«Көліктік техника және логистика» кафедрасы магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы



Дата12.03.2018
өлшемі141,79 Kb.
#39142
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
6М071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығы бойынша

Павлодар




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





Бекітемін

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

___________ Өрсариев А.А.

20__ж. «___»____________




6М071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығы бойынша


магистратураға қабылдау ЕМТИХАНының БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушы __________ т.ғ.к, доцент Сембаев Н. С.
Көліктік техника және логистика кафедрасы
Көліктік техника және логистика кафедрасының отырысында ұсынылған

20__ж. «____» ________ Хаттама № ____


кафедра меңгерушісі _________ Сембаев Н.С. 20__ж. «____» _______
ММиК факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «____» ________ Хаттама № ____.


ОӘК төрайымы ___________ Тусупбекова М.Ж. 20__ж. «_____»___________


МАҚҰЛДАНДЫ:

ММиКФ факультет деканы ___________ Токтаганов Т.Т. «____» _________201__г.


1 Емтиханды өткізу мақсаты мен міндеттері
Магистратураға түсу үшін емтиханның қабылдау мақсаты – бұл үміткерлердің білім деңгейі мен оқуға деген құштарлықтарын анықтайды.

Емтиханды қабылдау міндеттері:



  • мамандықтың сұрақтары бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.


2 Емтиханды ұйымдастыру және өткізу әдісі
Емтиханды тапсыру ҚР БҒМ бекітілген күнімен және грифімен өткізіледі. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау кешенді емтихан (КЕ) және аралас түрде (компьютерлік тестілеу – жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу – питч) үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде бірнеше тілдік оқыту концепциясы бойынша қабылданады.

Емтиханды қабылдау кезеңі видеокамераға түсіріледі.

Емтиханды өткізу кезіндегі болжамды уақыты:

- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ – 1 сұраққа 1,5 минуттан);

- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

- питч – ауызша 2-3 мин, сұрақ-жауап 2 мин.

Компьютерлік тестілеуге магистратураға түсетін барлық үміткерлер кіреді, емтиханның екінші бөлімі оқыту траекториясы бойынша жоспарланған модульдік оқыту бағдарламасы бойынша жеке өткізіледі.

Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.




;№

Оқыту траекториясының атауы

Емтиханды қабылдау түрі

11

Зерттеу

Аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша)

12

Кәсіпкерлік(Start Up - магистратура)

Аралас (жазбаша + питч)

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрдегі емтиханды қабылдау:



  • компьютерлік тестілеу – мамандық бойынша 30 сұрақ, кәсіби әрекетпен байланысты сұрақтар бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • жазбаша бөлімі – эссе, оқуға және ғылыми-зерттеу әрекетіндегі ынтасын анықтау.

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + питч) түрдегі емтиханды қабылдау:
Питч сұрақтарға жауап беру (презентациямен 3 мин баяндама және 2 мин комиссияның сұрақтарына жауап беру), машина жасау өндірісі ауданы және техникалық мүмкіншіліктері бойынша стартап-жобалар идеясын анықтау және оның коммерция тұрғысында іске асыру.
Қабылдау комиссиясының қызмет саласы мен құрамы. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау комиссиясы (ҚК) қабылдайды, ол университеттің ректорымен бекітіледі, қабылдау комиссиясының құрамына төраға және үш комиссия мүшелері, соның ішінде екеуі техника ғылымдарының докторы болуы қажет. Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедрасы, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, әртүрлі ұйымдар өкілдері және комиссия хатшысы болады.

Комиссияның қызметтік саласына кіреді:



  • мамандықтың сұрақтарындағы үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.

Емтиханды жоғарыда жазылған қабылдау комиссиясы видеокөшірмесі бар арнайы компьютерлік аудиторияда немесе бекітілген аудиторияда өткізеді.

Емтиханды өткізу барысы:



  • үміткер емтиханға аталған күні, аудиторияға белгіленген уақытта келеді;

  • ҚК мүшелерінің рұқсатымен өзінің орнын алады (компьютердің орнын/жауап беттерін алады;

  • үміткер жауап бетінде өзінің атын, тегін, әкесінің атын, әрі қарай оқуға өзі таңдап алған оқыту траекториясын немесе мамандығын жазады;

Эссе үшін:

  • Үміткер 30 мин ішінде эссе жазады (жазған жауабы ұғымды болу керек, соның ішінде кесте, формула, схема және т.б. болуы мүмкін.), ал аралас емтихан түрінде питч түрінде баяндама жасауға дайындалады;

  • барлық жазған жауаптары 3-4 беттен аспау қажет;

  • үміткер жазған жауаптарының әрбір бетіне өзінің қолын қояды және де оны қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.

  • емтиханның жазбаша бөлімінен кейін питч уақыт кестесі бойынша сол аудиторияда жүргізіледі. Питчті тапсыру түрі: үміткер 3 минут ішінде баяндама жасайды, содан кейінгі 2 минутта комиссияның қойған сұрақтарына жауап береді. Үміткердің питчті қорғауда және бағалауда, бір үміткер және комиссия мүшелері ғана отырады.


3 Білімді бағалау
ҚК мүшелері түсушілердің білімдері мен потенциалын балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалайды.

Түсушілердің ҚЕ тапсырғандағы білімдерінің бағалау шешімін, комиссия мүшелерінің дауыс беру жүйесі арқылы жабық отырыс шешімімен қабылданады. Дауыстардың теңдей қорытындысында ҚК төрағасының дауысы негізгі болады. Комиссияның барлық отырыстары протоколдармен рәсімденеді. Протоколды шығарушы кафедраның оқытушылары арасында тағайындалатын ҚК хатшысы толтырады. Протоколда білім бағасы, ҚК ерекше ойлары және т.б. жазылады. ҚК нәтижелері университеттің ақпараттық стендылерінде емтихан тапсырған күні ілінеді.

Түсуші бағаларымен келіспеген жағдайда ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білімді бағалау критерийлері
Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Қабылдау емтиханы бойынша қорытынды балдар кестеге сәйкес цифрлық эквивалентке, әріптік және қалыпты бағаға аударылып, емтихан ведомостыне жазылады.


Баллдық қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлік эквиваленті

(Ц)


Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Қалыпты жүйедегі баға (Қ)

Емтихан, диф. зачет

Зачет

95-100

4

А

Өте жақсы

Қабылданды

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Қабылданбады


5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (максимальды сөз саны - 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің ғылыми-зерттеу жұмысыңыздың бағытын қалай көресіз?

Эссе құрылымы А Қосымшасында келтірілген.



Эссе жазу әдістемесі

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссе бірнеше бөлімдерден тұрады:

- кіріспе, тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі көрсетіледі (жалпы текстің 10 %);

- негізгі бөлім, автор мәселе бойынша өзінің ойын білдіреді (жалпы текстің 80 %);

- Қорытынды, жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы (жалпы текстің 10 %).

Эссе автордың өз атынан жазылады. Тексты оқуды жеңілдету үшін мағыналы текстыны абзац арқылы бөліп, жаңа ойды жаңа жолдан бастайды.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.
6 Питч және оны жазу әдістемесі
Тапсырма:

Таңдап алған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз.

Питч құрылымы Б Қосымшасында келтірілген.



Питчты жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching)ойды сатып алушыны қызықтыру немесе қаржының бағытын өзіне қарай алу мақсатында сөзбен (кейде визуальды) немесе презентация арқылы көрсету, немесе сценарийды сату. Жақсы жасалған питч 5-10 сөйлеммен ғана берілуі керек (5 минуттан көп емес).

Питч 3 минутқа жасалған презентациясы бар баяндамадан тұруы керек және комиссия мүшелерінің машина жасау өндірісі саласынан 2 минуттан тұратын сұрақ-жауабынан тұруы керек.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.

7 Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі
Қабылдау емтиханы келесі пәндер бойынша өткізіледі: «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары», «Машина бөлшектері».
8 Әрбір пән бойынша тақырыптар тізімі және әрбір тақырып бойынша сұрақтар тізімі

8.1 «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәні бойынша сұрақтар


  1. ІЖМ-ларын жіктеу. Көлік моторларына қойылатын талаптар.

  2. ІЖМ термодинамикалық циклдері, жалпы түсінік.

  3. 4-ырғақты мотордың индикаторлық диаграммасы

  4. Газ алмастыру фазалары.

  5. Отын-ауа қосындысы, оның сипаттамасы.

  6. Толымдылық коэффициенті, әсер етуші факторлар.

  7. Мотордың механикалық шығыны.

  8. Тиімді қуат.

  9. Механикалық ПӘК.

  10. Тиімді ПӘК және үлестік отын шығыны

  11. Мотор көрсеткіштеріне әсер етуші факторларды талдау.

  12. Мотордың сыртқы жылу балансы.

  13. Мотордың сыртқы жылдамдық сипаттамасы.

  14. Мотордың күшсалмақтық сипаттамасы

  15. Улағыш шала жану заттарының түзілу механизмі.

  16. Азот тотығының түзілу механизмі.

  17. Дизельде күйе түзілу механизмі

  18. ІЖМ –ның табиғи орта үшін зияндылығын азайту жолдары.

  19. Моторды үрмелеу.

  20. ИЫМ (КШМ) кинематикасы.

  21. ИЫМ-де (КШМ) пайда болатын күштер мен моменттер.

  22. Моторды есептеудің негізгі қағидалары.

  23. Мотор жүрісінің әркелкілігі.

  24. Мотордың майлау жүйесінің құрылысы және есептеу.

  25. Мотордың салқындату жүйесінің құрылысы және есептеу.


8.2 «Машина бөлшектері» пәні бойынша сұрақтар

1. Есептеу және конструкция құру негіздері. Машина бөлшектерінің конструкциясына қойылатын талаптар.Машина бөлшектерін есептеу жолдары.Беріктікке есептеу. Мүмкіндік кернеу мен қор коэффициенті.

2. Берілістер. Берілістер туралы жалпы ұғымдар. Берілістердің негізгі көрсеткіштері.

3. Тісті берілістер. Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері. Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәлімет. Тіс профилін түзету.



4. Түзу тісті дөңгелектердің тістерін иілуге есептеу. Түзу тісті цилиндр дөңгелектерді жанасу беріктігіне есептеу. Қиғаш және шевронды цилиндр тісті берілістерді есептеудің ерекшеліктері.

5. Ілінісу күштер. Конусты дөңгелектің геометриялық өлшемдері. Конусты тісті берілістерді беріктікке есептеу.

6. Червякті жұптың кинематикасы мен геометриясы. Іліністегі сырғанау. Червякті берілістердің пайдалы әсер коэффициенті. Червякті берілістерді түзету.

7. Белдікті беріліс. Белдікті берілістердің кинематикасы. Белдіктегі кернеу мен күштер.

8. Біліктер мен осьтер. Біліктерді берікттікке есептеу. Біліктерді қатаңдыққа есептеу.

9. Подшипниктер. Домалау подшипниктерін есептеу. Келтірілген күшті анықтау. Подшипниктерді таңдап алу. Подшипниктердің статикалық жүк көтергіш қабілеттілігі. Домалау подшипниктерін орналастыру.

10. Муфталар. Тұйық муфталар. Теңелту муфталары. Серпімді муфталар.

11. Бөлшектерді пісіріп қосу. Пісіріп қосудың конструкциясы және оның беріктігін есептеу. Пісіріп қосудың берікттігі және мүмкіндік кернеу. Керіліс қосылыс. Керілісті қосылыстың беріктігін есептеу. Қосылыстың беріктігі мен бөлшектердің деформациясын есептеу.



9 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі

  1. Энергетические установки подвижного состава: учебник/ В.А. Кручек,

В.В. Грачёв, В.В. Крицкий. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. - 352 с.

  1. Расчет автомобильных и тракторных двигателей: Учебное пособие для

вузов/ А.И. Колчин, В.П. Демидов – М.: Высшая школа, 2002 г. –496 с.

  1. Двигатели внутреннего сгорания: учебник в 3 кн./ Под ред. Луканина

В.Н. –М.: Высшая школа, 1995.

4. Ордабаев Е. К. – Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары: Оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2011.–52 б.

5. Автомобиль моторының теориясы: Оқулық/ Е. Ордабаев. – Астана: Арман-ПВ, 2009. – 124б.

6. Гузенков П.Г. Детали машин.-М.: Высшая школа, 1986.

7. Решетов Д.Н. Детали машин.-М.: Машиностроение, 1989.

Қосымша

8. Воронова Н. И. Техническое обслуживание и продление жизненного ресурса пассажирских вагонов: учебник / Н.И. Воронова, В. А. Дубинский. – М. : КНОРУС, 2011, – 208 с.

9. Акчурин А. Г. Көлік техникасын техниклық пайдалану негіздері – Алматы: Эверо, 2015. – 448 бет

10. Алиев Б. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы). Оқулық. – Алматы, Эверо , 2015 – 296б.


А қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырмалар (максималды сөз саны - 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің болашақ ғылыми-зерттеулік әрекетінің бағытын қалай көре аласыз?


  1. Аты-жөні, тегі / Аты-жөні, тегінің кодтамасы

  2. Базалық білімі (мамандығы)

  3. Іс-әрекет бағыты бойынша ұсынылған тақырып

  4. Зерттеудің таңдалған тақырыбының өзектілігі

  5. Мақсаты мен міндеттері

  6. Өңделген деңгейі

  7. Жұмыстың ұсынылған жаңалығы

  8. Теориялық және практикалық мәнділігі

Б Қосымшасы

(Питча құрылымы)
Тапсырма:

Таңдаған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз
Питч құрылымы:

Не туралы айту керек:



  • Аты жөні (компанияның атауы мен логотипі);

  • Сіздің жобаңыз қандай мәселені шешеді;

  • Оның шешілуіне қандай сұраныс бар;

  • Нарық/бәсекелес

  • Сіздің шешіміңіз: негізгі технология (қысқаша);

  • Сіздің шешіміңіз: бәсекелестер алдындағы оң жақтарыңыз;

  • Бизнес-модель: ақшаны қалай табасыз;

  • Маркетинг және сатылым: нарыққа қалай шығасыз;

  • Негізгі көрсеткіштер: гиптезалар, болжамдар, жетістік метрикасы;

  • Команда: неліктен сіздер ғана бұл бизнесты әске асырасыз;

  • Ағымдағы статус (не істелді), жоспар-кесте (не және қашан жоспарланады)

  • Капитал бөлудегі қажеттіліктер (қанша және неге ақша керек ) / инвесторге ұсыныс (олар үшін қандай ұсыныс жасай аласыз)

  • Байланыстар



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет