«Күншуақ» орта тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы



Дата16.12.2016
өлшемі275,16 Kb.
#4030
«Күншуақ» орта тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 07. 09. 2015ж. Тәрбиеші: Шуканаева.Р.С.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: Менің жанұям.

Мақсаты: Баланың жанұя туралы ой- өрісін дамыту. Жанұядағы адамдарды сыйлап, үлкенге құрмет, кішіге ізет бола білуге тәрбиелеу. Жанұядағы адамдардың аттарын дұрыс айта білуге үйрету. Туыстарын сыйлауға , бауырмалдық туралы түсініктерін қалыптастыру.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

Шаттық шеңбері.

«Балалы үй-базар»

Н.Әлімқұлов.


Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау.

Біздің үйден ән тарап,

Дұмандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді.

Ұйымдастыру – іздену

1.Жанұя туралы түсінік беру. -Отбасы мүшелерін атау. ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі. 

2. Ой дамыту.

Сенің отбасың қандай? Отбасында неше адам бар?

Олар кімдер?

-Атаң мен әжең кім?

-Әкең қайда жұмыс істейді? -Анаң қайда жұмыс істейді? -Сен неше жастасың?

-Сенің ағаң,апаң барма?
3. Ой қозғау.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
4 Мақал – мәтелдер.

-Отанды сүю отбасынан басталады.
-Үлкен – бастар.

Кіші – қостар.

Атадан бала туар,

Атасының жолын қуар.

  


Ата – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер

5.Дид ойын: «Кім тапқыр?» Дегенімді жасайтын Қалған тамағымды асайтын Ертіп алып жетектеп «Немерем» – деп атайтын?

Балалар: Апай, бұл «Ата» – ғой

Ертегі айтып беретін Айтқаңына сенетін. Дегеніңді екі етпей Жаңында сенің жүретін.

Балалар: – Бұл «Әже» – ғой апай! Кіріңді сенің жуатын

Үйді шаштың и деп қуатын Тамағыңды дайындап

Жақсы көріп тұратын.

Балалар: – Апай бұл  біздің«анамыз» – ғой.
5.Тақпақ. «Біздің отбасымыз»

Балалар отбасы жайлы өз білгендерін айтады.

Сұрақтарға толық,анық жауап бере білу.
Сурет бойынша әңгіме

құрастыра

білу,өз ойын

толық жеткізе

алу.


Мақал сөздердің мағынасын түсіне білу.

Жасырылған жұмбақтарды өз ойыменг шеше білу.

Жұмбақ шеше білуге қызығушылық таныту.


Тақпақты жаттау.


Сөздік жұмыс:

Отбасы,шаңырақ,отбасы мүшелері, құрметтеу,сыйлау, тату т.б.

Тақпақ. «Біздің отбасымыз»

Әкем менің-қауыншы,

Анам менің-сауыншы.

Ағам менің-егінші,

Жеңгем менің-тігінші.

Атам болса ол –ұста.

Бәрі-бәрі жұмыста.

Отырмаймын мен босқа,

Кеттім менде бақшаға.

Рефлекстік түзету

Санамақ айту.

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел, санаайық екеуміз.

Бас бармағым –атам,

Балан үйрек- әжем,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – мен.

Бір үйде біз бесеуміз,

Тату тәтті екенбіз

Балаларды мадақтау.

Санамақты бірге айта отырып, жаттап алу.
Достарын бағалай білу.







Күтілетін нәтиже:
Білу: Отбасымен қарым – қатынасты, ата – ананың орнын, мейрімділікті білу керек.
Игеруі: Сурет бойынша әңгіме құратыруды үйренеді.
Меңгеруі: Отбасы мүшелерін сыйлау,құрметтеу керектігін түсінеді.


«Күншуақ» орта тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 08. 09. 2015ж. Тәрбиеші: Шуканаева.Р.С.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Күзгі табиғат.

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсінік беру. Табиғатта болатын өзгерістерді,

олардың жыл мезгілдерін сипаттайтын басты ерекшеліктерін түсіндіру.
Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру барысында, табиғат

құбылыстарының өзгеріп отыратынын түсінуге жағдай туғызу.

Танымдық қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік жасау.
Балаларды табиғатты сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

I. Шаттық шеңбері.

«Біз қандаймыз, қандаймыз»
II. Жан-жақты тексеру

Бүгін ауа райы қандай?


– Ол сендердің көңіл күйлеріңе әсер ете ме?
Дид ойын:


«Кім көп біледі?»

Сұрақтар
– Бір аптада неше күн бар?
– Қандай жыл мезгілін білесің?
– Қазір қай мезгіл?
– Қар қай кезде жауады?
– Құстар қай мезгілде жылы жаққа ұшып кетеді?
– Қай мезгілде шомылуға барамыз?


Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау.


Сабаққа қызығушылық таныту.

Қойған сұрақтарға өз ойымен толық жауап беру.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз.

Еш уайымды білмейміз.

Ұйымдастыру – іздену

1. Жаңа білімді қолдану

Ш. Ахметов : «Бұл қай кезде болады?»

Өлең не туралы айтылған?
2. Ой дамыту .

Суретпен жұмыс. – Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
– Күзде қандай жауын-шашын түседі?


-Ағаштар мен жапырақтар да не өзгерістер болады?
– Күз айларын ата. -Тұман деп нені айтады?
–Жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістерді байқадыңдар?


3. Жыл мезгілдерін салыстыру. -Әр мезгілдерге өз ойымен сипаттама беру.

Сабақты зейін қоя тыңдау.
Өлеңнің мағынасын түсініп , не жайында айтылғанын баяндай білу.
Күз мезгілі жайында сұрақтарға жауап беру.

Суретке сөйлем құрап, өз ойын толық жеткізе білу.

Жыл мезгілдерін айырып,, олардың өз ерекшеліктерін айту.

Күз Бұлттар төніп,
Жерге төгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай...
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?


Рефлекстік түзету

Қим ойын: «Жеміс пен көкөніс»

Балалар мен қазір талда өсетін жемістерді айтқанда қолдарыңды көтересіңдер, жерде өсетін көкөністерді айтқанда қолдарыңды төмен түсіресіңдер.

Балаларды мадақтау.



Ойынға қызығушылықпен қатысу.
Достарын бағалай білу.






Күтілетін нәтиже:

Білуі: Жыл мезгілдері туралы түсініктері болулары керек.

Күз мезгілі, оның ерекшеліктері, күз мезгіліндегі табиғат құбылыстары жайлы

білу керек

Игеру: Сұраққа жауап беру, суретке сөйлем құрау арқылы сабақ тақырыбын игереді.

.Меңгеру: Табиғат туралы түсіне отырып, оны қорғай білуге, аялауғды меңгереді.

«Күншуақ» орта тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 08. 09. 2015ж. Тәрбиеші: Шуканаева.Р.С.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Таңғажайып театр

Тақырыбы: Театр әлеміне саяхат

Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлерін жасау. Балалардың шығармашылығын дамыту. Әр затқа сипат-тама беруге үйрету.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

Шаттық шеңбері
Дид ойын: «Кім тапқыр?»

Жұмбақ жасыру.

Орманнан жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады

Кіп – кішкене арадан,

Үлкен болып қорқады.(аю)
Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы (түлкі)
Көзін жұмады,

Көзін ашады

Сыбысын білдірмей,

Ақырын басады (мысық)

Сұрақ – жауап

Бұларды бір сөзбен не дейміз?

Қандай ертегі кейіпкерлері?

Өлең жолдарын қимылмен көрсету.
Жұмбақ шешуге қызығушылық таныту.

Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу.

Кел балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік !


Ұйымдастыру – іздену

1.Ертегі туралы түсінік беру.

Қандай еретгілір білеміз?

Ертегіні не үшін тыңдаймыз, онан не үйренеміз?

Кейіпкерлер дегеніміз не?
2.Ертегі кейіпкерлерін жасау.

Жағымды жағымсыз кейіпкерелді ажырата білу.

Жасаған кейіпкерлерге сипаттама беру.
3.Саусақ театрының кейіпкерлері.

Театр кейіпкерлерін саусаққа кейіп әңгімелесу.

Сөз қорларын дамыту.

Ертегілер туралы өз ойларын айта білу.
Жұмыс жасауда шапшаңдық көрсету.
Жақсы, жаман, жағымсыз нәрселерді айыра білу.

Театр кейіпкерлерін саусаққа кейу арқылы өз ойларынан сөйлем құрастыра білу.




Рефлекстік түзету

Дид ойын: «Бұл қандай ертегі ?»

Балаларды мадақтау.

Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу.

Достарын бағалау.





Күтілетін нәтиже:

Білуі: Ертегі туралы түсініктері болуы керек.

Игеру: Сұраққа жауап беру, сөйлем құрау арқылы сабақ тақырыбын игереді.

Меңгеру: Ертегі туралы түсіне отырып, оны жасау жолдарын меңгереді.

«Күншуақ» орта тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 08. 09. 2015ж. Тәрбиеші: Шуканаева.Р.С.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Көкөністер. Қызанақ

Мақсаты: Балалардың көкөністер жайлы түсініктерін қайталау. Көкөністердің ерекшеліктері жайында түсінік беру. Ермексаздан көкөніс жасау қабілеттерін әрі қарай дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

Шаттық шеңбері.

Табиғат біздің анамыз

Өлең жолдарын қимылмен көрсету.



Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа панамыз

Иіліп сәлем береміз

Біз бақытты баламыз

Ұйымдастыру – іздену

1.Қызанақ туралы түсінік беру.

Сұрақ – жауап.

-Қызанақ неге жатады?

-Оның пішіні қандай?

-Түсі қандай?

Сөздік жұмыс жүргізу.
2.Жұмысқа қатысты материалдарды атау, көрсету.
Жұмыс жасаудың әдіс-тәсілін көрсету, түсіндіру.
3.Өз беттерінше жұмыс.

Қадағалау, көмек көрсету.



Тәрбиешіні тыңдау, қойылған сұрақтарға өткен сабақтан алған түсініктері бойынша жауап беру.

Жұмыс жасаудың әдістерін түсініп отыру.

Өз беттерінше жұмыс жасай білу.



Сөздік: Домалақ, қызыл.

Рефлекстік түзету

Дид ойын: «Біздің көрме»
Балаларды мадақтау.

Жасаған жұмыстарын тақтаға қою.

Өз ойларын айтып, достарын бағалау.







Күтілетін нәтиже:

Білу: Қызанақ туралы түсініктерді білу керек.

Игеру: Өз ойларын жеткізе білу дағдыларын игереді.

Меңгеру: Ермексазды жұмсарту, дөңгелектеу, тақтайшада илеу әдістерін меңгереді.

«Күншуақ» орта тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 09. 09. 2015ж. Тәрбиеші: Шуканаева Р. С.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика.

Тақырыбы: Математикалық ұғымдарды қайталау.

Мақсаты: Дидактикалық материалдармен жұмыс жасай отырып, балаларға математикалық ұғымдарды қайталату. Кеңістікті бағдарлай білу. геометриялық пішіндерді айыра білу дағдыларын дамыту және пішіндердің өзіндік қасиеттерін ескеруді үйрету.



Әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті.

Енгізу.

Дәлелді

ояту.

Шаттық шеңбері.

"Дос болайық,бәріміз"

Х.Талғаров.


Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз,

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Ұйымдастыру – іздену

1,.Қызығушылықты ояту.

- Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

- Атау.

-Айырмашылығы неде?
2. Мағынаны тану.

-Пішіндердің ортақ белгісін анықтау. (төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек)

Мысалы:

-Үшбұрыштардың түсі, пішіні бірдей.

-Ал, айырмашылығы неде?

-Көлемінде.
3.Сергіту сәті.

«Қырғауылдай тапқырмыз»
4. Қызықты ойын:

«Кім жылдам?» құрастыру жұмысын жүргізу. (үй, машина, т.б)

-Сұрақ – жауап.

-Не жасадың?

-Қандай бұрыш?

-Түсі қандай?
5. Дид ойын: «Сөз тіркестері»

Қарапайым салыстыру терминдерін мысал сөздер арқылы қалыптастыру, сөз қорын молайту.


Сабақты қызығушылықпен тыңдау.
Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу.
Білетін пішіндерін дұрыс атау.

Айырмашылығын айта білу.
Құрастыру жұмысын қызығушылықпен орындау.

Сұраққа жауап беру.


Сөз тіркестерін айта білу.

Өз ойынан сөз айта білу.


Сергіту сәті:

Қырғауыл бопұшамыз,

ұшамыз.(қанат жаю)

Түлкі болып қашамыз, қашамыз.(орнында жүгіру)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,(аяқтарын жоғары , марш түрінде)

Орнымызға қонамыз, қонамыз.

Мысалдар:

Сызғыш жолақшадан ұзын, жолақша сызығыштан қысқа.

Аружанның сөмкесі ауыр, Ерсайынның сөмкесі жеңіл.


Рефлекстік

түзету.

Дид ойын: «Ұзын, қысқа.»

Мақсаты: Мыс: Жіп ұзын дегенде қолды алға созу, жіп қысқа дегенде қолды жинау.

Сұрақ – жауап.

Балаларды мадақтау.

Ойынға белсене қатысу. Қызығушылық таныту.

Достарын бағалау.





Күтілетін нәтиже.
Білуі: Геометрияляқ пішіндер және олардың бір – бірінен айырмашылығы жайында түсініктері болу керек.

Игеруі: Ойын арқылы пішіндердің қасиетін игереді.

Меңгеруі: Геометрияляқ ұғымдарды, сөз арқылы айтуды, салыстыру терминдерін меңгереді.

«Күншуақ» орта тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 09. 09. 2015ж. Тәрбиеші: Шуканаева Р.С.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет

Тақырыбы: Күзгі бақ . Алма.

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы және күз мезгіліндегі егін жинау науханы жайында айта отырып, балаларға жемістер туралы түсінік беру. Алманың жеміс түріне жататынын, оның пішініне, түсіне назар аудара отырып, қаламды дұрыс ұстап, қағаз бетіне суретті ұқыпты сала білуге үйрету.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-

Әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

I. Шаттық шеңбері.

«Арайлап таң

атты»
1.1Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ жасыру.

(Алма)


Шеңберде тұрып қимылмен өлең жолдарын көрсету.
Жасырынған жұмбақты дұрыс шеше білу.

Арайлап таң атты,

Күн шуағын шашты.

Сәлем күн, сәлем жер

Сәлем достар

Бәріміз бірге болайық.
Жұмбақ

Сыртындағы азығы,

Ортасында бар қазығы.

(Алма)

Ұйымдастыру – іздену

1.Алма туралы түсінік беру.

Түсі, пішіні, қайда өсетіні т.б.

Сұрақ – жауап.

Сөздік жұмыс.

2. .Жұмысқа қатысты материалдарды атау, көрсету.

Жұмыс жасаудың әдіс-тәсілін түсіндіру.
Тазалық, ұқыптылық , қауіпсіздік туралы ескерту.
3. Өз беттерінше жұмыс. Қадағалау, көмек көрсету.

Тәрбиешіні тың-дап, өз ойларынан сұрақтар қоя білу. Берілген сұрақтарға жауап бере білу.
Түстерді дұрыс таңдай білу.

Өз беттерінше жұмыс жасау.

Қағазды таза ұқыпты ұстау.

Өз беттерінше жұмыс жасай білу.


Сөздік: Бақ, дән, дәрумен.

Рефлекстік түзету

«Біздің көрме» дид ойын арқылы балалардың жұмысын қортындылау.

Алма туралы тақпақпен сабақты аяқтау.

Балаларды мадақтау.

Достарын бағалай білу.

Алма.

Мен алмамын, алмамын,

Аузыңда қалар бар дәмім.



Күтілетін нәтиже:
Білу: Алма туралы, оның пайдасы, дәрумен ретінде қолданатынымыз жайлы білу керек.
Игеру: Жұмбақтың мағынасын және сөздік жұмыстарды дұрыс игеру арқылы өз қиялын дамыта біледі.
Меңгеру: Қыл қаламды дұрыс ұстап, түс таңдау әдістерін пайдалана отырып, ақ өқағаздың бетіне таза етіп, тақырып бойынша жұмыс жасау дағдылырын меңгереді.

«Күншуақ» орта тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 10. 09. 2015ж. Тәрбиеші: Шуканаева Р. С.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қызықты математика.

Тақырыбы: Цирктің әртістері

Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.

Әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті.

Енгізу.

Дәлелді

ояту.

Шаттық шеңбері.

«Сәлем дейміз бәріне»

Өлең жолдарын қимылмен көрсету.

Сәлем деймін достарға, Сәлем деймін құстарға, Сәлем деймін құрдасқа Сәлем деймін ұстазға.

Ұйымдас-тыру – іздену

1.Өткен сабақты пысықтау.

Дид ойын: «Балық аулау»
2. Салыстыру. Артық, кем, тең.ұғымдарын түсіндіру. Дидактикалық материал-дармен жұмыс. Көкөністер артық па, жемістер артық па?

Сергіту сәті.

3. Үлкен- кіші ұғымдары. Дид ойын: «Біздің үйдің жануарлары» Мысалы: Сиыр-бұзау, жылқы-құлын, қой-қозы, ешкі-лақ..

4. Бөлшектерден бүтін құрастыру.

Мыс: үшбұрыштардан басқа пішіндер құрастыру.

5.Ой қозғау жаттығулары. Логикалық есептер.


Өз ойларын айта білу.

Қойған сұрақтарға жауап беру.

Балықтардың айырмашылығын айта білу.

Үй жануарларын және оның төлдерін айыра білу.

Сергіту сәті.

Қырғауыл болып ұшамыз, ұшамыз. /Екі қолымен қанат жасап ұшады./ Түлкі болып қашамыз, қашамыз. /Бір орындарында жүгіреді./ Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп, /Аяақтарын жоғары-төмен көтеріп,марш түрінде/ Орнымызға қонамыз, қонамыз. /Бәрі орындарына отырады.



Логикалық есептер. 1.Қандай пішін жақсы домалайды? 2.Қандай геометриялық пішінде бәрі үшеуден? 3.Суға үш торғай қонды, бір торғай ұшып кетті суға неше торғай қонды? (суға торғай қона алмайды) 4.Әтеш қай кезде шақырады? 5.Таңертең неше көзімізді ашамыз?

Рефлекстік

түзету.

«Мен бастаймын, сен қайтала» дид ойыны арқылы сабақты аяқтау.

Қарапайым салыстыру терминдерін мысал сөздер арқылы қалыптастыру, сөздік қорын дамыту.

Балаларды мадақтау.

Ойында шапшаңдық көрсету.

Салыстыру терминдерін дұрыс айта білу.

Достарын бағалай білу.

Айгүлдің сөмкесі ауыр, Асқардың сөмкесі жеңіл.

Апай ұзын, Алишер қысқа.



Күтілетін нәтиже:
Білу: Салыстыру аз,кем, үлкен,кіші ұғымдарын білу керек.

Игеру: Дидактикалық материалдармен жұмыс жасай отырып, өз ойын жеткізе білуді игереді.

Меңгеру: Ойындар арқылы баланың қызығушылығы артып, бала заттарды ретімен қоя білу, ажырата білу дағдыларын меңгереді.

«Күншуақ» орта тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

технологиялық картасы.
Өтілетін күні: 10. 09. 2015ж. Тәрбиеші: Шуканаева Р.С.

Білім беру саласы: Әлеуметтік даму.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: Мен кіммін

Мақсаты: Өзін-өзі толық білуге және өзіне деген көз-қарасын бағалай

білуге үйрету, ой-өрісін дамыту.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-

Әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

Шаттық шеңбері

Мынау менің жүрегім.

Өлең жолдарын қимылмен көрсету

Мағынасын түсініп айту.

Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған

Мынау - басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау - менің оң қолым,

Мынау - менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

Ұйымдастыру – іздену

1.Әңгімелесу

Өзін-_өзі тану әлемімен әңгіме.

Сұрақ жауап

Мен кіммін?

Мен қандаймын?

Қандай болу керек?
2.3.Әңгімелеу.

Айна (ертегі)

Кірпі, қоян, керік орманнан не тауып алды?

Кішкентай достарымыз айнадан неге әр түрлі суреттерді көрді деп ойлайсыңдар?

Айнаға қарайық, онда кімді көріп тұрсыңдар?

Бір – біріңе қарап айырмашылықтарыңмен ұқсастықтарыңды айтыңдар
Ойын: «Мен қандаймын?»


Әңгімелесуде өз ойын толық жеткізе білу.


Қойылған сұрақтарға жауап беру.

Ертегіні зейін қоя отырып тыңдау.
Ертегі желісі бойынша қолйылған сұрақтарға жауап беру.
Ойынға қызығушылықпен қатысу.




Рефлекстік түзету

Мен де өсіп келемін.

Ә. Орманшина.
Балаларды мадақтау.

Өлеңді бірге айта орырып, жаттау.
Достарын бағалау.

Мен де өсіп келемін.

Желдей жүйткіп жылдармен,

Мен де өсіп келемін

Отанымды сүйемін

Қадірін онгың білемін

Керек болса көмегім

Қол ұшымды беремін,

Адал туған Отанға,

Ұлы болсам, деп едім.



Күтілетін нәтиже:
Білу: Балалар өздері туралы түсініктерді білу керек.
Игеру: Қандай адам болу керек, адамгершілік туралы құнды қасиеттерді игереді.
Меңгеру: Өлең жолдары арқылы Отанды сүйетін, адами қасиет иесі болуды меңгереді.

«Күншуақ» орта тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

технологиялық картасы.

Өтілетін күні: 10. 09. 2015ж. Тәрбиеші: Шуканаева Р. С.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру.

Тақырыбы: Қуыршаққа арналған кроват.

Мақсаты: Құрылыс материалдарын пайдалана отырып, ойыншықтың көлеміне сай кроват жасауды көрсету арқылы түсіндіру. Кроваттың бөліктерін дұрыс орналастыру және оларды ажыратып атай білуге үйрету. Баланың эстетикалық талғамын, ойлау қабілеттерін дамыту.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Енгізу

Дәлелді ояту

Шаттық шеңбері.

Е.Өтетілеуұлы.


Шеңберде бірге тұрып, өлең жолдарын қимылмен көрсету.



Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

Ертемен ақ пейілмен:

"Қайырлы таң!"-деймін мен.

Ұйымдастыру – іздену

1. Үй жиһаздары туралы қысқаша түсінік беру.

-Кроват деген не?

-Оны не үшін пайдаланамыз?

-Онда пішіндер пайдаланылған?
2. Ғажайып сәт.

Қонақа қуыршақ Сәуленің келуі.

-Амандасу.

-Балалардан көмек сұрау.

3.Ой қозғау

Пішіндермен құрас-тыру жұмысын жасаудың әдістерін түсіндіру.
Сөздік жұмыс жүргізу.
3. Өз беттерінше жұмыс жасау.

Қадағалау.


Қойылған сұрақтарға өз ойларымен толық жауап бере білу.

Пішіндер жайлы өз ойларын айта білу.

Сәулеге көмектесуге қызығушылық таныту.

Құрастыру жұмыстарына

белсенді қатысу.
Ұжыммен жұмыс жасай білу.



Сөздік:

Басы, аяғы, жалпақ, ұзынша, жұмсақ.

Рефлекстік түзету

Дид ойын: «Қандай пішіндер бар?»

Сәулені ұйықтату.

Балаларды мадақтау.

Өз ойларын ашық айта білу.
Достарын бағалау.





Күтілетін нәтиже:
Білу: Үй жиһаздары және кроват туралы түсіне білу керек.
Игеру: Кроватта қодлданылатын пішіндерді дұрыс білу арқылы құрастыру жұмыстарын игереді.
Меңгеру: Кроваттың не үшін керек екенін меңгереді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет