Көкшетау қаласы білім бөлімі «№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Астанаға саяхат



бет1/3
Дата24.05.2017
өлшемі0,78 Mb.
#16794
  1   2   3


Көкшетау қаласы білім бөлімі

«№17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Астанаға саяхат

4- сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Даирова Анар Айдарбековна

2016-2017 оқу жылы

4 - сынып Қазақ тілі мұғалімі: Даирова А.А.

Пән: қазақ тілі



Сабақтың тақырыбы: Астанаға саяхат.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Елорданың әсем ғимараттарымен танысу. Елорда туралы білімдерін кеңейту.Мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Дамытушылық:Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік:еліміздің көрікті жерлеріне деген қызығушылықтарын арттыру,бір-біріне көмек беруге, топта жұмыс жасауға баулу.

Күтілетін  нәтиже:Астана қаласы және әсем ғимараттары туралы әңгімелей алады.

Сөздерді біледі, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап айта алады.



Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, слайдтар, бейне фильм, сандық, суреттер, үлестірмелі карточкалар, тест тапсырмалары, маркер, постер,стикерлер,бағалау парағы.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, оқу, аудару, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс, талдау, постер қорғау, тест орындау.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару.



1.Психологиялық дайындық:

(Оқушылар шеңберде тұрып,бір-біріне жақсы тілектер тілейді)

-Балалар, қабақ түйген не керек?

Бір–бірімізге күлімдеп,

Жақсы сөздер айтайық.

-Кел, қасыма тұр сыныптас,

Өз алақаныңды маған аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сабағымыз сәтті өтсін.

2. Балалар, бір-бірлерімізге сұрақ қойып,жауап берейік.

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Күз айлары қандай?

- Күзде ауа райы қандай?

- Сен қайРеспубликадатұрасың?

- Қазақстанқандаймемлекет?

- Қазақстанныңжеріқандай?

- ҚазақстанныңЕлбасыкім?

- Қазақстанның қандай рәміздері бар?

- Қазақстанныңелордасықайқала?

- Сен қай қалада тұрасың?
3. Топқа бөлу: Бәйтерек, Пирамида, Ақ Орда сурет парақшалары бойынша үш топқа бөлінеді.Бағалау парағын таратып таныстыру. Әр топ топбасшысын сайлап алады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Үйге қандай тапсырма берілді?

Мақал-мәтелдерді жатқа тексеру.

Үш топқа мақал-мәтелдерді тақырыптар бойынша бөліп тексеру.(Отбасы, Еңбек, Отан)

Балалар өткен сабақта біз сендермен қандай тақырыптар өттік?
ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың мақсатын айту.

Балалар, сендерге саяхатқа шығу ұнай ма? ...

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен, мақсатымен танысайық. Сабағымыздың тақырыбы «Астанаға саяхат» Елордамызға саяхатқа шығамыз.Астана қаласының әсем ғимараттарымен танысып,білімдеріңді кеңейтесіңдер. Сабағымыз саяхат болғандықтан бірнеше аялдамаға тоқтаймыз.Әр аялдамада ауызша, жазбаша түрлі тапсырмалар орындайсыңдар.

- Ал енді балалар, саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болу керек? ....

- Карта.

- Дұрыс, ендеше мен сендергесаяхаткартасынтаратыпберейін.

Саяхаткартасы. 1. «Астана» 2. «Бәйтерек» 3. «Пирамида» 4. «Ақ Орда» 5.«Думан»

- Балалар, бір-біріңежұмысалдында не тілейсіңдер?(Топтарбір-бірінесәттіліктілейді)

І -аялдама. «Астана»

1) Бейне фильм көреміз.

Балалар, бейне фильмде не көрдіңдер?

Астана қаламыз қандай? Көшелері қандай? Астана қаласында нелер бар? Балалар, есімізге түсірейікші. Қазақ тарихында неше астана болды? Оларды атап шығайық. (Орынбор қаласы, Қызылорда қаласы, Алматы қаласы,Ақмола қаласы)Астана Қазақстанның нешінші астанасы болды?Астана қаласының бұрынғы атауы қалай аталды? Ақмола атауы Астана болып қай жылы өзгертілді?

2) Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен танысамыз.Алдымен жаңа сөздерді тыңдайды.Содан кейін тізбектеп оқиды және сөз тіркесін және сөйлемдер құрайды, грамматикалық тапсырма орындайды.

Көрікті – красивый

Ғимарат – здание

Салынды – был построен

Сәулетші – архитектор

Ғажайыпчудесный,прекрасный

Келісім согласие

Сарай – дворец

1-топ. Сөз тіркесін құрастырыңдар.

2-топ. Сөздерден сөйлемдер құрастырыңдар.

3-топ. Ғажайып сөзін буын түріне ажырат.

ІІ -аялдама. «Бәйтерек»

Тапсырма. Мәтінмен жұмыс тапсырмасын ұсынып отыр.

1-топ. Мәтіндегі 1-ші абзацты оқып аудару.

2-топ. Мәтіндегі 2-ші абзацты оқып аудару

3-топ. Мәтін бойынша сөйлемдерге сұрақ құрастыру.

Астана – көрікті қала. Бұл ғимарат «Астана Бәйтерек» монументі деп аталады. «Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынды. Сәулетшісі -Норман Фостер. Бәйтеректің биіктігі -97 метр.

«Астана – Бәйтерек» монументі – биік және әдемі ғимарат. Бәйтерек - Астананың символы.

Астанада ғажайып ғимарат бар. Ол Пирамидаға ұқсайды.Бұл ғимарт «Бейбітшілік және келісім сарайы» деп аталады. Ол 2006 жылы салынды. Оның биіктігі 62 метр. Сәулетшісі-Норман Фостер.

«Бейбітшілік және келісім сарайы» – биік және әдемі ғимарат.
ІІІ -аялдама. «Пирамида»

Тапсырма. Пирамида қызыметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше балалар тапсырмаға көшейік. Тапсырманы тақтада орындаймыз.

1-топ.Фонетикалық талдау жасау. ғимарат

2-топ. Тәуелдік формада жіктеу. Бәйтерек

3-топ. Жіктік формада жіктеу. сәулетші
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
ІV -аялдама. «Ақ Орда»

Тапсырма. «Ақ Орда» бізге сандық сыйға тартып отыр.Бұл-жай сандық емес, сиқырлы сандық.Ал енді осы сандықтың тапсырмасын орындап келесі ғимаратқа жетейік.

Постерменжұмыс

1-топ.Бәйтеректі салып қорғайсыңдар

2-топ. Пирамиданы салып қорғайсыңдар

3-топ. Адасқан сөздерден сөйлем құрастыру арқылы мазайка құрастырасыңдар.

Астанада «Думан» ойын - сауық орталығы бар. Ол 2003 жылы ашылды. «Думанда» үлкен мұхитарал және 11 аквариум бар. Онда акулалар, түрлі балықтар, тасбақалар, бар.

Содан кейін топтар кезекпен шығып жұмыстарын қорғайды.

ІV -аялдама. «Думан»

Міне біз соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Ендеше «Думан» аялдамасының тапсырмасын орындайық.

Тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беру

Бір-бірін тесттің кілті бойынша тексеріп бағалау.


Бекіту: - Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.

- Саяхат сендерге ұнады ма?

- Тапсырмалар ұнады ма?

- Астана қаласына барғыларың келеме?

- Мүмкіндік болса мектеп оқушыларымен бірге немесе ата-аналарыңмен барып өз көздеріңмен көріп келуге болады.
Бағалау. Бағалау парағы бойынша қорытынды бағасын айту.
Рефлексия. Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

-Сіздердің алдында стикерлер жатыр.



Жасыл түс-бүгінгі сабақты түсіндім, көңілім толды.

Сары түс- бүгінгі сабақ сезіміме әсер етті, қызықты болды.

Қызыл түс-сабақты түсінбедім.
Үйге тапсырма беру: «Бәйтерек» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.


Тест тапсырмалары
1. Астана қай өзеннің бойында?
а) Ертісб) Есіл

в) Балқаш

2.Астана қаласының символы: 
а) ту

б) елтаңба

в) Бәйтерек 

3. Астана .... қала: 
а) жас

б) ескі

в) таза 

4. Астанадағы Пирамида сарайының сәулетшісі кім?
а) Жандарбек Мәлібеков

б) Шәкен Ниязбеков

в) Норман Фостер

5. Бәйтерек монументі қай жылы салынды? 
а) 1998

б) 2002

в) 1997

6.Астананың бұрынғы аты: 
а) Ақтөбе

б) Алматы

в) Ақмола

7. Пирамида қай жылы салынды ? 
а)2006 б)1997

в) 2002


Оқушының аты


Үй тапсырмасы

1-2 ұпай

Жаңа сөздер
1-2ұпай

Мәтінмен жұмыс
2-3 ұпай

Грамматикалық тапсырма, толық орындаса3-ұпай,

қатесі болса2-ұпай



Постер

қорғау
2-3 ұпай

Тест

1-2ұпай

Қоры

тынды ұпай,

баға


























































































































1. Астана – көрікті қала. Бұл ғимарат «Астана Бәйтерек» монументі деп аталады. «Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынды. Сәулетшісі -Норман Фостер. Бәйтеректің биіктігі -97 метр.

«Астана – Бәйтерек» монументі – биік және әдемі ғимарат. Бәйтерек - Астананың символы.

2. Астанада ғажайып ғимарат бар. Ол Пирамидаға ұқсайды. Бұл ғимарт «Бейбітшілік және келісім сарайы» деп аталады. Ол 2006 жылы салынды. Оның биіктігі 62 метр. Сәулетшісі-Норман Фостер.

«Бейбітшілік және келісім сарайы» – биік және әдемі ғимарат.
Көрікті – красивый Ғажайып – чудесный,прекрасный

Ғимарат – здание Келісім – согласие

Салынды – был построенСарай – дворец

Сәулетші – архитектор

Астанада «Думан» ойын сауық орталығы бар.Ол 2003 жылы ашылды. «Думанда» үлкен мұхитарал және 11 аквариум бар. Онда акулалар, түрлі балықтар, тасбақалар, бар.






Каталог: uploads -> doc -> 04ad
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04ad -> Сабақ Тақырыбы: Көлік түрлері Сынып: 6 «Б» Пән мұғалімі: А. А. Манапова
04ad -> Сыныбы: Күні: Пәні: География. №1сабақ Сабақтың тақырыбы
04ad -> Сабақ Тақырыбы: Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу Сыныбы: 11 Пәні: алгебра Пән мұғалімі: Абенова Нурайм Сабақтың мақсаты: Білімділік
04ad -> Сабақ: Ағылшын тілі Мектеп: №222 Күні: 18. 01. 16 Мұғалімнің аты-жөні: Абдразакова Н
04ad -> Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы Сызықтық емес оптика. Лазерлер Жалпы мақсаты
04ad -> Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана
04ad -> Сабақтың тақырыбы. Адам. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет