Коммуникативтік құзыреттілікті бағалауда сұхбат-тесттіңмаңыздылығы



Дата27.12.2016
өлшемі62,87 Kb.
#6073
ӘОЖ 81’243

А. Е. Саденова., Л.С. Торохтий., И.В. Мацко

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Шетелдіктердің тілдік және

жалпы білім беру дайындығы

кафедрасы

Коммуникативтік құзыреттілікті бағалауда сұхбат-тесттіңмаңыздылығы
Тіл оқыту түрлі талаптар мен тәсілдерге бағытталған, түрлі бағдарламамен жүргізілген әр түрлі жоғары оқу орындарынан тіл бойынша алынған тесттер арқылы бағалауды салыстыруға келмейді. Осының бәрі коммуникативтік құзыреттілік тесттерін, прагматикалық тесттерін, соның ішінде сұхбат-тестті жасауға алып келді.

Сұхбат-тесттің басқа тесттерден ерекшелігі белгілі бір бағдарламаға бағытталмайды, бағалау барысында оқыту шартына, оқыту ұзақтығына, алдыңғы тесттің бағасына мән берілмейді. Сұхбат-тесттің мақсаты шынайы өмірге жақын жағдаяттағы коммуникативтік міндеттерді белсенді түрде шеше алу қабілетін бағалау, ақпаратты жеткізу үшін тілдік құралдарды шығармашылықпен қолдану болып табылады.

Ауызша құзыреттілікті сұхбат-тест арқылы тексеру екі өзара тығыз байланысқан үдерісті көрсетеді - тестіленіп жатқан сөйлеудің репрезентативтік үлгісін және осы үлгінің бағасын алу.

Сұхбат-тест толығымен орыс, қазақ тілдерінде өтетін және тест тапсырушының дайындық деңгейіне байланысты 10 минуттан 30 минутқа дейін жалғасатын әңгімелесуді білдіреді. Әңгімелесудің мақсаты – сынаққа қатысушының коммуникативтік құзыреттілігін бағалау негізінде тілдесімнің үлгісін алуға болады. Әңгімені үнтаспаға жазып алып, одан кейін бағалауға болады.

Әдетте, мұндай тест стандартқа сай өтеді және тест жүргізетін оқытушының шеберлігі әңгіме жүргізу қабілеттілігіне байланысты болады, яғни тесттің өтуі сұрастыруға ұқсамау керек, тестке қатысушы өзін еркін сезініп, жеңіл сөйлесу керек. Бұл үшін оқытушы тестке қатысушының сөзін бөлмей, қатесін түземей, үйретпей, көмектеспей, соңынан қайталамай қызыққан серіктес рөлін ойнау керек. Әңгімелесуге арналған сұрақтар нақты құрылған болу керек. Оқытушы сынаққа қатысушыға міндетті түрде ынталадыратын ескертпе сөздерді қолдану керек: Өте қызық екен! Рас па? Шынымен бе? Дәлірек айта аласыз ба? Ал кейін не болды? ж.т.б.

Сұхбат-тесттің мазмұны тестке қатысушының жауабына байланысты болып келеді, студент үшін қызық болып табылатын тақырыпқа да, лингвистикалық деңгейіне де мән беру керек. Мысалы, егер тестке қатысушы спортқа қызығатын болса, онда спорт тақырыбына әңгіме жүргізген дұрыс болады. Сондықтан cұхбат-тест үшін материалдар түрлі тақырыптарға дайындалады: жұмыс, оқу, іскерлік жұмыс, музыка ж.т.б. Әңгіменің логикалық дамуы және шынайылығы оқытушының тестке қатысушының жауабынан әңгіме үшін тақырыптарды таңдай алу қабілетіне негізделген.

Сөйлеу өмірге сөйлеушілердің коммуникативтік әрекеттері арқылы ендірілген. Коммуникативтік әрекетке бірнеше адам бір уақытта қатысады, әрбір адам аталған әрекетке өз үлесін қосады, біріккен әрекет тек осылай ұйымдастырылады. Оның жүруіне қатысушылардың ақпарат алмасып қана қоймай, әрекетті ұйымдастыра алу қабілеті де енеді. Коммуникация біріккен әрекет негізінде жүзеге асады, өйткені осы біріккен әрекетте субъекттердің бір-бірімен ақпарат алмасуы жүзеге асып, яғни біріккен әрекет түрі мен нормасы жасалады. Коммуникация жеке тұлғалар арасында жүзеге асады: тұлғааралық қатынас – оның жоғары мәні.

Коммуникативтік бағыт бойынша тіл меңгеру ана тілін меңгерудегі ұстанымдарға негізделеді. Әрбір инофон бірінші кезекте сөйлеуді үйренуі тиіс. Ал грамматика коммуникация барысында дамиды. Демек меңгеру мазмұнын грамматика емес, қатысым табиғаты айқындайды.

Байқауымызша, комуниканттар арасындағы байланыстың ойдағыдай дамуын қамтамасыз етудің толып жатқан экстралингвистикалық шарттары бар. Мысалы, серіктестің бірі сөйлеуші ретінде, екіншісі тыңдаушы ретінде (немесе алма-кезек) өздерінің коммуникативтік рөлдерін дұрыс атқара білуге тиісті дағды, білім, біліктілік, әрекет т.б. Коммуниканттардың сөз саптауы тек жасына ғана емес, жынысына, білім деңгейіне, өскен ортасына, қызметі, кәсібіне де байланысты екені тағы бар.

Коммуникант – белгілі бір әлеуметтік жіктің өкілі. Адамның дағдылы іс-әрекеті немесе әлеуметтік әдебі, оның ішінде сөз әдебі, сол әлеуметтік жікке, ортаға лайық болады. Коммуниканттың жас ерекшелігі (бала, ересек, қарт), жынысы (әйел, ер), мекені (ауыл, қала тұрғыны), кәсібі, жұмысы, отбасы орны (әке, шеше, үй мүшесі) оның әлеуметтік белгілері болып табылады.

Сұхбат-тест құрылымы бойынша міндетті төрт түрлі сөйлеуден тұрады: танысу, жалғастыру, тексеру, қорытынды. Бұл тесттің тұрақтылығы мен бағасының сай келуін қадағалау үшін міндетті түрде қажет.

Тілдесімнің танысу түрінде оқытушы cұхбат-тест жүргізеді, тестке қатысушымен танысады, онымен сәлемдеседі, оның тілдік дайындығының деңгейін алдын ала білу үшін және тестке қатысушының берілген жағдаятты түсінуі үшін оған жеңіл әрі қажетті сұрақтар қояды. Одан кейін тестке қатысушыға еркін тілдесу деңгейін анықтау үшін бірнеше сұрақтар қойылады. Емтихан қабылдаушы жауапқа қанағаттанып, деңгейін анықтаса, оның сөйлеу құзыреттілігінің жоғары екенін білу үшін күрделірек тапсырмалар береді. Мұндай тапсырмалар тест алу барысын төмендетуге әкелуі мүмкін – тестке қатысушы қинала бастайды, көп қате жібереді, ым-ишараттар жасайды, жауап беруден бас тартады ж.т.б.

Сұхбат барысында, әдеттегідей, деңгейін анықтау үшін және құзыреттілігінің жоғары екенін байқау үшін сұрақтар бірінен соң бірі қойылады. Тестке қатысушының коммуникативтік қабілетінің деңгейі анықталғанша, мұндай сұрақтар кезектесіп қойыла береді. Тестке қатысушының тіл білу деңгейі мен құзыреттілігінің деңгейін анықтаған соң, қиындау рөлдік тапсырмалар беріледі. Мысалы, коммуникативтік құзыреттіліктің орташа деңгейінде емханадағы (дүкенде, деканатта ж.т.б.) жағдаятты орындауға болады. Егер студент тілді ең жоғары деңгейде білетін болса, онда нақтылап түсіндіруді қажет ететін және серіктесінің көзін жеткізе алатын аса күрделі жағдаяттар ұсынылады. Сұрақ-жауап түрінде анықтауға келе бермейтін тілдік білімін ойын жағдаяттары арқылы анықтауға болады. Мұнда негізінен әлеуметтік-лингвистикалық және прагматикалық дағдылары кіреді.

Әңгімелесудің қорытынды бөлігінде тестті жағымды түрде аяқтау үшін және тестке қатысушыға тілді қолданудағы сенімділігін сезіну үшін деңгейіне сәйкес бірнеше сұрақтар беруге болады. Одан ары қарай тестке қатысушыға оның сөйлеу қабілетін көрсететін деңгейіне сәйкес баға қойылады. Бағаның қойылу шкаласы тілдерді оқыту әдістемесінде бұрыннан белгілі және төңкерілген пирамида түріне ұқсайды.

Баға келесі өлшемдер: тестке қатысушының мәнмәтінде тілді еркін қолдана алуы, мазмұнын түсінгені бойынша баяндай алуы, коммуникативтік тапсырмаларды дұрыс орындай алуы және мәтінді өз сөзімен айтып бере алуы бойынша қойылады. Тестке қатысушы орындай алатын міндеттер мен қызметтер есепке алынады. Мысалы, тілдесу қорытындысы бойынша бастапқы деңгейдегі тестке қатысушы өзінің бөлмесінің ішіндегі заттарды атай отырып, суреттеп бере алады, жалғастырушы деңгейдегі – абстрактылы тақырыптарға өз көзқарасын білдіре отырып, дисскусия жүргізе алады.

Әңгіме жүргізілетін мәнмәтіндер қиындық дәрежесі бойынша бөлінеді және сөйлеу құралдары таңдалып анықталады. Ең қарапайым мәнмәтіндер лингвистикалық және экстралингистикалық ерекшеліктерімен сипатталады, яғни сөйлеушіге шектеулі үйренген материалға сүйене отырып, коммуникативтік міндеттерді шешуіне мүмкіндік береді, ал аса күрделі мәнмәтіндер тілдік құралдарды қолдануда икемділікті талап етеді.

Коммуникативтік құзыреттілікті бағалау кезінде тестке қатысушының сөйлеуінің дұрыстығы да есепке алынады: үйренген тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, әлеуметтік-лингвистикалық және прагматикалық нормаларын сақтаған дұрыс. Сонымен қатар, әлеуметтік-лингвистикалық нормалар және прагматикалық дағдылар маңызды рөл атқарады.

Тілдерді оқыту әдістемесінде көрсетілген деңгейлер сипаттамасына сүйене отырып, тестілеудің мақсаты мен міндетіне сәйкес сұхбат-тест дайындалады. Қазақ және орыс тілдерін оқитын шетелдік студенттермен жұмыс жасау барысында сұхбат-тест екінші жыл оқитын студенттердің коммуникативтік құзыреттіліктерін бағалау үшін қолданылады. Бұл ең алдымен оқу бағдарламасына түзету енгізу үшін, топты қалыптастыру үшін қажетті кіріспе тестілеу болып табылады. Тестілеуді қайталап өткізу коммуникативтік дағдылардың дәрежесін анықтап қана қоймай, сондай-ақ, тіл үйренушілерді тілге дайындық барысында қандай факторлар тілді меңгеруде табысқа жеткізеді деген сұраққа жауап табуға мүмкіндік береді.




Литература:
1 Арутюнов А.Р. Коммуникативная методика русского языка и иностранных языков. М., 1992.

2 Банкевич Л.В. Тестирование лексики иностранного языка. М.,1981.

3 Государственный образовательный стандарт по русскому языку как иностранному. М. – СПб., 1999.

4 Пассов Е.И. Основы коммуникативной методики обучения иноязычному общению. М., 1989.

5 Скалкин В.Л. Иноязычно-речевая компетенция как объект контроля. Сб.ст. М., 1986.

6 Слесарев И.П. Владение и овладение языком: правила и инструкции. М., 1989.

7 Шипицо Л.В. Контроль устной речи (на начальном этапе). М., 1985.

8 Языковая системность при коммуникативном обучении. Сб. ст. М.,1988.




Резюме
Аннотация: В статье рассматриваются различные способы контролированиякомпетенции устного общения иностранных студентов на русском и казахском языках, анализируется использование условных и реальных тестов, даются рекомендации для проверки результатов речевого общения.

Summary
Abstract:This article discusses various ways to control the competence of oral communication of foreign students in Russian and Kazakh languages, analyzes the use of conventional and real tests, makes recommendations to verify the results of verbal communication.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет