Күні: 12 мамыр 2016 жыл. Тақырыбы: «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» және акт модулдері бойынша коуч сессия жоспары



Дата22.08.2017
өлшемі71,32 Kb.
#24312
Коучинг – сессияға жауапты: тарих пәні мұғалімі: Накупова Б.Б. № 30 ЖОМ, II деңгей курсы, информатика пәні мұғалімі; Зарипбаева Ә.Т.

Өтілетін орны: 207 кабинет

Күні: 12 мамыр 2016 жыл.
Тақырыбы: «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» және АКТ

модулдері бойынша коуч сессия ЖОСПАРЫ


1

Жалпы мақсаты

Коуч сессия қатысушыларына «оқуды бағалау»(суммативті бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау), критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету. Әріптестерімізді педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдасу.

2

Күтілетін нәтиже

Коуч сессия қатысушылары формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу

3

Түйінді идеялар

Формативті бағалау, суммативті бағалау, рубрика, лейбл, дескриптор ұғымдары.

4

Материалдар және ресурстар

компьютер, проектор, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер




Сабақтың барысы

Коуч сессияны өткізу этаптары

Мерзімі

Коучтың іс- әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеттері

Сәлемдесу

3 мин

Коуч тақырыппен таныстырады.

Топқа бөлу

2 мин

Мұғалімдерге стол үстіндегі заттар туралы сауал тастау арқылы топтарды анықтау. Соған байланысты туған жыл мезгілдеріне байланысты топтарға бөлініп отыру.

Көшбасшыны сайлап алу.



Туған жыл мезгілдеріне қарай топтарға бөлінеді.


Психологиялық

ахуал тудыру

1 мин

Мұғалімдер фото суреттерінен жасалған видео тамашалау.

Мұғалімдер өздерінің фото суреттерін тамашалайды.

Практикалық жұмыс

5 мин

Мұғалімдерге 5 түрлі түсті қағаз таратылады. Осы қағаздан тез арада қазақтыцң ою-өрнегін қиып шығару тапсырылады. Болғаннан кейін келесі топқа бағалауға береді.

Естіген бағалармен келісесіздер ме?

Көңілдееріңізден шықты ма?

Бір топтың қиылған оюын келесі топ бағалайды, осы әдіс арқылы тақырыпқа шығамын.

Жұмысқа жұмылдыру

1-2 мин

Формативті және сумативті бағалауға жататын бағалау түрлерін ата ( ҰБТ бағасы, тест, бақылау бағасы, диктантқа бағасыз берілген мұғалім түсініктемесі, сынақ, қалыптастырушы бағалау, смайликтер арқылы бағалау, тоқсандық бағалау, т.б)

Формативті және сумативті бағалауды бір- бірінен ажыратады.

2 топқа бөлу арқылы ажырату.



Мағынаны ашу

8 мин

Әр топқа қалыптастырушы немесе оқыту үшін бағалауға байланысты жағдаяттық сұрақтар жазылған карточкалар таратылады.

1 топ. Дарынды оқушы күнделікті «5» ті оңай алғандықтан, бос уақытын компьютерлік ойындар ойнаумен өткізеді. Мұғалім мақтап-мақтап «5» қоя береді. Ата-анасы қобалжулы. Жоғарғы стандарттарға жеткізу үшін не істеу керек?

2 топ. Балам Англия, Америкаға барғанда ағылшын тілінде сайрайды. Ағылшын тілінен неге «4» алады.

3 топ. Дәптері толған «2», «3» баға қойылғаннан кейін, қатемен жұмыс жүргізіледі. Оқушының оқығысы келмейді. Өзін қабілетсізбін деп санайды. Оқу үлгерімін жақсарту үшін не істеу керек?

4-топ. Оқушының сабаққа деген ешқандай құлқы жоқ. Мұғалімнің қойған «2»не де мән бермейді. Осындай тығырықтан шығудың жолдары қандай?

5-топ. Тек «4-5»ке оқитын оқушыға сабаққа даындалмай келгені үшін «2» қойдыңыз. Келесі сабақтарға ол оқушы мүлдем дайындықсыз келетін болды. Сіздің әрекетіңіз қандай болады?

Мұғалімдер жағдаяттарды ауызша талдайды, өз тәжірибесінен мысал келтіреді.

Слайдпен жұмыс

(теория бөлімі)

Коучинг барысында

Бағалаудың түрлері, бағалау критерийлері, анықтамалар т.б. АКТ туралы мәліметтер,

рубрика, лейбл, критерий, дескриптор ұғымдарына анықтама беру.

Теориялық білімдерді алып, тәжірибеде пайдаланады.

Түйінді идеялар

3 мин

Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз? Бағалау критерийлерінің қандай түрлерін білесіздер? Рубрика, лейбл, критерий, дескриптор ұғымдары нені білдіреді?

Сергіту сәті (АКТ)

3 мин

«Әуенді анықта» 5 топқа бес әуен беріліп, әр топ оны анықтап, өлеңді айтып шығу керек.

Топпен жұмыс

(АКТ және бағалау)

10мин

Әр топқа ноутбук арқылы дайын мәтіндер беріледі, сол мәтіндерге байланысты тапсырмалар қоса беріледі. Мұғалімдер сол мәтінге байланысты презентация жасап, тапсырмалар соңында бағалау парақшасын құрастыру тапсырылады.

Әр топ тапсырмаларға байланысты ноутбук арқылы презентация құрастырып, қорғау керек.

Практикалық жұмыс

10 мин

Бағалау критерийлерін жасау.

1-топ. Постерді бағалауда бағалау парақшасын құрастыру.

2-топ. АКТ-ны сабақта қолдану барысында қандай қиыншылықтар кездеседі?

3-топ. Шығарма, эссені бағалау.

4-топ.Мәтінмен жұмыс жасай білуін бағалау.

5-топ. Өз сабақтарыңызда қандай электронды ресурстарды пайдаланасыздар?

Топпен жұмыс

10мин

Ортадан бір «Ұялы телефон» алып, соны (рубрика, лейбл, критерий, дескриптор) арқылы бағалау.


Коучке қатысушыларға бағалаудың формалары таратылады. Соларға айтылған ұғымдарды ретімен толтыру керек.

Рефлексия


5 мин

Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып топтың ең жақсы жетістігі және жіберген кемшілігіне ұсыныс айту.


Қатысушылар осы стратегия арқылы әр тпо бір-бірін бағалаулары керек. Әр шағын топ сарапшылары өз топ мүшелеріне критериялық баға береді.

Қорытындылау

5 мин

Коуч сессияға қатысушыларға сабақ соңында «7 модульге негізделген коучингтерден мен неге үйрендім, өзіме пайдалы не алдым?» деген сауал қоя отырып, «Мүмкіндік ағашын» бояп тапсыруды өтінеді. Осы тәсіл арқылы мұғалімдердің деңгейін бақылау. Коуч сессияны талқылау, өз ойларын ортаға салады.

Коучинг «Бақыт» өлеңімен аяқталады.




«Ұялы телефон» - рубрикатор



Критерий

Дескриптор (өлшемдері)


1

2

3 - лейбл

Дизайн










Маркасы










Көлемі










Функциялары










Түсі













1- 5

төмен сапалы

6-10

орташа сапалы

11-15

жоғары сапалы (дескриптор)

Каталог: files -> content
content -> «Үздік шаңғышы» «Жаңа жылдық шаңғыға»
content -> Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа Сабақтың мақсаты
content -> Оқу-тәрбие жұмысының жоспары 2016-2017оқу жылы
content -> Пәні: Қазақ әдебиеті. 8 «Қ» Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
content -> Анализ работы средней общеобразовательной школы №14 г. Павлодара за 2015 2016 учебный год
content -> Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Алты топқа бөлініп отыру. Психологиялық дайындық. 1минут
content -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз мектебі туралы білімдерін тереңдету
content -> Оқу жылына «№21 жалпы орта білім беру мектебі»
content -> Сабақтың мақсаты: а дк-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен танысу
content -> Сабақ жоспары Сбақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет