Көрнекіліктер: суреттер, карта т б. Барысы: Сұрақ- жауап Кіріспе әңгіме «Туған өлке»



Дата25.12.2016
өлшемі30,11 Kb.
#4996
Отан неден басталады ?
Мақсаты: Оқушыларға Отан отбасынан, туған жерден басталатынын түсіндіру. Павлодар өңірі туралы мәлімет беру, білімдерін кеңейту. Ұлтжандылыққа, патриотизмге, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, карта т.б.

Барысы:

1. Сұрақ- жауап

2. Кіріспе әңгіме

3. «Туған өлке» суретін салу

4. Қорытынды әңгіме
- Балалар, бүгінгі біздің сынып сағатының тақырыбы – Отан неден басталады ?


  • Сендер Отан неден басталады дегенде,не айтар едіңдер?

  • - - -

  • Сендердің туған қалаларың қай қала?

  • Павлодар

  • Ал сендер Павлодар қаласы туралы не білесіңдер?

  • Павлодар облысының әкімі кім?

  • - - -

  • Павлодар қаласының қандай аудандарын білесіңдер?

  • - - -

  • Неліктен Павлодар қаласы Павлодар деп аталады?

  • - - -

  • Павлодар қаласында қанша адам тұрады?

  • Оның териториясы қандай?

  • Қанша өзен- көлдері бар?




  • Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Біз осында өмір сүреміз, оқимыз т.б. Біздің Отанымыз өте бай елдердің қатарында. Өйткені, біздің ел мұнайға, көмірге, алтынға, мырышқа т.б. пайдалы қазбаларға өте бай. Біздің Отанымыздың териториясына 7 мемлекет сыйып кетеді екен. Ал бүгін, біз өзіміздің туған қаламыз туралы әңгімелесеміз. Біздің туған қаламыз - Павлодар қаласы. Павлодар облысы 1938 жылы 15- қаңтарда құрылған. Оның шекараларының жалпы ұзындығы 2100 км құрайды. Ол 127,5 мың км жерді алып жатыр. Шығысында Алтай аймақ өлкесімен, солтүстігінде Ресей Федерациясының Омбы облысымен, ал слтүстік шығысында Новасибирск облысымен шектеседі. Облыс халқының саны 748,7 мың адамды құрайды. Олар 70 – тен астам ұлттың өкілдері. Еліміздің аса ірі өзені Ертістің айбынды алабы мен ортаңғы ағысы... Ертістің Павлодар өңірі – дәл осы жер. Аймақ су ресурстарына өте бай. Облыста 140- тан астам өзен бар, олардың ішінде ең ірісі Ертіс өзені. Ертістің жылдық ағынының көлемі – жүз текше км шамасында. Ертіс тек қалалар мен аудандарды ғана қамтамасыз етіп қоймайды, ол болмаса экономиканың тұтас бір салалары тоқтап қалар еді. Үлкенді- кішілі көлдердің саны 1200- ге жетеді, тұщы көлдерді саны басым, тұщылары 100 шақты. Көркем әрі демалуға лайықтылары – Баянауыл көлдері Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл.

Павлодар облысының аудандары.



  1. Ертіс ауданы

  2. Железинка ауданы

  3. Қашыр ауданы

  4. Успенка ауданы

  5. Ақтоғай ауданы

  6. Павлодар ауданы

  7. Шарбақты ауданы

  8. Екібастұз қаласының мәслихатына қарасты аумақ

  9. Ақсу қаласының мәслихатына қарасты аумақ

  10. Лебяжье ауданы

  11. Май ауданы

  12. Баянауыл ауданы



  • Павлодар – ірі өнеркісіп орталығы. Мұнда алюмини, мұнай өңдеу, трактор жасау, химия, машина жасау, үш энергия орталығы, тамақ өнеркәсібі, сондай- ақ темір жол торабы, әуе аймақ жұмыс істейді. Павлодар – портты қала. Оның бүкіл тарихы Ертіспен байланысты.

  • 1923 жылы Құлынды Павлодар теміржолын салу, Ертіспен кеме жүзуінің дамуы аймақтың Оралмен және Сібірмен экономикалық байланысын нығайтты. 1954- 1960 жылдары тың жер игеріліп, облыстың экономикасы дамыды.

  • Осындай Павлодар өңірінің табиғатын әрқашан да қорғауымыз керек.

  • Ендеше, балалар, өз туған өлкемізді қорғау үшін не істейміз?

  • - - -

Қорытынды:

  • Балалар, бүгін сендер сынып сағатынан не білдіңдер?

  • - - -

  • Қандай жаңа білім алдыңдар?

  • - - -

  • Қандай әсер алдыңдар?

  • - - -

  • Нені бұрын білдіңдер?

  • - - -

  • Нені білгілерің келеді?

  • -- -

  • Сендерге сынып сағаты ұнады ма?

  • - - -

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет