Күні: Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті



бет5/6
Дата27.12.2016
өлшемі0,98 Mb.
#5976
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Көктем. (Сурет бойынша әңгіме)

Мақсат- міндеттері: І.Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.

2.Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.

3.Құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, құстардың, көктем мезгілінің суреті, бүршік жарған бұтақ, үлестірмелі суреттер.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Педагог тақтаға көктем мезгілін бейнелеген бірнеше суреттерді іледі де, балалардан жылдың қай мезгілі екенін анықтатады. «Көктем екенін қалай білдіңдер?» деген сұрақ арқылы балаларға жауаптарын дәлелдету керек. Балаларға қойылатын жетекші сұрақтар:

1. Көктемде неше ай бар?

2. Қай айдан басталады?

3. Жерде, далада, ағаштарда қандай өзгерістер болады?

4. Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? (Ұзақ, қараторғай, су құстары).

ә) Педагог балалардың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап, толықтырады.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Педагог Т. Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқиды.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу. Шартылдайды - сартылдайды, тарсылдайды. Қып - қызыл отпен белгі - бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр.

Өпкен жел - бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.

б) Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.

в) «Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойыны. Шарты: себет - тегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол,гүлді сипаттайды. Мысалы: бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, т.б.

г) Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

а) «Өрік ағашы» әңгімесін оқу.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын қалай түсінгендерін сұрау.

ә) Балалардың оқу іс - әрекетінде алған білімдері пысықталады






Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Аналар мерекесі

Мақсат- міндеттері: Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке - аналар мерекесі туралы түсінік беру. Өлең, мақал - мәтелдердің мазмұнын ашу. Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқылы әртүрлі іс - әрекеттерде шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, аналар мерекесі туралы суреттер.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының ездерін қалай еркелететінін айтады. Мысалы: Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», - дейді.



2.Кіріспе бөлім.

Көктемде болатын мерекелер туралы әңгіме жүргізу.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

3. Негізгі бөлім.

а) Сурет бойынша жұмыс.

Дәптердегі аналар мерекесін бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі - халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.

ә) Дәптерге «Анама сыйлық» деген тақырыпта сурет салдыру.

б) F. Ормановтың «Жан анам» өлеңін жаттату.

в) «Кімнің дауысы, табайық!» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар диктофон немесе таспаға алдын ала жазылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, дауысынан танып айтады



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

Оқу іс - әрекетінің барысында ана туралы жаттаған өлең - тақпақтарын қайталау





Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар

Мақсат- міндеттері: І.Балаларға хайуанаттар багы туралы түсінік беру, жа­байы аңдар туралы білімдерін тиянақтау.

2.Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

а) Педагог хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып береді. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар - көк кит, ең ұзын жануар - керік туралы мәлімет беріледі.

ә) Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаларға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалар көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

а) Тыныштық сәтін өткізу.

- Біз бүгін бәріміз достарымызбен хайуанаттар бағына саяхатқа шығайық. Айналаға қараңдаршы. Не деген көп аңдар, сайраған құстардың үні қандай тамаша! Жануарларды қорғау керек. Олардың саны азайып бара жатыр.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Хайуанат - жан - жануарлардың жалпы атауы.

Хайуанаттар бағы - жан - жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.

б) Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Балалар педагогтің көмегімен торда түрган қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.

Қасқыр - ит тұқымдас жануар. Түсі сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.

Қоян - ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол - өте қорқақ аң. Қоянның баласын деп атайды.

Аю - ірі денелі, икемсіз жануар. Ол - жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды.

Сондай - ақ піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.

в) Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, аң аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.

г) Жұмбақтар шешу. Шешулері: қоян, піл.

ғ) «Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді.



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

а) Сұрақ - жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.

ә) Сабақ балалардың жануарлар туралы білетін өлең - тақпақтар айтуымен аяқталады.







Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Наурызға шашу, Наурыз мейрамы.

Мақсат- міндеттері: І.Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.

2.Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.

3. Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, наурыз мерекесіне арналған суреттер.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

1. Шаттық шеңберін құру.

Музыка ойнап тұрады. Педагог:

- Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап - жасыл. Күн шуағын төгіп түр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді.

Алма ағаштары аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Ересектер, балалар, ұлттық әдемі киімдерін киіп, мерекеге келе жа­тыр. Бәрі бір - біріне «Наурыз құтты болсын!» деген сөздер айтып, қуаныштарын білдіруде.



2. Кіріспе бөлім.

а) Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу. ә) «Татулық» сөзіне мағынасы жуық сөздер ойлап айту. Мысалы, татулық, ауызбіршілік, достық, сүйіспеншілік.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

3. Негізгі бөлім.

а) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме өткізу.

• Тал егіп жатқан балалар.

• Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар.

• Гүл егіп жатқан қыздар.

• Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Көшет - көшіріп егу мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер, шыбықтар, көкөніс екпелері.

Раушангүл - әдемі ашық түсті ал қызыл гүл.

б) Ә. Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату.

в) Салт - дәстүр туралы мәлімет беріледі.

Қазақ - қонақжай, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. «Ата салтың - халықтық қалпың» дегендей біз салт - дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата - ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген салт - дәстүрлер бар. Олар: шілдехана, тұсау кесу, ашамай, т.б.

г) «Сен білесің бе?» дидактикалық ойыны. Шарты: қоржын ішінен кереге, уық, шаңырақ, түндік деп жазылған парақтарды алып шығып, сол сөздердің мағынасын түсіндіру. Педагог кереге сөзін оқып, оның суретін тақтаға іліп қояды. Осыдан кейін балалардың жауаптары тыңдалады. Педагог толықтырып отырады.

Кереге - киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі, қаңқасы.

Уың - кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық, киіз үйдің сүйектерінің бірі.

Шаңырақ - киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.

Түндік - киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін, күн өткізбейтін төрт бұрышты шағын киіз.

ғ) Наурыз көже туралы түсінік беру. Дәптердегі сурет арқылы оның қалай жасалатынын әңгімелеу.



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

а) Дәптердегі мақалдың мағынасын түсіндіру.

ә) Сабақта алған білімдері сұрақ - жауап әдісі арқылы пысықталады.







Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі

Мақсат- міндеттері: Ертегі мазмұнымен таныстыру.

Ертегіні мазмұндай алуға үйрету.

Сөздік қорларын байыту

Құралдар: әліппе- дәптер, ертегі бойынша суреттер.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабаққа аударту

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Мұғалім балаларға «Алтын сақа» ертегісін оқып береді.

Ертегі мазмұның сұрайды.

Сурет бойынша сұрақтар қояды.


  • Ертегі не туралы?

  • Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

  • Олар қандай?

  • Алтын сақа деген не?




Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады







Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ынтымақ мерекесі

Мақсат- міндеттері: І.Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру.

2.Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, мерекеге арналған сюжетті суреттер


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

1. Шаттық шеңберін құру.

Дөңгелене тұрып, «Достығымыз жарасқан» әнін орындау. Бір - біріне мерекеге арналған тілектер тілейді.



2. Кіріспе бөлім

а) дәптердегі ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. Жұмыс сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру әдістері арқылы өтеді.

ә) Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

3. Негізгі бөлім

а) Сөздік жұмысын жүргізу. Ынтымақ - адамдар арасындағы бірлік. Мереке - салтанатты той, мейрам.

ә) Педагог Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтардың тұрмысы мен мәдениеті жайлы қысқаша түсіндіреді.

- 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақтың дарқан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», «Ырыс алды - ынтымақ» дейді халық даналығы.

б) Осыдан кейін С. Оспановтың достық туралы өлеңін дауыстап оқиды, мазмұнын түсіндіреді. Өлеңді балаларға бірнеше қайталаттырып жаттады

Біз - балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз - бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан!

С. Оспанов

б) ұлттар достығын бейнелейтін сурет салдыру.


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады







Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жеңіс мерекесі

Мақсат- міндеттері: 1. Жеңіс күні туралы түсінік беру.

2. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Отанын сүюге тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, Жеңіс, Отан қорғаушы, соғыс ардагері.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

1. Кіріспе әңгіме өткізу.

Педагог Жеңіс мерекесі жайлы түсіндіреді.

- Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегі - мен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні - түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді.


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

2. Негізгі бөлім.

а) Сөздік жұмысын жүргізу.

Отан қорғаушы - Отанды қауіп - қатерден сақтаушы.

Жеңіс - соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық.

Соғыс ардагері - соғысқа қатысқан ардақты, қадірлі адам.

Майдангер - соғысқа қатысқан адам.

ә) О. Асқардың «Менің атам - майдангер» өлеңін жаттату.

б) Бейнетаспадан Жеңіс шеруі түсірілген фильмнен үзінді (2 - 3 минут) көрсету. Балаларға Жеңіс шеруі жайлы әңгімелету.

Сұрақтар:

1. Жеңіс шеруіне кімдер қатысады?

2. Өздерің Жеңіс шеруін көрдіңдер ме?

3. Жеңіс мерекесіне арналған отшашу қай кезде болады?

в) Жеңіс мерекесіне арналған отшашудың суретін салдыру.


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады







Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз

Мақсат- міндеттері: І.Мектеп, мектепке қажетті құралдары туралы түсінік беру.

2.Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыландыру.

3.Білімпаз болуға тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, «Біз мектепке барамыз» атты сюжетті су­рет, оқу құралдары.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

1. Кіріспе әңгіме.

- Балалар, сендерге мектепке баратын уақыт та таяп қалды. Мектепке барғыларың келе ме?

- Мектепте оқитын балаларды кім деп атайды?

- Мектепке қажетті құралдарды атаңдар. Мына суретке ат қойыңдар. Балалар мектепке не үшін барады?

- Балалар қалай киінген? Қолдарында не ұстаған?

- Жылдың қай мезгілінде оқиды?

- Балаларды мектепте кім қарсы алады?


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

2. Негізгі бөлім.

а) Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырту.

ә) Оқу құралдарының жеке аттарын атату. Мысалы: оқулық, сызғыш, қалам, қарындаш, т.б. Бұлардың бәрін оқу құралдары деп атайды.

б) Сергіту сәтін өткізу. Орнымыздан тұрайық, (Аяқтың ұшымен тұру). Сағаттың жүрісін көрсетейік.

(Сағаттың жүрісін жасау: «тик - так, тик - так» деп, қолдарын сағаттың тіліндей айналдыру). Тыныс аламыз.

(Ауызбен дем алып, демді мұрын арқылы шығару).

в) Сабақ, үзіліс, қоңырау сөздерін қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастырту. Мысалы:

Сабақ басталды. Үзіліс болады. Қоңырау соғылады.

г) Жұмбақ шешу.

Қабат - қабат қаттама, ақылың болса аттама.

(Кітап)

р) Дәптердегі сызба бойынша сөйлем құрату, өрнектің мәнін тапқыздыру.



д) «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Педагог дауыстап оқиды, балалар қажетті ұйқас сөзді (қалам) тауып айтады.

ж) Жаңылтпашты жатқа айтқызу:

Айша жазу жазды, Қайша сызу сызды. Қайша жазу жаза ала ма? Айша сызу сыза ала ма?

• Педагог дауыстап оқиды.

• Балаларға бірнеше рет хормен және жеке - жеке қайталаттырады.


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

а) Кітап туралы мәтінді оқу.

Кітап


Кітап — ең жақын дос. Кітап жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың бір бетін ашқан сайын сөйлейді. Оның әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітапты оқығанда сен бүкіл дүниені ұмытып кетесің. Кітаптан естімегенді білесің, көрмегенді көресің, күлесің, жылайсың, қуанасың. Кітап - ақылшы, серік дос.

Кітапты оқып, біліп қана қоймай, басқаға да сол кітаптың жақсылығын үйрете білсең, шын достықты өтегенің. Кітап - адамзаттың асыл қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.

(«Балдырған» журналынан)

ә) Оқу іс - әрекеті сұрақ - жауап әдісі арқылы пысықталады.







Каталог: uploads -> doc -> 0ce5
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ce5 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға А. Йассауидің өмір жолы мен хикметтерінің ерекшелігі туралы ұғындыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет