Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын №9 «Әлия» балабақшасы



Дата20.06.2018
өлшемі17,29 Kb.
#43400
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№9 «Әлия» балабақшасы

тақырыптық ашық шара

«Ата заңым ардағым »

Орындаған: бірінші санатты тәрбиеші

Шаймарданова Насип Имангалиевна

Атырау қаласы.

Тәрбиеші:

Ата Заңым ардағым, Аялаған адамзаттың арманын. Жол бастайды болашаққа жасампаз Әр бабың,тарауларың тармағың, Алтын Заңда- парасатым пайымым, Алтын Заңда -күш қуатым жалыным Сен қорғайсың бостандық пен құқықты, Анамдайсың елжіреген жаны күн.

Конститутция 1995 ж. 30 тамызда бүкіл халықтың дауыс беруі арқылы қабылданды.Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайсар көзі- өзінің егеменді құқығын баян етті.Содан бері 30 тамыз елімізде конституция күні болып мерекеленіп келеді.Конситуция заңы - дегеніміз балалардың дүниеге келген күннен бастап өзіне есім және азаматтық алуға,өз ата- анасын танып білуге,олардың тарапынан қамқорлық көруге,балалардың тегін білім алуына, тегін емделуіне,демалуға ,еркін өмір сүріп дамуына әр баланың өз құқығы бар.

Бізге осындай құқық берген Отанымызды аялап,Отан туралы,Ата Заң туралы тақпақтар айтайық.




Тақырыбы: «Ата Заңым ардағым»
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының конституциясы туралы түсінік беру, өз құқығын қорғай білуге үйрету.Мақал- мәтелдер,көркем сөздер арқылы балалардың тіл байлықтарын дамыту.Жаңа әдіс- тәсіл арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.Ата Заңымыз туралы білімдерін дамыта отырып,Отанды сүюге,патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекі- құралдар: Интерактивтік тақта,бейне көріністер.

Әдіс -тәсілі: Мнемотехника тәсілімен өлең жаттау,түсіндіру,сұрақ -жауап,көрсету,әңгімелесу.
Балалар қонақтармен үш тілде амандасады.

Слайд.


-Балалар,біз қандай Республикада тұрамыз?

- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Еліміздің Астанасы қай қала?

-Астана қаласы.

-Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Балалар,сендер еліміздің рәміздерін білесіңдер ма?

-Біздің еліміздің рәміздері: Ту,Елтаңба, Әнұран

Әнұран орындалады:

Балалардың тақпақтары:

1.Елімнің атын айтсам-Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам-Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атым-Қазақстан!

2.Қазақстан Республикам,мақтанышым,

Мен сені жырламаймын мақтан үшін

Құдайым маған құйттай жүрек берген

Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін.

3.Туға мойын бұрамыз,

Елтаңба деп тұрамыз

Әнұран боп асқақтар.

Біздің елдік рәміздер

4.Әнұраным жан ұраным,

Айтар әнім сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Әнұраны.



Тәрбиеші: Ата заңым ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын,

Жол бастайды болашаққа жасампаз

Әр бабың тарауларың,тармағың.

Алтын заңда парасатым,пайымым,

Алтын заңда күш қуатым жалыным

Сен қорғайсың бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн.

Конститутция 1995 ж. 30 тамызда бүкіл халықтың дауыс беруі арқылы қабылданды.Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайсар көзі- өзінің егеменді құқығын баян етті.Содан бері 30 тамыз елімізде конституция күні болып мерекеленіп келеді.Конституция заңы- дегеніміз балалардың дүниеге келген күннен бастап өзіне есім және азаматтық алуға,өз ата -анасын танып білуге, олардың тарапынан қамқорлық көруге,балалардың тегін білім алуына,тегін емделуіне,демалуға ,еркін өмір сүріп дамуына әр баланың өз құқығы бар.

Бізге осындай құқық берген Отанымызды аялап, Отан туралы, Ата Заң туралы тақпақтарын айтады.

Балалардың тақпақтары:

1.Жаса жаңа Астанам

Өркен жая бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!

2.Әр кез жанып таусылмайтын

Біз Отанның шырағымыз,

Талмай тұғын қос қанаты

Ата-баба пырағымыз.

3.Егемен елдің ұлымын,

Ертеңгі күннің нұрымын

Отанын сүйген азамат,

Болатын менде бірімін.

4.Еліне арналатын тілегі шын

Ей,ұлым Отанымның түлегі,

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің.

5. Ешкімде мін таға алмас елдігіме

Дауласып жармаспайды белдігіме

Бойымда Ата Заңның өріліп тұр,

Даламның кеңдігі де теңдігі де.

6. Бағынған өз Заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан күннен жерін суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін,

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

7.Бастайтын болашаққа бақ кемені

Осы жол халықтың да нақ сенері,

Халқыма адалмын деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып ант береді.

8.Қорға дейді баланы,

Қолда дейді ананы.

Ел тілегі жазылған,

Біздің Заң ең әділ заң.

Ән: «Менің отаным»

Тәрбиеші: Балалар, біз ержүрек, батыр елін қорғайтын азамат болуымыз үшін Отанымызды сүюіміз керек.Ендеше, Отан туралы мақал‑мәтелдер айтайықшы.

1.Орағың өткір болса,қолың талмайды,

Отаның берік болса жауың алмайды.

2.Отан -оттан да ыстық.

3.Отан- от басынан басталады.

4.Отан үшін отқа түс күймейсің,

Арың үшін алыссаң өлмейсің.

5.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

Ойын: «Досыңның есімін ата»

Шарты: Балалар өз есімін атап беріп,досының атын атау.

Тәрбиеші:Балалар, «Ата Заңым менің!» атты тақпақты мнемотехника тәсілі бойынша жаттап алайық. (слайд)

Оқы да білім ал деген,

От бол да мәңгі жан деген,

Ата Заңым менің!

Еңбек ет еркін жүр деген,

Асыр салып,ойнап кул деген,

Ата Заңым менің!

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»

Тәрбиеші: Балаларға өз тілектерін айтуды сұрайды.

Аспанымыз ашық болсын!

Елбасымыз аман болсын!

Заманымыз тыныш болсын!



Біз сіздерге сәттілік тілейміз!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет