Коммуникация Компания Компонент Компьютер Конференция Курс Лицей



бет2/5
Дата28.06.2017
өлшемі1,21 Mb.
#20358
1   2   3   4   5

ә) билік және басқару өнері;

б) шеберліктің ерекше түрі әкімшілік дағды;

в) басқару органы, әкімшілік бөлігі. (1)

«Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған американдық

оқулықта төмендегідей анықтама берілген: «Менеджмент-бұл ұйым мақсаттарына жету

үшін адамның материалдық және қаржылдық ресурстарды ұтыды пайдалану процесі»

(11).


Э.А.Уткин «Курс менеджмента» еңбегіңде менеджментті былайша түсіңдіреді:

Менеджмент- бҧл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге

жету үшін менеджменттің әлеуметтік- экономикалық механизімнің түрлі принциптерін мен

қызметтерің, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше

түрі.(72)

А.А.Рудгиннің менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша сипаттамасы

қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент- бұл әрі өнер, әрі ғылым.(66)

Менеджмент- бҧл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің

тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың

принциптерінің, әдістерінің құралдарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай

сипаттаманы Вачугов Д.Д, жетекшілік еткен ғалымдар тобы «Основы менеджмента» деген

кітапта береді.(75)

Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше

қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталды. Осыған орай белгілі

бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетің менеджменттің негізгі алты түрі

тармақталады:Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон

мен плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы

анықтамасына сәйкес келеді.

1. Мемлекттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және

сондағы қызметкерлерге билік жҥргізуді жүзеге асыру.

2. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің еркше түрі. Қарулы

күштерді ұйымдастыру және соларға жутекшілік ету.

3. Құрама одақтық (ассосиациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік

мекемелердегі секілді , мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетің ұйымдастырып, басшылық

ету қажет.

4. Бизнес- менеджмент. Үкіметтіктіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетің

менджменттің ерекше түрі.

5. Мемлекеттегі меншіктік менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі.

Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік

және әлеуметтік проблемалар мен ой –пікірлерде ықпал етеді.

Волфьганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп

жазды : «Менеджмент – бұл жұмысты істеп тұрған комерциялық кәсіпорынның арнайы

органы». Егер батыста кез-келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол

кәсіпорындағы бҥкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын тек

басшылар(3).

№3.ДӘРІС.

ТАҚЫРЫБЫ: Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жҥйелі көзқарастар

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

1.Педагогикалық жүйе әлуметтік жҥйенің түрі ретінде.

2.Педагогикалық үрдістің козғаушы куштері.

Көптеген ғалымдар басқарудың функциональды жүйесіне:

1.Болжау.-2.Жоспарлау.-3. Шешім қабылдау.-4 Ұйымдастыру.-5 Бақылау.-6 Есепке

алуды жатқызады.

Білім беру мекемелерінде негізге алынып жүрген Ю.К.Бабанскийдің, П .Т.

Фроловтың, В.А.Сластениннің оқу құралдарында көрініс алатын басқару қызметінің

жүйесі :


1.Жоспарлау;2 Ұйымдастыру;3 Ынталандыру;4 Бақылау; 5. Нәтижелерін талдау;

Басқару қызметі жүйесінің циклограммасы:

Педагогикалық талдау (П Т )

Мақсат қою және жоспарлау (МҚЖ)

Ұйымдастыру (Ҧ)

Бақылау (Б)

Реттеу (Р)

Коррекциялау (К)

Мектеп басшысы ең алдымен, басқару процесін емес, керісінше. соңғы нәтижені

бақылауы тиіс. Немесе, басшы мектеп пен мұғалімнін жұмысын көрсеткен нәтиже

бойынша тексеруіне болады

:

мұндағы максат - тексерілуші объектінін тәжірибесін



анықтау және жетілдіру. Мұндай жағдайда мектеп басшысының баскару жұмысының

тиімділігі мектеп баскарудағы жұмыс сапасының денгейін арттыруымен және

оқушыны тұлға ретінде калыптастырудағы маныздылығымен ерекшеленеді.

«Басшылық жасау - бұл да басқару, бірақ адамның адамды басқаруы», - деп Э.И

Моносзон өте орынды айткан. Байкап қарасақ, педагогикалық басшылық жасау

педагогикалык ҥрдісте адамдар арасындағы ұзақ қарым-қатынасты негізге алады.

Педагогикалык басшылык жасаудың ерекшелігі де осында, ол әлеуметтік қызмет

болып анықталған оқыту мен тәрбиелеуді іске асыратын адамдардың іс-әрекетіне

бағытталады.

Басшылық жасау - педагогикалык талдау,

-жобалау,

-ұйымдастыру,

-реттеу.

-есепке алу және бақылау сияқты басқару кызметінің бір саласы.

Баскару жалпы білім беретін мектептегі сияқты кез келген динамикалық жүйеге тән.

Мектепті баскару- ол тек мектеп әкімшілігінің іс-әрекеті емес, ол мектеп кұрылымын

байланыстыру тәсілі, оның тұтастығы және ортамен өзара карым-катынасының

сипаттамасы, Баскарудың осы, ішкі және сырткы байланыстары мен қарым-катынастары

мектептің интеграциялық жүйесінің тууына себепші болады.

. «Басшылық жасау» ұғымы директордың адамдарға (орынбасарларына,

мұғалімдерге, косымша қызметкерлерге) тікелей әсер ету ерекшелігін бейнелейді.

Осылайша ықпал ету жолымен ол оқу-тәрбие және баска процестерді және

біртұтастықта құрылатын мектеп жұмысына жетекшілік етеді. Бұл директор

кызметінін бірінші блогы-өзіндік басқаруды құрайды.

Директор кызметінің екінші блогы - педагогикалық блок. Өткен жылдардағы

алдынғы катарлы педагогтар директордың жұмысы өзінің педагогикалык

ерекшелігімен айкындалуы тиіс, оньң басқарушылық ықпал жасауы баскару

объектісінде де (мұғалімдер мен окушылар), кызмет жасау аясында да (мектеп) ерекше

сипатта болуы керек деп санаған. В.А. Сухомлинский: «Жаксы директор - өзі

оқытып жүрген балалар үшін де, қол астындағы кызметкерлер үшін де, ең алдымен,

жақсы ұйымдастырушы, тәрбиеші және дидакт», - деп ескерткен.

Директор қызметінің үшінші блогы - карым-катынастык (коммуникативтілік) блок.

Баскарудың әлеуметтік - педагогикалық әдісі, оның: окытушылар ұжымын

топтастыру. қоғамдык көзкарасты калыптастыру, тұлғааралық карым-катынас

тиімділігін. канағаттылык сезімін тудыру, ұжым мүшелерінің шығармашылык

белсенділігін көтеру сиякты компоненттерін бөліп көрсетеді. Директордың өз

карауындағы кызметкерлерімен. ата-аналармен карым-катынасы басқару жұмысының

маңызды жагын көрсетеді, ал бұл болса директордың іс-әрекетінде көрсетілген

қарым-катынас блогының дұрыстығын дәлелдейді.

Төртінші блок - зерттеушілік блок. Бұл директор жұмысынын, әсіресе,

соңгы жылдардағы жұмысында анык көрініс алады Педагогикалык блок

басшылык жасауды,. зерттеушілікгі. карым-катынасты кажет етеді және оларды

оңтайлы ұйымдастыру аркылы жүзеге асады. Ұйымдастыру, біріншіден, мекгептегі

барлык сатыларды баскару субъектілерін түгел камтиды, екіншіден, педагогикалық

ұжымның барлых мүшелерінің әрекеттестігіне. Ынтымактастығына, ғылыми-шыгармашылык

ізденіске, бірлесе баскаруға, өзін-өзі баскаруына жағдай жасайды,

үшіншіден сенімділікке, демократиялық, ізгіліктік, гумандык процеске негіздейді.

Ұйымдастырудың нәтижелі болуы директордын басқару әдістерін тиімді

пайдалана білуіне байланысты (ұйымдастырушылык-әкімшілік, экономикалық,

педагогикалық, әлеуметтік-психологиялык т.б.}.

Басқару ңызметі мынадай қағидаларды:

-басқарудыц жариялылъқ қағидасын (оку орнының алдына қойған мақсатына

жетуі үшін барлык ұжымды камтуды көздейді);

баскарудың экономикалъқ қағидасын (баскару шешімдерін жүзеге асыру,

кабылданған шешімге және олардың тепе-теңдігіне байланысты каржы ресурстарының

шығынын аныктайды және қаржыландырудың көздерін іздестіреді);

-оңтайлы инновациялық қагидасын (стандарттык баскару мәселелеріне жаңа

колайлы жағдайды іздестіреді, оқушылардың шығармашылық белсенділігін

калыптастырады әлеуметтік қағидасын (ұжымнын әлеуметтік мәселесін шешуге

бағытталады):

-басқарушының құзырлық қағидасын (баскарушының кәсібилік жағынан барлык

деңгейдегі басшыларға қойылатын талаптың бірте-бірте өсуін пайымдайды)

тірекетеді және нақты функционалдык жүйе арқылы жүзеге асады

-Максат қою мен оқу-тәрбие процесін жоспарлауды жетілдіру педагогикалык

жүйенің үнемі даму, козғалыс жағдайында болу кажеттігінен туындайды. Бүгінгі мектеп

басшыларына тән ортақ кемшілік олар. Көбінесе, «Неге қол жеткізу керек?» деген сұрақтың

мәнін ашудан бұрын «Калай қол жеткізу керек?» деген сұраққа жауап беруге асығады, яғни

максатты тұжырымдап алмай, тікелей міндеттерді белгілеуге кіріседі. Мұндай әдіс,

әрине, тиімді болмайды, бұл арада басқару циклі жоспарлау қызметінен көрініс

табатын максат коюдан және міндеттерді анықтаудан басталады.

Егер бүгінге деиінгі жоспарлау мектеп ұжымы қьізметіне берілген кешенді

талдау негізінде жұмысты корытындыласа, содан соң алдыңғы баскару цикліне баға

беріп, еңбек ұжымы кызметінің накты максаты мен міндеттерін және оларға қол

жеткізу кұралдарын аныктаса, соңғы уакытта ол шешім қабылдаумен

байланыстырылады. В.А.Сластениннін сөзімен айтқанда, мектеп басқарудағы

жоспарлау зерттелетін кұбылысты педагогикалық талдау нәтижелерімен бағдарланған

максаттын аракатынасы негізінде шешім кабылдау болып саналады.

Баскару кызметі жүйесінің ұйымдастыру кезеңінің мазмұны мұғалімдер мен

окушылар, педагогикалық ұжым, ата-аналар және жұртшылык арасындағы өзара

катынасының сипатымен аныкталады. Іскер. өзара қарым-катынастық сенімге

құрылған дербес ұйымдар мен оқушылар ұжымынын көптеген шығармашылық

бірлестіктерін құруға, оларға мектептің барлық окушыларын тартуға, олардың

шығармашылык кабілетін дамытуда барлык мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай

жасайды. Бұл жерде барлық баскару буындарының қызмет мазмұнын анықтау,

олардың қызметіндегі өзара әрекетті (әрекеттестікті), үйлесімділікті

ұйымдастыру, олардың арасында субординациялық, координациялық және кері

байланыс қатынастарын орнату айрыкша мәнге ие.

Мектеп басшысының міндеті - барлық басқару органдарының ыкпал ету

аймағын дәл аныктау, оларға белгілі бір өкілеттіктер (кұкыктар) беру жэне оларға

жүктелген міндеттерді орындау әдістемесі бойынша тұракты түрде нұсқаулар беріп

отыру, олардың кызметін ынталандыруды және координациялауды камтамасыз ету,

педагогикалык процеске қатысушылардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын,

мінез-кұлык мотивтерін дұрыс бағалау және ұжым мүшелерінің вертикаль бойынша

да. горизонталь бойынша да ықпалды қарым-қатынасына кол жеткізу болып

табылады.

Директордың орынбасарлары оку жұмысы бойынша, тәрбие жұмысы

бойынша, оку-өндірістік жұмысы бойынша/ кәсіптік мектеп үшін/, бейімді оқыту

бойынша, ннновация бойынша, оку үрдісін реттеу немесе ұйымдастыру мәселелері

бойынша, экономика және кәсіпкерлік жұмысы бойынша шаруашылық жұмысы

бойынша;


Окушылардын кызығушылыктары бойынша әртүрлі топ жетекшілері

Конференция, мектеп кеңесі, педагогикалык кеңес, директор жанындағы кенес,

үйлестіру кенесі. экономикалык кеңес, эксперттік кеңес, аттестаттау комиссиясы

емтихан комиссиясы

Ата-аналар комитетінің жиналыстары, үйлестіру кеңесі

Окушылар комитетінің жиналыстары, үйлестіру кеңесі

Мұгалімдер кеңесі,

үйлестіру кенесі

Бірлестік, кафедра, мектепшілік топтар мәжілістері, үйлестіру кеңесі

Функциалды кызмет жетекшілері жанындағы кеңестер, үйлестіру кеңесі

Әдістемелік ғылыми-әдістемелік кеңес, директордың орынбасары жанындағы кенес,

үйлестіру кенесі

Психологиялык білім беру кафедрасы,Эстетикалык білім беру

кафедрасы,Политехникалык білім беру кафедрасы,Гуманитарлык білім беру

кафедрасы,Бастауыш білім беру кафедрасы.

.№4.ДӘРІС.

Тақырыбы:Жүйе және баскару.

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

1.Білім беру менеджері қызметінің( принциптері).

2 Білім беру менеджері қызметінің әдістері.

Білім беруді баскарудың мемлекеттік сипаты КР«Білім туралы" заңда

белгіленген мемлекеттік саясат принц иптерін мынадай бағыттармен

айкындайды:

-білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттык құндылықтардың.

адам өмірі мен денсаулығын. Жеке тұлга бостандығының басымдылығы.

Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншіілікке тәрбиелеу;

-республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің

біртұтастығы, аз ұлттардын білім бсру жүйесінің дайындығы.

даму деңгсйі мсн ерекшелікгеріне бейімделгіштігі;

-білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі:

-білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік

коғамдык сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.

Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын

мемлекеттік білім стандарттарын сактау арқылы лы іске асырады. Білім

стандарты оқу багдарламасының м індеті минимумы мен оқушылар жүктемесініің

максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды Білім

басқару органдарының міндеті білім алуды формальды түрде қамтамасыз етумен

шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі айқындалуына қолайлы

жағдай туғызады

Білім беру саласында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім

беруді басқарудың мемлекеттік органдары курылады олар республикалык,

облыстық, қалалық және аудандық баскару мскемелері.

Мемлекеттік басқару органдары- білім және гылым министрлігі, облыстық

білім департаменттсрі өздерінің құзырлығы шеңберінде білім берудің мақсат

бағдарламаларын жасайды және іскс асырады; мемлекеттік білім стандарттарын

жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айкындайды: білім

мекемелерін қаржыландырады және көптеген мәселелерді шешеді.

ІІедагогикалык менеджмент адам қызметін ғылыми тұрғыда басқару принципіне

сүйене отырып, объектінін білім бсру аясындагы ҚЫЗМЕТІ аркасында мына екі

бағытты бірліктс ұстайды:

1.-Педагогтар мен студенттерді басқару.

2.Оқу тәрбис процесін жетілдіру.

Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз -білім бсру менеджерінің

қызметіне тән манызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың

объективті заңдылыкта-рының көрінісі және жеке тҥлғалар арасындагы психологиялық қарым-

қатынаска негізделген біртұтас педагогикалық процесс.

Білім беру менеджері қызметінің негізгі принциптеріне мыналар жатады:

1 Менеджменттің педагогикалық бағыттылығы

2.Накты және диагностикалык максат нысаны көздері.

З.Қызметтік мақсатқа лайыктылыгы.

4Баскару урдісінің пәрменділігі;

5.Баскару қызметін бөлу және кооперациялау.

б.өзін-өзі жүйелі жетілдіру.

Енді осы айтылган принциптерге токталып көрелік.

1.Білім беру менеджменттінің педагогикалық бағыттау принципі. Мұнда

барлык деңгейдегі басшылык қызметті сол оқу орнындағы берілетін негізгі кәсіп,

я білім САЛАСЫ бойынша педагогикалық процеске бағыттау Кез-келген білім беру мекемесі оқыту

мен білім беруден басқа да қосымша кызметтер атқарады Мысалы кәсіптік білім беру оку

орнын айтатын болсақ ;

-өндірістік қызмет, яғни белгілі бір онімді шығара отырып тұрғындарға

ақылы қызмет көрсетуіде мүмкін;

-уйымдың-басқару қызметі, жастарды окуга тарта отырып. оларды я бригада

бойынша өндірістік оқыту урдісінің-жумыс орнын істеуге баулиды; басшы және

инженер-педагогкадрлардык іріктеумен және жумыс орнына орналастырумен

шұғылданады.

-Материалды-техникалың қызмет бойынша оку тәрбие жұмысындағы

материалды-техникалык базаны дамытуды-ЖӘНЕ техникалық оқыту кұралдарын

дайындауды көздейді.

-қаржы-шаруашылық қызметі аркылы білім беруді-каржыландыруды

камтамасыз етеді, қызметкерлерге жалақы-төлеу, студенттерге шәкіртакы беру,

тиісті толемдер аудару мәселелерін камтиды.

-медициналық және санитарлың-гигиеналық қызмет саласы бойынша оку

орны окытушылары мен студенттер курамын камтиды, осы аталған қызметтсрдің

барльғы дерлік негізгі сала кәсіптік оқыту меп тәрбиелеу ісі төңірегінде топтасуы

тиіс.

2.Менеджердің диагиостикалық, қызметінің нақтылығы және



мақсаттылық принципі бойынша педагогикалық ұжым мен оқушылар БІлім

деңгейін кез-келген уақытта диагностикалык талдау жасауға мумкіндігі бар.

Талдау - кез келген объектіге не кимылдын іс-әрекет нәтижесін кажетті

жагдайда жеткілікті саналары мен касиеттерін айқындау, оларды құрамаларға, не

бӛліктерге бӛлу арқылы жүргізу, салыстыру және біртіндеп зерттеуді бейнелейтін

танымның логикалық тәсілі

3.Қызметтік мақсатқа .лайыктылык принципі жас ұрпақтың

кәсіби біліктілікгілігін жогары деңгейде окытуға кол жеткізуге негізделген.

Қызметтік мақсатқа лайьіқтылық принципі менеджерден тұракты шыгармашылық

ізденісті та лап етеді. Ережелер, кызметтік міндеттеме, ішкі еңбек тәртібінің

ережесі, оқу-тәрбие қызметіне ғылыми негізделген талаптар, түрлі нұскаулардың

ішіндегі қажеттілерін гана алып. менеджер өз жұмысында аз жұмыс нұскауларлан

бас тартуы керек,ол білім мазмунын заман талабына сай әлеуметгік сұраныска

негіздеп, нарыктык бәсекелестікке кабілетті мамандар әзірлеуге бар күш-жігерін

жұмсауы кажет

4. Баскару үрдісінің пәрменділік принципі баскару кызметі мен әкімшілік

басшылықтың сатылық үлгісінің өз ара үйлесімді әрекет етуін талап етеді. Оқу-тәрбие барысында максатқа бағытты ұйымдастырылган іс-әрекет аркылы,

окытушылар мен тәрбиеленушілср карым -қатынасы аркылы тәрбиеленушілер.

Санасына, еркіне көңіл-күй сезіміне жүйелі ықпал жасайды. СОНЫҢ арқасында

әлеуметтік тәжірибе беру, оны карқынды меңгерту жузеге асады

5.Баскару кызметін өзара бөлісу принципі менеджерден ұжымдық

шығармашылық пен ұжымдық сана қызметіне арка сүйеуді талап етеді. Әрине,

атқарылатын жұмыс ауқымын басшының жалғыз өзі істеуі мҥмкін емес,бірақ

кейбір жеке кызметкерлсрдің тиімді ұсыныстарына тұсау болмай,оларға колдау

көрсетіп, кажет болса сенім білдірген жөн.Қазіргі демократиялык қоғам құрып,

егемендігіміздің еңсесі көтеріліп жатқан кезде, әсіресе, кәсіби білікті

мамандарды даярлау кезінде бастамашыл топ әрекеттері қажет-ақ.

6. Өзін-өзі жетілдірудің жүйелі принципі менеджердің теорияда ңол

жеткен табыстарын алдыңғы қатарлы практикаға ендіре білу мүмкіндігіне

негізделген. Ол білім берудің акмеологиялық заңдылықтарын орындауды

басшыдан да, педа гогтан да талап етеді. Олар

- өзін-өзі сыйлай білу

-менеджердің жогары нәтижелі көрсеткіштерге өздігінен әрекет ету

заңдылығы оның педагогикалық шеберлігін шыңдауына да, басшылық қабілетін

жетілдіруіне де тікелей байланысты.

- технологиялың заңдылықтар менеджерден табыстың оңай келмейтінін,

өнім өндіру, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін көтеру жаңа

технологияны қолдану мен оны ұ дайы жетілдіріп отыруын талап етеді:

-Орнықтылық заңдылығы- өз ісінде баскару заңдылықтары негізін

орнықтыру, психологиялық және икемділігі жағынан оны қолдана білуінде. Әрине,

басқа біреудін улгісін кӛшіре салу жақсы нәтиже бере алмайды, кейбір

элементтері болмаса, оның байланысуы да қиын

-біртұтастық заңдылығы менеджердің басқаруында мейлі қай сала болса

да өзіне тән тәсілді біртұтас етіп қолдана білуінде.Педагогикалық менеджмент

әдістерін шартты түрде мына 4 топқа бөліп жүр:

1Психо – педагогикалық әсер ету әдісі:

2.Әкімшілік баскару әдісі:

3.Экономикалык әдістер;

4.Қоғамдык пікір аркылы әсер ету әдісі;

1.Психо-педагогикалық әсер ету әдісі. Ол негізінен менеджердің

психологиялык және педагогикалық заңдылықтарды игертіп, оны өмірде саналы

түрде жүзеге асыру қабілеттілігіне байланысты. Ол кеңес,өтініш, тілек, талап, өкім

беру, мадақтау, алғыс білдіру аркыл ы орындалуы мҥмкін. Осы әдістердін түрі

аркылы ұжымның әлеуметтік дамуын жоспарлауға , ішкі психологиялық колайлы

ахуал туғызуда, карама-гындағылардьң творчествалык белсенділігін туғызып,

жұмысқа деген кызығушылығын арттыруға мҥмкіндік жасайды. Ұжым

мүшелерін моралдык және материалдык көмек көрсету арқылы олардың жеке

психологиялық кабілеттерінің ашылуына мҥмкіндік жасайды. Басшыға сенімі

артады. Бұл әдіс ужымды басқарудың демократиялык стилін қалыптастырады.

2 Менеджердің әкімшілік жұмыс әдісіне негізінен ұйымдастыру-жарлылық

іс әрекеттерінің мазмұны жатады. Жоғарғы атқарушы биліктерден келгең турлі

нұсқаулар, каулылар, шешімдер және ұжымның ішіндегі ұйымдастыру және

жарлык беру, бұйрык, шешімдер мен өкімдердің орындалу барысы, өндірістік

жұмыстар мен тҥрлі есеп берулер жиынтығы.Әрине, әкімшілік-жарлықтық

жұмыстарға тым үйір болуда,менеджердің творчествалық кабілетін шектеп,

ұжымның өзіндік жұмыс істеу мүмкіндігіне тежеу жасауы мҥмкін есте ұстаған жөн.

3. Экономикалық әдіс менеджер үшін экономикалык

стимул кызметін атқарады.Педагогикалык ұжым мүшелерінің

еңбек акысы педагогикалык стажы мен оқу - тәрбие жұмысына, сіңірген еңбегіне

қарай, атағы, санаты мен біліктілігіне - карай төленетіні - олардың экономикалык

қызығушылығын арттырады. Әрбір бригада мүшесіне косымша коэффициентті

өндірістік кәсіпорын төлейді. Бұл әдіскс оларды акшалай, зат тай сыйлықка ұсыну

да жатады.

4. Қогамдық әсер ету әдісі оқытушылар мен студенттсрді оку-тәрбие

жұмысы мен ужымды баскаруға кеңінен-жұмылдыру болып табылады. Бұл

ұжымды баскару да демократиялык принципке негізделген,. Бәсекеге кабілетті

жастардын өсіп-жстілуіне жол ашады. Әрбір тапсырылган іске мұқият. аскан жауапкершілікпен карап,. тындырымды етіп ісгеуге тырысады. Олардың

құқыктары мен еркіндігіне кең жолашылып, бір-біріне деген, басшыларға деген

сенімді көзкарас ұжымда творчествалык кабілсті жоғары белсенді топ арта

түсуіне ыкпал жасайды.

№5.ДӘРІС.

ТАҚЫРЫБЫ: Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы.

ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:

1.Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы

2.Білім беру менеджерінің кәсіби біліктілік өлшемі. '

Білім беру менеджерінің кәсіби еңбек тиімділігін артты рудың негізгі өлшемі

мына төмендегілер:

-оңтайландыру (қажеттілік пен жеткіліктілік)дегеніміз мақсатка жету

жолында күш - жігердің жеткіліктіболуы, сондай-ак құралдар мен тиісті мерзімнің

шешімді орындауда мүмкіндіктің мейлінше жасалуы, ол істі оң шешуге әсерін тигізеді;

— субъектінің қызмет тәсілдері мен әдістерінің ти-імділігі, олардың біртұтас азара байланысты болуы;

- менеджмент субъектісінің іс-қимылының наңты жолына жумсалуы. Багдарлама мен жүйелі басқару ісінің үйлесімділігі

- атқарылатын жұмыстың перспективалық багыттылығы

-барлык қимыл іс-әрекеттің қойылған мақсаттар мен міндеттерге Байланысты актуалдығы (кӛкейкестілігі);

-оқу-танымдык процесте оқушылар кызметінің белсенділігі мен дербестігі.

Осы өлшемдерге сәйкес білім беру менеджерінің кыз метін мына төмендегі

5 денгейге бөлмекпіз.

І.Репродуктивті деңгей. Мұнда басшы педагогтар жұмысы туралы ақпар

жинап оны ұжымға хабарлаумен ғана шектсліп кәсіби оқу-тәрбие жұмысының


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет