Күні: Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті



бет3/6
Дата27.12.2016
өлшемі0,98 Mb.
#5976
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі.

Мақсат- міндеттері: І.Ертегінің мазмұнын түсіндіру.

2. Берілген тапсырмаларды көз алдарына елестете отырып орындау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра отырып сөйлеуге үйрету.

3.Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, түрлі түсті суреттер, сурет салуға арналған құралдар.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

- Кәне, балалар, дөңгелене тұрып, бір - бірімізге жылы лебіз - дерімізді білдірейік.

Балалардың бір - біріне білдіретін тілектері:

- Жүрегімдегі жылуымды саған ыстық алақаным арқылы жіберемін.

- Дос болайық!

- Егеменді еліміздің дені сау баласы болыңдар.

- Бүгінгі күн сендерге сәтті күн болсын.


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог балалардың білетін шығармаларынан үзінді оқиды. Балалар оның қай шығарма екенін тауып айтады.

- Біраз жүрген соң әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.

- Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі.

- Тышқан наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

- «Нан қайдан келеді?» ертегісі.

- Тапқан екенсің дәмді тамақты. Күтірлетіп жейтін сәбіз - ден артық ештеңе жоқ, - деді Қоян.

- «Не дәмді?» ертегісі.

- Шырылдауық шегіртке, Көгалды қуып гөлайттап.

- Абай Құнанбаевтың «Шегіртке мен Құмырсқа» ертегісі.

- Дұрыс. Бүгін сендерге өте қызық ертегі оқып беремін. Ертегі «Жыл басына таласқан жануарлар» деп аталады.

а) Педагог «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін мәнерлеп оқиды. Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды.

- Ертегі қалай аталады?

- Ертегінің басы қалай басталады?

- Ертегі қалай аяқталады?

- Жыл басы қай жануар болды?

- Түйе неге жыл басы бола алмады? ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Жусан - ащы дәмді, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп. Жабағы - ғой мен түйенің көктемде қырқып алған қысқы жүні.

Бақташы - мал бағушы.

Өркеш - түйенің арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы.

б) Сергіту сәтін өткізу.

Саусақтарым бір - бірімен амандасайық,

Саусақтардан гүл ашайық,

Саусақтарды ашып - жұмып,

А - ә, г - ғ, ү - ұ, н - ң, к - қ, о - ө

Дыбыстарын дұрыс айтайық.

в) «Кім зерек?» логикалық ойыны. Шарты: әр жануардың қорегін тауып, қоршап, бояп, қалғанын қақпақтармен жауып қою.

г) «Қайсысы қалай дыбыстайды?» ойыны.

ғ) Тыныштық сәтін өткізу.

- Көзімізді жұмып, қысқы даланы көз алдымызға елестетейік.

Қыс. Далада аяз. Жердің беті аппақ қар, біз әдемі киініп балабақшаға келдік. Достарымызды көріп қуандық. «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісімен таныстық. Ертегіде әртүрлі жануарлардың айтысқанын және тышқанның жыл басы атанғанын білдік. «Қайсысы қалай дыбыстайды?» «Кім зерек?» ойындарын ойнадық. Көзімізді ашайық



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

а) Е. Өтетілеуұлының «Жыл аттары» өлеңін оқып, беру, жаттату.

ә) Дәптердегі қазақша жыл аттарын атату: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз жылы.







Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қысқы киімдер. (Сурет бойынша әңгіме)

Мақсат- міндеттері: І.Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.

2.Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.

3.Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, ұлттық киім, кебіс.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

- Қайырлы таң! Бүгін қандай күн? Aya райы қандай?

- Жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

Педагог оңу іс - әрекетіне қуыршақ Айнұрдың келгенін, оның бір сандық киім алып келгенін хабарлайды.

- Айнырдың үстіндегі киімді ата.

- Киімді қай мезгілге сай киген?

- Қыс мезгіліне сай киінген.

- Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы - қысқы киімдер.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Педагог әр балаға киімдер бейнеленген суреттер тара - тып береді, балалар киімдерге сипаттама береді. Мысалы: Малақай - құлағы бар жылы бас киім, құлақшын.

- Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз? ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Пима — жүннен басылған қысқы аяқкиім.

Тон - иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.

Ішік — іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.

Байпақ — етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қонышты киіз шұлық. Байпақтың сыртынан кебіс те киеді.

б) Сөйлем, сөз тіркестерін құрастыру.

- Ішік, қолғап сөздеріне сөйлем құрастырыңдар.

- Мына сұрақтарға жауап беріңдер. Қандай тон? Қандай етік?

- Қалың тон, қалың етік, жылы ішік, т.б.

- Қыста қалың тон киеміз. Әкемнің жылы ішігі бар.

- Тон, етік сөздері жуан естіле ме әлде жіңішке естіле ме?

- Тон сөзі жуан естіледі. Өйткені тон сөзіндегі о — жуан дауысты дыбыс. Ал етік сөзі жіңішке естіледі, етік сөзіндегі е және і - жіңішке дауысты дыбыстар.

в) «Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.

г) «Қай мезгілде киеміз?» дидактикалық ойыны. Шарты: Aya райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің? Аттарын атау.

- Киімдерді қалай киюіміз керек?

- Киімді қайдан аламыз?

«Мынау кімдікі?» дидактикалық ойыны. Шарты: киім - дердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатындығы айтылады.

ғ) Ө. Ақылбекұлының «Менің киімдерім» атты санамағын жаттату.


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

а) «Қайсысы артың?» дидактикалық ойыны.

- Бір қатарда тұрған киімдердің ішіндегі қайсысы артық?

- Туфли. Өйткені туфлиді күз, көктем мезгілдерінде ғана киеміз.

ә) Киімдерді топтап айтқызу.

Малақай, құлақшын – бас киімдер.

Байпақ, кебіс, пима - аяқкиімдер.







Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көңілді қыс. (Сурет бойынша әңгіме)

Мақсат- міндеттері: І.Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

2.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.



Құралдар: әліппе- дәптер, қыс көрінісі туралы тақырыптық сурет, үлестірмелі суреттер.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Сұрақ - жауап әдісі арқылы «Көңілді қыс» тақырыбының мазмұнын ашу.

- Қазір қай мезгіл?

- Қыстың күзден айырмашылығы неде?

- Қыста адамдар қалай киінеді?

- Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?

- Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?

- Қысты неліктен көңілді деп айтады?

ә) Жұмбақтар шешу.

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық.

(Қар)

Көзіңе көрінбейді,



Тоңдырып қызартады.

Күні - түні ерінбейді,

Өзенге мұз артады.

(Аяз)


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Қыс, боран, қар, күн деген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.

суық


Қыс қандай болады? аязды

қарлы


Қыс түсті. Қар жауып тұр. Күн суық. Дала аяз болып тұр. Боран соқты.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Дөң - көтеріңкі биік жер, төбе.

Қос - екі. Қос аяқта - екі аяқта.

б) «Көңілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрастыру.

Қысқы ойын, аязды күн, қысқы табиғат, жылы киінген балалар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізіледі.

— Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

— Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды атаңдар.

- Конькиді қай жерде тебеді? Шаңғыны ше?

— Дөң басынан шаңғы, шана теуіп көрдіңдер ме?

- Аққаланы қалай жасайды?

в) «Аққала» дидактикалық ойыны.

Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: мұрны, басына киетін шелегі сияқты суреттер жатады. Балалар осы бөліктерді алып, көздерін жұмып тұрып, тақтаға жабыстырады.

Аққала сөзін қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру. Мысалы: аппақ аққала, әдемі аққала, үлкен аққала. Біз аққала тұрғыздық.

г) Т. Елеусізовтың «Қыс» өлеңін жаттату: педагог оқиды, балалар бірнеше рет қайталайды.

ғ) Ребус шешу. Шешуі: шана.

д) «Қайсысы артық?» ойыны.

- Бұл жерде артық - доп. Қыста далада шаңғы, шана, коньки тебеміз, Ал доппен ойнай алмаймыз.



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады







Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар.

Мақсат- міндеттері: І.Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.

2.Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, қыс көрінісі туралы тақырыптық сурет, үлестірмелі суреттер.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Жұмбақ шешу.

Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп.

(Аяз)


ә) Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.

- Аяз жылдың қай мезгілінде болады?

- Қыс мезгілінде болады.

- Аяз қандай болады?

- Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.

- Аязды күні ойнауға бола ма?

- Болады. Суықтан қорықпау керек.

- Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

- Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.

- Хоккей ойнаймыз.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Педагогтің түсіндіруі.

- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шаңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз. (Есік тықылдатып, Аққала келеді).

- Бүгін, бізге аққала қонаққа келіпті.

Ауыл алды ақшақар,

Ақша қарда балалар.

Соғып жатыр аққала,

Жалқауы жоқ жұмысқа.

ә) Аққаламен қосылып, 1 - 2 жалпы дамыту жаттығуын орындату.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып жаттығу жасайық. (Аққаламен қосылып, сергіту жаттығуын орындау).

Қыздырайық денені,

Кел, балалар, кел бері.

Қыздырайық денені,

Орнымызда тұрып - ақ.

Жүгірейік бір уақ бір, екі, үш,

(Орындарында тұрып жүгіреді).

Бір, екі, үш! Екпіндей түс,

Аяқты алға созайың.

(Аяқтарын алға кезек - кезек көтереді).

Тік көтеріп қозғайық!

б) Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме не ертегі құрастыру. Аққала дорбасынан төмендегідей тірек сөздерді шығарады. Педагог сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін айтады. Тірек сөздер:

Ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді.

Тірек сұрақтар:

І.Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпі қандай ойындар ойнады?

2.Ақ қоян не істеді?

3. Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет?

4.Кірпі сыртқа не алып шықты?

Қыс түсті.Ақ қоян, сұр қасқыр, түлкі және кірпінің іштері пысты. Олар ойнамақ болды. Мұзайдында қоян конькимен мәнерлеп сырғанады. Сұр қасқыр шаңғы тепті. Түлкі хоккейге қажетті құралдарды алып шықты. Барлығы, хоккей ойнады. Кірпі қырдан (дөңнен) шанамен сырғанады.

в) Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдың суретін салады.

г) Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуі: шана.

Жұмбақта кездесетін қыр сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Қыр - биік жер, бұл жерде дөң деп те айтуға болады).


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

а) «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.

Тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала, т.б. су - реттерді іледі. Балалар суреттегі заттардың атын айтады, со - нан соң сол сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Мысалы: қызыл шана, жаңа шаңғы, жып - жылтыр коньки, аппақ аққала, т.б.

ә) Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.






Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Тәуелсіздік төрімде.

Мақсат- міндеттері: 1. 16 Желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.

2.Тәуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Құралдар: әліппе- дәптер, Отан, табиғат, Қазақстан Республикасының картасы, Тәуелсіздік ескерткішінің суреттері.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Қ. Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін немесе туған елге байланысты күйші композиторлардың бір күйін үнтаспадан қою. Күй әуенімен Отан туралы бір шумақ өлең оқу. Балалардың Отан туралы пікірлері тыңдалады.

ә) Бейнетаспадан қазаң елі, республикамыз туралы 2 - 3 минуттық фильм көрсету.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Қазақстан Республикасының картасын көрсету. - Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан - ғасыр Жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері ­бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Тәуелсіз - толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.

Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.

- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?

- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президен­ті - Н.Ә. Назарбаев.

- Тәуелсіз Қазақстанның елордасы қай қала?

- Астана қаласы.

- Алматы қандай қала?

- Алматы - әсем қала. Бұрын Алматы қаласы астанамыз болған.

- Дұрыс айтасыңдар. Қазір Алматы еліміздің Мәдени орталығы болып саналады. Алматы қаласының Республика Алаңында Қазақстан Тәуелсіздігі құрметіне арналған қар барысына мінген Алтын адамның биік ескерткіші және Тәуелсіздік монументі орнатылған. (Картадан Астана мен Алматы қалалары және суреттері көрсетіледі).

б) Педагогтің түсіндіруі.

- 16 Желтоқсан - еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтын, батыр, қаһарман ұл - қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

в) Қазақстан, егемен, тәуелсіз сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.

г) Ө. Ақылбекұлының «Қазақстан картасы» өлеңін жаттату:

• Педагог мәнерлеп оқиды.

• Сөздік жұмысын жүргізу. Құт дала - берекелі, бай дала.

Қараймын да тасынам - бұл жерде қуанамын, мақтанамын деген мағынада.

• Өлең жолдарын балаларға бірнеше рет қайталату.

• Бір - екі балаға жатқа оқыту.



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

а) Мақал - мәтелдердің мағынасын ашу.

- «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деген сөздің мағынасы мынадай: туған үйіңнен, қалаңнан, ауылыңнан немесе туған еліңнен алыста жүрсең, біраз уақыттан соң еліңді сағынасың. Өз еліңдегі әрбір күніңді сағынасың.

- «Халықтың ортақ үйі - Отаны» дегенді қалай түсінесің - дер? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

- Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің елімізде тұратын халықтардың ортақ үйі - Отаны - Қазақстан Республикасы.

ә) Сабақты Отан туралы ән тыңдаумен немесе балалардың орындауымен аяқтауға болады.






Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсат- міндеттері: І.Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат беру.

2. Сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Аязата, Ақшақар, аққала деген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырту арқылы сөздік қорларын молайту. Өлең сөздерін жатқа және мәнерлеп оқуға үйрету.

3. Сыйластыққа баулу.

Құралдар: әліппе- дәптер, жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер, ойыншықтар.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Шеңбер құрып, дөңгелене тұрып, балалар жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғандарын естеріне түсіріп әңгімелейді немесе жаңа жылдық бір ойыншықты қолдарына алып, мерекелік тілектер айтады.

Жұмбақ шешу: педагог жұмбақты жатқа оқиды, жаһан сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді. (Жаһан - әлем).

Шашуы көп, дәмі мол, тастамайды қабын ол. Жаһан кезіп баланың қуантпақшы бәрін ол.

- Шешуі: Аязата.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Пікір алмасу.

- Жаңа жыл мерекесі қашан болады?

- Жаңа жыл мерекесі басқа мерекелерден қалай ерекшеленеді? Несімен қызықты? (Балалардың пікірлерін тыңдау).

- Жаңа Жыл — әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі деңгейде және әртүрлі ғұрыпта тойлайды. Әр жылдың бірінші қаңтарының түні (31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түн) - Жаңа Жыл түні.

Жаңа жыл әр елде әр кезде мерекеленіп, әр халық өз салт - дәстүрімен қарсы алатындығы хақындағы деректерді көбіміз біле бермейміз. Мәселен, шығыс елдері, оның ішінде қазақ халқы да дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні, яғни 22 наурызда атап өтеді. Қай ел, қай халық болсын, жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алудағы бір - біріне ұқсамайтын өз дәстүрлері бар. Жалпы алғанда, әсем ойыншықтары жарқыраған жасыл шырша Жаңа жылдың ерекше белгісіне айналған. Жаңа жылдық тұңғыш шырша ертеде Герман провинциясы Эльзаста орнатылған, депті - мыс. Алғашқы кезде шыршаны қағаздан жасалған раушан гүл - дерімен безендірген екен. Кейіннен мәңгі жасыл шырша аға - шын безендіретін болған.

ө) С. Қалиұлының «Шырша» өлеңінен үзінді жаттау.

• Педагог өлеңді мәнерлеп оқиды.

• Безендіру сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Безендіру - әсемдеу).

• Өлең жолдарын балалармен бірге 2 - 3 рет қайталау. Өлеңді көңілді дауыс ырғағын келтіре отырып мәнерлеп сөздерін анық айту керек.

б) Тыныштық сәті (Музыка ойналып тұрады). Педагог:

- Көзімізді жұмып, Жаңа жыл мерекесін елестетейік. Міне, музыка залында шыршаны айнала дөңгелене тұрмыз. Ма­рат қоян, Алмас қасқыр, Айгүл көбелек болып киініп алыпты. Жасыл шырша әсем етіп безендірілген. Аязата мен Ақша - қар шырша жанында би билеп жүр... Көзімізді ашамыз. Көз алдарыңа не елестеттіңдер? (Әр бала не елестеткенін баяндайды).

в) Балалар дәптердегі шырша суретін бояп, безендіреді. Педагог балалардың әрекетін бақылап, қалай бояу керектігін көрсетіп жүреді.

г) «Сөз ойла, тез ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны. Балалар кезекпен з мен ш дыбыстары кездесетін сөздер айтып жарысады. Көп сөз айтқан топ немесе бала жеңімпаз атанады. Мысалы: аяз, шана, шырша, Аязата, Ақшақар, безендір, т.б.

3. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

а) Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру.

- Суретте кімдер бейнеленген?

- Бұл қандай мереке?

- Аязата мен Ақшақарға балалар қандай өнерлерін көрсе - тіп жатыр?

- Аязатаның дорбасында не бар?

- Ойыншықтар мен кәмпиттерді кімдерге береді?

- Ақшақар кім?

ә) «Сен білесің бе?» айдарын өткізу.

- Расында Жаңа жыл - көп ұлтты мереке, бірақ ол, әртүрлі елдерде өздігінше тойланады. Мәселен, жаңа жыл күні итальяндықтар бар құштарлығымен терезелерден ескі үтіктерді және орындықтарды лақтыра бастаса, Панама тұрғындары барынша қатты шулау үшін өз машиналарының сиреналарын қосады, ысқырып, бар дауыстарымен айғай салып шу көтереді. Жапония халқы қоңырауды 12 рет емес, 108 рет соғады. Италияда Жаңа жыл мейрамы 6 - қаңтар күні басталады. Ырымдарға сәйкес, бұл сиқырлы түні сыпырғышта мейірбан пері Бефан ұшып келетін көрінеді. Ол кішкентай алтын кілтімен есіктерді ашып, балалар ұйықтайтын бөлмеге кіріп, әдейі ілінген шұлықтарды сыйлықтармен толтырады. Ал жақсы оқымаған балаларға, Бефана күлдің шөкімін немесе ұсақ көмір тастап кетеді. Итальяндықтардың жаңа жылдық дастарқандарында міндетті түрде жаңғақ, жасымық және жүзімдер болуы тиіс, ол - ұзақ өмір, денсаулық және аманшылықтың нышанын білдіреді екен.

Біздің халқымыздың да жаңажылдық салт - дәстүрлері бар. Мерекені барынша көңілді қарсы алған дұрыс.



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Қорытынды

Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады







Каталог: uploads -> doc -> 0ce5
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ce5 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға А. Йассауидің өмір жолы мен хикметтерінің ерекшелігі туралы ұғындыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет