Көкшетау 2006 ббк 88,3я 73 /5к/ к 76



бет1/15
Дата31.01.2018
өлшемі2,82 Mb.
#36321
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.

Ш.Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Психология және педагогика кафедрасы.

 

 



 

 

 



Кошанова М. Т., Сулейменова З.Е.

Психология

Студенттердің МАБ /ПГК/ дайындалуына арналған әдістемелік нұсқама.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Көкшетау 2006

ББК 88,3я 73 /5к/

К 76-


УДК 371.260/5к/

Құрастырғандар:

Аға оқытушылар: Кошанова М.Т., Сулейменова З.Е.

 

 



Психология.

МАБ /ПГК/ дайындалуға арналған әдістемелік нұсқама.

Ш.Ш.Уалиханов атындағы КМУ, 2006.

пән бойынша минимальды бағдарламаға сәйкес құрылған

“Психология” педагогикалық мамандықтарға / гуманитарлық/ бағытталған топтар үшін /030500 – 032200/.

 

 



 

Бұл оқулыққа лекция мазмұнына қысқаша шолу, глоссари, тест тапсырмалары және оның жауабы /кілті/, ұсынылған әдебиеттер тізімі кіріктірілген.

 

“Психология” оқу құралы Ш.Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мелекеттік университетінің психология кафедрасының әдістемелік отырысында талқыланып, пайдалануға ұсынылған.



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ө Кошанова М.Т., Сулейменова З.Е.

 

 



 

 

 



 

 

 



ТҮСІНІК ХАТ.

 

Оқулықтың мақсаты:



  • “Жалпы психология ” пәні бойынша Мемлекеттік аралық бақылауға дайындау.

  • Студенттердің тест тапсырмаларының жауабын шешкенде, қажетті нақты білім көздерін , берік /фундаментальды/ түсініктерін логикалық ой қорытындысында шығармашылықпен пайдалануды қамтамасыз ету.

  • Пән бойынша студенттердің түп деректермен, оқулықтармен, анықтама беруші оқулықтармен дербес танымдық жұмыс жүргізу біліктерін дамыту.

  • Студенттердің МАБ жедел дайындалуы үшін тұрақты мотивацияларын тудыру.

Бұл оқулыққа лекция мазмұнына қысқаша шолу, глоссари, тест тапсырмалары және оның жауабы /кілті/, ұсынылған әдебиеттер тізімі кіріктірілген.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тақырып 1. Психологияға / жан тану/ кіріспе.

1.1. Психология пәні, міндеттері, мақсаттары.

Психолгия- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.

Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдалды. Жан туралы осындай амнистик пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филипины) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені оның ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері “локаль” деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрлысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі-бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон /б.з.д. 427 – 347/ керісінше “жан мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі- шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920ж.ж.) Лейпцигте тұңғыш лаборотория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психология даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален , Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негзін жасауда, оны материалисік тұрғыдан түсіндіруге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтың (1829-1905ж.ж.) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың (1849-1936ж.ж.) жоғарғы жүйке қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.



Психология /жан/ туралы іліми, білімдерінің Қазақстандағы даму жолдары: Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан-қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді, Махамбет т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалды. Мәселен, ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483ж.ж.) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі “Шипагерлік баянда”көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т.б.) туралы қызықты мағұлматтар бар. Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүкіл тіршіліктің басқарушысы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарынбасқаруда мидың атқаратын ролін де жоққа шығармайды. Жан құбылыстары туралы ғылыми мәні зор, тың пікірлерді кейінгі заманда ғұмыр кешкен Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан т.б. шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады. Қазақ топырағында жан мәселелері жайлы ХХ-ғасырдың басында өндірте жазған адамдардың бірі- Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931ж.ж.). Ол бас аяғы 5-6 жылдың ішінде осы салада 6 кітап жазды. Олар: “Тәрбие жетекші” (1924.), “Психология” (1926), “Жан жүйесі және өнер таңдау” (1926), “Комплкеспен оқыту жолдары” (1929), мектеп оқушыларына арналған оқу кітабы, “Жаңа ауыл” (1929-30), “Сауатсыздықты қалай жою керек?”. Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе, Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында( Алматы мемлекеттік университеті) тұңғыш рет психология кафедрасы ашылды, 1947 жылы қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл-село мектептерінің әлеуметтік психологиялық мәселелері, мал шаруашылғына қажетті мамандардың, сондай-ақ жаңа типтегі лицей, гимназия, колледж, медресе шәкірттерін оқытып, тәрбиелеудің психологиялық проблеммалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психологиясын, қос тілдік пен көптілдіктің психологиялық астарларын зерттеу, нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жәйттер алдағы жерде өз шешімін күтіп тұрған өміршең ғылыми мәселелер болып табылады.

Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мәселен, “Тән ауырса, жан ауырады”, “Тәні саудың жаны сау”, “Тән өледі, демек жан да өледі”, “Жан бар жерде қаза бар”, “Жан кеудеге қонақ” т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан қазақ ұғымында жан-жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат беретін рух.. Мәселен, С. Торайғыров (1893-1920ж.ж.) жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыста болады. (“Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетіп, дүниенің сырын табар”), адамның тәні өсумен қатар жаны да (ақыл-ой, сана-сезім) бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде, адам өлгеннен кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ ... жек көру жоқ, махаббат жоқ... Өмір жоқ, яғни, бір сөзбен айтқанда тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деп тамаша материалистік қорытынды жасайды. Осы іспеттес пікірді Шәкәрім Құдайбердиев те (1858-1931ж.ж.) айтқан болатын (“Жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр”).



Жан қуаттарын топтастыру.

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, психикалық қасиеттер деп аталынады.



Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) тұрақты компонеттері. Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген.

Психикалық қасиеттер бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешелік, мамандық ерекшеліктері де бір сыдырғы орын алады.

Психикалық процестер сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.

Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып ескен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, көлде әлсін-әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді.

Бір кезде қабылданған заттар санамыздан мүлде жойылып кетпейді, оларды кейін керек кезінде түрліше елестетуге болады. Мысалы, студент үйіне хат жазып отырып, үйіндегілердің бет-пішініндегі нәрселерді көз алдына елестете алады.Мұндай жағдайда оның басында елес процестері пайда болады. Оған нәрселер мен заттардың образы қасында тұрғандай көрінбей, жай елестеп отырады. Студент сабаққа дайындалады. Кейін мұғалім сабақ сұрағанда студент оқығанын есіне түсіріп, айтып береді, қажетті нәрселерді есіне жинайды да, қажетсіз, қызықсыз жерлерін ұмытады.Бұл жерде ес процестері әңгіме болып отыр. Бұрын қабылдаған нәрселерді қайтадан өңдеп, образ жасауда көрінетін психикалық процесс қиял деп аталады. Алдымызда тұрған мәселені шешу, заттардың себеп-салдар байланыстарын көрсету, болмысты жалпылай және жанама түрде тану - ойлау процесінің арқасында болып отыр. Сөйлеумен тығыз байланысты ойлау адам танымының ең жоғарғы түрі. Біз айналадағы нәрселерге талғаусыз қарамаймыз. Ісіміз оңға басса, көңіліміз толып, оған қатты қуанамыз, жаман нәрсені көрсек ренжиміз, әділетсіз іске ашу білдіреміз. Қуаныш, қайғы, ұнату, ұнатпау, уайым, масаттану, достық, жолдастық, адалдық, шыншылдық, т.б. адамның сан алуан сезімдері мен эмоцияларын бейнелейтін атаулар. Қандай болмасын, бір әрекет жасау үшін оның жоспарын ойланамыз да алда тұрған кедергілр мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз, көзден мақсатқа жету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Мұнда адамның мақсат, тілек, қалау, тоқтам, ерік, жігер, қажыр-қайрат процестері көрінеді. Жан қуаттарының ішінен зейін ерекше орын алады. Зейін санамыздың барлық жақтарының (қабылдау, елес, ойлау, қиял т.б.) белгілі объектіге бағытталып, шоғырлануы. Зейін жан қуаттарының қай-қайсына болса да дәнекер болады, оны күшейте де, әлсірете де алады, ерік процесі де онсыз пәрменсіз болады. Психикалық процестердің осы түрлері бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Бұлар адамның даралығын көрсететін психикалық қасиеттерімен (қабілет, мінез, темперамент, қиял, т. б. ) , кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттерімен де (нышандар) орайлас көрініп отырады. Бұлардың әрқайсысының көрінуі нақтылы жағдайлардың әсерінен түрлі мәнге ие болып, адам санасын әр қырынан көрсетіп жатады және бұлар бір-бірімен тығыз байланысты болады.

 

 



 

Психологияның міндеттері:



* психикалық құбылыстарын сапалы оқыту.

    • психиалық құбылыстардың дамуы және олардың қалыптасуына анализ .

* психологиялық білімді адамның іс-әрекетіне және практикаға

насихаттауға байланысты жоспарлау жұмыстарына демеушілік

жасау.

Казіргі психологияның негізгі методологиялық принциптері:

1.Детерменизм принципі бойынша әр түрлі психикалық құбылыс өмір салты,қоршаған

орта әсерлеріне орай пайда болады,тіршілік жағдайының ауысуымен психика да

өзгеріске келеді.Детерменизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері

қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні,,яғни адамның психикалық

дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі,қоғамдық қатынастарға араласуы

маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі коцепцияға негіз болады.

психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми

қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен .Детерминизм –психикалық

құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды.

/Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде

қарыстырылмаған еді.50-жылдары С.Л.Рубинштейн бұл принцип рөліне баса мән беріп

оның әдіснамалық маңызы барын тұжырымдап ,алға тартты.Ғалым детерминизм

принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін

қолданып,психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзар байланысты

қарастырады.

2.Даму принципі. Даму идеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала,кеін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналады.Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады.Барша заңдылықтар ,соның ішінде психикалық та,даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады /С.Л.Рубинштейн/.

Психология ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие,себебі оның зерттейтін объектісі психика-өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады.Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады,жасайды және өзгереді/Б.Ф.Ломов/.



3.Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Бұл принцип психология ғылымының өзекті категориялары.Аталған принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды.Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейін .Ғалым”Іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес.Олар табиғи біртұтас;теңдік емес,бірлік”-деп жазған.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт береді.Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын ,психиканы-ішкі құбылыс ,ал әрекетті –сыртқы деп түсіндіретін.Ал сана мен әрекет бірлігі принципінен келетін болсақ,шынында да,психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды.Осылайша ,әрекет те тек тысқы көріністермен танылып қалмай ,өзіне тән ішкі мазмұнға да ие,бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды.Сана мен әрекет бірлігінің мәні:тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей,сол әрекет процесінде қалыптасады.

Адамның ішкі де,сыртқы да әлемнің бастауы мен барша мазмұны осы іс-әрекетте.Осындай пайымдаудан ,сана мен психика әрекеттің ішкі сипатын құрап,ал әрекеттің сырттан бақылауға келетін әртүрлі қылық формасында көріну қасиеті сол психиканың мазмұн сипаты ретінде қарастырылуы әбден ықтимал/Л.С.Рубинштейн/.

Демек,психика ішкі де,сыртқы да сипаттамаларына ие біртұтас жүе,ал іс-әрекет болса,осы психикалық жүйені өзіне қамтып,оның қызмет атқаруына мүмкіндік береді.

 

 

 



1.2.Психология тарихының негізгі даму кезеңдері.

Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты.Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар ,жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты.

ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді.

Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады

.

1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

.

2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.

Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.

3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.

1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі ,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу п.әні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы

“байланыс”( ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды.Психологиялық зерттеулердің мақсаты –ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.

4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін ,заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.

Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне ,білім деңгейіне ,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және ,ең бастысы ,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың ,құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне ,мүддесіне ,сезіміне , дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті.Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады.

Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор.Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.

Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп ,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.

Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология (2.3 бөлімнен қараңыз ).


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет