Көрнекілігі: сынып тақырыпқа сай безендіріледі. Тақырыптық слайд Жүру барысы: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз 8-11-сынып қыздарымен бірлесе отырып, «Кеш қалмаңыз»



Дата08.09.2017
өлшемі73,6 Kb.
#31930
Тақырыбы: Қыздар сұлу көрінер қылығымен...
Танымдық мақсаты: Қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа шынайылыққа, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу
Көрнекілігі: сынып тақырыпқа сай безендіріледі. Тақырыптық слайд
Жүру барысы: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз 8-11-сынып қыздарымен бірлесе отырып, «Кеш қалмаңыз» бағдарламасының желісімен «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты кешімізді өткізгелі отырмыз. Бүгінгі кешіміз пікірлесу, ой бөлісіп, көкейдегі сұрақтарымызға жауап алып, қыз тәрбиесіне байланысты мағлұмат алу мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы қыз бала халықтың шырайы, болашақ ана, отбасының ұйытқысы болып табылады. Қазақ халқы ұл баладан гөрі қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән беріп, ақ босағаның ұйытқысы, шаңырақтың құт- берекесі деп еркелетіп, төрге отырғызған. Осындай ілтипатқа ие қыз баланың бойында сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дамытуды халқымыз өте ежелден қолға алған.

Кешімізді бастамас бұрын қазақтың мағынасы терең, тәрбиелілігі мол мақал – мәтелдеріне тоқталып өтейік.



1-слайд «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда»

2-слайд «Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге»

3-слайд «Біреулер бақытсыздыққа тағдырдың таяғымен барады

Біреулер өз аяғымен барады»



4-слайд «Қыздар сұлу көрінеді қылығымен

Жарыла төгілген қос бұрымымен

Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы

Қыздар сұлу көрінер білімімен»

Құрметті, кеш қонақтары мен оқушылар, бүгінгі біздің «Кеш қалмаңыз» бағдарламасының тақырыбы «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» деп аталады. Қыз бала ақылды, кішіпейіл, жанашыр, мейірімді болса сүйкімді де сұлу көрінері анық. Мұндай қыз бала бәріне де ұнамды. Сондықтан да ата – бабаларымыз «Қыз қылығымен сүйкімді» деген сөзді бекер айтпаса керек.

Бүгінгі кеш қонағы «Сырғалым» ұйымының жетекшісі Алмагүл Қыдырғалиқызын ортаға шақырамыз.

Ұстанымы: «Қыз өмірдің қызғалдағы»


  • Кешімізге қош келдіңіз дей отырып өз ойыңызды ортаға салуға шақырамыз.




  • «Қызға қырық үйден тыйым» дегенді қалай түсіндіресіз



  • Қазақ қыздары мен өзге ұлт қыздарының арасында айырмашылық бар деп ойлайсыз ба

Ал, енді ортаға мектебіміздің психологі Жазира Саматқызын шақырамыз

Ұстанымы: «Өмір қымбат бәрінен»




  • Қандай қыздарды жоғары бағалайсыз

  • «Қыз үміті қымбат» деген ойды түйіндесеңіз

Бүгінгі кешіміздің қонағы аудандық аурухана дәрігері ____________________________ ортаға шақырамыз

Ұстанымы: «Қыз саулығы – ұлт саулығы»


  • Қыз гигиенасы қандай болуы керек

  • «Денсаулық – терең бақыт» деген мақалды түсіндіріп өтсеңіз.

Ой бөліскендеріңізге рахмет айтамыз.




  • Пікірлесіп көрейік біз ашылып,

Даурықпайық бәріміз бір шуласып

Жүгінейік ақиқатқа әрқашан

Дос көңілмен ақтарылып сырласып, - деп оқушыларымызды ашық әңгімеге шақырамыз.


  • Қыз қылығы болмаса, құр шырайдан не пайда?- деген пікірге ой бөлісейік

  • Қазір қандай қыздарды жоғары бағалайды деп ойлайсыз

  • Адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығының қайсысы басым болуы керек деп ойлайсыз?

  • «Астың дәмін тұз келтіреді, елдің сәнін қыз келтіреді» деген мақалды қалай түсінесіздер?

Енді Ә.Нұршайықовтың қыз балаларға арналған өсиет сөздеріне назар аударыңыздар

Қыздар!
1) Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десеңдер,еңбекшіл болыңдар!


2) Егер ата-енеге қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
3) Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
4) Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған қоғамға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
5) Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам – ең ардақты адам. Дүниеде ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасыға сыйлы.
…Өңді қыз өтімді қыз болғанымен, түптің түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітті өкіндірмей ең асыл жар, жан серік бола алады.
Қыздар!
Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар!
Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!
…Апиын ішкендей елтіп, сәнге еліктей бермеңдер. “Жылтырағанның бәрі алтын емес” дегендей,жарқырағанның бәрі бірдей сән емес. Олардың ішінен тек өз бойыңа қонымдысын, өз денеңе жарасымдысың, сырт көзге де оғаш көрінбейтін ұнамдысы ғана сән. Ендеше, өздеріңе не жарасып, не жараспайтынын біліңдер.
Көрсе қызар болмаңдар!
Қол жетпеске тыраштанбаңдар!

Қыздар!
Сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу сөзден сақтаныңдар. Шынайы махаббат мақтауды қажет қылмайды. Орынсыз мақтаудын сақтаныңдар, абыройдан аттаудан сақтаныңдар!


Пәк болыңдар!
Пәк болу үшін сақ болыңдар бауырларым!

Жүргізуші:

Қыздарға!


Өмір қатал көтермейді ойынды,
Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды.
Тағдыр жолың жіңішкелеу өмірде,
Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.

Қыз ғұмырың үлпілдеген гүлдермен,


Тербетілген ақ самалмен, күнменен
Абайлап жүр ерте үзуге тым ғұмыр,
Тасбауырдан қадіріңді білмеген.

Байқа ботам өте нәзік жаныңды,


Аңқау болма,қызыққа көп салынба
Кір келтірме қыз атыңа, арыңа
Шалыс басып, түсіп кетпе жалынға.

Төтеп берсін дауылдарға желкенің


Сарқылмасын бал қылықты ертеңің
Күрес еркем, жаман аттан жасымай,
Күндей нұрлы болу үшін ертеңің.

Бүгін салдық ортаға біз бар ойды

Қалған ойлар өз ойыңнан тарайды

«Алтын сырға» құлағына бар қыздың



Ойланайық, кеш емес ой әлі де, - деп Қыз деген сөздің өзі әдептілік, әдемілік, жан – жақты сұлудық деген ұғыммен астасып жатқандай. Бүгінгі шарада Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі дегендей Қыздарымызды тәрбиелеуден кеш қалмайық деп аяқтағым келеді.


ФИО

Класс

Язык обучения

Баллы

  1. Іңкәр Асқарова

6-7 классы

Қазақша

14

  1. Айдана Ахметқалиева

10-11 классы

Қазақша

21

  1. Айсана Акылбеккызы

6-7 классы

Қазақша

15

  1. Алмаз Алитурлы

10-11 классы

Қазақша

17

  1. Анар Құмарова

6-7 классы

Қазақша

15

  1. Аягөз Нұрлыбекова

10-11 классы

Қазақша

16

  1. Аян Жумажан

6-7 классы

Қазақша

23

  1. Бекзат Хамитов

6-7 классы

Қазақша

20

  1. Мирас Губайдуллин

6-7 классы

Қазақша

19

  1. Нурбақыт Дәрменқызы

6-7 классы

Қазақша

17

  1. Нұрайжан Қабиденқызы

6-7 классы

Қазақша

26

  1. Салтанат Батоголлина

6-7 классы

Қазақша

13

Каталог: uploads -> doc -> 08fd
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08fd -> Коучинг жоспары Тақырыбы: “Тізбектелген сабақтар топтамасы” Мақсаты
08fd -> Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элементтері
08fd -> Сабақ өтілетін күні: 03. 11. 2015ж Сабақ өтетін сыныбы: 7 «Ә» Сабақ өтілетін орны кабинет №43
08fd -> Спот бізде қонақта (2 сынып) Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет