Күні: Сыныбы: 5 «а» Тақырыбы: «Тәуелсізбін, Тәубе саған жарық күн!» Тәрбие сағатының мақсаты



Дата27.02.2020
өлшемі23,21 Kb.
#58717
Бекітемін: А.Ж.Жаметова

Күні:

Сыныбы: 5 «а»

Тақырыбы: «Тәуелсізбін, Тәубе саған жарық күн!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

а)Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Тақырып,әнұран,суреттер т.б.

Кіріспе бөлім:

Барысы:

(Мұғалім оқушылармен амандасып, бүгінгі тақырыппен таныстырады)

- Қайырлы күн,бейбіт елдің ұландары! Бүгінгі сабағымызда біз сіздермен «Тәуелсізбін, Тәубе саған жарық күн!» тақырыбын қозғамақшымыз! Сабағымыз не туралы, кімдер туралы өтпекші, қалай ойлайсыздар?

-Ендеше оқушылар, тәуелсіз елдің басты нышанының бірі не?



ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Барлығымыз ортаға шығып, қол ұстасып мына сөзді қайталайықшы:

Тәуелсізбін, Тәубе саған жарық күн!

(мағынасын ашады)

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. Жалпы, тәуелсіздік деген не? Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?



(Мұғалім оқушыларға сұрақ қою арқылы, оқушылардың атаулы күн туралы білімдерін біледі)

-Ал, енді, 1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн деп атаймыз, бұл күні не болып еді? Тарихқа үңіліп қарайықшы.

- Өте жақсы, балалар. Бұл күні еліміз өзінің тәуелсіздігін жариялады.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.
Мұғалім сөзі: -1986жылы 16желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар қандай мақсатта жиналды? Кім біледі?

«Тәуелсіздік керек»деген тілегімен жиналды. 1986 жылдың 16 желтоқсанында Республика орталық Комитетінің 5 пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда республиканы ширек ғасыр бойы басқарып келеген Дінмұхамет Ахмет ұлы Қонаевтың орнына Г.В.Колбин сайланды. Қазақ басшысын орнынан алып тастап, басқа ұлт азаматын қойғанына қарсы қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты. Қазақты қазақ басқарсын деді. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де Брежнев атындағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.

- Пленум шешіміне қарсымыз!

- Әр ұлтқа өз басшысы!

- Колбинді әкетсін,-деп талап етті.

Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады.Көптеген жастар түрмеге қамалды. Соның ішінде Қайрат Рысқұлбеков те бар болатын. Қайратты тергеуге әкеледі.



Көрініс:

Қайрат:

Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың

Балағаттайсың маған, бір түйінін түсінбедім.

Жазықты емеспін қайталай берем несіне,

Оқып көр міне, өлеңге түнде түсірдім.

Тергеуші:

Түкірдім мен жырларыңа

Ит не деген өткір едің

Ине сұқтым тырнағыңа

Өлердей ғып тепкіледім.

Алдап арбау тәсілімен

Мойындата алмадым.

Қайрат:

Мойындата алмайсың



Тергеуші:

Байқа, бұл бүлігі көп

Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.

Тіліңді безеп, өлең айт маған

десең,

Свицкийді өлтірдің алаңда сен.



Қайрат:

Бітер екен осы бір «Кеңес» қашан

Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан.

Сенбесеңіз құдай менен достар куә.



Тергеуші:

Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?

Бәрібір іске аспады амалдарың

Жарық дүниеге сені енді

қайтармаймыз

Паспорттарыңды атуға даярлаймыз.



Қайрат:

Күнадан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты құрбандық.

Атам десең атыңдар!
4-оқушы, Айкөркем: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсанында бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз

әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне

бас иеміз.

Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Келесі кезекті оқушыларымызға берейік.
1-оқушы, Аян: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.

Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.

Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.

Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның.


2-оқушы, Айзере: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Бұны ешкімге аяп ешкім бермеді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,

Тас көшеде тас -талқан боп өлгені.

Ақталды боздақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар.

Ел есінде мәңгілік сақталады.


3-оқушы, Мақсат: Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,

Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.

Сен менің арым, бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.


3-оқушы, Ажар: Тұрағым Қазақстан елді мекенім,

Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.

Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Туымды асқақтата желбіретем.




  • Келесі кезекте барлығымыз назарымызды тақтаға аударайық! Тақтада не көріп отырмыз? (суреттер ілінген)

  • ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев

  • ҚР мемлекеттік әнұраны

  • ҚР мемлекеттік Туы

  • ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы

  • Тәуелсіздік монументі

  • «Жер-ана» монументі

  • Қазақстан халқы бірлігінің монументі

Оқушылар электронды тақтаның көмегімен «Тәуелсіз ел» атты ойын ойнайды. 2 топ оқушылары сұрақтарға топ болып жауап беруге тырысады.



Сұрақтар:

1. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару қаламыз қай қала? Және осы қаланың туған күні қашан аталып өтіледі? (Астана, 6-шілде)

2. Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының біріне - Алматы қаласындағы қандай монументті жатқызы аламыз? Ол кімнің жобасымен жасалған? Тәуелсіздік монументі. Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалиханның

Ол 1986жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді.Бұл жер-1986жылғы Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң.



3. Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі - Ұлттық ақшасы. Біздің ұлттық валютамызды не деп атаймыз? Ол қашан қабылданды? 1993 жылы 15-қарашада

4. 16желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.



ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?

5. Тұңғыш президентіміз кім? Ол туралы не білеміз? Тұңғыш президент күні қашан тойланады? Н.Ә.Назарбаев, 1991 жылы 1- желтоқсанда сайланды.

6. Мемлекеттік рәміздерімізді ата, және рәміздер күні қашан? 4- маусым

7. ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы кім?

8. Мемлекеттік тіліміз қандай және ол қашан қабылданды? қазақ тілі, 1989 жылы 11 қыркүйекте“Тіл туралы” Заңда қабылданған
Қорытынды:

Оқушылар барлығы бірге:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн


Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Ендеше, балалар, бүгінгі тәуелсіз елімізде еркін өмірімізде бізге артылған міндет қандай? Біз не істеуіміз керек?

Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі-күн сайын емес, сағат сайын өсіп, Өмір — атты дауылды теңізде, Нұрсұлтан- атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзіп келеді. Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз ардақ тұтып,қадірлей білгеніміз абзал. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсізбін, Тәубе саған жарық күн!» атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Сау болыңыздар!



Каталог: uploads -> doc -> 0ae5
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ae5 -> Сабақтың тақырыбы Сын есім 483-487жаттығулар Сілтеме Жоспар 2-сынып


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет