Конкурс туралы хабарландыру Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата27.02.2020
өлшемі102,5 Kb.
#58702
түріКонкурс
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

С-О-6 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-6


97 545,86

132 055,01


«Алматы қаласы Әділет департаменті» ММ, 050010, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 47, анықтама үшін телефондар: 8 (727) 291-79-90, 330-80-11, 330-80-02, 291-80-23, факс: 8(727)291-87-41, e-mail: n.abdullaev@adilet.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Әкімшілік бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Кіріс және шығыс құжаттарын электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесі арқылы қабылдау, тіркеу, 1-азаматтардың жолданымы статистикалық есептерін дайындау, шығыс корреспонденцияны жолдау, Әділет департаментінің мұрағатымен жұмыс жүргізу. Департамент номенклатурасын жасау, құжаттардың іс жүргізу, жеке және заңды тұлғалармен өтініштерін қарастыру. Бөлімнің жұмысы туралы есеп беру және жоспарлау. Бөлім сұрақтары бойынша ақпараттар, анықтамасын құрастыру. Бөлімге келген хаттарына жоғары сапа жауап дайындау. Бақылау тапсырмаларын және өтініштер бойынша атқарылу мерзімін бақылауды жүзеге асыру. ЭҚАБЖ, «Төрелік», АІЖО ААЖ, «OpenAlmaty» ақпаратық жүйісілармен жұмыс жасау, хат-хабарларды жолдау шығыны бойынша есепті бухгалтерлік бөлімге өткізу және жасау. Барлық өтініштерді есепке алу карточкаларының реквезиттарын толтыру және жүргізу бойынша ЭҚАБЖ жүйесіне мониторинг жүргізу, дайын құжаттарды беру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласындағы білім.

2. Әкімшілік бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 2 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқа және мемлекеттік органдарының сұраныс, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитет органдарына арнайы тексеріс материалдарын жолдау, «Б» корпустың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру, персонал бойынша ақпараттырылған жүйесіне уақытылы деректерді енгізуіне, мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауіне, бөлімінің іс-жургізуіне жауапты, бұйрықтардың уақытылы, әрі дұрыс рәсімдеу және тіркеу жургізу, жүйе қызметкерлеріне анықтамалар мен мінездемелер дайындау, жұмыс уақыт бойынша табельді даярлау, департамент қызметкерлерінің еңбек тәртібін бақылауды іске асыру, жеке істерді және еңбек кітапшаларды толтыру. мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметкерлермен ант қабылдау шараларын ұйымдастыру, студенттермен тәжірибеден өтуді ұйымдастыру, еңбек шарты бойынша қызмет атқаратын қызметкерлерге толық кадрлық жұмыс жүргізу. Еңбек құқықтарына қатысты сұрақтар бойынша соттарына қатысу. Алқа және аппаратық, жедел отырыстарының жұмысын ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелерде тексеріс жүргізу, Әділет департаменті аппаратының орындаушылық жағдайына бақылау жүргізу. Басқа және мемлекеттік органдарымен өзара қарым қатынасу, департаментінің жоспарын әзірлеу, департамент қызмет бойынша талдау және жинақтау, сонымен қатар статистикалық есептілікті жүргізу, департамент сұрақтары бойынша ақпараттар, анықтамасын құрастыру. Жиналыстардың, алқа отырыстарының хаттамаларын дайындау және олардын орындалуына бақылау жүргізу.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру (ары қарай – БАҚ), басқа және мемлекеттік органдарымен жиналысты, дөңгелек үстелді, кездесулерді өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.



Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласындағы білім.

3. Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, сонымен қатар мемлекеттік органдардың сұраныс хаттарының уақытылы қарастырылуын қамтамасыз ету, нотариустардың жұмысын ұйымдастыруда жексеріс жүргізеді, нотарустар мен адвокаттардың іс-әрекеті бойынша шағымдарға монитаринг жүргізеді, мәмілелер жарамсыз деген сот талап-арыздарына мониторинг жүргізеді, нотариалдық іс-қимылдарды сот жүзінде күшін жойған нотариустарға шара қолдануға бақылау жұргізу, адвокаттарға қатысты қылмыстық істерге мониторинг жүргізеді, белгіленген мониторингті өзекті қалпында қолдау бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, шұғыл өтетін семинарлық оқуларға, жиналыстарға хаттама жүргізеді, бөлімге түсетін кіріс құжаттарды тіркейді және бөлімнің қызметкерлеріне уақтылы таратады, мұрағаттық материалдарды өңдейді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

4. Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Құрылтай құжаттармен танысу, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу бойынша бұйрықтар мен басқа да материалдарды дайындау, қолданыстағы заңдылыққа сәйкес, әкімшілік материалдар бойынша бұзушылықтарды анықтау, жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарастыру, бөлімнің іс қағаздарын жүргізу, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді эхлектронды деректер жинақтамасына енгізу, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне тіркелген, қайта тіркелген, таратылған заңды тұлғалар туралы ақпаратты ұсыну, модемдік байланыс бойынша жұмыс жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімненкейінгі құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі) саласындағы білім.

5. Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бастапқы құжаттаманы, бланкілер, бұйрықтар, еңбекке жарамсыздық парақтары, сыйақы, демалыс, атқарушы парақтар, іссапар парақтары, штаттан тыс қызметкердің техникалық персоналдың ұсыныстарын енгізу бойынша қаржыландыру жоспарларын жүзеге асырады. "1С-бухгалтерия" базасы бойынша есепке алу, өмірбаяндық деректер, қызметкерлердің деректерін өзгерту , сондай-ақ деректер бойынша жалақыны есептеу, сыйлықақы, үстеме ақы, материалдық көмек, әлеуметтік жеңілдіктер, еңбек сіңірген жылдары штаттан тыс қызметкерлердің, техникалық персоналдың деректері бойынша жұмыстар атқару. №5 мемориалдық ордер негізінде штаттан тыс қызметкерлерін техникалық персонал қызметкерлерінің айырысу-төлем ведомостерін жасайды, №8 мемориалдық ордер негізінде іссапар құжаттарын жасайды, ҚСХҚЕС-ке сәйкес есепшот және субсчет жүргізіледі және де есепке алу, кредиторлық және дебиторлық берешек, тоқсан сайын есептер бойынша әлеуметтік салық бойынша, есеп айырысулар бойынша жеке табыс салығы туралы декларация тапсырады. Техникалық персоналдың еңбек ақысын есептеуді жүзеге асырады және ұсынады, ай сайын еңбек ақы бойынша Алматы қаласы статистика Департаментіне есеп береді. Штаттан тыс қызметкерлерге және қызметкерлерге техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу мәселелері бойынша анықтама береді, қызметкерлердің мәселелері бойынша еңбекақы және басқа да төлемдер және олардан ұстап қалу туралы түсіндірмелер береді, қажетті құжаттарды мұрағатқа сақтайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымнемесе экономика және бизнессаласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім(экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика) немесе орта білімнен кейінгі әлеуметтік немесе экономика және бизнес саласындағы білім(экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика).

Жалпы конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

1) жоғарда көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен жоғарда көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Алматы қаласы Әділет департаментінде әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Алматы қаласы Әділет департаментінде (307 бөлме) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша ____________________________________________________________

______________________________


(мемлекеттік орган)


Өтініш
Мені ___________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу


конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ______________________________________


___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________                         ____________________________________
қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.



«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 3-қосымша 


«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»



_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения













_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет