Көрнекілігі: Флипчарт, Жамбыл Жабаев суреті, соғыс суреті, карта, видео-ролик Сабақ түрі



Дата12.09.2020
өлшемі35,5 Kb.
#63661
түріСабақ

Сабақтың мақсаты:

а) Жамбылдың Ұлы Отан соғысы жылдарын соғысқа кеткен ұлына жазған хаты арқылы барлық жауынгерлеріне айтқан өсиеті екенін ұғындыру.

ә) Өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру.

б) Оқушыларды Отанын сүюге, елін құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Флипчарт, Жамбыл Жабаев суреті, соғыс суреті, карта, видео-ролик

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: баяндау, ассоциация, талдау-жинақтау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді?



Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.

-Әңгіменің авторы кім?

-Әңгіме кім жөнінде жазылған?

-Бородиноға кімдер келді?

-Әңгімені баяндап отырған кім?

-Ол Төлегенге не берді?

-Төлеген Тоқтаров жөнінде жолдастарының пікірі қандай еді.

-Шығармада Тұрар қай қырынан танылады? (оған қысқаша мінездеме беру)



Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер, енді сендерге мынандай ребусты шешіп көрулеріңді ұсынғалы отырмын:

Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 ж. 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. 2-дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. 1945 жылдың 22 маусымында Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды.

Балалар, Жамбыл атамыз соғыс туралы өз туындыларында жырласа, сендердің «Соғыс» деген сөзді естігенде ойларыңа не оралатынын білгім келеді. Ассоцияция «Соғыс».

Жақсы, балалар, енді ҰОС-ы туралы сендерге қысқаша мағлұмат бере кетсем:

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адамын аттандырды. Бұл Республика халқының 21,2 пайызы еді. Қазақстанда 12 атқыштар, 4 атты, әскер дивизиялары, 7 атқыштар бригадасы және 50 атқыштар полкы мен ерекше батальондар жасақталды. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск т.б шайқастарға қатынасып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.



Ұлы Отан соғысының басталуы жайлы хабарламаны мына үнтаспадан естип білуге болады.

Енди Жамбыл Жабаев атамыздың «Балама хат» атты өлеңімен танысып, толығырақ мәлімет аламыз ғой деп ойлаймын.

Оқулықпен жұмыс:

Өлеңді оқып, мазмұнын ашу. (Оқушылар)



-Жақсы, балалар, түсінбеген жерлерің бар ма?

-Олай болса, осы өлеңнен Алғадайдың әкесіне, еліне берген антын кім тауып оқып береді?

-Жауды жеңетіндеріне деген сенімділік қай шумақта көрсетілген деп ойлайсыңдар?

Дәптермен жұмыс: Өлеңде кездесетін түсініксіз сөздерді жазып алу.

Шығармашылық жұмыс:

1-қатар өлең шығару

2-қатар хат жазу

3-қатар шағын шығарма



Еске алу:

-Ал енді, балалар, ҰОС ерлік көрсетіп, бізге осындай бейбіт күнді сыйлаған қаһарман батырларымызды білеміз бе?Олар кімдер?

-Дұрыс айтасыңдар!Енді мен сендерді өзіміздің Семейлік қаһарман –батыр аталарымызбен таныстырғым келеді.(слайд)

Балалар, осы батыр аталарымызды орнымыздан тұрып бір сәт үнсіздікпен есімізге алайықшы.

Міне, осындай қаһармандарымыздың арқасында біз Ұлы Жеңіске қол жеткіздік.Жеңіс туралы хабарлама былайша жүзеге асырылған екен:

Бекіту:

  • Жамбыл атаның баласының аты кім?

  • Ұлы Отан Соғысының қандай батырларын білесіңдер?

  • Ұлы Отан Соғысы жылдары жазған Жамбыл атаның тағы қандай атақыт өлеңдерін білесіңдер?

  • Ұлы Отан Соғысы қай жылдар аралығында өтті?

  • Ұлы Отан Соғысы кімдерге қарсы болды?

  • Біз қазір қандай елде өмір сүрудеміз?

Ал енді олай болса, өзіміз білетін бірлік, ынтымақ туралы мақал-мәтелдерімізді айтайықшы.

Үй тапсырмасы: мәнерлеп оқу, шығарма жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 1237
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1237 -> Сабақ жоспары (Аптасына 4 сағат, барлығы 136 сағат)
1237 -> Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет