Көрнекілігі: «Ана тілім – асыл қазынам» кітап көрмесі, нақыл сөздер. 1-жүргізуші



Дата28.01.2018
өлшемі30,04 Kb.
#35086
Мақсаты: ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену, тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушыларды жүйелі, еркін сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: «Ана тілім – асыл қазынам» кітап көрмесі, нақыл сөздер.
1-жүргізуші:
Ана тілім – бәрін айтар шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тілі – әрбір ұлттың ұлы мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы, ел егемендігінің көрінісі.
«Қазақ тілі-ғажап тілі» әні орындалады.
2-жүргізуші:
5-сыныптар арасында өткелі отырған «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты тақырыптық кешімізсайыс түрінде өткізіледі. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1-жүргізуші:
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.
2-жүргізуші:
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне тіл туралы сайысқа
5-сынып білгірлері шығады.
Алдымен сайысымызға төрелік жасайтын әділқазылар алқасын сайлап аламыз. Топ екіге бөлінеді.
1-бөлім. Таныстыру.
1-топ: «Атамекен». Біздің ұранымыз: Тіл бар жерде өмір бар.Біздің әніміз:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2-топ: «Өркен» Ұранымыз: Сүйемін туған тілді – анам тілін. Біздің әніміз:
Тіліміздің бұлағы,
Тірліктің ел жүрегі.
Ана тілін сүйемін,
Отан үшін күйемін.
2-бөлім .
1- жүргізуші:
Мақал-мәтел – сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі.
Қарапайым қазақ тілі әз тілім -
өз тілімде бұлқынады жүрегім,- дей отырып, келесі бөлімге кезек берейік.
Мақал-мәтелдің жалғасын айту.
1. Тіл тәтті ... ... ... (бауыр қатты)
2. Тіл тас жарады ... ... (тас жармаса бас жарады)
3. Шебердің қолы ортақ ... (шешеннің тілі ортақ)
4. Бал тамған тілден ... (у да тамар)
5. Бас кеспек болса да ... (тіл кеспек жоқ)
6. Тұз... (астың дәмін келтірер), Мақал ...(сөздің мәнін келтірер)
7. Ана сүті бой өсіреді .... (ана тілі ой өсіреді)
8. Қол шешпегенді ...(тіл шешеді)
9. Жақсы байқап сөйлейді ... (жаман шайқап сөйлейді)
10. Ең тәтті, ең ащы, ең жұмсақ .... (тіл)
2- жүргізуші:
Ана тілім ұраным-
Ана тілім құралым,
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр, әнім.
3-бөлім: Әр топ Ана тілі туралы мәнерлеп өлең оқиды.
4-бөлім.
1- жүргізуші:
Сайысымыздың келесі бөлімі «Ұшқыр ой – жылдам жауап» деп аталады.
Жауапты топ басшылары беру керек.
«Атамекен» тобына қойылатын сұрақ:
1. Тәуелсіздік күні қашан тойланды?(16 желтоқсан)
2. Қазақ әліппесінде неше әріп бар.(42)
3. Білім күні қай айда(қыркүйек)
4. Тұңғыш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
5. Қазіргі «Ана тілі» оқулығы қай баспадан шыққан? (Алматы «Атамұра»)
6. А. Құнанбаев кім?
7. Тіл мерекесі қай айда тойланады? (Қыркүйек)
8. ҚР Астанасы қай қала?
9. Рәміздерді ата?
10. Бес дұшпанды ата?(өсек, өтірік, мақтаншақеріншек, бекер мал шашпақ)
«Өркен »тобына қойылатын сұрақ:
1. Біз қай мемлекетте тұрамыз?
2. «Кел, балалар оқылық» кімнің өлеңі?
3. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?
4. ҚР мемлекеттік тілі?
5. Өлең жазатын адамды кім дейді?
6. Бес асыл істі ата?
7. Төрт түлікті ата?
8. Ең асыл жан кім?
9. Қазақша жыл басы ?(наурыз)
10. Әнұранның авторларын ата(сөзі:Нәжімеденов,Назарбаев.Әні: Ш.Қалдаяқов)
2- жүргізуші:
Ана тілім – ақ қанатты тұлпарым,
Биіктерге самғап ұшар сұңқарым.
Ана тілім – махаббатым ,құштарым,
Ана тілім – әнге қосар ардағым.
5-бөлім «Ана тілім-жыр, әнім» тіл туралы ән айту.
Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарады.
1- жүргізуші:
Ана тілім бірге жанар өзіммен,
Ана тілім қадір тұтам сені мен.
Ана тілім ардақтысың қашан да,
Орын берем жүрегімнің төрінен.
2-жүргізуші:
Өз тіліңді оқы, -дейді мектепте,
Селтең қағып жүрме балам, бос текке.
Өзге тілге қанша құмар болсаң да,
Өз тіліңді шамаң келсе шеттетпе.


Екіаша орта мектебі

Тілім менің - ғасырлардан аманат
\сайыс сабақ\

2013-2104 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 12d1
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12d1 -> «Табиғатты аялайық қорғайық»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет