Конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде



Дата14.04.2017
өлшемі109,94 Kb.
#13749


19.05.2016 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: Enugmanova@taxalmaty.mgd.kz, Gbeisekbai@taxalmaty.mgd.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жұмыс тәжірибесі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес болуы тиіс:

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

C-R-2 санаты үшін: жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;  жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзіреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;



Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113 үй.

Байқаушылар туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

1. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары (1 бірлік) С-R-2 санаты № 02-1

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік табыстардың түсуін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік басқару және бақылау функциясын орындауға Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысын ұйымдастыру. Ұйымдастыру, бақылау және бөлімдерді қызметтік үйлестіру, бөлімдерге берілген тапсырмалардың, іс-шаралардың уақытылы атқарылуын және берілген жұмыс барысын бақылауды қамтамасыз етеді. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, ҚМ МКК шешімдері мен тапсырмаларын атқарылуын бақылайды. Мемлекеттік кірістер органдарында салық есептілігін өңдеу және қабылдау орталығы «Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» ережені құру және функцияландыруды ҚР ҚМ МКК бұйрықтарының атқарылуын бақылайды. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аппараттық отырысындағы хаттаманың орындалуын қадағалайды. Әрдайым нормативтік құжаттармен танысады, біліктілік дәрежесін жоғарылатады. Салық қызметі басқармасы органдарында жемқорлықпен күрес стратегиясы, «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық ережесіндегі» жағдайларды мүлтіксіз сақтайды

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 127422 теңгеден 172394 теңгеге дейін



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және құқық саласындағы жоғары білім

2. Заң басқармасының бас маманы С-О-5 санаты, №ЗБ 1-2-1

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінде салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін заңды қорғау. Салық төлеушілердің хаттары мен шағымдарын қараумен айналысады. Сот процестерінде Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін қорғауға қатысады. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық білім

3. Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 14.02.2018 ж), С-О-5 санаты, №АТБ 1-2-1

Қызметтік міндеттері: Word, Excel, E- mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс.Ақпараттық жүйелерге бағдарламаларды енгізу, қолдану және қамтамасыз ету. Аумақтық басқармаларының қызметкерлерін ақпараттық жүйені пайдаланушы ретінде оқытуды ұйымдастыру. Салық есептілігі нысандарын ҚР ТАСЖ (ИНИС РК), СЕЭН (ЭФНО), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖТАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) ақпараттық жүйелерді енгізу мен қолдануды бақылау. ҚР ТАСЖ (ИНИС РК) жүйесін енгізу мен қолдануды бақылау. Электронды пошта және электронды пошта жүйесіне әкімшілік жүргізуді бақылау. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің жергілікті компьютерлік байланыс жүйесінің және есептеуіш техникасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Департамент пен аумақтық басқармаларының сервер жұмысын бақылау. Бағдарлама құра білу, есептеу құралдары мен оргтехникаға қызмет көрсету. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Ағылшынның техникалық тілін білу.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, техникалық жоғары білімі.

4. Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, №1-2-2

Қызметтік міндеттері: Word, Excel, E- mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс.Ақпараттық жүйелерге бағдарламаларды енгізу, қолдану және қамтамасыз ету. Аумақтық басқармаларының қызметкерлерін ақпараттық жүйені пайдаланушы ретінде оқытуды ұйымдастыру. Салық есептілігі нысандарын ҚР ТАСЖ (ИНИС РК), СЕЭН (ЭФНО), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖТАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) ақпараттық жүйелерді енгізу мен қолдануды бақылау. ҚР ТАСЖ (ИНИС РК) жүйесін енгізу мен қолдануды бақылау. Электронды пошта және электронды пошта жүйесіне әкімшілік жүргізуді бақылау. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің жергілікті компьютерлік байланыс жүйесінің және есептеуіш техникасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Департамент пен аумақтық басқармаларының сервер жұмысын бақылау. Бағдарлама құра білу, есептеу құралдары мен оргтехникаға қызмет көрсету. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Ағылшынның техникалық тілін білу.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, техникалық жоғары білімі.

5. Ұйымдастыру-қаржы басқармасы Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 16.06.2018 ж. дейін), С-О-5 санаты, № ҰҚБ 1-2-1.

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік сатып алулардың келісім-шарттарын рәсімдеу. Келісім-шарттардың құқықтық зерттеуін жүргізу және оның орындалуын қадағалау. Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларының материалдық құндылықтар сатып алуларына байланысты тапсырыс жинау. Басқа бөлімдермен бірлесіп мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру. 1-Г-3 және 2-Г-3 есебін құрау. Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу жұмысына қатысу. Тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу. Жалақыны есептеу. Мемлекеттік сатып алулардың хаттамасын және келісім-шарттарын рәсімдеп, қазынашылық органдарда тіркеу. Зейнетақы қорларына ақша аударуларды жүзеге асыру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне, салық органдарына, статистикалық мекемелерге есеп беру. Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлеріне ӘЖК номерін беру, қаржылық мәселелер бойынша департамент қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету. Дербес компьютермен жұмыс жасай білу. Лауазымдық инструкцияларға сәйкес басқа да міндеттерді атқарады



Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.



6. Аудит басқармасы №1 аудит бөлімінің бас маманы (1 бірлік), С-О-5 санаты, №АБ 1-2-2

Қызметтік міндеттері: Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық, рейдтік, хронометраждық зерттеу. Техникалық сабақ жоспарын жасау және сабақ өткізу. Салық есебін жүргізу, қолданыстағы Жарлықтар мен ережелерді, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың кірісіне салық салу мәселелері бойынша нұсқаулықты дұрыс қолдануды бақылау және ұйымдастыру. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім

7. «Аудит басқармасы №2 аудит бөлімінің бас маманы (1 бірлік), С-О-5 санаты, №АБ 2-2-2.

Қызметтік міндеттері: Салық есебін жүргізу, қолданыстағы Жарлықтар мен ережелерді, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың кірісіне салық салу мәселелері бойынша нұсқаулықты дұрыс қолдануды бақылау және ұйымдастыру.Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық, рейдтік, хронометраждық зерттеу. Техникалық сабақ жоспары бойынша сабақ өткізу. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау.

Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет