Күні: 23. 02. 2016 ж. Тақырыбы: Жыр алыбы-Жамбыл Сабақтың мақсаты



Дата04.11.2016
өлшемі244,71 Kb.
#357
Күні: 23.02.2016 ж. ………………..

Тақырыбы: Жыр алыбы-Жамбыл



Сабақтың мақсаты: Екі ғасырдың куәсі болған Жыр алыбы - Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту.
а) Білімділік: Жамбыл ақын шығармаларын оқыта отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, поэзиялық шығармаларға талдау жасауға үйрету. Оқушылардың ақын шағармалары туралы теориялық білімдерін жетілдіре түсу.

б) Дамытушылық: Оқушыларға ақын шығармаларын оқыту арқылы өмірге деген дүниетанымдық көзқарастарын, білім – білік дағдыларын қалыптастыру. Ауызша сөйлеу мәнерін дамыту, дағдыландыру.

в) Тәрбиелік: Ж.Жабаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиесі, ұлағаты мол өсиет сөздерін оқыта отырып, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, иманды болуға тәрбиелеу. Поэзияны сүюге, ақын есімін құрметтеуге, шығармашылық ізденуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі:

тірек-сызбалар, плакат, сөзжұмбақ,компьютер, интерактив тақта.



Пәнаралық байланыс: 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушы кезең: Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық.

Көзді жұмып жақсы нәрселер ойлаңыздар.Өздеріңізге және бір-бірлеріңізге сәттілік және жақсы көңіл-күй тілеңіздер. Көздеріңізді ашып, бір-бірлеріңізге күле қараңыздар.

Мұғалім сөзі: Балалар, елімізде қуанышты бейбіт күніміздің тағы бір таңы атты. Еліміздің болашағы мектеп қабырғасындағы ұрпақ. Сондықтан Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім керек. Ендеше, білім алатын тағы бір сабағымызды бастайық.

Бүгін сіздермен бірге біз «жас зерттеушілер» ретінде жұмыс жасаймыз. Мына құралған әрбір топ кішігірім ғылыми зертхана болады, сіздер өз араларыңыздан осы зертхананың ғылыми жетекшісін сайлап алыңыздар. Яғни сіздердің бүгінгі зерттеу жұмыстарыңызға жауап беретін осы жетекші болады. Алдарыңызда сонымен қатар, бағалау парағы берілген. Яғн әрбір берілген тапсырмалар орындалып болғаннан соң, әр оқушыға баға қойылып отырады. Сондықтан сабаққа жақсы қатысыңыздар.Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.


ІІ. Өткен сабақты қайталау: 

Балалар, үйге қандай тапсырма берілді.



Оқушы: Ж.Жабаев мазмұндау

Олай болса үй тапсырмасын сұрақ қоя отырып қорытындыласақ.



Жамбыл Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев 1846 жылы, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Жамбыл, Хантау деп аталатын тауларының баурайында туған).
Жамбылға қай ақын бата берген?
(Жамбыл Сүйінбайдан бата алған)
Жамбыл кімдермен айтысқа түскен?
(Құлмамбет, Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Досмағамбет, Шашубай )
Жамбылдың қандай поэмалары бар?
(«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»)
Жамбылдың 1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарған өлеңін атаңдар.
(“Ленинградтық өренім” )
Жамбылдың анасының атын атаңдар

(Ұлдан)
Ақынның “Туған өлкем” өлеңі орыс тілінде қай газетте жарық көрді?
(“Правда”)
III. Жаңа сабақ

Білген сайын келеді біле бергім

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім, -деп А.Тоқмағанбетов ақын жырлағандай, сендер де ақынның ойымен келіседі деген үміттемін. Сондықтан да бүгінгі сабақта білім алып, тағы да бір сатыға жоғарылайық.


Сөзжұмбақ


Тігінен:

1. Жамбылдың әкесі. (Жабай)

2. Жамбыл айтысқан ақынның бірі. (Бақтыбай)

3. Жамбылдың шәкірті Кенен...(Әзірбаев )

4. Жамбылдың баласы. (Алғадай)

5. Жамбылдың өлеңі. (Шалтабайға)

6. Жамбылдың алғаш жазған өлеңі. (Шағым)

7. Жамбылдың сүйген қызы. (Бұрым)

8. Жамбылдың туған жері. (Жамбыл)

VI Хронологиялық кесте


Жылдар

Оқиғалар

1846 жылы
1881 жылы
1913 жылы

1937 жылы

1941 жылы
1943 жылы
1945 жылы
1946 жылы


Қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келді.

Құлмамбетті жеңіп, «Жетісудың атақты ақыны» аталды.


«Өстепкеде» деген өлеңін шығарды.

1917 Қазан төнкерісінің куәгері болды

1919жылыЖамбылЖетісуақындарының слётынақатысты. 

Жамбылдың шығармашылық қызметінің жетпіс бес жылдығын аталып өтілді.


Мемлекеттік сыйлық берілді
Ақынның ұлы Алғадай қаза тапты

Өмірден өтті.


Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті.



V "Өлең құрастыр" ойыны.

Оқушылар ақынның қандай өлеңдері, жырлары, поэмалары бар. Есімізге түсірейікші?

Дұрыс айтасыздар. Олай болса мен сіздерге ақын өлеңінің әрбір сөзін қиып беремін. Ал, сіздер одан өлең құрастырасыздар.

Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай.

Сырлы сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай.
Ақынның қай өлеңінен алынған?

Қайтіп жаның ашымас,

Неткен заман қатыбас.

Еткен еңбек, төккен тер

Қалай түкке татымас,-

Батаңды маған бер, әке,

Тіліме менің ер, әке.

"Жапаның ұлы ақын боп,

Жақсы істепті"дер, әке.
VII Оқулықпен жұмыс

(Аян) 1913 жылы Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнап айтқан «Өстепкеде» өлеңінен үзінді оқып, мағынасын ашып, бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

Үйсін,Найман саңлағы, Желді күнгі қамыстай

Өстепкеде жиылдың. Жапырылып иілдің.

Елде жүрген егейлер, Келтіріңдер намысты,

Ұлық көрсең ұйлығып. Бек қорланып күйіндім.

Бай болыстардың,жағымпаздың мінезін сынау мақсатында айтылған.



Күйіндім-етістік, қалай?-бек қорланып пысықтауыш.

Бек-зат есім, қор-зат есім, лан-етістік туд.жұрнақ, ып-көсемше, күй-зат есім, ін-етістік туд.жұрнақ, ді- жедел өткен шақ, м-т.жалғау 1жағы
(Айзада) “Ленинградтық өренім” өлеңнің сатылай кешенді талдау Авторы – Жамбыл Жабаев.

  • Тақырып –Отанға деген сүйспеншілік.

  • Жанр түрі – поэзия (өлең).

  • Идеясы – автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді. Жауға – соққы беру, ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау.

48-шумақ


171 тармақ

Буын саны-7,8 буын



  • 1 бунақ.

  • Әдеби теориялық ұғымдар:эпитеттер – көк, сүйкімді, заманымның өрнегі.

  • Теңеу – бұлағымдай, өркеш-өркеш жарасқан, шоқылардай, судай.

  • Өлеңнің тәрбиелік мәні: бәр халықтар достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.






Биопоэма

Аты
Тегі
Сізді суреттейтін 3-4 сын есім


Туыстық қарым-қатынасыңыз
Басыңыздан өткен оқиға
Жетістіктеріңіз
Неден қорқасыз
Мекен-жайыныз

Бекіту

X ТЕСТ тапсырмалары.

1. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?

А)1945 ж. С)1947ж.

В)1948ж. D)1944ж. Е)1946ж.

2. «Жамбыл» журналы қай жылы жарық көрді?

А) 2000 ж. С) 2004ж.

В) 1946ж. D) 1948ж.

Е) 1847ж.



3. Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы жазылды?

А)1945ж. С) 1941ж.

В)1942ж. D)1943 ж Е)1947ж.

4. Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып, жеңіске жеткен?

А)1884ж. С) 1885ж.



В)1881ж. D)1887ж. Е)1890ж.

5. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын табыңыз.

А) Табиғат, жер С) Кедейлердің аянышты халі

В) Адамгершілік қасиет D) Достық Е) Білім, өнер

6. Ж.Жабаев «Өтеген батыр» мен «Сүраншы батыр» дастандарының негізгі желісін кімнен алған?

А) Шашубай С) М.Өтемісұлы

В) Қалқа ақын D) С.Аронұлы Е) Құлмамбет

7. 1941 жылы Жамбылға қай шығармалар» үшін мемлекеттік сыйлық берілді?

A) «Алынбас қамал» C) «Айтыстары үшін»

B) «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» D) «Ворошилов туралы поэма»

E) «Өлеңдері үшін»



8. Ж.Жабаевтың дастанын табыңыз.

A) «Гималай» C) «Сыр сандық»

B) «Жетісу суреттері» D) «Көрұғлы» E) «Мырқымбай»

9. Ж.Жабаевтың шәкірті кім?

А) С.Аронұлы С) Д.Бабатайұлы Е) М.Жұмабаев

В) К.Әзірбаев Д) Ш.Құдайбердіұлы

10. «Жеңіс жыры» атты өлеңі қай жылы жазылды?

А) 1847 жылы С) 1945 жылы Е) 1946 жылы

В) 1941 жылы Д) 1846 жылы



Дұрыс жауаптары
Қорытынды.

 (4-5 мин)



Алатаудың өркешті ақбас шыңдарына көз жіберсек, өзі қатарлас өнерлі, дарынды ақындар арасында сол Алатаудың ең биік, ең еңселі шыңындай болып Жамбыл тұрады.

Тау мүжіледі, темір тозады, бірақ, халық мұңын мұңдаған, халық қуанышын жырлаған шынайы, көркем жыр мүжілмек те, тозбақ та емес. Жамбыл жыры – осындай жыр. Ол төкпе жырдың дүлділі, халық бағының бұлбұлы.


Үйге тапсырма: «Жыр алыбы-Жамбыл» шығарма жазу.

Каталог: uploads -> doc -> 0f1a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f1a -> Сабақтың тақырыбы : С. Торайғыров «Қамар сұлу»
0f1a -> Сабақтың мақсаты : Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру
0f1a -> Сабақ тақырыбы Қызыл шұнақ. Қар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет