Кожанова Гүлмира Жақсылыққызы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінің



Дата25.08.2017
өлшемі329,31 Kb.
#26460
Кожанова Гүлмира Жақсылыққызы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,

І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
«Қилы тағдырлар » тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы (4сағат)

Топтаманың мақсаты: Топтаманың мақсаты: ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы қазақ ақын-жазушылар шығармаларындағы сабақтастықты, қилы тағдырлардың көркем әдебиетте шебер көрініс табуын зерделей білуге үйрету.

Міндеттері:

1. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы қазақ ақын-жазушылар: Қадыр Мырза Әлі, Сайын Мұратбеков, Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, ақын-жазушылар шығармаларының мазмұнын, тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту;

2. Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс істей білуге, адал дос бола білуге, қайырымды, мейірімді бола білуге тәрбиелеу;

3. Оқушыларды өз бетінше талдау жасап, шешім шығара білуге машықтандыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты

Күтілетін нәтижелер

Модульдердің кіріктірілуі

Әдіс-тәсілдер

Ресурстар

Бағалау

1-сабақ

Қадыр Мырза Әлі

«Кәрі қыран» өлеңі


А) ақын өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, өлеңнің мазмұны мен көркемдік ерекшелігін меңгерту;

Ә) қыран бойындағы мәрттік қасиеттен үлгі алуға, топта бір-бірімен мәдениетті қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

Б) оқушының өз бетінше салыстыра білу, өзіндік пікірін қорғай білу, тұжырым жасай білу машығын дамыту.


Ақын өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерінен түсініктеме беруді, өлең мазмұны мен көркемдік ерекшелігін талдауды, қыран бойындағы қасиеттерді өмірмен байланыстыра салыстыруды, өзіндік пікірлерін қорғауды, дауласуды орындай алады.

АКТ, СТО, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау, талантты, дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, деңгейлік тапсырмалар.

Интерактивтік тақта, презинтация, оқулық, постер,бейнефильм, саз әуені.

Бағалау критериін құру.

Ауызша бағалау

Бақылау арқылы бағалау

Галереяға саяхат

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау

Үш шапалақ





2-сабақ

Сайын Мұратбеков

«Жусан иісі» әңгімесі


А) жазушы өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, әңгіменің мазмұнын, тақырыбы мен иеясын меңгерту;

Ә) Бейбіт өмірдің парқын бағалай білуге, мейірімділікке ізгі достық қарым-қатынасқа, білімнің адам өміріндегі маңызына мән бере білуге тәрбиелеу;

Б) Оқушыларды өз бетінше талдау жасап, шешім шығара білуге машықтандыру, шығармашылық қабілетін дамыту.


Жазушы өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерінен түсініктеме беруді, әңгіме мазмұны, тақырыбы мен идеясын талдауды орындай алады; адам өміріндегі бейбітшіліктің, достық қарым-қатынастың, білімнің маңызын ұғынады; өзіндік талдау жұмысын орындап,шешім шығара білуге, ойларын шығармашылық жұмыс түрінде жеткізе алады.

АКТ, СТО, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау, талантты, дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық. оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, кубизм әдісі.

Интерактивтік тақта,постер, презинтация, оқулық, бейнефильм, саз әуені.

Үш шапалақ сұрақ қою арқылы бағалау

Ауызша бағалау

Бақылау арқылы бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек

Галереяға саяхат

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау




3-сабақ

Әңгімедегі басты кейіпкер-Аян


А) Әңгімедегі Аян бейнесіне образдық талдау жасату, жазушының Аян бейнесін берудегі шеберлігін таныту;

Ә) Оқушыларды қайырымды, адал бола білуге тәрбиелеу, топ ішінде ынтымақтаса жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Б) Оқушылардың өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, танымын кеңейту, шығармашылығын ұштау.


Шығарма кейіпкеріне өз бетінше талдау жасай алады, шығарманың көркем тіліне талдау жасап, көркемдік ерекшелігін таниды; Оқушылар Аян бойындағы достыққа адал қасиетінен үлгі ала алады, ынтымақтаса жұмыс істей алады; кейіпкерді қазіргі балалармен салыстыра отырып, өзіндік пікір,көзқарастары қалыптасады, танымы кеңейеді.

АКТ, СТО, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау, талантты, дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, деңгейлік тапсырмалар, ротация әдісі.

Интерактивтік тақта, постер,презентация, оқулық, бейнефильм, саз әуені.

Формативт Бағалау критериін құру.

Ауызша бағалау

Бақылау арқылы бағалау

Галереяға саяхат

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау

Үш шапалақ




4-сабақ

Оралхан Бөкей «Тортай мінген ақ боз ат»


А) жазушы өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, әңгіменің мазмұнын, тақырыбы мен иеясын меңгерту;

Ә) Ата-ананың қадірін бағалай білуге, адамдар арасындағы қарым-қатынаста шынайы бола білуге, арманыңды жүзеге асыра білуге , бауырмал бола білуге тәрбиелеу.

Б) Оқушыларды өз бетінше талдау жасап, шешім шығара білуге машықтандыру, шығармашылық қабілетін дамыту.


Жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұндаудың тірек сызбасын жасай алады, әңгіменің тақырыбы мен идеясын өз беттерінше аша алады; әңгіме мазмұны арқылы бірін-бірі қадірлеуді, шынайы қарым-қатынас жасауды, бауырмал болуды үйренеді, ата-ананың қадір-қасиетін түсінеді; әңгімедегі оқиғаны өмірмен байланыстыра салыстыруды, өзіндік пікірлерін қорғауды, дауласуды орындай алады.

АКТ, СТО, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау, талантты, дарынды балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, деңгейлік тапсырмалар, блум таксаномиясы.

Интерактивтік тақта, постер,презинтация, оқулық, бейнефильм, саз әуені.

Формативті Бағалау критериін құру.

Ауызша бағалау

Бақылау арқылы бағалау

Галереяға саяхат

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау

Үш шапалақ




« Қилы тағдырлар » тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы

1- сабақ



ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7 «А»

ТАҚЫРЫП

Қадыр Мырза Әлі «Кәрі қыран» өлеңі



МАҚСАТЫ


А) ақын өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, өлеңнің мазмұны мен көркемдік ерекшелігін меңгерту;

Ә) қыран бойындағы мәрттік қасиеттен үлгі алуға, топта бір-бірімен мәдениетті қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

Б) оқушының өз бетінше салыстыра білу, өзіндік пікірін қорғай білу, тұжырым жасай білу машығын дамыту.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР


ОҚУШЫ

-Ақын өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерінен түсініктеме бере алады;

-Өлең мазмұны мен көркемдік ерекшелігін талдау жасай алады;

-Қыран бойындағы қасиеттерді өмірмен байланыстыра салыстырады;

- Өзіндік пікірлерін қорғауды, дауласуды орындай алады;




САБАҚТЫҢ

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушы лықты ояту


1. Оқушыларды түстер бойынша топқа бөлінуін ұйымдастырады.

2.Бағалау критериін құруға жұмылдырады.



Білу:

3. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін тыңдату.

-Оқушылар, бұл әнді бұрын естідіңдер ме?

-Ал осы әннің сөзін жазған қай ақын?

-Қадыр Мырза Әлі туралы не білесіңдер?

4. Қыран бүркіт туралы бейнебаянды көрсету.

- Оқушылар, бейнебаянда қай құс көрсетілді?

-Ол құс туралы не білесіңдер?

5. Сабақтың тақырыбы Қадыр Мырза Әлінің «Қыран бүркіт» өлеңі екені хабарланады.


1. Оқушылар өздері қалаған түстері бойынша топтарға бөлінеді.

2. Бағалау критериіне өз ұсыныстарын енгізеді.

3. Оқушылар «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Ассосация құрады.

4. Қыран бүркіт туралы бейнебаянды тамашалайды, сұрақтарға жауап береді.

5. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен танысады.





Бағалау критериін құру.

Ауызша бағалау

Формативті


Түрлі – түсті парақшалар.

Интерактивтік тақта

Деректі фильм



ІІ.Мағынаны ажырату

ІІІ.Ой-толғаныс


Түсіну:

1. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқулықтағы мәліметпен жұмыс жасауды тапсырады.



Қолдану:

2. «Кәрі қыран» өлеңін топтарға бөліп беріп, тапсырмаларымен таныстырады.



Талдау:

3. «Талдау-табыс кілті»

Интерактивтік тақтадан аллегорияның ережесін көрсетіп, өлең тіліне талдау жасау тапсырмасымен таныстырады, көпіршелер таратады.

Жинақтау:

1. Оқушыларға көпіршелерді таратып, тапсырманы түсіндіреді.



Рефлексия:

Оқушыларға тапсырманы түсіндіреді, бағыттайды.

Оқушыларға сұрақ қоя отырып, бағыт береді.

«Көк тудың желбірегені» әнін қосады.




1. Оқушылар «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқулықтағы мәліметпен танысып, жеке, жұпта, топта талдап, семантикалық кестені толтырады.

«V» бұны мен бұрын нан білемін

«+»

Мен үшін жаңа ақпарат



«?» маған бұл түсініксіз

«-»

Басқаша ойлай тынмын















Оқушылар бөліп берілген өлең шумақтарымен танысып, жеке, жұптың, топтың ішінде мазмұнын талдайды, бөлімге ат қояды, семантикалық кестені толтырады.

І топ 1-3-шумақ

ІІ топ 4-6-шумақ

ІІІ топ 7-9-шумақ

ІҮ топ 10-11-шумақ



Бөлім нің аты

шумағы

мазмұны

Қыран ның іс-әрекеті, ойы













І,ІІІ топ оқушылары өлең тіліне талдау жасайды:

Көркемдік тәсілдер

мысалы







ІІ, ІҮ топ оқушылары өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашып, кестеге түсіреді:

Өлеңнің тақырыбы

Өлеңнің идеясы







І, ІІ топ оқушылары өлең жолындағы астарлы ойды аша отырып, өлең түйініне ассосация құрады.

ІІІ, ІҮ топ оқушылары ақын туралы жазылған даналық ойды жалғастырады.

Оқушылар қыран бүркіт шешіміне қазіргі өмірмен байланыстыра отырып өз пікірлерін білдіреді.

қолдаймын

қолдамаймын







Қыранды қазақ елі қалай бағалайтындығы жөнінде ойларын айтады.

«Көк тудың желбірегені» әнін тыңдайды.



І деңгей

ІІІ деңгей

ІІ деңгей тапсырмалары көпірше тапсырмалары

Көпірше тапсырмалары

І деңгей тапсырмалары

І деңгей тапсырмалары



Бақылау арқылы бағалау

Галереяға саяхат

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау

Үш шапалақ


Семантикалық карта

Парақша, стикерлер

Оқулық



ІV. Үй тапсырмасы

«Кәрі қыран» өлеңінен үзінді жаттауға тапсырады.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.







« Қилы тағдырлар » тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы

2- сабақ



ПӘН

әдебиет

КЛАСС

7 «А»

ТАҚЫРЫП

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі



МАҚСАТЫ


А) жазушы өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, әңгіменің мазмұнын, тақырыбы мен иеясын меңгерту;

Ә) Бейбіт өмірдің парқын бағалай білуге, мейірімділікке ізгі достық қарым-қатынасқа, білімнің адам өміріндегі маңызына мән бере білуге тәрбиелеу;

Б) Оқушыларды өз бетінше талдау жасап, шешім шығара білуге машықтандыру, шығармашылық қабілетін дамыту.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР


ОҚУШЫ

-Жазушы өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерінен түсініктеме бере алады;

-Әңгіме мазмұны, тақырыбы мен идеясын талдауды орындай алады;

-Адам өміріндегі бейбітшіліктің, достық қарым-қатынастың, білімнің маңызын ұғынады;

-Өзіндік талдау жұмысын оындап,шешім шығара алады;

-Ойларын шығармашылық жұмыс түрінде жеткізе алады.





САБАҚТЫҢ

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушы лықты ояту


1. Оқушылардың молекула әдісі бойынша топқа бөлінуін ұйымдастырады.

2.Бағалау критериін құруға жұмылдырады.



Білу:

1. Үй тапсырмасын сұрау:

Үнтаспадан «Кәрі қыран» өлеңінен үзінді тыңдатады, жалғасын тапқызып, айтқызады.

2. Үй тапсырмасын пысықтау, актуальдау:

Оқушыларға сұрақ қояды:

- Кәрі қыран өлеңінде не айтылған?

-Қыран тағдыры адам тағдырына ұқсас па?

-Ал енді бүгінгі сабағымызда Аян деген баланың тағдыры туралы жазылған С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесімен танысамыз.




Оқушылар молекула әдісі бойынша топқа бөлінеді.

Оқушылар бағалау критериін құруға қатысады.

Оқушылар өлең үзіндісін тыңдап, жалғасын табады.

Оқушылар сұраққа жауап береді, ассосация құрады.





Үш шапалақ

сұрақ қою арқылы бағалау



Саз әуені

Үнтаспа


Постер, маркер

ІІ.Мағынаны ажырату


Түсіну:

Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды таратады, бағыт сілтейді.



Қолдану:

Мұғалім әр оқушыға «Жусан иісі» хикаятынан үзінді бөліп береді, тапсырманы түсіндіреді.



Талдау:

«Кубизм» әдісі бойынша тапсырмаларды беріп, бағыт сілтейді



І топ оқушылары хронологиялық кесте толтырады.

ІІ, ІІІ, ІҮ топ оқушылары семантикалық кестені толтырады.

ІІ топ:

аудармалары

Тұңғыш әңгімелері







ІІІ топ:

Прозалық кітаптары

сценарийлері







ІҮ топ

жылы

марапаттары







Оқушылар бөлінген үзіндіні оқып, жоспар құрып, семантикалық кесте толтырады, жұп болып пікірлесіп, топ ішінде тыңдайды, презентация қорғайды.

бөлімі

тақырыпшалары







І топ 331- 332-бет (333-бет 1-2 абзац)

ІІ топ 333-334-бет (336- бет 1-абзац)

ІІІ топ 335-336-бет (337-бет ортасына дейін)

ІҮ топ 337-338-бет

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, шығармадағы оқиғаларға салыстыру жасап, өмірмен байланыстырады, талдау жасап, ойларын жинақтайды, дәлелдейді.

1. Суреттеңіз :

-Хикаяттағы оқиғада қай кезеңді суреттеген, баяндаған?



2.Салыстырыңыз:

-Аянның тағдырын хикаяттағы басқа балалар тағдырымен салыстырыңыз.



3.Байланыстырыңыз:

-Хикаяттағы оқиғаны, соғысты қазіргі өмірмен байланыстырыңыз.



4. Талдаңыз:

-Не үшін Есікбайдың көңілі түсті? Неге басы ауырды?

-Әңгіме неге «Жусан иісі» деп аталған?

-Аян ертегіні қандай мақсатпен айтады?

-Әңгіме қандай тақырыпта жазылған? Айтпақ ойы (идеясы) не?

-«Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді...» деген ойын қалай түсінесің?



Жинақтаңыз:

Соғыс туралы деректі фильмнен үзінді көріп, сұраққа жауап береді.



5. Қолданыңыз:

«Қу соғыстың бесіктен белім шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау»,-деген автордың ойынан сен не түйдің?


ІІІ деңгей

ІІ деңгей

І деңгей


І деңгей

І деңгей


Бақылау арқылы бағалау

Үш шапалақ арқылы бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек

Ауызша мадақтау



Семантикалық кесте

Интерактивтік тақта

Интерактивтік тақта

Деректі фильм



ІІІ.Ой-толғаныс



6. Дәлелдеңіз:

«Соғысты адамдар өздері жасайды» деген тақырыпта әңгімедегі оқиғаны қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, өз пікіріңдң жаз.

І деңгей

Үш шапалақ

Постер, маркер

ІV. Үй тапсырмасы

«Жусан иісі » әңгімесін оқу, кейіпкерлер іс-әрекетін тауып, астын сызу (карандашпен).

Оқушылар тақырыпты күнделікке жазып алады.








« Қилы тағдырлар » тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы

3- сабақ



ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7

ТАҚЫРЫП

Әңгімедегі басты кейіпкер - Аян



МАҚСАТЫ


А) Әңгімедегі Аян бейнесіне образдық талдау жасату, жазушының Аян бейнесін берудегі шеберлігін таныту;

Ә) Оқушыларды қайырымды, адал бола білуге тәрбиелеу, топ ішінде ынтымақтаса жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Б) Оқушылардың өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру, танымын кеңейту, шығармашылығын ұштау.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР


ОҚУШЫ

-Шығарма кейіпкеріне өз бетінше талдау жасай алады;

- Шығарманың көркем тіліне талдау жасап, көркемдік ерекшелігін таниды;

- Аян бойындағы достыққа адал қасиетінен үлгі ала алады;

-Ынтымақтаса жұмыс істей алады;

-Кейіпкерді қазіргі балалармен салыстыра отырып, өзіндік пікір,көзқарастары қалыптасады, танымы кеңейеді.






САБАҚТЫҢ

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушы лықты ояту


1. Тренинг «Ақ тілектер бұрқасыны»

Оқушылар өзінен кейінгі үшінші адамға жазатынын ескертеді.

2. Сынып оқушыларын тілек жазылған қағаздың түсіне қарай топтастыру, 3 топқа бөлу.

3. Бағалау критериін құру.



Оқушылар тілектерін жазып, бір-біріне лақтырады, оқиды.

Оқушылар қолдарына түскен қағаздың түсіне қарай топтарға бөлінеді.

Бағалау критериіне ұсыныстарын енгізеді.








Стикерлер, қаламдар.

Алты қалпақ

Интерактивтік тақта немесе постер, маркер


ІІ.Мағынаны ажырату


1. «Алты қалпақ» әдісі бойынша тапсырмаларды бөліп береді, бағыт сілтейді.

2. Әр топқа қалпақтардың орындаған тапсырмаларын бөліп беріп, презентация дайындауға уақыт береді.

3. Әр топтың презентациясын қорғауын тыңдайды.


«Ақ қалпақ»

-әңгімедегі Аянның тағдырына байланысты деректерді келтіреді.

«Сары қалпақ»

-Аянның өміріндегі сәтті кезеңдерді айтады.

«Қара қалпақ»

-Аянның өміріндегі сәтсіз кезеңдерді айтады.

«Көк қалпақ»

- Аян не себепті жетім қалды?

-Не үшін балалар Аянмен достасуға тырысты?

-Есікбаймен Аян неге байланысты жанжалдасты?

«Жасыл қалпақ»

- Аян қазір біздің ортамызда болса… деген ойға болжам жасайды.

«Қызыл қалпақ» Аян өміріне байланысты басынан кешірген сезімдерін тұжырымдайды.

І топ «Ақ қалпақ» пен «Көк қалпақтың»,

ІІ топ «Сары қалпақ» пен «Жасыл қалпақтың»,

ІІІ топ «Қара қалпақ» пен «Қызыл қалпақтың» тапсырмалары бойынша презентация дайындайды.

Әр топ өз презентациясын қорғайды.


Деңгейлік тапсырмалар

ІІІ деңгей

ІІ деңгей

І деңгей


Бақылау үшін бағалау

Үш шапалақ




Қалпақтар, түрлі-түсті парақшалар

ІІІ.Ой-толғаныс


1. Алтынбек Қоразбаевтың «Бозторғай» әнін тыңдатып, Аян мен қазіргі жетім балаларды салыстыру тапсырмасын береді.

2. «Үш түрлі күнделік» әдісі бойынша әр топқа толтыруға күнделік-постерлер таратады, түсініктеме береді.



Алтынбек Қоразбаевтың «Бозторғай» әнін тыңдап, Аян мен қазіргі жетім балаларды салыстырып, венн диаграммасын толтырады.

Оқушылар постерде берілген күнделікті сол жақтан бастап толтырады, нәтижесін жұпта, топта талқылайды.



Мәтіннен ерекше ой салған дәйексөз бен көркемсөз айшықта ры

Жеке түсінік беру: осы дәйексөз ді жазуға не мәжбүр етті? Қандай ой туды? Осыған байланысты қандай сұрақ туды?

«Мұғалімге хат»-сұрақтар














Үш шапалақ

Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау

Кері байланыс


Бейнебаян

Постер, маркер

Постер, маркер


ІV. Үй тапсырмасы

Оралхан Бөкей шығармашылығымен танысу.

Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.








« Қилы тағдырлар » тақырыбы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасы

4- сабақ



ПӘН

Қазақ әдебиеті

КЛАСС

7 «А»

ТАҚЫРЫП

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі



МАҚСАТЫ


А) Жазушы өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, әңгіменің мазмұны, тақырыбы мен идеясын меңгерту;

Ә) Адамгершілікке, адал дос бола білуге, білімнің адам өміріндегі алар орнын бағалай білуге тәрбиелеу;

Б) Оқушының өз бетінше салыстыра білу, өзіндік пікірін қорғай білу дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР


ОҚУШЫ

-Жазушы өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұндаудың тірек сызбасын жасай алады;

-Әңгіме мазмұнына талдау жасай алады;

- Әңгіме тақырыбы мен идеясын аша алады;

-Әңгімедегі айтылған достық қарым-қатынасты өмірмен байланыстыра салыстырады;

- Өзіндік пікірлерін қорғауды, дауласуды орындай алады;





САБАҚТЫҢ

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

САРАЛАУ (ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ)

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

І.Қызығушы лықты ояту


1. Оқушыларды қиылған парақшаларды құрастыру арқылы топқа бөлінуін ұйымдастырады.

2.Бағалау критериін құруға жұмылдырады.



Білу:

3. Әр топқа өз қолдарындағы мақал-мәтелдерін оқытып, тақырыбын айқындатады.

4. Бүгінгі сабақтың тақырыбы достық туралы жазылған Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі екені хабарланады.


1. Оқушылар қолдарына алған парақшаларындағы сөздермен мақал-мәтел құрастырып, сол бойынша топтарға бөлінеді.

2. Бағалау критериіне өз ұсыныстарын енгізеді.

3. Оқушылар мақал-мәтелдердің достық тақырыбында екенін ашады.

Достық тақырыбына ассосация құрады.

4 . Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазады.





Бағалау критериін құру.

Ауызша бағалау

Формативті


Түрлі – түсті парақшалар.

Интерактивтік тақта

Оралхан Бөкей портреті, презентация



ІІ.Мағынаны ажырату

ІІІ.Ой-толғаныс


Түсіну:

1.Оқулықтағы мәліметпен жұмыс жасай отырып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы тірек сызба құруға тапсырады.



Қолдану:

2. «Ротация» әдісі бойынша жұмыс жасауға тапсырмаларды бөліп береді.



Талдау:

3. «Талдау-табыс кілті»

Семантикалық картаны толтыруға береді.

жасау тапсырмасымен таныстырады, көпіршелер таратады.



Жинақтау:

1. Оқушыларға тапсырманы түсіндіреді.



Рефлексия:

Оқушыларға тапсырманы түсіндіреді, бағыттайды.

Оқушыларға сұрақ қоя отырып, бағыт береді.

«Көк тудың желбірегені» әнін қосады.




1. Оқушылар оқулықтағы мәліметпен танысып, тірек сызба құрастырады.

Әр топ өзіне берілген тақырыпшаға әңгіме бойынша білгендерін, пікірлерін жазады, постерлерді топтарға сағат тілімен айналдырып шығады, ең соңында әр топ өз постерлерін қорғайды.

І топ :

Әңгіме кейіпкерлері



ІІ топ

Адал достық

ІІІ топ

Тортайдың арманы

ІҮ топ

Білімге деген құштарлық

Оқушылар өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашып, семантикалық картаға түсіреді:

Оқи ға желі сі

тақырыбы

идея сы

кейіпкерлері

өз пікірі
















1. «Менің досым» тақырыбында шағын ойтолғау жазу;

2.

3.

Оқушылар қыран бүркіт шешіміне қазіргі өмірмен байланыстыра отырып өз пікірлерін білдіреді.



қолдаймын

қолдамаймын







Қыранды қазақ елі қалай бағалайтындығы жөнінде ойларын айтады.

«Көк тудың желбірегені» әнін тыңдайды.





Бақылау арқылы бағалау

Үш шапалақ

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау

Үш шапалақ


Семантикалық карта

Постер, маркерлер

Оқулық



ІV. Үй тапсырмасы

«Кәрі қыран» өлеңінен үзінді жаттауға тапсырады.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.







Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет