар. Сонымен бірге ол оқытудың мазмұнын отандық пікірлермен байытады. Осыған орай біз ақын шығармаларында ерекше орын алған “оқу” немесе “оқы”, “біл” және “білім”, “ғылым”, “оқыту” мен “үйрен” “үйрету”, “үйрену”, “ізден” немесе “іздену”, “ұқ” немесе “ұғыну” және осылармен тығыз байланысты “көкірегінде көзі бар”, “ойлы”, “ой тап” деген т.б. ұғымдарына қатысты ой-пікірлерін педагогика ғылымы, оның ішінде оқыту теориясы ілімі тұрғысынан талдадық. Себебі, ақынның бүкіл шығармашылығы жалпы ағартушылық сипатта болса, оның жекелеген өлеңдері мен қара сөздерінде дидактиканың мазмұнын байытатын материалдар да жеткілікті.

Оқыту үрдісінің екі жақтылығына тоқтала келіп, дидактик ғалымдар Ю.К.Бабанский [25], Т.А.Ильина [26], И.Ф.Харламов [27], Б.Лихачев [28], И.П.Подласый [29] Ж.Әбиев [30], Ж.Қоянбаев [31], Абай атындағы Алматы педагогика университеті шығарған “Педагогика” [32] оқулықтарында оны жүзеге асыратын мұғалім мен оқушы ал, негізгі жағдай осылардың арасындағы қарым-қатынас болғандықтан, егер бұлардың бірі болмаса онда оқу да, оқыту да жүзеге аспайтынын айтады. Педагогиканың тарихы, жалпы педагогика және оқыту мен оқуға қатысты ғылыми-педагогикалық еңбектер мен жекелеген мақалаларды зерделей келе, “оқу” деген іс-әрекет түрін тікелей кітап, газет, журналдарды оқу, компьютерден мәлімет жинау арқылы оқуды айтуға болады. Бұл сыңаржақты да қарапайым ұғымнан бастап белгілі бір мекемеде мемлекет талаптарына сай түзілген бағдарламалар негізінде жалпы не кәсіптік білім беру, не білім алуды – арнайы ұйымдастырған бір тұтас үрдісті айтуға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Абай айтқан оқы, біл, үйрен деген санаттар көрсетілген кең мағынадағы “оқуды” қамтиды. Оқу – педагогтар, психолог, философ, әлеуметтанушылар тарапынан әр түрлі сипатталып келеді. Мәселен, белгілі дидакт ғалымдар М.Данилов пен Б.Есипов “оқу - білім алу, білік және дағдылар қалыптастыру бойынша жұмыс” дейді. [24].

Жалпы оқу дегенде кітапқа қарап әріптерді қосып оқу керек деп түсінеміз. Бұдан басқа оқу - белгілі бір білім ордасында кәсіп үйрену арқылы мамандық алуға бағытталған адамның іс-әрекетін білдіреді. Оқу - жалпы кітап, журнал, газет оқу арқылы мәлімет алуды білдірсе, мұны ғұлама ғалымдар ертеден бері қарай даналық ой-пікірлерге толы кітаптар оқу арқылы ойды дамыту, жан дүниесін азықтандыру, жақсарту туралы айтқан.

Түрік дәуірінен бастап айтылып келе жатқан бұл сөздің тегі құран кәрімге барып тіреледі. Онда “Оқы, бір Алланың атымен оқы” деген. Өзінен бұрынғы ғұламалардан сабақ алған Абай да осы оқу туралы көп айтқан. Оның “оқы” тұжырымы оқу арқылы ақылыңа ақыл қос, білмегеніңді біл, білгеніңді көбейт және оны пайдаңа жарат дегенге саяды. Зерттеуде ақынның осы және басқа да дидактикаға байланысты тұжырымдары талданды.

Кеңес Одағы ғалымдары “оқу” дегенді жеке, дара емес әрқашан таным белсенділігі, қызығу, өздігінен іздену іс-әрекеті секілді адам психикасының басқа да жақтарымен байланыстыра қарастырып, оны “үрдіс-процесс” ретінде талдайды. Сондықтан болса керек, олардың еңбектерінде “оқу” ұғымына жекелеген анықтамалар мен түсініктер берілмейді. Мәселен, Т.А.Ильина көбінесе “оқыту” жайлы айтқанда оқу мен оқытуды мұғалім мен оқушы арасындағы білімді меңгеруге бағытталған екі жақты қарым-қатынас үрдісі дей келе, мұнда “оқушылар білім, білік пен дағдыны өздестіреді, тәрбиеленеді және дамиды” дейді. Ғалым “оқу” дегенді жеке тұлғаның іс-әрекет бағыты ретінде қарастырмайды және оған санат ретінде анықтама да бермейді, “оқыту үрдісіне” ғана ерекше мән беріп тоқталады [26, 202]. Біз жоғарыда келтірген ғалымдардың ешқайсысы “оқу немесе оқы, білу немесе білім, үйрету немесе үйрен” деген дидактикаға тікелей қатысы бар санаттарды жекелеп талдап қарастырмайды.

Белгілі педагог, ғалым Ю.К.Бабанский оқу мен оқытуды жеке-дара бөліп қарастырмай, оның қызметін “білім, білік, дағды қалыптастыру, тұлғалық сапаларын тәрбиелеу, психикалық сфераларын дамыту” дейді де “оқыту үрдісі мынадай үш қызмет өтеуге арналған – білім беру, тәрбиелеу, және дамыту” деп келтіреді [25]. Сондай-ақ, Б.Лихачев оқытуды үрдіс ретінде қарастыра келіп “оқыту - арнайы ұйымдастырылған мәміле, қарым-қатынас негізінде бала санасында шынайы тұрмысты шағылдыруға бағытталған көп қырлы іс-әрекет,” – дейді [28]. Көріп отырғанымыздай, осы келтірілген авторлардың барлығы білім берудегі “оқыту” іс-әрекетіне ерекше мән береді, оны екі жақты дейді де, оқушы тұлғасының аса маңызды іс-әрекеті “оқу” деген санатқа жеке мән беріп талдамайды. Бұл ретте кейінгі кезде педагогтар тарапынан кең қолданылып жүрген авторлар ұжымы тарапынан орындалған “Педагогика” оқулығында [32] оқыту деген ұғымға жан-жақты анықтамалар бере келіп, “оқу - оқушының мақсатқа бағытталған, саналы, белсенді танымдық іс-әрекеті болып, ол ғылыми білімді қабылдау және меңгеру, қабылданған айғақтарды жалпылау, алған білімін бекіту және іс жүзінде қолдану” деп келтірген. Бір байқағанымыз, осы оқулықтардың ешбірінде оқу, үйрену немесе үйрету – білім алу мен дағды қалыптастыруда, әдеттендіруде аса маңызды санат ретінде жан-жақты зерделенбеген. Абай мұрасындағы оқу, білімге байланысты идеялары туралы жекелеген мақалаларда да “оқы” тұжырымы жеке санат ретінде қарастырылмайды.

Осы ұғымды нақтылау мақсатында оқулықтардан басқа қаралған көздердің бірі педагогикалық энциклопедия болды. Мұнда оқы, оқу ұғымы нақтыланбай ілім ретінде “учение” деп іс-әрекет ретінде “адамның қоғамдық-тарихи тәжірибелерді өздестіруінің әр түрлі формадағы іс-әрекетінің сипаты” деп кең мағынада берілген екен. Бұл жерде оқудың белгілі бір өнім беруге бағытталмайтыны, ойыннан мақсаттылығымен айырмаланатыны, оқу еңбегі ретінде қарастыруға болатыны және оқу іс-әрекетінің нәтижелі болуының ол үшін түзілген шарттарға, адамның жеке психологиялық ерекшеліктеріне, даму деңгейіне, өмір тәжірибелеріне, оқуға болған мәмілесіне, біліктері мен дағдыларына байланысты болатыны секілді, т.б. қарастырған. Оқытушылардың оқытуды ұйымдастыруының нәтижелілігіне ықпал ететін сыртқы басты факторлардың бірі – оны жүйелі, жоспарлы жүзеге асыру. Ал, оқу іс-әрекетінің нәтижелілігінің факторлары ретінде оқушылардың белсенділігі, өздігінен ізденуі, мінез-құлқын ұйымдас-тырудың мәні, оқуға болған мәмілесі қарастырылған. Мұнда оқу үшін аса маңызды талап, ынта, жігер, қайрат, ындын, қуат, ой жүргізу секілді ішкі факторлар толық талданбайды. Бұны айтып отырған себебіміз, Абай шығармаларында оқуға байланысты дәл осы ішкі факторлармен оның адамның жан-дүниесіне әсері әр тарапынан зерделенген. Бұны, біз әр ұғымға байланысты жеке-жеке келтірмекшіміз.

Оқу үрдісі, білім қалыптастыру, оны рухани байлық ретінде бағалап, материалдық тұрмыстың көзіне айналдыру білімнен басталады. Соған сай Абай мұрасында “біл” тұжырымына қатысты көптеген пікірлер айтылған. Соларды талдау үшін біз қазіргі педагогика мен психологияда осы “біл” тұжырымына қатысты ұғымды талдауды жөн көрдік. Бірақ оларда білім жайлы көп айтылады ал “біл – знай немесе білу – знать” туралы сөз қозғалмайды. Педагогикалық энциклопедияда “знать” деген жоқ, ал знание – білім туралы келтірілген. Онда знание немесе білім “адамның табиғат пен қоғамдық құбылыстар мен заттарды танып-білуінің өнімі” дей келе, ол екі түрлі жолмен: күнделікті өмірде өздігінен және арнайы ұйымдастыру арқылы жүзеге асады деп көрсетілген. Білу, білімділік ұғымдарына мән берілмеген. Бұл педагогика оқулықтарында да толық ашылмаған. Оларда авторлар көбінесе білім алуды немесе білім беруді ұйымдастыруға тоқталады да, ал, рухани байлық, оның адамның ішкі жан дүниесі мен ақылын байытудағы мәні көрсетілмеген. Бұл Абай шығармаларында ерекше орын алған. Біл – бір нәрсе туралы толық хабардар болу, ұғу, түсіну, жете тану. Білу – байқау, бақылау, көру, есту, істеу. Ал білім – оқу, үйренумен санаға қонатын ақиқат жайлы түсінік. Бұған сондай-ақ, адамның ақыл, парасат, ой өрісі, көп оқу арқылы пайда болатын ой-сана құбылысы да жатады.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарда оқу, үйрену, оқыту, үйретудің психологиялық мүмкіндіктері мен педагогикалық сипаты жеке оқушы тұлғасы тұрғысынан зерделенбейді, мысалы, үйрен, үйрену, үйрету, үйренді сөздерінің әлеуметтік-психологиялық тегі ашылмайды. Сонымен бірге оқы, оқу, оқыды, біл, білу, білді сөздерінің де ішкі психологиялық мәні жеке оқушы тұлғасының іс-әрекеті тұрғысынан зерделенбеген. Дерліктей барлық оқулықтарда оқыту мен білім беру, оқу үрдісі, көбінесе, ұстаз бен оқушының іс-әрекеті ретінде қарастырылады.

Десек те, дүниеге жаңа келген жас баланы не болмаса мектеп оқушысын, тіпті кәсіптік оқу орындары оқушыларын, жоғары мектеп студенттерін біз белгілі бір дағдылар, әдеттерге үйретуді әрқашан іске асырып отырамыз. Алайда, бұл осы уақытқа дейін ғылыми-педагогикалық, психологиялық тұрғыда қабыстырыла талданбағаны таң қаларлық.

Сонымен “үйрену, үйрету” жайлы психология не дейді. Үйрену – адамның қоғамдық – тарихи тәжірибені өздестіруін сипаттайтын іс-әрекет түрі[12]. Үйрен екендігін, тек өзіміздің материалдарымызды ғана тапқандарын атап көрсетті. Өзі білмеген нәрсені түсініп, көңілге тоқу, басқалардан біліп алу. Бір іске не қимылға дағдылану, көзі үйрену, машықтану, жаттығу. Бір таңқаларлығы, педагогикалық-энциклопедиялық сөздікте, педагогика оқулықтарында үйрену мен үйрету туралы анықтамалар мен түсіндірулер жоқ. Педагогикалық психологияда научение – үйрету ішкі және сыртқы іс-әрекетті өзгерту делінген ол “іс-әрекетті тұрақты, мақсатты түрде біртұтас өзгерту болып ол бұрынғы іс-әрекетке байланысты”. Мұнда үйрету – сөз бен іс-әрекет, зат не құбылыс арасындағы логикалы байланысты түсіну, оны басқаларға айтып жеткізу ретінде келтірілсе, үйрену – ұғым қалыптастыруға байланысты талданған. Ал, біліктілік пен дағды үйрену нәтижесі емес практикалық іс-әрекет қорытындысы ретінде берілген. Осы жерде қазақ тіліндегі үйрену сөзінің орыс тілінде жоқ екенін көреміз. Оқудың, білімнің, үйренудің тұрмыстық-практикалық мәні, мысалы, кәсіп үйрену, өнер үйрену, т.б. үйрену мен үйретуге байланысты тағы да қарастырылмайды. Абай шығармаларындағы дидактикалық ойлардың мәні де осы ғылыми педагогикада көп зерделенбеген кейбір тұжырымдарды зерделеуге тұғыр болуында.

Осыған орай айта кететін жәйт, қазақ ұғымында оқы мен оқу бір мақсатты көздеген екі түрлі санат ретінде талданбаған. Мысалы, “оқы” тар мәндегі жеке тұлғаға бағытталса, “оқу” кең мәндегі жеке және жалпылама сипатқа ие. Сол секілді “біл” – жеке тұлғаның ақыл-ой әрекетіне бағытталса “білім” жекеден жалпыға, көпке тән кең мағынадағы ұғым. Ал, “үйрен” мен “үйрену” жеке және жалпы сипатта болып оқу, білім алу, бір істі атқаруды, орындауды үйренуден өнер, ғылым үйренуге дейінгі кең мағынаны қамтиды. Бұдан басқа тағы да “ілім”, “ғылым” деген кең мағынадағы ұғымдар ерте заманнан бері қарай орын алған. Осының өзі-ақ қазақ халқының ілім, білімге, әдетте, кейбіреулер ойлағандай емес, әлдеқайда бұрын ұмтылғанын сондықтан қадірлеп, қастерлегенін көрсетеді. Бұл ұғымдар орыс тілді оқулықтарда “учиться, учение, научение, изучение, наука” деген сөздермен келтіріледі.

Ақын мұрасындағы дидактикалық тұжырымның тағы бірі – “ұқ”. Оқу үрдісінде бұл ұғыну, ұқтыру мәнінде қолданылады, “ұғу – түсіну, білу, санаға тоқу, жадында сақтау”. Сөздікте түсінудің синонимі ретінде берілгенімен қолданыста олардың мәні әр түрлі, мысалы, түсінеді – айтқан сөздің байыбына бару болса, ұғады – одан да тереңдеу секілді. Мысалы, ұғып, көңіліңе тоқып ал, ұқтыру – санаға орнықтыру, ал түсіну – әр сөздің мәнін пайымдау дегенге саяды. Оқыту үрдісінде сабақ түсіндіру туралы көп айтылғанымен, сабақты ұқтыру демейді, керісінше сөз ұғады, сөз ұқпайды делінеді.

Абай мұрасындағы кейбір тәлім-тәрбиелік пікірлерді дөп басып, тауып орынды пайдаланып келе жатқан мектеп мұғалімдерінің ақын шығармаларын әр түрлі пәндерді оқытуда дидактикалық мақсатта көбірек қолданып жүргенін байқадық. Атап айтсақ, олар сабақтың тәрбиелік мақсатын жүзеге асырумен қоса оқушыларда білім, әдет, дағды қалыптастыруда, белгілі бір ереже, қағиданы оқушылар ой-санасына орнықтырумен әдет, дағдыларға үйретуде ақын мұрасын тиімді қолдануға ұмтылыс жасағанын олардың сабақ үрдісін талдаудан көруге болады. Бұл, әсіресе, ақынның туғанына 160 жыл мерейтойына байланысты ерекше қуатпен кең қанат жайған. Олардың жекелеген мақалалары мен конференцияларда жасаған баяндамаларынан осыны аңғаруға болады.

Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларына байланысты ғалымдар мен жекелеген зерттеушілердің еңбектеріне тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі, Ресей ғылым академиясының академигі, Грузия ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.К.Құнантаеваның “Ұстаздарға өсиет” [3] еңбегіне тоқталуға болады. Мұнда ғалым, ақын мұрасындағы ұстаздарға қатысты педагогикалық идеяларын болашақ ұстаздарды даярлауда пайдаланудың кейбір жолдарын көрсетеді. Сонымен бірге сөз өнерінің ұстаз қызметіндегі маңызын талдай келіп, ақынның “сөздің күші”, “сөздің қуаты” деген пікірлерінің маңызын ашып көрсеткен және сол арқылы болашақ мұғалімдерді сөзді дұрыс пайдалануға баулудың жолдарына тоқталған. Ғалым Абайдың “Қарашы өз бойыңда түгел ме екен, ыстық жүрек, оң шырай, қуат пен күш” деген пікірін ұстаздардың өзін-өзі тәрбиелеуде үлгі етіп алуға болатындығын дәріптеген.

Қазақ жеріндегі дидактикалық ой-пікірлердің дамуына арналған еңбектер саусақпен санарлықтай ғана. Солардың ішінде Абай мұрасындағы дидактикалық пікірлер А.Е.Дайрабаеваның “Қазақстанда дидактикалық ойлардың дамуы” тақырыбындағы ғылыми зерттеуін атауға болады. Ол Абайдың арнайы дидактикалық еңбектер жазбағанын, мұғалімдік іспен тікелей шұғылданбағанын айта келіп “оқудағы ықылас, ынта, тиянақты ұғым қалыптастыру, меңгерген білімді жүзеге асыру жөніндегі пайымдаулары дидактикалық заңдылықтарға өте үйлесімді айтылған” дейді. Ол ақын мұрасындағы дидактикалық заңдылықтар – ойлануға, салыстыруға жаттығу, машықтану жолдарын көрсетіп, шәкіртке ықпал етудің амалдарын сөз еткендігіне тоқталады. Сөйтіп А.Е.Дайрабаева ақынның дидактикалық, ағартушылық түсініктердің дамуына ықпал еткен, ғылым, білімді меңгеру жолдары мен әдістері, тәсілдерін тапқырлықпен айтқанын баса көрсеткен[33]. Сондықтан ақын мұрасына байланысты жүргізілген бұл зерттеудің отандық педагогиканы дамытуда өзіндік орны бар екені даусыз. Десек те, осы жерде оқу, білім, ғылым және оны меңгеру, осы іс-әрекеттің келіп шығу тегіне меңзейтін ақын пікірлері толық ашыла қоймаған. Біздің зерттеуіміз осы мәселені ашып көрсетуді жан-жақты да тереңдете түсу, жетілдіруді көздейді.

Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік идеялар және оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдануға арналған І.Р.Халитованың “Абай Құнанбаев мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізу тарихы (1960-1995 жж)” [9] ғылыми-зерттеуінде біршама тың мәселелерді көтерумен бірге ақын мұрасында дидактикалық ойлардың бар екендігін айта келіп [9], олардың кейбірлеріне тоқталған. Мәселен, оқыту мақсаты, оқыту міндеттері, оқыту қағидалары, т.б. тоқтала келіп оны педагогика пәндерінде пайдалану жолдарына да көрсетіп өткен. Жалпы бұл зерттеудің басты жетістігі ақын мұрасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің тұжырымдамасы болып табылады. Өйткені, Абай шығармаларын топтастыру және жіктеу өте күрделі мәселе. Себебі оның бір өлеңі не бір қара сөзінде сан алуан мәселелер көтеріледі. Осыған орай педагогикалық идеялары негізінен тәрбиелеу бағыттарына қатысты топтастырылып келген болатын. Бірақ, бұл топтастыру да ақын мұрасының тәлім-тәрбиелік мүмкіндігін толык ашып бере алмайтын еді. Ғұлама ғалым М.Әуезов ақын мұрасын 15 топқа бөледі[15]. Дегенмен, бұлардың барлығы оның мазмұнын толық оқу-тәрбие мақсатында ашуға мүмкіндік бермейтін. Осы проблеманы түбегейлі зерттеген І.Р.Халитова оның біртұтас тұжырымдамасын жасап, сол негізде оқу үрдісіне енгізу және тәрбиелік мақсатта пайдалану бойынша бірқатар ұсыныстар берген[9]. Дегенмен, ғалымның бұл зерттеуінде ақынның дидактикалық ойлары толық берілмейді.

Кейінгі кездегі маңызды еңбектердің бірі К.Ж.Қожахметованың [8] “Қазақ этнопедагогикасының теориялық-методологиялық негіздері” тақырыбындағы ғылыми-зерттеуі. Оның мақсаты – қазақ этнопедагогикасының методологиялық және теориялық негізін айқындау деп белгіленіп зерттеу барысында педагогиканың методологиясы, этнос теориясы, этнопсихология, қазақ философиясы, мәдениет теориясының түпкі жиынтығынан (іргетасы) тұратын қазақ этнопедагогикасының негіздері айқындалған. Ғалым педагогиканы жалпы, ал этнопедагогиканы ерекше, қазақ этнопедагогикасы дара бола тұра өзара тығыз байланыста деп ой қорытады. Сонымен бірге этностағы этникалық және әлеуметтік бірліктің мәні туралы негізгі идеяны тануға септігін тигізетін халық педагогикасының, әлеуметтік педагогиканың, этнопедагогиканың байланыстары айқындалған.

Белгілі ақын Ә.Табылдиев “Қазақ этнопедагогикасын оқытудың дидактикалық негіздері” деген зерттеуінде Абай шығармаларын этнопедагогика тұрғысында оқытуды “өнер, білім, тіл, мәдениет келешегіне сәуле беру, ұлттық тәрбиенің ұрықтарын шашу” ретінде қарастыру керек екендігі айтылған[34]. Бірақ та ақын мұрасындағы дидактикалық пікірлерге тоқталмаған. Абай шығармаларының тәлім-тәрбиелік маңызы туралы кейінгі кездерде көптеп айтылуда, мәселен, С.Ғаббасов “Әлі күнге дейін, ашық айтылып батыл түрде талданбай жүрген, ...өзіне тән ерекшеліктерін даралай көрсетіп айтуымыз керек” дейді де оның мынадай ерекшеліктерін атайды: бірінші, ешкімге ұқсамайтын шәкірттік ғұмыры; екінші, ол өмір сүрген орта ерекшелігі; үшінші, жалпы әлеуметтік деңгейі мен отарлық сипаттағы қоғамдық ортаның зұлымдыққа толы жан төзгісіз ерекшеліктері[35].

Абай шығармаларын оқулықтарға ендіруде, оларды оқушылардың білім, біліктілігін қалыптастыруда, тәрбиелік мақсатты жүзеге асырудағы мән-мағынасын ашып көрсету туралы Б.Әрінова [36] ақын мұрасын эститикалық талдаудың маңызын айта келіп “оларда бір жақтылық басым болды, Абайдың ішкі жан дүниесіне үңілген жоқ” дейді.

Ақын өмірі мен қызметі жайлы мәлімет беруде оқушылардың өз алдына жұмыс істеуіне, іздену, зерттеу, жаттау, мәнерлеп оқу, айтып беру іспетті дағдыларын қалыптастырудың маңызын аша келіп, К.Кетебаев [37] ақын мұрасын мектепте оқыту сол арқылы олардың дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру екеніне тоқталады “баяндау барысында Абайдың әкесі мен қақтығыс диалогын екі оқушыға орындаттым” дейді. Мұнда мұғалімнің ақын шығармаларын дидактикалық құрал – оқушыда белгілі бір білім қалыптастыру мақсатында пайдаланып отырғанын көреміз.

Ақын өмірі мен қызметін оқыту мәселесіне бұдан басқа М.Әуезовтен [15], А.Көшімбаев [38], т.б. бірқатар авторлар тоқталады.

Абай мұрасын мектепке дейінгі жастағы балаларға жеткізу, сол арқылы тәрбиелік мақсатты жүзеге асырудың кейбір тұстарына тоқтала отырып О.Қаймолдаұлы [39] ақынның 6 жастан пайымшыл бола бастағанын айта келіп, ұлы ойшылдың осындай балалық шағы мен жастық шағының тәрбиелік ықпалы балалар мен жастарға ерекше болатынын белгілейді.

Абай шығармаларын дидактикалық мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін маңызды оқу-әдістемелік құрал Ұлықман Әбілдаұлы [40] жазған “Абайды оқу әліппесі”. Ол кітапты оқушыларға таныстыра келіп, “сенің сезімтал жүрегіңді нұрлы сезімге бөлеп, балаң қиялыңды қиырға талпындырып, балғын дүниеңе күш-жігер құяды” деп Абай мұрасының маңызын аша келіп, оқушыларды оның өмір жолы және қызметімен таныстырады. Ол ақын шығармаларын өлең, поэзия туралы білім қалыптастыру мақсатында, басқаша айтқанда, дидактикалық мақсатта пайдаланған. Осы кітапта өлең туралы түсінік бере келіп, оған мысал ретінде ақын өлеңдерін келтіріп, соңынан ондағы кейбір сөздерге түсіндірулер берген. Төменгі сыныптарда оқытуға болады деген бірқатар өлеңдерді келтіре отырып, соңында әр өлеңнің маңызын ашатын сұрақтар қояды, оқушылар өз алдына орындауына арналған дидактикалық сипаттағы тапсырмалар келтіреді. Мектеп мұғалімі Р.Анарбекова [41] ақын мұрасын М.Әуезовтің “Абай жолы” романының кейбір тұстарымен ұштастыра оқыту бойынша бірқатар дидактикалық сипаттағы кеңестер береді. Мысалы, ол “Абай өмірі мен еңбегінің Әуезов творчествосындағы орны” деген тақырыпта кесте түзіп, оған қоса сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастырған.

Бұдан басқа “Абай өлеңдеріндегі адамгершілік идеялар” тақырыбындағы мақаласында Х.Машаев [42] ақын өлеңдерін оқытудағы адамгершілік тәрбиенің маңызын аша келіп, оны жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдеріне шығарма жазу, сауалнама өткізу, күнделікті өмірде қолдану мүмкіндіктері, т.б. дидактикалық мәсе-лелерін зерделеген. Мектеп мұғалімі Т.Әділханұлы [43] “Талапқа сай талдадық па?” деген мақаласында ақын шығармаларын оқытуда кеткен кейбір кемшіліктерді талдайды. Ол ақын мұрасын оқытуда оған “идеологияның тар шинелін кигізу” тәлімдік мәні, тәрбиелік мақсатын ашу және күнделікті тұрмыста пайдалану мүмкіндігін төмендететінін айта келіп, онда кәсіп қылу, еңбек етіп адал жолмен мал табу жолдарының бар екендігін және осылардың қазіргі кезге дейін толық ашылмай келе жатқанын айтқан.

Абайдың “Қара сөздерін” оқыту өз алдына дидактикалық жуықтау жолдарын қарастыру керектігін байқатады. Осыған орай М.Мырзахметов пен Қ.Майтанов [44] “Абайдың қара сөздерін оқыту” деген дидактикалық сипаттағы мақалада, оның ерекшеліктерін ескере келіп, оқушыларға арналған жұмыс түрлерін сол тұрғыда анықтау қажет екеніне тоқталады. Олар, әсіресе, ақынның “жан”, “тән”, “жан құмары”, “тән құмары” туралы айтқандарының тәрбиелік маңызына тоқтала келіп, ақын мұрасындағы осыған орай пікірлердің оқушыларға әлі де болса толық жеткізілмей келе жатқандығын көрсетеді. 1990 жылы жарық көрген “Қазақ әдебиетінен білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру” жинағында бірқатар авторлардың осыған орай мақалалары келтірілген. Атап айтсақ Т.Ақшолақов [45], А.Дайрабаевава [33] т.б. мақалаларын зерделей келе, олардың ақын мұрасын оқытудың әдістемелік тұстарын аша отырып, сол арқылы оқушыларда білім қалыптастыру, сабақтың тәрбиелік мақсатын жүзеге асыру мәселелеріне мән бергені белгілі болды. Бірақ, олардың ешбірінде ақын мұрасының дидактикалық маңызы мен дидактикасы келтірілмеген.

Зерттеу барысында ақын шығармаларын оқулықтарға ендіру мәселесіне қатысты Қ.Сыдықов [46], Тайжанов А [47], К.Шаменов [48], Н.Ғабдуллин [49], оны оқытудағы уақыт (бөлінген сағат) мәселесіне және мазмұнын таңдаудағы кемшіліктер жайлы пікірлер айтқан. Мәселен, “Әдебиет теориясынан алғашқы ұғымдар” тақырыбындағы мақаласында С.Дүкенбаев [50] ақын мұрасы арқылы оқушыларға өлең, поэма (дастан) туралы ұғымдарды меңгерту әдістерін зерделеген. Ал Б.Шалабаев [51], М.Ақынжанов [52] ақын шығармаларын әр қырынан қарастырады.

Педагогиканың теориялық мәселелеріне қатысты ғылыми-зерттеуінде А.Н.Ильясова [10] жалпы оның даму кезеңдерін 1900-1960 жж аралығындағы тенденцияларын бүгінгі күн қарастыра келіп мынадай мәселелер төңірегінде зерттеулер жүргізген педагогикалық теория негіздерінің қалануына әсері тиген саяси-әлеуметтік жағдайлар; “Алаш” қозғалысы және оның көсемдерінің білім мен тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған прогресшіл идеялары мен белсенді іс-әрекетінің ықпалы тарихи-педагогикалық тұрғыда талданып қорытылған.

Еңбекте педагогикалық ұйымдастыру ерекшеліктері мен заманның дәуірі арасындағы дидактикалық байланысы, ғылыми-педагогикалық ізденістердің жағымды және жағымсыз нәтижелері айқындалған. Мәселен, білім саласының дамуына қатысты заң актілерінің жасалуы, мектептің әртүрлі типтері, білім мазмұны, жазу және алфавит проблемасы, сабақтың құрылысы, оқытуды ұйымдастыру, т.б.

Зерттеу жұмысында 40-60 жж. аралығында педагогиканың теориясының даму бағыттары, әдіснамалық негіздері сол кездегі қоғам қайраткерлері, педагог-ғалымдар т.б. еңбектерін зерделеу арқылы анықталған. Ғылыми-зерттеуде 60-жылдардағы педагогиканың тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі педагогикалық теорияның тәжірибелері іріктеліп алынған.

Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысына қатысты жазылған ғылыми зерттеулердің барлығында Абай мұрасы қамтылады. Мәселен, Ж.Т.Баймағанбетова “Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы жас кезеңдеріне қатысты тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер (XVIII-XIX ғғ.)” жұмысында Абай шығармаларындағы жас кезеңдеріне қатысты пікірлерге тоқталады[53].

Абай шығармаларындағы дидактикалық пікірлерді айқындау бағытында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ондағы дидактикалық пікірлердің жалпы педагогикадағы ойларды толықтырып анықтай түсетіні және осы жұмысты өз зерттеуіміздің міндетінде көрсеткенімізді тағы бір рет дәріптейміз. Сонымен жалпы педагогикадағы дидактика мен Абай мұрасындағы дидактикалық ойлар оқыту теориясының құрылымын төмендегідей үлгіде көрсетуге мүмкіндік берді (кесте 2).

Абай Құнанбаев шығармаларын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың тарихы мен теориясына арналған зерттеулерде, қазақ жерінде дидактикалық ой-пікірлердің дамуына арналған еңбектерде, ақын мұрасын этнопедагогика, психология тұрғысынан зерделеген еңбектерде, оның тәлім-тәрбиедегі құндылығы бағаланып, іс жүзінде қолдану жолдарын қарастырған.


Кесте 2

Ақын мұрасындағы дидактикалық ойлар құрылымы



Сондай-ақ, үйрету мен үйренудің педагогикалық, психологиялық сипаттамасы толық ашылмағандығы белгілі болды. Іздену – бұл оқу, білім алу іс-әрекетіндегі басты мәселе болғандығына қарамастан бұл туралы да терең ашып айтылмайды.

Ұғынып, түсіну - дидактикалық үрдістің аса маңызды құрамдас бөлігі бола тұрса да, ол туралы анықтамалар, ережелер мен қағидалар және ұстанымдар толық қарастырылмаған. Келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай ақын шығармаларында кездесетін білімнен бастап оны іс жүзінде қолданып, керекке жаратқанға дейінгі аралықта оқыту, үйрету, білдіру, ұғындыру, түсіндіруден шәкірттің оқып, біліп, үйреніп, ұғынып, түсінуіне дейін немесе ұстаздан оқушыға жеткенге дейін және одан кейін барлығы оқытушы мен оқушының іс әрекетінен тұрады.



Каталог: uploads -> doc -> 0341
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0341 -> Жабуға болады? Жабу батырмасының қызметі
0341 -> «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам.Қоғам.» оқу пәнінің мақсаты
0341 -> Сабақ жоспары №11 Пән: Биология негіздеріндегі химия


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет