Көліктер түрлерінің өзара әрекеттестігі



бет1/4
Дата19.02.2017
өлшемі0,83 Mb.
#10831
  1   2   3   4













«Көліктер түрлерінің өзара әрекеттестігі»

пәнін
«050901» - «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті қолдану» мамандығына арналған

Өскемен

2014.

1. Дәрістер

Дәріс сабақтарының құрылымы
1-дәріс. Көліктік түйіндер. Негізгі ұғымдар.

Дәріс жоспары:



1. Көліктік түйін анықтамасы

2. Көліктік түйіннің құрамы

3. Көліктік түйіннің негізгі құрылғылары


Көліктік түйін жүктер мен жолаушыларды транзитті, жергілікті және қалалық тасымалдарын қамтамасыз ететін үрдістерді бірігіп атқаратын бірнеше магистраль көлігінің әсерлесу пунктеріндегі көліктік жабдықтар кешенін айтамыз.

Көліктік түйіннің құрамына мыналар кіреді: темір жол станциялары және магистралды темір жол кірістері; өзен порттары және су түйіндері;теңіз порттары және оларға кірістер; магистралды және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының түйіндері; өндіріс көлігінің жабдықтары; әуе жайлар және әуе көлігінің басқада жабдықтары.

Көліктік түйінде бір көлік түрінен екінші көлік түріне жүк ауысулары жүргізіледі және жолаушылардың көшулері жүзеге асырылады. Сондықтан әрбір көлік түйінінде жаңағы үрдістерді жүзеге асыратын бірнеше түйісу пунктері болады. Жолаушы түйісу пункттеріне темір жол жолаушылар станциялары және тоқтау пунктері, автовокзалдар, әуе жайлар, теңіз және өзен порттары, метрополитендердің түйінді станциялары жатады, ол жүк түйісу пункттеріне жалпыға қолданылатын жүктік темір жол станциялары, порттық құйылғыш және басқа да арнайы станциялар, мамандандырылған базалар, әуежайлар және т.б.

Көлік түйінінің негізгі жабдықтары болып мыналар табылады темір жол көлігінің ғимараттары станциялар, біріктіргіш жолдар және басқада темір жол түйініне біріктірілетін жолдар.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Көліктік түйін деп нені айтамыз?

2. Көліктік түйін құрамына не кіреді?

3. Тоғысатын пунктер не үшін қажет?


Ұсынылатын әдебиеттер :

1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г

2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
2-дәріс. Көліктік түйіндердің классификациясы мен түрлері
Дәріс жоспары:

1. Көліктік құрам бойынша көліктік түйіндердің классификациясы

2. Пайдалану жұмысы бойынша көліктік түйіндердің классификациясы
Түйінге қызмет етуші көлік түрінің саны бойынша 3 топты атап айтуға болады:


    • темір жол жолдары - автомобиль жолдары;

    • темір жол жолдары - су – автомобиль жолдары;

    • су – автомобиль жолдары.

Пайдалану жұмысының сипаты бойынша түйіндер мынандай болады:



  • транзитті түзу және аралас қатнас жолдарындағы транзитті ағымдарға қызмет көрсетеді.

  • Үлкен жергілікті жұмысы бар транзитті және жергілікті қызмет көрсететін ағымдар;

  • Жергілікті және соңғы.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Кеме жүрмейтін өзендердегі түйіндерді қай топқа жатқызуға болады?

2. Су-автожолдық түйіндер қай топқа жатады?

3. транзитті тасымалды қамтамасыз ететін түйіндер қай топқа жатады?


Ұсынылатын әдебиеттер :

1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г

2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
2-дәріс. Көліктік түйіндер классификациясы.

Дәріс жоспары:



  1. Қызмет көрсетілетін кәсіпорындардың өндіріс салалары бойынша көлік түйіндерінің классификациясы.

  2. Геометриялық салу бойынша көлік түйіндерінің классификациясы.

Экономика – географиялық белгісі бойынша құрлықтық теңіздер жағасында орналасқан және кеме жүретін жерлерде орналасқан түйіндерді танып білуге болады.

Түйін қызмет көрсететін қала тұрғындарының санына байланысты көлік түйіндері 3 топқа бөлінеді:


  1. Кіші және орташа-100 мыңға дейін халық саны және аз дамыған өндірісі бар қала;

  2. Үлкен және ірі - 1 млн.дейін тұрғыны және дамыған өңдейтін, қазып шығаратын өндірісі бар қала;

  3. Өте үлкен – 1 млн. астам тұрғыны және дамыған өндірісі бар қалалар.

Көлік жабдықтарының орналасуы бойынша түйіндер мыналарға бөлінеді:

  1. Негізгі көлік түрінің жабдықтарының бірігіп орналасуы бар бір комплектілі;

  2. Жолаушылар және жүк тасымалдайтын аудандарды бөлек орналастыратын бір жинақты;

  3. Негізгі көлік түрінің жабдықтарының бірігіп орналасатын көп комплектілі;

  4. Жолаушылар және жүк әр түрлі көлік түрлерінің жабдықтары бөлек орналасқан көп комплектілі;

  5. Аралас түрдегі көп комплектілі.

Бір комплектілі көлік түйіні кіші, орташа және үлкен жинақты түрдегі үлкен қалаларға жақын орналасады және оларға мыналар жатады: бір-бірінен станция, осы станция қызмет көрсететін бір өнеркәсіп ауданы және біріккен темір жол, автомобиль жол бекеті. Үлкен қалаларда бір комплектілі түйіндерді жолаушылар және жүк аудандарында бөлуге болады. Көп комплектілі түйіндер ірі және өте ірі қалаларға тән. Оларға жүк станциялары қызмет көрсететін бірнеше өнеркәсіп аудандарды, бір-екі сұрыптау станциялары, қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан және көліктердің әр түріне арналған бекеттері бар біріктірілген жолаушылар кешені бар темір жол, автомобиль жолы және су көліктердің тоқтау пунктері.

Геометриялық пішіні бойынша түйіндерді тұйық, тарамдалған, ұзындыққа созылған, тарамдалған жарты айналымды, тарамдалған айналымды және аралас деп бөлінеді.

Тұйық көлік түйіні теңіз, үлкен өзендер, таулы жерлердің маңында орналасады. Осы түйіндер үшін біраз темір жол және автомобиль жолдарының жанасуы тән. Әдетте соңғы түйіндер тығыз және ішкі түйінді жолдар және бірігулер 2-6 км. Қашықтықта болады. Өндіріс орындарының бытыраңқылығында бірігулер қашықтығы тез өсіп кетеді, 45-60км. Оларды пайдалануда тұйық түйіндер ыңғайсыз, сондықтан оларды тура жүретін жолдарға ауыстырып жатыр. Тұйық түйіндер үлкен емес қалаларға қызмет етеді.

Тарамдалған түйіндер КСРО –ың көлік жүйесіне тән. Олар 500 мыңға дейінгі халық саны бар қалаларға қызмет көрсетеді.Тарамдалған түйіндерде магистралдың көлік түрлері қаланың бір ауданына сәуле - радиустарымен бірігеді. Екі орталығы бар түйіндер болады, біреуінде автомобиль жолдары бірігетін, ал екіншісінде темір жол жолдары тарамдалған көлік түйінінде темір жол жолдары тарамдалған үш бұрыш крест тәрізді сызбалар бойынша орналасады.

Ұзындыққа созылған түйіндер топографиялық жағдайы қиын аудандарға тән. Олар өзендердің, теңіздердің жағасында немесе таулы жерлерде орналасады. Осындай түйіндер тік бұрышты жоспарланған, ұзақтыққа созылған қалаларға қызмет етеді. Осы түйіндерде темір жол және автомобиль жолдарының кірістерінің диаметрлері қарама-қарсы соңғы орындарында орналасады, осының нәтижесінде оның ұзындықтары 20км, ао ішкі түйіндік бірігулердің қашықтығы 100-150 км құрайды. Қалаға кіреберістегі темір жол жолдарының бірігу орындарында бірінен кейін бірі орналасқан бірнеше станциялар кіріс жолдарға қызмет көрсететін жұмыстар және поезд құрау, ұрғыш ағымдарын өңдеу жұмыстары орындалады жүк (жолаушылар) поездарының бару жолдарының бағыттары ішкі түйін жолдарының бағытымен бағыттас болмағанда олардың жүрісі өте үлкен болады. Мұндай түйінді жоспарлау кезінде минималды бұрыш ағымын қамтамасыз ететін жолдарының жанасуын ескеру керек. Қарастырылатын көлік түйінінің сызбалары түйінде темір жол көлігі болмасада қолданыла береді.

Тарамдалған-айналымды көлік түйіні үлкен және астаналар орналасқан қалаларға тән. Олар әдетте бірнеше айналымы бар қала ішінде радиусы және диаметрі бар темір жол және автомобиль жолдары болады.

Тарамдалған- жарты айналымды көлік түйіні теңіз, үлкен көлдер немесе жасанды су қоймалары маңында орналасқан қалаларға тән, және де бір кездерде үлкен өзендер маңында да орналасқан қалаларға да, бір айналымы немесе бірнеше жартылай айналымы болады. Тарамдалған-айналымды және тарамдалған жарты айналымды көлік түйіні пайдалануда

өте ыңғайлы және қалалардың жоспарларына жақсы келеді. Кейбір тарамдалған- жарты айналымдарда және тарамдалған-айналымдарда темір жол жоқ болуы да мүмкін.

Аралас көлік түйіні тік бұрышты және тарамдалған жоспарлы көше жүйесі бар тұйық темір жол және тарамдалған автомобиль жол түйінінің, параллель жолдары бар темір жол түйінінің және тарамдалған автомобиль жолдарының түйінінің, параллель жолдары бар ұзындыққа созылған темір жол түйінінің немесе тарамдалған автомобиль жолдарының түйінінің үйлесуін көрсетеді.

Көлік түйінінің бір типінің бірнеше сызбасы болуы мүмкін. Көлік түйінінің даму үрдісі кезінде ауыспалы форма болуы мүмкін.

Қалада әр түрлі көлік түрінің және өндірісінің дамуы темір жол түйінінің, порттардың, автомобиль жолдарының түйінінің сызбалары мен түрлерінің өзгеруіне әкеледі. Сонымен байланысты көлік түйінінің толық сызбасы өзгереді. Тарамдалған түйіндер тарамдалған жартылай айналымды және тарамдалған-айналымды болып бөлінеді, ал сонан кейін араласқан бөлінеді.

Көлік түйінінің қатнас жолдарының барлық жүйесінде орналасуы өндіріс күшінің және қалалардың жоспарларына олардың тарихи даму жүйесіне байланысты анықталады. ТМД-да біркелкі емес орналасқан 650 көлік түйіні бар. Көлік түйінінің көбі Балтық елдерінің және Донбасстың аудандарында орналасқан, ал ең аз орналасқаны Алыс Шығыс және Шығыс Сібір аудандары.

Көлік түйінінің шекарасы болып түйінге келетін жолдардың және пунктері табылады, бұл пункттерге келетін поездарды, машиналарды, кемелердің басты болады, айналымдар, айналмалар және түйін ішілік бірігулерге бөліну арқылы жүзеге асады. Әрбір көлік түрі бойынша өз шекарасы белгіленеді. Темір жол көлігі үшін – түйін алдындағы посттар , станциялар, су көлігі үшін айлақ станциялар, айлақтар бөлек каналдар және басқада жабдықтар, автомобиль үшін посттар (темір жол түйінінің шекарасы сияқты), ал автомобиль жолдарының айналмалы жолдары, айналып өтулер және бірігулері жоқ болса – қала маңында болады, жолаушылар көлігі үшін – қала маңындағы жолаушылар көлігінің соңғы пункттері.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары

1. 50 ден 100 мың адамға дейінгі тұрғыны бар қалалар түйіндерін қалай классификациялауға болады?

2. Тарамдалған көліктік түйіндерді қалай классификациялауға болады?

3. Тарамдалған-айналымды түйіндер қалай дамиды?


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г

2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
4-дәріс. Көліктік түйінінің жұмыстарының негізгі технологиясы.

Дәріс жоспары:



1. Көліктік түйінінің жұмысының технологиялық үрдісін құрудың принциптері

2. Жолаушылар және жүк тасымалдарын қамтамасыз ету үшін түйінде көлік түрін таңдау

Көлік түйінінің жұмыс істеуінің технологиялық процессі пайдаланудың жаңа әдістері және тәсілдерін есепке ала отырып жасалады. Біріккен тхнологиялық процесс түйінде бар болатын, әр түрлі көлік түрінің жеке жұмысын істейтін технологиялық процесстерін біріктіреді.

Көлік түйінінің жұмыс істеуінің технологиялық процессі келесі принциптерден құралады:



  1. балық көлік түрінің координациясы және әсерлеуі;

  2. жүк тасымалы үшін араласқан қатнас түрлерін максималды қолдану;

  3. түйісетін көлік түрлерінің жұмыс істеуін бірігіп ұштасқан графигін және біріккен технологиялық процессін ұйымдастыру;

  4. жолаушыларға қызмет көрсетуде және жүктерді тасымалдауда алдыңғы қатардағы еңбек әдістерін кеңінен қолдану.

Ғылыми дәлелденген технологиялық үрдіс кезінде түйісу пункттерінде қозғалмалы составтың әкелінуі, жүктерді түзу нұсқа арқылы, вагон – көлік, вагон – кеме және керісінше жүктерді беру әртүрлі көлік түрлерінің техникалық құралдарын қолдану; жолаушылардың орын аыстыруы барысында және жүктерді түсіру пункттерінде жедел түрде ақпараттандыру мен жоспарлауды ұйымдастыру. Алыс жергілікті және қала маңындағы байланыстарда жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылатын көлік түрін таңдауда құрылыс және пайдалану шығындары жолаушылардың ыңғайлылығы үшін және жүрулері үшін кететін уақыт шығындары ескеріледі.

Түйінде жолаушыларды тасымалдау үшін келесі көлік түрлерін пайдалануға болады:



  1. темір жол магистральі жолдардың маңында орналасқан тұрғын пункттердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін және темір жол диаметрлері немесе радиустары болған жағдайда қалалық тасымалдар үшін;

  2. авто көлік жолдар - темір жол маңында және одан алыс жерлерде орналасқан қала маңында және қаладағы аудандардағы жолаушыларды тасымалдау;

  3. қалалық көлік - қаладағы жолаушыларды тасымалдау немесе үлкен жолаушылар ағымы бар жолаушыларды жердегі қала маңындағы аудандардағы тасымалдаулар үшін;

  4. өзен көлігі – жолаушыларды қала ішінде тасымалдау, қала шетіндегі аудандардағы және дем алыс орындарына тасымалдаулар;

Көлік түйіндегі жүк тасымалына қызмет көрсету кезінде темір жол, авто көлік, су және құбыр жол көлігі қолданылады.

Көлік түрін таңдау кесілермен анықталады: жүк және жолаушылар ағымының құрылымымен; технологиялық құралдарымен тиімді пайдалану; жүктерді тасымалдауға кеткен шығындармен; темір жол көлігі барлық жүк түрін тасымалдауы мүмкін.

Жүкті темір жол және су көліктеріне және оларды қабылдаушыларға жеткізу үшін қалалық, жергілікті және қысқа қашықтықтағы тасымалдар үшін авто көлікті пайдаланады; ал өзен көлігі түйінге жаппай жүктерді жеткізу үшін құбыр жолдары мұнай тасымалдау үшін пайдаланады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. КТ жұмысының технологиялық үрдісі қандай принциптерде құрылады?

2. Көлік түрін таңдаудың мақсаттылығы немен анықталады?


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г

2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
5-дәріс. Көлік түйінінде әртүрлі көлік түрлерінің жабдықтарын орналастыру.

Дәріс жоспары:

1. Жолаушыларға қызмет көрсету құрылғылары

2. Автокөлік үшін құрылғыларды орналастыру орнын таңдау

3. Әуе көлігі үшін құрылғыларды орналастыру

Көлік түйінінде әртүрлі көлік түрлерінің жабдықтарын орналастыруы экономикалық потенциалға және қаланың географиялық орналасуына, оның бас схемасына және болашақтағы дамуына көлік түйінінің әртүрлі көліктің жұмыс көлемін байланысты болады.

Көлік түйінінде темір жол жабдығының орналасуы темір жол түйінінің схемасына байланысты.

Теңіз және өзен көліктерінің жабдықтарының орналасу орны мыналар ескерумен белгіленеді: құрылысқа минималды шығындар және түйіндегі порттық жабдықтарды пайдалану; ішкі түйіндегі жолдардың, бірігулердің, көпірлік өтулердің және көліктік кешеннің басқада элементтердің салыстырмалы салынуы; қысқа маршруттар бойынша жүк ағымы түйін арқылы өткізу; автомобиль жолдарының және порттық бұтақтардың арнайы станцияларға оңай кірістері; түйіннің станциялармен тиімді әрекеттесулері.

Жолаушыларға қызмет көрсететін жабдықтар қалаға шығатын жолдары ыңғайлы жерлерде, сонымен қатар жолаушылардың темір жолдан айлақ аумағы бойынша қауіпсіз өтетіндей орналасуы керек. Темір жол айлаққа тиімді жолдары үшін біріктірілген темір жол - теңіз және темір жол - өзен вокзалдары салынып жатыр. Кейбір вокзалдардың арасындағы қашықтық 300-500м немесе орын ауыстырып жүрген жолаушылар үшін ыңғайсыздық тудырады.

Автокөлік жабдықтарын орналастыру орны басқа көлік түрлерімен байланыса отырып таңдалады. Автовокзалдарды темір жол, теңіз және өзен вокзалдарымен байланысып салған дұрыс, бұл кезде жолаушыларға ыңғайлылық жасалынады және құрылыс салуға шығындар аз кетеді. Темір жол – автожол вокзалдары үлкен қолданыс тапты, олардың саны қала маңындағы және халықаралық байланыстардағы автокөліктегі жолаушылар ағымының өсуіне байланысты өсіп келеді. Автовокзалды салу кезінде қала көшелерінің толуында ескеру керек.

Әуе көлігінің жабдықтарын орналастыру көлік түйінінің бас схемасында қарастырылады және мыналарды ескере отырып жобаланады: ауданы үлкен, рельефі тыныш жерде (200-400г а және одан үлкен), аэродром алдындағы қауіпсіздік аумағы 2,5 км болатындай ердің болуы; аэропорттың дамуына резервті территория болу керек.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Теміржол құрылғыларын КТ орналастыру неге тәуелді?

2. КТ құрылғыларды орналастыру ненің есебінен жобаланады?


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г

2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
6-дәріс. Көлік түйінінде әртүрлі көлік түрлерінің жабдықтарын орналастыру.

Дәріс жоспары:

1. Қаладан жолаушыларды, багажды және поштаны тасымалдау

2. Аэрофлот агенствасын орналастыру орнын таңдау

3. Қала көліктері құралдарын орналастыру

4. Құбыр өткізгіш көліктер құралдарын орналастыру
Жаңа технологиялық жабдықтармен жабдықталған аэропорттарды қаладағы 30 км қашықтықтағы қала маңындағы аумақта орналастырған дұрыс, ұшақтардың ұшу және түсу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жолаушыларды қаладан аэропортқа тасымалдау үшін тікұшақтар пайдаланылады. Тікұшақ станциялары қала шетінде тұрғын жайлардан алыс жерде орындалады.

Көлік түйінінің жолаушылар тасымалдауын игеру жұмыстары қаланың жобасына және магистральді көшелердің жүйесіне байланысты болады. Көлікті тиімді пайдалану режимдерін қамтамасыз ету үшін магистральді көшелер жүйесінде мыналар болу керек:



  1. қала сыртындағы автомобиль жолдары мен және сыртқы көлік жабдықтарымен жақсы байланыста болу керек,

  2. қаланың басты элементтерімен ыңғайлы байланыс жолдары және оның Құбыр жолдарың аудандарымен қысқа бағытта байланысу жолдары;

жабдықтары қала және оған қызмет көрсететін көлік түйіннің сыртында орнатылады. Құбыр жолының мұнай құятын танкерлерге келуі теңіз астымен немесе арнайы эстакадамен жүз.ас. теңіз айлақтарында қоймалық ыдыстар қала шетінен және көлік түйінінен 10км және одан да үлкен қашықтықта шығарылады.

Су және темір жол көлігіне қатысты өндірісті порттық жабдықтарға жақын аудандарда және де сұрыптау станциялары бар темір жолдарға жақын орналастыру керек. Темір жол көлігі қызмет көрсететін өндірісті қала сыртына шығару керек және көлік түйінінің түріне байланысты орналастыру керек:



  1. соңғы түйіндерде –сұрыптау станцияларына жақын жерде;

  2. тарамдалған – негізгі радиустарда;

  3. ұзындыққа созылған түйінге кірістерде;

  4. тарамдалған – айналмалы және тарамдалған – жартылай айналымды кірістерде, ал өндірістің станцияларымен байланыс үшін дөңгелек және жартылай дөңгелекті жолдарды пайдалану.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Тікұшақ станциялары қайда салынады?

2. Аэрофлот агентствасы қайда орналасады?

3. Құбыр өткізгіш көліктер құралдары қайда жабдықталады?

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г

2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
7-дәріс. Көліктік түйінін жүйелері

Дәріс жоспары:

1. КТ жүйелерінің негізгі ұғымдары мен анықтамалары

2. КТ ішкі жүйелері

3. КТ элементтері

Көліктік түйіндер келесі ерекшеліктерімен сипатталады: халық шаруашылығына жүктерді жеткізудегі және жолаушыларды тасымалдаудағы талаптарды қамтамасыз ететін барлық түрдегі көліктердің бір мақсатта қызмет етуі; қызметтердің және болып жатқан үрдістердің күрделілігі (әртүрлі көліктердің өзара әрекеттесу үрдістері, жүктерді сұрыптау, тиеу-түсіру, жолаушыларға қызмет көрсету және т.б.); қызметтері жалпы мақсатқа бағынышты ішкі жүйелерге бөлу мүмкіндіктері; түйіннің жекелеме ішкі жүйелері және қызмет ету сапасының критерилері байланыстарының иерархиялық құрылымы; өзара байланысты және өзара әрекеттесетін ішкі жүйелер мен элементтердің үлкен саны (мысалы, өзара байланыс: көлік түйіні - қоршаған орта; ішкі жүйелер деңгейіндегі өзара әрекеттер: теміржол көлігі – автомобиль, теміржол көлігі – көлге арналған көлік, өзенге арналған көлік - көлге арналған көлік; элементтер деңгейіндегі өзара әрекеттесу: магистральдар арасында, станция парктері және басқа элементтермен); техникалық құрылғыларды интенсивті қолдануды, тасымалды аз шығынмен қамтамасыз ететін басқару жүйесінің бар болуымен; жүйелер ретінде көліктік түйіннің үлкен өлшемімен. Көліктік түйін жүйе ретінде – екі немесе бірнеше магистралды көлік түрлерінің тоғысуы орындарында көліктік үрдістердің және тәсілдердің қалыптасып дамуы үшін олардың жиынтығы. Осыдан, көліктік түйін ұғымы тасымал үрдісін (жолаушыларды және жүктерді тасымалдау), техникалық құрылғылар (станциялар, порттар, магистральдар, складтар т.б.) бақылау және басқару тәсілдерін қамтиды.

Көліктік түйін жүйесі - бірқатар элементтердің жиынтығын көрсететін және бүкіл түйін қызметінің біртұтас мақсатына бағынудан ерекшеленетін жүйенің бөлігі (мысалы, ішкі жүйесі).

Көліктік түйін элементі – ары қарай бөлшектенуге жатпайтын объект (мысалы, сұрыптау станциясының паркі).



1 сурет. Көліктік түйінді басқарудың сызбасы.

Көліктік түйін 5 енулер және 7 шығулармен сипатталады. Олар поездар, автомобильдер, жүктер және жолаушылар ағыны болып табылады. Көліктік түйін қиыншылықтарда да қызмет етеді 6 (техникалық құрылғылардың істен шығуы және т.б.), компенсациялар үшін басқарушы әрекеттер қолданылады 4, олар әлдеқайда жоғары деңгейдегі жүйелерден келетін 1 ақпараттар негізінде өңделеді, және кері байланыс каналы бойынша 8 алынатын, түйін ақпаратынан өңделеді. Сонымен қатар басқа жүйелермен ақпарат алмасу жүреді. Кері байланыс каналдары бойынша әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі шарттары өзгерген жағдайда (3) түйінді үрдістерді басқару іске асады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. КТ ішкі жүйесі деген не?

2. КТ элементі деген не?

3. Кері байланыс каналы деген не?



Ұсынылатын әдебиеттер

1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г

2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
8-дәріс. Көліктік түйіннің ішкі жүйелерінің иерархиялық құрылымы
Дәріс жоспары:

1. Көліктік үрдістің технологиялық тізбегі

2. Иерархияның төменгі баспалдағы

3. Жолаушылар ішкі жүйесінің төменгі деңгейі


Қазіргі заманғы көліктік түйіннің жұмыс режимдерін оқып – біле келе, оның өзара байланысқан ішкі жүйелерінің бағыныштылықтарын орнатуға болады. (2-сурет).

Типтік технологиялық бөлімдерден тұратын, көліктік үрдістің технологиялық тізбегінің анықталған бірлігі түйінді ішкі жүйелерге бөлуде негіз болып қызмет ете алады.



Иерархияның төменгі деңгейін белгілі бір техникалық жабдықталған типтік үрдістер мен басқарудың жергілікті жүйелері құрайды. Жергілікті ағындарды қызмет ету бойынша ішкі жүйенің төменгі деңгейі келесі түрде көрінуі мүмкін: қалыптастыру станциясы – жүк станциясы – жүретін жол – кәсіпорынның түсіру орны; қалыптастыру станциясы – вагоннан түсіру орны – конвейер – бункерлік сиымдылық - кәсіпорынның түсіру орны (3-сурет.) Жергілікті ағындар келген қызмет ету ішкі жүйесінің технологиялық тізбектерінің варианттары 4- суретте көрсетілген. Алыстан келетін жолаушылар ағынына қызмет ететін жолаушылар ішкі жүйесінің төменгі деңгейі: жолаушылар станциясы – вокзалдағы алаң – қалалық жолаушылар көлігі. Қалған барлық төменгі деңгейдегі ішкі жүйелер және жолаушылар ағынына қызмет ету бойынша қалған категориялар көліктік түйінде осыған ұқсас қалыптасады.



2-сурет. Көліктік түйіннің негізгі ішкі жүйелерінің иерархиялық құрылымы:

Гр—жүк; Тр—транзитке қызмет көрсету бойынша; П—жолаушылар; М—жергілікті ағындарға қызмет көрсету бойынша; ДМ—алыс және жергілікті жолаушылар ағынына қызмет көрсету бойынша ішкі жүйе; Прсол сияқты, қала сыртындағы; Трс — аралас көлік ішкі жүйесі (бірнеше түрдегі көліктердің қатысуымен): Tpбn— қайта өңдеусіз көлік; Трсп — сол сияқты, қайта өңдеумен; ТР—бір түрлі көлік шеңберінде транзитті жолаушыларға қызмет көрсету бойынша; ПР, О—Келу және жөнелту ішкі жүйелері.



3-сурет. Келген жергілікті ағындарға қызмет көрсету бойынша өзара байланыстың құрылымдық сызбасы.

ППқабылдау паркі; ПС—сұрыптау паркі; ПОжөнелту паркі; ГСжүк станциясы; n/п жүретін жол; ФВ темір жол көлігінен түсіретін орын; ФВП— кәсіпорынның түсіру орны; ГД—жүк ауласы; ОБбагажды жөнелту.



4-сурет. Келген жергілікті ағындарға қызмет көрсету бойынша өзара байланыстың құрылымдық сызбасы.

РСС—ауданнық сұрыптау станциясы; РПаудандық парк; РБ—бөліп тұрушы база.

Ранглік корреляцияның статистикалық әдістері көмегімен ТМД-ң экономикалық аудандары бойынша халық саны және көліктік түйіндер арасында жоғары дәрежедегі корреляциялық тәуелділікті айқындалды. Спирмэн корреляциясы коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

(1)

Мұнда, п —объектілер саны (экономикалық аудандардың); d — қарастырылатын рангтар айырмасы

Экономикалық аудандағы халықтың жалпы санының үлесі мен оның көліктік түйіндері үлестерінің арасындағы көптеген рангтық сәйкессіздігі (айырма) Балтика жағалауындағы (d=—10) және Орта азиялық (d=+10) аудандарда байқалады. Сондықтан да, егер осы аудандарды қарастырмаса, халықтың жалпы санының үлесі мен оның көліктік түйіндері үлестерінің арасындағы рангтық корреляция коэффициенті әлдеқайда жоғары болып табылады: p1=0,84.

Көліктік түйіндерді орналастыру мен халықты орналастыру арасындағы рангтық корреляцияның жоғары коэффициенті олардың өзара байланысын көрсетеді, ол халық пен көліктік түйіндердің тең шамада орналасуын әлдеқайда жоғары шамада басқарады. Қазіргі уақытта түйіндерді орналастыр мен экономикалық аудандар ауқымы арасында рангтық корреляция байқалмайды 2 = 0,09), бұл 100 мың. км2 территорияда түйіндер санының ауытқуын (0,4—27,4) дәлелдейді.

Көліктік түйіндерді екі топқа бөлуге болады: 1) шектеулі капиталда және шектеулі құрылыс бағдарламаларында халық шаруашылығы талабын қанағаттандыруға мүмкіндігі бар, қалыптасқан түйіндер; 2) қалыптасу кезеңінде болатын, түйіндер.

Бірінші топтағы түйіндердің дамуы қаланың көлемді және көлемді емес территориялық дамуымен іске асуы мүмкін.



Қаланың көлемді емес территорияда дамуындағы көліктік түйіннің жаңартылуы (реконструкция) іргелі құрылыстың болуымен күрделенеді, себебі тарихи қалыптасқан түйіннің жоспарлау сызбасын бекітеді. Мұндай жағдайда пайда болған «каркасты» максималы түрде қолдану қажет.

Қала территориясының көлемің үлкен болған жағдайда көліктік түйінді жаңарту әлдеқайда күрделі болып табылады. Қайтадан өңделіп жатқан аудандарда көлік құралдарын орналастыру брондалған территория жүйесін құруға әкеліп соғады.

Қаланың көліктік түйіндер бар бөліктерінде түйіндердің негізгі элементтерінің пропорциясының дұрыс болуын қадағалау қажет.


Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет