Коммуникация Компания Компонент Компьютер Конференция Курс Лицей



бет1/5
Дата28.06.2017
өлшемі1,21 Mb.
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ



МСЖ құжат 3 деңгейлі

ОӘК

ПОӘК 042-18.2.1. 017/3-2013



«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Баспа №

жыл



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» пәні бойынша

«Экономика және құқық негіздері» (5В011500) мамандығы үшін
ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2013


МАЗМҰНЫ
1.Глоссарий

2.Дәрістер

3. Тәжірибелік-лабораториялық сабақтар

4. Студенттердің өздік жұмысы



1.ГЛОССАРИЙ
ГЛОССАРИЙ.

Басқару атауларына /терминдерге/ түсіндірме.

Адаптация

Актуализация

Алгоритм

Антропософия

Аттрактивен

Аудит


Банк

Демография

Департамент

Детермининация

Децентрализация

Инвестиция

Код

Колледж


Коммуникация

Компания


Компонент

Компьютер

Конференция

Курс


Лицей

Лицензия

Маркетинг

Менеджер


Менеджмент

Менталлитет

Миссия

Мониторинг



Мотивация

Мотив


Мотивирование

Параметр


Парадигма

Репродуктивті

Сегмент

Система


Стереотин

Стратегия

Термин

Тест


Тренинг

бейімделу

манызды мүмкіндіктен ақиқатқа көшу

данышпандык

тартымды

бақылау жасау тәуелсіз сарапшы

жинақ

халықтың дамуы, өсуі жөніндегі ғылым



әкімшілік

анықтау, анықталған

жергілікті мекемелерге орталык,

мекемелердің кейбір басқару міндеттерін

беру

узақ мерізімді ақша салымы



шарттаңба

орта оқу орны

қатынас

серіктік


құрама бөлік

есептегіш машина

мәжіліс

білім сатысы оқуы



орта оқу мекемесі

рұқсат беру

жергілікті үлгілеу

өнім, өтім

басқару маманы

басқару


сипат, ерекшелік, белгі

уәкілдік, міндетгі іс

ескерту

ҥгілеу


себеб жүйесі

себеб


дәлелдеме

жаңа үлгідегі мектеп

көрсеткіш

мысал, үлгі жіктелу

қайраткер

белгілеуіш

жүйе

жүйелі үлгілеу



түсірме

тоқырау, таптаурын

басқару өнері, басқару шеберлігі

басшысы


атау

сынақ


машықтандыру

2.ДӘРІСТЕР
«Кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» куpсы бойынша дәрістер тезистері.

1.ДӘРІС.

ТАҚЫРЫБЫ: «Кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» куpсының

мақсаты және міндеттері.

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

1. «Кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» куpсының мақсаты .

2.«Кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент» куpсының мақсаты және

міндеттері.

3. Педагогикалық менеджмент.

Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамга жоғары

білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын,

ынтымактастыққа кабілетгі, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам кажет.

Бұған жету үшін баскаруды дамытуға бағытталған жаңа модел керек. Педагогикалық

менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту

болып табылады.

Менеджмент ҥғымы — бұл адамдардың ынтымақтастығы, бұл адамдардың карым-қатынас

әдісі. Осы жерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалык

менеджменттің ықпалын көруге болады. Ол ушін педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде

болжау ұстанымдарын атуға болады.

1. Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.

2. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.

3. Ынтымактастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.

4. Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.

5. Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы,

Бұл қағидалар педагогикалык менеджментте бірқатар накты талаптар қояды.

Олар мына төмендегілер:

- адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен

мумкіндіктерін мойындау;

- адамга сену, оның өзін-өзі тануы жәнв мумкіндіктерін ашып көрсету үшін

жагдай жасау;

- өзара құрмет негізінде сенім ауанын қалыптастыру;

- бастамашылдықты, шыгармашылық бейімділікті, ұжымда өз арнын таба

білуді қалыптастыру;

- жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.

- Адамға құрмет және сенім - басқарудағы ізгілікгің ең жоғары көрінісі.

- Адамдарға тұлға ретінде қарау кағидасында педагогикалық менеджментті

немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер,

мұғалім деп емес, оны бүкіл кызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен,

бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп карастырған жөн. Мұғалім де

баланы онын үлгірімі тұрғысынан ғана окушы деп карамай, тұлға ретінде

қарастыруы шарт. Тіпті, оны баланың бойындағы барлык нәрсе қызықтыруы тиіс:

оның оқуы, дамуы, қызығуы, қоршаған ортасы, тұрмысы, т.б.

Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу кағидасы, яғни, баскарудан

қарым-қатынасқа көшуде мынандай қағидалар туындайды:

—мұгалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және

мектептің қоғамдык, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау;

—мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларга

деген ізгілікті қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен

жауапкершіліктерін бағалау;

—мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі

қағидасы - адамгершиік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа

лайық жүмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау,сараптау, сонан

соң шешім қабылдау.

Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді

бірікгіре, жұмылдыра білу.

Барлык қағидалардың мәні - мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз

әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау,

семинар, конференция, педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру

керек.

Осындай жанашылдык ықпал үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру



кажетгілігін талап етеді.

Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып

табылатын) 10 ережесін үнемі назарда үстау қажет.

1.Сҧхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ыкыласпен мойындаңыз және

мақтаудан бастаңыз.

2. Кемшілікті жанама тҥрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.

3.Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны сынаңыз.

4.Әнгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.

5.Адамға өз жетістіктерін қорғауға мҥмкіндік беріңіз

6.Мақтауға сараң болмаңыз.

7.Адамның ҥмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.

8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей үміт

туғызыныз.

9. Өз қалауынша, адам қызығушылыкпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.

10. Адамның өз бейнесін сақтауға мұмкіндік беріңіз.

Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі қарауындағы адамға сыйластыкпен карауға

үйретеді. Менеджменттік басқару әдісінде жеке тұлғаға сенімділікпен карау негізі

қаланған.Менеджменттің басты мақсаты — жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды

дамытуға бастайтын үлкен күш.Осы менеджменттік басқару арқылы педагогикалык қызметтің

сапалы нәтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады.Басқарудың педагогикалық

менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген деңгейдегі педагогтердің біліктілігін

көтерудегі негізгі міндет — әдістемелік сауаттылыкты меңгере алуы (ағартушылық, құзырлылық,

зерттеушілік мәдениеті).

Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылык

пен белсенділігін және өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамыту-шылыкты

басқару болып табылады.

№2.ДӘРІС.

ТАҚЫРЫБЫ: Менеджменттің маңызы,кәсіби білім беру жуйесіндегі рөлі мен орыны.

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

1.Менеджмент ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және тарихы.

2. Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері.МЕНЕДЖМЕНТ НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ?

1. Менеджмент ғылым ретінде

Менджмент ғылым ретінде 19 ғасырдың аяғымен 20 ғасырдың басында пайда болып,

өзінің дамуында бірнеше кезеңді бастан кешірді.Экономикалық әдебиеттерде басқару

ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» ағыммен байланысты екені айтылады.

Алғаш рет ғылыми менджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерок

Тейлор /1859-1915/. Ол өңдірісті ғылым басқаруға болады деген пікір айтты.Кезінде ғажайып

жаналық болған бұл құбылысты кеиін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты

дәлелдеді.Ф.Тейлор кәсіп орынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені

жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасау болатының» нысан

етті.Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қамтамассыз етті.Оның

теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд(1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919),

Лилиан Гилберт (1861-1919), т б өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Классик үлгідегі «әкімшілік» мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик,

Джеймс Муни,А. К.Райли басқарудың әмбебап принциптерің ойластырды.Сондай мектептің

негізің салушы франсуз ғалымы Анри Файоль(1841-1925)практикалық тәжірибені жинақтау

негізінде мынадай қорытындыға келді-«басқару-кәсіпорынның мүмкіңдіктерін барынша

пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу» . Ол сонда-ақ, мемлекеттік басқару ісін

ғылыми жолымен ұйымдастыру принциптерің қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.

Бихевористік «мінез-қҧлық» мектебі 20 ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші

жылдардың басында қарқың белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарың

басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі

американ экономисі – Элтон Мейо (1880-1949)болды.Осы ілім формалдық емес басқаруды

ұйымдастыру міндеттерің , еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді

ұсынды-«қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өңдіріс салаларымен еңбекті

гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды.Американдық

зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахам Маслоу (1908-1970)

бихевористік (мінез-қҧлық) мектептің өкілдері болып табылады.

Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде

басқарудың математикамен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сӛйтіп

«басқару ғылымы немесе сандық ықпал»мектебі өмірге келді.Бұл мектептің негізгі өкілдері-

американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х

Райфа. 20-шы ғасырдың 60-шы жылдарында менеджментте жана бағыт қалыптасты.Ол

«ситуациялық әдіс» деп аталды .Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір

ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасу жағдаймен байланыстыруды

талап етеді.Өзінің зерттеуіне бұл мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарастыруын,

олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді.Осы кәсіпорынның қызмет

жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше

варианттардан, мҥмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі

алынады. Басқару теорисы мектептерінің пада болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан

белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады.

Мысалы, басқару теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінең

қалыптасты-« ұйымдар санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші

дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның

басталуы.

Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсерімен

түсіндіріледі, дайындығы жақсы менджрлерге сұраным екіншідүниежүлік соғыстың

нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты.

«Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломераттар

Көлемі өсуі әсерімен, «қырғи-қабақ соғыс», өңдірістің құлдырауымен түсіндіріледі.

«Ситуациялық тәсіл»мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің ұлғаюы

әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық , бақталастық, жоғары технологиялық өнімнің өмірге

келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы биліктілікті талап ететінмамандықтардың

өсуімен байланыстырылады.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару

моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды.Қазіргі кезде басқарудың- американдық,

жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.

Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихы

Қазақстанда басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау

алады.Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді.Менеджментке деген

қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты

туды.Мемлекетті басқару жөнінде бідің еліміздің дамуының әрқилы кезеніңдегі әр түрлі

міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының

қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

10-12 ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-

950) болды.Ол жұлдыздармен басқа табиғи құбылыстырға қарай отырып,

мемлекеттің, шахарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған

әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді.Оның адамзат қоғамының

шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше

қызығушылық тудырып отыр.Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидің ғылыми

мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын

жүргізуде.Тәуке хан (1860-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогресивті мемлекет және

рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766)

болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару

жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі

принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті-жарғы»-бұл әкімшілік, азаматтық және

қылмыстық қққықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдармен

қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып табылады. «Жеті жарғыға»

сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды.Басқару халықтық

жиналыс-құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге

асырылды.

Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолг және қайтақҧрушы Әбілқайыр хан

(1693-1748) болды. Олжеке хандық құрып , Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды

тереториясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды.Алайда, Әбілхайыр

хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және

этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.

18 ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің

дамуында Қазақстанның териториялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекет

қайраткері Абылай хан (1711-11781) маңызды роль атқарды.Өзінің оңжылдық басқару

кезеніңде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.

19-ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым

ағартушы Ш.Уалиханов(1835-1865) маңызды орын алды.Ол орыс ағартушыларымен

ревалюцияшыл демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады.Сонымен бірге

патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс

мәдениетінен сусындау жолында жену үшін күресті, қазақтардың отырықшылықпен егін

шаруашылығына кӛшуін насихаттады.Ш.Уалиханов ағарту ісімен жеке реформалардың

рольін асыра бағалай отырып,басқару облысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар

өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мҥмкін деп жорамалдады.Ш.Уалихановтың мемлекетті

басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары

Ы.Алтынсарин(1841-1889)мен Абай Құнанбаев(1845-1904) әрі қарай дамытты.

20-ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен

ерекшеленеді.Олар-Ә. Жангелдин, Ә.Бөкейханов,М.Тынышбаев,М.Шоқаев, Л.Мирзоян,

О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, С.Мендешев, Н.Нұрмақов, Т.Рұсқұлов,Ғ.Тоқжанов, О.Жандосов,

Т.Жүргенов,С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров және т.б.Торғай облысында-Ә.Бөкейханов, Жетісуда-М.Тынышбаев, Түркістанда-М.Шоқаев қазақ халқының өкілдері

уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды.Бірақ олар отарлаушы басқару

жүйесінің шенеуніктері болып табылғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін

толық шеше алмады.

Қазіргі заманғы менджменттің қалыптасу тарихы мен дамуын 20-ғасырдың 50-ші

жылдарынан бастап қараса болады.Алғашқы қазақ инженер-менджері, өңдірісті

ұйымдастырушысы Қ.И.Сатбаев(1889-1964) болды. Ол бірінші болып кеңшілердің

еңбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген мотивация мәселелердің,

жұмысшылардың, кәсіподақтардың кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезқазғанның тау-кен байыту комбинаттарында еңбек процестерімен байланысты сұрақтарын шешті.Оның

басқару стильіне тән ең маңызды ерекшелік, ол зерттелетің нақтылы материалдарды терең

ғылыми жүйелеу мен жалпылау болатын.Бұл жерде нағыз білгірдің әдеттен тыс басқару ойы

көрінеді.

Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым ,

қоғамдық және мемлекеттік қайраткер Д.А.Қонаев (1912-1993)ерен ҥлес қосты.Олқырық

жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің

бірінші басшысы болды.Д.А.Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезенде респблика

бұрынғы КСРО-ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарына айналды.Мұнда елдегі түсті

металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті,

мұнай өңдірудің үлкен потенциалы болды.

20-шы ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуасиясы

айтарлықтай өзгерді.Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін

ауыстырды.Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестікпен сыртқы нарыққа

шығу перспективасын алды.Қазақстанда мемлекеттік кадр Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылы

19наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылды «Мемлекет жаңа жұмыс

орындарын ашады, адамның өз қаблет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың

табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді».

Қазақстанның Бүкіл дүниежүзілік Сауда ұйымына еңу қарсаныңда біз басқару

шешімдері салаларындағы ғаламшарлық бәсеке алдында тұрамыз.Президент мемлекеттік

қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есптейді:

а) халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек;

ә) өзін үшін пайданы көздемей , өзің қызмет ететін қоғамның игілігі туралы ойлау қажет;

б) «мемлекеттік қызметкер қалай тұрып жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек;

в) адамдардың сенімін жоғалтпайтындай етіп басқару керек.

г) лауазымға істі кәсіби түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек.

Қазіргі жағдайда біздің еліміздің тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан

экономикасында қазіргі менджментті қолданужөнінде теориялық тұжырымдама жасақтау

болып табылады. Менеджменттің қоғамдық мәнділігі біздің 20-шы ғасырдың 30-шы

жылдары сезілді.Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни

нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады.Мемлекетте дүниежүзілік білім

стандартына жауап беретін менеджмент сала бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс

басталды. Қазіргі кезде білім беру мен кадрларды кәсіби дайындау мемлекеттің

экономикалық старатегиясының құрамды элементтері болып табылады.

Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор

К.Ғ.Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993) ж. Кітабы болып есептелінеді.Біздің

пікірімізше , ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып

табылады.Біздің отандастарымыздың арасынан «Менеджмент негіздері» (1994ж) .

«Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001ж). Жұмыстарының авторы

К.Б.Бердалиевтыда атауға болады.Осы еңбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды

басқару ерекшелліктерін мазмұндады.

Қазақстандық кадр менеджменттінің мәселелерін алғаш рет Қарағандылық ғалым

Каренов Р.С. зерттеді.Одан басқа «Өңдірістік менеджмент» (1996ж), «Иновациялық

менеджмент»(1997ж), деген еңбектері бар.Ол «Кадрлық менеджмент» атты еңбектерінде

нарықтық экономикалық жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отаңдық тәжірибесін

қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында позитивті шетел тәжірибесін пайдалану

жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды.Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өңдірістік

менджменттің теориялық аспектілері Ә.Ә.Әбдірешовтың «Кәсіпорынның өндірістік

менеджменті (2001ж)кітабында келтірілген. Оның еңбегінде стратегияны, жоспарлауды,

еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық конюньктура

жағдайында қаржы менджерінің рольі айтарлықтай өсті. Қаржы менеджменттініңде

мәселелері де Қазақстанның ғалымдарының еңбектерінде көрініс табуда.

Осылайша Қазақстандық менеджменттің теориялық сонымен қатар қолданбалы

аспектілері зерттелініп жатыр және арықарай зерттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын

білу менеджменттің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен

роль атқарады.

3. Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік

қорымызға «менеджер», «менеджмент», ұғымдары тез енді.Менеджмент сөзін қазақша дәл

аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады.Алайда

сөзбе-сөз аудару сӛздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермеиді. Күнделікті тұрмыста

менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен

шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түпкі төркіні гректің «манус», яғни «қол,күш»

деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, аттізгінің ұстау,

меңгеру шеберлігің білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып,

адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін

болды.

Ағылшын тіліңдегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік білдіреді:



а) адамдармен қарым-қатынас жасау үлгісі, әдісі;


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет