Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері мазмұНЫ



бет1/5
Дата06.04.2020
өлшемі0,53 Mb.
#61674
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc
ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, ДИССЕРТАЦИЯ1 . doc, креативти ойлу, Студентке Жас ерекшелик
Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері

МАЗМҰНЫ


Кіріспе ..............................................................................................................

7

1. Кіші жастағы мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын




қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері...............................

11

    1. Сөйлеу әрекетінің психологиялық, физиологиялық және тілдік сипаты.........................................................................................................

11


    1. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу әрекетін қалыптастыру мәселесінің зерттелу жайы.......................................................................

15


    1. Кіші жастағы оқушылардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың лингвистикалық негіздері...............

20


    1. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін педагогикалық, психологиялық факторлар............................................

30








2. Кіші жастағы оқушылардың диалогтік, монологтік сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдістемесі...........................................................

38


2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының монологтік, диалогтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістері.......................................

38


2.2 Ауызекі сөйлеу тілінің (диалог, монолог) лексикалық, синтаксистік және стилистикалық ерекшеліктері.......................................................

45


2.3 Бастауыш мектеп оқушыларының диалогтік, монологтік сөйлеу




дағдысын қалыптастыру әдістемесі тәжірибе жүзінде................................................................................................

50







Қорытынды...................................................................................................

58







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................

60



НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы магистрлік жобада келесі стандарттарға және нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалды:



  1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын // Астана 2010 жылғы 10 ақпан

  2. Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру: Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы http://www.inform.kz

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы http://zan.kz

  4. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. –Егемен Қазақстан. -2007. -15 тамыз. Б. 5-8. ҚР МЖМБС 5.04.033-2011 6М010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі». Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура.- Астана.

  5. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңы Астана, Ақорда, 2011 жылғы ақпанның 18-і. № 407-IV

  6. «2020 жылға дейінгі Жастар саясатының тұжырымдамасы » ҚР Білім және ғылым Министрі Б.Жұмағұловтың «2020 жылға дейінгі Жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» Астана, 2013 жылғы 26 ақпан.


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Осы магистрлік жобада келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылды:




ҚР

- Қазақстан Республикасы

ЖОО

- Жоғары оқу орны

Қорқыт Ата ат.ҚМУ

- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

ҚР МЖМБС

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ОҒЗЖ

- оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысы
АКТ - Ақпарттық – коммуникациялық технология

ҰМЖ - Ұзақ мерзімді жоспар

ҚМЖ - Қысқа мерзімді жоспар

АНЫҚТАМАЛАР

Білім беру – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде ти імді етіп қолдана білуі.

Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы.

Зерттеу әдісі – ғылыми – зерттеу мақсатын шешетін амалдар.

Ғылыми болжам (научная гипотеза) - тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатын мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам.

Бақылау - өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін белгілі бір мақсатқа негізделген қабылдау түрі деп атайды. Ол практикалық, танымдық міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде түрді сипаттайды.

Эксперимент - зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. Ол барлық ғылым саласында зерттеумен бірге қолданылады. «Эксперимент» деген сөз латынша- «experimentum», аудармасы «тәжірибе» деген ұғымды білдіреді.

Әдіснама – теориялық құрылымның және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен ұстанымдар жүйесі.

Инновация – білім беру жүйесін жаңартудың серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсудің құралы және әдісі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. «Инновация» ұғымы әр елде әр түрлі түсіндіріліп, ғалымдар әр түрлі анықтама берген, осы ұғымға «жаңалық», «жаңаны енгізу», «өзгеріс», «құрал», «үрдіс», «әдіс тәсілдер» деп түсінік берген.

Педагогика әдіснамасы – педагогика теориясы, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білім жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізу жолдары.

Диалог (грекше – dialogos) – әдеби шығармада екі кейіпкердің немесе бірнеше адамның сөйлесуі, оларды сөйлестіру тәсілі.

Монолог (грекше – monologos, mono – бір, logos – сөз) – бір адамның өз ойын, көзқарасын білдіруі. Монологтік сөйлеу дегеніміз бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы.

Тілдесу – біркелкі іс-әрекет қажеттігінен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі.

Интерактивті (латынша іntегасtіоn — интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер ету.

АННОТАЦИЯ

Магистрлік жобаның тақырыбы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын және "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша көкейтесті мәселелерге байланысты айқындалған. Зерттеудің көкейтестілігі қазіргі кезде, әсіресе, кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеуі жақсы дамыса, ол жазбаша сөйлеуге тез төселетіндігін, соңында ауызша сөйлеудің дәл дұрыс, жүйелі дамуына әсер ететіндігін тәжірибе жұмыстары арқылы дәлелденуінде.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытуды жетілдіру, жақсарту. Оның бағдары –«дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылықпен ойлауға дағдыланған, мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру», шебер сөйлейтін, шешен мамандарды дайындау.

Сөйлеудің түрлері ауызша және жазбаша сөйлеу, соның ішінде ауызша сөйлеудің түрлері диалогтік және монологтік сөйлеу зерттелген. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеуін диалог және монолог арқылы қалыптастыру үшін түрлі мысалдар, тапсырмалар берілген. Зерттеу жұмысында Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістерін анықтау, қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемесін жасау мақсаты қойылған.

АННОТАЦИЯ

Тема магистерского проекта была определена Государственной программой развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы и актуальными проблемами по специальности «Педагогика и методика начального образования». Актуальность исследования заключается в том, что в настоящее время опыт показывает, что, особенно если у младших школьников развивается устная речь, они быстро реагируют на письменную речь и, в конечном итоге, влияют на правильное, систематическое развитие устной речи.

    Одной из основных целей Государственной программы по функционированию и развитию языков на 2010-2020 годы является улучшение преподавания и совершенствование казахского языка в высших учебных заведениях. Его ориентация - развитие нового поколения инновационно развитых , творческий мыслящих, культурных, морально воспитанных профессионалов, которые умело смотрят на мир.

Типы выступлений: устные и письменные, в том числе диалог и монолог. Приводятся различные примеры и задания, чтобы помочь ученикам начальной школы общаться устно через диалог и монолог. Целью исследования является теоретическое обоснование и формулировка интерактивных методов обучения для общения школьников младших классов.

ANNOTATION

State Program for the Development of Education of the Republic of Kazakhstan for

2011–2020 and current issues in the specialty Pedagogy and Methods of Primary

Education determined the topic .

The thesis’s main idea is based on the fact that primary school children’s oral speech development results in quick reaction to written language. This, in turn, influences correct and systematic advancement of oral speech.  

Teaching and Kazakh language improvement in higher educational institutions are main goals of the State Program on the Functioning and Development of Languages ​​for 2010-2020.The program’s orientation is a new generation of innovatively developed, creative-minded, cultural and morally educated professionals.

  The work explores oral and written speeches, including dialogue and monologue. Various examples and assignments are provided to help elementary school students communicate verbally through dialogue and monologue. Theoretical substantiation and formulation of interactive teaching methods on communication between primary school children are the goals of the research.



Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тілдерді қолдану мен дамытудың

2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытуды жетілдіру, жақсарту. Оның бағдары –«дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылықпен ойлауға дағдыланған, мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру», шебер сөйлейтін, шешен мамандарды дайындау [1].



Бәсекелестік өмір сүрудің басты шарты болып отырған өзгермелі кезеңде жоғары білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Мектептің негізгі міндеті – оқушының жеке басының бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжда қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, тілдік қарым-қатынастың тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлқының мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының меңгеруге жағдай жасайды» делінген [2].

Коммуникативтік (қарым-қатынастарды зерттейтін) лингвистика саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелері тіл дамытудың, оның ішінде ең алдымен тіл меңгертудің мазмұнын жаңаша құру қажеттілігін көрсетуде. Қазіргі тіл білімі күні бүгінге дейін лингвист зерттеушілердің, назарынан қағыс қалып келген адамдардың тіл саласындағы қызметі. Тіл арқылы қарым-қатынасқа түсуі, коммуникативтік және танымдық мәні бар міндеттерді ойдағыдай шешуде, өзара түсінісуге септігін тигізетін тәсілдер мен құралдарға ерекше көңіл бөлінуде.

Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, бастауыш сынып оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып (не жазып) бере алмайтындығын,ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды.

Бастауыш мектепте оқушылардың ауызша сөйлеу әрекеті әліппе, ана тілі, қазақ тілі сабақтарында қалыптасады (оқушылардың өз ойын білдіруі, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, сөйлемдерді құрауы,сөйлеу мәдениеті т.б.).

Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру, соның ішінде диалог және монолог арқылы сөйлеуін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.Бірақ бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын (диалог және монолог арқылы) қалыптастыру әдістемесі бүгінгі күнге дейін әлі толық зерттелген жоқ. Бір жағынан, оқушылардың тілін дамытатын мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелердің жоқтығы өз алдына қиындық туғызады. Оқушылардың тілін дамытуға байланысты түрлі қазақ, шетел ғалымдары өз пікірлерін білдірген.

Тіл дамытуда қандай тілдік материалдарды пайдалануға болады, яғни бұл мәселеде пікір айтқан ғалымдарды мынадай топқа бөлуге болады:

а) тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілерімен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу (В.А.Малаховс­кий, П.О.Афанасьев т. б.);

б) тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағазда-
рының тілін пайдалану (А.М.Пашковский, А.Б.Шакиров, т. б.);

в) тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу (М.Н.Петерсон, М.А.Рыбникова т. б.) [3].

Бала тілін дамытудың теориялық негіздері жайында көптеген тұжырымдар мен пікірлер айтқан әдіскер ғалым С.Рах­метова тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі: 1) сөздік жұмыстар; 2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс;

3) байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары. Әдіскердің пікірінше, бұл жұмыстар бір-бірімен тығыз байланыстырыла, қатар алып жүруі тиіс.

X.Арғынов тіл дамыту жұмыстарына: әңгіме құрастыру, шығарма, мақала, күнделік жаздыруды жатқызады. Тіл да­мыту жұмыстары тіл туралы мәлімет, қа­зақ орфографиясы мен орфоэпиясы тақырыптарына байла­нысты жүргізіледі. Олар мәтін талдау, әртүрлі жазба жұмыстарын орындау, әңгімелесу т.б. түрлі әдіс-тәсілдер арқылы іс жүзіне асырылады»,– дейді.

Зерттеудің мақсаты: Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістерін анықтау, қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, диалогтік және монологтік

сөйлеуін қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу;

  • ауызекі тілді оқытудың әдістері мен ғылыми негіздерін, дағдыларын

қалыптастыруды анықтау;

  • оқушылардың дағдысы мен ептілік деңгейін тексеру үшін

жаттығулардың тиімді жүйесін құрастыру.

Зерттеу нысаны: Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістерінің педагогикалық-психологиялық негіздемесін жасау.

Зерттеу пәні:.Кіші жастағы мектеп оқушысының диалогтік және монологтік сөйлеу дағдысы.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқушылар тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса; оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі.

Зерттеудің жетекші идеясы: Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын I сыныптан бастап қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.



Зерттеудің әдіснамалық негізі: Ғылыми еңбекте педагогика, психология, лингвистика және қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңалықтары, оқытудың жаңа технологиялары туралы ғылыми- әдістемелік еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған еңбектер негіз болды.

Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында баяндау, бақылау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау-жинақтау, тұжырымдау, талқылау, қорыту, эксперименттік әдістер және математикалық-статистикалық әдістер

т.б. қолданылды.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

– қазақ тілі сабағында кіші жастағы мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыру әдістемесі ұсынылды;

– кіші жастағы мектеп оқушысының тілін дамытуда тілдік қатысым әдісі үлкен қызмет атқаратындығы анықталды;

– оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу арқылы ғылыми стильге жаттықтыруға, тіл терминдерімен сөздік қорын байытуға болатындығы және ол жұмыстардың оқушылардың ауызша және жазба тілін дамытуда маңызды екендігі анықталды;



  • оқушының сөйлеу әрекетін дамытуда, қалыптастыруда, белсенді әдіс

ретіндегі іскерлік ойындардың мүмкіндігі және диалогті оқыту технологиясы, интербедсенді әдістерді пайдалану технологиясы, кейс-стади технологияларының маңыздылығы айқындалды;

Педагогикалық эксперименттік тірек ретінде Қызылорда



қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі алынды. Зерттеу үш кезеңде жүргізілді:

Бірінші кезеңде қазақ тілін оқыту арқылы оқушының ауызша сөйлеу дағдысын дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау үшін педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық, әдістемелік, шешендік мәселелері бойынша ғылыми еңбектерге талдау жасалды. Тақырып бойынша бақылау тәжірибесін өткізу үшін оқу материалдары жинақталды.Зерттеу жұмысының негізінде ғылыми - зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, пәні, болжамы айқындалды.

Екінші кезеңде ғылыми деректер мен әдістемелік материалдар жиналып, жүйеленді.Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыратын жаттығулар мен тапсырмалар түрлері нақтыланып, оқушылар тілін дамытудың тиімді жолдары, амал-тәсілдері қалыптасты.

Үшінші кезеңде оқу экспериментінің жалғасуымен, яғни алынған нәтижелер тексеріліп, талданып, ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Қазақ тілі сабақтарында кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыруға (жаңа инновациялық технологияларды қолдану негізінде) байланысты алынған қорытындылар қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады. Зерттеу жұмысы бастауыш мектептерде келешекте жүргізілетін ауызша сөйлеу әрекетін дамыту жұмысының әдістемесіне теориялық-әдістемелік негіз қызметін атқарады. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселесінде белгіленген ұстанымдар бастауыш мектепте тіл дамытудың қағидалары мен заңдылықтарын дамытуға игі әсер етеді.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысын бастауыш мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Еңбектегі өзекті мәселелер әдістеме саласына өз септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектеп мұғалімдері мен әдіскер ғалымдар қолдана алады.

Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы негізге алынған теориялық қағидалардың әдіснамалық тұрғыдан қаралып талдануы арқылы тексеріледі. Зерттеудің мақсат-міндеттері мен зерттеу әдістері, тұжырымдары бастауыш сыныптың қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәнінде қолданылуына негіз болады.



Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін диалог және монолог арқылы қалыптастыруда оқушылардың дағдысын, сөйлеу шеберлігін қалыптастыратындығы;

  • төменгі сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда жаңа инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың танымдық әрекетін арттыратындығы;

  • ұсынылған әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің артатындығы;

  • қазіргі заманның талабына сай білімді, шебер сөйлейтін оқушыны

дайындау тіл дамытудағы кешенді жұмыстар арқылы іске асырылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Магистрлік жоба кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, сілтеме жасалған әдебиеттер тізімінен тұрады.


  1. КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АУЫЗША

СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ –

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

    1. Сөйлеу әрекетінің психологиялық, физиологиялық және тілдік сипаты

Қазақ тілі – әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Қазақ тілінің бай ауызекі сөйлеу үлгілері көркем де бай болса, жазба нұсқалары – әр кезеңіндегі ұлттық тілдің негізін танытар белгілер. Сөйлеу әрекетін зерттеген ғалымдардың ойларын сараласақ, сөйлеу әрекеті – сөйлеу мен түсіну үрдісі. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А.Шахнарович, Л.Щерба, Е.Кубрякова, С.Канцельсон, Т.Аяпова т.б. А.Шахнарович, бала тілін жан-жақты зерттеудің қаншалықты маңызды және керек екендігін білдіреді. Л.Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз – үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады»,–деген. Т.Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі – баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты,қажетті болып табылатындығын айқындайды», – дейді [4].

Сонымен, сөйлеу – тек адамға ғана тән тіл қатынасының ең жетілген формасы. Бұл қатынас айтушы мен тыңдаушының міндетті түрде болуымен жасалады. Айтушы ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп, грамматика ережелеріне сай оларды байланыстырады, артикуляция ағзаларын іске қосумен дыбыстайды.Тыңдаушы сөзді қабылдап, онымен өрнектелген ойды қабылдауға әрекет жасайды. Айтушы мен тыңдаушы арасындағы сөз түсіністігімен белгілі ойды қабылдау үшін, сол ойды өрнектеуге бағытталған екі тұлғаға да ортақ сөздерді жүйелестіру құралы мен ережелері болуы шарт. Бұндай құрал және ережелер тобы сипатында көптеген әулеттердің өмір барысында өзара сөйлесуден қалыптасқан белгілі бір ұлттық тіл қызмет етеді.

Сөйлеу әрекетіне үйрету «қозғаушы тетік» қажеттілік болған жағдайда ғана жүзеге асады.Психологтар қажеттіліктің бірнеше түрін атап көрсетті:

а) сыртқы (әлеуметтік) қажеттілік;

б) жеке қажеттілік;

в) ішкі (коммуникативтік) қажеттілік.

Әлеуметтік қажеттілік – қоғамдық деңгейдегі сұранысты өтеу қажеттілігі негізінде туындайды. Бұл қажеттілік оқу кезінде оқушының өз елі алдындағы борышын түсініп, өмірінде қандай да болмасын жетістікке жетудің көзі білімді азамат болу екенін дұрыс түсінгенде, жүзеге асырылады.

Жеке қажеттілік – әр оқушының қазақ тілін меңгеруді өзіне қажет деп санағанда, өзінің жеке басының мүмкіндігін дәлелдегісі келген жағдайда алға қойылады.

Ішкі (коммуникативтік) қажеттілік – қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде қолдану қажеттігі. Сөйлеу әрекеті қарым-қатынас үстінде, сөйлесу кезінде ғана ұштала түседі, әйтпесе ол өзінің мәнін жояды, жасанды халге түседі. Оқу процесі кезінде табиғи сөйлесу мүмкіндігінің болмауы сөйлеу әрекетіне үйретуде көп қиындық келтіреді. Бұл қиындықты жеңу үшін мұғалім оқушылардың коммуникативтік қажеттілігін үнемі туындатып отыру керек.

Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Адам баласының сана –

Сөздік сигналдары дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді.Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады.Балаға «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығыны назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жұмысы әлі жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөзді жалпылай алу – адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болып отырады.

«Сөйлеу», «тіл» «қарым- қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болмағанымен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто т. б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мысалы, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы-құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады.

«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т.б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс.

Сөйлеу – қыры мен сыры көп, күрделі құбылыс. Сөйлеудің өзі есту мен көру мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты.Жеке тұлғаның сөйлеу әрекеті оның «тұлғалық және кәсіби өсуінің қажетті механизмі»,– екенін

А.Н. Ксенофонтова айтқан [5].

Зерттеудің бірінші бағыты – тілдің негізгі қызметі және оның қалыптасу жүйелілігін зерттеу. Тілдің негізге алынатын қызметі оның әлеуметтік қызметі, яғни, қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметі.Экстралингвистикалық факторлар тілге сөйлеу әрекеті арқылы әсер етеді.

Бала тілінің қалыптасуындағы тілдің қызметін Л. Выготский индикативтік, номинативтік, және сигнификативтік деп көрсетеді [6].

Зерттеудің екінші бағыты - бала тіліндегі тіл мен ойлау ара қатысы. Тіл мен ойлау ара қатысы бала сөйлеуінің даму сатыларының алғашқы сатысы, яғни, сөйлеуге дейінгі кезеңдегі тілдің қызметімен қабаттасып кетеді.Тілдің шығуы мидың сенсорлы аймағының қызметі мен мидың функцианалды өсіп өрбуіне тікелей байланысты.

Тіл мен ойлаудың өзара байланысы күрделі құбылыс. Екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталатыны белгілі. Бала тілі мен ойлауына келетін болсақ, баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес тіл мен ойлау ара қатысы әртүрлі.

Зерттеудің үшінші бағыты – баланың сөйлеуі.

Бала тілінің шығуын зерттеу оның кешенді түрде когнитивтік дамуын көруге мүмкіндіктер береді. Когнитивті даму деп отырғанымыз: баланың биологиялық, физиологиялық, танымдық дамуы. Сөйлеу әрекеті адам баласының көп әрекеттерінің ең бастысы. Баланың дамуы сөйлеу әрекетімен тығыз байланысты. Баланың сөйлеуі мен оның танымы, ойлауы қатар жүреді. Сондықтан баланың өсіп жетілуі оның сөйлеу әрекетімен тығыз байланысты. Бұл туралы көптеген зерттеу мағлұматтары бар.

Зерттеудің төртінші бағыты – бала тіліндегі атаулардың пайда болуы және бесінші бағыты – бала тіліндегі алғашқы сөйлемдердің пайда болуы.Баланың алғашқы сөйлеуі оның дене қимылы, дыбыстары арқылы беріледі. Қарапайым сөйлеуден бастап сөйлем ішіндегі сөз мағынасын ұғына бастайды.

Адам әрекеті қажеттіліктен, белгілі бір мақсатты орындауға ұмтылудан туады. Сөйлеу әрекеті білім, білік және дағдымен өзара байланыста болады да, олардың дамуының негізгі шартына айналады. Бұл туралы М.Ә. Құдайқұлов өз еңбегінде былай дейді: «Адамның кез-келген қызметінің орындалу шарты саналы түрде орындалатын қимыл-қозғалыстар мен амал-әдістердің дағдыға айналуы болып саналады» [7].

Сөйлеу әрекетін жүзеге асырудағы тілдің орнын әртүрлі деңгейде түсіндіретін екі мыңнан астам анықтама бар: философиялық деңгейде тіл – білімнің біліну(өмір сүру) формасы немесе білімнің жүйесі, семиотикалық тұрғыда белгілер жүйесі, лингвистикалық деңгейде таңбалар жүйесі.

Адамдардың өзара қатынасы, дүниетанымы, электронды-есептеуіш машинамен жұмысы тіл арқылы жүзеге асады. Осыған орай, «тіл – табиғи тіл, ғылыми тіл және информациялық тіл деп жіктеледі»-дейді И.Нұғыманов [8, 3]. Өмірдегі ойды бейнелеу мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын тіл – табиғи, ал адамдардың белгілі бір саяси шағын қажеттіліктері үшін жасалынатын тіл жасанды тіл болып табылады. Тілдің ең қажеттігі, мейлі ол табиғи болсын немесе жасанды болсын – ол адамдар арасындағы іс-әрекетті үйлестіру құралы болып табылатындығында.

Қазіргі теориялық көзқарастар тілді болмыстың моделі деп қарайды. Болмыс пен тілдің арасында сана мен ойлау тұрады.

Б.Н.Головин айтпақшы: «...тіл – күрделі таңбалық механизм, сөйлеу - тіл таңбаларының бірізділігі» [9, 50]. Шындық пен адамзаттың қажеттігі тілдік қарым-қатынаста өзгеретіндіктен, сөйлеу тілге қарағанда өзгермелі болып келеді. Сөйлеу мен тіл арасындағы өзгешеліктің, әрқайсысының мән-мағынасы, көріну, қабылдау жолдарының бір-бірінен айырмашылығының болуы – сөйлеу процесінің күрделілігін көрсетеді, бұл күрделілік.

Ю.В. Фоменконың [10], Я.Скалкованың [11,31], И.С. Торопцевтің [12,18] еңбегінде дәлелденген. Адамның іс-әрекетінде таңбалар жүйесі болып табылатын тіл – танымдық және тілдік қарым-қатынастық қызмет атқарады. Тіл мен сөйлеу қызметтерінің ерекшеліктері: яғни, тіл - құрал іспетті, ал сөйлеу - процесс іспетті болатындығында.

Тіл мен сөйлеу әртүрлі құбылыс емес, бір құбылыстың әр жағы. Тіл – сараптау жолымен,ал сөйлеу – қабылдау мен түсіну жолымен айқындалады. Сөйлеу қолданыстағы – тіл. Сөйлеу кезінде тіл таңбалары (сөз) грамматикалық заңдарға сәйкес тізбек түзіп тіркеледі және тілдік материал арқылы жүзеге асады, тілдік заң ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Сөйлеу – тілдің тіршілік ету, өмір сүру формасы. Сондай-ақ, адамның дара тұлға болып қалыптасуының ең негізгі факторы. Адам бір тәулік уақытының 70%-ын сөйлеу әрекетіне – оқуға, жазуға, сөйлесуге, тыңдауға арнайды екен.

Адамға ғана тән сөйлеу әрекетінде мән-мағынасыз, мақсат-мұратсыз сөз болмақ емес. Айтылған сөздің мән-мағынасы, адамның ойына, интеллектуалдық деңгейіне тәуелді болғандықтан, ой мен сөйлеу туралы: «сана – бұл тіл», «тіл – ойдың жемісі», «сөз – интеллектіні тудырушы», «адамның ішкі дүниесінің көрінісі, айнасы – сөз» деген сияқты тұжырымдар айтылады.

Сөйлеу – қыры мен сыры көп, күрделі құбылыс. Бұл мәселені зерттеуде көптеген ғалымдардың пікірлері ұштасып жатады. Ол әрі физиологиялық, әрі акустикалық, әрі лингвистикалық құбылыстардың бірлігінің нәтижесі. Сөйлеудің өзі есту мен көру мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты [13]. Сөйлеу – күрделі процесс, оған психологиялық, физиологиялық, тілдесім механизмдері қатысады, оны сөйлеу әрекетінің теориясы зерттейді.

Сөйлеу әрекетінің рөлі, орны, түрі, сипаты туралы А.Н.Ксенофонтованың еңбегінде оқушыларды оқыту үрдісіндегі сөйлеу әрекетінің маңызды жағдайлары мен даму жолдары көрсетілген [5]. Ол жалпы сөйлеу әрекеті мұғалім уақытының 70 пайызын, оқушы уақытының 20 пайызын алтындығын және қалған уақыт оқушылар мен мұғалімнің арасында, яғни, оқушылардың мұғалімнің айтқанын қайталауын өтінумен өтеді екен.

Нәтижесінде, адам өміріндегі сөйлеудің бір-бірімен байланысты мынадай қызметтерін бөлуге болады:



  • Сөйлеу – еңбек әрекеті, яғни бір істің нәтижесін алу мен оны толық атқару әрекеті;

  • Сөйлеу – танымдық іс-әрекеттің құралы;

  • Сөйлеу – жеке тұлғаның талғамын, мінез-құлқын, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру мен сана-сезіміне әсер ету құралы.

Сөйлеу – оқушылардың оқуға және ғылыми тілді үйренуге ниетінің, олардың ішкі сезімінің оянуын, қызығушылығын, қабілеттілігін дамытудың құралы бола отырып, жеке тұлға болып қалыптасуының ең негізгі шарты болып саналады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет