«Күншуақ» тобы Тәрбиешілер: А. А. Тайжахметова



Дата29.01.2018
өлшемі44,34 Kb.
#36161
«Айгөлек» балалар бақшасы

Тақырыбы: « Қазақстан Республикасының Ел басы күні»

(Ертеңгілік)



«Күншуақ» тобы

Тәрбиешілер: А.А. Тайжахметова.

А.О. Дюсебаева.

2014ж

Армысыздар құрметті ата-аналармен ұстаздар.

Сіздерді келе жатқан Қазақстан Республикасының Ел басы күнімен құттықтаймыз.

Ел басы күніне арналған ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Мемлекеттік Әнұран.

«Бала тілі бал дегендей» бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тамашалаңыздар.



Сейіл: Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім –әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.



Ернар: Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-теп-

Елдің ашық қабағы.



Олжас: Отанымның төрінде,

Сарарқаның өрінде.

Ту ұстаған астанам,

Әсем қалам, бас қалам.



Арнур: Отан –жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан –ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді!



Би: «Морячка»

Аманжол: Төле би

Уа, халқым, сөз қадірін білсің

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшы болмаса, ел жетім.



Айзере: Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын,

Елім айтқан жер көтерер елдаңқын,

Президентім аман болғай ел басы,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.



Әділхан: «Мен қазақтын ұлымын

Мен қазақтың, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер».

Елдос: Азат елдің Тәуелсіз азаматы!

Сенің келді мінберде сөз алатын.

Аттан барыс бейнелі болашаққа,

Барша Әлемге шығарушы қазақ атын!



Айша: Азат елдің Тәуелсіз азаматы!

Сенің келді мінберде сөз алатын.

Аттан барыс бейнелі болашаққа,

Барша Әлемге шығарушы қазақ аттан!



Би: «Вальс»

Абылай: Мен оның түнін суйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жыным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

Адия: Міне осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.



Нурали: Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.



Алинур: Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім –әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.



Ән: «Отан» Сейіл

Би: «Қолшатыр»

Арман: Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан –ана,

Отан –үлкен

Қазақстан – туған ел!

Архат: Отанды

Жас, кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Ералы: Ақ ниеті- алтын күн,

Асқар арман – қыраны.

Жалауы бұл – халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.



Еркебұлан: Ай да біреу аспанды,

Күн де біреу аспанда.

Тұратұғын елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек.



Бақдаулет: Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада – аспан әлемі.

Құт, береке –шаңырақ,

Орын алған ол төрден.



Би. «Қыздар»

Ән: «Ойыншықтар»

Би: «Азияда»

Ән: «Төлдер» Күншуақ тобы

Би: «Жігіттер»

Ән: «Санамақ»

Би: «Құртақандар»

Хор: Көктудын желбірегені.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет