Контентті дайындауда 5В080100 «Агрономия» мамандығы студенттеріне арналған Жылыжай шаруашылығы: Н. Г. Щепетков.,М.Ә. Ысқақов Оқулық Алматы : 2011- 428 бет оқулық негізге алынды



Дата15.04.2020
өлшемі0,69 Mb.
#62558
Байланысты:
КОНТЕНТ Жылыжай шаруашылығы — копия

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту факультеті

«Аграрлық технологиялар» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Үздіксіз білім беру және

Қашықтықтан оқыту

факультетінің деканы

____________ Б.А. Досжанов

«___» __________2019 ж.


ZНSН 3303 – «Жылыжай шаруашылығы»

(пәннің коды мен атауы)

6В08171(5В080100)- «Агрономия» мамандығының

(мамандықтың коды мен атауы)



1-курс студенттеріне арналған

КОНТЕН
Пән оқытылатын оқу тобы: Агр-18-31/19-31

Академиялық кезең (семестр): 1-семестр

Кредит көлемі: 3

Пән оқытушысы жөнінде мәлімет: а.-ш.ғ.к., аға оқытушы Нұрымова Раушан Дүйсенқызы, rau066@mail.ru, тел: 27-27-77

Пән оқытушысының қолы ________________

Қызылорда, 2019 жыл

Контентті дайындауда 5В080100 – «Агрономия» мамандығы студенттеріне арналған Жылыжай шаруашылығы шаруашылығы: Н.Г.Щепетков.,М.Ә.Ысқақов Оқулық – Алматы : 2011- 428 бет. оқулық негізге алынды.

Контент «Аграрлық технологиялар» кафедрасының мәжілісінде талқыланды

Хаттама № ___ «____» ___________ 20__ жыл.

Кафедра меңгерушісі:______________ т.ғ.к. Көптілеуов Б.Ж.

Контент Ауылшаруашылығы бағытындағы мамандықтар бойынша Академиялық кеңесінде қаралып, бекітілді.


Хаттама № «__»___________20__ ж.
Академиялық кеңестің төрағасы _____________ а.-ш.ғ.д., қауым. проф. м.а. Таутенов И.А.

1. Аннотация
Пәнді оқытудың мақсаты:

Жеміс және көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері және жеміс және көкөніс дақылдарының қоршаған ортаға қоятын талаптарын қарастырады.Көкөністерді көшет өсіру арқылы өңдіру. Көшет өсіру және өңдіру технологиясы, қоятын талаптары, топырақ өңдеу ерекшеліктері, қорғаулы жерде өсірудің әсерлері мен мәні, жеміс ағаштарын отырғызу,түрлерді сұрыптап орналастыру, көшеттерді отырғызуға дайындау, отырғызу технологиясы,отырғызғаннан кейінгі күту технологиясы, жинау технологиясы және тасу,ағаштарды бұтау мақсаты мен міндеттері, бұтаудың түрлері, өсімдіктердің бұтуға қоятын талаптары және сезімталдылығы қарастырылады.

Жеміс және көкөніс дақылдарының ғылыми негіздегі технологияларын қолдану арқылы жоғарғы және сапалы өнім алу жолдарын студенттерге үйрету.

Пәнді оқытудың міндеті:

студенттерді жеміс және көкөніс дақылдарының морфологиялық құрылысымен және биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру, осы дақылдардың алдыңғы қатарлы өсіру технологияларын оқытып,үйрету.

- жеміс және көкөніс шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік шешімдерді, көкөніс және жеміс дақылдарының маңызың;

- дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін, дақылдарды өсіруде қолданылатын екпінді технологияларды;

- жеміс және көкөніс өнімдерінің сапасын жоғарылатудың тиімді әдістерін;

-өнім шығының және өсіруге жұмсалатын еңбек шығындарын үнемдеудің тиімді жолдарын білу керек;




2.Пререквизитттер: Ботаника, Өсімдік физиологиясы, Топырақтану, Егіншілік негіздері, Агрохимия

3.Постреквизиттер: Егіншілік, Өсімдік шаруашылығы, Өсімдік қорғау, Ауылшаруашылық өңімдерін жоспарлау және ұйымдастыру.
2. Пәннің оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары



Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Чат-сабақ бойынша

1

Жеміс шаруашылығының биологиялық негіздері

1.1. Өсірілетін жеміс өсімдіктері



Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік топтастыру

1

2

Жеміс және жидек өсімдіктерінің морфологиясы

1

3

Жеміс өсімдіктерінің отырғызылатын материалдарын өсіру технологиясы. Жеміс өсімдіктерінің көбеюінің биологиялық негіздері

1

4

Телітушіні өсіру технологиясы. Телітушілерді тұқымынан өсіру

1

5

Жеміс ағаштарын отырғызу және жемістерді өндіру технологиясы.Жеміс ағаштарын отырғызу. Жеміс ағаштарын отырғызуды жоспарлау қағидаттары

1

6

Екпе ағаштарға тыңайтқыш қолдану

1

7

Жемістерді жинау технологиясы

1

8

Жеміс өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары

1

9

Көкөніс дақылдарының жалпы сипаттамасы көкөніс дақылдарын жіктеу

1

10




1

Барлығы




10

Форум бойынша

1

Көкөніс дақылдарының өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері

2

2

Көкөніс дақылдарының көбеюі

2

3


Қорғаулы жер.Қорғаулы жер туралы түсінік, маңызы және оның құрылыстарын жіктеу

2

4

Қорғаулы жер құрылысын жылыту

2

5

Көкөніс дақылдарының жалпы агротехникалық тәсілдері

2

6

Топырақты өңдеу

2

7

Тұқым және көкөніс дақылдарын себу

2

8

Егістікті күтіп-баптау және өнімді себу

2

9

Қияр – cucumis sativus

2

10

Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы

2

11

Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру

2

12

Қиярдың тұқым шаруашылығы

2

13

Қызанақ дақылы

2

14

Негізгі жеміс тектерінің және аудандастырылған сұрыптардың өндірістік сипаттамалары. Шекілдеуік тектестер

2

15

Гүлдер мен гүл шоғырлары

2




Барлығы

30



3. Студенттің оқытушы қатысуымен өткізілетін өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары



Өзіндік жұмыстардың тақырыбы

Сағат саны

1

Шекілдеуіктілердің және сүйектілердің жемістік құрылымдарының түртектері

1

2

Өсінді жолымен көбейту тәсілдері

1

3

Тұқымбақтың міндеттері, құрылымдары және

аумағын ұйымдастыру



1

4

Шырпудың тәсілдері

1

5

Кесу техникасы

1

6

Жидектік дақылдардың биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы. Бүлдірген

1

7-8

Қызанақ. lycopersicon esculentum мill.

2

9

Қиярдың зиянкестерімен және ауруларымен күресу

1

10

Қызанақты көшетпен өсіру

1




Барлығы

10



4. Глоссарий

Нитрозомонас туысындағы бактериялар пішіні сопақша, мөлшері 1,5 микрондай, спора түзбейтін, қозғалғыш, топырақ-та кең таралған организмдер.

Нитрозоцистис туысына жататындардың пішіні шар тəрізді. Бірнеше клеткалары бір жерге шоғырланыи, сыртын шырыш қабықтары — капсуласы қаптап тұрады. Нитрозоспира туысы — спираль тəрізді бактериялардан тұрады. Дене ұзындығы кейде 20 микронға дейін жетеді. Бұлар көбінесе өңделмеген топы-рақтарда кездеседі. Нитробактер туысына өте үсақ, үзындығы бір микрондай таяқша бактериялар жатады. С

Топырақ аэрациясы - топырақ ауасы мен атмосфера арасындағы газ алмасу процесі.

Газ алмасудың жақсы жүруіне топырақтың қүрылымдык жағдайы, борпы лдақты ғы, жеңіл гранулом етриялың ңүрамы көмектеседі.

Жылу сіңіру - топыраңтың күн сөулесінің жылуын өз бойына сіңіру қабілеті.

Жылу өткізгіштік - топыраңтың қатты жылыған қабаттан салңындау қабатына жылуды өткізу қабілвті.

Актиномициттер, кейде оларды сәулелі саңырауңүлақтар деп те атайды. Олар топырактағы шіріген заттарды, жасүнықтарды (клетчаткаларды) ыдыратады. Актиномициттер құнарлы, органикалық заттарға бай, бейтарап реакциялы топырақта жақсы дамиды.

Саңырауаулақтар - жіпше тәрізді гетеротрофты ағзалар, олар топырақта көптеп кездеседі.

Көктеу. Ж еткілікті мөлшерде ылғал, қолайлы температура болса алдымен бөріткен дөннен түқым тамыршалары, одан кеиін үрықтың сабағы өседі

Туптену. Топырақтың 2-3 см тереңдігінде түптену түйіні пайда болып, одан жанама сабақ пен екінш і тамыр тараған шаң түптену сатысы деп аталады.

Тутік шығару. Түптенуден 10-15 күн өткен соң, түтік шығару сатысы басталады. Оны топыраңтың беткі ңаба тынан 5 см биіктікте бірінші сабаң буынының пайда болуы арқы лы анықтауға болады. Өсімдіктің қарқынды өсуінің арқасында оның буын аралықтары үзара бастай ды.

Масақтану сатысының басталуы сабақтың жоғарғы ж ап ы рақ қы набы нан гүл ш оғы ры ны ң ж арты сы ны ң шығуына сөйкес келеді.

Гулдену. Көптеген дөнді даңылдар масаңтанған соң бірнеше күннен кейін гүлдейді, содан кейін тозаңданады.

Дәннің толысуы және пісуі. Дәннің пісіп жетілуі көптеген жағдайда, оның ішінде ауа райына, топырақтың гранулометриялық құрамына және басқаларға байланысты. Қамырланып пісу - дөннің эндоспермасы балауызданады, оған тырнақпен із ңалдыруға болады. Дөннің ылғалдылығы 30% -ға дейін

Толық пісу кезінде дән эндоспермасы қатты, оны бөлгенде іші үн тәріздес немесе шыны түсті. Дәннің ылғалдылығы ауа райына байланысты 14-22% аралығында болады.



1. Дәрістер жиынтығы
Дәріс №1

Тақырыбы: ҚОРҒАУЛЫ ЖЕР

ҚОРҒАУЛЫ ЖЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ЖІКТЕУ

Мақсаты: Қорғаулы жер-маусымнан тыс уақытта көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланатыну

Жоспары:

1.Жылыжайлар

2.Пайдалану ұзақтығы бойынша

3.Өсіру технологиясы бойынша

4.Фитотрондар

5.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері



1.Жылыжайлар. Жылыжай (орыс. теплица, ағылш. greenhouse) - жылу сүйетін жидектер мен көкөністерді, гүлдерді және басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, қорғалған, жылытылатын, кендігі әр алуан құрылыс. Көшетханаға қарағанда құралымы, жылыту жүйесі күрделірек келеді.

Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен, биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр және т.б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (желгек немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетіліп тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған құрылыс материалына байланысты жылыжайдың құралымы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір еңісті, екі еңісті, блокты деп бөледі. Көбінесе екі еңісті жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық үлдір (міндетті түрде полиэтилен) пайдаланады. Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа отырғызады немесе үлдіріктерде (стеллаж) есіреді.[

Қорғаулы жердің негізгі міндеті-күзде-қыста және көктемде көкөністер өндіру; ашық жер үшін көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру. Қорғаулы жер көкөніс шарушылығын солтүстікке және шығысқа жақындатуға мүмкіндік жасайды, өсірілетін көкөніс дақылдарының түрлерін көбейтуге, халықты жыл бойы жас көкөніспен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға көмектеседі.

Қорғаулы жер өсіру құрылыстары жылыжай, булыжай және жылытылған жер болып бөлінеді. Ашық және қорғаулы жерлерді дұрыс үйлестіріп, көкөніс өнімін сақтауды жақсы ұйымдастыра отырып жас көкөністі жыл бойы өсіруге болады.

Жылыжайлар – ең жетілген өсіру құрылыстарының бірі, мұнда өсімдік тіршілігінің барлық себепшарттарын (факторларын), сондай-ақ өнімділікті де реттеуге болады. Жылыжайдың қорғаулы жердің басқа құрылыстарынан айырмашылығы барлық технологиялық үдерістерді механикаландырып қана қоймай, сонымен бірге автоматтандыруға да болады. Жылыжайдағы еңбек – өнеркәсіптік өндірістің бір түрі. Жылыжайлардың негізгі міндеті – маусымнан тыс уақытта көкөніс, қорғаулы және ашық жерлер үшін көшет өсіру. Пайдалану және құрылысын салу белгілері бойынша жылыжайларды алты топқа бөледі: міндеті, пайдалану ұзақтығы (маусымдылығы), өсіру технологиясы, жарық өткізгіш қоршау түрі, қоршауының пішін үйлесімі, жылыту тәсілі.

Міндеті бойынша жылыжайлар көкөністік, көшеттік (өсіру) және гүлзар (гүлбақ) болып бөлінеді. Көкөністік жылыжайларда тауарлық көкөністер, көшеттіктерде-ашық және қорғаулы жерлер үшін көшеттер өсіріледі. Жылыжай комбинаттары алаңының 8-10 % көшеттіктердің үлесіне тиеді.

2.2.Пайдалану ұзақтығы бойынша жылыжайлар қысқы және көктемдік болып бөлінеді. Қысқы жылыжайда жыл бойы көкөніс және көшет өсіріледі, көктемдікті – ерте көктемнен қоңыр күзге дейін (ерте көкөніс және ашық жер үшін көшет өсіріледі) пайдаланады.

Өсіру технологиясы бойынша сөрелі, сөресіз (жерде), гидропонды жылыжайлар, фитотрондар және қозықұйрық (шапиньон) өсіретін болып бөлінеді. Сөрелі жылыжайлар, көбінесе көшеттер өсіруге пайдаланылады. Сөрелі жылыжайларда жұмысты механикаландыру мүмкін емес, сондықтан қазіргі жылыжайларды сөресіз салады және өсімдіктер тікелей жылыжай топырағында өсіріледі.

Гидропонды жылыжайларда өсімдіктерді қоректік ерітінділер құйылған, су өтпейтін бетонды астауларда өсіреді.

Фитотрондарқоршаған орта себепшарттарының өсімдікке әсерін зерттеу үшін жасанды жағдайларды реттейтін қондырғылар.

Қозықұйрық өсіргішжай - жылыжайлардың қозықұйрық өсіруге бейімделген түрі.

Қозықұйрық өсіру үшін әртүрлі құрылыстар пайдаланылады: ұңғымалар (штольнялар), үңгірлер, кеніштер (карьерлер), сондай-ақ жертөле, ескі ғимараттар, жылыжайлар. Қозықұйрықты өсіруге өзінің тікелей мақсатында пайдаланбаған кезде, қоймаларды іске жаратады.

Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері бойынша шыныланған, пленкамен және қатты полимерлі жадығаттармен жабылған болып бөлінеді. Қысқы жылыжайлар шыныланады да, көктемдіктер шынылы да, пленкалы да болуы мүмкін.

Күн сәулесі жылыжайдың ішіне өтіп топыраққа, өсімдікке, қабырғаға және басқа да жерлерге түседі, оларды қыздырып жылуға айналады, сосын шыны арқылы кері сыртқа шыға алмайды да, жылыжайдың температурасын көтереді. Бұл құбылысты булыжай немесе жылыжай әсері дейді. Булыжай әсерінің байқалу деңгейіне байланысты жылыжайдың жылу режимі, оның жылу теңгерімі, жылытудың қажеттілігі және отын шығыны анықталады. Сонымен булыжай әсері шынылы жылыжайларда күштірек байқалады.

Қоршаудың пішін үйлесімі (конфигурациясы) бойынша жылыжайлар ангарлы және топтамалы (блокты) болады, көлденең қиығының пішіні бойынша сыңар жақты және екі жақты құламалы, тегіс және цилиндрлі, оңтүстікке бағытталынған құламалы болып бөлінеді. Ангарлы жылыжайларда тіреулер болмайды. Блокты жылыжайлар – ангарлы жылыжайлардың бірнешеуін бір-бірімен тіркестіре салынғандай.

Блокты жылыжайлардың ангарлы жылыжайлардан артықшылығы: қоршау коэффициентінің аздығы, бағасының және отын шығынының 15-18 пайызға төменірегі, құрылысты салу 30-35 пайызға арзанырақ. Блокты жылыжайларда механикаландыру мәселесі оңай шешіледі 1-сурет).



1 -сурет. Қысқы жылыжайлардың сыртқы түрі

Жылыжайдың басқа да құрылымдары бар: аспалы (ванттық), ауалық (үрмелі), биіктік-конвейерлік. Ванттық жылыжайлардың пленкалары жылыжайдың екі жағындағы бағаналарға тартылған тросқа байланады, үрмелілердің пленкасы үнемі ауаның қысымымен ұсталынып тұрады. Өнеркәсіптің және электростанциялардың жылу қалдықтарын пайдалану үшін су сүзгілері бар жылыжайлар (гидрожылыжайлар) жасалынды.

Көкөніс дақылдарын белгілі бір кезеңде өсіргенде, өсімдіктерге қажетті жылу режимін қалыптастыру үшін соңғы жылдары жылжымалы жылыжайларға қызығушылық туындауда. Жылыжайды рельс бойымен лебедкамен немесе қолмен, сондай-ақ рельс бойымен роликтің көмегімен қозғайды. Көбінесе жылжымалы жылыжайларды көп жылдық көкөніс дақылдарының – қояншөптің, рауғаштың, қымыздықтың, ерте мерзімінде пісетін қызанақтың, шалғамның, ақ сүттігеннің және т.б. жеміс салуын тездету үшін пайдаланады. Күзде, оларды жинап алғаннан кейін жылыжайды көрші телімге жылжытып, кеш пісетін дақылдарды өсіруге пайдаланады.

Тұрғын үйлердің және өнеркәсіп ғимараттарының төбесіне жылыжай салу, аталынған орындардың қалған жылуын және жерді тиімді пайдалануға мүмкіншіліктер жасауда.

Жылыжайлар жылытылу тәсілі бойынша күнкөзілік, биологиялық және техникалық жылудағы болуы мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

1.Булыжай құрылысы, ерекшеліктері?

2.Қорғаулы жердің құрылыстарын салуға телім таңдау? 3.Көшет өсірудің негізгі қағидаттары?
4.Көшеттерді қысқы жылыжайларда өсіру ерекшеліктері?
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.

2.Абзейтова Э.А. Жылыжайда қияр дақылының өсіру технологиясын жетілдіру және зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдану. Алматы, 2015 ж.

3.Шуваев В.А. Выращивание помидора- 2012. – Б 28.



Дәріс №2
Тақырыбы: КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӨСІП ЖЕТІЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортаның жағдайына (факторына) өсімдіктен тыс не болса соның бәрі жатады. Осы күрделі кешеннің ішінде өсімдік тіршілігінің үш топ әсер етушілерін (факторларын) қарастыру

Жоспары:

1.Жылу режимі

2.Жарық режимі

3.Ауа-газ режимі

4.Су режимі

5.Қоректену режимі



1.Жылу режимі. Көкөніс дақылдарының жекелеген түрлерінің жылуға қоятын талабы бірдей емес. Профессор В. И.Эдельштейн оларды төрт топқа бөледі.

1. Аязға және қысқа төзімді өсімдіктер (көп жылдық көкөніс дақылдары, сонымен бірге сарымсақ). Бұл топтың өсімдіктерінің өсуі 1оС-да басталады, бірақ белсенді түрде 15-20оС-да жүреді. Өсімдіктер қысқа мерзімдегі – 8-10оС үсікке шыдайды. Тыныштық күйіндегі өсімдік аязға ойдағыдай шыдай алады, әсіресе қар жамылғысы болғанда.

2. Суыққа төзімді өсімдіктер (орамжапырақ, тамыржемістілер, басты пияз, ас бұршақ, бұршақ, жасыл көкөніс дақылдары). Суыққа төзімді өсімдіктер -2-5оС өне алады. Олардың өсуі үшін оңтайлы температура – 15-20оС. Өсімдіктер қысқа мерзімдік -2 -7оС бозқырауға төтеп береді. 25оС жоғары температура өсімдіктерді басылыңқы күйге түсіреді, ал 30-32оС ассимиляциядан түсетін қоректік заттар тыныс алуға шығатын қоректік заттармен теңеседі де орнын толтыру (компенсация)ооор нүктесі басталады.

3. Жылуды талап етушілер (асқабақтар және алқалар тұқымдастарының көкөністері). Жылу сүйгіш дақылдардың тұқымдары 12-15оС өне бастайды. Өсуі және дамуы үшін ең қолайлы температура 25-30оС. 15оС төмен жылулық болғанда өсу үдерісі басылыңқы болады, ал 30оС жоғары болса өсімдік бойлап кетеді. 0оС төмен температурада өсімдік опат болады.

4. Қызуға төзімді өсімдіктер (үрме бұршақ, жүгері, бақша дақылдары)Рро. Бұл өсімдіктердің қалыпты өсуі және дамуы жылу сүйгіштердікіндей температурада өтеді, бірақ ассимиляция 40оС (қарбыз, қауын) температурада да жүруі мүмкін.

Өсімдіктердің жылуға деген талабы өсу-даму кезеңдерінде өзгеріп отырады. Тұқымды және көкөністі (тыныштық кезеңі) сақтау температурасы 0оС маңайында болуы керек. Мұндай жағдайда тұқымдар мен көкөністер (жемістер, бадандар, тамыр жемістер, қаудандар) жақсы сақталады.

Тұқымның жедел бөртуі және өсні үшін салыстырмалы түрде жоғары температура қажет. Жылу тыныс алуды жақсартады, ферменттердің зат алмасу қызметін белсендіреді, нәтижесінде ұрық жасушаларының бөлінуі және өсуі жеделдейді. Бүкіл көкөніс дақылдарының тұқымдары өнген кездегі температура, өсу-даму кезеңдеріндегі оңтайлы температурадан 4-7оС жоғары. Айталық, орамжапырақтың өсуі үшін оңтайлы температура 18-22оС болса, оның тұқымы 25-27оС-да тезірек өнеді. Температура жетпесе де тұқым бөртеді, бірақ ұрық өсе алмайды, егер температура көтерілмесе, тұқым шіриді де, өскін бере алмайды.

Өскін пайда болғаннан кейін, нағыз екі жапырақ қалыптасқанша, алғашқы 5-7 тәулік бойы, жас өркеннің тамыр жүйесінің дамуы топырақ бетіндегі бөлігінен тезірек жүруі үшін температураны 7оС төмендету керек. Температураны осы кезеңде төмендету топырақ бетіндегі бөлігінің өсуін тежейді, өскіннің бойлап кетуіне жол бермейді және тамыр жүйесінің дамуына қолайлы жағдай жасайды.

5-7 тәулік өткеннен кейін температураны осы дақыл үшін оңтайлы шекке дейін көтереді, қоректік заттар жиналатын кезеңде температураны 1-3оС төмендету өте пайдалы: өнімді мүшелерінің өсуін тездетеді және өнімділікті арттырады.

Гүлдеу кезеңінде температура өсуге оңтайлы температурадан 2-4оС-ға төмен болуы керек, себебі жоғары температура жеміс жатындарының бір қалыпты пайда болуына кедергі жасайды. Жаппай гүлдену аяқталғаннан кейін температураны 2-3оС-ға көтереді.

Эволюция барысында өсімдіктердің тәулік бойғы талабы жылуға әртүрлі – түнде төмен, күндіз жоғары талабы қалыптасады. Мұндай құбылысты термопериодизм дейді. Мұны көкөніс дақылдарын қорғаулы жерде өсіргенде ескеру керек. Бұлтты күндері температура шуақ күндерге қарағанда біршама төмен болғаны дұрыс.

Ашық ауа райы мен түн мезгіліне оңтайлы (оптималды) температурны В.М.Марков (1974) бойынша есептеуге болады: Тоңт. =Т бұлыңғыр 7оС, мұнда Т – бұлыңғыр күнгі оңтайлы температура. Ашық күні 7оС қосылады, түн мезгілінде шегеріледі. Егер қызанақ үшін бұлыңғыр күні 22оС қажет болса, ашық күні 29оС, ал түнде – 15-18оС жеткілікті.

Оптимум (Тбұлт+7оС) температурасынан ауытқығанда көкөніс дақылдарының өсуі баяулайды, ал Тоңт. (Тбұлт+14оС) ауытқу екі еселенгенде тоқтайды. Мәселен қызанақ үшін 22+7оС оптималды температура, түнгі 15оС-дан ашық күнгі 29оС температурада жақсы өсіп дамиды. Бірақ 22-14=8оС ол жылу тапшылығынан өсе алмайды, ал 22+14=36оС ассимиляцияның бүкіл өнімі тыныс алуға жұмсалады. Көкөніс дақылдарын өсірген кезде температураны Тбұлт+14оС оошегінен төмендетуге болмайды.

Тым жоғары температурада (Тбұлт+14оС) көмірсуының шығыны ассимиляция өнімінен асып түседі. Өсімдіктер бұл кезде «тоқырау» күйінде болады. Олар массасын арттырмайды, тіпті кемітуі мүмкін. Егер температура одан әрі көтерілетін болса, хлоропластардың белсенділігін жоғалтуының және ферменттердің бүлінуінің нәтижесінде ассимиляция жүрмейді. Жоғары температурада түсті орамжапырақ жұмыргүлін байламайды. Құрғақ және ыстық ауа райында қызанақтың, баялдының гүлдері көбінесе түсіп қалады.

Көкөніс дақылдары өте жиі (әсіресе көктемде және қара күзде) төмен температурадан зардап шегеді. Бұл әсердің деңгейі дақылдың суыққа және аязға төзімділігімен тығыз байланысты болады. Суыққа төзімділік – өсімдіктердің төмен оң температураға (0-ден 6-9оС дейін) ұзақ уақыт шыдай алатындығы. Аязға төзімділік – өсімдіктердің теріс температураның әсеріне шыдамдылығы.

Суыққа және аязға төзімділік өсімдіктің тіршілік кезеңіне байланысты. Құрғақ тұқымдар -258оС температураға шыдайды. Пияздың, жүгерінің, ақсүттігеннің, шалғамның тұқымдары 175 тәулік бойы сұйық ауада (-198оС) сақтағанда өнгіштігін жоғалтпаған. Өскіндер, әсіресе алқа және асқабақ тұқымдастарының өсімдіктері, жиі жеңіл үсіктерге шыдамайды.

Көкөніс дақылдарының суыққа және аязға төзімділігін, өсімдіктердің суыққа төзімділігінің табиғатын зерттеу негізінде, әртүрлі агротехникалық әдістермен арттыруға болады.

Өндірістік жағдайда көкөніс дақылдарын өсіргенде тек өсімдіктің суыққа төзімділігіне ғана сүйенбейді. Көптеген көкөніс дақылдарын жемісті өсіру үшін, әсіресе жылу сүйгіштерді, айталық қиярды, қызанақты, бұрышты және т.б. суықпен күрес жүргізу керек.

Суықпен күресудің бірнеше тәсілі бар. Түтіндету үйіндісін немесе түтіндету құтысын жағып бүркеу жасау; отырғызылған өсімдіктерді суландыру; өсімдіктердің өсіру мерзімін нақтылау.

Жылу сүйгіш өсімдіктерді, ерте пісетін көкөністерді және көшет өсіру үшін, тегіс жерден, тезірек және жақсырақ қызатын жалдар мен жүйектерді қолданады.

Жылу жағдайын тез өсетін бір жылдық дақылдардан (жүгері, күнбағыс, күздік қара бидай) ықтырма жолақтарын (басым жел бағытына көлденең) қолданып жақсартуға болады.

Топырақ бетін (жабындау) қарашіріндімен, қимен, сабанмен, қара түсті жабынды қағазбен, синтетикалық пленкамен жабу, бүркеп қою күн сәулесін молырақ сіңірудің нәтижесінде топырақ температурасының көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Үй іргесіндегі жерлерде, саяжайларда жылу сүйгіш дақылдар егілген жолақтарды пленкалармен, желімделген немесе тігілген бірнеше газет қабаттарымен бүркейді. Өсімдіктердің суыққа төзімділігін арттыру үшін тұқымдарын шынықтырады. Шынықтырылған орамжапырақ көшеті 5-7оС, қызанақтікі – 1оС суыққа шыдайды. Салыстырмалы түрде талабы азырақ, төмен температураға төзімділігі жоғары сұрыптар мен будандарды шығарудың маңызы өте зор.

Қорғаулы жерде көкөніс дақылдары үшін жылу режимі ашық жерге қарағанда қолдан жасалынады және толығырақ реттелінеді. Қорғаулы жер құрылыстарында тәуліктік температураның үлкен ауытқуын болдырмаған жөн. Гүлдену және жеміс салу кездерінде температураның кенеттен тұрақсыздануы қиярдың, қызанақтың бұрыштың гүлдерінің және жас түйіндерінің түсуіне әкеп соғады.

Жарықтану шамалы болғанда температураны сәл төмендету керек. Температураны, әсіресе түнде төмендетудің маңызы зор. Бұл өсімдіктің есеюін баяулатады және бұтақтануын күшейтеді. Тым жоғары түнгі температура өсімдіктің бойлап өсуіне апарады, ал тым төмен температурада жылу сүйгіш дақылдардың ауруға (фитофтора, ақұнтақ, вирустық) шалдығуына ықпал жасайды.

Топырақ температурасының маңызы да осал емес, оның қолайлы мәні әдетте ауа температурасымен салыстырғанда біршама төмен. Қорғаулы жерде температураны реттеу, ол температураның тербелуі және оның күрт ауытқуымен күресу үшін жылытуды қолдануға, жылу жоғалтуы біршама төмендеу құрылыстар салуға, оларды пайдаланған кезде қорғанышының саңылаусыз болуын қадағалауға, қараңғы мезгілде шыныларын жылу шығармайтын жадығаттармен бүркеуге, желден қорғау құрылғыларын жасауға саяды.

Көктемде және жазда қорғаулы жерде аса ысып кетуден сақтану үшін желдеткіштер қолданылады, кейде шыныларына әкті немесе балшық езбесін уақытша жағып қояды.


1.2.Жарық режимі. Жарық – жасыл жапырақтардың органикалық заттарды (фотосинтезді) түзуіне қажетті жағдай. Жарықтың басты және негізгі көзі – күн.

Көкөніс дақылдарының жапырақтарының тақтасына түсетін жарық энергиясының мөлшеріне қоятын талаптары әртүрлі. Мысалы, асбұршақтың гүлдеуі үшін қолайлы жарықтану мөлшері 11 мың лк, ал қызанақтікі – 17-25 мың лк. Пиязды жапыраққа көктеткенде жарық өте аз керек. Түсті орамжапырақты қараңғыда өсіріп жетілдіреді. Бүкіл көкөніс дақылдары, саңырауқұлақтан басқалары, жарыққа азды – көпті талап қояды. Бұл талаптар олардың өсу-даму кезеңдерінде әртүрлі. Тұқым көктеген кезде жарықтың қажеті жоқ. Жарықты өсімдіктер өскін пайда болған кезде, тұқымның пластикалық заттары толығымен шығындалып жас өсімдіктің одан әрі дамуы фотосинтездің жүруіне ықпал жасайтын жағдайға байланысты қажет етеді. Дамудың осы кезеңінде жарық жеткіліксіз болса жас өсімдіктер тез және күшті бойлап өседі. Бірнеше жапырақ пайда болғаннан кейін өсімдік жарықтың жеткіліксіздігіне шыдайды, бірақ көбінесе өсуін әлсірету арқылы. Генеративтік мүшелері қалыптаса бастаған кезде жарықтың жеткіліксіздігіне өте сезімтал келеді. Жарық жеткілікті болмағанда жемістік мүшелердің қалыптасуы және өсуі тежеледі, ал бүршіктері мен түйіндері оңай түсіп қалады. Өнім беретін мүшелері толық қалыптасуының соңында жарыққа деген талап күрт төмендейді. Көптеген дақылдар (қауданды және түсті орамжапырақтар, тамыржемістілер, азырақ деңгейде пияз, қызанақ) қоректік заттар жиналатын мүшелерінің жетілуін жапырақтардағы, сабақтардағы, тамырлардағы органикалық заттардың үлесінен жүргізеді. Кейбір дақылдардың жарыққа деген талабы жеміс мүшелерін қалыптастырған кезеңде күшті деңгейде төмендейді. Бұл дақылдарға (порей пиязын, жапырақты балдыркөкті түптеу, түсті орамжапырақты жапырақтарын байлау және жапыру, салатты шашыратқыны көктету) түссіздендіру (этиолдандыру) қолданылады.

Жарықтың қарқындылығына қоятын талабы бойынша көкөніс дақылдарын үш топқа бөледі: 1) жарық қарқынына күшті талап қоятын жеміс салатын өсімдіктер (асқабақ, алқа, бұршақ тұқымдастар); 2) орташа талап қоятындар (орамжапырақтар, тамыржемістілер, пияздар, жасыл өсімдіктер, көпжылдықтар); 3) жарық күші шамалы болғанда да өсе алатындар (қымыздық, қызылша, басты пияз, ақжелек, балдыркөк).

Қорғаулы жерде өсетін көкөніс дақылдары жарыққа қоятын талаптары кему реті бойынша былай орналасады: қызанақ, бұрыш, қарбыз, қауын, қияр, шалғам, аскөк, ак сүттіген, салаттық орамжапырақ.

Жарыққа қатынасы бойынша дақылдарда ғана емес, сұрыптарда да өзгешелік бар. Академик Г.И.Тараканов және т.б. (1982) деректері бойынша жыл бойы (қысқы жылыжай) қияр сұрыптары өсуін және жеміс салуын тежемей, көктемгі және жазғы ұзақ радиация жағдайындағы қалпын сақтаған көрінеді. Көктемде – жазда өсіруге лайықты қияр сұрыптары (көктемгі жылыжай), қыста қайталаусыз отырғызғанда нашар өседі және көп жағдайда өсуін тоқтатады. Жылыжайға арналған шалғам сұрыптары (Ранний красный, Заря т.б.) қысқы айларда тамыр жемісін береді, ал ашық жердің сұрыптары бұл жағдайда тек жапырағын қалыптастырады.

Өсімдіктің өсуі және өнімнің қалыптасуы жарықпен қатар күннің ұзақтығына да байланысты. Өсімдіктің күн мен түннің ауысуына реакциясын фотопериодизм дейді. Ұзақ күннің, қысқа күннің және күннің ұзақтығына бейтараптық білдіретін өсімдіктер деп ажыратады. Соңғыларға қызғанақ жатады күннің ұзақтығы – қысқалығы елеулі әсер ете қоймайды. Ұзақ күннің өсімдіктері – ақсүттіген, саумалдық, шалғам, аскөк, орамжапырақ; қысқа күннің өсімдіктері – асқабақ тұқымдасының кейбір сұрыптары, үрме бұршақ, жүгері, баялды, бұрыш. Ұзақ күннің өсімдіктерін қысқа күнде өсірсе олар көбірек өнім қалыптастырады. Міне, сондықтан, шалғамның, ақсүттігеннің, саумалдықтың тез пісетін сұрыптарын көктемде кешірек сепкенде, өсімдіктерге ұзақ күн мен жоғары температура аз деңгейде әсер ететін ерте көктемгі егіспен салыстырғанда, төмен өнім алынады.

Саумалдықты, ақ сүттігенді, шалғамды күзде сепкенде әдетте өте жоғары өнім бере алатындықтары байқалған. Мұны қысқа күнмен, қоңыр салқын температурамен және осы кезде топырақ пен ауаның ылғалдылығының өте қолайлығымен түсіндіруге болады.

Ашық жерде фотосинтезге қолайсыз жағдай өскіндердің шектен тыс жиілігінен, арамшөптердің көлеңкелеуінен қалыптасады. Бұлардың кері әсері, жарықтану әлсіздеу және температура жоғары болған сайын ертерек байқалады.

Көкөніс өсірушілер үшін қорғаулы жер құрылыстарындағы жарықтандыру режимінің мәні ерекше. Жылыжайлардағы радиацияның қарқындылығы ашық жерге қарағанда 40-50%-ға төмендейді.

Қорғаулы жерде өсімдіктерді өсіру үшін қиын-қыстау кезеңі, күн сәулесінің ұзақтығы және пәрменділігі өсімдіктің қалыпты өсуіне жеткіліксіз, желтоқсан және қаңтар айларына келеді. Жылыжай кешендерінде күзгі – қысқы кезеңдері өсірілетін қызанақтың, бұршақтың, қиярдың және жарыққа жоғары талап қоятын басқа да өсімдіктердің жеміс байлауының көңілден шықпауын, сондай-ақ ақ сүттігеннің аскөктің, шпинаттың, шалғамының баяу өсетіндігін және шамалы масса қалыптастыратынын осымен түсіндіруге болады.

Ашық жерде жарық режимін себу мерзімін, жылу және жарық сүйгіш дақылдар үшін оңтүстік беткейді таңдап алумен, өсімдік жиілігімен немесе оларды ықтырмаларда өсірумен реттеуге болады.

Қорғаулы жер құрылыстарында күн сәулесін толығырақ пайдалану үшін шынылы бетке көбірек еңкіштік береді: жылыжай үшін -20-30о, булыжай – 5-12о Қорғаулы жер құрылыстарының табиғи жарықтануын, оны жарық бағытына дұрыс орналастырып жақсартуға болады. Булыжайлардың ұзын жағын шығыстан батысқа, ал екі жағы да құламалы шатырлы жылыжайларды солтүстіктен оңтүстікке қарай орналастырады.

Мұндай жайларда шынылы бетке түсетін ең аз деген жарық үшін қам жасау керек. Ол үшін булыжайдың жылуын қорғайтын жамылғыларды уақытында ашып және шыныға қар түскен болса тазалап отыру керек, шынының жоғары сапалысын және жарықты жақсы өткізетінін қолданған дұрыс. Құрылыстың қабырғасын және ірге тасын әкпен сылау да жарық режимін жақсарта түседі.

Жылыжайдағы қыс – көктем кезеңдерінде, қысқа және бұлыңғыр күндері және күн сәулесі жарығының әлсіз қарқындылығы, өсірілетін көкөніс дақылдарының бір қалыпты өсіп – дамуына кедергі жасайды. Тіпті басқа факторлары – жылу, ылғал, қоректік заттар қолайлы мөлшерде және қатынаста болсадағы. Бұл жылыжайдағы өсімдіктерді қосымша жарықтандыруға электр жарығын қолдануға, әсіресе көшет өсіргенде, ауаны көмір қышқылгазбен қанықтыруға мәжбүр етеді.

Қосымша жарық өскін пайда болғаннан кейін қажет. Тәулік бойы жарықтану жиынтығы (табиғи және жасанды) қияр үшін 14-16 сағат, қызанаққа – 16-18 сағат. Қызанақ пен қиярға қосымша жарық түсіру көшет өсіру мерзімін екі есеге жуық қысқартады. Барлық жағдайда да электр қолдану жылыжай ауасындағы көмір қышқыл газының концентрациясын 0,15-0,20 % арттырады.

Көшетті сәулелендіру жеміс салуды 20-25 күнге шапшаңдатады, жалпы өнім 25-30% артады. Қосымша шығынға қарамастан көкөністердің өзіндік құны 15-20 % кемиді.

Жарықты пайдалануды түпкілікті жақсартуға, нашар немесе күшті жарықта және күннің әртүрлі ұзақтығында өсіп-дамитын сұрыптар шығару арқылы қол жеткізуге болады. Жарық ағымын толығырақ пайдалануға дақылды көшетпен өсіру, тығыз егістіктерді қолдану үлкен ықпал жасайды.

1.3. Ауа-газ режимі.Оттектің, көмір қышқыл газдың, азоттың өсімдік тіршілігіне тікелей қатынасы бар. Оттек өсімдіктің тыныс алуына, әсіресе тамырдың және тұқым өне бастағанда қажет. Оттекке талабы жоғарылар, әсіресе тамыры тез өсетін – қияр, қауын, қарбыз сияқты дақылдар. Оттектің өсімдіктің барлық мүшелеріне – жапырақтарына, сабақтарына және тамырларына жетуі мүмкін болуы керек.

Ашық жерде ауа алмасуын жақсарту үшін топырақты қопсытады, субстратты (арнаулы төсем) қолданады, тығыздалатын топырақтарды, борпаң күйде ұстайтын жадығаттарды (материалдарды) қосады, жабындау (мульчалау) жүргізеді. Тұқымның көктеуін тездету үшін оларды барботылайды (суда оттекпен немесе ауамен қанықтырады).

Биологиялық жылытудағы өсімдік өсіретін жайларда ауа-газ режимін жақсарту үшін желдетуді қолданады. Өсімдіктер фотосинтез үдерісінде органикалық заттар құрау үшін көмірқышқыл газын (СО2) жапырақтарымен ауадан сіңіреді. Өсімдік үшін жеткілікті жоғары жарықтануда және температурада ауадағы көмірқышқыл газының қолайлы мөлшері 0,15-0,30%. Көмір қышқыл газының мөлшері 0,01% дейін кемігенде ассимиляция тоқталады. Топырақта СО2 мөлшері артық (1% көп) болғанда тамыр және өне бастаған ұсақ тұқымды (сәбіз, пияз, ақжелкен, қызанақ) және басқа да өсімдіктер үшін өте зиянды, әсіресе төмен температурада және ауамен нашар қамтамасыз етілгенде. Оттектің мөлшерін көтеру және СО2 мөлшерін кеміту үшін топырақты уақытында қопсытып отыру керек.

Егістік жерде топыраққа жақын ауа қабатындағы СО2 концентрациясын көң және басқа да органикалық тыңайтқыштарды енгізіп көбейтуге болады, олар топырақта шіріп, көмір қышқыл газын бөліп шығарады, немесе көңді жабындау ретінде қолдануға болады. Өсімдікті СО2 қаныққан сумен жаңбырлатып суару да жақсы нәтиже береді.

Қорғаулы жер құрылыстарында биологиялық жылуды қолдану СО2 тапшылығын сездірмейді және алынатын жоғары өнімді әдетте осымен түсіндіреді.

Бірақ мұндайда кейде СО2 мөлшері тым артып өсімдікке зиянды әсер жасайды. Артық және зиянды газдар желдеткішпен оңай шығарылады. Міне сондықтан өсімдіктерді отырғызуды немесе тұқымды себеді булыжылыжайларға көң толтырылғаннан 4-5 күн соң жүргізу керек, сонда газдардың зиянды мөлшері азайып үлгереді.

Ірі жылыжай кешендерінде жылыжай ауасын СО2 байыту үшін күкіртсіз табиғи газды қолданатын қыздыру (бу) қазандарының қалдығын, немесе табиғи газды жылыжайда арнаулы (УГ-6) қондырғылар арқылы жаққанда пайда болатын СО2 пайдаланады. Табиғи газды жаққанда зиянды қоспалардың концентрациясын азайту үшін шамдалға берілетін ауаны 15-20 % арттырады.

Кішігірім шаруашылықтарда жылыжай ауасын көмір қышқыл газымен байытуды бөшкелерге сиыр қиын сумен езіп те жүргізеді. Қи борсыған кезде СО2 бөліп шығарады.

Ауаның азоты – инертті газ. Ол көкөніс дақылдарының өніміне әсер етпейді, бірақ оның болуы топырақтағы пайдалы микрофлораның және бұршақ тұқымдас көкөніс дақылдарының түйнек бактерияларының іс-әрекетіне, тіршілігіне оң ықпал жасайды.

Қорғаулы жерде қиярды өсіргенде аналық гүлдерді қалыптастыру үшін ацетилен газын қолданады.

Этилен, ацетилен, пропилен газдары қызанақтың қалыптасқан жасыл жемісінің пісіп – жетілуін жеделдету үшін қолданылады. Ол үшін жеміс салынған камераға аталынған газдардың аз мөлшерін қосады.

Этиленді қызанақ өсімдігі және пісіп келе жатқан жемісі бөліп шығарады, ондай қасиет қауында да, бұршақта да, алмада да және т.б. бар. Газ жасыл көкөністерге және қиярға қолайсыз әсер етеді, олар тез бүлінеді. Сондықтан этилен шығаратын жемістерді (қызанақты, алманы, қауынды және т.б.) және оған сезімтал көкөніс дақылдарын (қиярды, жасыл жапырақтыларды) бір жылыжайды сақтауға және бір көлікпен тасымалдауға болмайды.

Көкөніс шаруашылығында ауада зиянды газдардың: аммиактың, күкіртті газдың және азот тотығының бар-жоғын ескеру өте қажет. Аммиактың (0,6% ке дейін) артық мөлшері жапырақтардың шеттерін күйдіреді. Мұндай жағдайды көшетті жас көң еңгізіліп жыртылған жерге, биоотын ретінде тауық саңғырығын, аммонийланған шымтезек (ТАУ, ТМАУ) қоспаларын қолданғаннан кейін отырғызғанда байқауға болады. Метанның да уландырғыштығы одан кем түспейді.

Ауадағы күкіртті газдың концентрациясы 0,0001%, улы газдікі – 0,0002, ал азот тотығынікі – 0,000003 % аспауы керек.

Кейбір өсімдіктер, мысалы үрме бұршақ, ауаның ластануына ерекше сезімтал, сондықтан көрсеткішті индикатор бола алады, оның күйі бойынша атмосфераның тазалығы жөніндегі тұжырым жасауға болады.
1.4. Су режимі. Көкөніс дақылдарында 75-97 % су болады. Өнімді, топырақ үстіндегі мүшелерін және тамыр жүйесін құрастыруға жұмсалатын судың үлесі, булануға шығындалатын су көлемімен салыстырғанда ең аз мөлшерде ғана. Тамырымен сіңірілетін судың 1000 бөлігінің тек 1,5-2,0 бөлігі ғана қоректенуге және құрғақ зат түзуге шығындалады. Көкөніс дақылдарының өсіп – дамуы үшін қажет өте көп су мөлшері жөніндегі түсінік алу аса қиынға соқпайды. Сондықтан көкөніс дақылдарын суландыру күмән келтірмейтін қажеттілік.

Көкөніс дақылдарының топырақ және ауа дымқылдығына талабын бағалағанда тамыр жүйесінің даму сипатын және өсімдіктің ылғалды қарқынды буландыратынын білген жөн. Тамыр жүйелерінің мөлшері мен құрылысы бойынша көкөніс дақылдарын үш топқа бөледі: біріншісі – күшті тармақталған тамыр жүйелі, жан-жағына таралуы және тереңге бойлауы 2,0-2,5 метрге дейінгілерге – асқабақ, қарбыз, қауын, асханалық қызылша, ақжелкек; екіншісі – біршама күшті және тармақталынған тамыр жүйелі, жырту қабатынан 1-2 м дейін бойлайтындар – сәбіз, ақжелек, қызанақ, орамжапырақ (тұқымнан өскенде); үшіншісі – топырақ бетінде әлсіз (пияз) немесе күшті (қияр) тарамдалған тамыр жүйелі, 0,5 м дейін орналасатындар – орамжапырақ (көшетпен өсірілгенде), қияр, бұрыш, баялды, пияз, шалғам, ақсүттіген.

Көкөніс дақылдарының топырақтың және ауаның су режиміне қоятын талабын анықтағанда жапырақтың саны, көлемі және құрылысының да маңызы зор.

Көкөніс дақылдары сіңірілген су мөлшері және оны топырақтан қажет мөлшерде алып шығу қабілетіне қарай 5 топқа бөлінеді:

1. Су режиміне ең талап қойғыштар, суды топырақтан алу қабілеттіліктері жоғары және оны булануға көптеп шығындайтындар – ақсүттіген, саумалдық, шалғам, орамжапырақ, баялды, қияр, орамжапырақ, қырыққабат тұқымдасының тамыр жемістері;

2. Ылғалға талаптары жоғары, суды топырақтан алу қабілеттері шамалылар – пияз, сарымсақ;

3. Су режиміне шамалы талап қоятындар, суды жақсы ала алатындар және оны қарқынды буландырумен ерекшеленетіндер – асханалық қызылша;

4. Қолайсыз су режиміне ең шыдамдылар – қарбыз, қауын, асқабақ, үрме бұршақ, көкөністік жүгері;

5. Су режиміне талаптары бойынша аралықта орналасқандар – сәбіз, ақжелкен, қызанақ.

Бұл топтастыру өсімдіктің жекелеген түрлерінің су пайдалануы жөнінде түсінік береді. Өсімдіктің бүкіл тез пісетін сұрыптары кеш пісетіндерге қарағанда судың мол болғанын тілейді. Судың жеткіліксіздігі фотосинтезді тежейді, өсу мен дамуды тоқтатады және ерте өнімді алуға кедергі болады. Су жеткіліксіздігінде және жоғары температурада жасыл өсімдіктердің және шалғамның гүл сидамы пайда болады, қызанақ төбе шірігіне шалдығады. Қиярдың, қызанақтың, баялдының, бұршақтың гүлдері мен түйіндерінің түсуі, сызықтық бөлігінің қатаюы (шалғам, кольраби, балдыркөк) байқалады. Орамжапырақта ұсақ, жетілмеген қаудандар қалыптасады.

Құрғақ кезеңінің ылғалды кезеңмен кезектесуі тамыр жемістерінің жарылуына, қызанақ жемісінің сызаттануына әкеледі.

Ылғалдың артық болуы ауа режимін нашарлатады. Мұндайда тамыр жүйесінің өсуіне, тұқымның көктеуіне оттек жетіспейді де, тамырдың және тұқымның опат болуына әкеп соғады, тұқымның танаптық өнгіштігі кемиді.

Көкөніс дақылдарының ылғалды қажетсінуі даму кезеңінде біркелкі емес. Өсімдік топырақтың ылғалдылығына (ЕТСС-ң 80-90 %) ең жоғары талабын тұқымның өнген кезінде қояды. Көкөніс дақылдарының басым бөлігінің тұқымдары ұсақ, олар топырақтың тез құрғайтын жоғары қабатына сіңірілетіндіктен көбі ұзақ уақыт өнбейді. Орамжапырақтың және қиярдың тұқымдары бөртуі үшін өзінің массасының 50% жуық ылғал сіңіруі қажет, балдыркөктік дақылдарға – 100 %, бұршақ тұқымдастарға – 150 %. Тамыр жүйесі дамығаннан кейін суды қажетсінуі кемиді.

Орамжапырақ тұқымдасына жататын көкөніс дақылдары мол суды өнімді мүшелері (тамыр жемістері, қаудандары) қауырт өсе бастаған кезде, ал балдыркөк және алабұталар тұқымдастары өсу даму кезеңінің басында, олардың терең бойлаған тамыр жүйесі әлі жетілмеген уақытта, талап етеді. Жеміс салатын көкөніс дақылдары суды көбірек жеміс байлаған кезінде қажет етсе, жуа тұқымдастар – жапырақтарының қарқынды өскен кезінде. Жуа тұқымдасының дақылдарын баданы үшін өсіргенде соңғы суаруды жинардан 3-4 апта бұрын тоқтатады. Бұл өнім мүшесінің толық жетілуіне мүмкіндік береді.

Көшет отырғызғаннан кейін ылғалдың мол болуы, топырақтың жоғарғы қабатында орналасқан тамыр жүйесінің нашар дамуына ықпал жасайды да, өсімдікке заттардың азырақ түсуіне әсер етеді. Міне, сондықтан суландыратын көкөніс шаруашылығында отырғызу мен бірінші суландырудың мерзімін қатал сақтау керек.

Жылу сүйгіш өсімдіктер үшін суландыратын судың температурасының маңызы да зор. Қорғаулы жерде ол – 22-25оС дейін жылытылуы керек. Ашық жерде ыстық күндері суландыруды түнгі сағаттарда жүргізуге тура келеді. Талтүстегі аптап ыстыққа өсімдікті суық сумен суару алқалар тұқымдасын солу ауруына шалықтырады.

Көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуы үшін топырақ ылғалы ғана әсер етпейді, сондай-ақ ауа ылғалы да. Бұл жағынан көкөніс дақылдарын үш топқа бөледі: ауаның оңтайлы ылғалдылығы 60-70 % болуын тілейтін өсімдіктер – қызанақ, баялды, бұршақ, үрме бұршақ; 70-75 % – түсті және ақ қауданды орамжапырақтар, қымыздық, аскөк, ақжелкен, порей пиязы; 80-90% – қияр, ақсүттіген, саумалдық, сабағы үшін өсірілетін пияз. Ауаның оңтайлы ылғалдылығы төмен болғанда (құрғақшылықта) жапырақта ақуыздың ыдырауы, аммиактың бөлінуі және оның өсімдікті уландыратыны, өсу үдерісін тоқтататыны байқалады.

Көкөніс дақылдарының ауа ылғалдылығына талабын оларды қорғаулы жерде өсіргенде ерекше ескеріп, көңіл бөлу керек. Жоғары ылғалдылықта және төмен температурада өсімдіктер саңырауқұлақ және бактериялық ауруларға жиірек шалдығады. Түнгі мезгілде температура төмендегенде шықтың түсуі, қызанақ жемісінің жарылуына әкеп соғады. Керісінше, ауаның төмен ылғалдылығы жоғары температурада қауіпті зиянкестердің (мысалы, өрмекші кенешігі қиярда) таралуына жағдай жасайды.

Өсімдіктердің су режимі мынадай көрсеткіштермен: су пайдалану коэффициенті, транспирация коэффициенті, суару және суландыру мөлшерімен сипатталынады.

Аталған дақылдан бір өлшем жерден (га немесе м2) өнім алу үшін қажетті су мөлшерін су пайдалану дейді; бірі өлшем өнім алуға шығындалған және л/кг немесе см3/г белгіленгенді су пайдалану коэффициенті дейді. 1 г құрғақ зат алу үшін шығындалған су мөлшерін (см3) транспирация коэффициенті тр) деп атайды. Өсімдіктің бір өсу-даму кезеңінде 1 га жұмсалатын судың жиынтығын суландыру мөлшері, ал бір рет суарғанда жіберілетін су мөлшерін суару мөлшері дейді.

Көкөніс дақылдарында транспирация коэффициенті 350-700 мг/г аралығында және ол дақылдың түрі мен сұрпына, өсіру ортасына, топырақтың қасиетіне және ондағы қоректік заттардың мөлшеріне тәуелді. Тыңайтқыш енгізгенде транспирация коэффициенті төмендейді, бірақ мұндайда бүкіл өсімдік шығындайтын судың абсолюттік (шектік) шамасы артады. Міне, сондықтан тыңайтқыштарды жеткілікті енгізгенде, әсіресе жеңіл топырақтарда, ылғалдану деңгейін жоғары ұстау керек. Бұл топырақ ерітіндісінің концентрациясын көтерілуден сақтайды және тамырдың сіңіру бетін кеңейтеді.

Жылыжайларда 1 кг өнім алу үшін жұмсалатын судың мөлшері (су пайдалану коэффициенті) жөніндегі түсінікті мына мәліметтер (Г.И.Тараканов және т.б., 1982) бере алады: қыста – көктемде өсірілген қиярда ол 17-23 л, қызанақта – 40-60 л. Өнімділік артқан сайын су пайдалану және транспирация коэффициенттері, әдетте төмендей береді.

Суландыру және суару мөлшелері өсімдіктің су пайдалануына, сулану тереңдігіне және дымқылдану деңгейіне тәуелді. Көшеттерді және көкөніс дақылдарын жиі, топырақтың сулану тереңдігін 20 см дейін жеткізіп суарады. Ересек өсімдіктерге сулану тереңдігі (см) молырақ болады: қарбыз, бұрыш, балдыркөк және баялды үшін 30-40, орамжапырақ, пияз және қызанақ – 40-50, тамыржемістілер, көпжылдықтар және тұқымдықтар үшін 50-60. Дақылдар үшін оңтайлы ылғалдылық – 75-80 % (ЕТСС).

Көкөніс дақылдарының су режимін мына шаралар жақсартады: дақылдарды жер бедерінің төменгі бөлігінде орналастыру, егіс қорғайтын орман алқаптарын жасау, ықтырмалы егістіктерді қолдану, қар тоқтату, топырақты дұрыс өңдеу, жабындау, суландыру. Қазақстанның солтүстігінде су ресурстарының шектеулі екенін ескеріп, көкөніс және басқа дақылдардың су режимін жақсарту мақсатында және суландыру суының шығынын кеміту үшін суландыру алдында қатараралықтарды саңылаулау өте тиімді.

Қатараралықтарды қашау тәрізді қазтабанмен 20-25 см тереңдікке 2 рет суландырғаннан кейін өңдеу қызылшаның және сәбіздің өнімін 32-51 % арттырады.
1.5. Қоректену режимі. Қазіргі кездегі көкөніс дақылдарының экологиялық типтері мен сұрыптары, жылда тыңайтқыш енгізілетін үй маңындағы телімдерде, бақшалық дақылдар жағдайында пайда болды және өсірілді. Сондықтан да бүкіл көкөніс дақылдары топырақтың құнарлығына жоғары талап қояды.

Көкөніс дақылдарының минералды қоректенуге қатысын сипаттайтын екі көрсеткішті ажыратады: өсімдіктердің топырақтан жекелеген қоректік элементтерді тұтынуы (шығаруы) және өсімдіктің топырақта қоректік заттардың бар-жоғына реакциясы. Топырақтың қоректік элементтерін молырақ тұтынатындығымен ерекшеленетіндер кеш пісетін орамжапырақ сұрыптары, азырақ шығындайтындар – шалғам және қияр.

Әр дақылмен шығарылатын минералды қоректік элементтердің көлемі өнімге және өсірілетін жағдайына тәуелді (1 -кесте).
1-кесте. Көкөніс дақылдарының қоректік заттарды шығындауы,

100 ц өнімге, кг



Дақыл

Тауарлы және қосалқы бөлігі

Тауарлы бөлігі

Авторы

N

P2O5

K2O

N

P2O5

K2O




Орташа мерзімнен кеш пісетін орамжапырақ

40

12

44

20

6

24

В.М.Назарюк

1

2

3

4

5

6

7

8

Ерте мерзімде пісетін орамжапырақ

46

13

68

-

-

-

З.И.Журбицкий, 1963+

Қызанақ

32

10

43

15

6

20

В.М.Назарюк

Қияр

30

10

33

16

5

19

В.М.Назарюк

Сәбіз

32

13

40

19

9

26

Б.Н.Алмазов, 1976+

Асханалық қызылша

40

16

65

-

-

-

Ю.И.Ермохин, 1977

Шалғам

50

14

54

-

-

-

З.И.Журбицкий, 1963+

Пияз-көшет

31

9

17

-

-

-

---//---

Басты пияз

45

12

20

-

-

-

---//---

Көк пияз

53

16

40

-

-

-

---//---

Ескертпе: + жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін жағдайларда шығындалған қоректік заттардың көрсеткіштеріне орташалаумен алынған деректер.

Өнім артқан сайын қоректік заттардың шығарылатын мөлшері де артады. Көкөніс дақылдары топырақтан ең көбірек калийді, сосын азотты және одан кейін фосфорды тұтынады. Өсімдік тіршілігінде маңызды рөлді, топырақта олардың тапшылығы азот, фосфор, калий элементтерімен салыстырғанда сирек болатын микроэлементте иеленеді.

Өсімдіктердің минералды қорекке талабы, олардың биологиялық ерекшеліктерімен анықталады. Тез пісетін дақылдар мен сұрыптар маусымында қоректік заттарды, өсу – даму кезеңі ұзақ өсімдікке немесе сұрыпқа қарағанда азырақ сіңіреді. Бірақ олар, бір өлшем уақытта қоректік заттарды бірнеше есе көбірек сіңіретіндіктен минералды қорекке талабы күштірек.

Әртүрлі қоректік заттарды сіңіруі қабілеттілігі өсімдіктің жасына да байланысты. Өсімдіктер тіршілігінің бас кезінде әлсіз дамыған тамырға ие, сондықтан олар ересек өсімдіктерге қарағанда қиын еритін қоректік заттарды сіңіру қабілеттіліктері төмен.

Зат алмасудың әлсіздігінен, жас өсімдіктер топырақ ерітіндісінің жоғары концентрациясына төзе алмайды, әсіресе пияздың, сәбіздің өскіндері. Сәбіз өскіні үшін топырақ ерітіндісінің концентрациясы, қызылша өскінімен салыстырғанда 6 есе, ал орамжапырақ пен қызанақ өскіндеріне қарағанда 3 есе кем болғаны дұрыс.

Көкөніс дақылдары, тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде әлсіз өсінді массасымен ерекшелене отырып, азоттың артық мөлшерін қажет етпейді. Тіпті мол азот, әсіресе аммиак түріндегісі, көмірсуы аз жас өсімдіктерді уландыруы мүмкін. Бірақ оларды осы кезеңде, тамыр жүйесінің өсуіне және өсімдіктің одан әрі жақсы дамуына әсер ететін фосфорлы-калийлі тыңайтқыштармен мол мөлшерде қамтамасыз ету қажет.

Егер өсімдіктің тіршілік айналымының басында маңызды рөлді фосфорлы тыңайтқыштар (осы кезеңде фосфатпен жеткілікті түрде қамтамасыз етілгенге, ірі тұқымында фосфор жеткілікті, бұршақ тұқымдастар ғана ықылас қоймайды) атқарса, өсінді мүшелері қарқынды қалыптасқанда, гүлдеу және жеміс салған кезеңдерде жетекшілік рөл азотты және калийлы тыңайтқыштарға тиеді. Осы кезеңде азот жеткіліксіз болса, өсімдіктің өсуі, ал жемісті дақылдарда – гүлдеуі кідіреді. Осының бәрі өнімінің төмендеуіне және оның кешігіп алынуына әкеп соғады. Көкөніс дақылдары топырақтан қоректік заттарды бүкіл өсу-даму кезеңінде сіңіреді, бірақ бұл үдеріс қарқыны жеміс салу кезінде күшейе түседі. Сондықтан тыңайтқыштарды егіске дейін ғана енгізіп қоймай, өсу – даму кезеңінде үстеп қоректендірумен пайдалану керек.

Көкөністерді өсірген кезде топырақтың қышқылдығын да ескерген жөн. Пияз, сарымсақ, ақсүттіген, қызылша, ботташық, балдыркөк, бұрыш және үрме бұршақ үшін ең қолайлы реакция рН 7,0-6,5; баялды, қияр, қауданды және түсті орамжапырақ, ақжелкек үшін – 6,5-6,0; сәбіз, асқабақ, қызанақ, ас бұршақ, рауғаш – 6,0-5,5; ал шалқан, шалғам және қымыздық рН 4,5-5,0 жеңіл шыдайды.

Көкөніс дақылдары топырақтың сортаңдануынан бірдей әсер алмайды. Тұзға төзімділігі бойынша оларды үш топқа бөледі: тұзға төзімділер – жүгері, сәбіз, қияр, шалғам, сарымсақ, бұлар тұздану 0,1-0,4% болғанда өнімді байқалатындай төмендетеді немесе опат болады; тұзға орташа төзімділер – пияз, қызанақ, шомыр – топырақтың 0,4-0,6 % тұздануына шыдайды; тұзға жоғары төзімділер – қызылша, баялды, асқабақ, қарбыз, топырақтың 1% тұздануын көтереді.

Өсімдік үшін топырақта қолайлы қоректену жағдайы тыңайтқыш енгізумен және топырақты мұқият өңдеумен жүзеге асырылады.

Көкөніс дақылдарының органикалық тыңайтқыштарға ықыластылықтары да әр түрлі және оны бірдей пайдаланбайды. Сәбіз, қызылша, қызанақ көңнің кейінгі жылдардағы әсерінен жоғары өнім берсе, кеш пісетін орамжапырақ оның тікелей әсерін жақсы пайдаланады. Сәбіз, ақжелкен жаңадан көң шашқан жерде өсірілсе, алынған өнімнің тауарлығы төмендейді. Ерте және тез пісетін дақылдар жас қидан (көңнен) әлсіз әсер алады, ал шіріген көңді, немесе қорданы (компосты) енгізсе өнімін айтарлықтай арттырады. Органикалық тыңайтқыштардың тапшылығын және енгізудің көп еңбекті қажет ететінін ескеріп, оларды алдымен қорғаулы жерде көшет, қияр, көпжылдықтарды және кеш пісетін орамжапырақты өсіргенде пайдалану керек.

Көкөніс шаруашылығында, егіншілікпен салыстырғанда жиірек шымтезекті, қоқым-соқымды, көңді немесе нәжісті минералды тыңайтқыштармен араластырып, қорда жасап пайдаланады. Нәжісті және қаланың қоқым-соқымын ұзақ уақыт қордалап барып пайдаға асырады. Органикалық және минералды тыңайтқыштардың тиімділігі екеуін бірге пайдаланғанда арта түседі.

Қорғаулы жерде қоректену режимінің өз ерекшелігі бар. Ол көкөніс дақылдарының тамыры жайылатын қабатының шамалы көлеміне байланысты. Сондықтан өсімдіктер мұнда топырақ құнарлылығына жоғары талап қояды. Қорғаулы жерде табиғи пайда болған топырақтың бірде-бір жеткілікті мөлшерде көкөніс дақылдарын қоректік элементтермен қамтамасыз ете алмайды. Екінші жағынан, бір уақытта минералды тыңайтқыштардың өте жоғары мөлшерін енгізу мүмкін емес және болмайды да, өсімдіктер үшін топырақ ерітіндісінің концентрациясы зиянды шекке жетпегені дұрыс. Қорғаулы жерде өсімдіктерді оңтайлы концентрациядағы қоректік заттармен қамтамасыз ету мақсатында топырақ пен өсімдік күйін жүйелі және мұқият түрде агрохимиялық бақылауға алу керек.

Қорғаулы жерде қажетті қоректік режимін жасау және сол деңгейде ұстау үшін көкөніс дақылдарын арнаулы топырақ қоспаларында; топырақсыз жасанды ерітінділерде (гидропоника немесе дақылды гидропон әдісімен өсіру) өсіреді; тыңайтқышты жиі тамырдан және тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін қолданады; топырақ қоспаларының орнына шымтезекті, сабанды, күріштің қауызын, ағаштың қабығын, ағаш үгіндісін, мақта тазалау зауыттарының қалдықтарын (жаңғақшалар), полистролдарды, төмен калориялы қоңыр көмірді пайдаланады, бұған қажет болғанда тыңайтқыштар қосады; оқтын-оқтын немесе жартылай топырағы ауыстырылады немесе өсімдіктің өсу-даму кезеңінде жаңадан топырақ қосады (үстелемелейді).



Бақылау сұрақтары:

1.Қоректену режимі қандай?

2.Көкөніс дақылдарында қанша % су болады?

3.Ашық жерде ауа алмасуын жақсарту үшін топырақты нестеу керек?


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.

2.Абзейтова Э.А. Жылыжайда қияр дақылының өсіру технологиясын жетілдіру және зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдану. Алматы, 2015 ж.

3.Шуваев В.А. Выращивание помидора.- 2012. – Б 28.



Дәріс №3

Тақырыбы: КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ КӨБЕЮІ

Сабақтың мақсаты: Көкөніс дақылдарының басым бөлігі тұқымынан көбейту жолдары

Жоспары:

1. Өсінді жолымен көбейту

2.Баданамен (жуашықпен) көбейту.

3.Тамырсабақпен көбейту.

4.Қалемшелермен көбейту.

5.Тамыр жемістерін бөліп көбейту.


1. Өсінді жолымен көбейту. Көкөніс шаруашылығында өсінділік көбеюдің мынадай тәсілдерін қолданады.

Баданамен (жуашықпен) көбейту. Түбіртегінде ұрық жұрнағы болатын пиязды, сарымсақты, шалот пиязын өсіргенде қолданады. Мұндай баданаларды отырғызғанда әр бүршіктен жаңа бадана қалыптасады. Сарымсақтың және көп қат-қабатты пияздың сабақтанғыш формалары қалыптастыратын ауалық пиязшықтары да көбейту үшін қолданылады.

Тамырсабақпен көбейту. Бұл тәсілді көп жылдық көкөніс дақылдарын – қояншөпті, рауғашты, ақжелкекті өсіргенде қолданады. Қояншөп пен рауғаш өздерінің топырақ үстілік мүшелерін, тамырсабақтың жоғарғы жағында орналасқан өсу бүршігінен дамытады. Сондықтан бұл дақылдардың тамырсабақтарын бөлгенде әр бөлікте өсу бүршігінің және қоректік заттары бар тамырсабақ бөлігінің болғанын қадағалайды. Неғұрлым бөлік ірі және өсу бүршігі көбірек болса, солғұрлым топырақ үстілік мүшелер тез және жақсы өсіп-дамиды. Тамырсабақты бөліктеу өсіп-даму аяқталғаннан кейін, қоңыр күзде немесе көктемде жүргізіледі.

Қалемшелермен көбейту. Көптеген көкөніс дақылдарының-орамжапырақ, қызанақ, қияр, қауын және т.б. топыраққа сабақтарының бір бөлігін тамырландыру арқылы өсе алатын мүмкіншіліктері бар. Бұл тәсілді көбінесе селекциялық жұмыста қолданады. Бір-екі жапырақты сабақ бөлігін кесіп алып құм салынған жәшікке тамырландырады. Жақсы дамыған тамыр жүйесі бар өсімдікті тұрақты өсірілетін жерге отырғызады.

Тамыр жемістерін бөліп көбейту. Тамыр жемістерін ұзынынан тіліп, егістікке отырғызады. Тамыр жемісінің әр бөлігінде тамыр, ал жоғарғы бүршігінен сабақ пайда болады да, олардан гүлдер мен тұқым қалыптасады. Бұл тәсіл тұқым шаруашылығында қолданылады

Көкөніс шаруашылығында тұқымдық тәсілден басқа, өсіндімен де көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде өсімдіктің көбею коэффициенті өте жоғары: өсімдік өскен ортасына жеңіл бейімделеді. Тұқым алу технологиясы қарапайым және өсінді жолымен көбейтуге қарағанда тиімдірек. Бірақ сұрыптың қасиеттерін сақтап, әр өсімдіктің және бүкіл егістіктің өсіп-дамуына жақсы жағдай жасалу бағытында, тұқым шаруашылығында ерекше шаралар кешенін атқаруға тура келеді.



Бақылау сұрақтары:

1.Тамыр жемістерін бөліп көбейту

2.Қалемшелермен көбейту

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.

2. Абзейтова Э.А. Жылыжайда қияр дақылының өсіру технологиясын жетілдіру және

зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдану. Алматы, 2015 ж.

Шуваев В.А. Выращивание помидора.- 2012. – Б 28.

Дәріс №4

Тақырыбы: КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫН ГИДРОПОНДЫ

ЖЫЛЫЖАЙЛАРДА ӨСІРУ

Сабақтың мақсаты: Өciмдiктi өсіргенде, олардың тамыры топырақта емес, минералды немесе органикалық субстратта орналастыру.

Жоспары:

1.Гидропон жүйесінің түрлері

2.Агрегатопоника

3.Субстраттар және қоректік ерітінділер.

4.Керамзит

1.Гидропон жүйесінің түрлері.Гидропон жүйесінің мынадай түрлерін ажыратады:

1. Агрегатопоника – өсімдіктерді қатты минералды субстраттарда (құм, қиыршық тас, ұсақталған гранитті тас, керамзит, перлит, вермикулит, гродан) өсіру.



2. Хемопоника (хемодақыл) – өсімдіктерден жаралған (жоғарғы қабаттың шымтезегі, мүк, ағаш қабығы және ұнтағы) субстраттарда өсіру.

S

3. Ионитопоника – синтездеу арқылы алынған субстраттарда (көпіршікті полистирол, несепнәрлі-формальдегидты пенопласт, ион тәрізді қарамайлар) өсіру.

Су дақылдары (нағыз гидропоника). Бұл әдісте субстрат болмайды. Тамыр жүйесі тұрақты түрде жылжымалы қоректік заттарға малынып тұрады.

Аэропоника. Бұл әдісте тамыр жүйесіне қоректік заттар ерітіндісін тұман (аэрозол) түрінде береді.

.Гроданда өсіру агрегатопониканың бір түршесі. Гродан минералды мақтадан жасалған, қоректік заттармен шылағанда өз пішінін сақтайтын бойра. Гроданнан жасалған бойраның үстіне көшетті отырғызады да, әр өсімдікке әлсін-әлсін қоректік заттар жеткізетін түтікшелер жалғастырылады.

Субстраттар және қоректік ерітінділер. гидропоникалық дақылдар үшін қолданылатын қатты субстраттар, физикалық және химиялық жағынан (инертті) ерітінділерге улы заттарды бөлмеуі және одан қоректік заттарды сіңірмеуі керек. Субстрат сортаңданбауы және тұздан оңай арылуы керек, ауа өткізгіштігі мен ауа сыйымдылығы жоғары және су ұстағыш қабілеті салыстырмалы түрде жақсы болғаны дұрыс. Ең кең тарағаны тау жыныстарын ұсақтау арқылы алынатын субстрат – ұсақталған гранит тас.

Қиыршық тас сапасы бойынша ұсақталған тастан төмен. Қолданардан бұрын оны фракцияларға бөледі. Фракциялардың шамасы бойынша ең қолайлысы – 6-9 мм.



Керамзитті кұнарсыз дымқыл балшық кұмалақтарын күйдіру арқылы алады. Гидропоникада керамзиттің ұсақ фракциялары қолданылады, жиірек фракция мөлшері 20-30 мм-ге жетеді.

Перлит – жаңартаулық реолиттерден пайда болған силикатты материал. Перлиттер судан 3-4 есе жеңіл, көшет өсіруге өте қолайлы.

Вермикулит – қабыршақты құрылысы бар, өте жеңіл жадығат. Оны тау жынысын (төмен сапалы слюда) арнаулы пештерде 1000-1200оС балқытып алады. Гидропоникада минпласты, түйіршіктелген полиэтиленді, полистролды өте сирек қолданады.

Минералды мақтаны (гродан) кұрамында 60 % базальт, 20 % әк және 20 % кокс бар қоспаны 1500-2000оС балқытып алады.

Бақылау сұрақтары:

1.Агрегатопоника дегеніміз?

2.Субстраттар және қоректік ерітінділер.

3.Керамзит дегеніміз?


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.

2.Абзейтова Э.А. Жылыжайда қияр дақылының өсіру технологиясын жетілдіру және зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдану. Алматы, 2015 ж.

3.Шуваев В.А. Выращивание помидора.- 2012. – Б 28.




Дәріс №5

Тақырыбы: КӨШЕТ ӨСІРУ

Сабақтың мақсаты: Көшет деп, тығыз егістікте өсірілген, өнім беретін мүшелерін қалыптастыруға кіріспеген, ашық және қорғаулы грунтқа-тұрақты орынға отырғызуға арналған жас өсімдікті айтады.

Жопары:

1.Жарықпен шынықтырғанда

2.Ауамен шынықтырғанда

3.Көшіріп отырғызу

4.Саусақ немесе қазықша астына отырғызғанда

5.Көшетті құмырада өсіру тәсілі.



1.Жарықпен шынықтырғанда. Көшеттік әдіс өнімнің 20-30 тәулік ертерек пісуіне; тіршілік кезеңі ұзақ жылу сүйгіш дақылдарды солтүстік аудандарда өсіруге; өскіндер мен күш алмаған жас өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғауды жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, көшеттік әдісте тұқымның шығынын 5-6 есе кемітуге болады, өскіндерді сиретудің қажеттілігі тумайды, қабыршақ пен арамшөптермен күресу жеңілдейді.

Сонымен бірге, көшеттік әдіс, қымбат тұратын дақыл өсіретін құрылыстарды салуға қосымша шығынды талап етеді. Көшеттік әдіспен өсіру, сол уақытта тиімді, егер өндірістік шығындарды ерте алынатын өнім қайтара алса. Ашық жер көкөніс шаруашылығында егіс көлемінің жартысынан артығы көшетпен отырғызылады, ал жылыжайлар мен булыжайларда бұл әдістің үлесіне егіс көлемінің 90 % келеді.

Көшеттік өсімдік көшетсіз өсімдікпен салыстырғанда көшет кезеңінде өсуі мен дамуында «оздыру» (жеделдеу) дегенге ие болады. «Оздыру» өскін пайда болғаннан көшіріп отырғызғанға дейінгі уақыттағы күнтізбегінің санымен, ал кейіннен даму кезеңдерімен (жапырақ саны, гүл шоғырының қалыптасуы т.т.) өлшенеді. Оздырудың шамасы әдетте көшеттің жасымен байланысты. «Оздыру» неғұрлым көшеттің жасына сәйкес келсе, соғұрлым ерте өнім жоғары болады.

Көшетті отырғызуға дайындағанда өсімдіктің ашық грунт жағдайына икемдеуге бағытталған агротехникалық шаралар кешенін шынықтыру дейді. Шынықтырудың мәні температураның мүмкін көтерілуі мен төмендеуіне, күшті күн радиациясына, ауа және топырақ құрғақшылығына өсімдіктің төзімділігінің жоғары болуына ықпал жасайтын микроклиматты қалыптастыру болып табылады.

Жылумен (температурамен), жарықпен және ауамен шынықтыруды ажыратады. Жылумен шынықтырғанда көшетті өсіру кезеңінде температураның салыстырмалы түрде төмен болуын, әсіресе түн мезгілінде, фосфорлы-калийлы қоректік денгейінің жоғары болуын қадағалайды және орташа суландырады.

Жарықпен шынықтырғанда өсімдіктің жоғары сәулеленуіне жағдай жасайды, сонда олардың грунтқа отырғызғанда ультракөгілдір сәулелерге төзімділігі артады. Ауамен шынықтырғанда орташа суландыру арқылы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарылатпай, орташа деңгейде ұстайды. Бұл өсімдіктің, әсіресе көшетті танапқа отырғызған кезде жиі байқалатын ауа құрғақшылығына төзімділігін арттырады.

Өсімдіктің шынығуына қоректік алаңның көлемі де ықпал жасайды. Жоғары сапалы көшетте жапырақ массасының сабақ массасына қатынасы 1,5-2, орташасында – 1-1,5, сапасызында 1-ден кем болады.

Г.И.Тараканов және т.б. бойынша (1982) ашық грунтқа арналған көшеттерді технологиялық жағынан ерте, орташа және кеш деп бөледі.

Ерте көшет – ақ қауданды және түсті орамжапырактың, балдыркөктің, порей пиязының және пияздың тәтті сұрыптарының көшеттері. Оларды жылытылатын пленкалы немесе басқа да құрылыстарда ерте мерзімде өсіреді және ерте өнім алуға арналған.



Орташа көшет-кеш пісетін орамжапырақтың, қызанақтың, қиярдың, бұрыштың, баялдының көшеттері. Оларды жылытылмайтын пленкалы жылыжайларда, булыжайларда және жылытылатын грунтта кешірек өсіреді.

Кеш көшет – ақ қауданды орамжапырақтың орташа мерзімде пісетін сұрыптарының, күзде пайдалануға түсті орамжапырақтың, қояншөптің, рауғаштың және т.б ашық грунтта, салқын көшетханаларда өсірілген көшеттері.

Көшеттерді өсірудің бірнеше тәсілі бар: құмырада және құмырасыз, көшіріп және көшірмей отырғызу.



Көшіріп отырғызу жас өсімдіктерді қалыпты өсіру үшін молырақ
қоректік алаң беріп қайтадан отырғызу. Көшіріп отырғызуға арналған жас
өсімдіктерді, жарнақ жапырақ немесе 1-3 кәдімгі жапырақ сатысында сеппе көшет деп атайды. Тығыз себіліп, кейіннен көшірш отырғызылатынды сеппе көшет мектепшесі дейді.

Алаңның көшіріп отырғызғандағы өрістеу еселігі


бұл сан көшіріп отырғызғаннан кейін, өсімдіктің мектепшедегі алаңмен
салыстырғанда неше есе артық алаң алатынын көрсетеді. Орамжапырақ үшін 5-7-ге тең, қьізанақ, бұрыш, баялды үшін – 8-10.

Сеппе көшеттерді көшіріп отырғызу 3 тәсілмен жүргізіледі: саусақ астына, қазықша және жұқа тақтайша астына.

Саусақ немесе қазықша астына отырғызғанда грунтта немесе құмырада шұңқыршық жасап, оған сеппе көшетті жарнақ жапырағына дейін отырғызады, сосын тамырын топырақпен жабады. Өнімді тәсіл – жұқа тақтайша астына отырғызу, бірақ жұмыс сапасы жоғарғы екі тәсілден нашарлау.

Көшіріп отырғызу – көп еңбекті талап ететін үдеріс, оны жүргізу үшін ашық грунттың 1 га 10-25 адам-күн қосымша еңбек шығыны қажет. Көшіріп отырғызуды қысқа мерзім аралығында жүргізетін болғандықтан, ол көп адам күшін қажет етеді. Сондықтан көшіріп отырғызу, тұқымды көшет алуға ерте сепкенде және көшетхана құрылыстары жеткіліксіз болғанда ғана тиімді.

Көшетті көшіріп отырғызусыз өсіргенде жұмысты өте қысқа мерзімде орындауға, еңбек шығынын азайтуға және үдерісті механикаландыруға мүмкіндік туады. Тұқымды көшет өсіруге ПРСМ-7, СОП-43, СПО-22 булыжай тұқымсепкіштерімен себеді.

Ең тиімдісі, көшетті құмырада өсіру тәсілі. Ол өнімнің жетілуін 12-14 тәулікке жеделдете отырып, өнімділікті 20-30 % арттырады. Құмыраларды шымтезек-қарашіріндіден әзірлеген қолайлы. Шымтезек жетіспейтін жерлерде қарашірінділі – топырақ қоспасын пайдалануға болады: қарашіріндінің 3 бөлігі, шым топырақтың 1 бөлігі және 1-2 % сиыр қиы. Қияр үшін басқа құрам дайындайды: шым топырақтың 10 бөлігі, жылқы қиының 9 бөлігі, ағаш үгіндісі – 1, және сиыр қиының бөлігі.

Кейбір жылыжай комбинаттарында көшеттерді көлемі 10х10 немесе 10х15 см полиэтиленді стақаншаларда өсіреді. Стақаншалар түпсіз, оларды мынадай қоректік қоспамен толтырады: шым топырақтың 1 бөлігі, қарашіріндінің 1 бөлігі және 30 % ағаш үгіндісі.



Көшетті құмырасыз өсіру тәсілінде тұқым себерден 2 апта бұрын жерге қалыңдығы 0,07-0,1 мм полиэтилен пленкасын төсейді. Оған қоректік қоспаны қалыңдығы 8-10 см етіп төгеді. Қоспаның құрамы: шым топырақтың 2 және қарашіріндінің 1 бөлігі.

Құмырасыз көшеттерді ағаш үгіндісінің төсенішіне, 2-3 см топырақ қоспасын төгіп өсіру тиімді. Көшетхананың тегістелген жеріне алдын ала минералды тыңайтқыштар араластырылған ағаш үгіндісін, қалыңдығын 5 см етіп төгеді. Көшетті үгінді қабатымен қоса қазып алу жеңілге түседі. Өcipy кезеңінде карантин, тазалық және алдын алу жұмыстары өте қатаң сақталады. Көшет өсіргенде егіс алқабын тексергенде қосымша отырғызу (жөндеу) үшін қажет болар деген есеппен, 10-15 % артық саны ескеріледі.



Бақылау сұрақтары:

1.Көшетті құмырасыз өсіру тәсілдерін ата?

2. Көшіріп отырғызу әдісі
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.

2.Абзейтова Э.А. Жылыжайда қияр дақылының өсіру технологиясын жетілдіру және зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдану. Алматы, 2015 ж.

3.Шуваев В.А. Выращивание помидора.- 2012. – Б 28.


Дәріс №6

Тақырыбы: КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Сабақтың мақсаты: Көкөніс дақылдары суға, топырақ кұнарлылығына және жылуға жоғары талап кояды.

Жоспары:

1.Үлескіні таңдау және ауыспалы егістер.

2. Сүрі жер танабы бар ауыспалы егіс сұлбасы келтірілу
1.Үлескіні таңдау және ауыспалы егістер. Көкөніс дақылдары суға, топырақ кұнарлылығына және жылуға жоғары талап кояды. Міне, сондықтан, суландыруды дұрыс ұйымдастыру үшін көкөністерге телімді су көздерінен-өзендерден, тұщы сулы көлдерден немесе ірі су құбырларынан, сондай-ақ ылғалы молырақ және жел әсері азырақ, өзен алқаптарынан алыс емес жерлерден таңдау керек. Көкөніс дақылдары үшін ең қолайлы жылу режимі оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс беткейде қалыптасады.

Көкөніс дақылдарын өсіруге кәдімгі қара және оңтүстік, қара қоңыр, өзен алқабының механикалық құрамы бойынша құмдау, жеңіл және орташа құмбалшықты топырақтар жарамды. Қарашіріндіге бай құмайт, құмдау топырақтарда жоғары өнімді бақша дақылдары, сондай-ақ сәбіз, қызылша, қызанақ, пияз береді. Сумен жақсы қамтамасыз етілсе, жоғары өнімді ерте пісетін орамжапырақ та бере алады. Борпаң саздау топырақтарға әк енгізіп, орташадан кешірек мерзімде пісетін орамжапырақтардан жоғары өнім алуға болады. Ауыр саздақ топырақтарда қоректік заттар мол болғанымен, олар көктемде баяу жылынады, олардың бетінде қабыршақтар пайда болады, сондықтан ұсақ тұқымды көкөніс дақылдары үшін қолайсыз, бірақ көшеттік көкөністерді өсіруге болады. Жүйелі түрде суарылса және жылма-жыл көң шашылса, көкөніс дақылдары жақсы өнімділікті сәл сортаңдау жерлерде де көрсете алады.

Көкөніс телімін бір аумақта (алаңда) орналастырған жөн. Бұл өндірісті тиімді ұйымдастыруға, күтіп-баптау жұмыстарын бір уақытта, біркелкі жүргізуге, механизмдердің пайдасыз қимылын азайтуға мүмкіндік береді.

Ауыспалы егістің бір танабында әдетте бір, кейде ғана екі дақыл орналастырылады. Тек аз көлемдегі дақылдар ғана бір танапта қатарласып орналасуы мүмкін. Қымыздық, ақжелкек, пияз-батун және т.б. көпжылдықтарды танаптан тыс телімге орналастырады.

Қазақстанның солтүстігінде ақ қауданды орамжапырақ негізгі көкөніс дақылы және барлық көкөніс дақылдары егістігінің 46% алатынын және көптеген шаруашылықтарда көкөніс ауыспалы егісінде ерте пісетін картоп егілетінін ескеріп, көкөніс-картоп ауыспалы егісінің мынадай сұлбасын

ұсынамыз, онда орамжапырақ 30-дан 44% дейін, картоп – 12-ден 20% дейін егіс көлемін алады.

4 танапты 5 танапты

1. Орамжапырақ+көң 1. Орамжапырақ+көң

2. Қызанақ және картоп 2. Қызанақ, бұрыш+баялды

3. Қияр және орамжапырақ+көң 3. Қияр және орамжапырақ+көң

4.Тамыржемістілер және пияз 4.Тамыржемістілер және пияз

5. Картоп

6 танапты

1. Орамжапырақ+көң

2. Қызанақ

3. Қияр+көң

4. Тамыржемістілер және пияз

5. Орамжапырақ+көң

6. Картоп

Көкөніс егістіктерінде арамшөптермен күресу үшін агротехникалық тәсілдерден басқа, көкөніс ауыспалы егісіне бір немесе екі таза сүрі жер танабын енгізу керек. Ластану күшті болса уақытша шара ретінде екі танапты – сүрі жер – көкөністер ауыспалы егісі қолданылады. Суландырылатын ауыспалы егістіктерде сүрі жерді бір жылдық дақылдарды себуге, әсіресе арпа мен сұлының таза егістігіне немесе бұршақ тұқымдастармен – ас бұршақ немесе сиыр жоңышқамен қоспа түрінде себуге пайдалану тиімді. Сұлының тамырынан бөлінетін заттары топырақ ауруы – тамыр шірігін туғызатындарға жойқын әсер етеді. Сұлы, сонымен бірге басқа арамшөптердің өсуін тежейді. Жасыл жемшөппен қамтамасыз етілген шаруашылықтарда біржылдықтарды шілдеде органикалық тыңайтқыш (сидерат) ретінде топыраққа жыртып, араластырады. Сидерат дақылдарды жыртып араластыру топыраққа 15-20 т көң шашқанға тең. Сонымен бірге танап арамшөптерден тазарады, аурулардың жаппай таралуы тежеледі, топырақтың қосымша сорлануы болмайды.

Төменде сүрі жер танабы бар ауыспалы егіс сұлбасы келтірілген.

5 танапты 6 танапты

1. Қара сүрі жер 1. Қара сүрі жер

2.Тамыржемістілер және пияз 2. Тамыржемістілер және пияз

3. Қияр+көң 3. Орамжапырақ+көң

4. Қызанақ, картоп 4. Қызанақ

5. Орамжапырақ+көң 5. Қияр+көң

6. Орамжапырақ+көң

Кейінгі кездерде қала маңындағы шаруашылықтарда көкөністік-жемшөптік ауыспалы егістерде қайталама дақыл ретінде сұлы, арпа, жаздық рапс, қышабас егістері қолдау таба бастады.

5 танапты 5 танапты

1. Ерте пісетін картоп, оны жина- 1. Сұлы жемшөпке

ғаннан кейін – бір жылдық шөп- 2. Орамжапырақ+көң

тер жемшөпке 3. Қызанақ

2. Тамыржемістілер, пияз 4. Қияр+көң

3. Орамжапырақ+көң 5. Тамыржемістілер, пияз

4. Қызанақ

5. Қияр+көң

Әрине, бұл ұсынылған ауыспалы егіс сұлбалары шаруашылықтың табиғи жағдайына, көкөністі дайындау, өндіру мүмкіндіктеріне қарай өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

1.Көкөніс егістіктерінде арамшөптермен күресу

2. Сұлының қасиеті қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.

2.Абзейтова Э.А. Жылыжайда қияр дақылының өсіру технологиясын жетілдіру және зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдану. Алматы, 2015 ж.

3.Шуваев В.А. Выращивание помидора- 2012. – Б 28.



Дәріс №7

Тақырыбы: ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУ

Сабақтың мақсаты: Көкөніс дақылдарының ерекшеліктерінің өзі сонда, олар барлық өсу-даму кезеңдерінде, әсіресе тіршілігінің басында топырақтың қоректік, су және ауа режимін қарастыру



Жоспары:

1.Топырақты негізгі өңдеу.

2.Топырақты көктемде өңдеу.

1.Топырақты негізгі өңдеу. Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері айтарлықтай деңгейде, оның өңдеу жүйесіне байланысты.

Көкөніс дақылдары үшін топырақты өңдеуге өте зор мән беріледі. Бұл көкөніс дақылдарының, танаптық дақылдармен салыстырғанда, кейбір маңызды ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

1. Көкөніс дақылдарының көбінің тұқымдары ұсақ және өте нәзік, әлсіз өскін береді. Бұл топырақ бетінің тегіс, кесексіз болғанын қажет етеді, әйтпесе тұқымдардың көбі өскін бермейді. Сондықтан тұқымдарды саязға сіңіреді де, олар ылғалы жетіспейтін жағдайға жиі тап болады.

2. Көкөніс дақылдарының кейбіреулерінің тұқымдары (сәбіз, пияз, қызылша, ақжелкен, шалқан, ботташық, және т.б.) қиын өнеді. Бұл тұқымда эфир майының болуымен немесе су өткізбейтін тығыз және қалың қабықтың қалыптасуымен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде тұқым нашар бөрітеді. Баяу өнуі олардың қабықтарында ингибиторлардың-ұрықтың жандануын тежейтін заттың болуымен түсіндіріледі. Топырақты жақсылап өңдегенде өскіндердің тез және біркелкі өніп шығуына жағдай жасалынады, әрі өскіндер топырақ қабыршағына және арамшөптерге қарсы тұра алады. Өскіндердің біркелкі болмауы және сиректілігі өнімді күрт төмендетеді.

3. Көкөніс дақылдарының көбі өнімді мүшелерін топырақта қалыптастырады (тамыр жемістерін, түйнектерін, тамыр сабақтарын), сондықтан топырақ борпаң болуы және жемістерінің байлануына ықпал жасауы керек.

4. Көкөніс дақылдарының бәрі де арамшөптерге сезімтал, әсіресе тіршілігінің басында. Топырақты өңдеудің дұрыс жүйесі көкөніс дақылдарына арамшөптермен күресуге көмектеседі. Нашар өңделген топырақ себу, отырғызу жұмыстарының сапасын кемітеді, сондай-ақ қатараралықтарды өңдеу қиындайды.

5. Көкөністердің жоғары, тұрақты және сапалы өнімділігі өсімдіктің тамыр жүйесін тез дамытуына байланысты, ал ол өңдеу қабатын тереңдетумен қамтамасыз етіледі.

6. Көкөніс өсімдіктері топырақ құнарлылығына жоғары талап қойғыштығымен және қоректік заттардың көп бөлігін алып шығатындығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге топырақ ылғалына жоғары талап қояды.

7. Көкөніс дақылдарының ерте пісетін сұрыптары топырақтың уақытында және дұрыс өңделуіне жоғары талап қояды.

Көкөніс дақылдары үшін топырақты өңдеу жүйесі өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай жасауға, оның құнарлылығының үздіксіз артуына, сондай-ақ топырақтағы зиянкестер мен аурулардың жойылуына бағытталған. Ол негізгі жыртудан, топырақты себер алдындағы өңдеуден және қатараралықтарды өңдеуден тұрады. Қатараралықты өңдеу өсінді кезеңінде өсімдікті күтіп-баптаумен тығыз байланысты.

Топырақты негізгі өңдеу. Топырақты негізгі өңдеуіді танап дақылдан босағаннан кейін жүргізеді. Алдымен танапты зігіріктен, бүлінген, дертті жемістерден және жиын-терін қалдықтарынан тазартады. Әсіресе дертті жемістердің жиналып алынуына ерекше көңіл қою керек, себебі топыраққа араласа жыртылып, олар келешекте ауру таратудың көзі болуы мүмкін.

Күзгі терең жырту-көкөніс шаруашылығындағы негізгі агротехникалық тәсіл – топырақта ылғалдың және қоректік заттардың жиналуына жағдай жасайды, арамшөптердің және зиянкестердің жойылуына ықпал етеді. Сүдігер жыртқанда топырақта қыстайтын көптеген зиянкестердің дернәсілдері мен қуыршақтары топырақ бетіне шығарылады да, қолайсыз жағдайда опат болады, ал топырақ бетіндегілері топыраққа терең сіңіріледі де, олар да тұншығады. Терең жыртқан кезде өсімдіктің ұсақ қалдықтары және олардағы ауру қоздырғыштар тереңге сіңіріледі, соның нәтижесінде олардың көбі жойылады.

Көкөніс дақылдары үшін танапты терең – 30-33 см дейін, атжалсыз, шеттерін бірдей етіп жырту керек.

Өте маңызды агротехникалық тәсіл-қар тоқтату. Ол қыс кезінде топырақтың терең тоңдануын болдырмайды. Мұндай топырақ көктемде тезірек жібиді де көктемгі танаптық жұмыстарға ертерек кірісуге мүмкіндік береді. Одан басқа, танапта қар жинау суаруды кешірек жүргізуге мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз бір суару суын үнемдеумен тең.



2.Топырақты көктемде өңдеу. Көктемде алғашқы мүмкіндік туысымен сүдігерді тырмалау жұмыстарын – ылғал жабуды іске асыру керек. Бұл жұмысты тісті тырмамен, екі ізбен жүргізеді. Сонда бұл ерте себілетін дақылдар үшін топырақты өңдеудің негізгі тәсілі саналады.

Жылу сүйгіш дақылдарды кешірек сепкенде 1-2 аралық өңдеулер жүргізуге тура келеді.

Бірінші культивацияны арамшөптердің өсуіне жағдай жасау үшін, 10-12 см тереңдікке қопсыту керек, екіншісін – себу немесе отырғызар алдында, оларды жою үшін жүргізеді.

Көкөніс дақылдарын сепкенге дейін тығыздау топырақтың бетін тегістейді және нығыздайды, тұқым біркелкі сіңіріледі, оларға ылғалды тартады, ол өз кезегімен тұқымдардың бір уақытта пайда болуын қамтамасыз етеді. Өскіндердің топырақ бетіне шығуына кедергі жасайтын қабыршақтармен күресу үшін жеңіл, тор көзді тырмаларды қолданады.



Бақылау сұрақтары:

1.Жылу сүйгіш дақылдарды қай мезгілде себіледі?

2.Ингибиторлар дегеніміз...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.


Дәріс №8

Тақырыбы: ТҰҚЫМ ЖӘНЕ КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫН СЕБУ
Сабақтың мақсаты: Көкөніс шаруашылығында тұқымды себуге әртүрлі тәсілдермен дайындайдалатының түсіндіру.

Жоспары:

1.Тұқымды себуге дайындау.

2.Іріктеу

3.Зарарсыздандыру.

4.Химиялық жолмен зарарсыздандыру тұқымның бетіндегі зиянкестер

5.Гидротермиялық өңдеу

6.Суда шылау.

1.Тұқымды себуге дайындау. Көкөніс шаруашылығында тұқымды себуге әртүрлі тәсілдермен дайындайды: іріктеу, зарарсыздандыру, гидротермиялық өңдеу, түрлі заттармен қаптамалау (әртүрлі қоректік, қорғаныс және еліктеткіш заттармен сыртынан қаптамалау немесе дражелеу).

2.Іріктеу тұқымдарды массасы немесе көлемі бойынша фракцияларға бөлу. Оны ППС-2,5 пневматикалық үстелінде, «Петкус-супер» К-212, «Петкус-селектра» К-21871 тұқым тазалағыш машиналарында жүргізеді.

Ұзынша пішінді тұқымдарды (сәбіз, ақжелек, аскөк) көздері төрт бұрышты, ал шар тәрізділерін (орамжапырақ, тарна, шалғам т.б.) дөңгелек көзді електерден өткізеді.

Аз мөлшердегі тұқымдарды тығыздығы бойынша бөлу үшін оларды ас тұзының немесе аммиак селитрасының 3-5 % ерітіндісіне салып мұқият араластырады, 5-7 мин өткен соң ерітінді бетіне қалқып шыққан жеңілдерін алып тастайды, қалғандарынан ерітіндіні төгіп, оларды бірнеше рет таза сумен жуып, кептіреді.

3.Зарарсыздандыру. Тұқымның сыртындағы саңырауқұлақтар мен бактериялардың спораларын жою үшін тұқымдарды термиялық жолмен және химиялық дәрмектермен өңдейді. Термиялық жолмен зарарсыздандырғанда температура 78°C төмен болса вирус жойылмайды, ал 80°C жоғары болса тұқымның өнгіштігі төмендейді. Сондықтан құрғақ тұқымның термиялық өңдеуін (қыздыру) термостатта, міндетті түрде түнде кезекші тағайындап жүргізеді. Дымқылдатып өңдегенде температура 50°C аспауы керек.

Қиярдың вирустық ауруларына қарсы құрғақ тұқымын термостаттың тор көзді сөрелеріне 1 см қалыңдықпен төгеді. Алғашқы үш тәулік бойы 50-52°C, ал сосын бір тәулік бойы 78-80°C қыздырады. Балдыркөктің тұқымын септариозға қарсы 30 мин. бойы 48-49°C қыздырады, сосын суық суда салқындатады. Тұқымды сусымалы күйге дейін кептіру үшін торға немесе кенепке төгеді. Орамжапырақ, сәбіз, пияз тұқымдарының ауру қоздырғыштарын жою үшін 20 мин бойы 50°C ыстық суда ұстайды, сосын суық суда тез суытып, кептіреді.

Пияздың тамыр мойыны шірігін жою үшін отырғызатын пиязшықты немесе пияз көшетін 45°C дейін қыздырылған ауамен бірнеше күн қыздырады.

Асқабақтар тұқымдастарының тұқымын 3 сағат бойы 50-60°C қыздыру аналық гүлдердің көптеп байлануына ықпал жасайды және өнімділікті арттырады. Ас бұршақтың тұқымын 5 сағ бойы 40-50°C қыздырады.

4.Химиялық жолмен зарарсыздандыру тұқымның бетіндегі зиянкестер мен ауруларды ғана жойып қоймайды, сонымен бірге топырақтағы аурулар мен зиянкестерден қорғайды. Тұқымды құрғақ күйінде өңдеу үшін 1 кг тұқымға ТМТД 80%-ды суланғыш ұнтағының 5-7 г қолданылады. Тұқымды дәрілегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды: өңдеуді арнаулы, жақсы желдетілетін жерлерде жүргізеді; дәрілеген кезде тамақтануға, шылым шегуге, сусын ішуге болмайды. Дәрілеуді денсаулығы жақсы, осы жұмысты орындауға рұқсат берілген және нұсқау алған адамдар ғана атқарады.

5.Гидротермиялық өңдеу тұқымды шылаудан және көктетуден, барботылаудан, өніп келе жатқан тұқымға төмен немесе ауыспалы температурамен әсер етіп шынықтырудан тұрады.

6.Суда шылау. Тұқымды қапқа салып (1/2-1/3 бөлігіне) ағаш, эмальды немесе пластмассалы ыдыстағы суға батырады. Тұқымды ағын суға салуға болмайды. Ол тұқымның қоректік заттарын шайып кетеді. Судың температурасы жылу сүйгіштерге 18-20°C, суыққа төзгіштер үшін 10-12°C болуы керек. Шылауды тұқым толық бөрткенше жалғастырады: тез өнгіштерді (орамжапырақтар, асқабақтар, бұршақтар, ақкекірелер тұқымдастары) – 18-21 сағ, баяу өнгіштерді (пияздар, балдыркөктер, алқалар, алабұталар тұқымдастары) – тәулік бойы. Тұқымның суда ұзақ болуы егістік сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Тұқымды тиімді шылаудың бір жағдайы – суды әлсін-әлсін ауыстыру (әрбір 3-4 сағатта). Шыланған тұқымды көлеңкеде сусымалы күйге дейін кептіреді, сосын дымқыл топыраққа себеді.

7.Микроэлемент тұздарының ерітіндісінде шылау. Ол үшін микроэлемент тұздарының ерітіндісіне, соңғы рет суы ауыстырылған, дымқыл таза тұқымды салады. Микроэлемент тұздарының концентрациясы, %: қызанаққа – 0,003 MnO4; пиязға – 0,05 КВ2; қиярға – 0,002 алюминий калийлы ашутас; қызанақ пен қызылшаға-0,5-0,1 MnO4; қызанақ, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, пиязға – 0,02-0,05 H4МO7.

Тұқымды микроэлементтер ерітіндісінде шылауды ерітіндімен бүркуге алмастыруға болады. Ол үшін микроэлементтер тұздарының 0,1-0,3% ерітіндісінің 8-10 л 100 кг тұқымға бүркеді. Тұқымды себер алдында өңдеуді микроэлементтер тұздарының жақсылап ұнтақталған ұнтағымен жүргізуге де болады (1 кг тұқымға микроэлементтер тұздарының 1-2 г ұнтағы). Опалауды тұқымдарды құрғақ күйінде өңдейтін машиналарда пестицидтермен бірге жүргізуге болады.



Физиологиялық белсенді заттардың ерітіндісінде шылау. Қияр мен қызанақ тұқымдарын 0,003%-дық сәбіз бен пияз тұқымдарын 0,003%-дық, гетероауксин ерітіндісінде өңдеу олардың өнгіштігін көтереді және өнімділігін арттырады. Қызанақтың, қиярдың, орамжапырақтың тұқымдарын кәріптас қышқылының 0,002 %, пияз тұқымын никотин қышқылының 0,01%-тік ерітіндісінде 24 сағ бойы шылау ерте алынатын өнімді арттырады.

Көктету. Бөрткен тұқымды жылы жерге 6-8 см қалыңдықпен төгіп, үстін дымқыл кенеп матамен жабады. Тұқымды күнде 2-3 рет араластырады. Тұқымдардың 1/3 бөлігінде өскін пайда болғанда оларды себеді. Машиналармен себу үшін тұқымның 3-5% өскін жара бастаған кезеңі дұрыс. Себу мөлшерін құрғақ тұқым массасымен белгілейді.

Жылыжай көкөніс шаруашылығында тұқымдарды жәшікке салынған дымқыл ағаш үгіндісінде, температурасын 20-25°C деңгейінде ұстап көктетеді. Жәшіктің орта беліне дейін ағаш үгіндісін салып, бетіне мата жабады да ыстық сумен жидітеді, матаға ылғалдандырылған тұқымды 1-1,5 см қалыңдықпен салып, оның бетін матамен, сосын жидітілген ағаш ұнтағымен жабады.

Ағаш ұнтағының құрғап кетуін болдырмау және қажет температураны ұстау үшін жәшіктің бетін пленкамен жабады. Тұқымды күнде араластырып тұрады. Қияр тұқымын өскін мөлшері 0,5 см болғанша көктетеді, қызанақтікін – өскін жара бастағанша. Кеміргіштерден қорғау үшін үстелге, орындықтарға, сәкіге пленканы салбырата жауып жәшіктерді солардың үстіне қояды (тышқандар, сабауқұйрықтар жоғары шыға алмайды).

Барботылау – К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясында ойлап тауып, даярлаған – тұқымды себуге дайындаудың жаңа тәсілі. Арнаулы қондырғы – барботылағышта, 20°C судағы тұқымға үздіксіз оттегі немесе ауа жіберіп отырып өңдейді.

Өне бастаған тұқымға төмен немесе ауыспалы температурамен әсер ету шынықтырудан және тұқымды алдын ала салқындатудан (тоңазытудан) тұрады.



Тұқымды шынықтыру. Тұқымды сумен шылайды да 12 сағ 20°C және 12 сағ 0°C-дан -2-3°C дейінгі теріс температурада ұстайды. Тұқымға ауыспалы жоғары және төмен температурамен әсер ету 10-12 тәулікке созылады. Тұқымды шынықтырғанда өсімдіктің қолайсыз жағдайға төзімділігі артады. Жеміс салуы ертерек басталады және өнімі көбейеді.

Салқындату. Бөрткен және өне бастаған тұқымдарды жәшікке екі дымқыл кенеп матаның ортасына, 10-12 см қалыңдықпен салады. Салқындатуды мұз қоймасында немесе тоңазытқышта -1+1°C 1-2 тәулік (орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптары) немесе 2-3 тәулік (қызылша, сәбіз, пияз, ақжелкен тұқымдары) жүргізеді.

Дражелеу тұқымды сыртынан қоректік, қорғағыш және әсер ететін заттармен қаптап, механикалық жолмен себуге қолайлы ету үшін – түйнек жасау.

Қоспалардың құрамы, %: 1) малдың құрғақ қиы – 45, топырақ – 40, қарашірінді – 10, суперфосфат – 10; 2) ұсақ керамзит – 60, шымтезек – 20, топырақ – 10, суперфосфат – 10; 3) ойпаң жердің шымтезегі – 80-90, 10-20 % бетониттің 10 кг қоспасына 100-200 г суперфосфат қосылады. Барлық құрауыштарды кептіреді, үгітеді, елеуіштен өткізеді және БПС-2 немесе барабан-араластырғышта мұқият араластырады. Дражелегішке тұқымды салады және желімдегіш ерітіндіні бүркеді: крахмалды желімнің 25 % немесе метилцеллюлоза ерітіндісінің 5 % немесе ірі қара мал қиының 1:7 есебімен сұйытылған ерітіндісі. Желімдегіштің құрамына микроэлементтер қосады. Сосын қоректік заттарды ұнтақ күйінде қосады. Дражелегішті айналдырғанда тұқымдар қоспамен қапталып, себуге ыңғайлы домалақ пішінге айналады.



Себу мерзімі. Биологиялық ерекшеліктеріне және өсіру мақсатына байланысты көкөніс дақылдарының тұқымдарын ашық жерге көктемде, жазда, қоңыр күзде және қыста себеді. Қорғаулы жерде себуді дақыл алмасуымен үйлестіріп жүргізеді.

Көктемгі себуді топырақ өңдейтін және себетін машиналар жұмыс істей алатын кезде бастайды. Бірінші кезекте суыққа төзімді ерте пісетін көкөніс дақылдарын – аскөк, ақсүттіген, саумалдық, шалғам, сосын сәбіз, ақжелкен, ботташық, пияз, ас бұршақ, бұршақ, тұқымнан өсірілсе орамжапырақты, шомыр, тарнаны себеді.

Біразырақ кешірек қызылшаны, екпе пиязды себеді. Жылу сүйгіш өсімдіктердің (қияр, қызанақ, бұрыш, баялды, асқабақ, кәді, үрме бұршақ, жүгері) тұқымын топырақ толығымен жылынғанда (10°C жоғары) және көктемгі бозқырау өткен соң себеді.



Жазғы себуді қиярды тұздауға, шалқанды күзде-қыста, булыжайлар мен жылыжайларда жетілдіруге көп жылдық көкөніс дақылдарының көшеттерін (қояншөп, рауғаш) маусымның соңы шілденің бірінші жартысында жүргізеді. Келесі жылы мамыр – маусымда өнімдерін алу үшін шілденің ортасына дейін қымыздық, батун пиязы, порей пиязының (кейде мұндай егісті қыстық дейді) тұқымдарын себеді. Тез пісетін дақылдарды (шалғам, ақ сүттіген, саумалдық, аскөк) үздіксіз пайдалану үшін 3-4 мерзім себеді.

Қоңыр күзде себу шаруашылықта көктемде жұмыс қауырттылықты баяулатады. Оны күзде (қазан айының соңы) кеш, топырақтың 5 см қабатында температура тұрақты түрде 2-4°C, ал ауанікі – 0°C жеткенде жүргізеді, есеп бойынша топырақ тоңазығанша тұқым бөртіп, бірақ өскіні болмауы керек. Осы мерзімде себілген тұқым күзде шынығады, одан пайда болған өсімдік көктемгі төмен температураларды, бозқырауды жақсы өткере алады, өнімді көктемде себілгенмен салыстырғанда 10-15 тәулік ерте береді.

Қысқа қарай егіске ең дұрысы дражеленген тұқымды себу. Қолайсыз жағдайлардан сақтау үшін себу мөлшерін әдеттегімен салыстырғанда 20-30 % арттырады. Қысқа қарай сепкенде тұқымды көктемгі егіске қарағанда саязырақ сіңіреді.

Қысқа қарай сәбіз, ақжелкен, басты пияз және батун пиязын, ақ сүттіген, саумалдық, аскөк, қызылшаның қысқы сұрыптары себіледі, сарымсақты отырғызады.

Қысқы себуді, қыста топырақ тоңазығаннан кейін фрезалы, арнаулы шүмегі бар тұқым сепкіштермен (СФ-20, СФ-24) жүргізеді. Шүмек қарды тіліп топыраққа біразырақ кіріп, тұқым себеді. Көктем шыға тұқым топыраққа өздігінен сіңісе, ерте көктейді.

Себу және отырғызу тәсілдері. Көкөніс дақылдарын шашып, қатарлап, таспалап, шаршылап және шаршы-ұялап себеді немесе отырғызады.

Шашып сепкенде тұқымдар танап бетінде ретсіз, біркелкі орналаспайды. Бұл тәсілде өсімдікті механикалық жолмен күтіп-баптау мүмкін емес, сондықтан ашық жерде оны қолданбайды. Оны кейде қорғаулы жерде көшет өсіруде қолданады.



Қатарлап себу (отырғызу) – өсімдіктердің қатарларын бірінен-бірін бірдей қашықтықта орналастыратын тұқым сепкіштермен немесе отырғызғыштармен атқарылады. Қатарлардың ені – 45-70 см. Қоректену алаңының азырақ болуын тілейтін өсімдіктердің қатараралықтарын кішірек қылады және керісінше. Дәл белгіленген тұқым мөлшерін себе алатын тұқым сепкіштер (СОПГ-4,8, ССТ-8А т.б.) құрастырылғаннан кейін тұқымды нүктелі қатарлап себудің мүмкіндігі туды. Мұндай тәсілде бір қатардағы тұқымдар бірінен-бірі белгіленген қашықтыққа орналасады. Нүктелеп себу тәсілінде тұқымнан әжептәуір үнем жасалынады.

Таспалы себу тәсілін кішірек қоректену алаңын қажет ететін дақылдарға – сәбіз, пияз, ақ сүттіген, саумалдық, орамжапырақ көшеттерін, қызанақ, бұрыш, баялды қолданады. Себуді (отырғызуды), қатараралықтарды өңдеу кезінде тракторлар мен тіркелген машиналардың доңғалағы өте алатындай, бірнеше қатары таспа қалыптастыратындай етіп, енді қатарарлықтармен кезектестіріп жүргізеді. Таспалап себу арамшөптерден таза танаптарда және таңдамалы (селективті) әсері бар гербицидтер қолданылатын дақылдар үшін тиімді. Құнарлылығы жоғары және арамшөбі аз танаптарда қатарлардың саны көбірек болуы мүмкін.

Шаршы – ұялап сепкенде өсімдіктер тікелей және көлденең өтетін қатарлардың қиылысына орналастырылады. Егер осылай орналастырылғанда ұяға бір дән себілсе немесе бір өсімдік отырғызылса ондай егістікті шаршылы, ал 2-3 және одан да көп тұқым себілсе немесе өсімдік отырғызылса онда шаршы-ұялы деп атайды. Өсімдіктерді шаршы-ұялап орналастыру қатараралықты өңдеуді тік және көлденең, екі бағытта жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл өздерінің қалыпты дамуы үшін көбінесе үлкен қоректік аумақ қажет ететін бақшалық (қарбыз, қауын, т.т.) дақылдарды өсіргенде қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Микроэлемент тұздарының ерітіндісінде шылау

  2. Таспалы себу тәсілін түсіндір

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.

2.Абзейтова Э.А. Жылыжайда қияр дақылының өсіру технологиясын жетілдіру және зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдану. Алматы, 2015 ж.

3.Шуваев В.А. Выращивание помидора- 2012. – Б 28.


Дәріс №9

Тақырыбы: ОРАМЖАПЫРАҚТАР ТОБЫНЫҢ КӨКӨНІСТЕРІ

Сабақтың мақсаты: Көкөністердің түрлерін біріктіре отырып, олардың өсіп-өну жағдайын түсіндіру.

Жоспары:

1.Түрлері мен түршелері, олардың таралуы.

2. Биологиялық сипаттамасы.

1.Түрлері мен түршелері, олардың таралуы. Көкөністердің бұл тобына ақ қауданды, қызыл қауданды, савой, брюссель, түсті, брокколи, кольраби, жапырақты және қытай орамжапырақтары біріктірілген. Сондай-ақ, мал азықтық және сәндік орамжапырақтар да өсіріледі.

Ең кеңірек таралғаны – ақ қауданды орамжапырақ. Бұл оның жоғары дәмдік қасиеттеріне және тағамға алуан түрлі пайдалануына байланысты. Шикі, пісірілген, қуырылған, тұздалған және маринадталынған күйінде пайдаланылады. Тасымалдауға қолайлы. Ерте пісетін және сақтауға шыдамды, кеш пісетін сұрыптары жыл бойы балаң (жас) күйінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Орамжапыраққа емдік қасиет те тән. Оның даңқы ғасырлар бойы қалыптасқан. Ескілікті емдік кітаптарда, сонымен қатар Батыс Еуропа және Азия елдерінде орамжапырақпен емдеуге болатын бауырдың және буындардың жара, құрқұлақ және т.б. аурулардың ұзақ тізімі келтірілген. Орамжапырақтың көптеген емдік қасиеттерін қазір ғылым дәлелдеп отыр. Медицина академиясының қоректендіру институты бір адамға жылына 34 кг орамжапырақ жеуге ұсынады.

Орамжапырақтың шырыны өте пайдалы. Қазір дәрі дәрмек өнеркәсібі жас өсімдіктен ақ сары және қоңыр түсті құрғақ шырынды ұнтақ дайындауда. Ол асқазан және ұлтабар жараларын, атеросклероз және басқа да ауруларды емдеуге қолданылады.

Түсті, брокколи, брюссель, савой орамжапырақтары өте аз тараған, сонымен бірге олар ақ қауданды орамжапыраққа қарағанда дәмдік қасиеттері жоғарырақ, сіңімді ақуыз бен дәрумені көбірек, өздеріне назардың әсіресе әуесқой – бақшашылардың молырақ аударғанын қажет етеді.

2.Биологиялық сипаттамасы. Орамжапырақ – екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарын және қауданын (кольрабидікі жеміс сабақ), екінші жылы гүл өркендерін, бұршаққындарын және тұқымдарын қалыптастырады. Түсті, пекин және брокколи түрлері- біржылдықтар. Сабақтың қаудан ішіндегі бөлігін ішкі (өзек), оның сыртындағы төменгі бөлігін сыртқы зігірік деп атайды. Сыртқы зігірігі қысқа (10-15 см) сұрыптар жеңіл, құрғақ құмды жерлерге, ал ұзын зігіріктілері (25 см асатындар) ылғалды шым тезекті және су жайылмасындағы, биік түптеуге болатын топырақтарға бейімделген және олардың өнімін машинамен жинауға болады.

Қаудан – өте ұлғайып өскен ұштық жабық бүршік. Оның пішіні әртүрлі – шар, сопақша, шошақ тәрізді және жайпақ болады; тығыздығы бойынша -өте тығыз, борпылдақ және өте борпылдақ. Сұрпына және өсу жағдайына байланысты қауданның салмағы 0,5 тен 20 кг дейін болады. Қауданның түсі ақ, сарғыш, ақ сары, жасыл сары болуы мүмкін. Түсті орамжапырақта үстіңгі ашық бүршік өзінің дамуын ірі гүл шоғырымен – шоқпарбаспен аяқтайды. Ол тамаққа пайдаланатын, бірнеше қысқа гүл сабақтарынан тұрады.

Брокколи түсті орамжапыраққа ұқсас, бірақ оның гүл сабақтары ұзындау келеді, сондықтан оны қояншөп орамжапырақ деп те атайды. өнімділігі және өнімнің сапасы бойынша ол түсті орамжапырақтан жоғары тұрады. Кольраби орамжапырақтың тамаққа өсімтал жеміс сабағын пайдаланады.

Орамжапырақтың жемісі-ұзындығы 8 см дейін болатын екі ұялы бұршаққын. Тұқымдары ұсақ, диаметрі 1,5 мм жуық, түсі ашық сұрдан қара қоңырға дейін өзгереді.1000 дәннің массасы 2,5-4 г. Орамжапырақтың жекелеген түрлерін тұқымдарының сыртқы түрі бойынша ажырату өте қиын.

Орамжапырақтың көшетпен өсірілген өсімдігінің тамыр жүйесі қуатты, жақсы тарамдалған, шашақ тамыр, ал тұқымынан өсірілгенінікі терең бойлайтын кіндік тамыр болады.

Орамжапырақ талай ғасырлар бойы көшіріп отырғызудың және түптеудің әсерінен жаңадан тамыр құрастыру қабілетіне бейімделген.

Орамжапырақ – суыққа төзімді өсімдік. Тұқымдары 2-3°С жылылықта өне бастайды. Температура жоғарылаған сайын өну үдерісі де жеделдей түседі. 11°С жылылықта өскіндері 10-11 тәулікте, ал температура оңтайлы (18-20°С) болғанда 3-4 тәулікте пайда болады.

Орамжапырақ 5°С жылылықта өсе бастайды, бірақ өсуге оңтайлы жылылық – 15-18°С. Оның жақсы шынықтырылған және көндіккен көшеттері өткінші 5-6°С бозқырауға шыдайды, ал шынықтырылмаған және көндікпеген көшеттері 2-3°С бозқырауда зақымданады. Орамжапырақтың кеш пісетін сұрыптарының қаудандары күзде температураның – 6°С дейін төмендегеніне шыдайды. Жазда температура 25°С-дан жоғарлағанда өсуі әлсірейді, өсінді кезеңі ұзарады, өнімі төмендейді. Ал кейбіреулері тіпті қауданын қалыптастырмауы да мүмкін.

Орамжапырақ – жарық сүйгіш өсімдік, әсіресе көшеттік кезінде көлеңкелеуді көтермейді. Қалыпты өсуі және дамуы, күннің ұзақтығы 17-18 сағатқа жеткенде жақсы өтеді. Күннің ұзақтығы 14 сағат болғанда өсімдіктің көлемі кішірейеді, ал күннің ұзақтығы 9 сағат болғанда өсімдіктің қатты күйзелуі байқалады.

Көшет 4-5 жапырағын ұзақ күнде 30-35 тәуліктен соң, ал қысқа күнде (оңтүстікте болады) 55-60 тәуліктен кейін қалыптастырады.

Орамжапырақ жарық қарқындылығына аса жоғары талап қоймайды. Оны жасанды жарықта өсіруге болады: 16 сағат бойы 3 мың люкс жарық жеткілікті.

Көкөніс өсімдіктерінің ішінде орамжапырақ ылғалға ең талап қойғыш өсімдік, оған топырақ пен ауаның жоғары ылғалдылығы қажет. Орамжапырақтың есейген өсімдіктері тәулігіне 10 л дейін су сіңіруі мүмкін. Ол ең жоғары өнімін топырақтың ең төменгі су сыйымдылығы 70-80% тең болғанда қалыптастырады. Ерте пісетін сұрыптары үшін топырақтың мұндай ылғалдылығын өнімді жинағанға дейін қарастыру керек. Кеш пісетін сұрыптарын өсіргенде, қанттылығы жоғары тығыз қаудандарды қалыптастыру үшін, өнімнің пісу кезеңінде топырақ ылғалдылығы біразырақ төмендеу – 60-70 % болуы керек. Ауаның ең қолайлы салыстырмалы ылғалдылығы 70-80 %. Ауаның ылғалдылығы 30-40% болғанда орамжапырақтың жапырағы өзінің тургорын жоғалтады, тіпті топырақта ылғал жеткілікті болсадағы.

Орамжапырақ – топырақ құнарлығына талап қойғыш өсімдік. Оған ең жарамды саздақ, ылғалды жақсы ұстайтын топырақтар, сондай ақ құнарлы өзен жайылмалары. Ол қышқыл топырақтарда нашар өседі. Ең қолайлысы – топырақ ерітіндісінің реакциясы сәл қышқылдау (рН-6) болғаны дұрыс. Жоғары өнімді орамжапырақ қоректік заттарды мол сіңіреді, кеш пісетін сұрыптары ерте пісетіндерге қарағанда топырақ құнарлығына жоғары талап қояды.

Орамжапырақ гектарынан 800 ц өнім бергенде топырақтан 220-230 кг азот, 60-70 кг фосфор, 200-220 кг калий сіңіреді. Бұл бидайдың 30 ц/га өнімге шығарған заттарынан 2,5 есе жоғары. Орамжапырақ жапырақтары қарқынды өсу кезеңінде көбірек азотты, ал қауданы қалыптасқанда фосфор мен калийді сіңіреді.



Бақылау сұрақтары:

1.Орамжапырақ қасиетін түсіндір?

2.Биологиялық сипаттама бер?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.

2.Абзейтова Э.А. Жылыжайда қияр дақылының өсіру технологиясын жетілдіру және зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдану. Алматы, 2015 ж.

3.Шуваев В.А. Выращивание помидора- 2012. – Б 28.


Дәріс №10

Тақырыбы: ҚИЯР – Cucumis sativus

Сабақтың мақсаты: Қияр дақылының жылыжайда өсіп-өндіру жағдайы

Жоспары:

1. Биологиялық ерекшеліктері.

2. Сұрыптары
1. Биологиялық ерекшеліктері. Қияр – ежелгі көкөністік өсімдік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД-да 220 мың га жерде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 ц/га, қорғаулы жерде орташа есеппен 16-20 кг/м2, ал 50-60кг/м2 мүмкін өнімділік.

Қазақстанда қиярды жуықтап 15 мың гектар жерде өсіреді. Негізгі егістік Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Үй маңында барлық қияр егістігінің 77,8 % орналасқан.

2004 жылы қиярдың ең жоғары өнімі (286,6 ц/га) Солтүстік Қазақстан облысында болды. Қиярдың жоғары өнімі шаруа қожалықтарында жиналуда. Анықтама үшін: Израильде-көкөніс шаруашылығы ең жетілген елде –қиярдың өнімділігі 2500 ц/га. Қазақстанның солтүстігінде қиярды 2,2 мың га жерде өсіреді.

Биологиялық ерекшеліктері. Тамаққа қиярдың піспеген жемісін – 9-12 тәуліктік көк түйнегін – жас күйінде, тұздап және маринадтап пайдаланады, 4-5 тәуліктік жемісі корнишон, ал 2-3 тәуліктік түйнегі пикуль дайындауға жарайды.

Қиярдың көк түйнегінде сұрпына байланысты 0,5-1,4 % ақуыз, 1,5-3,7 % қанттар, 10-15 % С дәрумені, әртүрлі минералды заттар және 96,8 % су болады.

Қиярда минералды заттар аз, бірақ олардың сәтті арақатынасы негіздердің мол болуына себепші болады. Осы көрсеткіш бойынша басқа көкөністер, шомырдан басқа, қиярға теңесе алмайды. Сірә, қиярдың несеп қышқылын еріте алу қабілеті негіздердің мол болуына байланысты болар. Қиярда калийдің мол болуы (1400 мг/л) ағзадан сұйықтың шығарылуына ықпал етеді. Қияр шырыны парфюмерияда, косметика өнеркәсібінде кең қолданыс тапқан.

Қияр топырақ пен ауаның температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды.

Тамыр жүйесі топыраққа небары 25-30 см тереңдейді, ал жан-жағына 50 см. Сабағы төселіп өседі, мұртты; мұрттарымен тірегіштерге оратылады да, ол тік өсе алады.

Бұл бір жылдық, бір өсімдігінде аналық және аталық гүлдер қалыптасатын қос жынысты, ұялас өсімдік. Гүлдері жапырақ қолтығында пайда болады: аталығы – 5-7-ден, аналық гүлдері біреуден, кейде екеуден пайда болады. Соңғы кезде негізінен аналық гүлдер қалыптасатын сұрыптар шығарылуда, оларды аналық түрдегі сұрыптар дейді.

Аталық гүлдер ашылғаннан кейін аналық гүлдер пайда болады. Олар бүйірлік бірінші және екінші реттегі сабақтарда орналасады. Негізгі сабақты шеку (шырпу), бүйірлік өркендердің құрылуын тездетеді де, ерте өнім алуға ықпал жасайды, ал шырпылған өсімдіктердің жинақтылығы оларды бір алаңда көбірек орналастыруға мүмкіндік береді де, жалпы өнімді молайтады.

Қиярдың гүлдері бунақденелілермен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатусыз жеміс байлайтын партенокарптық сұрыптар бар. Оларға Зозуля буданы, Московский тепличный буданы және т.б. жатады.

Жемістердің пішіні әртүрлі – шар тәріздіден жібше шұбатылған жылан тәріздіге дейін, олардың мөлшері де ауытқымалы 5 см-ден 70 см-ге дейін болады. Сұрпына байланысты түсі сүттей ақтан қою жасылға дейін болады. Жемісі – сұрпына байланысты биологиялық пісуіне 40-60 тәулікте жетеді, оларды бұл кезеңде тұқымдықтар деп атайды. Тұқымдықтардың түсі сүттей ақтан күңгірт қоңырға дейін өзгереді, кейбір сұрыптарының тұқымдары торлы болады. Тұқымдары ұзынша эллипс пішінді, сәл сарғылттау. Мың тұқымының массасы 16-25 г.

Қияр – қысқа күннің өсімдігі. Соған қарамай жекелеген сұрыптары күннің ұзақтығынан әртүрлі әсер алады. Ашық жердің сұрыптары – Муромский 36, Вязниковский 37, Неросимый 40 және т.б. – 11-12 сағ күнде жоғары өнім береді, ал жылыжай сұрыптары – Клинский, Многоплодный -9-10 сағ қысқа күнде жемісті жақсы салады.

Қияр – жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13оС өне бастайды. Топырақтың температурасы 10°С төмен болса олар шіриді ( көктемде салқын топыраққа сепкенде өскіндердің сирек болуы осымен түсіндіріледі). Егер тұқымды температуралық шынықтырудан өткізсе, олар +10оС өне алады. Өсу және жеміс салу үшін күндізгі оңтайлы температура 25-тен 32°С дейінгі, түнде – 18-ден 20°С дейінгі жылылық. Мұндай температурада өскіндер 4-5°С тәулікте пайда болады, 5-6 тәуліктен кейін, аналық типтес сұрыптардың қолтығында алғашқы жапырақтар пайда болады, бірақ олар кешірек пайда болады, көбінесе 10-15 тәулікте. Өскін пайда болғаннан 22-28 тәулік өткен соң гүлдей бастайды. Жатын тозаңданғаннан кейін тез пісетін сұрыптарда 9-12 тәулікте, орташа мерзімде пісетіндерде – 12-16 тәулікте көк түйнектері технологиялық пісуге жетеді. Дамудың оңтайлы жағдайында, ерте пісетін сұрыптарда қиярдың алғашқы жиналуы, өскін пайда болғаннан 38-40 тәулік өткен соң басталуы мүмкін.

Жылылық 14°С төмен болса қиярдың өсуі тоқтайды. Сондықтан салқын жылдары өнім күрт төмендейді. Тым жоғары температура да жеміс салуына қолайсыз: 35°С гүлдердің тозаңдары ұрықтана алмайды да жеміс байланбайды; 40°С өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды.

Танапта, кейде булыжайлар мен жалдарда өсірілген қиярда, жиі түйнектің қабығының, кейде мәйегінің де ащы дәмі болады. Ащылық, түйнектің қабығындағы ақуыздық қосылыстардың өнімдерінің ыдырауынан пайда болған глюкозидтердің көп болуына байланысты. Бұл әдетте жапырақта ылғал мен қоректік заттардың (негізінен азоттың) жеткіліксіздігінде, жемістердің күн көзімен күшті жарақтанғанында (сирек егістерде), сондай-ақ жеміс байлануының соңында байқалады. Қиярдың ащылануы – тұқым қуалаушылық құбылыс және өсімдіктің сұрыптық ерекшеліктеріне байланысты.

Қиярдың ылғалды күшті буландыратын үлкен жапырақ беті бар, ал оның тамырының негізгі бөлігі топырақтың тез құрғайтын жоғары қабатында орналасқан. Сондықтан ол суландырудың жүйелі болғанын тілейді, топырақтың ылғалдылығы 80-90% болуы керек. Ауаның оңтайлы салыстырмалы ылғалдылығы – 85-95%. Топырақтың жоғары ылғалдылығында қияр ауа құрғақшылығына төзімділік көрсетеді. Қиярды кез келген, тек қышқыл және тұзды емес топырақтарда өсіруге болады. Бірақ ең дұрысы құнарландырылған, қарашіріндіге бай, жақсы жылынатын құрылымды топырақтар. Қияр басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда топырақтан қоректік заттарды аз шығындағанымен, оларды жедел сіңіреді. Өсуінің алғашқы 2 аптасында азоттық қоректің мол болғанын, сосын гүлденгенше – азотты-фосфорлы, ал жеміс салу кезеңінде қайтадан азотты тыңайтқыштардың мол болғанын тілейді.

2.Сұрыптар. Қазақстанның солтүстігінде қиярдың негізінен ерте және орташа мерзімде пісетін сұрыптары өсіріледі.

Ашық жерге арналған сұрыптар. Вязниковский 37. Владимир облысының халықтық ежелгі сұрпы. Желі сабағының ұзындығы орташа, 70-100 см, бұтақтануы орташа. Жемістері – 9-12 см, салмағы -90-129 г, сәл кітірлі, шырынды, хош иісті, жиі жас күйінде және тұздауға қолданылады. Тұқымдығы қызғылт сары, торсыз. Тез пісетін сұрып (өскін пайда болғаннан жеміс байлануына дейін 44-46 тәулік). Өнімділігі жоғары – 351 ц 1 га. Бірінші онкүндігінде бүкіл өнімнің 25 %-на дейін береді. Қысқа мерзімдік суықтарға салыстырмалы төзімді. Саңырауқұлақ және бактериялы ауруларға қатты шалынғыш. Құрғақшылық жағдайында ұсақ, пішінсіз, ащы жемістер береді.

Кустовой. Краснодар көкөніс – картоп селекциясы стансасында шығарылған. Тез пісетін, консервілеуге, өнімін механизм көмегімен бір рет жинап алуға жарамды. Негізгі желі сабағының ұзындығы 50-60 см. Өсімдігі бұталы пішінді, бірінші реттік бүйірлік өркендері қысқа. Жасыл түйнегінің ұзындығы 9-10 см, орташа массасы 112 г. Жемістері тамырында ұзақ уақыт сарғаймайды, ал жапырақтары ақұнтақпен және бактериозбен зақымданбайды. Бітімен зақымдануы шамалы.

Универсальный. Батыс Сібір көкөніс-картоп тәжірибе стансасында шығарылған. Желі сабақтылығы орташа, тез пісетін, өнімділігі жоғары, жеміс салуы жақсы сұрып. Түйнегі ұзын сопақша. Үсті бұдырлы, дәмі жақсы. әмбебап сұрып. Жемісінің орташа салмағы 120-130 г. Дәмдік сапасы жас және тұздалған күйінде жақсы.

Харьковский. Украинаның көкөніс шаруашылығы және бақша шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Жасыл түйнегі ұзын сопақша, ұзындығы 8-14 см, диаметрі 3-4 см, массасы 70-110 г. Өскін пайда болғаннан алғашқы жинауына дейін 42-50 тәулік. Жеміс салу ұзақтығы 39-43 тәулік. өнімділігі 350-600 ц/га, әлеуетті өнімділігі 750 ц/га, жеміс салуының алғашқы онкүндігіндегісі – 70-130 ц/га. Тауарлы жемістер шығымы 90-95 %. Ара тозаңдандыратын, дәмдік сапасы жоғары, тұздауға және консервілеуге жарамды сұрып. Бактериозбен және ақұнтақпен зақымдануы орташа.

Надежный. Воронеж көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Ерте пісетін, ара тозаңдандыратын, желі сабағы ұзын сұрып. Жемісі ірі бұдырлы, ұзындығы 10-12 см, 80-125 г, ащыланбайтын, дәмдік сапасы өте жоғары, әмбебап пайдаланылатын сұрып. Жемісі ерте мерзімде біркелкі қалыптасатын, нәтижесінде жемістерін ауру жаппай таралғанша жинауға мүмкіндік беретін сұрып. Ашық және қорғаулы жерлерде өсіруге ұсынылады.

Астерикс F1 Голландиялық будан. Ерте пісетін, ара тозаңдандыратын, негізінен аналық гүлдері дамитын будан. Орташа желі сабақты өсімдік. Жасыл түйнегі орташа бұдырлы, цилиндр тәрізді, ұзындығы 8-12 см, массасы 65-85 г, ащысыз, дәмдік сапасы өте жақсы. Жас күйінде және консервілеп пайдаланылады. өнімді жемістерінің тауарлық сапасы жоғары.

Медеу. Қазақ көкөніс-картоп шаруашылығы ҒЗИ-да (ҚҚКШҒЗИ) шығарылған. Орташа мерзімде (58-60 күн) пісетін, ара тозаңдандыратын, түйнегі негізінен, ұршық тәрізді, ұзындығы 12-14 см, диаметрі 3-4 см, массасы 80-100 г, күңгірт жасыл түсті, қырлы, сопақ цилиндрлі, негізі кеңірдекті, үсті негізінен ортасына дейін ашық шұбар жолақты, ірі бұдырлы сұрып. Өнімділігі 300-400 ц/га, тауарлығы 90%. Жалған ақұнтаққа (пероноспороз), ақұнтаққа, бактериозға салыстырмалы төзімді.

F1 Крепыш. Қазақ ҚККШҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде пісетін, ара тозаңдандыратын, негізінен аналық гүлді, түйнегі ұршық тәрізді өсімдік. Жемісінің ұзындығы 12-14 см, ірі бұдырлы, жасыл, ашық байқалатын бойлық жолақты, эллипс тәріздес, массасы 96-106 г. Өнімділігі 500-600 ц/га. Салыстырмалы түрде ақұнтаққа төзімді, жалған ақұнтаққа төзімді.

Бақылау сұрақтар:


  1. Голландиялық будан дегеніміз

  2. Биологиялық ерекшеліктері.

  3. Сұрыптары

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.

2.Абзейтова Э.А. Жылыжайда қияр дақылының өсіру технологиясын жетілдіру және зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдану. Алматы, 2015 ж.

3.Шуваев В.А. Выращивание помидора- 2012. – Б 2




7.Пән мазмұны бойынша қосымша тапсырмалар мен талқылау сұрақтары

    1. Чат-сабақта талқыланатын сұрақтар тізімі

1.Жеміс дақылдарының отырығызу мерзімдері

2.Жеміс дақылдарын оытырғызу

3.Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік топтастыру

4.Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу тегі

5.Мәдени дақылдардың, оның ішінде жемістілер мен жидектілердің орасан бай түрлері

6.Шекілдеуікті, сүйекті және жидектілер тобына жататын дақылдар.

7.Негізгі жеміс-жидек және жаңғақты дақылдарға сипаттама

8.Жеміс дақылдарының морфологиялық негіздері

9.Жеміс дақылдарының жерүсті бөлігі

10.Жеміс дақылдарының тамыр жүйесі

11.Шекілдеуікті және сүйекті дақылдардың жеміс бұтақшалары

12.Бүршіктердің қасиеттері жіне түрлері

13.Жемістілер құрылымы

14.Тамыр жүйесінің құрылымы және атқаратын қызметі

15.Морфологиялық құрылымы жағынан жеміс өсімдіктерінің топтарға бөлінуі

16.Жеміс ағашының құрылымы

17.Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктері

18.Жеміс және жидек дақылдарының тұқымдары мен сорттарын іріктеп алу.

19.Жеміс өсімідіктерінің өсу дәуіріндегі өзгерңстер және қолданылатын агротехникалық шаралар.

20.Жеміс өсімдіктерінің даму заңдылықтары

21.Жеміс салу заңдылықтары

22.Жеміс ағаштарының өсу кезеңдеріндегі агротехникалық шаралар

23.Жеміс дақылдарының өмірінің жас кезеңдері

24.Вегетация және тынығу кезеңдері

25.Жеміс өсімідіктерінің сыртқы орта факторлары әрекеті

8.Білімді бағалау сұрақтары

8.1 Чат-сабақта берілетін сұрақтар тізімі

1.Жеміс өсімідіктерінің көбеюіндегі биологиялық негіздері

2.Телітуші және телінушілер туралы түсінік, олардың өзара әсері

3.Жеміс өсімдіктерін көбейтуде қолданылатын ұластыру тәсілдері

4.Телітуші және телінушілер дегеніміз не?

5.Жеміс шаруашылығында қолданылатын вегетативті көбейту тәсілдері

6.Аблактировканы қай кездерде қолданады

7.Себінді және вегетативті көбейтетін телітушілердің технологиялары

8.Жылудығ, жарықтарың, судың және ауаның жеміс-жидек өсімдіктеріне әсері

9.Жеміс-жидек дақылдарының өмірінде микро және макроэлементтердің маңызы

10.Жеміс өсімдіктерінің көшеттерін өсіріп өндіру

11.Жеміс көшетінің міндеті

12.Көшеттіктің құрамдас бөліктері

13.Көшеттікке жерді таңдау

14.Жеміс көшеттіктеріндегі ауыспалы егістер

15.Жеміс дақылдардың Вегетациялық кезенінің фенофазаларын атаңыз және оларға сипаттама беріңіз?

16.Терең тыныштық (органикалық) пен мәжбүрлік тыныштықтың айырмашылығы

17.Телітушілерге стандарт бойынша қандай талаптар қойылады

18.Жеміс қай мерзімде қазып алады және қалай жүргізеді?

19.Жеміс тікпе көшеттеріне қандай талаптар қойылады

20. Тікпе көшеттерді отырғызуға дайындау

21. Тікпе көшеттерді отырығызу мерзімдері мен әдістері

22. Ағаш отырығызудың техникасы

23.Жеміс дақылдарының отырығызу мерзімдері

24.Жеміс дақылдарының отырғызу әдістерімен техникасы

25. Жеміс дақылдарын күтіп-баптау міндеті мен жас бағтардың қатараралық топырағын ұстау жүйелері.



IX. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

9.1.Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М. Қазақстанда жылыжай құрылымының жағдайы, Тараз қ.2011 ж.

2.Шинышерова Ғ.Б., Чохыева Г. Жайралардың биологиялық ерекшеліктері, 2012ж.Тараз қ.

3.Абзейтова Э.А. Жылыжайда қияр дақылының өсіру технологиясын жетілдіру және зиянкестерден қорғауда биологиялық әдісті қолдану Алматы, 2015 ж.

4.«Қазақстан жылыжай технологиялары» Жылыжай Кешені Жағдайында Қызанақты Өндіру Ергешев Қ.Т.2012 ж.

5.Өтешқалиев А. Қызанақ, пияз, сарымсақ дақылдары және олардың емдік, тағамдық қасиеттері. - Алматы: Білім, 2007. – Б 96.

6.Шуваев В.А. Выращивание помидора.- 2012. – Б 28.

7.Тайжан Б. Суармалы жерлер түгенделуде. Егемен Қазақстан-18.05.2012ж., 11б.

8.Жұмабайқызы Г. Көкөніспен қамтудың төте жолы – жылыжай /Айқын газ..21.02.2012ж.

9.Өкемқызы Г. Астанада ‐ жаңа жылыжай. Астана ақшамы газет.2011ж

10.Жумадулла Ж. Д.Оңтүстік қазақстан облысы мақтарал ауданы «ақжан агро» жшс жылыжай кешені жағдайында қызанақ өнімділігін арттыру жолдары, Оңтүстік Қазақстан, 2012 ж.


    1. Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Матаганов Б.Г., Ляпов К.Д. Плодовые и ягодные культуры. Алматы: Кайнар, 1997.

2.Щепетков Н.Г., Өзбеков.Б., Ысқақов М.Ә. және т.б. Көкөніс шаруашылығы. Астана, 1998 ж.



3.Плодоводство/Под ред. В.А. Колесникова. М.; Колос, 1979.

4.Щепетков Н.Г. Овощеводство Северного Казахстана. Уч. пособие для вузов по агрономическим специальностям. Алматы, 1990.

5.Плодоводство и овощеводство /Под ред. В.А. Потапова. М.: Колос, 1997.

9.3 Нормативтік құжаттардың тізімі (қажет болғанда)
9.4 Желілік ақпараттық ресурстарға сілтеме (қажет болғанда)

9.5 Интернетттегі браузерлер мен іздеу жүйелерінің тізімі (қажет болғанда)



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет