Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін интеллектуалдық үрдіс



Дата18.02.2017
өлшемі0,99 Mb.
#9948
Креативтілікті қалыптастыру - шығармашылыққа жетелейтін интеллектуалдық үрдіс
Байташева Г.Ө.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Gauhar75e@mail.ru


Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерілудің тиімді жолы- білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. ҚР-ның «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Білім берудің ең негізгі, өзекті мәселесі - адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру. Сондықтан бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Мұнда біздің студенттеріміздің рөлі ерекше, өйіткені болашақ іргесін қалайтын колледж мамандарына сабақ беретін ұстаздардың шығармашыл болуы заман талабы. Креативтілік шығармашылықтың тікелей бағыты болғандықтан сабақ үрдісінде пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан - жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан, қоғамда жаңа экономикалық жағдайда еліміздің өркендеуі мен ғылымның даму ықпалы білім беру құрылымы мен мазмұнын жетілдіру міндетін қояды. Білім мазмұнының ұлттық негізде берілуі мен оқытудың жаңа міндеттері және озат тәжірибелердің жинақталуынан білім беру креативті-педагогикалық өркениетке енуде. Мұндағы ең басты талаптардың бірі: білім беруді дамытудың жаңа бағдары - инновациялық жаңару стратегиясыңда болашақ маманның бәсекеге қабілетті тұлға ретінде кәсіби құзырлығының жоғары дәрежеде болуы.

Қазіргі таңда қоғамдағы болып жатқан өзгерістер ең алдымен білім берудің жаңа бағыттарын, әдіс-тәсілдерін айқындауды алға тартып отыр [1]. Қоғамның қай саласы болмасын мамандардан өз кәсібіне сай терең білімімен қатар оның бойынан күрделі мәселелерді шешудегі ерекше қабілеттілік, тапқырлық, шығармашылық қасиеттер талап етілуде. Жоғары оқу орындарындағы жүргізіліп жатқан бетбұрыстар мамандарды даярлауда білім сапасының әлемдік стандарт талаптарына сай келуін басты бағыт етіп алуда. Білім сапасының артуы бүгінгі таңда білім берудегі кредиттік жүйенің енгізілуімен, оқылатын пәндердің көлемі мен мазмұнының өзеруімен сипатталады. Оқылатын пәндердің студенттің таңдауы негізінде жылда ауысуы, тьютордың ізденісін жоғарылатып білім кеңістігін кеңейтуде. Жаңа оқу жылына жосарланатын пәндерді жұмыс берушімен ақылдаса отырып тізімге енгізу маман құзырлығын арттыруда ықпалды.



Білім беруде студенттің пәнді таңдауын сала бойынша мамандардың құзырлығына сәйкес қолдана білу пәнге өз дәрежесінде сыный ойлау технологияларын енгізу, яғни кәсіби деңгейде меңгертудің мәселелері бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Бұл мәселені көтергенде жұмыс берушілермен өткізілген кеңестің рөлі өте жоғары, ол болашақ мамандардың құзіреттілілігін қалыптастырудағы үлкен мәселе, жұмыс берушілердің сұранысы мен ұсынысына сәйкес білім алушының криативтілігін қалыптастыру үшін енгізілген пәндер мен қосымша білім беру бағдарламалары болашақ мамандарға өте қажет. Мұндай жүйелі жасалған оқу жоспары негізінде оқытылған мамандарға сұраныста жоғары болары әбден мүмкін [2]. Егер барлық пәндер креативтілікті қалыптастыру технологиялары мен әдіс тәсілдерін қолданып өткізілсе, бұл шығармашылыққа жетелейтін интеллектуалдық үрдіс екендігі айқындала түсер еді. Біз зерттеу жүргізілген топтардағы өткізілген бір сабақтың тапсырмасын мысалға келтіре кетейік [3] (сурет-1).

Сурет-1 Креативті бағалауды пайдалану білім алушының құзыреттілігін қалыптастыру үрдісі



Тапсырма:

Берілген сурет негізінде ЖОБА құрастырыңыз.

ЖОБА-ны бағалау критерилері

Рет саны

Рубрикатор

Критерий

Дескриптор

1

Тақырыбы

Өзектімәселеніқамтиды

2 балл







Тақырыбытолығыменашылған

2 балл

2

Жаңалығы

Нақты айқындалған

2 балл

3

Жоспар

Мәселенідұрысайқындалған

4 балл







Әдістемедұрысжүйелеген

2 балл

4

Қортынды

Нәтижие бар

2 балл







Болжауғасәйкестігі

2 балл







Қорғау шеберлілігі

2 балл







Жобаның қол жетімділігі

2 балл

5

Барлығы:

20 балл





Тапсырма:

Гүл жасаңыз.

Гүл жасау эталоны

Гүлді бағалау критерийлері

Рет саны

Рубрикатор

Критерий

Дескриптор

1

Гүл шоғы

Әсемдігі

2 балл







Толығыменашылған

2 балл

2

Гүл мүшелері

Сабағы

2 балл







Жапырағы

2балл







Күлтесі

4 балл

3

Тамыры

Түр ерекшелігіне қарай бейнелеу

2 балл

4

Қортынды

Нәтижие бар

2 балл







Болжауғасәйкестігі

4 балл

5

Барлығы:

20 балл





Тапсырма:

Екі топ бір-біріне тапсырма мен бағалау критерийлерін жасап ұсыну

РЕФЛЕКСИЯ

Қазіргі жағдайда білім беру жеке тұлғаға бағытталып, педагогикалық үрдісте шәкіртті үнемі даму үстіндегі әрекет иесі - субъект ретінде тану маңызды болмақ. Сондықтан, әрбір ұстаз сабақ беру барысында үнемі ізденіс, даму үстінде болмақ. Осындай мәселелердің шешімін табуда болашақ мамандардың креативтілігін дамыту үшін әдіс тәсілдер іздестіру мәселесінің өзектілігі айқындалады.

Ғаламдық кеңістікте біртұтас кешенді жүйе ретінде білім қоры үнемі алмасу, тоғысу, даму үдерісінде болатыны да баршамызға аян.

Білім алушылардың қабілеттерін ашу, оны баламалы әдістер арқылы дамытуда жаңа бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешен қалыптастыру бүгінгі және болашақта атқарылар істердің бастысы болмақ. Болашақ маманның құзыреттілігіне сәйкес білімді меңгерту сапасының қоғамның барлық салалары сұранысына сай болуы, оның ғылыми-әдістемелік негізінің жоғары деңгейде қалыптасуымен тікелей байланысты.

Мамандығына деген қызығушылықты ол арқылы адамның креативтік қабілетін ашу, оның шығармашылық ойлауын қалыптастыру, әлемді өзінше тани білуге жетелеу арқылы дамытуға болады.

Креативтілікті қалыптастыру мәселесі көптеген ғалым, педагог-психологтердің еңбектерінде көрініс тапқан.

Қоғам дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен креативтілікті қалыптастыру мәселесіне көзқарастар дамып өзгеріп отырды. Түрлі психологиялық мектептер креативтілік феноменіне, танымдық қызығушылык, шығармашылық белсенділік, шығармашылық қабілеттерді зерттеуге деген өзіндік тәсілдерін ұсынды.

Креативтілікті қалыптастыру мәселесіне сәйкес жазылған еңбектерді саралай келе креативтіліктің құрылымдық бөліктерін бөліп көрсетуге болады: аса сезгіштік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой-пікірлерде тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисынды ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру, т.б.

Креативтілік арқылы адам өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылып, ізденеді, өзінің істеріне есеп беріп, кемшіліктеріне сын көзбен қарай алады.

Жеке тұлғаның креативтілігін, шығармашылық дербестігін қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.

Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін қабілеттер мен шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын әрбір жеке тұлғаға тән интеллектуалдық үрдіс ретінде сипатталады.

Болашақ мамандардың интеллектуалдық капиталы осы көрсетілген барлық талаптардан тұратындықтан, кретериалды бағалау білімін жетілдірер нағыз білім беру құралы болмақ. «ХХІ ҒАСЫР – ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЫ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ» университет көлемінде және мектеп мұғалімдеріне оқытылатын қосымша білім беру орталығының бағдарламасы бекітіліп студенттер мен білім алушылар үшін 2013ж бері жүргізілуде. Қосымша білім беру курсы 3-ай мерзімде 15 кредит көлемінде жүргізіледі. Курсты жүргізу барысында критериалды бағалау яғни курсқа қатысушы студенттерімізді шығармашылыққа баулу жұмыстары жүйелі жүргізілді. Біздің зерттеулеріміздің нәтижиесін талқылау барысында критериалды бағалаудың ең ұтымды жері эталон жауаптың болуы, бұл білім алушылардың нәтижиелі жұмыс жүргізуіне себеп болады. Берілген тапсырманыңмақсаты мен мазмұнына негізделген білім алушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі жобаның жаңаша нұсқасын алуға ықтимал болады. Білім алушыларды оқыту сапасын жоғарлатып, білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру мақсатында курстың оқу жосарындағы сабақтар толығымен инновациялық технологияларды қолдану арқылы өткізілді, бұл шығармашылыққа жетелеу болып табылады.Эксперименттің қорытынды нәтижесі мынаны көрсетеді: егер анықтау кезеңдерінде эксперимент барысында эксперимент тобында жоғары білім деңгейін көрсеткен білім алушылар 17,8% құраса, бақылау тобында 19,9% көрсеткішін берді. Эксперимент соңында олардың көрсеткіш деңгейі – 43%-ға ал бақылау тобында 23,2% артты. Орта деңгейдің көрсеткіші -41,2%, бақылау тобында 40,7% құрады. Ал эксперимент соңында эксперимент тобының көрсеткіші 38,8%, бақылау тобында 44,3% - артты. Төменгі деңгей көрсеткішінде эксперимент тобы 40,9%, бақылау тобы 39,3% болса, қорытындысында эксперимент тобында 18,2% ал бақылау тобы 32,4%-ға азайды (сурет-2).



Сурет – 2. Білім алушыларының инновациялық оқыту технологиялары арқылы білім деңгейінің мониторингі


Қосымша білім беру курсы сабақ ретінде оқыту ғылыми -теориялық, психология- педагогикалық оқу -әдістемелік тұрғыдан негізделіп отыр. Сондықтан білім алушыларға экологиялық білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын анықтаудың дидактикалық ұстанымдары жан- жақты қарастырылып, инновациялық оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып сабақтарды түрлендіре креативті бағалай отырып өткізу Креативтілікті қалыптастыру - шығармашылыққа жетелейтін интеллектуалдық үрдісекенін дәлелдейді.
Әдебиеттер

1. Гартунг Т.А. Развитие креативности подростков средствами дисциплин гуманитарного цикла. Автореф. дис. к. пед. н.-Тюмень, 2008. - 23с.



2. Гарунов М. Развитие творческой самостоятельности специалиста // Высшее образование в России. – 1998. – № 4. – С. 83-87.

3. Байташева Г.Ө. Экологиялық білім беру мен дүниетаным. - 2013. – Б.105
Каталог: sites -> default -> files -> conf
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
conf -> Математиканы оқытуда интербелсенді әдістемесінің Қолданылуы
conf -> Информатиканы оқытуда білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын интеграциялау әдістемесі
conf -> Білім алушылардың танымдылық белсенділігін электрондық ОҚулықтарды пайдалану арқылы арттыру
conf -> Математикалық пәндерді оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану 1
conf -> Co-teaching alesson in chemistry-nis aktobe рсымбетова А. У., Catalina Roncancio
conf -> Электронды тірек дабылдарын оқу процесінде қолдану тиімділігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет