Клиникалық жағдай (cbl)



Дата14.05.2020
өлшемі74,19 Kb.
#68123
Байланысты:
Нұрболатов Сібір жарасы

Клиникалық жағдай (CBL)

Орындаған: Нұрболатов С.Н

658-топ,ЖТД

-Науқас, 15 жаста, салмағы 60 кг, сырқатының 6-шы күні балалар жұқпалы ауруларының қабылдау бөлімшесіне дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке, мойын аймағының ісінуі мен жараның пайда болуына шағымданып келді.

-Науқас, 15 жаста, салмағы 60 кг, сырқатының 6-шы күні балалар жұқпалы ауруларының қабылдау бөлімшесіне дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке, мойын аймағының ісінуі мен жараның пайда болуына шағымданып келді.


Түскен кездегі шағымдары:

Ауру анамнезі:

  • Бала 15.07.2020ж сырқаттанған,бет-мойын аймағы ісініп,қышып, кейіннен папулаға ауысқан қызыл дақ пайда болған. Үшінші күні қалшылдау, дене температурасының 38,7°С дейін жоғарлауы, басының ауырсынуы, қызыл папула фонында везикула пайда болды.

Эпидемиологиялық анмнезі:

  • Ауылда тұрады. Ірі-қара мал ұстайды. Ағасына бірге сиыр союға көмектескен. Ағасының қолы қызарып,ісінген.
  • Сойылған сиыр өте әлсіз болған.
  • Бұрын осы ауылда мал аурулары болып тұрған.

Өмір анамнезі:

  • Бала қалыпты, екінші босану кезінде туылған. Туған кездегі салмағы - 3400 гр.
  • Ауырған аурулары ЖРВИ, ЖІИ, Бронхит.
  • Аллергоанамнез – аллергиясы жоқ.
  • «Д» есепте тұрмайды.
  • Екпелерді күнтізбе бойынша алған.

Физикалық қарау мәліметтері:

  • Жалпы жағдайы интоксикацияға байланысты орташа ауырлықта. Енжар. Тәбеті төмендеген. Температурасы – субфебрильді.
  • Баланың дене бітімі қалыпты, тамақтануы қанағаттанарлық.
  • Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияда ауырсынбайды; қолтық асты және шынтақ лимфа түйіндерінің өлшемі бұршақ тәрізді, қоршаған тінмен байланыспаған.
  • Мұрын арқылы тыныс алуы қалыпты. Салытырмалы перкуссияда екі жақтан да өкпелік дыбыс. Аускультацияда везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 20 рет.
  • Салыстырмалы тұйықтық шекаралары жасына сай. Жүрек тондары анық, ырғақты,ұшында функциялық мінезді систолалық шу естіледі. ЖСЖ минутына 86 соққы. АҚҚ-120/80 мм.с.б.б
  • Тілі ақ жабынмен жабылған
  • Ішінің пішіні дұрыс, пальпацияға барлық бөлімдері қол жетімді.
  • Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.
  • Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.
  • Нәжісі пішінделген, қоңыр түсті.

Status localis:

  • Бет-мойын аймағында ауырсынбайтын, аздаған серозды-геморрагиялық бөліндісі бар, тері бетінен аздап жоғарлаған, көлемі 2х2см, ортасында некрозы бар жара анықталады.
  • Жара айналасында шеттері қызарған өлшемі 1х1,5мм ұсақ көпіршіктер, олардың артынан тар депигментация аймағы бар.
  • Карбункул айналасында жұмсақ, желатин сияқты консистенциялы ісіну, терісі көкшіл түсті. Ісіну аймағын саусақпен соққылағанда іркілдек тәрізді дірілдеу анықталады (Стефанский симптомы).

Болжам диагноз қойыңыз?

  • Болжам диагноз қойыңыз?
  • Осы балада аурудың қандай белгілері бар?
  • Қойылған диагнозға сәйкес тексеру жоспарын?

Сібір жарасы

  • Эпиданамнез –ауылда тұрады, ірі қара мал ұстайды. Бала ағасына ауру сиырды союға көмектескен.
  • Бұрын ауылда малдың өлімі анықталған, себебі анықталмаған.
  • Бет-мойын аймағында ауырсынбайтын,тері бетінен аздап жоғарлаған,көлемі 2х2см, ортасында некрозы бар жара анықталады.
  • Регионарлы лимфаденит

-ҚЖА– Hb –121 г/л, Эр – 3,6 *1012/л, Л – 13,0*109/л, т-8%, сегм. – 65%, лимф – 25%, м – 4%, ЭТЖ – 19 мм/сағ.

-ҚЖА– Hb –121 г/л, Эр – 3,6 *1012/л, Л – 13,0*109/л, т-8%, сегм. – 65%, лимф – 25%, м – 4%, ЭТЖ – 19 мм/сағ.

-ЗЖА– сабан-сары, мөлдір, салыстырмалы тығыздығы – 1012, белок – 0,031 г/л, лейкоциттер – 1-2-3 к/а.

-Зақымдалған тері учаскесінен бактериологиялық зерттеу нәтижесі - Bacillus anthracis анықталды.

-ИФА нәтижесі – сібір жарасы антигендеріне антиденелер анықталды.

-Қан ПТР нәтижесі оң.

-Аллергилық сынама - нәтижесі: диаметрі 3 см дейін инфильтрат.


Жүргізілген зерттеулер:

Өткізілген зерттеу нәтижелеріне интерпретация жасаңыз?

  • Өткізілген зерттеу нәтижелеріне интерпретация жасаңыз?
  • Қорытынды диагноз қойыңыз?

Диагноз: Сібір жарасы.

  • Зерттеу нәтижелерінде қабыну белгілері айқын. Барлық зерттеу нәтижелері Сібір жарасына оң нәтиже беріп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет