Күн тәртібі: «Жаратылыстану және дәлелді ғылымдар» кафедрасы жұмыс жоспарын қарастыру және бекіт



Дата24.07.2017
өлшемі25,73 Kb.
#21997
«Мейірбике» колледжінің «Жаратылыстану және дәлелді ғылымдар» кафедрасының №1 отырысының ХАТТАМАСЫ

Күні: «03» қыркүйек 2016ж

Қатысқандар: 15

Қатыспағандар: 0



Күн тәртібі:
1. «Жаратылыстану және дәлелді ғылымдар» кафедрасы жұмыс жоспарын қарастыру және бекіту.

2. Оқытушылардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын және жұмыс бағдарламаларын қарастыру және бекіту. Қосымша сабақты өткізу кестесін құру

3. Кафедра оқытушыларының өз білімін жетілдірудің жеке жоспарын қарау.

4. Ашық сабақтарды өткізу кестесін құрастыру және бекіту. Кафедра оқытушыларының сабақтарға қатысу кестесін құрастыру және бекіту. Үйірмелердің жұмыс жоспарын қарастыру және бекіту.

5. Жас мамандардың сабақтарын талқылау және жаңа технологияда сабақ жүргізуге бағыт бағдар беру.

6. Оқу кабинеттерінің жұмыс жоспарын қарастыру және бекіту,жұмыстардың жүргізілуін қадағалау,кабинет төл құжатын толтыру.

7. Емтихан, сынақ, диф. сынақ материалдарды бекіту.

8. Оқытушының жеке жоспарларын қарастыру және бекіту

Тыңдалды:
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша кафедра меңгерушісі: М.Т.Тулепова-2016-2017 оқу жылында «Жаратылыстану және дәлелді ғылымдар» кафедрасында 15 оқытушы жұмыс жасайтындығын айтты. Олар: биология, химия, физика, математика, информатика, экология мен экономика пәндері оқытушылары. «Жаратылыстану және дәлелді ғылымдар» кафедрасының жұмыс жоспарымен таныстырылды. 2016-2017 оқу жылына оқытушылардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын, жұмыс оқу бағдарламаларын, жеке жұмыс жоспарларын және үйірмелердің жұмыс жоспарын, емтихан, сынақ, диф. сынақ материалдарды құрастырып, өз уақытында бекіту керектігін айтты. 2016-2017 оқу жылының жылдық жоспарының I жарты жылдығына арналған бөлімі бойынша кафедраның барлық мүшелері міндетті түрде ашық сабақ өткізу керектігі айтылды. Тәжірибе алмасу мақсатында өз кезегінде оқытушылар сабаққа қатысу керек, әсіресе жас мамандар күнделікті сабақ жоспарларын уақытылы бекітіп, күнделікті сабақта көрнекі құралдарын тиімді пайдалана білуі тиіс. Яғни, кафедрадағы барлық оқытушылар бір-біріміздің сабақтарымызға қатысып, әдіс алмасамыз болмаса басқа кафедра оқытушыларының сабақтарына қатысуға да болады. Оқу кабинеттерінің жұмыс жоспарын қарастыру және бекіту,жұмыстардың жүргізілуін қадағалау,кабинет төл құжатын толтыру керектігі жөнінде айтылды.

Кафедра отырысы қаулы етеді:

  1. «Жаратылыстану және дәлелді ғылымдар» кафедрасы оқытушыларының күтізбелік-тақырыптық жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламалары, жеке жұмыс жоспарлары, үйірме жұмыс жоспарлары бекітіліп, уақытында тапсыру пән оқытушыларына міндеттелсін;

  2. Кабинет жоспарлары жасақталып бекітілсін, қадағалау пән оқытушыларына міндеттелсін.

  3. Апталықтың жоспары жасалынып бекітілсін, қадағалау кафедра меңгерушісіне міндеттелсін.

  4. Әртүрлі мәселелер бойынша оқытушыларға берілген тапсырмаларды қадағалау кафедра меңгерушісі мен пән оқытушыларына міндеттелсін.

Отырыс төрайымы: А.Е. Үсембаева
Хатшы: А.А.Муратова

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет