Күні: 14. 05. 2017 ж. Мұғалім: Кожакеева Гульзат Умирхановна



Дата28.01.2018
өлшемі80,45 Kb.
#34784
Күні: 14.05.2017 ж.

Мұғалім: Кожакеева Гульзат Умирхановна

5 «А», «Ә», «Б», «В», «Г», «Ғ» сыныптар.

Танымдық сайыстың тақырыбы: «Дарабоз»

5- сыныптар оқушылары арасында өткізілетін танымдық сайыс.


Мектепте өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың бір формасы деуге болады. Сыныптан тыс жұмыстар балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мол мүмкіндік береді және оқушының өзіне деген сенімін арттырады, оқушы мен мұғалім арасында берік қарым – қатынас орнап, мұғалімнің оқушыны танып – білуіне мол мүмкіндік туғызады.

Танымдық сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы дарабоз оқушыларды анықтау

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, 5 сыныптың барлық пәндер бойынша түрлі тапсырмалар
Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен, қонақтармен амандасу

2.Қатысушыларды түгендеу.

3.Сайыстың кезеңдерімен таныстыру.

Мұғалім сөзі: «Қайырлы күн. Құрметті әріптестер, оқушылар.

Бүгінгі «Дарабоз» атты 5 – сыныптар арасындағы танымдық сайысқа қош келдіңіздер.



Сайыстың шарты мен кезеңдері:

1. Бәйге.

Оқушыларға барлық пәндерден және салт-дәстүр, спорт, мәдениеттен 18 сұрақ қойылады; Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.



2. Көкпар

Оқушыларға барлық пәндерден сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 10, 20, 30, 40 ұпайлармен бағаланады.



3. Жорға

Топ басшыға 1 минут ішінде 20 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Неше сұраққа жауап берсе, сол ұпайды иеленеді.



Сайыстың барысы:

I кезең бойынша әр оқушыға үш(3) сұрақтан қойылады.Жауап бере алмаған оқушының сұрағына қарсыластары жауап беру мүмкіндіктері бар.Әр сұраққа бес ұпайдан беріледі.

  1. бөлім. Бәйге

1.Ы.Алтынсариннің атасы? (Балқожа би)

2.Бір жанұяның 5 ер баласы бар, олардың әрқайсысының қарындастары бар.Жанұяда қанша бала бар?(6)

3.Ақша айналымын зерттейтін ғылым? (Нумизак)

4.Қол кесер қай кезде беріледі? (соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға)

5.ҚР Конституциясы қашан қабылданды?Қанша бөлім, қанша баптан тұрады?(1995-ж 30-тамыз,

9-бөлім, 98 баптан)

6.Әзіл сұраққа мақалмен жауап.Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз? («Көрдім» деген көп сөз, «Көрмедім» деген бір сөз)

7.Кіріге біріккен сөздерді атаңыз. (тасбақа, Ақтөбе, жаздыгүні, өнеркәсіп, түрегелді)

8 Жеті қазынаны атаңыз.(1.Ер жігіт,2.Сұлу әйел, 3.Ақыл, білім, 4.Жүйрік ат,5.Қыран бүркіт, 6.Берен мылтық, 7.Жүйрік тазы)

9.Тіліңмен жүгірме, ....... жүгір. (біліммен)

10.Әр адамның шағын Отаны қалай аталады? (отбасы)

11.Қорқыт атаның туған жері? (Қызылорда облысы, қармақшы ауданы)

12. Ауа райының негізін нелер құрайды? (ауа темпер, бұлттылық, жауын-шашын, қысым, жел)

13.Қандай сандардың көбейтіндісі де, қосындысы да 6-ға тең? (1,2,3)

14.Сөз қызметіне қарай қай түрі? Мен түс көрдім.Балам төмен түс.Түс кезі.Сабаңа түс енді. (омоним)

15.Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы? (Ұлжан)

16.Берілген санның процентін табыңыз.340-тің 20% -ін (68)

17.Менің атым Медет.Менің тәтемнің бір ғана інісі бар.Менің тәтемнің інісінің аты кім? (Медет)

18.Атасын сағынған бала туралы жазушы Н.Сералиевтің қандай шығармасы бар? (Аңсау)


2 бөлім. Көкпар.

II кезең бойынша әр оқушы төрт көрсетілген(қазақ тілі мен әдебиет, математика, тарих, жаратылыстану) пәндері бойынша 10, 20, 30, 40 сандары көрсетілген ұяшықты таңдап сол сұраққа жауап бере отырып, сол ұпайды өз меншігіне иеленеді.
Математика

10.Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең, көбейтіндісі 15-ке тең.Ол қандай сандар? (5 пен 3 )

20. Қоланың 10/7 –імыс.Қоланың құрамындағы мыс неше % (Жауабы:70%)

30.Жақша қолданбай сандардың арасына таңбаларын қою.55 5 5 5 5 =57



(Жауабы:(+ : + : ) 55+5:5+5:5=57

40. Қонақ бөлменің ауданы 24 м2.Бұл пәтер ауданының 30% -індей.Пәтердің ауданы неше квадрат метр?(80 м2 )



Қазақ тілі – Әдебиет

10. Екпін, оның түрлері. (Екпін-бір сөз басқа сөзге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда көтеріңкі, күшті айтылуы)

Түрлері: Сөз екпіні,ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні

20. Қадыр Мырза Әлінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері қай тілдерде жарық көрді?(ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, фин, венгр)

30.Сөзжасамның жасалу жолдарын атаңыз. (түбірге жұрнақ жалғану, екі немесе бірнеше сөздің бірігуі,
екі сөздің қосарлану, екі н/е бірнеше сөздің тіркесуі, лексикалық жолмен )

40. Бес арысты атаңыз. (Ш. Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов)


Жаратылыстану

10. Адамның денесінің неше % су құрайды (Жауабы:65%)

20.Флора мен Фауна деген не? (Флора- өсімдіктер,Фауна- жануарлар құрайды)

30.Жердің ішкі құрылымында қандай қабықтар бар?(Мантия , жер қыртысы, ішкі ядро, сыртқы ядро)

40.Қоректенуіне қарай жануарлар қандай топқа бөлінеді? (өсімдікпен қоректенетіндер, жыртқыштар,

аралас қоректенетіндер,паразиттер )
Қазақстан тарихынан әңгімелер

10. “Алаш” партиясының жетекшісі кім?(Әлихан Бөкейханов)

20.Ұлы Отан соғысы жылдар Невель қаласын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқан батыр қыз? (Мәншүк Мәметова)

30. Алғашқы питекантроптың сүйек қалдықтары қашан және қай жерде табылды? (1890-1892 жж Ява аралында)

40. Ел таңбаларды зерттейтін ғылым?(Геральдика)

3 бөлім. Жорға

III кезең бойына әр оқушыға бір минут ішінде 20 сұрақ оқылады, сол сұрақтардың нешеуіне жауап берсе сол ұпайды иеленеді.Әр сұраққа бір ұпай.

1.Әл Фараби дүниеге келген қала? (Отырар)

2.Қоңыр түс ағылшын тілінде? (Brown)

3.180 минутта неше сағат бар? (3)

4.Дыбыстың жазудағы таңбасы? (әріп)

5.Ер мойнында не шірімейді? (қыл арқан)

6. Барлық қабырғасы тең тік төртбұрыш? (квадрат)

7.Тарих атасы? (Геродат)

8. Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр)

9.Тудың авторы? (Ш.Ниязбеков)

10 Қазақ тіліне тән дыбыстар санықанша? (9)

11. Шоқан қай ханның ұрпағы? (Абылай ханның)

12.Наурыз сөзінің қазақша мағынасы (жаңа жыл)

13.Ауданы жағынан ең үлкен теңіз? (Каспий)

14. Ой екпіні тұрақты ма? (тұрақсыз)

15. Аңсау әңгімесінің авторы? (Нәсіреддин Сералиев)

16. –да, -де, -та, -те, -нда, –нде қай септіктің жалғауы? (жатыс)

17.Дифуззия қай тілден енген? (латын)

18. 606-ны 3-ке бөл (202)

19.Абайдың қанша қара сөзі бар? (45)

20.Бокс алаңы қалай аталады? (ринг)

Қорытынды: 16.03.17 жылы 5- сыныптар арасында өткен «Дарабоз» танымдық сайысына қатысқан оқушылар ізімі:

5 «А»


5«Ә»Тоқтар Зейнаб

5«Б» Ертаев қасымхан

5 «В»

5 «Г»


5 «Ғ»

Сайысқа әр сыныптан бір оқушыдан қатысып, өз білімдерін жан-жақты көрсете білді. Әр кезең бойынша оқушылар бағаланып отырды.Осы сайыстың кезеңдері бойынша бағаланған ұпайлар саны: Мұхтар Анель - 50 ұпай, Оразақын Нұрайбат -185 ұпай, Досымбек Аяжан- 70 ұпай, Шайзат Базила -125 ұпай, Тулешова Ақерке - 95 ұпай, Орынғали Ерасыл-130 ұпаймен бағаланды.



Міне, осы сайыс бойынша 5 «Ә» сынып оқушысы 185 ұпаймен IV тоқсан дарабозы атанды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет