Класс: 3 класс Пән мұғалімі: Уалиева Рауан Әлібекқызы Сабақтың тақырыбы



Дата04.05.2017
өлшемі53,93 Kb.
#15486
Мектеп: «№7 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Класс: 3 класс

Пән мұғалімі: Уалиева Рауан Әлібекқызы

1. Сабақтың тақырыбы: Спорт-біздің досымыз. Сұрау есімдігі.

2. Мақсаты: I. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту, сөздік қорларын байыту.Сөздерге, сөйлемге сұрақ қоя білуді үйрету.

II. Оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. Сүйікті спорт

түрі жайлы әңгімелей білуге дайындау.Шығармашық қабілеттерін

арттыру.

III. Балаларды спортты, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

3. Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту.

4. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, АКТ, топтық жұмыс.

5. Көрнекілігі: спорт түрлеріне арналған слайдтар, мәтіндер, бағалау парағы, фишкалар,жеміс суреттері.

6. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалармен амандасу. Жоқ оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

2. Үй тапсырмасын сұрау:

« Маған ұнайтын спорт түрі» - шағын шығарма жазу.

3. Жаңа сабақ:

1) Слайд.

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып,

Болашаққа аманат қып жолдаймыз! – дей келе, бүгінгі сабағымызды бастайық.

Біз бұл сабақта білімімізді шыңдап, спортпен достасып, сайыса отырып жеңіске

жететін боламыз.

2) Слайд.

Ол үшін сендерді үш топқа бөлгім кеп отыр. Сабақ басталмас бұрын

сендерге әр түрлі түстегі фишкалар таратылған болатын. Сол фишка түсімен қай топтағы

түс сәйкес келеді сол топқа барып отырыңдар.

«Футболшылар» «Волейболшылар» «Баскетболшылар»

Ерсұлтан Аяулым Айым

Еркежан Марина Наташа

Минар Мади Кирил

Назерке Айдана Камиль

Ал сендерді сабақ барысындағы қабілеттерің мен білімдеріңді саралап, бағалайтын сарапшылар кеп отыр. Олар екінші топ оқушылары: Дильназ, Битемір, Диас.



3) Слайд.

Сөздікпен жұмыс.

Дене тәрбиесі сабағы – урок физкультуры

Жаттығу – упражнение

Жеңімпаз – победитель

Жаттықтырушы – тренер

Белгілі – известный

Спорттық ойын – спортивная игра

Күрес – борьба

Сүйікті – любимый


4) Слайд.

Спорт түрлері



Жазғы спорт Қысқы спорт

Жүзу шаңғы тебу

Футбол шанамен сырғанау

Баскетбол коньки тебу

Волейбол сноуборд

Бокс сноубайк (велосипед тебу)

Карате хоккей

Таеквондо шорт-трек

Күрес трамплиннен секіру

Велоспорт жүгіру
5) Слайд.

Сұрау есімдігі

  • Сұрау есімдігі жауап алу мақсаты мен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар. Сұрау есімдіктері мыналар: кім?не?неше? нешеу?қандай? қай?қанша?қалай?қашан?

  • Сұрау есімдіктері зат есімдерше тәуелденеді, септеледі, жіктеледі.


6) Слайд.

Тапсырмалар

1-топ: Нешеу? сұрағын жіктеу.

2-топ: Кім? сұрағын тәуелдеу.

3-топ: Не? сұрағын септеу.
7) Слайд.

Спорт жарысы

  • Жүгіру – Қай топ бірінші болып тақырыпқа байланысты 10 сөз жазады?

  • Ауыр атлетика – Қай топ ең көп әріптен тұратын сөз жазады?

  • Ұзындыққа секіру – Қай топ ең ұзақ сөйлем құрайды?

  • Күрес – Мақалдардағы сұраққа жауап бер.



8) Слайд.

Мақал-мәтел

1. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын не? ізде.

2. Дені саудың – несі? сау.

3. Аурудың жақсысы жоқ,

Ненің? тәттісі жоқ.

4. Ауру желмен келіп, немен? шығады.

5. Ұйқы-тынықтырады,жұмыс- не істейді?


6. Көзің ауырса,қолыңды тый,

Нең? ауырса, аузыңды тый.
9) Слайд.

Сергіту сәті: Көңілді күн. Қазір көңілімізді көтеріп, әнге билей отыра жаттығу жасаймыз.
10) Слайд.

Мәтінмен жұмыс

1-топ: Футбол. 2-топ: Баскетбол. 3-топ: Волейбол.

Мәтіндерді оқып, ұқсастығын табу. Доппен ойналатын ойындардың мақсатын көрсету.

  • Топтың атауларын неліктен осы ойын атауларымен атадым, қандай байланыс бар? (Сын тұрғысынан ойлау)

  • Себебі, барлық ойын командалық ойын. Барлығы бірлесе жұмыс атқарғанда ғана жеңіске жетеді. (Оқушылар жауабы)


7. Сабақты бекіту:

1-топ: Осы сабақтан не білдіңдер? М б с с т к м б.

2-топ: Сабақтың қай жері ұнады? М с с ж ж б ұ.

3-топ: Сабаққа не жетіспеді? Т т о у ж.

Олай болса мына өлең жолдарымен сабағымызды аяқтасақ:

Спорт – біздің досымыз,

Күш, қайраты сыналған.

Спорт – біздің досымыз,

Бала кезден шыңдалған.
8. Үйге тапсырма беру:

  • Біздің мектебімізде спорттық үйірмелерге баратын балалар туралы деректеме әкелу.




  • Сұрау есімдігінің ережесін жаттау.




  1. Бағалау:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты осы,

Еңбектену, жалықпау. – деп сөз кезегін сарапшыларға берсек. Бағалау парағына қойған бағаларын айту, түсіндіру, жеңімпаз топты анықтау.

«Футболшылар» «Волейболшылар» «Баскетболшылар»

Ерсұлтан - 5 Аяулым -5 Айым - 5 Еркежан - 4- (3,5) Марина - 3 Наташа- 3

Минар - 4- (3,5) Мади - 5 Кирил - 4



Назерке - 5 Айдана - 5 Камиль - 4

17 ұпай 18 ұпай 16 ұпай
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет