«Көкпар» білім сайысы



Дата16.02.2018
өлшемі43,65 Kb.
#37707
«Көкпар» білім сайысы.

Мақсаты:


Оқушылардың білім сапасын арттыра отырып,ой-өрісін дамыту.Өтілген матриалды пысықтай отырып,әдет-ғұрып,салт-дәстүрге байланысты білімдерін кеңейту.Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы,»Көкпар» ойыны туралы тереңірек мәлімет бере отырып,оның мәнін ұғындыру,оқушылыр арасына кеңірек насиаттау.

Көрнекілігі; суреттер,щарлар.

1.Құрметті ұстаздар,оқушылар қауымы!

Сіздер 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілетін «Көкпар»сайысын көріп тамашалайсыздар!Кең даланы мекен халқымыздың дәстүрлі ойынның бірі -Көкпар,»Көкпар тарту»,»Көк бөрі тарту».

Бұл ойынға атқа шабатын,білегінің қарымы мығым,астында жаратқан аты бар ауыл адамдардың барлығы қатысады.Ойында жеңімпаз атанатын,әрине,күштілердің күштісі,жүйріктердің жүйрігі.

Қазақтың ұлттық көкпар ойынында ортаға ешкі тасталады.Оны қай топтың жігіттері өз жағына бұрын апарса сол топ жеңімпаз атанады.Бұл өте тартысты әсерлі ат үстінде өтетін,ердің ері шыдайтын,алмағайып қызықты ойын,қазіргі таңда қарымтап алға ьасқан шақта көкпарда білек күшімен қоса,білім деңгейі де сыналады.

Білімділер мен білімдерін додасын аман шығады.Ендеше,ұлттық ойынның негізіне құралған білім көкпарында қызықты сайыс тілейміз!

«Көкпар» білім сайысының шарттары.

1 кезең.Командалардың құттықтауы,аты.

2 кезең. «Жалғасын тап»ойыны.

3 кезең 2топқа тақырып беріледі.Сол тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтылады.

4.»Кім шапшаң» ойыны Жаңылтпашты қай топ мүдірмей ,тез айта алады.

5.Мәтінге байланысты қай топ көп мақал айтады.

6.Сұрақтарға жауап беру.

7.Құпия хаттарға жауап беру.

8.Логикалық ойын.

9.Поэзия минуты.Топтан екі оқушы мәнерлеп жатқа өлең оқиды,дауыс ырғағы,сахнада өзін ұстауы есепке алынады.

Бүгінгі сайысымыздың өзіндей бір ерекшелігі-біз әдеттегідей әділ-қазы сайлаймыз,оның орнына әр топтың жинаған ұпайларын қоржынға салып отырамыз.Қай топ көп ұпай жинайды,сол топ жеңімпаз болады.

1.Бұл бәйге жүйрік ойдың шапшаңдықтың бәйгісі .Олай болса,құрметті көрермендер ,кім жүйрік ойға сол алда –дей отырып сайысты бастаймыз.

Ортаға «Жас қыран « тобының мүшелерімен «Алғырлар» тобының мүшелерін шақырамыз.

Топтардың құттықтауы.

1-топ «Жас қыран» тобы.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Сенбінің сәті,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағымыз.

Кілең бстік болсын.

2-«Алғырлар « тобы.

Ал,келіңдер,келіңдер.

Бір-біріңе еріңдер.

Бәйгеге қатысып көріңдер.

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер табыспай,

Тәлім-тәрбие табар ма
2-кезең.»Жалғасын тап» деп аталады.

Шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын,келксі жолын топ жалғастырады.

«Жас қыран» тобына!

1.Өз үйім .... (өлең төсегім).

Оқу білім бұлағы ... (білім өмір шырағы).

Жақсыдан үйрен .... (жаманнан жирен).

«Алғырлар « тобына .

1.Отан … (оттанда ыстық).

2.(Оқу ....(инемен құдық қазғандай ).

3. Туған жердей жер болмас ...(туған елдей ел болмас).

3 кезең. 2- топқа тақырып беріледі,сол тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтылады?

1.»Жас қыран « тобына Дос туралы .

2 .»Алғырлар» тобына еңбек туралы мақал-мәтелдер айту керек,қай топ айтады? (Ойлануға 1 минут уақыт беріледі).

4 кезең .Мәтінге байланысты қай топ көп мақал айтады?

Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алыңыздар,сосын мәтіннің мазмұнына байланысты мақал айту,яғни тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.

Алты түлкі .

Ертеде алты түлкі дос болыпты.Біреуінің құйрығы шолақ екен.Құйрығы ұзын бес түлкі.»Сенің құйрығың « жоқ деп келеке қылып,куле беріпті.Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес т.үлкінің де құйрығың шолақ қылып қылып ,бес түлкіге айтыпты .

« Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп,қарағайға байлап қойып,өзі бір талдың басына шығып,түлкілерге:

«Мына жақта бүркіттер келе жатыр « дейді де,өзі қаша жөнеледі.Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтанһрын үзіп бірдей бәрі шолақ болып қалады,содан кейін ,болғаннан кейін ешкім мазақ етіп,күлмейтін болыпты.

1.Күлме досқа ,келер басқа.

2.Дос жылатып айтады,Дұшпан күлдіріп айтады.

5. кезең .»Кім шапшаң?» ойыны.

Жаңылтпашты жай топ мүдірмей қайталады және тез айта алады?

«Жас қыран» тобына :

Екеуінің жасы шамалас,

Бірінің шамы қара шаш,

Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

«Алқырлыр «тобына

Жаңылтпаш жатта,

Жаңылмай жатта,

Жатқа жатта,

Жаттамай жатпа.

6-кезең:Сұрақтарға жауап беру.Сұрақ –жауап .

1. Жас қыран тобына:


1.Қазақша ай аттарын ата? (Қаңтар;ақпан,наурыз;сәуір,мамыр,маусым,шілде,тамыз,қыркүйек,қазан,қараша,желтоқсан.).

2.»Халық қорғаны» әңгімесі кім туралы?

3.Қазақстан Республикасы президенті кім?

7-кезең .Құпия хаттарға жауап беру.(оқушыларой-пікірін тыңдау).

8 кезең. Логикалық ойын.

1.Менің әкемнің әкесі ,маған қандай туыс ?

2.Менің анамның анасы? (нағашы апа ).

1.Ол екеуміздің аналарымыз бірге туған,біз қандай туыспыз?( бөле).

2.Менің анамның бауыры маған қандай туыс?( нағашы аға).

9.кезең.Поэзия минуты.(Екі топтан екі оқушы мәнерлеп ;тақпақ айтады.

Міне,біздің бүгінгі «Көкпар атты білім сайысымыз да өз мәресіне жетті,сайыс болған жерде ,әрине ,жеңіс болады,жеңіліс болады,ендеше ,бүгінгі сайысымызда жеңімпаз тобын анықтау қажет.

Білім пен тапқырлықтың жарасында,



Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, дей келе ,сайыстың қортынды әр топтың жинаған ұпай санын шығарғанша кезекті жанкүйерлер сайысына берейік.Екі топ үшін кім қандай өнер көрсетеді екен?
Осымен бүгінгі сайысымызда өз мәресіне жетті,білімізді таразылап сайысқа түсіп,өз білімдеріңді көрсеттіңде!Еліміздің болашағы сендерсіңдер!
Каталог: uploads -> doc -> 1360
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1360 -> Сабақтың тақырыбы: Суық күндер
1360 -> Сабақтың мақсаты-міндеттері: Оқытушылық
1360 -> «Өрлеу» баұо ақ филиалы Қр ббжқбари деңгейлік бағдарламалар орталығы Қосымша 1 «мен және менің коучингім»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет