Көркем негізгі мектебінде қарашаның 6-11аралығы 2017жылы



бет4/4
Дата01.04.2018
өлшемі0,72 Mb.
#39969
1   2   3   4
Мақсаты: Оқушыларға  поэзия   құдіреті   арқылы  қазақ  деген  ұлы  халықтың  болмысы мен  бітімінің  ұлылығын  дәріптеу.

1-жүргізуші   Поэзия   досым   менің   күй  аңсаған, Өзімді,  өмірімді   қиям   саған, Шағымда  шабыттанған,  қиялданған, Шапағың   бар   шаттығын   құяр  маған!  -деп, қазақтың  ақиық  ақыны   Мұқағали жазып  кеткен  поэзия кереметі  туралы  жазылған  өлеңін       Оралбай Меруерт орындайды                           

        1-жүргізуші:    Отан,  халық,  тіл -сан  ғасырлық  жүріп   өткен   жолымыздың   шежіресі.     Егемендігіміз   баянды  болсын  десек,  ұлттық   рухымызға   өріс  тілесек,  туған  тілімізді   көздің   қарашығындай  сақтап,  Отанымыз  бен  халқымызды  құрметтеуіміз  керек

М.Мақатаев  «Үш   бақытым»     Шүкір Даяна

Ж.Молдағалиев    « Бауырлар»           Өмірзақ Жанерке                

1-жүргізуші:   Туған  жер,  туған  тіл  мәселесі   қашанда  қазақтың  көкейінен, жұдырықтай  жүрегінің   түкпірінен  орын  алатыны  рас.Бұлардың  екеуі де адамзат  баласы  көзін  ашып,  кіндігін  кескен  тұстан басталады.  Осы  орайда  адамдық  асыл қасиеттерді  перзент  бойына  сіңіруге  үлес  қосар  ата-ананың  алдындағы  перзенттік  парызды  айта  кеткен  жөн.

2-жүргізуші: Өзіңді   өмірге  келтірген,  тіршілігіңе  нәр  берген    ата-ананың  алдында  адамның  парыз-міндеті   өлшеусіз.Қазақ   ғұрпындағы  ата-ананың   ерекше   биік  орны,  қадір-қасиеті   ше?  Ананың   ақ  сүтін ,  әкенің  адал  күшін   ақтау-   өз  болашағыңды  сақтау.

1-жүргізуші: О,  Ата-анам, Таянышым,  тірегім! Бар  бақытты  бір  басыңа  тіледім.Бізді  жақсы  болса  екен  деп  қашанда, Лүпілдейді  сенің  қамқор  жүрегің.

Т.Айбергенов  «Ана»    Жақсылық Жайна

     Тургунбаева Алтынай орындауында   «Анашым»  әні.

М.Шахановтың  өлеңі  «Тоқшылық»   орындайтын Оралбай Дана:   Халқымыздың  мол  мұрасы, ғасырлар  бойы  сақталған  дәстүрінің  бірі-  табиғатты  аялау.Табиғаттан  нәр  алған  ғой  жанымыз, Жер    бетінің  ажары-  ол   сәніміз. Туған  өлке  табиғатын  аялап, Ұсынайық   жүрек   нұрын   бәріміз!

 1-жүргізуші:        Табиғаттың  тарылтпайық  тынысын, Қастерлейік  оның  байлық,  ырысын, Ей,  адамдар,   арың  қалай  шыдайды, Табиғат  -анаң,  ал  сен  оның  ұлысың.

 Табиғат  туралы  жырға  кезек  берейік.

«Адамға  ұқсас  тағдыры  табиғаттың»   орындайтын Өмірзақ Жанерке

  2-жүргізуші:    Қазақ — намысшыл  халық.  «Арым –жанымның   садағасы»  деп  намысын  бірінші   орынға  қойған.Орынсыз  ешкімнің   арына  тимеген,  намысын   таптаттпаған  халық.

1-жүргізуші: Тұтату  қиын  шаланы, Тұтанбас  үрлегенге. Адамдар  аласарады,Намысы   кірлегенде. Жауларың   күнде  сені, Күндесін,  күндемесін Шаттығ ың   кірлесе  де, Намысың  кірлемесін.

Ж.Молдағалиев  «Ар-ұят   туралы»        оқитын           Жақсылық Қасиет

М.Мақатаев   «  Ұят  болды-ау»   Қалабай Әмір

  2-жүргізуші:   Өзіңе  сен! Күшіңе  сен  бойдағы  ерен, Сенім  деген  киелі    қойма   дер  ем. Көл-көңілдің   жатпайды  жайнап   үсті… Жеңілу  де,  жеңу  де  бұл  өмірде,

Бәрі   қарғам ,  өзіңе   байланысты.



 М.Мақатаевтың  өлеңі  «Тілектеске»    Сейілбек Диас

М.Шахановтың  өлеңі  Мұхамеджанов Олжас

1-жүргізуші: Қадірлі   көрермен!Біз  бүгінгі  кешімізде   қазақ  деген  ұлы  халықтың    тектілігі   мен  өршіл  рухын жырға  қосқан  ақындарымыздың   өлеңдерін  сіздерге  жеткіздік. Арыстандай  айбатты, Жолбарыстай  қайратты, Қырандай  күшті  қанатты Мен  жастарға  сенемін , —  деп  М.Жұмабаев  айтқандай , аға  буынның  сенімін  ақтайтындай    парасат-пайымы  биік   азамат  боп  өсейік!

2-жүргізуші:  Сіздерге         жылы   жүрек,  ыстық   қайрат,   нұрлы   ақыл                            тілей  отырып,  бүгінгі  кешімізді  аяқтаймыз.Еліміз  аман ,  жұртымыз   тыныш   болсын!

 

 



Ертегілер еліне саяхат




Әр сынып заманауи сахналық қойылым қөрсетті. Жеңіске жеткен 6-сынып оқушылары мақтау қағазымен марапатталды.

Менің сүйікті шығармам

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал, білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап-адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. « Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік- деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап  таңдап талғап оқи  білу, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы  шарттардың бірі. « Кітап маған тақтан да қымбат»,- деп атап көрсеткен Шекспир.     « Кітап-ең құдіретті әлем», « Кітап-күн шуағы білімнің»,  « Әліппенің ар жағы-білім бағы» дейді ғой халықта. Сол білім бағына жетелейтін дүние-кітап.»  Өздеріңіздің ішінен мол мұраға қанық болар, өмір жолында мәңгі азық болар "сүйікті" кітаптарыңыз болсын демекпін.      Кітапта алма ағашы,    Жемісін бізге беретін.                              



Кітап туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

*Кітап - алтын қазына.


*Кітап - алтын сандық: 
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт. 
*Кітап - білім бұлағы, 
Білім - өмір шырағы.
*Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім. 
*Кітап көзі жұмыққа арзан, 
      көзі ашыққа маржан.
*Кітап - қаймақ, білім - оймақ. 
*Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі

Пікір талас



/Оқушылар өздерінің оқыған кітаптары туралы ой бөліседі/
Каталог: EB0419249EE41AD0
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. А сәлемдесу. Ә «Менің балам қане» ойыны
EB0419249EE41AD0 -> Тұрсынхан Әбдірахманова ″даналарым″
EB0419249EE41AD0 -> Мәуліт-пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік
EB0419249EE41AD0 -> Көркем негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылында тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша өткізілген жұмыстарға аналитикалық есеп
EB0419249EE41AD0 -> Көркем негізгі мектебіндегі жазғы демалыс лагеріндегі өткізілетін іс- шаралар жоспары
EB0419249EE41AD0 -> Бір-бірімізге мына күннің нұры мен жылулығын ұсына отырып жылы
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев "Толағай" Сабақтың мақсаты : Білімділігі
EB0419249EE41AD0 -> "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"
EB0419249EE41AD0 -> Сабақ Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Интернат наны» Пән:Әдебиеттік оқу Сынып: 3 Өткізген: Рахметова Д. И. 2014 2015 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет