Kkn/opd 209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша тақырып. Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары



бет1/17
Дата26.12.2021
өлшемі319,5 Kb.
#105912
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
лекцияКәсіпкерлік



ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
KKN/OPD 2209 «Кәсіпкерлік» пәні бойынша

1 - тақырып.

Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары
Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік түсінігін, оның мақсаттары мен міндеттерін, кәсіпкерлік қызметтің субъектілерін, оның жіктелуін қарастыру.
Лекцияның сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік түсінігі.

  2. Кәсіпкерліктің мақсаттары мен міндеттері

  3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері


Лекцияның мазмұны

Кәсіпкерлік қызмет – белгілі бір функцияларды жүзеге асырумен байланысты екенін ескере отырып, мұндай қызметті пайда алу мен қоғамның (оның мүшелерінің) экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз, үнемі жаңартылып отыратын ұдайы өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру үрдісі ретінде сипаттауға болады.

Кәсіпкерлік қызмет келесідей жолдармен жүзеге асырылады : 1) қандай да бір тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей өндіру жолымен; 2) продуценттен (өндірушіден) тұтынушыға тауарды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жүргізу жолымен.

Кәсіпкерлік қызмет – өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше түрі.

Кәсіпкерлік идея – қандай да бір нақты экономикалық нысандық көрінісі бар, өндірушінің айқындалған мүмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды. Мұндай қызығушылықты анықтау, кәсіпкер мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сәйкестендіру, немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мүмкіндіктерімен сәйкестендіру жолымен жүзеге асыруға болады.

Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі болып табылады, өйткені оның бастапқы сатысы, әдетте тек идеямен, ал – кейіннен материалды нысанға айналатын, ойлау қызметінің нәтижесімен байланысты.

Кәсіпкерлік жаңа тауар өндірісі, қызмет ету аясын ауыстыру немесе жаңа кәсіпорынды құру тұрғысынан болсын, инновациялық жағдайдың міндетті түрде болуымен сипатталады. Өндірісті, сапаны басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістері немесе жаңа технологияларды енгізу – бұл да инновациялық жағдайлар.

Кәсіпкерлікті құрамдас жүйе ретінде қарастырған дұрыс:



  • новаторлық инновациялық қызметті кәсіпкерліктің функциясы ретінде;

  • кәсіпкерлік іс – әрекет оның функциясын атқарушы және жүзеге асырушы механизм ретінде.

Кәсіпкерлік – бұл осы қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелермен табысқа қол жеткізу мақсатында меншікті қарыз және басқа да қаражаттар есебінен өз тәуекелімен жүзеге асыратын ынталы шаруашылық қызметі.

Кәсіпкерлік субъектілері келесідей түрлерге бөлінеді:



  • шағын кәсіпкерлік субъектілері;

  • орта кәсіпкерлік субъектілері;

  • ірі кәсіпкерлік субъектілері.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтердің орташа жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатқызылады.

Орта кәсіпкерлік субъектілерідеп жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50адамнан астам, бірақ 250 адамнан, ал активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғаларды айтамыз.

Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан асатын және активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.


Өзін – өзі бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік дегеніміз не?

  2. Кәсіпкерліктің негізгі түрлері қандай?

  3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілеріне жатқызу критерийлері.

  4. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық – құқықтық нысандары.

  5. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық – экономикалық нысандары.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Ізмаханова А.Қ. «Кәсіпкерлік» оқулық. Алматы: «Экономика», 2011, 344б.

  2. Предпринимательство: учеб. / под редакцией В.Я. Горфинкеля, Г.Б. Поляка, В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2011 – 581 с.

  3. Елшібаев Р.Қ., «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» Оқу құралы. Алматы: 2009ж.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет