КӨпшілікке арналған ашық баяндама «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №9 «Қарлығаш» бала бақшасы» мкқК



Дата25.06.2017
өлшемі197,62 Kb.
#20000
КӨПШІЛІККЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ БАЯНДАМА

«Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №9 «Қарлығаш»

бала бақшасы» МКҚК

2015-2016 оқу жылы.
Анализ, жылдық тапсырмалар, келешегі, мәселелері.

Мектепке дейінгі білім – балалардың алғашқы алатын білімінің бастамасы, оның алғашқы түйіні. Ал, оның бастамасы қалай болатыны, көбінесе, адамның болашақтағы жетістігіне байланысты болады.

Баяндаманың мақсаты – «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №9 «Қарлығаш» бала бақшасы» МКҚК жұмысының нәтижелерін ата-аналарға және көпшілікке әңгімелеу.

Балабақшаданың әкімшілігі, мамандары және тәрбиешілері жүргізген анализді негізге ала отырып, осы баяндама дайындалды.


I. МДМ туралы ақпарат.

Мекеменің атауы: «Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №9 «Қарлығаш» бала бақшасы» МКҚК

Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Юбилейный шағын ауданы 49 үй. Телефон (факс): 77-08-65; e-mail: karlygash9@mail.ru, ғаламтордағы мекен-жайы ds0002.kokshetau.akmoedu.kz

Құрылған жылы: 1977

Типі: типтік

Түрі: бала бақша

Юбилейный шағын ауданында, бөлек орналасқан ғимарат. Жақын маңда – №13 ЭМГ, №18 ОМ, №11 ОМ, №2 емхана орналасқан. Балабақшаның маңайы көгалдандырылған, спорт алаңқайы бар.



Жобалық қуаты: 152

Топтар саны:11

Тәрбиеленушілер саны: Барлығы – 274 бала, Санатор тобы -2, онда – 40 бала.

Логопед тобы - 2, онда – 27 бала



Кадрлармен қамтамасыз ету: Барлығы – 70 жұмысшы, оның ішінде педагогтар саны -34

Жоғары біліммен -26

Арнайы орта біліммен -8

Жоғары санатты - 6

Бірінші санатты -6

Екінші санатты -8

Балабақшаның педагогтары облыстық, қалалық және балабақшалардың арасында өтетін әдістемелік жұмыстарға жыл сайын қатысып отырады. Ақмола облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында өз білімдерін жетілдіріп отырады.

Оқыту тілі: мемлекеттік, орыс тілінде

Бала бақшада оқыту-тәрбиелеу процесі мына бағдарламалар бойынша іске асырылады:

«Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары, «Жалпы сөйлеу тілі дамымаған мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеудің арнайы типтік бағдарламасы», «Өзін өзі тану».

Білім беру саласында Қазақстан Республикасының өкілетті органы белгілі тәртіпте бекіткен нормативті-құқықтық актілері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (әрі қарай МЖМББС), типтік оқу жоспарды (әрі қарай ТОЖ), Қазақстан Республикасының өкілетті органы белгілі бір тәртіпте бекіткен басқа да нормативті құқықтық актілерді негізге ала отырып, оқыту-тәрбиелеу процесін іске асырады.

Мектепке дейінгі оқу және тәрбиелеудің мазмұны, білім берудің «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» салалары бойынша, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық процесті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Материалдық-техникалық базасы

Мекемеде: 11 топ бөлмелері, 3 бөлек ұйықтайтын бөлме, спорттық, музыкалық зал, 1 логопед кабинеті, қазақ тілі кабинеті, психолог кабинеті бар. Медициналық блок бар: медбике кабинеті, оқшаулау бөлмесі, ем қабылдау бөлмесі, әдістемелік кабинет, ас қоймасы, кір жуатын бөлме, меңгеруші кабинеті бар. Жалпы ауданы 1647,7 м2.

Мекеменің жұмыс істеу тәртібі және балалардың балабақшада болу ұзақтығы мекеменің Жарғысында анықталған. №9 «Қарлығаш» балабақшасы МКҚК аптасына бес күн жұмыс істейді, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Жұмыстың ұзақтығы – 10,5 сағат; 8.00-ден бастап 18.30.-ға дейін.

Балабақшаның барлық маңайы көгалдандырылған. Онда әртүрлі ағаштар мен бұталар, гүлзарлар, гүлбақшалар, спорт алаңы, ойындар ойнауға арналған алаңқайлар бар.

Топ бөлмелері қажетті жиһаздармен және ойын құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Балабақшаның дамытушы ортасы балалардың мүдделерін есепке ала отырып ұйымдастырылды және олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді, әрі үнемі толықтырылып отырылады.
II. Балалардың құрамы

2015-2016 оқу жылда бала бақшада 3 жас пен 7 жастың аралығындағы 274 бала тәрбие алуда. Бала бақшада 11 топ жұмыс істейді.

2 сәбилер тобы (3 жастан 4 жасқа дейін),

3 ортаңғы жастағы топ (4 жастан 5 жасқа дейін),

3 ересек топ (5 жастан 6 жасқа дейін),

3 даярлық топ (6 жастан 7 жасқа дейін).

Оның ішінде:

2 логопед тобы;

2 санатор тобы.

ҚР «Білім туралы» Заңын, бала бақшаның Типтік ережелерін және Жарғысын есепке ала отырып МДМ басқару ісін жүзеге асырады.

Стратегиялық басқаруды бала бақшаның басшысы іске асырады – меңгеруші еңбек ұжымымен және ата-аналар комитетімен бірлесе. Бала бақшаның өмірі мен қызметіндегі маңызды мәселелер де осы деңгейде қаралып шешіледі: мекемені болашақта дамытудың жоспары, көздеген мақсатқа жетудің негізгі жолдарын анықтау. Бала бақшаның жұмысы ашық түрде жүргізіледі.

III. Оқу-тәрбие процесін

іске асырудың жағдайы

Бала бақшанының даму бағдарламасына сәйкес, білім беру кеңістігін қалыптастырудың негізгі міндеттерінің бірі, білім беру ортасын жетілдіру болып табылады, яғни, баланың бала бақшада дамуына септігін тигізетін, психикалық және физикалық денсаулығына әсер ететін жағдайлардың жиынтығы, әрі қарай табысты оқуының жемісі, сонымен қатар, МДМ білім беру процесіне қатысушылардың атқаратын қызметі.

Бала бақшада білім беру процесінің сапасына әсер ететін негізгі компоненттері ретінде, біз мыналарды атап айтамыз:


  • Педагогикалық процесті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету,

  • Білім беру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасы,

  • Пәндік-дамыту ортаны қалыптастыру.

Бала бақшаны оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, педагогтарға оқу-тәрбие процесін мүмкіндігінше жеткілікті дәрежеде өткізуге мүмкіндік береді.

МДМ әдіскерлері мен мамандары бала бақшада жиі кездесетін маңызды мәселелер жөнінде өткізетін семинарлар, семинар-практикумдар педагогикалық процеске қатысушылардың өзара қарым-қатынас жасауына көп септігін тигізеді.

Бала күні бойы қызықты әрекетімен шұғылданатындай етіп білім беру ортасын ұйымдастыру керек. Әрбір жасаралық топта балаларға арналған «бұрыштар» бар, онда балалардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық және дамытушы материалдар қойылған: құрастыру, қарым-қатынас жасау, кітаптар, табиғат бұрышы, шығармашылық сахналау, спорттық.

Бала бақшада мекемені эстетикалық безендіруге де ерекше көңіл бөлінеді, өйткені мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке қабілеттерін қалыптастыру үшін қоршаған ортаның тигізетін әсері мол. Бала балабақшада күні бойы болады, сондықтан қоршаған орта оны қуанышқа бөлеуі керек, жақсы мәнер, сезім, талғам қалыптастыруы керек. Жиһаздар мен ойын құралдары санитарлық және психологиялық-педагогикалық талаптарға сай іріктелді. Топтарда өздігінен жұмыс істеуге, зерттеу жүргізуге, сахналауға, қимылды ойындарға жақсы жағдайлар жасалған. Дәліздер де тақырыптарға сай безендірілген. Спортзал қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.


2015-2016 оқу жылға арналған жылдық тапсырмалар

  1. Қызметтің алуан түрлерін біріктіру арқылы, «Қатынас» білім беру саласын балаларға меңгерту бойынша жүргізілетін педагогикалық жұмыстарды жетілдіру.




  1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік-патриоттық әлеуеттігін жан-жақты дамытуға жағдайлар жасау, МДМ педагогикалық процесін бүтіндей құру арқылы азаматтыққа тәрбиелеу.



  1. Шығармашылық қызметті жобалау бойынша, бала бақша мен отбасының бірігіп атқаратын жұмысын ұйымдастыру; мекеменің білім беру кеңістігінде барлық педагогикалық ұжымның өзара қарым-қатынас жасауын іске асыру.


Басты бағыттары:

Дене шынықытыру-сауықтыру

Сауықтыру жұмысы үнемі жүргізіліп отырады:

- жылдың жылы уақытында таза ауада балаларды қабылдау және таңертеңгі жаттығу жасау

- таза ауада серуен жасау күніне 2 рет. 15С градустан төмен болмаған жағдайда және желдің күші 15м/с, ал 4 жасқа дейінгі балалар үшін 20С градустан төмен болмаған жағдайда және желдің күші 15м/с (СанПин сәйкес).

- сабақ кезінде мидың шаршағанын басу (релаксациялық кідіріс, құлақ қалқанын уқалау, сергіту сәттері)

Мұрынмен тыныс алу үшін тыныс алу жаттығуларын жасау / «поза льва» және т.б./.- Топтарды желдету және кварцілеу

Жууға арналған құралдарды қолдана отырып, күніне 3 рет дымқыл шүберекпен сүртіп, жинау

3-ші тамақты «С» дәрумендеу

Мүсіннің бұзылуын алдын алуға арналған жаттығулар – айдың 1 аптасы.

Мамыртабандылықты алдын алуға арналған жаттығулар - 2 апта.

Көру қабілетінің бұзылуын алдын алуға арналған жаттығулар - 3 апта.

Бұлшық еттерді, мойын, кеуде буындарын, т.б. шынықтыруға арналған жаттығулар - 4 апта.

Қазан айынан мамыр айына дейін өткізілетін іс-шаралар.

Ревит, аскорбиновая кислота, пиковит - айдың 1 аптасы

Тұзды ерітіндімен тамақты, мұрін қуысын шаю - айдың 2 аптасы.

Мұрын қуыстарын оксалин мазімен сүрту айдың 3 аптасы – қазан айынан наурыз айына дейін.

Нүктелі массаж - айдың 4 аптасы.

«Сарымсақ киндерлер», фитоцид /сарымсақ, пияз / қараша айынан наурыз айына дейін.

Шынығудың «Рижский әдісі» қыркүйек айынан маусым айына дейін.

Маусым айынан қыркүйек айына дейін:

- балаларды далада ұстау

- жуыну

- жалпы шынығу су процедуралары

- жеңіл киімсіз және жастықсыз ұйқы - табанды шынықтыру – табанды сумен шаю, құмда, топырақта жалаң аяқ және іш киім мен бас киім ғана киіп жүру.

- қаланың сыртына саяхат жасау.


Қосымша қызмет көрсету.

Ата-аналардың өтініштері бойынша жұмыс істейміз.


Жұмыстың нәтижесі.

IV. Балалардың денсаулық жағдайы

Білім беру бағдарламасын іске асырудың негізі, балалардың физикалық және психикалық денсаулығын шынықтыру, оларда қимылдау және гигиеналық мәдениет қалыптастыру болып табылады.

Сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін бала бақшада медицина кабинеті, музыка залы, спортзал, дене шынықтыру алаңы бар.

Бала бақшаның әкімшілігі санитарлық-гигиеналық талаптардың, күн тәртібінің орындалуын үнемі бақылап отырады.


Балалардың науқастануының салыстырмалы анализі

№9 «Қарлығаш» бала бақшасы

2014-2015жж 2 тоқсан




2014

2015

Балалардың саны

231

217

ЖРВИ

30

13

бронхит

3

4

ангина

2

-

отит

2

-

Басқа аурулар

16

4

Суық тию

-

1

В.оспа

-

8

Барлығы

53

30

Денсаулық индексі

91,7

88,4

Науқастың күрдел

4

5

Салыстырмалы анализді негізге ала отырып, мынадай шешім шығаруға болады: 2015 жылы жалпы науқастанудың саны бәсеңдеді (23-ке аз).

ЖРВИ – 7, ангина – 2, отита – 2 бәсеңдеді.

Көбейді: Шешек (В.оспа) – 8, суық тию -1, бронхит -1.

- Тұмауды алдын алу жұмысы (ас мәзіріне сарымсақ, жуа, лимон, 3-ші тағамды дәрумендеу (аскорбин қышқылымен) енгізілді) оксолин мазі.



Шынықтыру шаралары:

- «Денсаулық» сүрлеу жолы,

- жалаң аяқ жүру,

- әуе және күннің көзі ваннасы.


V. Балабақшада тамақтандыруды ұйымдастыру

Тамақтануды ұйымдастыру.

Балабақшада тамақтану жыл мезгілдеріне байланысты өзгешеленіп отырады және қыс-көктем, жаз-күз болып бөлінеді. Балаларға арналған ас мәзірі алдын ала және күнделікті жасалып отырады, тағамдардың тізімі бар, бір балаға берілетін тағамның мөлшері СанПин талаптарына сай жасалған. Балабақшада дұрыс тамақтанумен қамтамасыз етуге болады (тағамның құрамында ақуыз, мамыр және көмірсулер жеткілікті мөлшерде).

Бала бақшада төрт мезгіл тамақтандырады – таңертеңгі ас, түскі ас, жеңіл тағам және кешкі тағам. Ас мәзірі санатор тобына және жалпы топтарға бөлек жасалады. Тамақтануды ұйымдастыруға және азық-түліктің сапасын бақылауға диетбике Дорош Г.М. жауапты. Балаларды дұрыс тамақтандырудың негізгі шарты, ас қоймасында, асты даярлағанда және азық-түлікті сақтаған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң түрде сақтау болып табылады. Балаларды тамақтандырған кезде, қоршаған ортаның, топтың эмоционалдық жағдайы балаларға үлкен әсер етеді. Топтарда балаларға ыңғайлы үстелдер, ыдыстар бар. Балаларға тамақты тым ыстық немесе суық күйде бермейді. Тамақтану кезінде тәрбиешілер балаларды тамақтану мәдениетіне үйретеді.

VI. Мекемелермен әлеуметтік серіктестік

Ғалымдардың айғақтары бойынша, мектепке дейінгі жастағы балаға отбасы мүшелері көбірек әсер етеді. Сондықтан, біздің ойымызша, мектепке дейінгі білім берудің сапасын жақсарту үшін, ең алдымен, отбасымен бірге келісе отырып іс-әрекет жасау керек. Ұжымның отбасымен бірге жұмыс істеуінің негізі деп, баланы тәрбиелеуге деген көзқарасты өзгертуге және отбасымен өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызатын жүйелі әдістерді айтуға болады, осылайша, оларды жағымсыз, келеңсіз қылықтардан аулақ ұстаймыз.

Салауатты баланы тәрбиелеу бойынша отбасымен бірігіп жұмыс істеу үшін, біздің бала бақшада балалармен жүргізілетін жұмыстың мазмұнын, әдістемесін, оны ұйымдастырудың төмендегідей негізгі ережелерін басшылыққа алады:


  • Ең алдымен, салауатты баланы дамытып, тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерін тәрбиешілер мен ата-аналардың өздері бірігіп қабылдайды.

  • Бала бақшада балалармен жүргізілетін жұмыстың мазмұнымен, әдістемесімен, қолданатын тәсілдермен ата-аналарды таныстырамыз, ал біздің педагогтар отбасымен бірге тәрбиелеудің ең жақсы іс-тәжірибелерін қолданады.

  • Біздің ойымызша, жұмыста, ең алдымен, жүйелілік және бірізділік айтарлықтай маңызды рөл атқарады; әр балаға және әрбір отбасына жеке тұрғыдан қарап, өзара сенім болу керек, педагогтар мен ата-аналар бір-біріне көмектесіп, отбасында педагогтың, ал бала бақшада ата-ананың беделін арттыру керек.

Біз үшін жұмысты кезең-кезеңмен ұйымдастыру өте тиімді саналады.

I кезеңде – ақпарат жинау (әңгімелесу, диагностикалау, сауалнама жүргізу, бақылау, зерттеудің нәтижесі бойынша педагогикалық процеске қатысушылардың қауіпті саналатындарын анықтау).

II кезең – жалпы сақтандыру (көрнекі насихаттау, мамандармен кездесу).

III кезең – қауіпті саналатын топпен жұмыс жүргізу (мәселені анықтау: әңгімелесу, бақылау, сауалнама; ата-аналармен жұмыс: тренингтер, әңгімелесу).

IV кезең – жеке жүргізілетін жұмыс (отбасылық тәрбиелеудің әдісін анықтау, олармен қарым-қатынас жасау; кеңестер, әлеуметтік педагогтың, психологтың, логопедтің, дефектологтың және басқа да мамандардың балалар мен ата-аналарға жеке беретін кеңесі).

V кезең – аналитикалық (отбасындағы өзгерістерді анықтау, мамандарды қатыстыру арқылы кейбір мәселелерді шешу және қосымша жүргізілетін шаралар).

VI кезең – жұмыстың нәтижесімен таныстыру, шешім қабылдау. Болашақта жүргізілетін жұмыстың жоспарын бірге талқылау.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмысты осылай ұйымдастыру, педагогтың ата-аналармен жүргізетін жұмысын құрылымдауға мүмкіндік туғызады және оған комплексті сипаттама береді. Баланы оқытып-тәрбиелеу процесі кезінде, оның психологиялық ерекшелігін, жас мөлшерін, қызығушылығын, ептілігін ескеру, ата-аналар үшін де өте маңызды. Баласы педагогқа сенім артуына болатынын түсіндіріп, бала бақшаның жұмысына белсене араласқаны жөн. Педагогтар мен ата-аналардың назарын жұмыстың мақсаты мен міндеттерін, балаларды тәрбиелеудің әдістерін, олардың эмоционалдық қабілеттіліктерін, физикалық, психикалық, әлеуметтік және рухани-адамгершілік денсаулығын түсініп, оны орындауға қатыстыру.

Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының өзара қарым-қатынас жасау жүйесі, әртүрлі жұмыс түрлерін дестелеуден тұрады. Жұмыстың түрлерін біз күнделікті, бір аптаға, бір айға және қажеттілікке байланысты өткізілетін іс-шарлар түрлеріне бөлеміз.

Ата-аналармен қарым-қатынас жасауды ұйымдастырамыз:


  • Ата-аналар тобымен (ата-аналар жиналысы, семинарлар, психологиялық тренингтер, дөңгелек үстелдер);

  • топшалармен (ата-аналар комитетінің отырысы, топ белсенділерімен кездесу);

  • жеке.

Ата-аналармен жүргізілетін іс-шараларды арнайы мамандармен, медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста өткіземіз. №2, 11 топтарда «Балалардың сөйлеу тілін қалыптастырудың бір қыры ретінде саусақ жыттығуларын дамыту» тақырыбында өткізілген ата-аналар жиналысы, №4 топта «Отбасында жазалау және мадақтау» тақырыбында өткізілген психологиялық тренинг ата-аналарды қатты қызықтырды. Жиналыстың барысында ата-аналар мен біздің арнайы мамандар жиі кездесетін мәселелерді белгілеп, оларды жоюдың жолдарын анықтады және іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тоқсан сайын Ашық есік күндерін өткіздік.

Топтағы балалардың өмірі, балабақшада өткізілетін іс-шаралар, сонымен қатар, ата-аналарға арналған кеңестер, ұсыныстар бала бақшаның сайтына апта сайын орналастырылады, оны кез келген ата-ана біздің сайттан көре алады.

Ата-аналардың пікірінше, жұмыстың осындай түрлері өте қызықты, әрі пайдалы.

Ата-аналармен өзара қарым-қатынас жасаудың бірнеше түрлері бар:



  • танымдық – мысалы, дөңгелек үстел «Отбасында балалардың денсаулығын қалай шынықтыруға болады», семинар-практикумдар «Жолдағы қауіпсіздік» және т.б.

  • еңбекті – мысалы, акцияларға қатысу «Бейбітті ғарыш», «Қазақтың әшекейлері», территорияны безендіру «Түлектер аллеясы», ойыншықтар жасау «Жаңа жыл келе жатыр» және көрме ұйымдастыру: «Бақшадағы қиял-ғажайыптар», ӨҚС бойынша дидактикалық ойындар.

  • бос уақытты – мысалы, жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқаулар «Қазақстан халықтарының бірлігі күні», «Күлкі күні». Ата-аналар қуана отырып қатысатын спорттық сайыс «Әкем, шешем және мен – спортты сүйетін отбасымыз», ата-аналармен мен балалардың бірге кездесуі «Логоритмика» және т.с.с.

Осы бағытта ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың анализі, осындай әдістердің жақсы нәтиже беретінін және ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыруға көмектесетінін көрсетті. Мектепке дейінгі мекеменің жұмысына ата-аналар белсене түрде қатысты. Олардың қатысу белсенділіктері 85% көрсетті, бірнеше іс-шараларды өткізуге олар өздері ынталарын білдірді.

Осылайша, осы бағытта жүргізілген жұмыстың түрлері педагогтардың, ата-аналардың және балалардың біріге жұмыс жасау қабілеттерін арттырады, балалардың мәселелелерін шешуге ересектерді қатыстырады, сөйтіп, білім беру процесінің сапасын арттырады.

Өзара қарым-қатынас жасауда №13 ЭМГ және №18 ОМ маңызды орын алады, өйткені, балаларымыздың 70% осы мектептерге барады. Бұл мектептермен өзара жасалған жоспар бойынша қарым-қатынас жасаймыз.

Жыл сайын, оқу жылдың басында және соңында даярлық топтарда «Балалардың мектепке дайындығы» тақырыбында бастауыш сыныптың мұғалімдерімен бірге ата-аналар жиналысы өткізіледі.

Бала бақша мен мектептер бірлесе мерекелік шаралар өткізеді, өзара сабақтарға қатысады, мектептің кітапханасына, спортзалға саяхат жасайды. Сөйтіп, мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке даярлау ісі табысты жалғастырылуда. 2014-2015 оқу жылы 92 бала мектеп табалдырығын аттады.



Балалардың мектепке дайындығы

Оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудың нәтижесі, балаларды мектепте оқуға сапалы дайындау болып табылады. Ата-аналармен жеке сөйлескен кезде және мұғалімдердің пікірлеріне қарағанда, біздің бала бақшаның түлектері мектеп бағдарламасын жақсы меңгеріп алады; олардың дайындық деңгейлері мектепке дейінгі жастағы балаларға қойылатын талаптарға сәйкес келеді, мұғалімдер балалардың дайындықтарын жақсыға бағалайды, ал ата-аналар балаларының біліміне қанағаттанушылық танытады. Педагогикалық ұжым мектеп мұғалімдерімен байланыстарын үзбейді.



VII. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы маңызды ережесі бар негізгі нормативті-құқықтық акт, ҚР «Білім беру туралы» заңы болып табылады, ол білім беру процесі барысында мекемедегі балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті анықтайды.

Бала бақшада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бала бақша әкімшілігінің қызметінің басты бағыттары мыналар болып табылады:

- өртке қарсы қауіпсіздік

- лаңкестікке қарсы қауіпсіздік

- санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету

- еңбекті қорғау

Бастапқы өртті сөндіру құралдары әрдайым қолдануға дайын күйде тұрады, жыл сайын оның жағдайы қадағаланады: өртсөндіргіштер, өрт сөндіру шүмегі, өрт құбыршектерін және шүмектерді ауыстыру және т.с.с. Эвакуациялық шығу жолдары қойылған талаптарға сай. Тексеру актісіне сай, мекемені жаңа жылға дайындау барысында бала бақшада өртке қарсы қауіпсіздік талаптары бұзылған жоқ.

Лаңкестікке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында бала бақшада қауіп-қатер дабылы орнатылған.

Бала бақшада еңбекті қорғау бойынша ең басты мақсатымыз - салауатты, әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, еңбектену барысында балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулықтарын қорғау, демалыс ұйымдастыру, қолайлы еңбек жағдайымен қамтамасыз ету болып табылады.


VIII. Қаржылық-шаруашылық қызмет

Басқа да мемлекеттік білім беру ұйымдасры сияқты, біздің бала бақша бюджет есебінен қаржыландырылады, ол 2016 жылға былай бөлінеді:

Барлық бөлінгені – 72620,0м.т. (РБ есебінен қосымша – 2250,0 м.т.)

- қызметкерлердің еңбек ақысы -48283,0м.т.

- салық қызметі -4781,0 м.т.

- байланыс қызметі – 338,м.т.

- коммуналдық төлемдер – 4168,0м.т.

- мекемені ұстау- 1324,0м.т.

- тамақтандыруды ұйымдастыру (логопед және санатор топтары) – 8225,0м.т.

- материалдық-техникалық базаны нығайту (сатып алымдар) – 3229,0м.т.

- дәрі-дәрмектер – 22,0м.т.
IХ. Мекемені жақын арада дамытудың мәселелері және негізгі бағыттары.

Бала бақша қызмет етудің тұрақты деңгейіне жеткенін, 2015ж. бала бақша қызметінің анализі көрсетті. Бала бақша жұмысының ерекше жетістіктері деп мына көрсеткіштерді айтуға болады:



  • Нормативті-құқықтық базаны ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жөнге келтіру.

  • Тұрақталған ұжым;

  • Топтарда пәнді-дамыту ортаны МББС сай ұйымдастыру;

  • Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын балалардың жақсы меңгергендігінің нәтижесі.

Бала бақша ұжымының жұмысының әлсіз жақтары:

  • Балалардың бала бақшаға тұрақсыз қатысуы (себепсіз қатыспау);

  • Іс-тәжірибе жұмыстарын облыс, республика деңгейінде және ЖАҚ басуда педагогикалық ұжымның ұсыныс жасамауы;

  • Бала бақша жұмысының жарнамасы аз.

Болашақта атқарылатын жұмыстың басты бағыттары:

  • Әртүрлі деңгейде өтетін байқауларға, семинарларға қатысу, ЖАҚ мақалалар беру арқылы іс-тәжірибе жұмыстарын ұсыну, белсенділік таныту.

  • Бала бақшаның жұмысы туралы ақпараттарды сайтқа орналастыру;

  • Ата-аналардың шығармашылық мүмкіндіктерін білім беру процесіне қатыстыру және олармен бірлесе жұмыс істеудің түрлі жолдарын қарастырып қолдану.

  • Мемлекеттік білім беру саясатындағы нормативті өзгерістерді уақытында елеу.

  • Материалдық-техникалық базаны толықтыру, топтарда дамыту ортаны жабдықтау.

Каталог: 99E8187F9222E318
99E8187F9222E318 -> Ақпан айының есебі
99E8187F9222E318 -> Оқу жылда бала-бақшаның істеген жұмысының анализі
99E8187F9222E318 -> Ж. «Мейірімділік» апталықтың есебі. 6 даярлық топ
99E8187F9222E318 -> Ата-аналар жиналысы Тақырыбы: Ата-анамен балабақша бірлестігі. Тәрбиешілер: Сарсенбаева Д. Т
99E8187F9222E318 -> А. Завадская 2015-2016 оқу жылда жол-көлік жарақатын алдын алу бойынша жұмыстың жоспары
99E8187F9222E318 -> Жануарлар әлемінде тақырыбы: Үй жануарлары Мақсаты
99E8187F9222E318 -> Анализ работы детского сада за 2014-2015 учебный год


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет