Көрнекілігі: кітаптар, слайдтар көрсету, үнтаспа Барысы: Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. Кітапханашы



Дата01.07.2018
өлшемі60,47 Kb.
#45219
Елбасы – ел тірегі

Мақсаты: оқушыларға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кітаптар, слайдтар көрсету, үнтаспа

Барысы:

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Кітапханашы: Оқушылар, елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт-санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашақта үміт күтетін ұрпағы сендер. Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.

«Миға шабуыл». Оқушыларға сұрақтар қойылады.



  • Біздің президентіміз кім?

  • Н.Ә.Назарбаев.

  • Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?

  • 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% дауыспен Н.Ә.Назарбаев сайланды

  • Соңғы сайлау қай жылы өтті?

  • 2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз даусын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

  • Н.Назарбаевтың өмір жлдары туралы не білеміз?

Ойымызды ортаға салып көрелік.

1-оқушы:1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78 пайыз дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 пайыз даусын алып Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»№ 298 – IV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.



2-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағын да үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар сатып алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы темір жол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын құрмет тұтты.

3-оқушы: Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің

Шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілсің сен жіберген.

4-оқушы : Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек, берді есеп басынан өткен жылдарға.

5-оқушы: «Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы

Тілім, дінім, ұлтым қайта көтерген.

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

6-оқушы: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.



7-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.

Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металург- жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.



8-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

9-оқушы: Ол Қазақстан үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.

10-оқушы: 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

11-оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н.Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

«Үшқоңыр» әнін тыңдау.



12-оқушы: Н.Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу- бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

13-оқушы: Астана – ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары – Президент кеңесі, ҚР-Ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

14-оқушы: Кезінде Н.Ә.Назарбаев «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім», - деп армандаған болатын. Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманы орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор.

15-оқушы: 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

16-оқушы: 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жаңарды,

«Менің Қазақстаным» жер жүзіне таралды.

17-оқушы: Халқым айтқан жер көтере ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым,өр халқым!



18- оқушы: Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім.

Басшы болмаса ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

Қорытынды: Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін алды. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызғакүманданған жандар болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Ән: «Жаса Қазақстан».

Өз құқығыңды қорғай біл

Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу;

Бала құқықтары жөніндегі Конвенциясын,тағы басқа құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілік, елжандылық, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Ұйымдастыру кезеңі.

Негізгі бөлім.

Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» үзінді.

Қазақтың үш биі.

Төле би: Бұрынғы замандарда қанға қан алу, яғни біреуді өлтірсе, өлтірген адамды өлтіру немесе оны құн төлеумен ауыстыру орын алған.

Ер адамның құны – 1000 қой. Әйелдің құны – 500 қой.


  • Егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі, егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады.

  • Егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.

  • Ата-анасы өз баласын қасақана өлтірсе өлім жазасына кесіледі.

Әйтеке би: Үй ішіндегі тіршілікке, сол отбасындағы адамдардың өзара қатынасына байланысты: әке мен бала, ене мен келін, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынас. Әсіресе үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге баса көңіл бөлу керек.

  • Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлап, қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айналдыра шапқылау керек. Ал қыздың қол-аяғы байланып, анасының билігіне беру керек.

Бұл әз Тәукенің шығарған жарғысы.

Қазбек би: Ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі. Жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады.



  • Адамның денесіне зақым келтірсе, сол дене мүшесінің атқаратын қызметіне сәйкес құн төлененді. ( бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой).

  • Ал қазіргі замандардағы заңдарға келер болсақ. («Жас ұлан» ұйымы қатарындағы оқушылар бала құқығы Конвенциясының баптары мен бала құқығы жөнінде жалпы мектеп оқушыларына таныстырады).

1-оқушы: Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

  • Әрбір баланың ой-пікір, ар-ожданжәне дін еркіндігіне құқығы бар.

  • Әрбір баланың тұрғын үйге құқығы бар.

2-оқушы: Бұл туралы бала құқықтары конвенциясының 6-бабында айтылған:

  1. Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар екенін таниды.

  2. Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді.

  3. Қатысушы мемлекеттер өз ой-пікірін жеткізуге қабілетті балаға оған қатысты барлық мәселелер бойынша осы ой-пікірлерді еркін білдіру құқығын қаматамасыз етеді, бұл ретте баланың жасына және өсіп, жетілуіне сәйкес баланың ой-пікіріне тиісті түрде назар аударылады.

3- оқушы: Біздер өмірімізге зиян келтіретін жат қылықтарға қарсымыз!

Тәртіпті болайық, өз құқығымызды дұрыс пайдалана білейік!

Жамандықты жояйық,

Болашақты ойлайық.

Өмірге балта шаппайық.

Білім есігін жаппайық,

Ең бастысы, балалар,

Қоғам заңын сақтайық!



4-оқушы: Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

  • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

  • Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.

5-оқушы: Бұл туралы бала құқықтары конвенциясының 7-бабында айтылған:

  1. Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы.

  2. Бала білім алуға құқылы. Ал міндетті түрдегі алғашқы тегін білім алуды, кез келген бала оқи алатын орта білімді қолдауды және қабілетіне байланысты жоғары білім алуды қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті болып табылады.

6- оқушы: Біз ел үшін керекпіз, өйткені біз – тәуелсіз елдің болашағымыз!

Ата заңын құрметтейік елдің асыл,

Жүрмейік біреулерге болып масыл,

Біз XXI ғасырдың ұрпақтарымыз!

Сондықтан да біз күш-қуаты мықты, еліміздің нағыз патриоттары қатарынан көрінуіміз керек!

7-оқушы: Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы. Бұл туралы бала құқықтары конвенциясының 16-бабында айтылған:


  1. Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылардан, сондай-ақ өзара хат алмасуларына кедергі болушылардан және арандатушылардан қорғау құқығына ие.

Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

  • Әрбір баланың еңбек бостандығына, қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар.

8-оқушы: Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

  • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

  • Әрбір баланың экономикалық қанаудан қорғалуға құқығы бар. Бұл туралы бала құқықтары конвенциясының 37-бабында айтылған:

  1. Ешқандай бала зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, жазаға, заңсыз тұтқындалуға және бас бостандығынан айырылу жағдайына ұшырамауы тиіс.

9-оқушы:

  • Ар-намысымызды биік ұстайық! Өз тағдырымыз – өз қолымызда. Өзімізге сенейік!

Қоғамдағы ең бір ауыр жұмыстар,

Бұл өмірде неше түрлі қылмыс бар.

Әлімжеттік, зиянды заттар және дін,

Балалардың құқықтарын кім ұстар?



10-оқушы: Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.

  • Әрбір баланың мемлекеттік көмекке құқығы бар.

Бұл туралы бала құқықтары конвенциясының 31-бабында айтылған:

  1. Қатысушы мемлекеттер баланың тынығуға және мәдени демалуға, өз жас мөлшеріне лайық түрлі ойындар мен көңіл көтеру шараларына қатысуға,мәдени өмірге еркін араласып, өнермен айналысуға құқығы бар екенін мойындайды.

11-оқушы: Құқығың бар: күл, ойна, шаттанып білім ал,

Құқығың бар: табиғат сырларын біліп ал.

Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,

Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.



  • Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады!

  • Біз XXI ғасырдың ұрпақтарымыз!

Сондықтан да біз күш қуаты тасыған, денсаулығы мықты, еліміздің нағыз патриоттары қатарынан көрінуіміз керек!

Қорытынды.

Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік!

Ұлттық теңге – мақтанышым

Мақсаты: білімділік – ақшаның анықтамасын айту, ақшаның сипаттамаларымен танысу, ұлттық валюта туралы түсінігін кеңейту; тәрбиелік – араласу және топтағы жұмыс дағдысын қалыптастыру, оқушыларды ауызбірлікке, дәлдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу; дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін, білімге деген қызығушылығын дамыту.

Әңгімелеу, модельдеуші ойындар және түрлі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар валюта және экономикадағы ақша қызметі туралы өз түсінігін кеңейтеді.



Көрнекілік: ақша туралы плакат, ақша банкноттары, компьютер, интерактивті тақта, интернеттен алынған мәліметтер.

Теңгенің шығу тарихы

Әр елдің ұлттық ақша бірлігі, яғни валютасы болады. Мәселен, валюта АҚШ-та доллар, Ресейде-рубль, Жапонияда-йена, Өзбекстанда-сум деп аталады. Ақша дегеніміз – қандай да бір затты сатып алу үшін қолданылатын, заттың құнын білдіретін, металдан, қағаздан жасалған белгілер немесе бірлік.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды, себебі бұл – өте көп еңбекті қажет ететін күрделі жұмыс.

Қазақстан өз төл теңгесін шығару үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Олар барлық дүние жүзіндегі мемлекеттердің ақшаларымен және еліміздің аумағында табылған теңгелер тарихымен танысты. Алайда Қазақстанда ұлттық ақша жасайтын арнайы мамандар мен шеберханалардың жоқтығынан бұл саланың қызметкерлерін шетелден іздеуге тура келді. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның « Харрисон» атты фирмасы қолға алды. Теңге беттеріне қазақтың біртуар перзенттерің суреттері салынып, сапалы қағаздан жасалды. Әрбір мемлекет валютасының қолдан жасаудан қорғайтын көзге көріне бермейтін сапа белгілері болады. Ұлттық теңгемізде мұндай сапа белгі саны – 18.

1993 жылғы 15 – қараша Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз, себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі – теңгеміз айналымға енгізілді. Ұлттық теңгеміз металл және қағаз ақша түрінде шығарылды.

Әр мемлекеттің ақшасы – оның ұлттық тарихын, ерешеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізге ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т.б суреттері салынды.

1 теңгелікте Әбунасыр әл-Фараби, 3теңгелікте Сүйінбай, 5теңгелікте Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20теңгелікте Абай, 50 теңгелікте Әбілқайыр хан, 100 теңгелікте Абылай хан бейнесі салынған. Қазіргі күні бұл қағаз ақша металл түрімен ауыстырылды. 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгеліктерде Әбунасыр әл-Фараби бейнеленген.

Ақшаның қасиеттері


  1. Тұрақтылығы. Бүгін, ертең оның құны мүмкіндігінше бір деңгейде сақталуы керек.

  2. Ықшамдылығы. Қолданылатын ақшалар өзімен алып жүруге ықшамды болу үшін олар кішкене және жеңіл болу керек.

  3. Ұзақ мерзімділігі. Ақша жасалатын материал берік болып, «ұзақ өмір сүруге» бейімді болу керек. Осы себепті ақша үшін ең сапалы қағаздар қолданылады.

  4. Біртектестігі. Бірдей құнды ақшалардың бағасы да бірдей болу керек.

  5. Бөлінімділігі. Ақша бірнеше бөлімге бөлінуі керек.(10тг, 20тг, 50тг, 100тг).

  6. Ажыратылымдылығы. Ақша жасау қиынға түсіп, олар жеңіл танылуы керек.Қолданылатын қағаз сапасы мен ондағы күрделі суреттер ақшаны жасауды қиындата түседі.

Ақшаның орындайтын қызметі

  • Айналым құралы.

  • Құн өлшемі.

  • Жиналатын қаржы. Валюта – осы елде пайдаланылатын ресми мемлекеттік ұлттық ақша бірлігі. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі.

Валюталардың ресми бағамдары

Келесі кезекте саяхат.

Валюталық бағам – басқа елдердің ақша бірлігінде көрсетілген ақша бірлігінің бағасы. Әр мемлекет өз ақша бағамын тағайындайды. Валюталық бағам бір елдің ақшасын басқа елдің ақшасына қандай бағамен айырбастауға болатынын көрсетеді.

Викториналық сұрақтар


  • Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қашан енгізілді?

  • Басқа мемлекеттердің ақшалары қалай аталады?

Кредит.

Кредит алсаң ақша ал,

Рахат өмірдің кепілі.

Жұмсай алсаң бақ болар,

Қорқытпса өсімі.

Ақшасыз өмір бос болар,

Есіңе сақта осыны.

Тест

1.Қандай да бір елдің ақша бірлігі – бұл...

а) ақша

б) валюта



в) қолма-қол ақша

г) доллар

2. Аталғандардың қайсысы қолма-қол ақша болып табылмайды?

а) 50 теңгелік монета

ә) 100 теңгелік купюра

б) 50 теңге

в) банкте ағымдық шоттағы 2000 теңге

3.Ақша қызмет етеді:

а) айырбастауға көмекші ретінде

ә) құн өлшемі ретінде

б) жинақтау құралы ретінде

4.Банк қарыз алған адамнан не алады?

а) доллар

ә) салық


б) пайда

Қорытындылау.



Үш бәйтерек, үш діңгек

Мақсаты: еліміздің аяулы ұлдары Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллиндердің өмірін, шығармашылығын жете таныстыру; олардың қуғынға ұшыраған жанұялары туралы деректер беру.

Көрнекілігі: үш бәйтеректің суреті салынған плакат, өмірлерінің әр кезеңін бейнелейтін суреттер, шығармаларынан көрме ұйымдастыру.

Барысы:

I бөлім. Ілияс, Сәкен, Бейімбет өмірінен мәлімет.

II бөлім. Үміт, Болат, т.б естеліктері.

III бөлім. І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллинге арналған арнау өлеңдер.



Кітапханашы: Сәкен.Ілияс.Бейімбет.

Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаған үш бірдей көшбасшы. Жаңа әдебиеттің үш бәйтерегі, діңгегі.

Ұлттық сөз өнерінің ділі мен дәстүрін сол қалпында сақтаушылар.

Сөз бен ой астарында қоғам құбылысын айқындаушы жаңа типті суреткерлер.

Қоғамға қызыл тілмен қызмет ету – шындық үшін ажалға бас тігумен бірдей екенін тағдырларымен дәледеушілер.

Қазақ поэзиясына үш түрлі дауыспен, үш түрлі ырғақпен, үш түрлі рухпен дем берушілер, тыныс таратушылар.

Ақындық тағдыр немесе халық тағдырының перзент бойындағы көрінісі.

Міне, қараңызшы! Осы құбылыс үшеуінің де тағдыр – талайына бұйырған.

Өткен ғасыр. Өліара жылдар. Жаңа ғасырдың тууына алты-ақ жыл уақыт қалған. Қазақ даласы келешек ғасырдан керемет үміт күтеді.

Ұл күтеді. Ақын күте ме... әйтеуір күтеді.

Тайқы-тағдыр бұл жолы жомарттық жасапты.

Қазақ даласындағы кемерінен асып кернеулеп жатқан үш өзеннің бойында аралары иткөйлек тоздырар-тоздырмас уақытқа жалғасып үш бірдей ұл туыпты.

Үш бірдей ақын туыпты. Үш бірдей қайраткер туыпты.

Сәкен сылдырап сырбаз ағатын қазақтың жайсаң өзені Нұра бойында туған. Ілияс ағындап, арындап таудан құлайтын Ақсу бойында туған.

Бейімбет шымырлап толқып, бұйраланып бұйығы жылжитын Тобыл бойында туған.

Осы үш өзеннің де дәл осы қасиеттері үшеуінің де мінезінен алдымен ұшырасады. Туған өзенінен алған ағынның қуатын, туған тілінен алған ақылдың қуатын олар туа сала жаңа заманға берді.



1-оқушы: Сәкен Сейфуллин

Сәкен 1894 жылы Ақмола уезі Нілді болысының Бірінші ауылында 23-мамырда саятшы Сейфолланың шағын шаруалы отбасында дүниеге келген. Әке-шешесі ән-күйге, ойын-сауыққа, қызықты әңгімелерге құмар болған.

«Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінде жаңа эра» деп қазақтың белгілі жазушысы Сәбит Мұқанов өз бағасын берді.

Асау тұлпар жинағынан бастап «Советстан», «Көкшетау», «Қызыл ат», поэмаларымен көркемдіктің жаңа биігіне көтерілген жаңашыл ақын. «Тар жол, тайғақ кешудей» мемуарлық шежіре, «Қызыл сұңқарлардай» тұңғыш революциялық драма авторы. 1918 жылы маусымда контрреволюцияшыл күштер Ақмола қаласында Кеңес өкіметін уақытша құлатқанда Сәкен бір топ большевиктермен тұтқынға алынады. Қол-аяғын кісендеп, жеті айдай Ақмола түрмесінде ұстап, Сарыарқаның сары аязында Петропавл қаласына айдайды. Олар Колчак түрмелері мен атаман Анненковтың азап вагонында ең ауыр қысымдарды бастан кешіреді.

...Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,

Сан азап бір күнгідей болмай кетер.

Қара түн басып тұрса алды-артыңды,

Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер, - деп

қасындағы жолдастарына жігер береді.

Азаттық таңын аңсаған ақын Колчактың Омбыдағы тұтқын лагерінен қашып шығып, ажал тырнағынан аман құтылады.



2-оқушы: Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Торғай губерниясы Дамбар болысы, 8-ауылындағы Ақтөбе деген жерде туған.Әке-шешеден жастай айырылған ол әжесі Бойдастың тәрбиесінде болады.

1919 жылы Бейімбет Майлин Торғай губерниялық оқу бөлімінің Дамбар болысы бойынша инспекторы, 1920-1921 жылдары губерниялық жер бөлімінің бастығы, болыстық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.

1923-1937 жылдар арсында Бейімбет Майлиннің шығармалары жеке кітап болып жарияланды.

Б.Майлин шығармашылығындағы үзілмес арқау, күретамыр – қазақ кедейінің өмір өткелдерін жырлау.

Б.Майлиннің ақындық асқан шеберлігі белгілі сюжетке құрылған қысқа өлең-новеллалар үлгісін орасан жетілдіруден көрінеді. Ол өлеңмен жазылған әңгіменің үздік шебері.

3-оқушы: Ілияс Жансүгіров қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында (бұрынғы Қапал уезі Ақсу болысы) 1894 жылы мамыр айында туған. 1920 жылы Ташкенттегі мұғалімдер даярлайтын қазақ-қырғых институтының 2 жылдық курсын бітірген.

1928 жылы Мәскеудегі Журналистер институтын бітіреді.

1932-1934 жылдары Қазақстан жазушылар одағының ұйымдастыру комитетінің председателі болып қызмет атқарады.

1935 жылдан 1937 жылдың күзіне дейін Қазақстан көркем әдебиет баспасында редактор болып қызмет істейді.

Ілиясты ақындық өнер жолында алғаш қанаттандырған құдіретті күш – халық әдебиетінің бай дәстүрі.

І.Жансүгіров ақындығының арнасы кең ашылуына ықпал жасаған екінші бір күш – Абай поэзиясының дәстүрі.

Ақындық қуаттың тегеурінді серпінін көреткен «Гималай өледі» халқымыздың шежіресі тәрізді. «Дала» поэмасы қазақтың әні мен күйін балы тамған поэзия тілімен жеткізген.

«Құлагер» поэмасы біздегі поэзия мәдениетін жаңа түр, жаңа сапамен байытып, белгілі бір деңгейге көтерді.

Драматургия жанрында да Ілияс «Кек», «Түрксиб», «Исатай-Махамбет» т.б пьесаларын жазады.

1935 жылы Алматы қаласында Ілиястың «Күй» деген атпен үшінші жинағы шықты.



4-оқушы: Үміттің естелігінен

Әкемнің бейнесі менің есімде ап-айқын, бірақ үзік-үзік күйінде қалыпты. Есім ерте кіріпті. Ширақтығыма, әрнені тез аңғаратыныма қарап төрт жасар мені жұрт естияр санайды екен.

Қызының үлкені болған соң ба, әкеме өзге баладан гөрі біртабан жақын болсам керек.

Ол баланы бетінен қақпайтын, үлкен адамша мән беріп, байыппен қарайтын.

Үйімізден қонақ арылмайтын. Дастарханнан қазақ дәмі мен татар тағамының талайы орын алатын. Шешем әкемнің сүйіп ішер астары көже мен бидай көжені әрдайым әзірлеп отыратын.

Әкем ән-күйді ерекше сүйетін. Домбыраны қолына алып шертіп, ыңылдап ән салып отыратын.

Жаз шыға біз жайлауға шығатынбыз, қаланы суқаны сүймейтін.

Әкемнің қоржыны жайлаудан қолжазбаға толып қайтатын.

Бүгіндері солардың бәрі талапайға түсіп, із-түссіз кеткен Сәкен мен Бейімбет қолжазбаларының кебін құшпағына қуанам. Бірінші тінту ту-талақайын шығарды, келгендер қолына ілінгенін , көңілі соққанның бәрін, тіпті біздің ойыншықтарымызды да алды.

Үлкен мрамор қолжуғышты әкіреңдеген төтенше өкіл үйден әзер шығарған. Анам сол қолжуғышты кейін әлгі офицердің үйінен көріпті. Кейін бізбен қысылмай, ақжарқын амандасып жүрді-ау сол кісі...

Әкемнің кітапханасын әкетті. Анам сол қиын күндерде сыр бермеді. Кез-келген кісінің қолынан келе бермейтін екі ерлік жасады.

Бірі әкемнің қолжазбаларын сақтап қалғаны. НКВД қызметкері боп жүрген немере інісі Оспан Жалқыбаевты шақыртып алды да, қапқа салынған дәптерлерді сенімді жерге апарғызып, тыққызып тастады. Әлгі ағамыздың тәуекелі қалай жеткеніне әлі күнге дейін таңданамын.

Сол қатерлі 1937 жылы анамды «Қолжазбаны тауып бер» деп көп қинапты. Анам еш нәрседен сескенбей құпияны сақтай білген.

Анамның тағы бір ерлігі – біздің аман қалуымыз.

Әжемнің күніне базарға бірнеше рет барып, үйдің мүліктерін сатып азық әкелетініне қарағанда қатты ашықсақ керек.

Майлиннің әйелі қарапайым кісі ғой күйікке шыдай алмай дауыс салумен, зарлаумен болды...

Неден сор келгенін кішкентай біздер қайдан білейік. Бірақ, қанща ойнақтап жүрсем де, жанымды жаралап кеткен сол күндердің сұрықсыз суреттері көзімде қалып қойған екен, сырын кейін ұқтым.

Бейімбеттің әйелін әкетуге келгендері есімде. Соның алдында ғана оның төрт баласын екі-екіден тартып әкетіп, балалар үйіне өткізген. Сол азап бір аптаға созылды. Әбден қанына қарайып алған анадан баласын айыру оңайға түспепті. Балалардың кішісі екі-үштерде, үлкені тоғыз жаста болатын.

Оның зар қаға жылап қарсыласқаны, жанталасып жүріп баспалдақ жақтауына жармасқан қолдарын әрең жазып алғаны көзімде қалып қойыпты.... Сорлы әйел айдаушы әйелдерге қарғысын жаудырып-ақ бақты.

Машинаға әзер салып, әзер әкетті. Сол сорлы ана 16 жылдан соң 1953 жылы елге азып-тозып оралды. Балаларының күйігіне шыдамаған ана байғұс сол жақта да көп қарсылық көрсеткен де мерзімін созып алған сияқты.

Екі үлкен баласы Қарағанды маңынан, екеуі Семейден табылды.... Ең кішісі балалар үйінде дүние салыпты. Үш жасар Ғалия моргке апара жатқан жерде есі кіріп, құдіреттің күшімен аман қалғанын кейін талай түршіге отырып әңгімелеген...

Бұл семьяның соры орасан болды. Шаңырағы ортасына түскендей болып, талай азапты көрген осы семья жайлы айта отырып өзегім удай ашиды.

Бізді анамызбен бірге Семейге жер аударды. 1940 жылы Алматыға келіп 1 жыл тұрдық. 1941 жылы 24 сағаттың ішінде қаладан кетуімізді талап етті. 8 жыл Меркеде тұрдық.

1949 жылы анам ақталды, біз Алматыға келдік.



5-оқушы: Болаттың естелігі

1937 жылдың 16 қарашасында дүниге келіппін. Мен туғанда әкем айдан астам қамауда екен.

Әкеммен кездесуге ретін тауып шешем жөргектегі мені апарады. Әкем мені қолына алып, жөргектен шешіп, маңдайымнан иіскеп: «Болатыма ақ батамды беремін. Ғұмыр жасы ұзақ болсын, арғы ұлы атасындай іскер болсын, халқына керек адам болсын!» дейді.

Сонда тергеуші таңырқай әзілдеп:



  • О, не дегеніңіз, Ілияс аға, ұлыңыз одан да өзіңіз құсаған атақты ақын, қоғам қайраткері болсын деп тілемеймісіз?-депті.

Әкем оның әзіліне қабағын шытып, баласын анасына беріп:

  • Жоқ ақын болып азап көріп түрмеде отырғаннан да, етікші болып балаларының ортасында тыныш отырсын, - депті.

Міне, менің ғұмырымда әкеммен жалғыз кездесуім, оның өзін шешемнің айтуымен білем. Сол кезде бір жылдың төліндей Бейімбет, Сәкен, Ілияс небәрі 44-те екен.

Қазір менің 66-ға шыққан шағымда ойласам, қандай уылжыған қыршын жас!

Өмірінің де, шығармашылық жолының да нағыз шарықтау кезеңі екен-ау!

Сол кездесуден кейін арада біраз күн өте оларды атқан...

1938 жылы 26-ақпанда 37 боздақты атуға үкім шығады. Оның ішінде Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин бар еді.

Құпия құжаттың қапталындағы айдақ-сайдақ жазудан «Аталған кісілерді жедел ату керек» деген шешімді оқисыз. Төбе шашың тік тұрады, жаның түршігеді. Бірақ орган адамдары үшін бұл күнделікті міндет қана. Шімірікпей, осындай құлаш-құлаш тізімдегі үкім шығарылған адамдарды о дүниеге аттандыра берген.

Соның алдында, бір тәулік бұрын, яғни 1938 жылы 25-ақпанда 39 адам жедел атылған. Сол тізімде Сәкен Сейфуллин де бар.

Жарты ғасырдан астам уақыт өте бере бүгіндері сол шала қазылған көпшілік моласының орны енді-енді айғақталынуда. Мұндай жантүршігерлік фактілердің әлі талайы ашылар.

Әкемнің прозалық шығармаларын орыс тіліне аударуды өзімнің парызым деп есептеп, аудармашылық істі игеруге, қазақ тілін тереңдете білуге күш салдым. Мәскеуде Әдебиет институтын тәмамдарда дипломдық жұмысымды әкемнің «Жолдастар» романын аударып, кейіннен ол жеке кітап болып басылып шықты. Ілияс Жансүгіровтың жүз жылдық мерейтойына арнап әкем туралы документті фильм түсірудемін.

6-оқушы: Поэма «Аққудың айрылуы».

1920 жылдары Сәкен өкімет тапсырмасымен Созақ жеріне барады. Осы сапарында Меруерт деген жас қыздың тағдырына ара түсіп, тоқалдықтан құтқарады.

Сол кезде Сәкенмен аз күн үзеңгілес, дәмдес болған милиция нәшәндігі Тәукебай естелігінен: «Ауылдың сыртында, бұлақ жағасында зау боп өскен қаратал тұрушы еді. Сәкен Меруертпен сол тал саясында кездесіп жүрді. Ақ көйлегі ай жарығында ақ желкендей жалтылдап, қара барқыт кәмзолын желбегей тастап, асығабасып келе жатқан сол сұлу бейне де көрінетін. Сәкен қылаң боздың тізгінін маған беріп, кездесер жерге жая тартатын.

Тасбұлақтан ұзай бере Сәкен манағы қағазда оқылған сырлы өлеңін енді аңқыған әуеніне қосты. Мен, міне,ғ сол айлы түн, Сәкен жанында келе жатып мәңгілікке жасайтын дүниенің сұлу бейнесі , тек сол дүниеге бір келер ұлы жүректен туатынын алғаш көрдім.

Иә, ол мына қаншама заман сазын күзеткен қасиетті тау ішінде қазақтың жайсаң жанды Сәкенінің дархан жүрегінен туып, өшпестікке қалған қымбат белгісі еді.»

7-оқушы: «Тау ішінде», әні «Көкшетау» әні

Үшеуі де 1956 жылы ақталды. Талай үйлерден шаң басқан сандықтардың түбінен, жабағы көрпелердің, сірне-сірне жастықтардың тігісінен сөгіліп олардың кітаптары жарық дүниеге қайта шығып жатты.

Халық өз тағдырын қойын –қонышына, көрпе-жастығына тыға алмайды екен. Жүрегінде ғана сақтай алады екен.

Тамыры тереңде халық жүрегінде қалған үш бәйтерегіміз содан кейін саясына алды бізді.

Үш ақынның өз туған жерінде оларға ескерткіш орнатылған

Талдықорған қаласында педагогикалық института қызы Үміттің басшылығымен Ілиясқа мұражай ашылса, Қостанай қаласында Бейімбетке, Астананың төрінде Сәкеннің мұражайы орын тепкен. Туған жерлерінде қоладан ескерткіш орнатылған.



  • Ал, оқушылар, сендер сөзден ескерткіш соғыңдар.

8-оқушы: Сәкеннің соңғы сөзі

Не үшін ант еттім?

Не үшін қан төктім?

Қашқан қай мұндар,

Басқан әнтек кім?

Бермей дерегін,

Болмай керегім

Не үшін туыппын,

Не үшін өлемін?!

Белім қайысты,

Гүлім майысты,

Тілім кесілді-

Сүйген сайысты!

Асау тұлпарым

Асыл сұңқарым,

Бұлай кім білген

Басын құртарын?!

Ғұмыр аз болған

Барға мәз болған

Айдын көлдерім

Аққу-қаз қонған.

Серік Тұрғынбекұлы.



9-оқушы: Ауыл ауданым

Бақша бауларым

Аспан тіреген

Асқақ тауларым

Жаным елжіреп,

Жасым мөлдіреп,

Қайран көзіме

Көрін соңғы рет.

Күлкім тыйылды,

Мүлкім жиылды.

Үздің дүние,

Шіркін, күйіңді!

Азап тәнімді

Азат жанымды

Алып тамұқтан,

Айтар әнімді.

Заман нұрланар

Ғалам гүл болар,

Өзім өлсем де,

Сөзім бір қалар

Тұрсынзада Есімжанов

10-оқушы:»Тойларың тойға ұлассын, туған елім!»

Алатау дарынсызды таптырған ба,

Аспаннан ақ шабытты төктің бе, Алла?!

Бар шығар Жетісуда жетпіс ақын,

Әр өзен он ақыннан лақтырғанда.

Бұлақ та, жылға да емес, жылап аққан,

Жоңғардың жойқынындай жыр-алаптан

Сиғызып жеті өзенді бір арнаға,

Ілияс ақ дариядай бір-ақ аққан,

Ақын ең арманынан құлап өлген,

Аруақ боп қайта міндің Құлагерге.

Сен жүзде тәуелсіз ел үш-ақ жаста,

Бата бер, Ілияс ата, туған елге.

Бүгін той. Шалқып жатқан жыр маңайың,

Қонақтап оң иыққа туған айың.

... Табиғат мәңгібақи ойнап тұрар,

Төрінде Ілиястай тұлғаң барда.

Туған ел, тойлаңдар да, жырлаңдар да.

Берілсін бас жүлдеміз Ілиясқа ,

Ілиястың кіндігінен туғандарға...

Панасыз жылап қалып жапандарда,

«Халық жауы» баласы атанғанға,

Қорлықты көргендердің қоржынына,

Мәшине, арғымақ та, атандар да.

Ақынның өз жүрегі жаратқанға:

Саятқа, Үміт, Ильфа, Болаттарға...

Ш.Сариев

11-оқушы: «Суреткер» (Б.Майлинге)

Айтылар сөз емес бұл үй арасы,

Бола алған сөз анасы, күй анасы.

Қазақта Алатау мен Қаратауға

Оралған орның биік – би ағасы.

Сөз мүсінін қомдадың ар-ұяттан,

Дарыныңа көл-көсір дария аққан,

Тартып ілдің тіл жібін табиғаттан.

Бір ғажап сиқыр күш бар тіліңде ойнар,

Тылсыммен ойлағаңды сырың бойлар

Мұқыштар, Дайрабайлар, Мырқымбайлар,

Желдібай, Айранбайлар, Құрымбайлар!

Тіліңде туа біткен күй қанша бар,

Күмбірлеп көкірегіне сыйған солар,

Зейнешің, Күлпашың мен Раушаның,

Күлтай болыс, Ұлболсын, Биғаншалар.

Халқыңның көріп-сезіп кемел кезін,

Жеткізуді білесің неге көзін.

Қарапайым қазақтың ақыны сен,

Қарапайым қара сөз шебері өзің.

Шегі жоқ шетсіз-шексіз өнер-аспан,

Байырғы талант өзің, көне дастан.

Қазақта қай қаламгер қарайламас,

Хас шебері болар ма сенен асқан.

Сан жүрекпен сырлассың әлі күнге,

Қаны боп ағасың сен бәрінің де.

Қолына алда-жалда қалам алса,

Жазардай өзіңе ұқсап тәңірің де!

Ал бүгін жаңғыртқанда ел өмірді,

Ардақтап асыл талант, өнеріңді.

Мәңгі тірі деген соң мен де алдыңда,

Дауыстап тұрмын оқып өлеңімді!

Қалижан бекхожин.

12-оқушы: «Оқжетпес»

Мен тұрмын Оқжетпестің шоқтығында,

Қырандай құзды шолған көк тұғырда.

Ән-жырға ая болған бұл күмбез тау,

Саңқылдап талай сұңқар өтті мұнда.

Қиялым өзге түске ауды бір сәт,

Арманым елестеді келген аңсап.

Естілді Бурабайдан Сәкен даусы,

Жаңғыртты Жұмбақ тасты Ақан ән сап.

Алдымнан ақ қанатын қақты сұңқар,

Бұл, сірә саңқылдаған Сәкен шығар.

Бұрқ етті Бурабайдың ер толқыны,

Дабылын азаттықтың соқты шыңдар.

Тұрғанмен заңғар тауда керіп кеуде,

Тербелдім сол дабылға еріп мен де,

Сәкеннің шәкіртімін

Даңқы шыққан

Күреспен, өлеңмен де, ерлікпен де!

Бұл таудың аңызына келгем сусап,

Көрінді айналамнан сырлы сипат.

Көз тігіп көлде жүзген сұлуларға

Сәкенше мұртымды бір қойдым сипап.

Жетпісте шықтым Көкше асқарына,

Қуанам Сәкен ізін басқаныма.

Шырқадым Оқжетпестен Сәкен сырын

Шертілген сұңқар жайлы дастанымда.

Тұрсынзада Есімжанов.

13-оқушы: «Ілиясқа арнау»

Алдымда Құлагердей бүкіл еңсең,

Тұратын зор бәйгені күтіп өңшең.ъ

Қазақтың маңдайына өлең бітсе

Өлеңнің маңдайына бітіп пе ең сен.

Сен шыңсың бітеу біткен даламызға,

Арқаусың асқақтаған бар аңызға.

Сен барда барлық ақын - бала шәкірт,

Бәрі ұлы сен жоқ болсаң арамызда.

Дені сау ұрпақ – қоғам байлығы

дәріс сабақ

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік саулықтың толық мәнді теңдігі» - делінген.

Денсаулық – адамның ең қажетті де құнды, орны толмас асыл қазынасы. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені біздің азаматарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек.

Бала – адамның бауыр еті, бұған дейін әрбір ата-ана, одан қалды қоғамымыз бар жақсыны ұрпақ аузына тосып келеді. Қазір де қалыптасып отырған қиыншылықтарға қарамастан балаларымыз үшін атқарылып жатқан игі істер аз емес.

Ащы шындықты ашып айтар болсақ, бүгінгі сәбилер ана құрсағында жатып, темекі мен ішімдіктің, химиялық түрлі дәрі-дәрмектің, бүгінгі табиғылығынан жасандылығы басым тамақтардың құрамындағы түрлі зиянды заттармен-ақ уланып, дүние есігін ашпай жатып ауруға шалдығады. Одан қалды олардың өсіп жетілуіне жеткілікті мән бермейміз. Қазіргі әр сәт қат-қабат қиындықтарға толы әлеуметтік және экономикалық, мәдени –тұрмыстық проблемалардың салдарынан тәрбие жұмысы екінші орынға ысырылып қала береді.

Бала бос уақытын табиғат аясында өткізуден төрт қабырғаның қыспағында, теледидар мен компьютердің алдында отырып немесе аулада сенделуден әріге бара алмайды.

Ендігі бір себеп, жас сәбиді тамақтандырудағы олқылықтар. Қалыптасып отырған материалдық қиындықтарға байланысты балалар жоғарыда аталғандай нәрсіз тамақтармен қоректенеді. Жасыратыны жоқ, ешққандай қоспасы жоқ сиыр сүтін қазіргі ауыл балалары болмаса, қала балалары іше бермейді. Мысалы, дүкенде сатылатын тауық етінің түсінен –ақ оның сапасының қаншалықты дәрежеде екенін аңғару қиын емес. Ауылдағы малдардың таза екендігіне де сенім жоқ, өйткені бүгінгі өзіміз қолдан жасап отырған экологиялық жағдай зардаптары осыған әкеліп соқтыруда. Нәтижесінде өмір қиындықтарына төтеп беруге қабілетсіз, әскер қатарына қызмет етуге жарамсыз жастар өмірге келуде. Көпшілігінің салмағы дене бітіміне сәйкес емес, дене мүшесінде түрлі ақаулары басым, психологиялық жағынан ауытқушылығы мол.

Дені сау ұрпақ – қоғам байлығы, біздер балаларды күнделікті өмірде адамның ағзасына кері әсер ететінін зиянды заттардың көбеюінен сақтауымыз қажет. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан да әрбір ата-ана, қоғам бала үшін жауапты. Балалардың денсаулығы мен бақытты өмір сүруін қадағалап отыру біздің ең басты міндетіміз. Дені сау ұрпақ – ел болашағы.



Бала құқығы туралы не білеміз?

5-сынып

Білімділік мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа үйрету;

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды өз құқығын қорғай білуге үйрету,құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылықа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.

Барысы:

Кітапханашы: Кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемелекетіміздің қабылдаған Ата заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген.

Адам құқығына үлесін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген.

Өзіміздің ойшылдарымыз – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған.

Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздІң мемлекетіміздің Ата заңымыз Конституция қорғайды.



  • ҚР тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?

  • 1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш Конституциясы негізгі заңы

  • қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.

  • Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет.

Ой қозғау.

  • Балалар, Адам құқығы дегеніміз не?

  • Адам құқығы туралы қандай халықаралық құжат білесіңдер?

  • Ата заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын заң бар ма?

  • Адам құқығы – аса маңызды демократиялық құндылық. Ол өз бойына әдетте жеке адамның заң мойындаған және мемлекет қорғайтын еркіндігі мен құқығын жинақтайды.

  • Ата заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң 1989 жылы 20 қарашада «Бала құқықтары туралы Конвенция» БҰҰ да қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды.

II«Құқықтық сауаттылық – заман талабы» бөлімінде құқық туралы, балалар конвенциясы жайында мағұлмат беру.

Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қояды, сөйтіп Қазақстанның «Бала құқығы туралы Заңы» енгізілді. ҚР-ның 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы 10 тарау 53 баптан тұрады:

1-тарау. Жалпы ережелер.

2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін Мемлекеттік саясат.

3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері.

4-тарау. Бала және Отбасы.

5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары.

6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары.

7-тарау. Бала және қоғам.

8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау.

9-тарау. Бала жауапкершілігін және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері.

10-тарау. Қорытынды ережелер.



III бөлім.

Бала құқығы туралы халықаралық Конвенция туралы айтар болсақ, Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды.

Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өз мойнына алады.

Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияы бекітті.

Конвенцияның 44-бабына сәйкес оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беруі тиіс.

Бала құқықтары туралы Конвенциядан



  • Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді;

  • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

  • Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

  • Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата-анасынан ажыратуға ешкім құқықты емес;

  • Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

  • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

  • Әрбір баланың ой-пікір ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

  • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

  • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

  • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

IV бөлім.

  • Иә, балалар адамға қатысты барлық құқыққа ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан, ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді.

«Бала еңбегін қанау» бейнесюжеті (оқушылар пікірталасы)

«Көкейде жүрген сауал» (оқушыларға сауалдар)



Мектеп психологына сұрақ:

  1. Балалардың ауыр еңбек етуі олдардың психологиясына қалай әсер етеді?

  2. Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?

V Ой – асыл қазына.

(Құқық әлеміне байланысты сұрақтар қою)

1.Қазіргі таңда өздерің қандай құқықтық нормалар мен міндеттерді орындап жүрсіңдер?

2. Бала құқығының қандай түрлерін білесіңдер?

3.Әрбір адам өзінің құқығын неге білуі керек?

VI Ой жалғау бөлімі. Жалғастыру.

Заңның құрығы (бәрінен ұзын)

Өш алғаннан гөрі (кешірген жөн)

Ақырын жүріп (анық бас)

Асыл тастан(өнер жастан)

Ұрлық түбі (қорлық)

Әдепті бала(арлы бала)

Тәрбие (отбасынан басталады)

Әділ істің(арты игі)

VII «Біліп жүрейік» бөлімі

Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.

1-маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні.

20-қараша – Балалардың дүниежүзілік күні.

10-желтоқсан – 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға бірдей ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.

20-қараша – 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.

28-қазан – 1993 жылы ҚР-ның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

8-маусым – 1995 жылы Қазақстан Бала Құқықтары туралы Конвенцияны бекітті.



Қорытынды.

Ата-заң – қорғанымыз. «Азамат жолы – ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.
Каталог: uploads -> doc -> 0565
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0565 -> Сабақтың тақырыбы : 1945-2009 жж. АҚш сабақтың мақсаты
0565 -> Пән мұғалімі: бекітемін
0565 -> Сабақтың атауы Ы. Алтынсарин. Салақтық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет